Қаналмастырушы


Қаналмастырушы
Бұл қанның жоғалған немесе қызметі бұзылған қанның құрамдас бөлігін ауыстыратын трансфузионды орта. Оларды қаналмастырушы заттар деп атайды.
Химия, энзимология жетістіктерінің арқасында гетеробелокты, полисахаридты және синтетикалық препараттарды қол жеткізетін заттардан алуға мүмкіндік берді. Қаналмастырушы сұйықтықтар - біртекті физикалық трансфузионды орта болып табылады, олар денеге бағытталған әсер көрсетіп, қанның белгілі бір қызметін алмастырады.
Қаналмастырушы сұйықтықтар мына талаптарға сай болуы керек:
1) физико-химиялық қасиеті бойынша, қан плазмасына ұқсас болуы керек;
2) науқас денесінен толық шығуы немесе ферменттік жүйесімен метаболизмге ұшырауы керек;
3) қайта енгізгенде, дененің сенсибилизациясын шақырмауы керек;
4) ағзалар мен тіндерге улы әсер көрсетпеуі керек;
5) залалсыздандыруға шыдамды және ұзақ уақытқа дейін өзінің физико-химиялық, биологиялық қасиеттерін сақтауы керек.
Қаналмастырушы сұйықтықтар былай бөлінеді:
- коллоидты ерітінділер- декстрандар (полиглюкин, реополиглюкин, реоглюман, полифер), желатин заттары (желатиноль), поливинилпирролидон ерітінділері (гемодез, полидез) ;
- тұзды ерітінділер- натрий хлоридінің изотониялық ерітінідісі, Рингер-Локк ерітінідісі, лактосол;
- буферлі ерітінділер- натрий гидрокарбонатының ерітінідісі, трисамин ерітінідісі;
- көп атомды спирттер мен қант ерітінділері- глюкоза, фруктоза, сорбитол;
- белокты заттар- белок гидролизаттары, амин қышқылдарының ерітінділері;
- майлы заттар- майлы эмульсиялар (липофундин, интралипид), перфторкөмірсулардың эмульсиялары.
Қаналмастырушы заттардың жіктелуі.
Әсер ету бағытына қарай, қаналмастырушы сұйықтықтар былай жіктеледі:
1. Гемодинамикалық (шоққа қарсы) :
- төмен молекулярлы декстрандар - реополиглюкин;
- орта молекулярлы декстрандар - полиглюкин;
- желатин заттары - желатиноль.
2. Дезинтоксикациялық:
- төмен молекулярлы поливинилпирролидон - гемодез;
- төмен молекулярлы поливинилды спимрт - полидез.
3. Парентеральді қоректенуге арналған заттар:
- белок гидролизаттары - казеин гидролизаты, аминопептид, аминокровин, аминазол, гидролизин;
- амин қышқылдарының ерітінділері - полиамин, мариамин, фриамин, левамин, вамин, аминофузин, альвезин;
- майлы эмульсиялар - интралипид, липофундин, липомайз, липовеноз, липифизиан, инфузолипол, липозин;
- көп атомды спиртер мен қант ерітінділері - глюкоза, фркутоза, сорбитол.
4. Су-тұзды және қышқыл-сілтілік тепе-тендікті реттейтін затар:
- тұзды ерітінділер - натрий хлоридінің изотониялық ерітінідісі, Рингер-Локк ерітінідісі, лактосол; натрий гидрокарбонатының ерітінідісі, трисамин ерітінідісі;
- буферлі ерітінділер - натрий гидрокарбонатының ерітінідісі, трисамин ерітінідісі.
5. Оттегіні тасымалдаушылар - перфторан, перфукал, реамберин.
6. Кешенді (комплексті) әсер ететін ерітінділер - реоглюман, полифер.
7. Оксиэтилкрахмал негізіндегі ерітінділер - рефортан, рефортан плюс, стабизол, плазмостерил, плазмотонин.
Гемодинамикалық әсер көрсететін қаналмастырушы ерітінділер.
Орта молекулярлы қаналмастырушы орталық гемодинамикаға әсер етеді. Олар ұзақ уақыт қан айналымында сақталып, жасушааралық сұйықтықты тамыр ішіне тартады. Мұндай қасиеттерді шок пен қансырауды емдеу кезінде қолдануға болады. Төмен молекулярлы плазма алмастырушылар капиллярлық перфузияны жақсартып, қан айналымында аз уақыт болып, бүйрек арқылы жылдам шығарылады. Оларды капиллярлық перфузия бұзылыстарын емдеуде, дененің дегидратациясы үшін, интоксикация кезінде, бүйрек арқылы токсиндерді шығару үшін қолданады.
Полиглюкин - глюкоза полимерінің коллоидты ерітіндісі, шығу тегі - бактериальді орташа молекулярлы декстран. Оның молекулярлы салмағы (6±1), альбуминге жақын, сондақтан полиглюкин адам қанының коллоидты-осмостық қысымын қалыптандырады. Натрий хлоридінің изотониялық ерітінідісінде сұйылтылған декстранның 6% ерітіндісі болып табылады. Декстран - глюкоза полимері. Оны декстран түзуші арнайы фермент бөлетін бактериялардан алады. Сұйықтықтың РН - 4, 5-6, 5. Залалсыз түрінде, 400 мл-ік флакондарда шығарылады - 10°С-тан +20°С-қа дейінгі температурада сақтайды.
Бұл сұйықтық мұздатылып, ерігеннен кейін де, өзінің емдік қасиетін сақтайды. Сақталу мерзімі - 5 жыл.
Полиглюкиннің емдік әсерінің механизмі ЦҚК жоғарылатып, ұстап тұруына негізделген. Ол өзінің коллоидты қасиетінің арқасында тінаралық сұйықтықты тамыр ішіне тартып жинайды (гемодилюция) . Қан айналымында 3-4 күн жүріп, 1 тәулікте жартылай шығады.
Гемодинамикалық әсері бойынша, порлиглюкин барлық плазма алмастырушы заттардан мына қасиетімен асып түседі: коллоидты-осмостық қасиетінің арқасында артериялық және веноздық қысымды қалыптандырып, қан айналымын жақсартады. Полиглюкиннің кұрамында 20% дейін төмен молекулярлы декстран фракциялары бар. Олар диурезді жоғарылатып, токсиндердің шығуына үлесін қосады. Полиглюкин тіннің токсиндерін қан тамырына тартып, олардың бүйрекпен сыртқа шығуына ықпал етеді.
Оны қолданудың көрсеткіштері: 1) шок (жарақаттық, әртүрлі генезді) ; 2) жедел қансырау; 3) ауыр интоксикация кезіндегі жедел циркуляторлы жетіспеушілік (перитонит, сепсис, ішектің түйілуі және т. б. ) ; 4) гемодинамиканың бұзылыстарында алмастырып қан құю.
Қарсы көсеткіші - ішке қан ағумен асқынған ми сауытының ішіндегі қысымның жоғарылауы.
Бір рет қолданылатын мөлшері 400-1200 мл, бірақ керек кезде оны 2000 мл-ге дейін енгізуге болады. Полиглюкинді көк тамырға тамшылатып немесе ағызып (науқастың жағдайына байланысты) енгізеді. Шұғыл жағдайларда алдымен ағызып жібереді, бірәздан соң науқастың халі жақсарғаннан кейін (артериялық қысымы қалпына келген соң), тамшылатып (минутына 60-70 тамшы) енгізеді.
Реополиглюкин - натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде сұйылтылғаг төмен молекулярлы декстранның 10% ерітіндісі (молекулярлы салмағы 35000) . Ол эритроциттерге күшті дезагрегациялық әсер көрсетіп, қанның тоқырауын жояды, тұтқырлығын төмендетіп, қанның ағуын, яғни реологиялық қасиетін жақсартып, микроциркуляцияны қалпына келтіреді. Реополиглюкиннің диуретикалық әсері бар, сондықтан оны интоксикация кезінде қолданған жөн. Реополиглюкин қан айналымынан 2-3 тәулікте толық шығады, бірақ негізгі мөлшері алғашқы тәуліктеақ шығып кетеді.
Қолдану көрсеткіштері басқа гемодинамикалық плазма алмастырушы заттардікіне ұқсас, сонымен қатар реополиглюкинді тромбоэмболиялық аурулардың алдын-алу мен емдеу үшін, посттрансфузионды асқынуларда және бүйректің жедел жетіспеушілігінің алдын-алу үшін пайдаланады. Құю мөлшері 500-700 мл.
Қарсы көрсеткіші: бүйректің созылмалы аурулары.
Желатиноль - коллоидты ерітінді, құрамында натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісіне сұйылтылған 8% жартылай гидролизденген желатині бар. Салыстырмалы молекулярлық салмағы 2±5000. Коллоидты қасиетінің арқасында ЦҚК-ін жоғарылатады. Негізінен желатинольдің реологиялық қасиетін пайдаланады, яғни қанды сұйылту (тұтқырлығын азайту) және микроциркуляцияны жақсарту қасиеттерін. Тәулік ішінде зәр арқылы толық шығады, ал 2 сағаттан соң қан айналымында тек 20% қалады. Вена мен артерияның ішіне тамшылатып және ағызып енгізеді, сонымен қатар жасанды қан айналым аспабын толтыру үшін қолданылады. Максимальді енгізу мөлшері - 2000 мл. Салыстырмалы қарсы көрсеткіші: жедел және созылмалы нефрит.
Донордың қаны ЦҚК қалпына келтіру мүмкіндігі бойынша коллоидты плазма алмастырушы сұйықтықтардан асып түспейді. Шок және ЦҚК-ің айтарлықтай жетіспеушілігінде микроциркуляция бұзылады - капиллярлы қан айналымы нашарлайды, микротромбоздар дамиды, бұл донор қанның трансфузиясымен асқынуы мүмкін. Сондықтан, шок және қансырау кезінде трансфузионды емді ө полиглюкин мен реополиглюкиннен бастаған жөн.
Дезинтоксикациялық әсер көрсететін қаналмастырушы ерітінділер.
Гемодез - электролиттердің ерітіндісінде сұйылтылған 6% төмен молекулярлы ерітіндісі. Бұл ерітіндіде Nа, К, Са, Мg, Сl иондары бар. Молекулярлық салмағы 1-15000. Көлемі 100, 200, 400 мл флакондарда шығарылады. 0°С -тан + 20°С -қа дейінгі температурада сақталады. Сақталу мерзімі - 5 жыл. Гемодендің абсорбциялық қасиеті өте жақсы: қан айналымындағы токсиндерді байланыстырып (соның ішінде бактериялық уларды да), жартылай бейтараптандырып, несеппен шығуын қамтамасыз етеді. Ерітінді бүйрек арқылы тез шығарылады: 4-6 сағаттан кейін, гемодездің 80% бөлінеді. Гемодез интоксикация кезіндегі капиллярлардағы эритроциттердің тоқырауын жояды, тіндерден токсиндерді шығарып, капиллярлық перфузияны жақсартады. Бір реттік орташа енгізу мөлшері 200-400 мл. Балалардың салмағына шаққанда 15 мл/кг есеппен енгізіледі. Құю жылдамдығы минутына 40-50 тамшы.
Қолданудың көрсеткіштері: іріңді-резорбтивті қызбамен қабаттасқан ауыр іріңді-қабыну дерттері, іріңді перитонит, ішектің түйілуі, сепсис, күйік ауруы, операциядан және жарақаттардан кейінгі жағдайларда пайдаланылады.
Қарсы көрсеткіштері: бронхиальді ұстама, жедел нефрит, миға қанның құйылуы.
Полидез - натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде сұйылтылған поливинил спиртінің 3% ерітіндісі. Әсер ету механизмі гемодезге ұқсас. Бір реттік енгізу мөлшері 250 мл. Ерітіндіні екіге бөліп (енгізудің арасы бірнеше сағат), минутына 20-40 тамшы жылдамдықпен құю керек. Бүйрек арқылы 24 сағатта шығарылады.
Қолдану көрсеткіштері гемодездікі сияқты.
Қарсы көрсеткіштері: тромбофлебит және эмболияның даму қаупі болғандықтан, тромбоэмболиялық жағдайларда қолдануға болмайды.
Парентеральді қоректенуге арналған заттар.
Парентеральді қоректенуге арналған сұйықтықтарды, негізінен, жарақаттан немесе операциядан кейінгі науқастың табиғи қоректенуге мүмкіндігі болмаған жағдайларда енгізеді.
Белокты заттар. Олар қанның қоректік қызметін толтыру үшін қолданылады. Бұл сұйықтықтар белок гидролизаты өнімдерінің ерітіндісі болып табылады, олардың құрамында алмастырылатын және алмастырылмайтын амин қышқылдары мен төмен молекулярлы пептидтер болады. Соңғысы құйылған кезде, бауырда ыдырап бөлінеді.
Казеин гидролизаты - техникалық казеиннен алынады. Казеин гидролизатының құрамында апирогенді суға ерітілген 43-59 г амин қышқылдары мен қарапайым пептидтер, натрий, калий, кальций, магний хлоридтары бар. 200, 400 мл -лік флакондарда шығалырады. +10°С -тан +23 -қа дейінгі температурада сақталады. Сақталу мерзімі - 7 жыл. Денеге жақсы сініп, анафилактикалық қасиет көрсетпейді. Сақтағанда тұнба түсуі мүмкін, бірақ жақсылап шайған соң мөлдірленеді.
Гидролизин - ірі қара малдың қанынан дайындалады. Құрамында апирогенді суға ерітілген амин қышқылдары мен қарапайым пептидтер, глюкоза бар. 400 мл -лік флакондарда шығалырады. +4°С -тан +20 -қа дейінгі температурада сақталады. Сақталу мерзімі - 5 жыл. Ұзақ уақыт қолданғанда, дененің сенсибилизациясын шақырмайды.
Аминопептид - ірі қара малдың қанынан дайындалады. Құрамында амин қышқылдары түрінде 5% белок және қарапайым пептидтер болады. 200-400 мл -лік флакондарда шығалырады. Бөлме температурасында 3 жыл сақталады. Ұзақ сақтағанда ұлпа тәрізді тұнба түседі, ол 85-100°С су моншасында қыздырғанда жоғалады. Егер тұнба ерімесе немесе қайтадан түзілсе, бұл ерітінді пайдалануға болмайды.
Аминокровин - құб үшін пайдаланылмаған донордың тұтас қанынан, плазманы дайындау барысында қалған эритроцитті масса мен қан ұйымаларынан және плацентарлы қаннан жасалады. Аминокровиннің құрамына алмастырылатын және алмастырылмайтын амин қышқылдары және қарапайым пептидтер кіреді, олардың мөлшері басқа гидролизаттардікіне ұқсас болады. Бұл ерітіндіге 5% глюкоза қосылған. 400 мл -лік флаконда шығалырады. +4°С -тан +20 -қа дейінгі температурада сақталады. Сақталу мерзімі - 3 жыл. Сақтағанда тұнба түсуі мүмкін, бірақ жақсылап шайқаған соң мөлдірленеді. Егер тұнба ерімесе бұл ерітіндіні пайдалануға болмайды.
Аминқышқылды қоспарал - таза амин қышқылдарының қоспасы болып табылады, сіңірілуге оптимальді ара-қатынастық мөлшерде дайындалады. Бұл ерітінділердің құрамында алмастырылмайтын және алмастырылатын құнды амин қышқылдары бар. Егер амин қышқылдарының қоспасында бір ғана алмастырылмайтын амин қышқылы болмай қалса, онда белок синтезі жүрмейді.
Амин қышқылдарының қонданылатын ерітінділері мыналар: полиамин, мариамин, фриамин, левамин, вамин, аминофузин, альвезин.
Полиамин - 8 алмастырылмайтын амин қышқылдары мен D-сорбиттен тұратын ерітінді. 200-400 мл -лік флакондарда шығалырады. -10°С -тан +20 -қа дейінгі температурада сақталады. Сақталу мерзімі - 2 жыл.
Белокты плазма алмастырушы ерітінділердің толық парентеральді қоректену мөлшері дененің тәуліктік белоктық қажеттілігімен (1-1, 5 г/кг) анықталады және белок гидролизаттары үшін тәулігіне 1500-2000 мл -ді, ал амин қышқыл қоспалары үшін 800-1200 мл -ді құрайды. Белокты плазма алмастырушы ерітінділердің, амин қышқылдарының ерітіндісі, қан өнімдерінің (плазма, альбумин) комбинациясын дененің тәуліктік белокты қажеттілігіне трансфузиялық орталардағы белоктың мөлшеріне сай құрастырады.
Белокты плазма алмастырушы ерітінділерді операциядан кейінгі кезеңде қолдану, әсіресе өңешке, асқазанға, ішекке операция жасағаннан кейін, дененің азоттық тепе-тендігін тұрақтандырып, операциядан кейінгі кезеңнің ағымының жақсы өтуін қамтамасыз етеді.
Қолдану көрсеткіштері: іріңді-қабыну ауруларында (перитонит, плевра эмпиемасы, өкпе абсцессі, үлкен флегмоналар, остеогмиелит) және ішектің түйілуінде пайдаланылады. Олар, әдетте, көп мөлшерде белоктардың ыдырауымен және оның эксудатпен, іріңмен, ішек бөліністерімен жо, алуымен сипатталатын аурулар болып есептеледі.
Күйік ауруында белокты плазма алмастырушы сұйықтықтарды енгізудің мәні зор, өйткені бұл кезде көп мөлшерде белоктар жоғалады.
Қарсы көрсеткіштері: қан айналымының жедел бұзылыстары (шок, қансырау), жедел бүйрек жетіспеушілігі, тромбоздар, тромбофлебиттер, тромбоэмболиялар.
Белок гидролизаттары мен аминқышқылдық қоспаларды көк тамырға енгізеді, өте сирек жағдайларда тері астына, сонымен бірге асқазан мен өңешке жасалған операциядан кейін, жіңішке ішекке енгізілген сүңгі арқылы жіберуге болады.
Майлы эмульсиялар. Интралипид - соя-бұршақ майының эмульсиясы, бөлшектік өлшемі 0, 1-0, 5 мкм. 10%, 20% ерітінді түрінде шығарылады. Оның энергетикалық құндылығы - 1000-2000 ккал/л -ға тең. Көк тамырға жылдамдығы минутына 10-20 тамшыдан енгізеді.
Липофундин - соя-бұршақ майының 20% эмульсиясы, бөлшектік өлшемі 1мкм, энергетикалық құндылығы - 2100 ккал/л. Майлы эмульсияларды ұзақ уақыт (3-4 апта) парентеральді қоріктендіруде қолдану өте тиімді. Денеге өте көп мөлшерде каллориялық зат енгізу керек болған жағдайларда, майлы эмульсияларды пайдалану қажет.
Қарсы көрсеткіштері: шок, операциядан кейінгі ерте кезең, бауырдың ауыр дерттері, майлы эмболиялар, тромбофлебиттер, тромбоэмболиялар, атеросклероз, қалпына келмеген диабет, май алмасуының бұзылыстары кезінде енгізуге болмайды. Аталып кеткен майлы эмульсиялардан басқа, клиникалық тәжірибеде липовеноз, липифизиан, инфузолипол, липозин эмульсиялары қолданылады. Оларды, сонымен қатар, сүңгі түтік арқылы жіңішке ішекке енгізуге болады. Пайдаланар алдында биологиялық сынаманы жүргізу керек.
Көп атомды спиртер мен қант ерітінділері. Парентеральді қоректену кезінде дененің энергетикалық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, глюкоза, фруктоза, сорбитол қолданылады. Глюкозаның 5%, 10%, 20%, 40% -дық ерітінділері маңызды роль атқарады: глюкозаның 5% изотониялық ерітіндісі дененің сұйықтығын толтыру үшін қолданылады. Венаның ішіне гипертониялық ерітінділерді (10%, 20%, 40%) енгізгенде қанның осмостық қысымы жоғарылап, тіңдерден қанға сұйықтықтың сіңірілуі жақсарып, зат алмасу үрдістері күшейеді, бауырдың антитоксикалық қасиеті жақсарады, жүректің жиырылу қабілеті жоғарылайды. Дененің глюкозаны игеру қабілеті нашарлағанда (диабет, стресс, шок) фруктоза мен сорбитолды пайдаланады.
Фруктоза толығымен бауырда ыдырайды және игерілуі инсулинға байланысты болмайды. Оның 5%, 10%, немесе 20% леаулеза ерітіндісі қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz