Әз-Жәнібек хан


Әз-Жәнібек хан
( Жәнібек Әбусағит ) (туған жылы мен өлген жылы белгісіз) - Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Орыс ханның шөбересі. 15 ғ. өмір сүрген. 1450 жж. дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ.
1456 ж. Дешті-Қыпшақта шайбанид Әбілхайыр билікті қолына алған соң, көшпенді халықтың Жәнібек пен Керей бастаған бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы өзендерінің аңғарында орын тепті. Моғолстан ханы өз қарсыластарымен болатын күресте көмектесер деген есеппен қазақ басшыларымен одақтас болды. Өзара қырқысулар мен соғыстардан жапа шеккен 200 мыңға жуық көшпенділер Жәнібек хан мен Керей ханның маңына топтасты, олардың билігінің күшеюі 1468 ж. Моғолстанға әскери жорық жасамақ болып, бірақ жол үстінде кенеттен қайтыс болған Әбілқайырға олар тарапынан қауіп төнуі мүмкін деген ой салды.
Әбілқайыр хан өлімінен кейін хан тағы үшін болған өзара қырқысулар Дешті-Қыпшақта өрши түсті, оған туған жерге оралуды көздеп жүрген Жәнібек хан мен Керей хан да араласып кетті. Олар Әбілқайыр мұрагері Шейх-Хайдар ханмен кескілескен шайқасқа түсті. Өз әміршілері тарапынан ешқандай көмек ала алмаған Шейх-Хайдар билік үшін күресте жеңіліске ұшырады. Бұдан кейін Дешті-Қыпшақтағы] билік Орыс ханның тұқымдары - Жәніібек хан мен Керей ханның қолдарына өтті. Олар тағы да отыз жыл бойы шайбанилықтармен табан тіресе шайқасты.
Биліктің Орыс хан тұқымдарының қолына өтуі де «Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі» саяси жағдайды өзгерткен жоқ. Дегенмен, бұл оқиға «Көшпелі өзбектер мемлекеті» атының Дешті-Қыпшақ болып өзгеруіне ықпал етті. Бір кездері Моғолстанға қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында «қазақтар» деп атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа тарай бастады. Билік үшін күрес Жәнібек хан мен оның үзеңгілестері қазақтардың бірігуі мен Қазақ хандығының құрылуына үлес қосты.
15 ғ. орта шанінде ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады. Жәнібек хан мен Керей хан Жетісу өңірі, Шу мен Талас өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың басын қосуда көп еңбек сіңірді. Бұл мақсатпен олар өзара қырқысуларды басып, ірі феодалдарды маңайына топтастырды.
Жәнібек ханның Дешті-Қыпшаққа оралғаннан кейін билігін күшейткені туралы, өмірінің соңғы жылдары мен өлімі туралы деректер жоқ. Оның есімі тарихи деректерде соңғы рет 1473 ж. кездеседі. Бұдан кейінгі жылдары Керей хан туралы ғана айтылған. Жәнібек хан жиі болатын шайқастардың бірінде қаза тапқан деп болжауға болады. Сақталып қалған халық аңыздары мен өлеңдерінде Жәнібек ханды Әз Жәнібек деп атаған.
Өмір сүрген кезеңі
Астрахандағы ақ сарайында отырып Әз-Жәнібек хан бірде өзінің кемеңгер ақылшысы Асан қайғыдан:
- Дүниеде ашуланбайтын, өкпелемейтін, әйелді қызғанбайтын, қорықпайтын, өзі мырза адам барма екен? - деп сұрапты.
Асан кайғы:
- Бар, хан ием. Осы, қасиеттердің бәрі біздің Абаттан табылатын шығар, - деп жауап қатыпты.
Абат - Асан қайғының жалғыз ұлы. Қадір-қасиетімен халыққа жаққан, сегіз қырлы, бір сырлы, шіркін Асанның ұлындай дегізіп, елді тамсандырған, жасы отыздарға шыққан жігіт екен.
- Мұндай қасиеттердің бәрі бір адамның басына қалай сияды? - деп таң қалған Әз Жәнібек хан Абатты сынамақ болады.
Бір күні жорыққа кеткенде хан әйелінің қасына бір құлды әкеп салады. Таң елең-алаңда жорықтан қайтқан Абат әйелінің қойнында жатқан құлды көреді. Қара құлдың қолы әйелінің мойнына асылып, басының астында қалыпты.
- Ердің қолы ұрғашының мойнының астында жатпауы керек, әйтсе ердің күші қайтады, - деп құлының қолын алып, әйелінің үстіне салады да, өзі көрші бөлмеге барып, төсек-орнын жайғап тынығуға кіріседі. Бұл - бір.
Әз Жәнібек жайлауға шығып, ата-бабаларын еске алып, ұлан-асыр той жасайды, шүлен таратады. Тойдың соңына келген Абатқа хан ішек-қарын бергізіпті. Сонда Абат еш өкпелеместен ханға тойың құтты болсын деп, жүре берген екен. Бұл - екі.
Тағы бір түнде жолаушылап келе жатқан Абатты ханның көп қарақшылары қамайды. Абат қоркып-сасып қашпайды, қасқиып ортада тұрады. Бұл - үш.
Абаттың барлық сыннан мүдірмей өткеніне көзі жеткен хан ордасына шақырып, қонақ қылып:
- Осы қасиеттерді қайдан алдың, қалай бойыңа дарыттын, нендей сыры бар еді? - деп сұрапты.
Алдымен:
- Әйелді неге қызғанбайсың, осының себебі не? - деп сұрақ қояды хан.
- Хан ием, бір жортуылда қырық жігітпен жортуылдап жүріп жау жақтың екі қызын қолға түсірдік, - деп бастайды әңгімесін Абат. - Сол екі қызды алып келе жатып, түн болғанда әскер екіге жарылып, бір жағы жиырма болып, екіншісі жиырма бір болып ұйықтап дем алады. Екі қыз екі жаққа бөлініп жатты. Ертеңіне қыздар бір-бірімен келісе алмай ұрсысып жатыр екен. Сөздеріне құлақ түрсем біреуі екіншісіне: " Сенің үстем сөйлеп тұрғаның, бір байыңның артықтығы", - дейді.
Содан кейін-ақ бұл әйел затына дауа жоқ екен ғой, - деп әйелді қызғанбайтынды содан алдым, - дейді Абат.
- Қорықпайтынды неден таптың? - дейді хан.
- Қырық кісі нөкер алып, аңға шықтым. Бәрі мерген, бәрі атқыш. Шапқылап келе жатқанда, ортамыздан тұра қашқан бір қоянды қоршап тұра қалдық. Бұта түбіне жасырынған қоянды садақтарымызды сайлап біз өлдіге, құтылмасқа санап тұрдық. Сол мезетте қоян қоршап тұрған жігіттердің біреуінін үстінен ата жөнелді. Бәрі атып жатты, сол қоянға не бір құралайды көзге атқан мергендердің оғы дарымады. Өлім мен өмір арасында тұрған қоян құтылудың бір-ақ жолын іздеді. Ажал немесе жасанған жаудан қорқуға болмайды. Қорықпайтынды, батырлықты қоркақ қояннан үйрендім, - деп жауап беріпті оған Абат.
- Өкпелемейтінді, ашуланбайтынды қайдан алдың? - деп сұрайды Әз Жәнібек.
- Қырық күн жорықта жүргенде, қырық асымның барлығын шешем сақтап қоющы еді, тек бір күнгі тамағымды ғана сақтамаған екен. Қырық күндік асты бәрібір тауыса алмаймын ғой, сондықтан бір күнгі асымды сұрамадым. - Өкпелемейтінді,
ашуланбайтынды содан алдым, - деп жауап беріпті Абат.
Абаттың бүкіл еліндегі жарлы-жақыбайларға көмектесетін, тапқан-таянғанын халқына таратып беретін жомарттығын естіген хан оны бұл жолы сынамай:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz