Орталық Азияиның ұлан-байтақ кеңістігі мен этникалық құрамы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Б. З. Б мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігіндегі Ордостан Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияиның ұлан-байтақ кеңістігі мен этникалық құрамы жөнінен әр түрлі таипалар мекендеген.

Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстың біршама ортақтығы, этникалық жақындық саяси тәртіп факторы Орталық Азияда ертедегі таптық ірі бірлестіктердің құрылуына әкеліп соқты. Олардын уақыты жағынан алғашкылары сюнну (ғұндар) болды. _

Б. з. б III ғасырдың аяғында қытай деректемелерінде пайда болған сюнну (ғұн) атауы тегі әр түрлі тайпаларды біріктірген және Тынық мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жетісуға дейінгі аумақта, ал кейіннен одан әрі батысқа да ара - тұра таралып оты-рған саяси құрылымға қатысты болды.

Орыс шежіресі Еділ мен Дунайдағы өздерінің сюн-иуларға сабақтастығын сақтап қалған ғұн - болғар ақсүйектерін сппаттай келіп, оларды трунове, яғни трундар деп атайды. Егер осылайша, «трун» деген сөз бастапқ «ғұн» тайпаларының ақсүйектерне арналып айтылса, сюнну (хунну), яғни трундар ғұндар деп саналмағанын білдірмейді. Трун жәнс ғұн терминдері бір ғана этникалық-саяси қауым жөнінде қолданылған, олардың таралған аудандары әр түрлі болғанымен ғұн термині әлдеқайда мол қауымды білдірді.

Ғұндардың жоғарғы билеушісін қытай авторлары шаньюи деп атайды. Б. з. б 206 жылы ғұн тайпаларын Мөде шаньюй басқарды.

Мөде билік еткен алғашқы жылдардың өзіндеақ Қытайдың шеқаралық аудандарына жорықтар жасап оған күйрете соққы берді. Кескілескен күресте Мөде әскери - саяси қуаты басым Хань әулетін сюнну- ғұндардың ордостағы көшіп жүретін жерлерінен дәме етуден бас тартуға мәжбүр етті. Хань императоры Гаоцзу Мөденің алдында бас иіп онымен «тыныштық және туыстық туралы шартқа» қол қоюға мәжбүр болды, бұл шарт бойынша ол шаныюйге өзінің ханшасын әйелдікке беруге және жыл сайын «сыйлық» ретінде салық төлеп тұруға міндеттенді, кейін ол салықты үнемі төлеп тұрды.

Б. з. б. 101 жылғы жорықта Ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырды, бірақ олар аумақты толық қол астына қаратқан жоқ. Қалай дегенменде сол кезде осылай болғанын жасзбаша деректемелер де, археологиялық материал да көрсете алмады.

Одан кейін он жылдықта Ғұн тайпаларының күшейуіне қоса олар батыстада қызу қимыл көрсете бастады. Б. з. б 177 жылы Моде көршлеріне қарсы өз бетімен қимыл жасады деген сылтаумен өзінең батыстағы куктерін (князъдарын) юедилерге қарсы жорыққа аттандырды. Ғұндардың атты әскерлері Чжания - Ганьчжоу ауданы маңында юедилерді жеңіліске ұшыратты және сонымен бірге Ғұндардың қалыптасып жатқан бірлестігінің шет аймағындағы бірнеше үлесті бағындырды.

Ғұндар бірлестігінің шыққан тегі әр түрлі тайпалар немесе этникалық саяси құрылымдар кірген.

Ғұндар өмірінде мал шаруашылығының маңызы ерекше болды. Көшпелілер тұрмысында мал қысы - жазы тебіндеп бағылған. Жылқы ерекше маңызды орын алады.

Ғұдарды сонымен қатар егіншілікпен аңшылықта дамыған.

М. Қашғари (ХІғ) ғұндардың отырықшылыққа көшкенін және түркілене бастағанын жазады. Баспанасы - киіз үй. Ошақ тастан қаланып, оның үстіне қола қазан орнатылған. Ғұндар ошақты қадыр тұтқан. Ғұндардың өмір-тіршілігінде мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты рөл атқарған. Жылқы болмаса, көшпелі мал шаруашылығының өзі өмір сүре алмас еді, әскери жортуыл-жорықтарда ат әскердің өзін ғана алып жүрмей, оларды аспен де қамтамасыз етіп отырған. Ғұндардың аттарының көпшілігінің шоқтығы аласа, жатаған, дене бітімі тығыз да дөкірлеу, басы үлкен болып келеді. Олар жүріске төзімді, жарлауыт тау қыраттарына емін-еркін шығып, өзен - сулардан қиналмай өте беретін болған. «Тау жоталарына шығып, олардан түсерде, тау өзендерінен көктей өтіп, олардан шығарда Кіндік патшалықтың аттары сюннулар аттарына ілесе алмай қалады» - деп жазған қытай бекзаты Час Ко.

Ғұндардын, қойы да көшпелілердің күллі қажетіне жараған.

Ғұндар шаруашылығының жүйесін алғашқы қауымдық немесе экстенсивті (марғау) мал шаруашылығы деп атауға болады. Оларда отырықшылық пен егіншілікте болған. Деректерде «терістік жерлерінде ызғар ерте түседі, бірақ тары себу қанша қолайсыз болғанымен, ғүн жеріндегілер оны сеуіп отырады» - деп хабарлайды.

Ғұндар өмірінде аңшылық та үлкен орын алған. Бұл жөнінде деректерде: «Балалардың қойға мініп, садақ тартып; құстар мен тышқандарды атуына болады; біраз өскеннен кейін олар түлкі мен қоянды атып алып, олардың етімен ауқаттанады . . . Олардың әдет-ғұрыптары бойынша тыныш кездері малын жайып келе жатып жолай аң мен құстарды атып түрлі қажетіне жаратады - деп жазады.

Ғұндардың өмірінде мал шаруашылығы басты рөл атқарды. Сыма Цянь былай деп жазады: «Қытайдын, солтүстігінің сырт жағын мекендей жүріп, олар өздерінің малымен бір жайылымнан екінші жайылымға көшеді. Үй малынан жылқы, ірі қара және қой-ешкі өсіреді; біразы түйе, есек ұстайды. Шөптің қалың судың мол болуына қарай бір жерден екінші жерге көшіп жүреді. Шонжарларынан бастап бәрі де үй малының етімен тамақтанады, олардың терісін киім қылады, жүн мен аңтерісін жамылады».

Ғұндардың өмірінде жылкы ерекше маңызды рөл аткарды. Ал қойдың етін, терісін, жүнін пайдаланды. Қой терісі мен жүннен киім, аяқ киім жасады, жүннен киіз басылды.

Малының бәрі дерлік бүкіл жыл бойына жайып бағылды. Сондықтан жазда куаңшылық немесе қыста көктайғақ болуы, мал індеті үлкен апатқа ұшыратып отырды. Деректемелер мұны да жиі көрсетеді.

Кытай әскерлерінің ғұндарға жорықтары суреттемелерінде келтірілген жанама деректерге қарап, халыктың жай басына шаққандағы орташа мал санын аныктауға әрекет етуге болады. Мәселен, б. з. б. 72 жылы келтірілген ең толық мәліметтер бойынша, әскербасылар өздерінің реляцияларында былай деп хабарлаған: 700тұтқын мен 10 мыңбас мал қолға түсірілді - 15 : 1; 100 тұтқын мен 2 мың бас мал - 20 : 1; 300 және 7 мың - 20 : 1; 19 және 100 - 5 : 1; 1900 және 70 мың - 35 : 1; 39 және 700 мың - 18 : 1. Сонымен, орта есеппен халықтың жан басына шаққанда 19 малдан келеді. Қарапайым мал шаруашылығы жағдайында мұндай арақатынас оңтайлы болатын.

Ғұндар отырықшылық пен егіншілікті де білген. Деректемелерде «солтүстік жерлерде суық ерте түседі, сондықтан тары себуге колайсыз болса да, ғұндардың жерінде тары себіледі» деп жазылған. Байқал сыртындағы Нижне-Иволгинск қала жұртын қазған кезде еденді сылағған балшық арасынан туралған сабан шықты. Нақ осы жерден қысқы, тұрақты жартылай жертөлелердің жұрты табылды, олар кандар жүйесімен жылытылған. Тары дәндері, шойын түрендер, темір орақ, тас дән үккіш жер және астық сақтайтын ұралар шықты. Адам жерленген ағаш қималар да ғүнда-рда отырыкшылық болғанын дәлелдейді.

Ғұндар өмірінде аң аулау маңызды рөл атқарды. Бұл жөнінде деректемелерде былай делінген: « . . . балалар қойға мініп, садақ тарта алады және құстар мен тышқандарды ата біледі; біраз өскен соң олар түлкілерді және тамақ етіп жейтін қояндарды атады . . . Олардың арасында орнаған тыныштық кезде мал бағып, оған қоса құс пеп аң аулайды, сөйтіп тіршілік етеді».

Ғұндардың қабірлерін қазған кезде киіктің, қабанның, кұланнын, бұғынын, таутекенің, еліктің, қоян мен түлкінің сүйектері табылды.

Қабірлерде керамика - кұмыралар, көзелер, сапты аяктар аз емес, олар қолдан жапсырып және құмырашы ұршықшасында дайындалған, мұның өзі қышқұмырашылыктың дамығанын дәлелдейді. Басқа жақтан әкелінген заттар, жібек маталар, айналар, көз салған әшекейлер кездеседі. Ғұндарда әскердің негізі тез орын ауыстыра алатын атты әскер болған. Салт атты жауынгерлердің қару жарағы - садақпен жебелер қазба жұмыстарының материалдарына қарағанда садақ екі үлнгіде жасалынған. Ертедегі садақ ағаштан иіліп, адырнасын тарамыстан жасаған. Садақтың ағашы иіліп адырнасын тарамыстан жасаған. Садақтың жағы сүйек қаптырмалармен қапталды (барлығы жетеуге дейін), екі ұшында адырнаның байлайтын кертпешесі бар екі қаптарма, ортасына - жебе атылатын жеріне терапеция тәрізді қаптырма орнатылады. Осылайша садақтың иілгіштігі күшейтілді. Садақтың ұзындығы 70-80 сантиметрге жетті. Жебеге үш қырлы темір үш салынды. Садактың екінші түрі үлкен ауырлау болады. Оған ұңғысы бар үш қырлы салмақты темір ұшты жебе қолданылды. Мұндай садақтар мен жебелер сауыт киген жауды атуға арналған, Дөңгелек және сопақ сипаттағы, шыбықтардан тіреу орнатылған ағаш жақтаулы қалқан да болган.

Деректемелерге қарағанда, ғұндар 24 руға бөлінген, олардың рубасылары(ақсақалдар) басқарған. Рулық кұрылыстың ақсақалдар кеңесі және халық жиналысы сияқты институттары сакталды. Деректемелерде былай деп айтылған: «ғұндарда жылына үш рет Лунциге жиналатын әдет болды, олар бірінші, бесінші және тоғызыншы айларда өткізіледі, «сюй» деп аталатын күні көк рухына құрбан шалынды . . . сол жиналыстарда рубасылары мемле-кеттік істерді талқылап, атжарысы мен түйелердің жарысын қызықтайды».

Алайда ғұндардың патриархаттық-рулық кұрылысы койнауында жаңа коғамдық қатынастар пісіп-жетілді. Мұның себептерінің бірі айырбастың, сауданың дамуы болды. Обаларды казған кезде табылған алтын бұйымдар, қымбат маталар ғұн коғамы үстем топтарында жинақталғам байлқты дәлелдейді.

Ғұндарда малға әулеттік және жеке меншіктің болғаны туралы мәліметтер бар. Мәселен, Сыма Цянь ғұн князьдарының хань елшісі Су Уға екі рет жылқы үйірі мен қой отарын тарту еткенін және сыйлық ретінде мал бер-генін айтады.

Ғұндардың дағдылы құқында мыналар көзделген: «Ұрлық жасап кінәлі болғанның жері алынады; шайкаста жаудың басын шауып алған иемесе оны тұтқынға алған адамға бір кеспек шарап сыйланады, қолға түсірілген олжа соған беріледі, ал тұтқынға алынғандар (соның) кұлдары мен күндері етіледі»; « . . . ұрыс алаңынан қаза тапқан адамның сүйегін кім әкелсе, онын от-басының бүкіл мүлкіп сол алады»".

Сыма Цянь бұдан әрі былай деп жазады: «Суы мен оты мол жер іздеп, бір жерден екіншісіне көшіп жүреді, оларда ішкі және сырткы дуалдармен коршалған қалалар, тұрақты тұратын жері жок. болса да және егістік өңдеу мен айналыспаса да, әркайсысының өзіне бөлініп берілген жер учаскесі бар». Ғұндарда ауыл болып көшіп-қону әдісі болған деп жорамалдауға, ал деректемелерде айтылатын «әркайсысының өзіне бөлініп берілген жер учаскесі бар» деген сөздерді жеке қожалыктарға жаткызуға болады.

Қабірлерден шықкан материалдар ғұн қоғамындағы мүліктік тенсіздік жайын айқын сипаттайды.

Ғұндарда соғыс тұтқындарынан және бағынышты өңірлердін халқынан тұратын құлдар болған. Олар үй кызметшілері, бақташылар, қолөнершілер және жер жыртушылар ретінде пайдаланылды.

Елді шаньюй басқарды, оның қолында шексіз дерлік билік болды, Одан кейін түмен басылар деп аталатын бекзадалар тұрды. Олар шаньюйдің ұлдары немесе туысқандары болды. Барлығы 24 түменбасы және олардың әрқайсысның көшіп жүретін өз жері болды. Түменбаслар өз иеліктерінде мыңбасылар, жүзбасылар тағайындай алатын. Алайда шаньюй өзіне бағынбаған немесе жазықты болған түменбасылардың жерін қайтарып алатын, өздерінің жүзбасылары мен онбасылары жөнінде түменбасыларының да нақ сондай құқығы болды. Лауазымдар мен жоғары шеңдер мұраға қалдырылды. Қарапайым халықтан алынған салықтар туралы мәліметтер бар.

Сонымен усун және ғұн қоғамдарындағы әлеуметтік-экономикалык қатынастар шамамен алғанда бірдей даму деңгейінде болды. Оларда ертедегі алғашқы таптық қоғамдардың құрылуы кезінде қанау мен байлық жинаудың әр алуан түрлері қалыптасады. Алайда олардың бірде-біреуі тұтас алғанда бүкіл жүйені анықтайтын доминанттық маңыз алған жоқ. Сондықтан құлдардың және құл иеленушілік катынастардың болғанына қарамастан, бұл коғамдарды кұл иеленушілік иемесе патриархаттық құл иеленушілік қоғамдар деп сипаттауға болмайды. Усундер, ғұндар қоғамдарының үлгісіндегі ежелгі көшпелі, ертедегі таптық бірлестіктердің басқа бір сипаты белгісі өзінше бір әкімшілігі мен күштеу аппараты бар мемлекеттілктің қалыптасуы болып табылады, олар рулық-тайпалық кұрылыс органдарын сол кезде-ақ ішінара алмастырып, ішінара солардын бейнесін алып, оларды жаңа жағдайларға бейімдеді.

Ертедегі түрік коғамына және ежелгі көшпелілер бірлестіктеріне тән түрлі өндіріс әдістері мен қанау түрлерінің катар өмір сүруінің жағдайында феодалдық құрылыс барған сайын тереңірек айқындала түсті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шинжияңның халықаралық туризм дамуы
ҚЫПШАҚТАР
Ерте ортағасырларды Қазақстан
Қазақ хандығы – мемлекеті қалай құрылған?
Алтын орда мемлекеті. Ақ Орда. Ноғай ордасы
Қазақтардың этникалық тарихының деректері
Монғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңдегі мемлекеттер (кесте түрінде)
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Ойыл өңірінің топонимикасы мен этимологиясы
Түрік қағанаты. Түрік қағанатының екіге бөлінуі Батыс және Шығыс қағанат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz