Гистология-2
Кіріспе
Жүрек, қан тамырлар жүйесі
Қан тамырлары
Қан тамырларының жалпы сипаттамасы мен жіктелуі
Артериялар
Эластикалық артериялар
Бұлшық етті артериялар
Бұлшық етті.эластикалық немесе аралас артериялар
Микроайналым арнасы
Артериолалар
Капиллярлар
Капиллярлардың жіктелуі
Венулалар
Веналар
Жүрек
Әдебиеттер

Жүрек, қан тамырлар жүйесі ағзада қоректік және биологиялық белсенді заттарға, газдарға, метаболизм өнімдеріне бай қан мен лимфаның тасмалдануын қамтамасыз етеді. Жүрек, қан тамырлар жүйесі мүшелерінің қалыпты жағдайдағы дамуын, құрылысын және қызметін білу, осы жүйелердің сырқаттарын алдын алу және емдеу үшін барлық мамандар үшін қажет. Қазақ тілінде «Гистология-2» пәнінен оқулықтар осы күнге дейін жеткіліксіз болғандықтан, бұл оқу құралы 2006ж. типтік бағдарламасы бойынша медицина салаларында қазақ тілінде оқитын студенттерге ұсынылады. Төменде жүрек, қан тамырлар жүйесі гистологиясы модулі бойынша өтетін дәрістер мен тәжірибелік сабақтардың жоспарының үлгісі берілген. Студенттер бұл оқу құралында осы тақырыптар бойынша қажетті материалды таба алады.
1. Афанасьева Ю. И., Юрина Н. А. Гистология. Учебник - М.: Медицина, 2004. – 768с.
2. Абильдинов Р.Б., Аяпова Ж.О., Юй Р.И. Гистология, цитология и эмбриология: атлас для студентов медицинских ВУЗов. - Алматы, 2006. -416с.
3. Аяпова Ж.О. Цитология, эмбриология және гистология (оқу құралы). -Алматы, 2007. – 288б.
4. Улумбеков Э.Г., Челышев Ю.А. Гистология, эмбриология, цитология + CD. 3-е изд., перераб. и доп. учебник. – М., 2007.
5. Быков В. Л. Частная гистология человека.- СПб: Sоtis, 2000. – 300с.
6. Қазымбет П., Рысұлы М., Ахметов Ж.Б. Гистология, цитология және эмбриология атласы. Медицина жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. -Астана, 2005. - 400б.
7. Кузнецов С.Л., Мушкамбаров Н.Н. Гистология, цитология и эмбриология. Учебник-М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007. - 600с.
8. Кузнецов С.Л., Челышев Ю.А. Гистология. Комплексные тесты: ответы и пояснения, уч. пос. -М., 2007.

Жоспар
Кіріспе
Жүрек, қан тамырлар жүйесі
Қан тамырлары
Қан тамырларының жалпы сипаттамасы мен жіктелуі
Артериялар
Эластикалық артериялар
Бұлшық етті артериялар
Бұлшық етті-эластикалық немесе аралас артериялар
Микроайналым арнасы
Артериолалар
Капиллярлар
Капиллярлардың жіктелуі
Венулалар
Веналар
Жүрек
Әдебиеттер
Кіріспе
Жүрек, қан тамырлар жүйесі ағзада қоректік және биологиялық
белсенді заттарға, газдарға, метаболизм өнімдеріне бай қан мен
лимфаның тасмалдануын қамтамасыз етеді. Жүрек, қан тамырлар жүйесі
мүшелерінің қалыпты жағдайдағы дамуын, құрылысын және қызметін білу,
осы жүйелердің сырқаттарын алдын алу және емдеу үшін барлық мамандар
үшін қажет. Қазақ тілінде Гистология-2 пәнінен оқулықтар осы күнге
дейін жеткіліксіз болғандықтан, бұл оқу құралы 2006ж. типтік
бағдарламасы бойынша медицина салаларында қазақ тілінде оқитын
студенттерге ұсынылады. Төменде жүрек, қан тамырлар жүйесі
гистологиясы модулі бойынша өтетін дәрістер мен тәжірибелік
сабақтардың жоспарының үлгісі берілген. Студенттер бұл оқу құралында
осы тақырыптар бойынша қажетті материалды таба алады.
Жүрек, қан тамырлар жүйесі
Жүрек, қан тамырлар жүйесі- құрамында қоректік және биологиялық
белсінді заттар, газдар, метаболизм өнімдері бар қан мен лимфаның
ағзада таралуын қамтамасыз етеді.
Қан тамырлары
Қан тамырлары диаметрі әр-түрлі тұйықталган түтікшелер. Олар
тасмалдау қызметін атқарады, мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуін,
қан мен тіндер арасындағы зат алмасуды реттейді.
Дамуы. Алғашқы қан тамырлары эмбрионалдық дамудың 2-3 аптасында
сары уыз қапшығының қабырғасында мезенхимадан және хорион
қабырғасында қан аралшықтарының құрамында пайда болады. Аралшықтың
шетінде орналасқан мезенхималық жасушалар орталық бөлікте орналасқан
жасушалармен байланысын жойып, сопақшаланып алғашқы қан тамырларының
эндотелиоциттеріне айналады. Аралшықтың орталық бөлігіндегі
жасушалардың пішіні дөңгелектеніп, дифференцияланып, қан
жасушаларына айналады. Қан тамырларының сыртында орналасқан
мезенхималық жасушалардан кейінірек жазық бұлшық ет жасушалары,
перициттер, адвентициальды жасушалар, фибробласттар
дифференцияланады.
Құрсақішілік дамудың 3-ші аптасының соңында ұрық денесінің
тамырлары ұрықтан тыс мүшелердің тамырларымен байланысады. Қан
тамырларының қабырғасының кейінгі өсуі қан айналымы басталғанда
гемодинамиқалық жағдайларға (қан қысымына, қан ағымының жылдамдығына)
байланысты дамиды.

Қан тамырлары артерияларға, артериолаларға, гемокапиллярларға,
венулаларға, веналарға, артериоловенулярлық анастомоздарға бөлінеді.
Артерия мен веналардың арасында микроайналым арнасы болады.
Артериялар бойынша қан жүректен мүшелерге қарай ағады. Бұл қан
оттегіне қанық болады, өкпе артериясы венозды қан тасмалдайды.
Веналар бойынша қан жүрекке келеді. Гемокапиллярлар артериальды және
венозды тамырлар жүйесін байланыстырады, тек ғажайып торды құрайтын
гемокапиллярлар аттас тамырлардың арасында орналасады (мысалы,
бүйректе артериялар арасындағы тамырлы шумақ)
Барлық тамырлардың қабырғасы 3 қабықшадан тұрады:
1. ішкі (tunika intima немесе interna)
2. ортанғы (tunika media)
3. сыртқы (tunika adventitia немесе externa)
Олардың қалыңдығы, тіндік құрамы мен қызметтік ерекшеліктері әр-түрлі
болады.
Артериялар
Жіктелуі. Құрылысының ерекшеліктеріне байланысты артериялардың 3 түрін
ажыратады:
1. Эластикалық артериялар
2. Бұлшық етті артериялар
3. Аралас (бұлшық етті-эластикалық) артериялар
Эластикалық артериялар
Эластикалық артериялар ортаңғы қабықшаларында эластикалық
құрылымдардың (мембраналар, талшықтар) жақсы дамуымен ерекшеленеді. Оларға
ірі артерияларды жатқызуға болады. Мысалы, қолқа және өкпе артериясы. Бұл
тамырларда қанның ағу жылдамдығы (0,5-1,3 мс) мен қысымы (120-130
мм.с.б.б.) жоғары. Ірі калибрлі артериялар тасмалдау қызметін атқарады.
Эластикалық элементтердің көп болуы (мембраналар, талшықтар) бұл тамырларға
жүректің систола кезінде созылуына, ал диастола кезінде қалпына келуіне
мүмкіндік береді. Эластикалық артерияларға мысал ретінде қолқаның құрылысы
қарастырылады.
Қолқаның ішкі қабықшасы 3 қабаттан тұрады:
1. эндотелий (endothelium);
2. эндотелий асты қабаты (субэндотелий) (stratum subendotheliale);
3. эластикалық талшықтардың өрімі (plexus fibroelasticus).
Эндотелий базальды мембранада орналасқан пішіні және көлемі әр түрлі
жасушалардан тұрады. Олар көбінесе бір ядролы болып келеді, бірақ көп
ядролы жасушалар да кездеседі. Эндотелиоциттерде түйіршікті эндоплазмалық
тор нашар дамыған. Митохондриялары көп (200-ден 700-ге дейін) және көлемі
мен пішіндері әр-түрлі, микрофиламенттері жақсы дамыған.
Эндотелий асты қабаты тамыр қабырғасының қалыңдығының 15-20% құрайды,
борпылдақ талшықты дәнекер тінінен тұрады. Дәнекер тінінің ішінде жеке
жатқан жазық миоциттер кездеседі. Жасушааралық зат фосфолипидтер мен
гликозаминогликандарға бай болады. Негізгі аморфты заттың физико-химиялық
жағдайы тамырдың қабырғасының өткізгіштігіне әсер етеді. Орта және егде
жастағы адамдарда жасушааралық затта холестерин мен май қышқылдары
кездеседі. Бұл қабаттың астында эластикалық талшықтардың өрімі орналасады.
Қолқаның ішкі қабықшасы жүректен шыққан жерде үш жарты ай тәрізді
қақпақшалар түзеді (1 сурет).
Ортаңғы қабықша басқа қабықшалардың эластикалық элементтерімен бірге
эластикалық каркас құрайтын ойықты эластикалық мембраналардан (50-70) және
эластикалық талшықтардан тұрады. Мембраналардың арасында жекелеген жазық
миоциттер орналасады. Ойықты эластикалық мембраналар, эластикалық, коллаген
талшықтары және жазық миоциттер гликозаминогликандарға бай негізгі аморфты
затта орналасады. Ортаңғы қабықшаның мұндай құрылысы қолқаға серпімділік
береді, жүректің сол жақ қарыншасы жиырылған кезде тамырға шыққан қанның
соққысын жұмсартады және диастола кезінде тамырдың қабырғасының тонусын
қамтамасыз етеді.
1 сурет. Эластикалық артерияның құрылысы
А. Эндотелий
Б. Эндотелий асты қабаты
В. Ойықты эластикалық мембраналар жүйесі
Г. Борпылдақ талшықты дәнекер тіні
Д. Тамыр тамырлары
Сыртқы қабықша борпылдақ талшықты дәнекер тінінен тұрады. Оның
құрамында бойлай бағытталған жуан эластикалық және коллаген
талшықтары болады. Қолқаның ортаңғы және сыртқы қабықшаларында тамыр
тамырлары (vasa vasorum) және жүйкелік элементтер (nervi vasorum)
өтеді. Сыртқы қабықша тамырды шектен тыс созылудан және жыртылудан
сақтайды.
Бұлшық етті артериялар
Бұлшық етті артерияларға (aa. myotypicae) орта және ұсақ
калибрлі тамырлар жатады. Бұл тамырлардың қабырғасында көп мөлшерде
жазық бұлшық ет жасушалары орналасады, олар мүшелерге қанның келуін
реттеуге қатысады.
Ішкі қабықшаның құрамына эндотелий, эндотелий асты қабаты және
ішкі эластикалық мембрана кіреді ( 2 сурет).
2 сурет. Бұлшық етті артерияның құрылысы
(И.В. Алмазов, Л.С. Сутулов бойынша)
Эндротелий жасушалары базальды мембранада орналасады. Эндотелий асты
қабаты борпылдақ талшықты дәнекер тінінен тұрады, жіңішке эластикалық және
коллаген талшықтары бойлай орналасқан. Кейбір артериялардың (жүректің,
бүйректің, аналық жыныс бездерінің, жатырдың, өкпенің) ішкі қабықшасында
бойлай орналасқан жазық миоциттер кездеседі. Эндотелий асты қабатының
негізгі аморфты затында гликозаминогликандар болады. Бұл қабатт ірі және
орта калибрлі артерияларда жақсы, ал ұсақ артерияларда нашар дамыған.
Эндотелий асты қабатының сыртында онымен тығыз байланысқан ішкі эластикалық
мембрана орналасады (membrana elastica interna). Ол ұсақ артерияларда өте
жұқа болып келеді. Ірі бұлшық етті артерияларда эластикалық мембрана жақсы
дамыған (гистологиялық препараттарда иректелген жарқырауық эластикалық
табақша тәрізді көрінеді).
Ортаңғы қабықша айналмалы орналасқан жазық бүлшық ет жасушаларынан
тұрады. Олардың арасында дәнекер тінінің жасушалары мен коллаген және
эластикалық талшықтар болады. Коллаген талшықтары жазық миоциттерге
тіректік каркас құрайды. Артерияларда коллагеннің I, II, IV, V түрлері
анықталды. Бұлшық ет жасушаларының айналмалы орналасуы жиырылу кезінде
тамырдың көлемінің кішіреюін және қанның жылжуын қамтамасыз етеді. Ортанғы
және сыртқы қабықшалардың арасында сыртқы эластикалық мембрана орналасады.
Сыртқы қабықша борпылдақ талшықты дәнекер тінінен тұрады, оның
талшықтары қиғаш және бойлай бағытталған. Бұл қабықшада тамырдың
тамырлары мен жүйкелік элементтер өтеді.

Құрылысы және қызметтік ерекшеліктері бойынша бұлшық етті-
эластикалық немесе аралас артериялар (aa. mixtotypicae) бұлшық етті
және эластикалық артериялардың аралық түрі болып табылады. Оларға
ұйқы және бұғана асты артериялары жатады. Ішкі қабықшаның құрамына
эндотелий, эндотелий асты қабаты және ішкі эластикалық мембрана
кіреді.
Ортаңғы қабықша тең мөлшерде жазық бұлшық ет жасушаларынан және
айналмалы бағытта орналасқан эластикалық талшықтар мен ойықты
эластикалық мембраналардан тұрады. Жазық бұлшық ет жасушалары мен
эластикалық элементтердің арасында аз мөлшерде фибробласттар мен
коллаген талшықтары орналасады.
Сыртқы қабықшада екі қабатты ажыратады: ішкі қабаты жекелеген
жазық бұлшық ет жасушаларының шоғырынан, ал сыртқы қабаты бойлай және
қиғаш орналасқан коллаген және эластикалық талшықтарының шоғыры мен
дәнекер тіндік жасушалардан тұрады. Бұл қабықшада тамырдың тамырлары
мен жүйкелік элементтер өтеді.
МИКРОАЙНАЛЫМ АРНАСЫ
Микроайналым арнасына артериолалар, гемокапиллярлар, венулалар
мен артериоловенулярлық анастомоздар жатады. Қан тамырларының бұл
қызметтік кешені қоршаған лимфалық капиллярлар, лимфалық тамырлармен
және дәнекер тінімен бірігіп мүшелерге келетін қанның мөлшерін, зат
алмасу үрдісін реттеуге қатысады, қанның қоймасы қызметін атқарады (3
сурет).
3 сурет. Микроайналым арнасы тамырлары (И.В. Алмазов, Л.С. Сутулов
бойынша)
АРТЕРИОЛАЛАР
Артериолалар ең ұсақ бұлшық етті артериялар, диаметрі 50-100 мкм. Олар
бір жағынан артериялармен байланысса, екінші жағы біртіндеп капиллярларға
жалғасады. Артериолалардың қабырғасы да үш қабықшадан тұрады, бірақ
артерияларға қарағанда жұқа болып келеді. Ішкі қабықшасы базальды
мембранада орналасқан эндотелиоциттерден және жұқа эндотелий асты қабаты
мен ішкі эластикалық мембранадан тұрады. Ортаңғы қабықша айналмалы бағытта
орналасқан жазық бұлшық ет жасушаларының екі қабатынан тұрады.
Прекапиллярлық артериолаларда жазық бұлшық ет жасушалары жеке-жеке
орналасады. Артериолаларда эндотелийдің базальды мембранасы мен ішкі
эластикалық мембранада үзілген аймақтары байқалады. Ол арқылы
эндотелиоциттер мен жазық бұлшық ет жасушалары өз ара тығыз байланысады.
Мұндай байланыстар ақпараттың тікелей эндотелиоциттерден жазық бұлшық ет
жасушаларына өтуіне ықпалын тигізеді. Мысалы, бүйрек үсті безі қанға
адреналин бөліп шығарғанда, эндотелий жазық бұлшық ет жасушаларының
жиырылуына әсер ететін фактор бөледі. Бұлшық ет жасушаларының арасында аз
мөлшерде эластикалық талшықтар орналасады. Сыртқы эластикалық мембрана
болмайды. Сыртқы қабықша борпылдақ талшықты дәнекер тінінен тұрады.
КАПИЛЛЯРЛАР
Капиллярлар ең көп және әрі жіңішке тамырлар, бірақ олардың да
саңылаулары әр түрлі болады. Мысалы, ең жіңішке капиллярлар ( диаметрі 4, 5-
6-7 мкм) көлденең-жолақты бұлшық ет тінінде, өкпеде және т.б. болады,
диаметрі 8-11 мкм капиллярлар-теріде және шырышты қабықшаларда, ал ірі
диаметрі 20-30 мкм капиллярлар-қан түзуші ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz