Қоғамдық орындардағы мәдениет


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қоғамдық орындардағы этикет

Қоршаған ортада қоғамға немесе жүргіншілерге сыпайы бол. Егер біреуге мазасыздық немесе ыңғайсыздық тудырсаң, кешірім сұрауды ұмытпа.

Өзгелерге қадалып, тесіліп қарама. Адамдарды немесе заттарын саусақпен нұқып көрсетпе.

Өтіп бара жатқан жүргіншілерге айналып тұрып қарама және артынан үңәләп қарама.

Жолда қоғамдық орында тамақтанба.

Егер жағдай бойынша бикешке назар аударуға тура келсе, баскиімді шешуді ұмытпаңыз. Сондай-ақ, қолғапын немесе сөмкесін түсіріп алған бикештің заттарын алып бергенде де бас киімді шешу-ілтипаттың белгісі.

Театрда қатарлар арасынан өткенде, сахнаға арқаңды беріп өт.

Кинода фойеге кіргенде бас киімді шешуді ұмытпа.

Егер көрермендер залында екі жұп отырса, бикештер ортасында, ер адамдар-екі жағында отырады.

Ер кісі христандық шіркеуге кіргенде бас киімін шешеді. Ал әйел адам шіркеуге жалаң бас кіруге болмайды. Мұсылмандар мешітке кіре берісте аяқ киімін шешу керек. Иудейлер синологке кіргенде бастарын оранады.

Жол жүріп бара жатқанда өз киіміңе назар аударуды ұмытпа. Кейбір жағдайларда, мысалы, кемеде саяхатта жүргенде жалпы қоғамдық киімде болған дұрыс.

Шетелде саяхат жасап жүргенде, сенің тәртібіңе, жүріс-тұрысына қарап, өз еліңнің өнегесі туралы баға беретінін ұмытпа. Қайда жүрсеңде, сол елдің тәртібіне, ережесіне және салт-дәстүріне мойынұсын.

Көптеген елдерде пойыз, кеме немесе самолет терезесінде суретке түсуге тиым салынғанын естен шығарма.

Пойызда кетіп бара жатқанда, вагон терезесін мәжбүрліктен болмаған жағдайда көлекелемеңіз, сондай-ақ сіздің жолсеріктеріңіз де

біреулермен қоштасып қалуды қалайтын шығар. Купеде өзге жолсеріөтермен санаспай, олардың келісімінсіз, рұқсат сұрамай терезені ашпаңыз.

Пойызда саяхат кезінде өзіңмен бірге авоські және нейлон қапшықтар емес, жол сөмкесін немесе чемодан алуға кеңес береміз. Купеде өзіңді биязы ұстауың керек. Аяғыңды қарама-қарсы орындыққа қою, шылым шегу, дауыс көтеріп сөйлеу, қатты күлу, ішімдік ішу, ысқыру т. б. әдепсіздік болады.

Бір купеде бара жатқан жолаушыларға өзіңді таныстыру міндетті емес. Алайда купеге кірген кезде сәлемдесу, ал шығар кезде қоштасып кету-әдептің, ізеттіліктің белгісі.

Саяхат аяқталған кезде беретін шайлықтың өлшемін білмесең, араласпа. Бұл жөнінде сізден тәжірбиелі жолсеріктен кеңес алуға болады.

Автомобиль рулінде отырғанда, тек жол жүру ережесін сақтап қана қоймай, өзге де жүргізушілердің және жаяу жүргізушілердің тыныштығы және жағдайы жөнінде ұмытпа. Ылғалды, балшықты көшеде келе жатып, сенің машинаң өзге машиналарға және жаяу жүргіншілерге зиян келтіруі мүмкін. Егер қажет болмаған жағдайда, бей-берекет дабыл белгісін баспа.

Транспорттың қоғамдық құрылғыларын қолдану кезінде итеріп, кезекті бұзып, ығыстыруға болмайды. Ол үшін жақсы жағдай ережесіне сай жағдайлы адамдарды, әйелдерді, балалы аналарды, науқастар мен мүгедектерді алға өткізіп жіберуге кеңес беріледі. Жас адамдар әйел адамдар мен жағдайлы адамдар мен орын алмастыру керек. Қолданылған билеттерді, қағаздарды және өзге де қоқыс заттарды еденге лақтыра салу, ластау-әдепсіздік болады.

Сыртқы көрініс және дағдылар

Өзіңнің сыртқы кқрінісіңді тазалығыңды және даңдыларыңды әркез қалыпта ұмытпа. Өз киім-кешегіңнің детальдарына назар сал. Алайда бұнымен үйде немесе өзге ешкім жоқ жерде айналысқан дұрыс. Қоғамдық орында орында немесе көшеде, қонақта, қабылдауда отырғанда ешқашан шашыңды түзеп, тырнақ тазалап, костюміңді ретке келтіріп және т. б. әрекеттерді жасаушы болма.

Өте ашық түсті немесе өте қанық өрнектерді бар киім киюші болма. Өзіңе әдемі жарасатын, ыңғайлы және қарапайым үлгілерді таңда.

Көп әшекей-бұйымдарды тағу жағымсыз көрінеді.

Әшекей сияқты өзге де бұйымдарды көп тақпа. Тек галстук үшін қыстырғыш, сағат үшін алқа, ілмек және т. б. тағуға болады. Себебі бұл заттар пайдалы, бірақ олар қарапайым болғанымен, соншалық жақсы болады. Әсіресе, әйелдер өз бұйымдарына назар салу керек.

Қол сөмкесіне қалам, қарындаш, көзілдірік, тарақ және өзге де заттарды салма.

Тазаланбаған аяқ киіммен көшеге шықпа.

Қыртысталған костюм, үтіктілмеген көйлек, галстуктарды киме.

Көзге түсіп тұратын немесе желкеге қарай ығыстырылған қалпақтарды киме.

Өз жүрісіңе назар аудар. Теңселіп жүрме. Иықтарды қозғалтпай, қақиып, тік, иіліп немесе бүгілмей және беделді түрде жүру қажет.

Қажетті болмаған жағдайда көп ым-ишара қолданба. Өз қолдарыңды әркез бақылауда ұста. Қолыңды қалтаңа салма. Жатын киіміңді, халат немесе үй-ішіндегі туфлилерді тек жатын бөлмесінен немесе жуынатын бөлмеден өзге жерде киме.

Көшеде немесе қоғамдық орындарда ысқырма.

Өте қатты күлу-әдепсіздік.

Өзгелерге сыртқы түріңе және өз жүріс-тұрысыңа, киім-киісіңе, сөйлеу мәнеріңе қоғамдық орта назар салып тұратыны әркез есіңде болсын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамды кепілге алу үшін қылмыстық жауапкершілік
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамытудағы отбасы тәрбиесінің рөлінің мәні
Қазақстанда қазіргі кездегі тәрбие жұмысының басым бағыттары
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері және олардың жауаптылық ерекшеліктері
Адамды кепілге алуға қарсы қылмыстар
Құрылыс жүргізу
Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы мектеп пен отбасының бірлігі
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері. Рухани - адамгершілік тәрбие
Абайсыздық қылмыстарын жіктеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz