Микроэкономика пәнінен дәрістік кешен
1.тақырып. Микроэкономика пәніне кіріспе
2. тақырып. Сұраныс пен ұсыныс негіздері. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі.
3 .Тақырып: Сұраныс және Ұсыныс икемділігі
4.тақырып. Тұтынушылардың іс. әрекеті
5.тақырып. Салыстырмалы статика және сұранысты талдау
6.тақырып. Тәуекел мен анықсыздық жағдайындағы таңдау
7. тақырып. Өндіріс теориясы
8 . тақырып. Өндіріс шығындары
9 . тақырып. Жетілген бәсекелі рынок
10 . тақырып. Монополия және монопсония
11. тақырып. Монополиялық бәсеке нарығы
12. тақырып. Олигополия нарығы
13 . тақырып. Өндіріс факторларының нарығы
14 . тақырып. Жалпы және жартылай тепе . теңдік
15. тақырып. Қоғамдық игіліктер және сыртқы әсерлер

Микроэкономика экономикалық ілімнің бір бөлімі ретінде экономикалық мамандықтарда жеке ғылым, жеке пән түрінде оқытылады. Микроэкономика жетілген және жетілмеген бәсекелі рыноктар механизмін, фирма ілімін бизнесті ұйымдастыру формаларын, өндіріс факторлары рыноктарын, рыноктық механизмнің артықшылықтары мен кемшіліктерін, тұрмыс жағдай туралы экономикалық ілімдерді талдайды. Микроэкономика- рыноктағы жеке меншік фирма, мемлекеттік кәсіпорын, адамдар топтары және жеке адамдар сияқты бірліктердің экономикасын зерттейтін
экономикалық ілімнің бөлімі. Мироэкономиканы оқып, білу көптеген сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді. Өйткені рыноктық шаруашылықта индивидуалды таңдау мәселесі орын алады: не өндіру керек, қалай өндіру керек, кім үшін өндіру керек, не сатып алу керек, уақытты қалай бөлу, демалыс пен қосымша жұмыс арасында қандай таңдау жасау керек т.б. Орталықтандырылмаған жүйе туралы әңгіме болғанда (рынок) баға шешім қабылдауда ақпараттық сигнал болып табылады. Микроэкономиканы сондықтан баға құрылу туралы ғылым деп те атайды.
Әртүрлі товарлар мен қызметтерге, өндіріс факторларына бағалардың қалыптасуы ортақ зейін қоятын мәселе болады. Микроэкономика рыноктық механизмді альтернативті шаруашылық жүйелерімен салыстыруға және қызмет ету тиімділігіне баға беруге жол ашатын ғылым.
Кез келген экономикалық жүйе алдында 3 негізгі сұрақ тұрады:
1. не өндіру керек?
2. қалай өндіру керек?
3. кім үшін өндіру керек?
Рыноктық экономикада осы сауалдарға жеке индивид жауап беруі тиіс, олардың таңдау еріктіліг бар.
Не өндіру керек деген сұрақты қарастырғанда өндірістік мүмкіндіктер қисығы (ЛПВ) моделі қолданылады. Ол қолда бар ресурстардың көмегімен өндіруге болатын 2 түрлі товарлар комбинациясын көрсетеді.

1. Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Г.К. Микроэкономика. - Алматы: Экономика. КазГАУ, 1997
2. Микроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации. - СПб.: Литера плюс, 1994
3. Мухамедиев Б.М. Микроэкономика. - Алматы.: Казак университетi, 2001
4. Нереев P.M. Курс микроэкономики. - М.: Норма, 2001
5. Пиндайк Р., Рубенфельд Д. Микроэкономика. - М.: Дело, 2001
6. Пиндайк Р., Рубенфельд Д. Микроэкономика. - М.: Дело, 2001
7. Есенғалиева Қ.С. Микроэкономика – Алматы: 2007
8. Закон РК «О профессиональных союзах» от 05 мая 1993 г. // Советы Казахстана
9. Закон РК «О труде в Республике Казахстан» от 10 декабря 1999 г.
10. Закон РК «О хозяйственных товариществах и акционерных обществах» от 21 июня 1991 г.
11. Н.Қ.Мамыров, Қ.С.Есенғалиева,М.Ә.Тілеужанова. Микроэкономика. Оқу құралы.Алматы: Экономика, 2004
12. Гальперин В.М., Игнатьев С.М., Моргунов В.И. Микроэкономика. Т. 1, 2. - СПб.: Экономическая школа, 2002
13. Есенғалиева Қ.С. Микроэкономика - Алматы: 2007

ДӘРІСТІК КЕШЕН
1-бөлім. Микроэкономикаға кіріспе
1-тақырып. Микроэкономика пәніне кіріспе
Дәрістің мақсаты: пәнді оқыту мақсаты микроэкономика пәнінің логикасы мен
құрылымын, негізгі экономикалық түсініктерді және зерттеу әдістерін
меңгеру.
Тақырыпқа сұрақтар:
1. Негізгі экономикалық түсініктер
2. Экономикадағы таңдау және шектеу
3. Микроэкономика субьектілеріне сипаттама (кәсіпорын, сала, нарық).
Тақырыпқа қысқаша мазмұндама (тезистер):
Микроэкономика экономикалық ілімнің бір бөлімі ретінде экономикалық
мамандықтарда жеке ғылым, жеке пән түрінде оқытылады. Микроэкономика
жетілген және жетілмеген бәсекелі рыноктар механизмін, фирма ілімін
бизнесті ұйымдастыру формаларын, өндіріс факторлары рыноктарын, рыноктық
механизмнің артықшылықтары мен кемшіліктерін, тұрмыс жағдай туралы
экономикалық ілімдерді талдайды. Микроэкономика- рыноктағы жеке меншік
фирма, мемлекеттік кәсіпорын, адамдар топтары және жеке адамдар сияқты
бірліктердің экономикасын зерттейтін
экономикалық ілімнің бөлімі. Мироэкономиканы оқып, білу көптеген
сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді. Өйткені рыноктық шаруашылықта
индивидуалды таңдау мәселесі орын алады: не өндіру керек, қалай өндіру
керек, кім үшін өндіру керек, не сатып алу керек, уақытты қалай бөлу,
демалыс пен қосымша жұмыс арасында қандай таңдау жасау керек т.б.
Орталықтандырылмаған жүйе туралы әңгіме болғанда (рынок) баға шешім
қабылдауда ақпараттық сигнал болып табылады. Микроэкономиканы сондықтан
баға құрылу туралы ғылым деп те атайды.
Әртүрлі товарлар мен қызметтерге, өндіріс факторларына
бағалардың қалыптасуы ортақ зейін қоятын мәселе болады. Микроэкономика
рыноктық механизмді альтернативті шаруашылық жүйелерімен салыстыруға және
қызмет ету тиімділігіне баға беруге жол ашатын ғылым.
Кез келген экономикалық жүйе алдында 3 негізгі сұрақ тұрады:
1. не өндіру керек?
2. қалай өндіру керек?
3. кім үшін өндіру керек?
Рыноктық экономикада осы сауалдарға жеке индивид жауап беруі тиіс,
олардың таңдау еріктіліг бар.
Не өндіру керек деген сұрақты қарастырғанда өндірістік мүмкіндіктер
қисығы (ЛПВ) моделі қолданылады. Ол қолда бар ресурстардың көмегімен
өндіруге болатын 2 түрлі товарлар комбинациясын көрсетеді.
Қалай өндіру керек деген сұрақ ресурстармен технологияларды таңдап
алуға байланысты (изокванта,изокоста). Изокванта – қандайда бір өнімді
өндіруге пайдалануға болатын ресурстар комбинациясын көрсетеді, басқаша
өндірістік функция графигі деп аталады. Изокоста - өнім өндіруге жұмсалған
шығындар графигі. Екеуінің жанасу нүктесі оптималды өндірістік теңдік
нүктесі болады.
Кім үшін өндіру керек деген сұрақ кіріс дифференциациясын қарастырады.
Бақылау сұрақтары:
1. микроэкономика ұғымы
2. микро және микроэкономиканың айырмашылығын және олардың бір-бірімен
байланысын, микроэкономика субъектілері
3. Әр түрлі экономикалық жүйелердегі ұштастыру мәселелері. Айналым моделі
Әдебиеттер тізімі
1. Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Г.К. Микроэкономика. - Алматы:
Экономика. КазГАУ, 1997
2. Микроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации. - СПб.: Литера плюс,
1994

2- тақырып. Сұраныс пен ұсыныс негіздері. Сұраныс пен ұсыныс
икемділігі.
Дәрістің мақсаты: Сұраныс пен ұсыныс негіздерін, мәнін анықтау.Сұраныс
және ұсыныс қисығын меңгеру.
Тақырыпқа сұрақтар:
1. Сұраныс ұғымы, Сұраныс көлемі және сұраныстың өзгеруі
2. Ұсыныс туралы түсініктер, Ұсыныс көлемі және ұсыныстың өзгеруі
3. Нарықтағы тепе - теңдік

Рыноктық сұраныс белгілі уақыт аралығында анықталған бағамен қандай да
бір өнім санын тұтынушының қалауы және сатып алу мүмкіндігі.
Сұраныс заңы – товар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері байланыс.
Детерминант – сұранысқа әсер ететін бағадан басқа факторлар. Сұраныс
детерминанттары сұраныс көлемін өзгертеді, график түрінде оңға жоғаы орын
ауыстырса, сұраныс көлемінің өскенін; солға қарай төмен орын ауыстырса,
кемігенін білдіреді. Негізгі сұраныс детерминанттары: мода және рекламаның
әсерінен тұтынушының талғамының өзгеруі; тұтынушының саны; товардың бірін-
бірі толықтыратын немесе алмастыратындығына байланысты. Егер товарлар бірін-
бірі алмастыратын болса, біреуінің бағасының қымбаттауы екіншісіне деген
сұранысты көбейтеді, ал егер товарлар бірін-бірі толықтыратын болса,
біреуінің бағасының қымбаттауы екіншісіне деген сұранысты азайтады;
тұтынушының кірісі жоғарлаған сайын сапалы, қымбат товарға сұраныс
көбейеді; тұтынушының болашақтағы баға өзгерісі мен кіріс өзгерісінің
күтуі.
Рыноктық ұсыныс белгілі уақыт аралығында, белгілі өнім санын,
анықталған бағамен өндірушінің рынокқа шығаруы.
Ұсыныс заңы – товар бағасы мен ұсыныс көлемі арасындағы тура байланыс.
Негізгі ұсыныс детерминанттары: ресурстардың бағасы; технология;
салықтар мен дотациялар; басқа товарлардың бағасы.
Рыноктық тепе-теңдік QD=QS, бұнда тұтынушының жоспары мен өндірушінің
рыноктағы ұсыныс көлемі бір-біріне сәйкес келеді.
Икемділік – тұтынушының рыноктағы товар бағасына сезімталдығын өлшейді. Ол
үшін баға бойынша сұраныс икемділігі коэфиценті қолданылады. Бұл коэффицент
баға 1%-ке өзгергенде сұраныс көлемі неше %-ке өзгеретіндігін өлшейді.
Егер Ed1 болса, баға бойынша сұраныс икемді деп аталады.
Егер Ed1 болса, баға бойынша сұраныс икемсіз деп аталады.
Егер Ed=1 болса, оны бірлік икемділік.
Егер Ed=0 болса, оны абсолютті икемсіз.
Егер Ed=∞ болса, оны абсолютті икемді.
Сатудан түскен ақша көмегімен Ed бағалауға болады:
Бақылау сұрақтары:
1. Сұраныс пен ұсыныс қызметінің нысандарын,сұраныс пен ұсыныс заңын,
сұраныс пен ұсыныстың графикалық көрінісін,
2. Сұраныстың бағалық икемділігін, тауар бағасының өзгеруіне байланысты
сұраныс көлемін өлшеуде пайдалануын, сұраныс икемділігінің кірістегі
мағынасын, сұраныстың қиылыстық икемділігн және оны есептеу әдісін,
3. Қысқа және ұзақ мерзімді өтпелі кезең бойынша ұсыныстың икемділік
факторын талдау.
Әдебиеттер тізімі
1. Микроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации. - СПб.: Литера
плюс, 1994
2. Мухамедиев Б.М. Микроэкономика. - Алматы.: Казак университетi, 2001
3. Нереев P.M. Курс микроэкономики. - М.: Норма, 2001
4. Пиндайк Р., Рубенфельд Д. Микроэкономика. - М.: Дело, 2001
5. Есенғалиева Қ.С. Микроэкономика – Алматы: 2007
3 -Тақырып: Сұраныс және Ұсыныс икемділігі
Дәрістің мақсаты: Нарықтағы жағдайларды зерттеген уақытта сұраныс пен
ұсыныстың не себепті және қандай мөлшерде өзгерненін зерттеу үшін икемділік
коэффицентін меңгеру.
Тақырыпқа сұрақтар:
1. Сұраныстың бағалық икемділігі: ұғымы, өлшемі, түрлері, факторлары
2. Сұраныстың қиылысқан, табыстылық икемділігі
3. Ұсыныс икемділігі: ұғымы, өлшемі, түрлері, факторлары. Ұсыныс
икемділігінің үш уақыт мерзімі.

Нарықтық сұраныс – барлық тұтынушылардың кезкелген бағамен сатып алатын
тауарларының жалпы көлемі.
Нарықтық сұранысқа әсер ететін негізгі фактор – тұтынушылардың саны.
Нарықтық сұраныс жеке сұранысқа әсер ететін факторларға байланысты
өзгереді. Нарықтық сұранысқа халықтың саны, оның демографиялық құрылымы,
отбасындағы адамдардың саны мен шетелдік туристер әсер етеді.
Сұраныс және ұсыныс икемділігі.
Нарықты жағдайларды зерттеген уақытта, сұраныстың не себепті және
қандай мөлшерде өзгергенін зерттеу үшін сұраныстың икемділік коэфициентін
пайдаланады. Бұл абсолюттік емес, салыстырмалық коэффициент. Сондықтан,
сұраныстың икемділік коэффициенті зерттегеліп отырған сұраныс функцияның
факторы 1 процентке өзгерсе, онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін
көрсетеді.
Сұраныс теориясында үш түрлі икемділік коэффициенті пайдаланылады.
Олар мыналар:
• бағалық икемділік коэффициенті;
• табыстық икемділік коэффициенті;
Сұраныстың бағалық икемділігі.
Бұл жердегі бағалық икемділік коэффициенті ( Ep ) заттың бағасы 1% - ке
өзгерсе, онда сол затқа деген сұраныстьың қандай мөлшерге өзгеретінін
көрсетеді.
Бұл көрсеткіш сұраныс көлемінің осы тауардың бағасы өзгеруіне
сезімталдығын анықтау үшін қолданылады, бірақ сұранысқа әсер ететін басқа
факторлар тұрақты деп ұйғарамыз. Сұраныстың бағалық икемділігін анықтаған
кезде тауарға деген сұраныс төмендегідей бес түрге бөлінеді:
1) икемді;
2) икемсіз;
3) икемділігі бірге тең;
4) өте икемді;
5) өте икемсіз.
Егер сұраныс көлемінің өсу проценті бағаның өсу процентінен көп болса
және тауардағы бағасы төмендегенде жалпы түсім көбейетін болса, онда
сұраныс икемді болады.
Сұраныстың бағалық икемділігін график түрінде көрсетейік.
Бұл графикте сұраныс көлемі бағаның өзгеруіне сезімталдықпен жауап
беріп тұр. Бағаның 50 теңгеден 30 теңгеге дейін төмендеуі сұраныс көлемін
30 данадан 60ға дейін көбейтіп тұр.
Сұраныс көлемінің проценттік өзгеруі бағаның проценттік өзгеруінен көп
болғандықтан, бағаның төмендеуі тауарларды сатудан түскен түсімді көбейтіп
отыр.
Түсім дегеніміз – тауарлардың бағасы мен сатылған тауар мөлшерінің
көбейтіндісі: TR = P*Q,
Мұнда, TR – түсім, m;
P – тауардың бағасы, m;
Q – сатылған тауардың көлемі, дана.
Көбінесе, ауыстырушы (субститут) тауарлары көп болатын тауарларға және
ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарларға деген сұраныс икемді болады. Мысалы,
Сұлтан макаронына деген сұраныс икемді болады, себебі оны ауыстыратын
басқа макарондардың түрі өте көп. Ал ұзақ уақыт пайдаланылатын: тоңазытқыз,
телевизор, қысқа толқынды пеш сияқты тауарларға сұраныс икемді болады,
себебі жоғарыда айтылған тауарлардың бағасы жоғарыласа, тұтынушылардың
оларға деген сұранысы өте азайып кетеді.
Егер бағаның өсу проценті сұраныс көлемінің өсу процентінен көп
болса және баға төмендегенде, жалпы түсім азаятын болса, онда сұраныс
икемсіз болады деп айтамыз. Күнделікті қажетті тауарларға және ауыстыратын
тауарлары аз болатын тауарларға сұраныс икемсіз болады
Егер бағаның 1 проценттік өзгеруі, сұраныс көлемін бағасы шамаға
өзгертетін болса және баға өзгеруіне байланысты жалпы түсім өзгермейтін
болса, онда тауарға деген сұраныс икемділігі 1-ге тең болады.
Сұраныстың бағалық икемділігінің төмендегідей екі ерекше түрі бар.
Сұраныстың бағалық икемділігін (СБИ) қарастырған уақытта оларды
нүктелік және доғалық икемділік деп бөлеміз. Нүктелік икемділікті
есептеген кезде бағаның және сұраныс көлемінің проценттік өзгеруі бастапқы
көрсеткіштерінің қатынасымен есептеледі, ал доғалық – орташа
көрсеткіштерінің қатынасымен есептеледі.
Сұраныстың бағалық икемділік коэффициентін (Ер(D)) анықтағанда
төмендегідей формулаларды қолданамыз.
Ep(D)= - нүктелік икемділік.
Ep(D)= - доғалық немесе сызықтық икемділік.
Q1Q2 – 1 және 2 кезеңдегі сұраныс көлемі;
P1P2 – 1, 2 мерзімді уақыт кезеңіндегі тауардың бағасы.
Егер СБИ-дің абсолюттік мәні 1 мен , (1Ep) аралығында
болса, онда сұраныс икемді дейміз. Ал егер осы айтылған көрсеткіштің мәні
(0Ep1)Ep=1) болса, онда сұраныс икемсіз деп аталады. Егер Ep=1 бұл
жағдайда сұраныс икемділігі бірге тең болады.
Егер Ep(D) мәні оң болса, онда зерттеп отырған тауар Гиффен тауары
болады
СБИ-ді есептеуді заттың бағасы өзгеруіне байланысты тұтынушылар
шығындарының және сатушылар түсімінің өзгеруін жорамалдау үшін қолдануға
болады.
Жалпы түсім (шығындар өзгеруі)
СБИ
Баға төмендегенде Баға жоғарыланғанда
Икемді сұраныс (Ep1) көбейеді азаяды
Икемсіз сұраныс (Ep1) Азаяды көбейеді
Икемділігі бірге тең өзгермейді өзгермейді
сұраныс (Ep=1)
Сұраныстың бағалық икемділігіне төмендегідей факторлар әсер етеді:
1. қарастырып отырған тауарды ауыстырушы (субститут) тауарлар көп болса,
онда бұл тауарларға деген сұраныс икемдігі болады, ал ауыстыратын
тауарлар аз болса немесе жоқ болса, онда бұл тауарларға деген сұраныс
икемсіз немесе өте икемсіз болады;
2. тұтынушылардың баға өзгеруіне бейімделуі;
3. баға өзгеруін күтуі
Сұраныстың табыстық икемділігі.
Сұраныстың табыстық икемділігі (СТИ) (Еі) тұтынушы табысының көлемі
1%-ке өзгерген уақытта қарастырып отырған тауарға деген сұраныс көлемі неше
процентке өзгеретінін көрсетеді. Сұраныстың табыстық икемділік коэффициенті
Е1 – оң сан, теріс сан және нольге тең болады. Егер табыс өскен уақытта
затқа деген сұраныс та өсетін болса, онда E1 0. Бұндай тауарларды
кәдімгідей тауарлар дейміз. Ал егер СТИ-дің мәні E1 0 болса, онда бұл
тауарлар – сапасыз тауарлар болады, себебі тұтынушының табысы өскен
сайын қарастырып отырған тауарға деген сұраныс азаяды.
Сұраныстың табыстық икемділігі төмендегідей формулалармен анықталады.
EI(D)- 1 және 2 сұраныстың табыстық икемділік коэффициенті.
dQdI – сұраныс функциясының табыс арқылы алынатын алғашқы
туындысы;
І – тұтынушы табысы;
Q – сұраныс көлемі.
Егер табыс пен сұраныс көлемі белгілі бір уақыт аралығында
өзгеретін болса, онда сұраныстың табыстық икемділігі мына формуламен
анықталады:
Мұнда, Q1,Q2 – 1 және 2 кезеңге сәйкес келетін тұтынушы табысы.
Ұсыныс икемділігі.
Ұсыныс көлеміне әсер ететін ең басты фактор осы қарастырып отырған
таардың бағасы болып табылады. Баға өзгерген уақытта ұсыныс көлемі де
өзгеріп отырады. Осы байланысты табу үшін ұсыныстың бағалық икемділігі
деген көрсеткішті қолданамыз.
Ep(S) – баға 1 процентке өзгерген уақытта, ұсыныс көлемі неше
процентке өзгеретінін көрсететін шама.
Ұсыныс икемділігін қарастырғанда уақытты 3 кезеңге бөлемз:
• дәл қазіргі кезең;
• қысқа кезең;
• ұзақ мрзімді кезең
1EP(S)06, икемсіз ұсыныс.
Ep(S)1, ұсыныс икемді.
Ұсыныс икемділігі төмендегідей формулалармен анықталады:
1) егер ұсыныс функциясы берілген болса,
ұсыныс функциясының Р арқылы алынған алғашқы туындысы.
Р – қарастырып отырған тауардың бағасы;
Q – осы тауарды ұсыну көлемі.
2) нүктелік икемділік: ;
3) доғалық икемділік:
Бақылау сұрақтары:
1. Сұраныс функциясы, коэффициенттері.
2. Өндіруші және тұтынушы ұтымы
3. Сұраныстың қиылысқан икемділігі
4. Мына негізгі түсініктерге анықтама беріңіз: нарықтық сұраныс
және ұсыныс қисығы, сұраныстың бағалық икемділігі, сұраныстың
табыстылық икемділігі.
Әдебиеттер тізімі:
1. Микроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации. - СПб.:
Литера плюс, 1994
2. Мухамедиев Б.М. Микроэкономика. - Алматы.: Казак
университетi, 2001

4-тақырып. Тұтынушылардың іс- әрекеті
Дәрістің мақсаты: Пайдалылық ұғымына түсініктеме беру және талғамсыздық
қисықтыры мен бюджет шектеулерін меңгеру.
Тақырыпқа сұрақтар:
1. Тұтынушылардың іс- әрекеті ілімі
2. Шекті пайдалылықтың кему принципі
3. Кемімелі шекті пайдалылық және тұтыну таңдауы

Игілік адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын құралдар (товарлар мен
қызметтер). Тұтынылған товарлар мен қызметтер әр тұтынушы үшін субъективті
болып табылатын пайдалылық әкеледі. Рыноктағы тұтынушының мақсаты
шектелген кіріске максималды пайдалылық әкелетін товарлар мен қызметтер
комбинциясын сатып алу немесе кірісті рационалды жұмсау. Экономикалық
ғылымда пайдалылықпен байланысты жалпы пайдалылық және шекті пайдалылық
түсініктері қолданылады. Пайдалылықты өлшеу туралы дау экономистерді екіге
бөлді: ординалистер мен кардиналистерге. Кардиналистер шекті пайдалылыққа
абсолютті өлшемді іздеумен айналысты. Пайдалылықты көбінде ақшалай
бағалауды пайдаланды. Ординалистер салыстырмалы, товарлар комбинациясын
таңдауды ұсынды. Ол үшін талғаусыздық қисығын, талғаусыздық картасын,
айырбастаудың шекті нормасын, бюджет сызығын пайдалануды ұсынды.
Жалпы пайдалылылық бірнеше товарлар порциясын пайдаланудан тұтынушы
алатын пайдалылық сомасы. Шекті пайдалылық қосымша товар порциясын
пайдаланудан жалпы пайдалылықтың өзгерісі. Шекті пайдалылықтың кему заңы
тұтынылған товарлар саны өскен сайын шекті пайдалылық азаяды. Бұл Госсеннің
бірінші заңы деп аталады. Госсеннің екінші заңы бойынша жалпы пайдалылықты
максимизациялау кезінде барлық тұтынылатын игіліктердің шекті
пайдалылықтары біркелкі болуы керек.
Тұтынушының бюджет сызығы DI=PXx+PYy функциясымен өрнектелетін түзу
сызық. Ол тұтынушының екі түрлі товарлар сатып алу мүмкіндігін көрсетеді.
Талғаусыздық қисығы біркелкі пайдалылық әкелетін екі түрлі товарлар
үйлесімін көрсетеді. Талғаусыздық қисығы мен бюджет қисықтарының жанасу
нүктесі тұтынушының тепе теңдігін көрсетеді. Тұтынушының тепе теңдігін
келесі функциямен өрнектеуге болады:
MU1P1=MU2P2=MU3P3= ... ..=MUnPn
Айырбастаудың шекті нормасы (MRS) дегеніміз бір товардың қосымша
бірлігін алу үшін екінші товардың қанша бірлігінен бас тару керек екенін
көрсететін өлшем.
MRS=ΔBΔA
Тұтынушының қалауына байланысты талғаусыздық қисығы формада болуы мүмкін.
Бақылау сұрақтары
1. Кіріс және орынбасу әсерін түсіндіру
2. Госсен заңы
3. Талғаусыздық қисықтарының сипаттары
4. Тұтынудың тепе-теңдігі

3. Есенғалиева Қ.С. Микроэкономика – Алматы: 2007
4. Құдайбергенова К.С. Микроэкономика
5-тақырып. Салыстырмалы статика және сұранысты талдау
Дәрістің мақсаты: пәнді оқыту мақсаты салыстырмалы статика мәні мен
құрылымын, сұранысты талдау әдістерін меңгеру.
Тақырыпқа сұрақтар:
1. Табыс әсері және ауыстыру тиімділігі
2. Табыс-тұтыну сызығы және Энгель қисықтары
3. Баға-тұтыну сызығы. Жеке және нарықтық сұраныс қисықтарын тұрғызу

Шынайы өмірде сұраныс ұсыныс моделінде есепке алу мүмкін емес көптеген
ситуациялар кездеседі. Әртүрлі рыноктарда бағаны мемлкет реттеуге қатысуы
мүмкін. Оны бағаны мемлекеттік реттеу саясаты деп атайды. Формалары: товар
салығын енгізу; товарға дотация белгілеу; қатаң анықталған баға белгілеу.
Соңғысы экономиканы тікелей реттеу тәсілі, қалғандары жанам әдістер деп
аталады.
Товарға салық белгілеу процент түрінде товар бағасына есептеледі, мысалы:
салық 15% болса, товар бірлігі 100 теңге болғанда төленетін салық сомасы 15
теңге. Салықты тұтынушы төлейді, сатушы кірісі 100 теңге, мемлекет
бюджетіне түсетін сома 15 теңге.
Мемлекеттік бюджет халық пен ұйымдардың төлеген салықтарынан тұратын ақша
қаражаттары. Бұл қаражаттар мемлекетпен оның азаматтарының өмір сүруін
қамтамасыз етеді.
Товар салығы абсолютті өлшемде де болуы мүмкін. Мысалы: товар бағасы
3 000 теңге, салық ставкасы 1 000 теңге болса, салық салынғаннан кейінгі
товар бағасы 4 000 теңге.
Мемлекттің тоавар салығын енгізуі тепе - теңдік сауда көлемін қысқартады,
бағаны қымбаттатады, сатушы алатын баға төмендейді.
Дотация және субсидия деген мемлекет әлеуметтік және стратегиялық маңызды
товарлар мен қызметтер өндірушілерді қолдау үшін бөлетін ақша. Товарға
дотация енгізу рыноктағы тепе теңдік сауда көлемін өсіреді, баға
қымбаттайды, сатушы төлейтін баға төмендейді.
Қатаң анықталған баға тепе теңдік бағадан төмен немесе жоғары белгіленуі
мүмкін. Сатушы өзге бағаны қолдана алмайды. Егер баға теңдік бағадан жоғары
болса, товар артықшылығы пайда болады. Бұндай саясаттың салдары тағы да
тұтынушының мойнына түседі. Мемлекет белгілеген баға теңдік бағадан төмен
болса, товар тапшылығы пайда болады.
Егер товарға деген сұраныс икемділігі товар ұсынысы икемділігінен төмен
болса, салық ауыртпашылығы тұтынушыға көбірек түседі.
Егер товарға деген сұраныс икемділігі товар ұсынысы икемділігінен
жоғары болса, салық ауыртпашылығы товарды өндірушіге көбірек түседі.
Бақылау сұрақтары
1. Мына түсініктерге анықтама беру: тауардың шекті пайдалылығы, қалыпты
тауарлар, сапасыз тауарлар, Гиффен тауары.
2. табыс-тұтыну қисығы, баға-тұтыну қисығы нені көрсетеді.
3. Тұтынушының пайдалылық функциясы.
Әдебиеттер тізімі:
1. Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Г.К. Микроэкономика. -
Алматы: Экономика. КазГАУ, 1997
2. Микроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации. - СПб.:
Литера плюс, 1994
3. Мухамедиев Б.М. Микроэкономика. - Алматы.: Казак университетi,
2001

6. Есенғалиева Қ.С. Микроэкономика – Алматы: 2007
7. Құдайбергенова К.С. Микроэкономика
8. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р., Экономика. - М.: Дело, 2001
6-тақырып. Тәуекел мен анықсыздық жағдайындағы таңдау
Дәрістің мақсаты: Тәуекел және анықсыздық жағдайын талдау, түсініктеме
беру.
Тақырыпқа сұрақтар:
1. Тәуекел мәні, түрлері, тәуекелді өлшеу әдістері
2. Анықсыздық ұғымы

Тәуекел дегеніміз – алдын ала қарастыратын болжам немесе
жоспарланған нәтижемен салыстырғанда зиян шегу немесе табысты азырақ алу
ықтималдығы. Түрлері:
1. өндірістік;
2. коммерциялық;
3. қаржылық;
4. несиелік;
5. проценттік.
Жарамды тәуекел деңгейі сол қызметке (келісімге) қатысушы адамдар санына
кері пропорционал болады деген түсінік бар. Тәуекелден арнайы сақтандыру
кәсіпкерлігімен айналысатын мекемелерде сақтандыруға болады.
Тәуекелді әр түрлі әдістермен өлшеуге болады:
1. статистикалық (өткен шақтағы шегілген зиян статистикасы негізінде
болашаққа болжам жасалады);
2. эксперттік (тәжрибелі бизнесмен, арнайы мамандар пікірі ескріледі);
3. есептеу – аналитикалық (математикалық тәсілдерге негізделеді).
Қазіргі батыс экономистері бір анықтамасында пайданы тәуекел мен
анықсыздық үшін төлем деп қарастырады.
Динамикалы экономикада болашақ үнемі анықсыздықпен байланысты. Ол
кәсіпкерліктің тәуекелділікпен қатар жүретіні білдіреді.
Тәуекелдің сақтандырылмайтын түрі де бар. Ол рыноктық конъюнктура немесе
экономикалық цикл нәтижелері. Экономика құрылымы да біртіндеп өзгерістерге
ұшырайды. Тіпті толық жұмысбастылық пен инфляциясыз экономика жағдайында да
тұтынушылар талғамы, ресурстар ұсынысы өзгеруі ықтимал. Осы өзгерістер жеке
фирмалар, сала шығындары мен кірістерін өзгерістерге ұшырата отырып,
өндіріс көлемін кеңейтеді немесе қысқартады.
Мемлекет өз кезегінде реттеуші саясат құралдарын пайдалана алады.
Сәйкесінше қаржы - бюджеттік саясат, несие - ақша саясаты т.с.с.
Экономикалық пайда мен зиянды экономикадағы құрылымдық және циклдік
тәуекелдермен байланыстыруға болады.
Бақылау сұрақтары
1. Тәуекел түсінігі, мәні
2. Тәуекел түрлрі, ерекшеліктері
Әдебиеттер тізімі:
1. Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. Т. 1, 2.
- М.: Финансы и статистика, 1992
2. Вэриан X. Микроэкономика. Промежуточный уровень. Современный подход. -
М.: ЮНИТИ, 1997
3. Гальперин В.М., Игнатьев С.М., Моргунов В.И. Микроэкономика. Т. 1, 2.
- СПб.: Экономическая школа, 2002
7- тақырып. Өндіріс теориясы
Дәрістің мақсаты: Өндірісте қолданылатын өндіріс факторлары мен осы
ресурстарды пайдалану арқылы өндірілетін тауарлардың мөлшері арасындағы
байланысты зерттеу.Өндірілетін тауарлардың саны өндірістегі технологиялық
әдістердің ерекшеліктерін анықтау.
Тақырыпқа сұрақтар:
1. Өндірістік функцияның кейбір жалпы қасиеттері
2. Жалпы, орташа және шекті өнімдердің түсінігі
3. Факторлар икемділігі
4. Өндіріс функциясының түрлері

Адам Смит кәсіпкерліктің экономикалық тәукелге баратын меншік
иесі иесі ретінде қарастырады. Оның ойынша кәсіпкер пайда табу, комерцияны
іске асыру үшін әрекет етеді. Кәсіпкерліктің субъектісі мен объектісін
бөліп қарастыруға болады.
Кәсіпкерліктің субъектісіне жеке тұлғалар,әртүрлі ассоциациялар және
мемлекет жатқызылуы мүмкін. Кәсіпкерліктің объектісіне әртүрлі шаруашылық
қызметі, коммерциялық делдалдық, инавациялық, консультациялық қызмет,құнды
қағаздар мен операциялар қызметінің мазмұнына байланысты кәсіпкердің
бірнеше түрлері болады:
1. өндірістік кәсіпкерлік,онда товарлар мен қызметтердің өндірісі,
информация,рухани құндылықтар пайдаланылады;
2. коммерциялық кәсіпкерлік,онда товар мен қызметтерді қайта сатуды іске
асыратын келісімдер мен операциялардан тұрады. Бұндай кәсіпкерліктегі пайда
товарларды сатып алу құнынан жоғары бағамен өткізуге негізделген;
3. қаржылық кәсіпкерлік,коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі,мұндағы
сату,сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар;
4. делдалдық кәсіпкерлік, келісім жасауға ынталы тұлғалардың арасын
біріктіруге бағытталған қызмет түрі;
5. сақтандыру кәсіпкерлігі, онда кәсіпкерлер сақтандыру жарнасын
алады,сақтандыратын жағдай орын алған кезде ғана төлем жасайды.
Барлық кәсіпкерлік формалары табыс табуға бағытталған, ол үшін
шектелген ресурстарды тиімді үйлестіру қажет. Осындай ресурстарды үйлестіру
кәсіпкерлік қызметтің ең қажетті буыны болып табылады.
Шумпеттердің ойы бойынша ресурстарды үйлестірідің 5 бағытын қамтуы мүмкін.
1. жаңа игіліктерді дайындау немесе жаңа сапалы игіліктерді дайындау.
2. жаңаша өндіру әдісін енгізу.
3. жаңа өткізу рыногін игеру.
4. жаңа шикізат түрлерін,жартылай фабрикаттарды игеру.
5. өндірісті қайта ұйымдастыру.
Кез келген уақыт аралығында басқаша ресурс комбинациялары пайда болуы
мүмкін.Кәсіпкерлік осы қасиетін Ж.Б.Сэй байқап, А.Смиттің кәсіпкерлікке
берген анықтамасын толықтырды: кәсіпкерлік өндіріс факторларын үйлестіруші
экономикалық агент. Кәсіпкерлік қызмет меншіктің қандайда бір түрлерімен
байланысты.
Бақылау сұрақтары
1. Изокванта. Өндіріс факторлардың өзара алмасуы
2. Өндіріс ауқымының өсу тиімділігі
Әдебиеттер тізімі:
1. Закон РК О государственной поддержке малого предпринимательства от
17 июля 1997 г.
2. Закон РК О банкротстве от 11 июля 2001 г. (с изменениями и
дополнениями)
3. Закон РК О лицензировании от 13 июля 2001 г. (с изменениями и
дополнениями)
4. Закон РК О налогах и других обязательных платежах в бюджет. 1 января
2002 г. (с изменениями и дополнениями)
5. Закон РК О профессиональных союзах от 05 мая 1993 г. Советы
Казахстана
6. Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Г.К. Микроэкономика. -
Алматы: Экономика. КазГАУ, 1997
7. Микроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации. - СПб.: Литера
плюс, 1994
8. Мухамедиев Б.М. Микроэкономика. - Алматы.: Казак университетi, 2001
9. Нереев P.M. Курс микроэкономики. - М.: Норма, 2001
10. Пиндайк Р., Рубенфельд Д. Микроэкономика. - М.: Дело, 2001
11. Самуэльсон П. Экономика. Т. 1, 2. - М.: Финансы и статистика,
8 – тақырып. Өндіріс шығындары
Дәрістің мақсаты: Өндірістегі өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты
шығындардың қалай өзгеретіндігін талдау, өндірістің экономикалық және
бухгалтерлік шығындарын ажырата білу.
Тақырыпқа сұрақтар:
1. Өндірістің қысқа мерзім кезеңіндегі шығындары
2. Орташа және шекті шығындар
3. Шекті, орташа айнымалы және орташа жалпы шығындар арасындағы қатынас
4. Ұзақ мерзім кезеңіндегі өндірістік шығындар

Шығындар деп қандай да бір өндіріс көлемін өндіруге жұмсалған
өндіріс факторларының ақшалай құнын алуға болады. Өндіріс шығындарына
байланысты өндіріс тиімділігі анықталады.
Өндіріс шығындарын біріншіден кәсіпорыннның меншігіне қатысты ішкі
және сыртқы шығындар деп жіктеуге болады. Екіншіден өндірілетін өнім санына
тәуелділігіне байланысты тұрақты және ауыспалы шығындар болады.
Сыртқы шығындар – еңбек, шикізат, транспорт қызметі сияқты ресурс
жеткізушілердің есебіне төленген ақшалай сома.
Ішкі шығын – төлем жасалмайтын, кәсіпорынның меншік ресурстарын
кәсіпорын игілігіне пайдалану дегенді білдіреді.
Қалыпты бухгалтерлік пайда – ішкі шығын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz