Қоғамның демографиялық құрылымы туралы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қоғамның демографиялық құрылымы.

Демографиялық құрылым туралы әңгіме болғанда халықтың қандай бөліктерден, әлеуметтік топтардан тұратынын, олардың орналасу тәртібін, араларындағы байланыс, қатынастары, бір-біріне тигізетін әсерін ескерген жөн.

Нақтылы өмірде «халық» деген ұғымның екі мағынасы бар:

1) оның біріншісінде, халық кең мағынадағы ұғымды береді, яғни тұтас елді қамтитын ұғымды білдірмек.

2) Қоғамдық дамудың әр түрлі сатыларындағы таптық және топтық құрамы, жыныс, жас шамалары алуан түрлі болып келетін, тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік үлкен топтардың бірлігі.

Бұл ұғымға кіретіін таптар мен топтар өзінің объективтік жағдайына қарай қоғамның ілгері дамуына әсерін тигізетін міндеттерді шешеіп отыруға қабілетті болып келеді. Халық, сайып келгенде жеке адамдар, еңбекшілер бұқарасы, митериалдық және рухани игіліктерді, бүкіл адмзат тарихын жасаушы, қоғам өмірінде түбегейлі өзгерістер жасаушы күш. Қоғам дамуындағы адамзаттың шешуші рөлін жоққа шығарып келген теріс, ғылыми емес, адамдарды тобыр деп есептейтін реакцияшыл әлеуметтанудың «қате» пікірлерін ғылыми әлеуметтану әр уақытта әшкерлеп отырды.

Халықтың тарихтағы орнын тұңғыш ретайқындап берген марксизм тұжырымдамасы болды.

Жалпы халық әрбір жеке адамдарадн, топтардан, таптардан, ұлттардан, әр түрлі нәсілдерден, жыныстан, жастан құралады, ұлттардын, әр түрлі қоғамда әр түрлі орын алады, қызмет атқарады, бір жерден екінші жерге көшіп-қонып жүреді, ол туады, өледі, өседі, азаяды, т. б. процестер ұдайы болып жатады.

Халықтың құрамы да халықтың өсуі сияқты бірдей емес және бірдей болуы мүмкін емес. Мысалы, адамның үш нәсілі болады (Европойд, Монголойд, Негройд) . Осы үш нәсілі табиғи заңдылыққа байланысты әр жерде орналасқан. Мысалы, Еуразияның Азия бөлігінде көздері сығырлау, аққұба келген, бойлары аласалаухалық тұрады. Батыс бөлігінде сарылау келген, ұзындау, көзі көк халықтар тұрады. Африка құрлығын түрі қара, шашы бұйра халық мекендейді.

Халықтың ішінде бір ұлт болмайды. Ол бірнеше ұлттан құралуы мүмкін. Ұлт деп, адамдардың арғы ата-тегі бір, дәстүрі, салты бір, іс-қимылдары ұқсас келетін топты айтамыз. Ұлт деп, діні бір, тілі бір адамдардың жиынтығын айтуға болады.

Бұл жерде біз басқа халықтар, тіпті көршілес елдер туралы айтпай-ақ, өз халқымыздың, яғни қазақтың жеке хандығы құрылған кезден бастап күні бүгінге дейінгі демографиялық дамуын әңгіме етсек жөн болар еді. Қазақ халқы қаншама өсімтал болғанымен оның өсіп-өркендеуінде орасан зор зиянды зардаптарды басанан өткізді. Олар Жоңғар шапқыншылығы, 1916-шы Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, азамат соғысы, Голощекиндік геноцид, Сталиндік репрессия, Ұлы Отан соғысы, Тың игеру кезеңдері, Желтоқсан оқиғалары, қазақтар мың өліп, мың тірілген халық. Міне, қазіргі уақытта халқымыз егемендік, еркіндік, бостандық алып дамудың жаңа сатысына көтеріліп отыр. Қазір оның демографиялық даму мүмкіндігі зор. Осының бір куәсі ретінде шетелдерден ағылып келіп жатқан қандас бауырларымыз (оралмандар) атамекенге ат басын тіреп, тұрақтанып та жатыр.

Еліміздің белгілі демографы М. Тәтімов өзінің «Қазақ әлемі» («Қазақтың саны қанша?» Алмат, 1993, атты кітабында жалпы әлем қазақтарының саны, қазақ ру-тайпалары, олардың сандары, орналасыу туралы қызықты деректерді келтірген. М. Тәтімовтың пікірінше, Қазақстан республикасында 7млн, 777 мың 777 (ылғи 7) қазақтар тұрады, оның ішінде Батыс Қазақстан аймағында 1 млн. 505 мың; Солтүстік Қазақстан аймағында 2 млн. 685 мың; Оңтүстік Қазақстан аймағында - 3млн 587 мың қазақтар орналасқан, ал, шетелдерде - 4 млн. 244 мың (35%) қазақтар тұрады екен. Қазақтың жалпы саны 12 млннан. Астам. Онан әрі қазақ үш жүзден, олардан тараған 20 тайпа, 300 ру, 3 аталық, 33 мың әулеттер, 3 млн. отбасы бар екен.

Бұл жерде үш деген санның қазақта киелі (қасиетті) сан екенін аңғартады. Осыған орай тағы бір айта кететін жайт, кейбір ру, тайпалар белгілі бір объективтік жағдай себептерге байланысты өзге елдердің ұлыс құрасына сіңіп кеткен. Мысалы, бұған жататындар: Қият, Қатаған, Құрама, Барулас, т. б. ру-тайпалар. Бүгінде олар қазақтың үш жүзінің құрамында жоқ.

1995-ші жылғы респуьликадағы сараптамалық бағалау бойынша, қазақтар еліміздің барлық облыс, аймақтарын мекен еткен. Осылардың ішінде қазақтардың көп орналасқан облыс-аймақтары: Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызыл-Орда, Семей, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Талдықорған Батыс Қазақстан облыстары.

Жоғарыда көрсетілгендей, жалпы аймақтарға бөлгенде қазақтардың Батыс Қазақстан аймағында саны 1млн. 505 мың(65%), Солтүстік Қазақстан аймағында 2 млн. 685 мың (30%), Оңтүстік Қазақстанда 3 млн. 587 мың (55%) .

Жалпы тайпалар бойынша қазақтың саны 1917 ж. 5 млн. 360 мың, оның ішінде:

Ұлы жүз тайпалары:

Дулат - 490 мың

Қаңлы - 200 мың

Жалайыр - 150мың

Албан - 110мың

Шапырашты - 90мың

Ошақты -70 мың

Сіргелі - 70мың

Суан - 60мың

Ысты - 60мың

Шанышқылы - мәлімет жоқ

Сары үйсін - 20 мың.

Орта жүз тайпалары:

Арғын - 900 мың

Найман - 620ың

Қоңырат -230 мың

Керей -200мың

Қыпшақ - 180мың

Уақ - 90мың

Кіші жүз тайпалары:

Байұлы - 890мың

Әлімұлы -550мың

Жетіру -310мың.

Алыс шетелдердегі қазақтың жалпы саны 1 млн. 723 мың. Құрлықтық аймақтар бойынша:

Шығыс Азия елдерінде-1млн. 600мың.

Қиыр Шығыс елдерінде -77, 7мың

Батыс Еуропа елдерінде -22, 4мың

Солтүстік Америка елдерінде -22мың

Басқа елдерде-1, 9.

ТМД елдерінде 2 млн. 477 мың қазақ тұрады. Қазақтар Өзбекстанда көп қоныстанған - 1млн. 500мың.

Қытайда - 1млн. 500мың

Ресей Федерациясында - 740 мың.

40 шет мемлекеттерде қазақ диаспорлары бар.

Қазақстандағы демографиялық ахуал - Халық саны проблемасының Қазақстан үшін айрықша маңызы бар. Халық санының тығыздығы республика бойынша тұтастай алғанда бір шаршы километрге 5, 5 адамды құрайды. Мысалы, Қытайда бұл көрсеткіш бір шаршы метрге 140 адам. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректері бойынша 2007 жылдың 1 қаңтарына ел халқы 15 394, 6 мың адамды құрады, оның ішінде 8838, 1 мың адам (57, 4%) - қала халқы, 6 556, 5 мың адам (42, 6%) - ауыл халқы, 2008 жылдың 1 қаңтарына - 15 565 647 адам, оның ішінде: 8 230 319 (52, 8%) адам қалада тұрса; 7 335 328 (47%) адам ауылда тұрады. 2007 жылдың 1 қаңтарына республика халқының жас құрамы мынадай болды: 15 жасқа дейінгі балалар - 24% (24, 2), 15-тен 65 жасқа дейінгі адамдар - 68, 2% (68, 0), 65 және одан жоғары жастағылар барлық халық санының 7, 8%-ын құраған. 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда 0-ден 15 жасқа дейінгі балалар саны 0, 2%-ға ұлғайған. 15-64 жастағы және 65 пен одан жоғары жастағылар саны тиісінше 1, 5% және 1, 2%-ға ұлғайған. Қазақстанда әйел жыныстылар санының басым болуынан көрінетін гендерлік асимметрия қалыптасты. 1000 еркекке 1078 әйел келеді. 2007 жылдың 1 қаңтарына ерлер саны 7407, 8 (7324, 8) адам нмесе барлық халықтың 48, 1%-ын, әйелдер тиісінше 7986, 8 (7894, 5) адамды немесе 51, 9%-ды құраған. 15-64 жастағы әрбір қайтыс болатын 100 әйелге осы жас тобының қайтыс болатын 246 ер адамның келуі жағдайды қиындата түсіп тұр. 15-64 жастағы ерлер өлімінің жоғары пайызы мен өмір ұзақтығының аз болуы дағдарысқа әкелетін қазіргі әлеуметтік-экономикалық қатынастар проблемасымен астасып жатыр. 2007 жылы республика халқының табиғи өсімі 157 891 адамды ( 2006 жылы 141 876) құрады. Табиғи өсімнің 1000 тұрғынға жалпы коэффициенті 2008 жылдың 1 қаңтарына 10, 2 (9, 3) адамды құраған. 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда елдегі өлген адамдар саны 158 931 (157 357) адамды құраған, оның ішінде 92 81 (92 425) адам қала халқы, 66 050 (64 932) ауыл халқы. Осы кезең ішінде 90 760 ер адам және 68 171 әйел адам өлген, немесе 100 әйелге 133 еркек. 1000 адамға жалпы өлім коэффициенті 2006 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейінде қалды және өлген адамдардың 10, 3 санын құрады. 2003 жылдан бастап елде жылына шамамен 250 нәресте дүниеге келеді, 2006 жылы бұл көрсеткіш 300 мыңға жетті, алайда нәресте өлім-жітімінің деңгейі өте жоғары болып отыр. Бұл көбінесе 30%-дан аспайтын бала туатын жастағы әйелдердің денсаулық индексінің төмен деңгейімен байланысты болып отыр. Халықтың ұрпақ берушілігі төменгі деңгейде, бүгінде елде 450 мың отбасының баласы жоқ. Сонымен қатар Қазақстанда жыл сайын 170 мың аборт жасалады. 2007 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде елде 4561 (4172) 1 жасқа дейінгі балалардың өлімі тіркелген, оның ішінде 2701 (2406) - ұл балалар және 1860 (1766) қыз балалар. Нәрестелер өлім-жітімі коэффициенті 1000 туған балаға 14, 5 (14, 1) құраған. Нәрестелер арасындағы өлім-жітімнің негізгі себебі жатырда өсу кезеңінде пайда болған жағдайға байланысты болып отыр, бұдан 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2169 (2063) нәресте өлген немесе барлық нәресте өлім-жітімінің 47, 6%-ын (49, 4%) құрайды. Демографиялық ахуалды жақсартуда денсаулық сақтау саласы үлкен рөл атқарады. Әлсіз және көбіне қағаз жүзіндегі жұмыстар, коммерциялану деңгейінің жоғарылығы аналардың жүктілікке нашар дайындалуына әкеледі. Халықтың көші-қонының оң сальдосы әлі сақталып отыр, 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда ол 10878 (33 472) адамды құрады, оның ішінде ТМД елдерімен 2989 (26 778) . Республикаға келген адамдар саны 53 309 (67 386), одан тысқары кеткендер 42431 (33914) адамды құраған. Қазақстанға келушілер арасында қазақтардың басым салмағы 78, 2% (73, 1%), орыстар - 12, 5% (14%), немістер - 1, 0% (0, 9%) құраған. Қазақстаннан тысқары кеткендер ішінде орыстар үлесіне - 69, 5% (67, 5%), немістер - 7, 1% (7, 3%), қазақтар - 5, 3% (6, 7%) тиесілі. Статистка агенттігінің деректері бойынша 2008 жылғы 1 қаңтарда жастар (15-29 жастағылар) саны халық құрылымы ішінде 4 288 387 адамды құрайды, пайыздық қатынас бойынша бұл үлес 27, 8%. Олардың ішінде ерлері 2 168 347 адам, әйелдер - 2 120 040 адам. Экономикада жұмыс істейтін жастар саны 2 730 951, оның ішінде 15-24 жастағылар 1577355 адам, 25-29 жастағылар 1 153 596 адамды құрайды. Республика бойынша экономикалық белсенді жастар саны 2 961 644 адамды құрайды, оның ішінде 15-24 жастағылар 1 710 600 адам, 25-29 жастағылар 1 251 044 адам. Осы статистикаға орай жастардың 60%-ы халықтың экономикалық белсенді бөлігін, 30%-ы оқушылар мен студенттер және 10%-ы жұмысшылар. Республика бойынша барлық жұмыс істемейтін жастар саны 264 652 адамды құрайды немесе 9, 6 %, олардың ішінде 15-24 жастағылар 183 610 адам немесе 10, 7 %, 25-29 жастағылар 81 042 адам немесе 6, 5 %.
Елдің барлық қалаларында жалпы жұмссыздық деңгейінен жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі жоғары. Бұл жергілікті еңбек нарықтарындағы сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі және ауыл жастарының қалаға кетуі салдарынан болып отыр, олар көбіне біліктілігінің төмендігі немесе мүлде жоқтығына орай жұмысқа орналаса алмайды. Қала мен ауылдағы кедейлік деңгейіндегі айырма сақталып отыр және қиындай түсуде, бұл да жастардың кетуіне әкеледі. Ауылдағы кедей халық деңгейі 21, 2%-ды, қалада - 5, 5%-ды құрап отыр. Сонымен статистика 15-29 жас аралығындағы жастар саны Қазақстанның барлық халқының 28%-ын құрайтынын көрсетіп отыр. Бұл ретте жастар үшін қоғамның барлық проблемалары тән. Бұл ересектермен салыстырғанда жастар арасында 2 есеге жоғары болып отырған жұмыссыздық. Бұл қала жастарымен салыстырғанда ауыл жастарының кедейлігі. Бұл құқық бұзушылықтың жалпы статистикасі ішінде жастар жасайтын қылмыстар үлесінің жоғарлығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамның әлеуметтік- демографиялық құрылымы туралы
Халықты зерттеудің негізгі теориялық тәсілдері
Қазақстан әлеуметтік құрылымының қалыптасуы
Жастардың әлеуметтік құрылымдағы рөлі
Қоғам философиялық таным обьектісі ретінде
Қазақстанда демографияның өзекті мәселелері, оларды шешудің жолдары
Денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау
Қоғамның әлеуметтік- демографиялық құрылымдары
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік проблемаларды реттеудегі мемлекет функциясының басты бағыттары
Мемлекет функциялары теориясының өзекті мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz