Қазақ хандығы тұсында соғылған тиындар беттеріндегі бейнелер мен жазбалардың орын алу себептері жайлы



1 Нумизматика саласы
2 ХҮ.ХҮІІ ғасырда қазақ хандығы тұсында соғылған тиындар
3 Әмәуи халифалары кезінде соғылған тиындар
4 Қазақ хандығы тұсында соғылған тиындар
Нумизматика саласы адамзат тарихын зерделеуде ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін тек қосалқы құрал ретінде ғана қарастырылып келді. Тек соңғы кездері ғана тиын бетіндегі бедерлердің сол тиын айналымда жүрген өлкенің саяси-экономикалық, рухани-әлеуметтік өмірін зерттеуде алатын орнының маңыздылығы ұғынылды. Көне тиындар алғашқыда тек коллекция жинаушыларды эстетикалық тұрғыда ғана қызықтырып, табылған тиындар арасынан тек тамаша сақталған тиын үлгілері ғана іріктеліп алынып, қалған үлгілер есепке алынбай жоғалып кетіп отырған. Тек соңғы кездері ғана бір көмбеден, бір өлкеден табылған бір типті тиындар түгел зерттеле бастады. Тиындарды бұлай зерттеу, тиын айналымда жүрген кезеңнің тарихын зерделеуде әлдеқайда пайдалы екендігі айқындалды.
Қазіргі таңда көне нумизматикалық материалдар өлке тарихын зерттеуде маңызды рөл ойнап отыр. Бір қарағанда тек эстетикалық тұрғыда ғана тартымды кішкентай металл пластиналар бетінде тарихтың ашылмаған талай сырлары бұғып жатыр. Тек сол сырды аша білу, осы жолда талай тер төгіп, өлкенің сан ғасырлық тарихын санаға сіңіріп, дұрыс қорытынды шығара білу қажет.
Ясы-Түркістанда ХҮ-ХҮІІ ғасырларда соғылған тиындар біршама зерттелген. Алайда зерттеу жұмыстары өлкенің сауда-саттық және экономикалық ахуалын анықтау бағытында ғана жүргізіліп, тиын беттеріндегі өлке халқының діни рухани ахуалынан хабар беретін тұстары мүлдем зерттелмей немесе белгіленіп қойған шеңбер аясында ғана қарастырылып келді.
Өлкенің діни-рухани ахуалы, сол өлкені мекен еткен халықтың мәдениетін, өлкедегі саяси және экономикалық жағдайды қалыптастыратын алғашқы негіз. Себебі мемлекет сол елдің діни көзқарастарына негіздеп саясат құрып, сол саясатқа негіздеп экономикалық жағдай түзеді. Тиындар беттеріндегі өлкенің рухани жағдайынан хабар беретін мәліметтерді дұрыс оқи білу тарихымыздың шынайы тұлғасын жасауға мүмкіндік беретін маңызды факторлардың бірі. Тиындардың қай кезеңде айналымда жүргендігі мен айналымның территориялық ауқымын анықтау әрине қажет. Алайда тиындар беттеріндегі жазбалар мен өрнектердің не себептен орын алғандығын, неге белгілі бір жазбалар мен өрнектердің таңдалып алынғандығын, қашан және қайда айналымда жүргендігін, не себептен дәл сол кезеңде және сол аумақта айналымда жүрді деген сынды маңызды сұрақтарға тиянақты жауап беруге көмек берер еді. Яғни тиындар беттерінде орын алған жазбалар мен өрнектер ең алдымен белгілі бір аумақтың діни-идеологиялық ахуалынан хабар береді. Себебі мемлекеттің бүкіл тұғырлары мемлекет ұстанған идеология негізінде құрылады. Бұл тұрғыда ресейдің белгілі ғалымы В.Н. Настич «Тиын мемлекет символы. Онда мемлекет саясаты мен ұстанған идеологиясы орын алған» дейді(1). Тиындарды қоғамның барлық сатыларының өкілдері тұтынатындықтан, оның бетінде мемлекеттің діни-әлеуметтік жағдайынан хабар беретін жазбалар мен бейнелердің орын алуы заңды да.
1- Хаким Р. Религии древней евразии: тюрко-монголы, финно-угры, балто-славяне.
Казань-2006
2- Абаев Н.В. Можем ли брать тенгрианство как фактор самоиднтификации для тюрко-монгольских народов Центральной Азии. Кызыл-2010
3- Шайдуллина Л.Д. Религиозно-культурные коды тюрков северной Евразии и их приемственность. Москва-2005
4- Севиндж Мамед Сулейман. Тенгрианство религия тюрков. 1998 ж.
5- Алекперов А. Все дороги ведут к тенгрианству.1995 ж.
6- Шайдуллина Л.Д. Суфизм-религия Золотой Орды (особенности суфизма в Среднем Поволжье и Прикамье в ордынский и постордынский периоды). Казань-2000 ж.
7- Жандарбек З. Иасауи жолы және қазақ қоғамы. Алматы, 2006 ж.
8- Нуртазина Н. Ислам в истории средневекового Казахстана. Алматы, 2004
9- Наурзбаева З. Судьба тенгрианства и миф о Нуртоле. www.arba.ru
10- В.Н. Настич. Художественное оформление мусульманских монет: нарушение запрета? nastich@zmail.ru
11- Бурнашева Р.З. Денежное обращение в городах южного Казахстана в ХҮ-ХҮІІІ вв. Туркестан 2006.
12- Бурнашева Р.З. Е.А. Смагулов, М.К. Туякбаев. Клады и монеты Туркестана. Алматы 2006.
13- Потапов П.Л. Алтайский шаманизм. Ленинград, 1991
14- Бурнашева Р.З. Некоторые сведения о Туркестанском монетном дворе и медные монеты ХҮІ- первой четверти ХҮІІ вв. Материалы международной научно-практической конференции 8-10 июня, 2006
15- Досымбаева А. Западный Тюркский каганат. Культуное наследие Казахской степи. Алматы, 2006
16- Байпаков К.М. Алдабергенов Н.О. Отрарский оазис. Алматы, 2005

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ хандығы тұсында соғылған тиындар беттеріндегі бейнелер мен
жазбалардың орын алу себептері жайлы.

Нумизматика саласы адамзат тарихын зерделеуде ХІХ ғасырдың екінші
жартысына дейін тек қосалқы құрал ретінде ғана қарастырылып келді. Тек
соңғы кездері ғана тиын бетіндегі бедерлердің сол тиын айналымда жүрген
өлкенің саяси-экономикалық, рухани-әлеуметтік өмірін зерттеуде алатын
орнының маңыздылығы ұғынылды. Көне тиындар алғашқыда тек коллекция
жинаушыларды эстетикалық тұрғыда ғана қызықтырып, табылған тиындар арасынан
тек тамаша сақталған тиын үлгілері ғана іріктеліп алынып, қалған үлгілер
есепке алынбай жоғалып кетіп отырған. Тек соңғы кездері ғана бір көмбеден,
бір өлкеден табылған бір типті тиындар түгел зерттеле бастады. Тиындарды
бұлай зерттеу, тиын айналымда жүрген кезеңнің тарихын зерделеуде әлдеқайда
пайдалы екендігі айқындалды.
Қазіргі таңда көне нумизматикалық материалдар өлке тарихын зерттеуде
маңызды рөл ойнап отыр. Бір қарағанда тек эстетикалық тұрғыда ғана тартымды
кішкентай металл пластиналар бетінде тарихтың ашылмаған талай сырлары бұғып
жатыр. Тек сол сырды аша білу, осы жолда талай тер төгіп, өлкенің сан
ғасырлық тарихын санаға сіңіріп, дұрыс қорытынды шығара білу қажет.
Ясы-Түркістанда ХҮ-ХҮІІ ғасырларда соғылған тиындар біршама
зерттелген. Алайда зерттеу жұмыстары өлкенің сауда-саттық және
экономикалық ахуалын анықтау бағытында ғана жүргізіліп, тиын беттеріндегі
өлке халқының діни рухани ахуалынан хабар беретін тұстары мүлдем зерттелмей
немесе белгіленіп қойған шеңбер аясында ғана қарастырылып келді.
Өлкенің діни-рухани ахуалы, сол өлкені мекен еткен халықтың
мәдениетін, өлкедегі саяси және экономикалық жағдайды қалыптастыратын
алғашқы негіз. Себебі мемлекет сол елдің діни көзқарастарына негіздеп
саясат құрып, сол саясатқа негіздеп экономикалық жағдай түзеді. Тиындар
беттеріндегі өлкенің рухани жағдайынан хабар беретін мәліметтерді дұрыс оқи
білу тарихымыздың шынайы тұлғасын жасауға мүмкіндік беретін маңызды
факторлардың бірі. Тиындардың қай кезеңде айналымда жүргендігі мен
айналымның территориялық ауқымын анықтау әрине қажет. Алайда тиындар
беттеріндегі жазбалар мен өрнектердің не себептен орын алғандығын, неге
белгілі бір жазбалар мен өрнектердің таңдалып алынғандығын, қашан және
қайда айналымда жүргендігін, не себептен дәл сол кезеңде және сол аумақта
айналымда жүрді деген сынды маңызды сұрақтарға тиянақты жауап беруге көмек
берер еді. Яғни тиындар беттерінде орын алған жазбалар мен өрнектер ең
алдымен белгілі бір аумақтың діни-идеологиялық ахуалынан хабар береді.
Себебі мемлекеттің бүкіл тұғырлары мемлекет ұстанған идеология негізінде
құрылады. Бұл тұрғыда ресейдің белгілі ғалымы В.Н. Настич Тиын мемлекет
символы. Онда мемлекет саясаты мен ұстанған идеологиясы орын алған
дейді(1). Тиындарды қоғамның барлық сатыларының өкілдері тұтынатындықтан,
оның бетінде мемлекеттің діни-әлеуметтік жағдайынан хабар беретін жазбалар
мен бейнелердің орын алуы заңды да.
ХҮ-ХҮІІ ғасырда қазақ хандығы тұсында соғылған тиындар қатарында
беттеріне өсімдіктер, құстар, аңдар бейнелері түсіріліп отырған. Мұсылман
әлемінде сурет, мүсін, мозайка т.б. сияқты бейнелі өрнектерді қолданыста
пайдалануға тыйым салынатындығы белгілі. Сонда мұсылман әлемінің бір бөлігі-
Қазақ хандығында соғылған тиындар беттерінде мұндай бейнелердің орын
алуының себебі неде деген сураққа жауап беруге тырысып көрейік. Сұрағымызға
жауап алу үшін мұсылман әлемінде адам, аң-құстар бейнелерін тұрмыста
пайдаланатын заттар бетіне түсіруге тыйымның қай кезеңдерден бастап
салынғандығын анықтап көрелік. Ислам әлемінде бейнелеуге тыйым салынған
деген пікірге қарама-қайшылықты мұсылман тарихының алғашқы жылдарынан-ақ
көреміз. Ислам тарихының алғашқы жылдарында соғылған тиындар беттерінде
АЛЛА және МҰХАММЕД (С.А.С.) жазбалары Иран және Византия патшалары
бейнелері мен зороастр дініндегі от алтарі-аташдан және христиан кресті
бейнелерімен бірге беріліп отырған. Бұл түр тиындары екінші халифа Омар
(Р.А.) (634-644 жж.) дан бастап, ҮІІ ғасырда халифалық құрған Әмәуилер
халифы Абд аль-Малик ибн Маруан жасаған реформаға дейін жалғасын тауып
отырған(2). Қасиетті Құраны Керімде бейнелеуге тыйым ретінде қабылдауға
болатын 5 сүренің 92 аяты ғана бар. Онда кәпірлердің аль ансаб деп
көрсетілген пұттары жайлы айтылған. Айта кететін жайт олардың өздері де
адам немесе аң бейнелерінде бейнеленбейтін еді(3). Тіпті ислам мемлекетінің
алғашқы жылдары соғылған, басына дулыға киген сақалды адам портреті
түсіріліп, бейнені айналдыра Мұхаммед-Алла елшісі деген жазба түсірілген
фельс те табылған. (4) Мұхаммед (С.А.С.) өмірінен хабар беретін
риуайаттарда пайғамбарымыздың күнделікті өмірде зооморфты, антропоморфты
сюжетті бейнелер салынған заттарды пайдаланғандығы айтылады(5).
Әмәуи халифалары кезінде соғылған тиындар қатарында Куфи
нұсқасымен жазылған жазбалармен бірге, бүркіт, піл, арыстан, сарышаян,
тышқан, салтатты бейнелерінің түсірілгенін көреміз. Әмәуи халифасы Абд аль-
Малик бин Мирванның жүргізген реформасына дейін Сирия, Месопотамия және
Оманда соғылған тиындарда қолында немесе белдігіне қыстырылған қылышы бар
халифа бейнелері түсірілген тиындардың шығарылып отырғаны белгілі(6). Әмәуи
халифаларының орнын басқан Аббасилер өз кезегінде Бағдадтың шеберлеріне
алтыннан және күмістен беттеріне өз суреттері және аң бейнелері түсірілген
медальондар соқтырды(7). Байқағанымыздай Ислам тарихының алғашқы
кезеңдерінде бейнелеу өнеріне, тіпті аң-құс, адам бейнелерін бейнелеуге
қатаң тыйым салынғандығы көрінбейді.
Біздің жылсанауымыздың І-ші және ІІ-ші мыңжылдықтар тоғысында
Орталық және Батыс Азия елдеріндегі түркі жұртының көп бөлігі ислам
әлемінің бір бөлігі болып үлгерген еді. Түркілер исламды қабылдаған соң өз
тиындары беттеріне антропоморфты, зооморфты бейнелерді түсіру ісі қатты
серпін алды. Таяу және Орта шығыс елдерінде Аббасидтер кезеңінің аяғына
таман, бетіне бейне түсірілген тиындардың барлығы дерлік Түркі әулеттері
құрған мемлекеттердің ақша өнімі екендігі белгілі. Ғалымдар исламдағы
бейнелеу ісіне тыйымның салынуы түркілердің исламды қабылдап, күнделікті
тұрмыста бейнелеу ісінің өнімдерін кеңінен пайдалануды жалғастыруына
наразылықтан басталады деген пікірді алға тартады(8).
Хорасан мен Ауғанстанда билік құрған Ғазнауилерде (ХІ ғ.), олардың
ортаазиялық көршілері Қарахандықтар (Х-ХІІІ ғ.) ақшалары қатарында
беттеріне бейнелер түсірілген тиындар көптеп кездеседі. Бұл тиындар
беттерінде түркі дүниетанымында қасиетті саналатын аңдар мен құстар
бейнелері орын алған (9). Хорезмшах Мұхаммед бин Текештің әмірімен
Ауғанстан қалаларында соғылған тиындарда да зооморфты бейнелер көптеп
кездеседі. Бұл түркі жұртынан шыққан сұлтанның өзін шынайы мұсылман
санағаны сонша, Бағдаттағы халифа тағынан үміт еткені де белгілі (10).
Бейнелеу ісі, Түркі халықтарының тұрмыс-тіршілігінің, өзіндік
қайталанбас мәдениетінің ажырамас бөлігі екендігіне сан-ғасырлық тарих куә
бола алады. Түркі жұрты ежелден бейнелеу өнері арқылы өздерінің діни-саяси,
әлеуметтік көзқарастарын білдіріп отырғаны тау-жартастардағы өшпес мұра-
петроглифтерден де белгілі. Түркілер Ислам дінін қабылдаған соң да бейнелі
өрнектерді тұрмыста кеңінен пайдаланды. Бұл да түркі қоғамының діни-
идеологиялық көзқарасының, дін мәнін түйсіну дәрежесінің жоғарылығының
көрсеткіші.
Қазақ хандығы тұсында соғылған тиындар беттерінде де түркі
дүниетанымында киелі саналған аң бейнелері-арыстан, барыс (Түркі
қағандарының әскери күшінің бейнелік көрсеткіші), Түркі жұртының
жаратылысының қасиеттілігінің символы-қасқыр-көкбөрі бейнесі, жер бетіндегі
алғашқы жаратылыс бейнелері-марал, кермарал т.б. бейнелер мен түркі
дүниетанымында жоғарғы әлем-Тәңір әлемін бейнелейтін құстар мен түркі
жұртының рухани және дүниауи күштерін бойына біріктірген бүркіт-самұрық
бейнелері мен жер бетіндегі әлемдік бей-берекетте су әлемінен бөлініп
шыққан жартылай құрлықтық ең алғашқы тіршіліктің бейнелік көрінісі-
лалагүлдің бейнелерін көруге болады. Түркістанда 1996 жылы жүргізілген
қазба жұмыстары кезінде бір бетінде құйрығын жоғары көтерген жыртқыш
бейнесі, келесі бетінде құс бейнесі түсірілген ХҮ ғасырдың аяғы мен ХҮІ
ғасырдың алғашқы жартысында соғылғандығы анықталған тиындар табылды(11).
Бұл да Қазақ хандығының ислам дінін ұстана отырып, дәстүрлі түркілік діни-
дүниетанымы элементтерінің шынайы ислами дүниетанымға қайшы келмейтіндігін,
Ислам діні түркілер ғасырлар бойы ұстанған жалғызтәңірлік (монотеистік)
діннен айырмасыз бір дүние деп тануынан туындаған жайт деп қарастыруға
болатындай. (Ал Тәңір дінінің монотеистік дін екендігін растайтын көптеген
жазба деректер бар. Мәселен аль Мақдиси Түркілер жаратушы жалғыз екендігін
меңзей отырып, бір Тәңрі дейді өз жазбаларында. Ибн Фадлан болса Егер
олардың біріне әділетсіздік жасалса немесе бір қиыншылыққа ұшыраса, басын
көкке көтеріп, Бір Тәңірі дейтіндігін айтады). Қазақ қоғамының ислам
әлемінің бір бөлігі бола тұрып, оның негізгі қағидаларының орындалмауына
неліктен жол берді деген заңды сұраққа жоғарыда келтірген мысалдарымыз
қанағаттанарлық жауабын бере алды деген үміттеміз.

Қазақ хандығы тұсында соғылған тиындардың тағы бір ерекшелігі, тиын
бетінде тиын соқтырушы әміршінің эмитенті орнына Әділхан жазбасының
түсірілуі. Әдетте тиын бетіне мемлекеттік, діни рәміздермен қатар
соқтырушының аты мен атақ-лауазымы түсіріледі. Ал Қазақ хандығы тұсында
соғылған тиындарында олардың орнына Әділхан деген жазба ғана түсіріліп
отырған. Бұл жағдайды түсіндіруде белгілі нумизмат ғалымдар екі түрлі
болжамды алға тартады. Біріншісі, ол дәуірде Түркістанда билік бір
әміршіден екіншісіне жиі ауысып тұрған. Сондықтан олар тиындар беттеріне өз
аттарын түсіруді жөн деп таппаған деген ойды алға сүреді. Бұл болжам
қисынға келіңкіремейді. Өйткені белгілі бір жерді өз билігінің астына алған
кез-келген билеуші ең бірінші ретте халыққа психологиялық әсер ету күші
зор, халық арасында саяси жарнамалық мәні ерекше тиын беттеріне өз аттары
мен атақ-лауазымдарын түсіруден өте күшті дәйексіз бас тартпайтыны белгілі.
Әміршілердің өз билігі астындағы жерлерде соғылған тиын беттеріне өз аты
мен лауазымдарын түсіру үрдісі бұл кезеңге дейін де бұдан кейінгі
кезеңдерде де орын алып отырған. Оның үстіне билік басына келген
әміршілердің қай-қайсысы болса да өз билігінің қысқа ғана уақыт емес ұзақ
жылдар сүртіндігіне сеніммен келеді емес пе.
Ғалымдар, Түркістан қаласында ұлы шейх, арифтер сұлтаны Ахмет
Иассауи жерленген. Бүкіл исі Түркі жұртының рухани ұстазының ақиқат
сәулесінің таралуына бастау болған, осындай ұлы тұлға жерленген жерде өз
аттарын тиындар беттеріне түсіруді жөн көрмеген деген екінші болжамды да
айтады. Бұл болжамның қисыны құлаққа қонымды. Бірақ тиын беттерінде дәл осы
жазбаны Ташкент ақша сарайларында соғылған тиындар беттерінен де көреміз.
Ташкентте соғылған ақшаларда бұл жазбаның түсірілуінің себебі
түсіндірілмеген. Ғалымдар тарапынан бұл үрдіс қайдан және неліктен Қазақ
хандығы тұсында хандық құрамындағы қалаларда ғана іске асырылды деген заңды
сұраққа толыққанды жауап берілмеген. Бұл сұрақтың жауабының көне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түргеш монеталарын зерттеу мәселесі
Нумизматика - тиындар туралы ғылым
Нумизматика ғылымы
Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік орталық музей қорындағы монеталардың сакталуы
Алтын Орданың қалалық орталығы - Сарайшық
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр өңірі қалаларының тарихы
Қазақстан жеріндегі монета соғу ісінің тарихы
XVI ғасырдағы өзара тартыстар мен соғыстар
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих
ХҮІІ ғ. – ХҮІІІ ғ. басындағы ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
Пәндер