Қазақстан қорықтарына сипаттама



Жоспары

1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

2. Негізгі бөлімі : ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

2.1 ) Қазақстан қорықтары және қызыл кітап ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

2.2 ) Қазақстан қорықтарына сипаттама: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

1. Ақсу.Жабағылы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2. Алакөл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
3. Алматы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
4. Барсакелмес ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
5. Батыс.Алтай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
6. Қаратау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
7. Қорғалжын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
8. Марқакөл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
9. Наурызым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
10. Үстірт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

2.3 ) Қорықтар және табиғат қорғау мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

4. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
1. Кіріспе

Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да аялы қалың орман – тоғайы, оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, айдын – шалқар көлі, сарқырап аққан өзен суымен бай, көрікті. Біздің өлкеде 34 миллион гектар жыртылған құнарлы жер, 186,9 миллион гектар шыбындықтар мен жайылымдықтар, 22 миллион гектар орман, Д. И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ туған өлкеміз алуан түрлі жан – жануарларға өте бай. Осы мол табиғат қазыналарын көздің қарашағындай сақтап, қорғауда республикамыздағы Алматы, Ақсу – Жабағылы, Барсакелмес, Қорғалжын және Наурызым қорықтарына қоса 1976 жылы ұйымдастырылған Марқакөл қорығының маңызы зор. Ұлан – байтақ республикамызда келешекте де осындай табиғи лабораториялар көбейе берсе дейміз.
Менің ойымша, республикамыздың барлық территориясының 0,3% - ға жуық аумағын алып жатқан Қазақстан қорықтары кейбір бірен – саран жағдайларда болмаса, жануарлардың ( сол сияқты өсімдіктердің ) сирек кездесетін түрлеріне байланысты мәселелерді шеше алмайды. Болашақта сонау 1975 жылы Қазақстан Ғылым академиясы ұсынған және келешекте қорғалатын табиғат территорияларының Бас жүйесіне енген жаңа қорықтар желісін құру жоспары іске асқан кезде ғана олардың сирек және жойылып бара жатқан түрлерді қорғаудағы рөлі бірнеше мәрте өседі. Бірақ ол кезде де қорықтар қорғау ісіне территориялық тұрғыдан қарайтын болғандықтан, екінші таксономиялық тұрғыдан шешу мәселелерін алмастыра алмайды.
Бұл тұрғыдан қараудың екінші мәні сол, ол жануарлардың (және өсімдіктердің) таралу аймағы (ареалы) адам баласының шаруашылық және басқа да атқарылатын қызметіне көп болғанда ғана, яғни оның таралу ауданы кең көлемде болып, ол жерде түрдің географиялық өзгеру процестері жүре алатын жағдайда ғана жүзеге аса алады. Бұл жағдай түрді тек қорғалатын территорияларда ғана емес, сол сияқты жалпылай пайдаланатын жерлерде де сақтаудың қажеттілігі мен маңызын көрсетеді.
60 – жылдардың ортасында, ал біздің елде 1978 жылы жарық көрген Қызыл кітап жануарлар мен өсімдіктерді қорғау жұмыстарына екінші тұрғыдан қарауға негізделген. Бұл – Қазақстанда таралу аймағының барлығында ерекше қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің қысқаша сипаттамасы берілген тізім. Республиканың жануарлар әлемінде оларды қорғаудың басты шаралары – түрдің таралу аймағының үлкен бөлігінде оның өмір – шеңділігін қамтамасыз ету.




Адам баласы ХХ – ХХІ ғасырлар аралығында негізгі қауіп –қатердің бірі – қоршаған ортаның нашарлауына тап болды. Осыған байланысты экожүйені әлемдік, аймақтық және ұлттық дәрежеде қорғау жалпы мақсатқа жетудегі негізгі міндеті болып табылады. Әлемдегі ең ірі және беделді табиғат қорғау ұйымы Халықаралық табиғат қорғау одағы ( ХТҚО, ағылшынша қысқартылған атауы – IUCN ) болып табылады, оған бірнеше мемлекеттер, сонымен қатар халықаралық және ұлттық үкіметтік емес бірлестіктер мүше болып кіреді. ХТҚО бүкіл әлемнен алты белгі мақсатқа арналған бағытта жұмыс істейтін бірнеше мыңдаған сарапшыларды біріктіреді. Олардың бірі – қорғалатын территориялар жөніндегі Әлемдік комиссия ( WCPA ), табиғи экожүйені қорғаудың теориялық және практикалық мәселелерімен айналысады, табиғи қор жағдайларына сараптау мен бағалау жүргізеді, тәуелсіз мемлекеттер үкіметіне қорғалатын табиғи территориялар жүйесін құруға ұсыныстар дайындайды.
ХТҚО онжылдықта бір рет қорғалатын территориялардың Бүкіләлемдік конгресін өткізеді, онда табиғи экожүйелерді қорғаудағы қазіргі жағдай мәселелері қаралады және келешекке жоспар жасалады. 2003 жылы Дурбан қаласында ( ЮАР ) өткен бесінші Бүкіләлемдік конгресс комиссия жұмыстарын қортындылай келе, биоәртүрлілікті қорғау және оның тұрақты дамуы үшін қорғалатын табиғи территориялар ( ҚТТ ) маңызын қайта бағалады. Оның ішінде, өткен онжылдықта табиғатты территориялдық қорғау мәселесінде ХТҚО келесідей нәтижелерге қол жеткізді:
- қорғалатын территориялар Биоәртүрлілік жөніндегі
Конвенция пікірін іске асыруда негізгі топ болып танылды;
- 1992 жылдан бері әлемдегі ҚТТ-ның жалпы саны және оның
көлемі екі еседен көп ұлғайды: қазіргі кезде, Антарктиданы қоспағанда, құрлық бетінің 12% - ынан көбі қорғалады, тек территорияның 10% - ына ғана қатаң қорғау тәртібі таралған;
- әлемдік мұраның табиғи және табиғи - мәдени нысаналар саны 101-ден 172-ге өсті, және де табиғи және мәдени қазыналарды қатар қорғау қажеттіліг одан да бетер ақиқат болып отыр.
Бұрын қорғалатын табиғи территориялардың адам баласының басқа саладағы мүдделері мен байланысы толық емес еді. Сондықтан Дурбан конгресі келешектің негізгі бастамасы қорғалатын табиғи территориялардың біртұтас жалпы жүйесін құру туралы қаулы қабылдады.
Әлемдік үлгі талабы бойынша мемлекет территориясы көлемінің 10% - ынан көбі қорғалатын табиғи территория болу керек.
Жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстан, қорғалатын табиғи территориялардың әлемдік жүйесінің дамуында маңызды рөл атқарады.
4. Пайдаланған әдебиеттер:

Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары « Алматыкітап » 2006, Құрастырушы А.А. Иващенко;
Қазақстан қызыл кітабы беттерінен –Қызыл кітап және Қазақстан қорықтары авторы биология ғылымдарының докторы, профессор А.Ф. Кошварь Алматы, ААҚ « Алматыкітап » 2004, 8-12 беттерінен;
Қазақстан қорықтары « Алматыкітап » 1996;

Жоспары

1.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

2. Негізгі бөлімі
: ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..5

2.1 ) Қазақстан қорықтары және қызыл
кітап ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 5

2.2 ) Қазақстан қорықтарына
сипаттама: ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

1. Ақсу-
Жабағылы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..7
2.
Алакөл ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

3.
Алматы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

4.
Барсакелмес ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

5. Батыс-
Алтай ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...16

6.
Қаратау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

7.
Қорғалжын ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

8.
Марқакөл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

9.
Наурызым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

10.
Үстірт ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

2.3 ) Қорықтар және табиғат қорғау
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

3.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

4. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 32

1. Кіріспе

Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан
байтақ өлке өзінің саялы да аялы қалың орман – тоғайы, оны мекендеген
сан түрлі хайуанаттары, айдын – шалқар көлі, сарқырап аққан өзен суымен
бай, көрікті. Біздің өлкеде 34 миллион гектар жыртылған құнарлы жер,
186,9 миллион гектар шыбындықтар мен жайылымдықтар, 22
миллион гектар орман, Д. И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық
элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары,
11 мың өзен, 7 мыңнан астам көлдер мен су қоймалары бар.
Сондай-ақ туған өлкеміз алуан түрлі жан – жануарларға өте бай. Осы мол
табиғат қазыналарын көздің қарашағындай сақтап, қорғауда
республикамыздағы Алматы, Ақсу – Жабағылы, Барсакелмес, Қорғалжын және
Наурызым қорықтарына қоса 1976 жылы ұйымдастырылған Марқакөл
қорығының маңызы зор. Ұлан – байтақ республикамызда келешекте де осындай
табиғи лабораториялар көбейе берсе дейміз.
Менің ойымша, республикамыздың барлық территориясының 0,3% -
ға жуық аумағын алып жатқан Қазақстан қорықтары кейбір бірен – саран
жағдайларда болмаса, жануарлардың ( сол сияқты өсімдіктердің ) сирек
кездесетін түрлеріне байланысты мәселелерді шеше алмайды. Болашақта
сонау 1975 жылы Қазақстан Ғылым академиясы ұсынған және келешекте
қорғалатын табиғат территорияларының Бас жүйесіне енген жаңа қорықтар
желісін құру жоспары іске асқан кезде ғана олардың сирек және
жойылып бара жатқан түрлерді қорғаудағы рөлі бірнеше мәрте өседі.
Бірақ ол кезде де қорықтар қорғау ісіне территориялық тұрғыдан
қарайтын болғандықтан, екінші таксономиялық тұрғыдан шешу мәселелерін
алмастыра алмайды.
Бұл тұрғыдан қараудың екінші мәні сол, ол жануарлардың
(және өсімдіктердің) таралу аймағы (ареалы) адам
баласының шаруашылық және басқа да атқарылатын қызметіне көп болғанда
ғана, яғни оның таралу ауданы кең көлемде болып, ол
жерде түрдің географиялық өзгеру процестері жүре алатын жағдайда ғана
жүзеге аса алады. Бұл жағдай түрді тек қорғалатын
территорияларда ғана емес, сол сияқты жалпылай
пайдаланатын жерлерде де сақтаудың қажеттілігі мен маңызын көрсетеді.
60 – жылдардың ортасында, ал біздің елде 1978 жылы жарық
көрген Қызыл кітап жануарлар мен өсімдіктерді қорғау жұмыстарына екінші
тұрғыдан қарауға негізделген. Бұл – Қазақстанда таралу аймағының
барлығында ерекше қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктер
түрлерінің қысқаша сипаттамасы берілген тізім. Республиканың жануарлар
әлемінде оларды қорғаудың басты шаралары – түрдің таралу аймағының
үлкен бөлігінде оның өмір – шеңділігін қамтамасыз ету.

Адам баласы ХХ – ХХІ ғасырлар аралығында негізгі қауіп
–қатердің бірі – қоршаған ортаның нашарлауына тап болды. Осыған байланысты
экожүйені әлемдік, аймақтық және ұлттық дәрежеде қорғау
жалпы мақсатқа жетудегі негізгі міндеті болып табылады. Әлемдегі ең
ірі және беделді табиғат қорғау ұйымы Халықаралық табиғат қорғау
одағы ( ХТҚО, ағылшынша қысқартылған атауы – IUCN ) болып табылады, оған
бірнеше мемлекеттер, сонымен қатар халықаралық және ұлттық
үкіметтік емес бірлестіктер мүше болып кіреді. ХТҚО бүкіл әлемнен
алты белгі мақсатқа арналған бағытта жұмыс істейтін бірнеше мыңдаған
сарапшыларды біріктіреді. Олардың бірі – қорғалатын
территориялар жөніндегі Әлемдік комиссия ( WCPA ), табиғи экожүйені
қорғаудың теориялық және практикалық мәселелерімен
айналысады, табиғи қор жағдайларына сараптау мен бағалау жүргізеді,
тәуелсіз мемлекеттер үкіметіне қорғалатын табиғи территориялар жүйесін
құруға ұсыныстар дайындайды.
ХТҚО онжылдықта бір рет қорғалатын территориялардың
Бүкіләлемдік конгресін өткізеді, онда табиғи экожүйелерді қорғаудағы
қазіргі жағдай мәселелері қаралады және келешекке жоспар жасалады. 2003
жылы Дурбан қаласында ( ЮАР ) өткен бесінші Бүкіләлемдік конгресс
комиссия жұмыстарын қортындылай келе, биоәртүрлілікті қорғау және оның
тұрақты дамуы үшін қорғалатын табиғи территориялар ( ҚТТ ) маңызын қайта
бағалады. Оның ішінде, өткен онжылдықта табиғатты территориялдық қорғау
мәселесінде ХТҚО келесідей нәтижелерге қол жеткізді:
- қорғалатын территориялар Биоәртүрлілік жөніндегі
Конвенция пікірін іске асыруда негізгі топ болып танылды;
- 1992 жылдан бері әлемдегі ҚТТ-ның жалпы саны және оның

көлемі екі еседен көп ұлғайды: қазіргі кезде, Антарктиданы қоспағанда,
құрлық бетінің 12% - ынан көбі қорғалады, тек территорияның 10% -
ына ғана қатаң қорғау тәртібі таралған;
- әлемдік мұраның табиғи және табиғи - мәдени нысаналар саны
101-ден 172-ге өсті, және де табиғи және мәдени қазыналарды қатар
қорғау қажеттіліг одан да бетер ақиқат болып отыр.
Бұрын қорғалатын табиғи территориялардың адам
баласының басқа саладағы мүдделері мен байланысы толық емес еді.
Сондықтан Дурбан конгресі келешектің негізгі бастамасы қорғалатын
табиғи территориялардың біртұтас жалпы жүйесін құру туралы қаулы
қабылдады.
Әлемдік үлгі талабы бойынша мемлекет территориясы көлемінің
10% - ынан көбі қорғалатын табиғи территория болу керек.
Жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстан,
қорғалатын табиғи территориялардың әлемдік жүйесінің дамуында маңызды рөл
атқарады.

2. Негізгі бөлімі:
2.1) Қазақстан қорықтары және қызыл кітап

Қорық сөзі өте көне ол сонау Киев Русінің тұсында аң
аулауға ең қатал әмірмен тыйым салынған жерлерді белгілеу
үшін қолданылған. Қызыл кітап термині жақында, бар жоғы 30 жыл
бұрын пайда болса да, мәселелерінің өткірлігі әрі
пәрменділігі арқасында ол Планетамыздағы биологиялық
әртүрлілікті қорғау мәселесін қарастырып, үлкен даңқа ие болды. Бұл
тақырыпқа мақалалар тасқынының легі, әсіресе бірқатар
мемлекеттер биологиялық әртүрлілік туралы Конвенцияға қол қойғаннан
кейін (Рио – де – Жанейро , 1992) екі – үш жылда өсуіне
байланысты күшейе түсті. Бұл мақалаларда осы ұғымдардың бір-біріне
пара пар еместігі жайында сәл – пәл болса да ойлар жиі-жиі көріне
бастады.
Қалай болғанда да осылай болатыны түсінікті. Бірақ бұл терминдер мазмұны
жағынан әртүрлі. Өйткені, олар биологиялық әртүрлілікті сақтауды екі –
территориялық және таксономиялық ( түрлік, түршелік
және т.б) – тұрғыдан қарастырады.
Қазақстан мен Орта Азияның басқа республикаларында
қорықтар 1926 жылдан, Оңтүстік Қазақстандағы Батыс Тянь-Шань
табиғатының үлгісі ( эталоны ) ретінде бұл өңірде бірінші болып
Ақсу – Жабағалы қорығы ұйымдастырылған жылдан ашыла бастады.
Екінші болып, Қостанай облысының тың бидайықты далаларын, ең шеткі
оңтүстіктегі қарағай ормандарын және жануарлар дүниесіне
өте бай далалық аймаққа тән бірнеше көлдерді қорғауға алған
Наурызым қорығы ( 1930 жылы құрылған ) ашылды. Одан әрі
солтүстік Тянь- Шань, оның әр түрлі белдеуімен қоса, табиғатының
эталондық учаскелерімен таныстыру мақсатымен Іле алатауы жотасының
орталық бөлігінде орналасқан. Алматы қорығы құрылды
( 1931 жылы ). Төртінші қорық – Көкшетау облысының далалары,
гранитті тас сілемдерінде өсетін қарағайлы – қайыңды ормандарымен
айдын көлдерін ( Бурабай, Шортанды, Шабақты )
қорғауға арналған Бурабай қорығы. Бұл қорық бар-жоғы 15 жыл
жұмыс істеп, 1951 жылы таратылды.
Бесінші Барсакелмес қорығы, 1939 жылдан Арал теңізіндегі
осы аттас аралда жұмыс істейді. Алтыншы қорық , Қорғалжын
қорығы 1958 жылы құрылды, негізінен Орталық
Қазақстандағы ( Ақмола облысы ) Теңгіз және Қорғалжын
көлдерінің су айдынын және оларға жақын жатқан тың
даланың аздаған учаскелерін алып жатыр.
Бұл жерлер су құстарының, соның ішінде Азияның ең терістігіне
қоқиқаздар тобы (колониясы) орналасқан нағыз қанаттылар базары.

Келесі қорық – Марқакөл, осы аттас көл мен Оңтүстік
Алтайдың таулы тайгасымен таныстыратын, 20 жылдан астам
уақыттан кейін, 1976 жылы ұйымдастырылды, ал шөлді өлкедегі
Үстірт қорығы 1984 жылы құрылған, ол үстірттің батыс тік
жарларының ең биігінде орналасқан. Батыс Алтай тайгасының
қол тимеген учаскелерін қорғау үшін осы аттас қорық 1992 жылы
ұйымдастырылды. Тентек өзенінің 12,5 мың га атырауы қорғауға
алынып, соңғы есеппен Алакөл қорығы 1998 құрылды.
Өкінішке орай, айтылған қорықтардың көпшілігі орман –
аңшылық және аңшылық-қорық деп аталатын шаруашылықтар
болып бірнеше рет қайта құрылды. Бұл кезде олардың территориялары көп
өзгеріске ұшырап, тіпті бір жерден екінші жерге ауыстырылды
( мысалы, Алматы қорығы ). Тек Ақсу – Жабағылы қорығы
ғана 75 жылдан аса батыс Тянь – Шань
табиғатының эталоны қорғау қызметін бұлжытпай орындап
келеді.
Табиғат эталоны термині – жай бейнелі сөз емес.
Ол қорықтар құрудың бастапқы негізгі
мақсатын білдіреді.
Бұл барлық табиғи комплекстерді
адам баласының қызметі
араласпаған күйінде эталандоқ учаскелер экосистемалардың даму

бағыты мен қарқыны зерттеліп, мал жайылған немесе шөп шабылған

көршілес осындай учаскелерде болып жатқан өзгерістермен салыстыру
– адам баласының шаруашылық қызметі өздері пайдаланатын табиғат

ресурстары мен барлық табиғат комплекстеріне қалай әсер етеді
екен деген сұраққа жауап беруге тиіс. Биологиялық әртүрлілікті
сақтау
міндеті маңызды болғанымен де, бұл жерде ол комплексті қорғаудан
кейін екінші орында тұрады.
Айтылғандарды мына мысал арқылы түсіндіруге болады:
Наурызым қорығы үшін өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жеке
топтарының күрделі жүйелі өзара қарым-қатынасымен қоса барлық
көп комплексін сақтау ол жерде ұялайтын сирек кездесетін түр-бұйра
бір қазанының санын көбейткеннен әлде қайда маңызды болып
табылады.
Екінші жағынан,
түрді сақтап қалу мәселесінде сол қорықта ұялайтын
40 шақты бірқазанды ғана қорғап қалу емес, оны шешуде
қорғалмайтын басқа көлдердегі олардың маңызы зор.
Наурызым көлдерінде бірқазандар санының шектен тыс көбеюі тіпті қорық
комплексіне зиян келтірген болар еді.

1. Ақсу – Жабағылы
қорығы.

Ақсу -Жабағылы – Орта Азиямен Қазақстандағы ежелгі қорық.
2006 жылы оған 80 жыл толды. Қорық құру мәселесін көтерген белгілі
гидробиолог А. Л. Бродский болатын, ол 1920 жылы бірінші рет Жабағылы
және Ақсу өзендерінің жоғарғы жағында болды. Екі жылдан кейін
осы жерді Ташкент университетінің бір топ профессорлары – Д. Н.
Кашкаров, Е. П. Коровин, М. В. Культиасов, М. Г.
Попов, Н. А. Димо зерттеулер жүргізді. Олар жердің қорық
ретінде бағалы екендігін растады. 1925 жылы мамырда Шымкент жер бөлімі
шешімі бойынша жерді қорыққа бөлу басталды, бір жылдан кейін оның
шекарасын көрсететін белгілер қойылды. 1926 жылы маусымда Қазақ
Республикасының Кеңес халық комитеті Ақсу – Жабағылы қорығының
құрылғаны жайлы арнайы қаулы (хаттама № 25 ) қабылдады, ол 1927 жылы 27
мамырда Ресей Федерациясының Кеңес халық комитеті шешімімен бекітілді.
Сонымен Ақсу – Жабағылы өз мерейтойын үш жыл қатарынан тойлауына
болады.
Қорықтың қалыптасуы және бекінуі Борис Петрович Тризна (
1867-1938 ) жұмыстарына байланысты, ол Ақсу – Жабағылы қалыптасуының ең
қиын алғашқы онжылдығында басқарды. Осы кезде маңызды
ғылыми зерттеулер жүргізілді, қызметкерлер саны мен қорық территориясы
көлемі алғашқы 30 мың га 1937 жылы 69 825 гектарға ұлғайды. Келесі
50 жыл аралығында оның көлемі мен шекарасында шамалы ғана өзгерістер
болды. Тек соңғы онжылдықта Қазақстан Республикасы Үкіметінің
шешіміне сәйкес қорыққа Ақсай, Көксай өзендерінің жоғарғы жағын және
Майдантал өзені аңғарының бір бөлігін қосты. Қазіргі кезде Ақсу –
Жабағылы қорығының көлемі 128118 га, ол Қазақстанның Өзбекстан мен
Қырғызстан шекарасы тоғысқан жерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл
облыстарында орналасқан.
Сонымен қатар қорықта екі палеонтологиялық жер бар, олар
Қаратау тауында орналасқан. Сол уақытта Шымкент мұражайының директоры
болып жұмыс істеген Б. П. Тризнаның белсенділігінің арқасында 1924 жылы
мамырда көлемі 126 га Қарабастау жері құрылды. Қарабастау Кеңес
Одағы бірінші палеонтологиялық қорық болды.
Көлемі 100 га Әулие жері тек 1973 жылы ғана қорық болып жарияланды. Осы
жерлерде қорғалатын юра дәуірінің жануарлар мен өсімдіктер қалдығы -
әлемдік ғылымның бірегей асыл қазынасы.

Ақсу – Жабағылының негізгі территориясы Талас Алатауы жотасының батыс
бөлігі мен теңіз деңгейінен 1100 – 4200 м биіктіктегі Угам

жотасының қиыр солтүстік – шығыс тарамын алып жатыр.
Мұндағы тау жыныстарының басымы – төменгі карбон мен жоғарғы девон
ізбестері. Ізбес сілемдері палеозойдағы ежелгі теңіз жануарларының
көпшілігін – трилобиттер, маржандар, бауыраяқтылар, губкаларды қатқан
күйінде сақтаған. Ежелгі тау жыныстары плиоцен мен төрттік дәуірдің
қырық құрау қоспалары мен, сонымен қатар қазіргі аллювиальды және басқа
да шығу тегі әртүрлі борпылдақ жыныстармен жабылған. Атпа жыныстар –
сиениттер мен граниттер жер бетіне жиі шығып жатады. Олардың ізбестермен
қосылысы мәрмәр түзеді. Қорықтағы тау жоталары қатты бөлінген. Олар
шығыстан батысқа бойлай созылған және бедерлері ұқсас болып келеді.
Солтүстік баурайлары әдетте жазық, кең тегіс сатылы бедерлер, тау
адырлары қар және мұздақтармен көмкерілген. Оңтүстік баурайлары – тік,
құрғақ және жартасты. Олардан жиі жіңішке үшкір жоталар кетеді, сөйтіп,
сайда күрделі иірімдер түзеді. Орталық
бөлігінде қалың мұзды жота Бұғылытөр көзге айқын түсіп тұрады. Осы
мұздықтарының ішіндегі ең ірісінің көлемі шамамен 1 шаршы шақырым.
Қорықтың басқа мұздықтары ( олар 50-ден астам ) оның мөлшерінен
аспайды.
Қорықтаң негізгі өзендері – Жабағылы, Ақсу,
Балдабірек, Бала – Балдабірек , олар батысқа қарай ағады.
Оларға су, қар, мұз және бұлақтардан келеді. Өзен аңғарларының көпшілігі
таудан шығар жерінде арна түрінде болады. Әсірісе Ақсу өзені арнасы
ерекше көрінеді, оның тереңдігі 400 метр, 20 км-ден артыққа созылады.
Ақсу –Жабағылының бірегей табиғи нысаналары мен көптеген көркем
ландшафтары есте қаларлықтай. Бұл – Көкүйірім мен Жасыл керемет сұлу
тау көлдері, Ақсу –Жабағылы, Шүнгүлдік және Бұғылытөр жарқыраған
құлама мұздары, Балдабірек өзені аңғарындағы жіңішке құзды қақпалар
Дарбаза, Майдантал өзендері ( көлдері ) сәулетті
аңғарлары...
Маржан сайындағы сұр жартастардың жұмбақ сілемдері дерлік түгел 250
милион жыл бұрын палеозой дәуірінде осы территорияны алып жатқан үлкен
теңіз мекендеушілері ежелгі жануарлардың (маржандар, губкалар, малюскалар)
тасқа айналған қалдықтарынан тұрады.
Бұл жерде біздің ата – бабаларымыз да өз іздерін қалдырды.
Қара шөгінді тау мен жарқырыған ромб тәрізді қар мұздығынан
тұратын, үлкен амфитеатрмен қоршалған, әсем де қатаң жерде
Қасқабұлақ сайы шұңқырында атақты тас галереясы бар.
Қара темірлі – магенецті қабықпен қапталған жалпақ
тастар бетінде үшкір қару ұшымен салынған ежелгі адамдар суреттері
жақсы көрінеді. Мұнда екі мыңнан астам суреттер бар. Тас көркем
суретінің таңғаларлық жазуларының орындалу мәнері мен алуан түрлі
сюжеттері қайран қалдырады. Көбіне жабайы аңдар – ешкі, арқар, марал
суреттері

кездеседі. Жиі салт адамның атта немесе түйеде отырғаны, садағы
мен найзасы бар аңшы, күресу, билеу, әртүрлі салт жораларын жасау
және тіпті дарға асу суреттері көрсетіледі.
Осы суреттердің жасы жайлы әлі күнге дейін бір пікірге келмей жатыр.
Зерттеушілердің көбі оларды сақ кезеңіне, яғни біздің дәуірімізге
дейінгі V – IV ғасырға жатқызады. Басқалары Қасқабұлақтағы сурет
галереясы тас дәуірінен бастап, біздің дәуіріміздің орт а ғасырларына
дейінгі көптеген ұрпақтардың қолымен жасалған деп есептеледі.
Қорық ауа райы континентальды, ылғалдылық жыл маусымы
бойынша біркелкі түседі. Жалпы түсетін жауын – шашынның ( таудың орта
белдеуінде 950 мм) 30 %-ы қыста, 40 % -ы күзде және небары
10 % -ы жазда т үседі. Ауаның жылдық орташа температурасы
+ 5,6 0С, ең суық айда ( қаңтарда ) – орташа – 5,4 0С, ең ыстық айда (
шілдеде ) + 17,20С. Құрғақшылық кезеңнің орташа
ұзақтығы – 70 күн, аязсыз – 142 күн, қар жабыны бар
кезең – 160 күн.
Ақсу – Жабағылының биологиялық алуантүрлілігінің ғажайып
әлемі ежелден әртүрлі мамандықтағы ғалымдардың назарын өзіне
еліктірген болатын. Бұл қорық ғылыми зерттеулердің ұзақтығы мен
нәтижелігі жағынан тек Қазақстанда ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағының
барлық қорықтарының ішінде алдынғы орынға ие. Мыңға жуық ғылыми және
ғылыми - көпшілік мақалалар, сонымен қатар Еңбектер
8 рет шығарылды, ондаған кітаптар мен моногрфиялар, әсерлі көркем
фотоальбомдар, буклеттер және 4 ғылыми – көпшілік кинофильм бүкіл
әлемге таралды. Соңғы жылдары Батыс Тянь –Шань биоәртүрлілігін қорғау
жөніндегі Халықаралық жабаның іске асуы нәтижесінде, Ақсу-Жабағылы өзенінің
территориясын еңейтіп, материялдық – техникалық базасын бекітіп қана
қойған жоқ, бүкіл әлемдік экологиялық саяхатшылар мен ғылымдар арасында
танымалдылығын одан да бетер арттырады.

2. Алакөл
қорығы

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы Тентек өзені атырауындағы
жануарлар мен өсімдіктер әлемі, табиғи бірлестіктерді, сонымен қатар Алакөл
көлі аралдарындағы Мойнақ шағаланың бірегей популяциясын және басқа
топтас құстарды қорғау мақсатында 1998 жылы 21 сәуірде Қазақстан
Республикасы Үкіметі қаулысымен құрылды. Ол Алматы облысы Алакөл а
уданы мен шығыс – Қазақстан облысының Ұржар ауданында орналасқан.
Қорықтың алғашқы көлемі 12520 гектар болатын, сонан кейін
2743 гектарға кеңейтілді. Қазіргі уақытта оған Тентек өзені атырауы
( 17423 га ) мен Алакөл көлі аралдары ( 3320га) кіреді. Бірінші бөлімшше
айналасында көлемі 21547 га екі шақырымдық қорғау аймағы құрылған.
Қорғалатын аралдар Үлкен Аралтөбе, Орта және Кішкене Аралтөбе
айналасында да көлемі 5130 га екі шақырымдық аралық аймақ белгіленген,
мұның ішінде аң ,балық аулауға, қайықтар, кішкене кеме мен басқа да
жүзетін заттар т ұрағына тыйм салынады.
Алакөл – Сасықкөл көлдер жүйесі Қазақстанның оңтүстік-шығыс
бөлігіндегі Тарбағатай мен Жоңғар Алатауы тау жүйелері арасындағы
шөлді ойпатты алып жатыр. Ойпат ортасында ірі көл жүйелері –
Сасықкөл, Қошқаркөл, Ұялы, Алакөл, Жалаңашкөл орналасқан.
Қазіргі ландшафтар мұздық дәуірден кейінгі ксеротермиялық
кезеңде пайда болған. Көл бедері сатылы ойпаң жер жазықтығы түрінде,
ол ежелгі теңіз және тұзданған көл шөгінділерінен қалыптасқан, көлді сор
топырақты, шалғынды – батпақты және сор шалғын топырағы басым
10-25 шақырым жолақ жиектейді. Алакөл шұңқырында топырақтың шөлді
түрі басым. Өзендер мен көлдердің жайылма сатылы жағаларында шалғанды-
тоғай өсімдіктері астында аллювиальды – шалғын топырағы,
ал батпақ пен көлдің төменгі жағалауларында қияқ – қамысты
құрамысында – шалғынды-батпақты топырағы кездеседі. Бұйырғын – Көкпекті
өсімдіктері таралған жерлерде тақырлар мен тақыр тәрізді топырақтар
кездеседі. Эфемерлі – жусанды өсімдіктер астында шалғындық – сұр
топырақ кең таралған, бұл сұр топырақты жерлерге тән. Алакөл шұңқырының
биіктеу жерлерінде корбонаты аз сұр топырақтар дамыған.
Аймақ ауа райы қатаң континентальды – жазы құрғақ және
салыстырмалы суық, қары аз және желді.
Ауаның жылдық орташа температурасы 6, 2 – 7, 20С аралығында ауытқиды, ең
жоғарғы + 420С және ең төменгі – 460С. Қаңтардағы орташа айлық
температурасы – 14,00С, шілдеде +24,10С.Жауын-шашынның жылдық орташа
мөлшері 146мм.-ден ( ст. Достық ) 279 мм.-ге дейін (ст. Үшарал ).

Жазықтықтағы фенологиялық мерзімұзақтығы келесідей: көктем: 25 наурыз – 5
мамыр (52күн), жаз: 16 мамыр – 30 қыркүйек (138 күн); күз: 1 қазан – 15
қараша ( 45күн ) ; қыс: 16 қараша – 24 наурыз (130 күн). Орташа
температурасы 00С-тан жоғары жылы кезең ұзақтығы 8 - 8,5 ай. Қазанның
соңы мен қарашаның басында алғашқы қар түседі. Көл маңы жазықтығында қар
жабыны қарашаның екінші жартысында қалыптасады, ал наурыздың соңы
мен сәуірдің басында қар еріп кетеді.
Алакөл ойпаты – Қазақстандағы ең желді жердің бірі. Жоңғар
қақпасы арқылы (Жоңғар Алатауы мен Барлық жоталары арасындағы жіңішке тау
асуы ) екі қарама – қарсы бағытта жыл бойы кезектесіп соғатын
жергілікті жел едәуір тән.
Алакөл қорығының алғашқы құрылған жылдары өсімдік пен
жануарлар әлемін зерттеуде үлкен жұмыс жүргізілді. Омыртқалы жануалар
фаунасы едәуір толық зерттелді. Омыртқасыз жануарлардың негізгі
топтардың зерттеу жұмыстары басталды. Фенологиялық және
гидробиологиялық бақылаулар жүргізіліп жатыр. Флора мен фауна
зерттеулерінің бірінші кезеңінің маңызды қорытындысы 2004 жылы жарыққа
шыққан Алакөл қорығының ғылыми еңбегінің бірінші томы болып табылды.
Қазіргі кезде қорғалатын территория көлемін кеңейту жөнінде
белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2004 жылдан бастап Қазақстан
Республикасы Үкіметі мен Қазақстандағы БҰҰ өкілдігінің ұзақ уақытқа
созылған суда жүзетін ұшып өтуші құстардың тіршілік ортасы ретінде жалпы
маңызды сулы – батпақты жерлерді кешенді қорғау атты жобасы іске асырыла
бастады.

3. Алматы
қорығы

Алматы қорығының тарихы тереңде жатыр. Ол 1931 жылдың
15 мамырында көлемі 15000 га Кіші Алматы қорығы деп
құрылды. 1935 жылы көлемі 40000 га, ал сонан соң 856680 га
–ға кеңейіп, Алматы қорығы деп аталды, Кіші Алматы су алабы ғана
емес, Жалаңаш және Сөгеті аңғарлары шектес таулары мен қорық құрамына
кірді. Дегенмен 1939 жылы қорық территориясының жекеленген бөлімдері
әртүрлі ұйымдарға берілді, ал 1951 жылы қорық жабылды.
Тек 1961 жылы 31 шілдеде Қазақ СРО Министрлер Кеңесі
№ 524 қаулысымен, бірақ енді Шелек, Табанқарағай және
Таушелек ормандары орнына қорықты қайта құрды. Үш жылдан кейін,
1964 жылы, Есік пен Талғар өзендері су алабына, яғни
жаңа территорияға көшірді. Қазіргі кезде қорық көлемі 71700га.
Орталық мекені Алматы қаласынан 25 шақырым жердегі Талғар қаласында
орналасқан.
Қорықтың негізгі мақсаты – Іле Алатауының орталық
бөлігіндегі табиғи бірлестіктерді, яғни жануарлар мен
өсімдіктер әлемі нысаналарын сақтау, сонымен қатар осы
бірлестіктердің табиғи даму заңдылықтарын зерттеу.
Іле Алатау жотасы – қорықтың орналасқан жері, ол Тянь-
Шань тау жүйесінің солтүстігінде жатыр. Ол өзінің орталық бөлігінде
Талғар тау түйінін түзеді, мұнда жоғарғы биікке жетеді ( Талғар шыңы
теңіз деңгейінен 4979 метр биік ). Қорғалатын т ерриториядағы Іле
Алатауы негізгі сілемдерінен бірнеше үлкен тармақтарға бөлінеді, олар
өзен су айрықтары болып табылады. Ең суы көп өзендер – Оңтүстік -
Шығыс, Сол, Орта және Оң Талғарлар, сонымен қатар Есік пен
Оңтүстік Есік. Ені ( 5-тен 10метрге дейін) және тереңдігі салыстырмалы
таяз ( 1 метрге дейін ) болғанда, олардың қатты ағысы өте жоғары
биіктен келуіне байланысты. Су қуатының күштілігі сонша, тұтас
жартастарды мүжейді, бөлшектейді және құмға дейін ұсақтады. Өршіленген
су төмен қарай гүрілдей зымырап, жолындағы үлкен домолақ тастарды өзімен
бірге ілестіре әкетеді, ал кейде битонды инженерлік құрылыстарды да
алып кетеді. Қорық құрылғанға дейін тау шалғындарында мал жайылған,
жабайы тұяқтылар, жартқыштар мен құстар ауланған, ал шыршалы
ормандардан ағаштар дайындалған болатын. Алматы қаласы мен тау маңы
елді мекендердегі үйлердің көбі Шренк шыршасынан салынған болатын.
Осының бәрі табиғи бірлестіктердің көп өзгеруіне әкеліп соқтырды.
Қорық құру нәтижесінде табиғи бірлестіктер қалпына келе бастады.
Сонымен, қорғалатын территорияда мал таптаған баурайлардың өсімдік
жабыны қалпына келіп, шыршалар жаңара бастады, жануарлардың табиғи
саны реттелуге жақын болды.

Қорық территориясының ауа райы қоңыржай және тағы да тік
белдеулік заңына бағынышты. 3000 метр биіктікте ауаның жылдық орташа
температурасы 8,9 0С-тан тау етегінде 1,5 0С-қа дейін төмендейді. Тау
етегіндегі сақын кезең ұзақтығы 4 ай, 3000 м биіктікте 7 айдан
ұзаққа созылады. Қыс кезінде күндізгі радиациялық жыладамдықтардың жиі
болып тұруы тән. Тау етегінде қыстан көктемге өту уақыты – наурыздың
б ірінші 10 күндігі. Биіктікте бұл кезең мамырға дейін созылады.
Маңызды ауа райы факторы жаутын жауын-шашын саны болып табылады.
Жаун – шашынның ең көп түсетін жері – 1500-ден 2300 метр
биіктіктегі таудың орта бөлігі.
Қорықта 70 жылдан астам зоологтар, географтар,
геологтар, топырақтанушылар, ботаниктер және басқа да ғылыми зерттеу
орындарының мамандары зерттеулер жүргізіп келеді. Осы зерттеулер
нәтижелері кітаптар мен журналдарда жарық көріп, отндық ғылым
жетістіктері болып отыр.

4. Барсакелмес
қорығы

Барсакелмес қорығы тарихы 1929 жылы ұйымдастырылған
Бағалы аң терілері Одағының аңшылық шарушылығынан басталды. Аралға
зорманнан басқа қарақұйрық, ақбөкен, орқоян, сұр шіл, сырдария
қырғауылы әкелінді. 1939 жылы осы шаруашылық негізінде қорық құрылды.
Ашылғанға дейін мұнда ақбөкеннің 50-60 басы болды. 1953 жылы қорыққа
Батхысдан ( Түркімения ) құландар әкелінді. Тұяқты жануарлар саны
жылдан жылға ауа райы жағдайына, қыс өтуіне, қоректеріне
байланыста қатты өзгеріп отырды. Әсіресе, 1929
жылы Қарақалпақстаннан әкелінген тоғыз бас қарақұйрық саны ауытқыды.
1948 жылы олардың саны 2000 мыңға жетті. 1948 – 1949 жылдардың қатаң
қысы қарақұйрықтың жаппай қырылуына әкелді, нәтижесінде алпыс бас
қана қалды. Бұл жердің жағдайларына едәуір бейім ақбөкен болды , кей
жылдары олардың саны үш мыңға жетті, ал қолайсыз
жылдары 3-5 есе төмендеді. 1 983 жылы санақ мәліметтері бойынша аралда
230 ақбөкен, 160 қарақұйрық , 242 құлан мекендеді. Тұщы судың
жетіспеушілігіне және теңіз суы тұзының а ртуына байланысты аралдан
құланды біртіндеп әкету шешімі қабылданған болатын. 1990 жылдың
соңында Арал құрлыққа қосылды. Қалған жануалар жағалауда ішетін су
көзін іздеп қоныс аударды. Аралдың түбекке айналуы және бұрынғы
Қасқақұлан аралы аймағындағы құландардың тіршілік ортасы шағын
болғандықтан қорықты кеңейту мәселесі туды. Бұл кеңейтудің жобасы
2005 жылы аяқталды. Қорық территориясы қазіргі кезде екі бөлімнен –
Барсакелмес және Қасқақұланнан тұрады.
Барсакелмес бөлімі бұрынғы қорық территориясынан (
16975га –ға ) және құрғаған жермен кеңейіп, жалпы көлемі 50884 га
болды, Оның 37725 гектары қорық орталығы, ал 13159 га аралық аймақ.
Қасқақұлан бөлімінің икөлемі 109942 га, оның 68154 гектары
қорық орталығы, аралы аймағы – 41788 га.

Сонымен, қорықтың қорғалатын территориясының жалпы көлемі
105879 га, ал аралық аймағы – 54947 га. Қорықтың әкімшілік мекен-жайы
Қызылорда облысының Арал ауданы, Арал қаласынан оңтүстік-батысқа 1300
шақырым және Қазалы қаласынан батысқа 210 шақырым жерде орналасқан.
Аралдың негізгі жағалауының топырағы сұр-қоңыр, бұл
сонымен қатар тақырлар мен сортаң жерлерде де жиі.
Бұрынғы Аралдың солтүстік, оңтүстік және батыс жағалауларында құмды
топырақтар кездеседі.
Құрғаған жолақтарда теңіз маңы сор топырақтары қалыптасады.

Қорық ауа райы кәдімгі солтүстік кәдімгі солтүстік
шөліндегідей: ұзаққа созылған ыстық жазы, салыстырмалы суық
қысы, бұлттануы шамалы, жауын-шашын мөлшері аз, жылына 128 мм
шамасында, жылдың салқын кезінде көп түседі. Ауаның орташа
температурасы шілдеде +260С, ең жоғары температура +440С-қа жетеді.
Қаңтардың орташа тепературасы -130С, ең төменгі температура -360С. Салқын
ауаның жиі келуіне байланысты кейде өте қатты қыс болады. Солтүстік –
шығыс бағыттан соғатын желдің орташа жылдамдығы
3,5- 6 мсек, ең ж оғарғы жылдамдық 20-24 мсек жетеді. Қар жабыны
желтоқсанның екінші жартысында тұрақталып, наурыздың екінші жартысында
ериді. Көбіне қар жабыны тұрақсыз болады, қатты жел үрлеп кетеді.
Топырақтың қату тереңдігі 4 5 см, толық еруі наурыздың соңында жүреді.
Қорық территориясының кеңеюі, Қазақстан және басқа да
мемлекет ғылымдарының бірлескен ғылыми жұмыстарының жаңаруы
Барсакелмес қорығына жаңа міндеттемелер белгілеп берді. Кіші теңізге
құйатын Сырдарияның жаңа атырауы – Дельта бөлімін қосу мәселесін
шешу қажет болып отыр. Сырдария өзені ағысын реттеу және Солтүстік
Арал теңізін сақтау жобасы біткенде, кең су батпақ
жерлерін қалыптастыру жағдайлар ж асалады. Олар – балықтардың уылдырық
шашатын және суда жүзетін құстардың тіршілік ортасы. Сонымен қатар
сирек өсімдіктері бар шалғынды- тоғайлы экожүйе ретінде бағалы.

5. Батыс Алтай
қорығы

Батыс Алтай мемелекеттік қорығы Қазақстан Алтайы тау
жүйесіндегі биогеоценозды кешенді қорғау мақсатында 1992 жылдың
3 шілдесіндегі № 1519 – ХІІ Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесі Қаулысымен құрылды. Оның көлемі 56078 га, ол Шығыс Қазақстан
облысының солтүстік – шығыс ш екарасында, екі ә кімшілік аудан
жерінде – Риддер ( бұрынғы Лениногорск ) және Зырянда орналасқан.
Негізгі тау жоталары: Линей, Коксин, Иван және Ульба,
өте биік емес және бедері бүлінген сипатта. Тектоникалық
пішіндерін қазіргі орографияның едәуір ірі көріністері
анықтайды. Күрделі геологиялық тарихының басталар көзі өте алыста
жатыр. Кембрийге дейін және төменгі полеозойда тиктоникалық
қозғалыстар нәтижесінде герцен уақытында қатпарлы тау тізбегінде
қалыптасқан болатын, сол кезде қатпарлы тау тізбегінің негізі
қаланған еді. Бедердің мұздық пішіндерінің Алтайдың бар территориясы
үшін жан-жақты маңызы жоқ, бірақ бірқатар аудандарда жоғарғы беткі
құрылысының ерекшелігін анықтайды. Бедердің сұлу –эрозиялы түрлері
барлық жерге таралған, әсіресе орта тау аудандарында жақсы дамыған.
Еней белкасының гранитті қалдықтары – бірігей түзілістер, бұлар өткен
ғасырлардың ерекше геологиялық ерекшеліктерінің бірі. Қорық территориясы
құрылысына перм және девон кезеңдерінің атылып шыққан тау
жыныстары, сонымен қатар ең жас төрттік дәуір түзілістері қатысады.
Тауда Сидяшиха, Линейчиха, Каминушка, Палевая арналары бар
Қара және Ақ уба өзендерінен тұратын және жақсы дамыған. Осы
өзендердің қайнар көзінде қар дәуірінде пайда болған ұсақ биік таулы
көл жиынтықтары бар. Ең ірі көлдер – Кедр және Щербаков. Олар орман және
альпі аймақтары шекарында орналасқан. Ондағы ұсақ жылғалар жоғарыда
батпақ түзеді, оның ішінде Батыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның табиғи қорықтары
Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын аумақтар
Қазақстан аумағындағы қорықтар
Азияның қорықтары на физикалық географиялық сипаттама
Оқушылардың әлеуметтік және туристік таңдауы
Әлеуметтік инфрақұрылым салалары
Табиғи қорықтар
Күн энергия қорлары туралы
Қазақстанда жаңа қорықтар ұйымдастыру
Қазақстан қорықтары және қызыл кітап
Пәндер