Қазақстан бүгінде әлеуметтік - экономикалық жаңару


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Қазақстан бүгінде әлеуметтік - экономикалық жаңару
- Әлемде орын алып отырған қаржы нарығындағы дағдарысы
- Әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан бүгінде әлеуметтік - экономикалық жаңару
Қазақстан бүгінде әлеуметтік - экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңінде. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері, мемлекетіміз әлеуметтік бағытқа үлкен мән беріп келеді, себебі біз нарықтық әлеуметтік бағытты таңдадық. Бірақ елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат, әрине мемлекеттің қаржылық мүмкіндігіне, экономикалық дамуға байланысты. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты сол елдің бастан кешіріп отырған экономикалық даму кезеңінен, сол мемлекеттің ұстанып отырған экономикалық саясатынан және тағы да басқа факторлардан тәуелді болады. Соңғы жылдардағы экономикамыздың қарқында өсуі, ЖІӨ еселеп жоғарлауы әлеуметтік салаға құйылатын қаржының көлемін ұлғайтты. Бұның бәрі түптеп келгенде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекетіміздің сындарлы саясатына байланысты.
Әлеуметтік-саяси шаралардың мақсаты нарықтық еркіндік принципінің әлеуметтік өтеу принципімен және әр адамның лайықты өмір сүруге ажырамас құқығының үйлесімімен қамтамасыз етілуі қажет, ал бұл міндеттерді шешуге және халықтың әлеуметтік әлсіз қабатына адамға лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралардың жиынтығы оның әлеуметтік саясатын анықтайды.
Қазақстан Республикасы үшін, Қазақстан халқының әрбір азаматтары үшін алдағы даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасының маңызы, мәні өте терең. Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, ел экономикасының өсуі, еліміздің қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы - деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында болашақта жүзеге асырылуға тиіс ұзақ мерзімді «7» басымдылық аталды. «Біздің елімізбен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруы қажет» деп ерекше атап кетті. «Қазақстан - 2030» - дан кейін қамтылған мәселелері мен қабылданған шешімдерінің және жоспарлау мерзімінің ұзақтығы жағынан үлкен екінші құжат - ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары». Бұл құжатта Қазақстанның 2010 жылға дейінгі даму моделі анықталды. Оның мақсаты - ұзақ мерзімді тұрғыда бәсекеге қабілетті экономиканың негізін қалау делінді. Экономика саласындағы даму моделінде:
халықтың тұрмыс - тіршілігін жақсарту;
кедейшілікті жою;
халықты жұмыспен қамтамасыз ету;
мемлекетті экономикалық өрлеу «локомотивіне» айналдыру;
мемлекеттің қатысуымен жүйе түзетін ірі компанияларды құру және оларды аймақтық және мүмкіншілігінше, әлемдік деңгейге шығару;
ТМД аймағындағы экономикалық өктемдікке қол жеткізу көзделген.
Елбасының Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдаулары осы маңызды құжаттардың логикалық жалғасы болып табылады, Жолдаулардың барлығы да әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мен ел халқының өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған. Сонымен қатар, елдің болашақ дамуында өзіндік орны бар бұл Жолдауларда қоғамның әлеуметтік жаңғыруындағы өмір сапасының стандарттары мен адам капиталының сапасын арттыруға ерекше мән берілуі кездейсоқ емес. Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына көрінуді міндеттей отырып, елдің ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің бір өлшемі - халықтың әлеуметтік жағдайының жоғары көрсеткіші, тіршілік ету деңгейінің жоғары болуы деп қарастырып, әлеуметтік қоғам құру стратегиясын айқындап отыр. Әлеуметттік тұрақтылық - мемлекетіміздің үздіксіз дамуының, қоғамның алаңсыз өсіп өркендеуінің маңызды кепілі. Сонымен, республикамыздың қазіргі кезеңдегі әлеуметтік саясатының ерекшеліктерін атағанда, мемлекеттік бюджет кірістерінің жоғарылауы елдегі ірі әлеуметтік бағдарламаларды өз деңгейінде іске асыруға мүмкіндік беретіні. Бұл бағдарламада ауылды дамыту, ауылды өркендету, тұрғындарды жұмыспен қамту, кедейлікпен күрес, тұрғын үй құрылысын дамыту сияқты мәселелер қаралған.
Әлемде орын алып отырған қаржы нарығындағы дағдарысы
Әлемде орын алып отырған қаржы нарығындағы дағдарысқа қарамай, біршама даму бағдарламаларды қаржыландыру тоқтатылса да, әлеуметтік бағдарламалардың ешбір кедергісіз жүзеге асырылатынын Елбасыныңың өзі міндеттеуі - әлеуметтік саясат басты бағыт екенін көрсетеді. Еліміз әлеуметтік саясаттың қалыптасуы мен дамуында, әлеуметтік саясаттың заңнамалық негізін, негізгі бағыттарын жасап алды. Негізгі білім, денсаулық, демографиялық жағдай, халықты әлеуметтік қорғау мен қамсыздандыруға, зейнетақы төлеу, халықты жұмыспен қамту саясаты болып келеді.
Әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік
Сонымен әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жұмсартуға, әр адамның лайықты өмір сүруге деген құқығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Бұл саясатты жүргізу және әр адамның осы ажырамас құқығының орындалуы үшін жауапкершілік мемлекетке жүктеледі, бұл мақсаттарда ол сәйкесінше табыстар қайта бөлінуін ұйымдастырады, еңбек нарығы мен еңбек қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелерін қалыптастырады және дамытады, осының барлығы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын құрайды.
Әлемдегі рыноктық шаруашылықтың идеологы Людвиг Эрхард әлеуметтік саладағы жеке бастамаларды ғана ынталандыру қажеттігін айтады. Әрине, дейді ол, мемлекет қарттар мен мүгедектерге көмектесуі керек. Бірақ еркін экономикалық және қоғамдық құрылыста тәуелсіз өмір сүру үшін адамның өзі өмірдің қиындығын жеңуге дайын болуы қажет. Әрбір адам: "Сен, мемлекет, маған көмек бер, мені қорға, маған көмектес” деп емес, "Мен өзімді қорғауға күшім жетеді, өз тағдырымды жасау үшін мен өзім тәуекелге баруым керек. Ал, сен, мемлекет, менің солай істеуіме жағдай жаса”деуі керек, дейді ол.
Осы орайда, "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Жолдауында Елбасының әлеуметтік саясат саласында "халыққа балық емес, балықты ұстайтын қармақ беру керек” деген қағидатқа негізделген үлгіні ұсынуы кездейсоқтық емес. "Әлеуметтік қолдау жүйесін нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес бағыттау керек”, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осыған орай Елбасы мемлекеттің қоғамымыздағы қолдауға зәру топтарға ғана көмектесу міндетін толық өз мойнына алатынын баса айтты. Басқа жағдайда әлеуметтік көмек беру саясаты "әлеуметтік топтардың қажеттіліктерімен” емес, жұмыс істейтіндердің қатарына енетін кәсіби қабілетті азаматтарды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz