ҚАЗАҚТЫ КҮЛЛІ ӘЛЕМГЕ ТАНЫСТЫРУ ҚОҢЫРДЫҢ МАҚСАТЫ ЕДІ


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚТЫ КҮЛЛІ ӘЛЕМГЕ ТАНЫСТЫРУ ҚОҢЫРДЫҢ МАҚСАТЫ ЕДІ

Түрколог ғалым Иштван Қоңыр Мандокидің жары Айша Мақсұмқызымен сұхбат

Қоңыр есімі - қос халыққа ортақ есім. Иштван Қоңыр Мандоки барлық саналы ғұмырын қазақ пен мажар елінің бір тамырдан өрбіп шыққан, туыс жұрттар екендігін дәлелдеуге арнаған ғалым. Ол өзінің көптеген еңбектерінде түркі халықтарының салт-дәстүрін, мәдениетін, ұлттық ділін бажайлай қарастыру арқылы тың жаңалықтарға қол жеткізді. Қоңыр ағамыздың түркология саласына сіңірген зор еңбегінің арқасында Еуропада қыпшақ ағайындардың басқалармен терезесі тең тұрмыс кешіп отырғанын білдік. Мандокидің ғылымға қосқан сүбелі үлесі Венгрияда да жоғары бағаланады. Будапешт төрінде оның есімін иеленген үлкен университет орналасқан. Жақында Түркістан қаласына Қоңыр ағамыздың жары - Айша Мақсұмқызы мен Иштван Қоңыр Мандоки атындағы университеттің бір топ студенттері келіп кетті. Қазақы дәстүрді қатты ұстайтын Айша апайымыздан Әзірет Сұлтан кесенесіне зиярат жасау барысында сұхбат алудың сәті түсті.

- Ең алдымен, бүкіл түркі жұртына ортақ қасиетті Түркістан шаһарына жасаған сапарларыңызға сәттілік тілеймін. Және Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қылған зияраттарыңыз қабыл болсын. Көңілге түйген ойларыңызбен, алған әсерлеріңізбен бөлісе кетсеңіз.

- Рахмет. Біздің Мажарстаннан ат арытып Қазақстанға келіп, Әулие Бабаларымыз жатқан киелі өңірге зиярат етуіміздің өзіндік бір үлкен себебі бар. Иштван Қоңыр Мандоки деген атақты ғалым, профессор кезінде Еуропадан қазақ еліне қарай жол тартып, осы топырақтың бабаларының атамекені екенін алғаш анықтаған. Дунай өзенінің жағалауында орналасқан Мажарстанға қыпшақтардың жеті ғасырдан астам уақыт бұрын қоныс аударғанын дәлелдеген. Қоңыр үлкен жүректі ұлтшыл азамат болатын. Арғы тегінің қазақтардан тарайтынын жақсы білетін және оны бас қосқан жерлерінде үнемі жария етуден жалықпайтын. Әлбетте, Еуропаның қазанында қайнап, солармен аралас-құралас болып кетсе де, қыпшақтар өздерінің кім екендіктерін ұмытпайды, арғы ата-тектерін естеріне алып жүреді. Ат жалын тартып мінер азамат болған сәтінен бастап, Қоңырдың да бар аңсары Қазақстанға ауған да тұрған. Ақыры, тәуекелге бел буып, бауырларының арасына келіп, туған-туысқандарымен қауышқан. Ол ғұмырының көп уақытын туып-өскен жері Мажарстанда емес, байырғы бабаларының топырағында өткізді.

Бала кезінде әке-шешесі Қоңырдың құлағына мына сөздерді құйып отырады екен: «Сендер қыпшақсыңдар, сендердің атамекендерің - қазақ жері, осы жерде сендердің бауырларың өмір кешіп жатыр. Біз қазір Еуропаға араласып, тілімізді де, салтымызды да ұмыттық, бірақ жүрегіміздің түбінде үлкен арман жатыр. Егер мүмкіншілік болса, балам, ата-бабаларыңның табаны тиген сол өңірді тап» деп аманат артқан. Ғылым Академиясындағы әріптестерінің көмегімен оған Қазақстанға келуге жол ашылды. Содан кейін қажымай іздеп жүріп, өзінің руластарын тауып, әрі қарай зерттеу жұмыстарына бел шеше кірісті. Қазақстан мен Венгрия арасында достық қатынасты, мәдени-ғылыми байланыстарды орнатуға көп күш салды. Сол мақсатта жүріп, үлкен-үлкен тұлғалармен танысты. Мәселен, Өзбекәлі Жәнібеков Қоңырдың жан бауырындай болып кеткен кісі еді. Венгрияда Қоңырдың атында «Лакителек» деп аталатын ғылым ордасы бой көтерген. Университеттің ректоры Лежав Шандор деген саясаттанушы ғалым. Қазіргі кезде Парламент спикерінің орынбасары қызметін қоса атқарады. Соның қолдауымен екі ел арасындағы достық байланыс қайта жалғасты. Бүгінгі таңда Қазақстанмен байланыс орнату Венгрия үшін де мәдени, саяси және әлеуметтік-экономикалық жағынан ең маңызды іске айналып отыр. Қоңырдың атын иеленген университетте өзім де студенттерге сабақ беремін. Яғни жоғарыдағы сауалыңыздың жауабын түйіндейтін болсам, студенттерді алып, Қазақстанға, Түркістанға келуіміздің себебі қаншама ғасырлар бойы үзіліп қалған туыстық, қандық қатынасымызды қайтадан жаңарту. Қоңыр тұрғызған, Қоңыр көтеріп кеткен алтын көпірді болашақ ұрпақтың кәдесіне жаратып, әрі қарай оның үстінен даңғыл жолдың өтуін қалаймыз. Біз келіп жатырмыз, енді Қазақстаннан Мажарстанға баратын қазақ жастарын күтеміз.

Мен бір нәрсе айта кетейін. Әрбір шетелден келетін қонақ Түркістанға келіп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуі тиіс. Неліктен? Себебі бұл жер - күллі түркі халықтарының ең киелі мекені. Мен Әзірет Сұлтан бабамыз туралы Қоңырдан, Өзбекәлі Жәнібековтен көптеген тағылымды әңгімелер тыңдадым. Оны қорық мұражайға айналдырудағы Өзбекәлі ағамыздың ерлігін білемін. Сіздерге қатты риза болатыным, ағамыздың еңбегін ұмытпай, кесененің арнайы бір бөлмесіне ағаның көрмесін әзірлепсіздер. Суреттерге қарап, Өзбекәлі ағаны қайта көргендей қатты толқып тұрмын. Бұл көрменің көрушілері көп болғай деп тілеймін.

- Иштван Қоңыр Мандоки өз елінің арғы мәдениетін, салт-дәстүрін зерделеу мақсатын ту етіп, сол жолда еңбек етсе, кеңес өкіметі билік құрған тұста Қазақстанда да Өзбекәлі Жәнібеков те қазақ халқының тілін, ділін сақтап қалу жолында жан аямай күресті. Біздің естуімізше, Өзбекәлі ағамыз Мажарстанға барған сапарларында сіздің үйге қонып кетіп, қолыңыздан дәм татқан екен. Сол жөнінде әңгімелеп берсеңіз.

- Кеше біз Арыстанбаб бабамыздың басына жасаған зияратымызда Өзбекәлі ағамыздың кесенесін да арнайы барып көрдік. Мандоки атындағы университеттің студенттері ол кісінің рухына бастарын ие тұрып, тағзым етті. Қазақ мәдениетінің жанашыры болған ағаға өзіміздің шынайы құрметімізді білдірдік. Негізі Өзбекәлі ағамыз Қоңыр Мандокимен өте тату дос болған. Қазақстан енді егемендігін алып жатқан алғашқы жылдары Қоңыр екеуміз бір шаңырақ астында бас қостық. Ол кезде заманның қиындау кезі ғой, сол уақытта Өзбекәлі ағамыздың көп жәрдемі тиіп еді. Бізді кітаптармен, қазақтың ұлттық киімдерімен, қазаққа тән ұлттық қасиетті заттармен жабдықтап, үлкен көмек берді. Солардың барлығын өзі сыйлаған. Одан кейін біз Қоңыр екеуміз Будапешттің орталығында тұрғанда, бізге келіп, үш-төрт рет қонақ болып кеткен. «Айша қарындасымыздың қолынан шай ішейік деп едік» дейтін, жарықтық. Қоңырмен бірге бірнеше рет Будапештті аралап, талай тарихи жерлерді сырын көңіліне тоқып алды.

- Қазірде Қоңыр ағамыздың есімін, тұлғалық қасиетін, мұраларын насихаттау Қазақстандағы игілікті іске айналып отыр. Мәселен, осыдан екі жыл бұрын Алматыда ол кісінің атында мектеп ашылды, көшеге есімі берілді. Осындай Қоңыр ағамызды жас ұрпаққа таныстыру, насихаттау бағытындағы іс-шараларға сіздің көңіліңіз тола ма? Тағы қандай ұсыныстар айтар едіңіз?

- Айналайын, өте орынды сұрақ қойып отырсың. Қоңыр ағаң о дүниелік болған уақыт заманның қиындау кезі еді. Қазақ елі енді өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп жатқандықтан, Қоңырдың артта қалған мұраларына қарайлай алмаған кездер де болды. Бірақ Қоңыр ағаңды қазақ халқы ұмытқан жоқ. Елбасымыз Н. Назарбаевтың өзі кітабында: «Қоңыр екі халықтың арасындағы ұлы тарихи қандастықты жан-жақты дәлелдеп қана қоймай, ел мен елдің бірлігі, ортақ мәдениеттің гүлденуі, өзара қатынастардың кемелденуі жолында аянбай еңбек еткенін қазақ халқы мақтанышпен жадында сақтайды, үлгі-өнеге тұтады» деген ой айтты. Одан артық не керек? Елбасы президент болып сайланған сайын, қыпшақтардың атынан ол кісіге құттықтау хат жазып, біз де өзімізше, қуанышымызды білдіреміз. Менің Қоңырдың мұраларын насихаттау, халыққа таныстыру мақсатындағы жұмыстарға көңілім толады, неге десеңіз, Қоңырдың есімі Алматыдағы №154 мектепке берілген. Оның ішінде Қоңырдың мұражайы бар. Балалар жыл сайын Қоңыр атындағы оқу танымдық конференциялар ұйымдастырып тұрады екен. Оған мен де қатысып, жас өрендердің ғылыми ізденістеріне, зерттеулеріне, мақсаттарына, талаптарына қатты ырза болдым. Қоңырдың 65 жылдығына орай халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы, Халықаралық түркітану орталығы және Қоңыр атындағы Алматыдағы № 154 орта мектеп бірлесіп кешенді шара ұйымдастырды. 7-11-ші ақпан аралығында «І Халықаралық Қоңыр оқулары» аясында Қоңырдың Кеңсайдағы ескерткішіне гүл шоқтарын қою, спорт жарыстары, жастар арасында «Жас түрколог» атты конкурс, Қоңырға арналған кітаптардың тұсаукері және 11-ші ақпанда Қазақстан жазушылар одағының мәжіліс залында «Түркітану күнтәртібіндегі мәселелер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл шараға дүниежүзіне танымал ғалымдар, белгілі жазушылар мен атақты қоғам қайраткерлері қатысты. Бұл қазақ халқының қонақжайлылығының, ақжарқын дархан көңілінің куәсі. «Шыққан тегім, аруақты жерім - Қазақстан, мен қазақпын» деп өткен Қоңыр өзінің осы қасиетті топыраққа жерленуін қалады. Екі ел арасында байланысты дамытып, Қоңырдың ойын, мақсат-мұратын түсініп, мектепке атын берген ұлтжанды басшыларға шексіз алғыс айтамын. Қазақ өз құндылықтарын бағалай білсе ғана болашағы нұрлы болады. Қоңыр ағаңның өзінің қыпшақ тегінен екені ұмытпай, қазақша үйреніп келіп, қазақ қызына үйленіп, қазақ жеріне жатуы - ол қазіргі қазақ жастарына үлгі болуы керек. Жастар өз тілін ұмытпауы керек, өз мәдениетін ұлықтауы керек, өз әдет-ғұрпын сақтай білуі қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иштван Қоңыр Мандоки еңбектеріндегі түркі әдебиетінің мәселелері
Алаш арыстары және әдебиет
М.Әуезов – әлем әдебиеті мойындаған тұлға
Мұхтар Әуезовтың әңгімелерін оқыту
Мұхтар Әуезов әңгімелерінің көркемдік ерекшелігі
Қазақстанның қайталанбас тарихи - мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, тұмшалау мен пайдалану
Ақын туралы бірер сөз (С.Торайғыров)
Қадыр Мырза Әли - балалар ақыны
Абайша сүйіп, абайша күйіп жүрміз бе?
Опасыз саяси ұпай кімге тиімді
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz