Қазақстандағы кедейшіліктің жағдайы



1 КЕДЕЙШІЛІКПЕН ПЕН ТЕҢСІЗДІК
2 ТАБЫСТАР БОЙЫНША КЕДЕЙШІЛІК
3. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ПІКІРІ
БОЙЫНША КЕДЕЙШІЛІК СЕБЕПТЕРІ
4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ КЕДЕШІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІНЕ ЫҚПАЛЫ
5. ЕҢБЕК РЫНОГЫНЫҢ АХУАЛЫ МЕН КЕДЕЙШІЛІК
6. БІЛІМ ЖӘНЕ КЕДЕЙШІЛІК
Қазақстанда кедейшілік деңгейі күнкөріс минимумы деңгейінен төмен табыстағы халықтың үлесімен анықталады (1.1 § қараңыз). Күнкөріс минумымы – тіршілікті демеу үшін қажетті болып саналатын және аз тұтыну себетіне енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын өлшейтін табыстардың (шығыстардың) обьективті белгіленген деңгейі. Ең аз тұтыну себетіңің құнына азық-түлік себетінің құны мен азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызмет көрсетулерге жұмсалатын ең аз шығындар кіреді. Азық-түлік себетінің құрамы организміне қажет калория санының түсуін қамтамасыз ететін белгіленген тағам мөлшеріне сүйене отырып, анықталады. Қазіргі кезде азық-түлік себеті күніне 2172 ккал деңгейіндегі калорияны жан басылық тұтынуды қамтамсыз ететін тағамдардың атауын қамтиды, ол ДДҰ талаптарына сәйкес келеді және ең аз тұтыну себеті (күнкөріс минумумының) құнының 70% құрайды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызмет көрсетулердің үлесі ең аз тұтыну себесі (күнкөріс минимумы) құнының 30% мөлшерінде белгіленген.
Табыстар бойынша Қазақстандағы кедейшіліктің ең жоғары деңгейі, республикадағы бүкіл халықтың 39 күнкөріс минимумынан төмен табыстар еншілеген 1998 жылы тіркелді (ресми айырбас бағамы бойынша 42,6 АҚШ доллары немесе 3336 теңге). 1998 жылдан 2002 жылға дейінгі кезеңдегі уақыт аралығында кедейшілік деңгейі едәуір төмендеді (2.1.1. кесте). Күнкөріс минумумынан төмен табыстағы халықтың үлесі 2002 жылға қарай 1.6 есе қысқарды және ол 24%-ды немесе 3.6 млн адамды құрады. 2002 жылы күнкөріс минимумы 4761 теңге немесе ресми айырбас бағамы бойынша 31.1 АҚШ доллары болды.
Кедейшіліктің сондай-ақ тереңдік және өткірлік көрсеткіштерінің төмендеу үрдісі де байқалды, олар кедей тұрмысты халық табыстарының тапшылығы мен солардың арасындағы теңсіздікті сипаттайды. 1998-2002 жылдар арасындағы теңсіздікті сипаттайды. 1998-2002 жылдар аралығында кедейшілік тереңдігі 1.6 есеге , ал кедейшілік өткірлігі 1.7 есеге кеміп, 2002 жылы сәйкестігіне қарай 6,11 және 2,2%-ды құрады. Бұл кедей тұрмысты халық табыстары/ тұтынуларының тапшылығы 2002жылы күнкөріс минимумының шамамен 25% құрағанын білдіреді. Орын алған үдерістерді ескере отырып, «Мыңжылдық табалдырығында БҰҰ Қазақстандағы даму мақсаттары» есебі бойынша, Қазақстан 1991 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта күнкөріс минимумынан төмен табыстағы халықтың 50%-ның жағдайларын жақсартудың есебінен мыңжылдық дамуы1 мақсатына/1 міндетіне жетуі мүмкін екндігі ұйғарылады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКТІҢ ОСЫ ЗАМАНҒЫ
ЖАҒДАЙЫ

Қазақстанды қосқанда, посткеңестік мемлекеттердегі өтпелі кезең салдарының
бірі кедейшіліктің жоғары деңгейі болып табылады. (1.4 § қараңыз).
Кедейшілікпен сабақтас жағдайға әлеуметтік-экономикалық даму орнықтылығының
дәрежесі, төмен деңгейдегі табыстар мен қоғамдағы экономикалық жоғары
теңсіздік, еңбек рыногының жай-күйі, демографиялық және көші-қон
үдерістері, әлеуметтік сектордың дағдарысы, сондай-ақ аймақтық, экологиялық
және гендерлік факторлар әсерлерін тигізеді. Осы салалардың әрқайсысындағы
проблемаларды қарау осы заманғы жағдайларда республикадағы кедейшілікке
кешенді сипаттама беруге мүмкіндік жасайды.

КЕДЕЙШІЛІКПЕН ПЕН ТЕҢСІЗДІК

ТАБЫСТАР БОЙЫНША КЕДЕЙШІЛІК

Қазақстанда кедейшілік деңгейі күнкөріс минимумы деңгейінен төмен табыстағы
халықтың үлесімен анықталады (1.1 § қараңыз). Күнкөріс минумымы –
тіршілікті демеу үшін қажетті болып саналатын және аз тұтыну себетіне
енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын өлшейтін
табыстардың (шығыстардың) обьективті белгіленген деңгейі. Ең аз тұтыну
себетіңің құнына азық-түлік себетінің құны мен азық-түлікке жатпайтын
тауарлар мен қызмет көрсетулерге жұмсалатын ең аз шығындар кіреді. Азық-
түлік себетінің құрамы организміне қажет калория санының түсуін қамтамасыз
ететін белгіленген тағам мөлшеріне сүйене отырып, анықталады. Қазіргі кезде
азық-түлік себеті күніне 2172 ккал деңгейіндегі калорияны жан басылық
тұтынуды қамтамсыз ететін тағамдардың атауын қамтиды, ол ДДҰ талаптарына
сәйкес келеді және ең аз тұтыну себеті (күнкөріс минумумының) құнының 70%
құрайды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызмет көрсетулердің үлесі ең
аз тұтыну себесі (күнкөріс минимумы) құнының 30% мөлшерінде белгіленген.
Табыстар бойынша Қазақстандағы кедейшіліктің ең жоғары деңгейі,
республикадағы бүкіл халықтың 39 күнкөріс минимумынан төмен табыстар
еншілеген 1998 жылы тіркелді (ресми айырбас бағамы бойынша 42,6 АҚШ доллары
немесе 3336 теңге). 1998 жылдан 2002 жылға дейінгі кезеңдегі уақыт
аралығында кедейшілік деңгейі едәуір төмендеді (2.1.1. кесте). Күнкөріс
минумумынан төмен табыстағы халықтың үлесі 2002 жылға қарай 1.6 есе
қысқарды және ол 24%-ды немесе 3.6 млн адамды құрады. 2002 жылы күнкөріс
минимумы 4761 теңге немесе ресми айырбас бағамы бойынша 31.1 АҚШ доллары
болды.
Кедейшіліктің сондай-ақ тереңдік және өткірлік көрсеткіштерінің төмендеу
үрдісі де байқалды, олар кедей тұрмысты халық табыстарының тапшылығы мен
солардың арасындағы теңсіздікті сипаттайды. 1998-2002 жылдар арасындағы
теңсіздікті сипаттайды. 1998-2002 жылдар аралығында кедейшілік тереңдігі
1.6 есеге , ал кедейшілік өткірлігі 1.7 есеге кеміп, 2002 жылы сәйкестігіне
қарай 6,11 және 2,2%-ды құрады. Бұл кедей тұрмысты халық табыстары
тұтынуларының тапшылығы 2002жылы күнкөріс минимумының шамамен 25% құрағанын
білдіреді. Орын алған үдерістерді ескере отырып, Мыңжылдық табалдырығында
БҰҰ Қазақстандағы даму мақсаттары есебі бойынша, Қазақстан 1991 жылдан
2015 жылға дейінгі аралықта күнкөріс минимумынан төмен табыстағы халықтың
50%-ның жағдайларын жақсартудың есебінен мыңжылдық дамуы1 мақсатына1
міндетіне жетуі мүмкін екндігі ұйғарылады.

Қазақстандағы кедейшілік көрсеткіштері, 1998-2002 жылдар

Кедейшілік көрсеткіштері
Кедей тұрмысты халық 100
соның ішінде :
Еңбекке жарамды халық (төмен
жалақыдағы жұмыспен қамтылған және
жұмыссыз халықты қосқанда) 57,7
балалар 33,5
жас бойынша зейнеткерлер 8,8

Дерек көзі : Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі.
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі
Агенттігі, 2003. 123-бет.

Күнкөріс минимумы шамасының 70 % құрайтын азық-түлік
себеті құнынан төмен табыстағы халықтың үлесі баяу кемуде. 2002 жылы осы
көрсеткіш 8,9% деңгейіне дейін төмендеді немесе 1,3млн. Адамға азайды. Бұл
ретте азық-түлік себеті 3333 теңгені немесе ресми айырбас бағамы бойынша
21,7 АҚШ долларын құрайды. Басқаша айтқанда, 1998 жылмен салыстырғанда,
азық-түлік кедейшілігі шегінен төмен тұрмысты халықтың үлесі 1,8 есеге
кеміді (2.1.1. кесте). Мыңжылдық табалдырығында даму саласындағы БҰҰ
мақсаттары туралы есепте белгіленгендей, азық-түлік себеті құнынан төмен
табыстағы халықтың лайықты тамақтанбайтынын жобалауға болады. Асқа жарымау
немесе лайықтысыз тамақтану адамның қуаты мен ақыл-ой санасын кемітеді және
оның денсаулығы үшін үлкен қауіп төндіріп, ал ерекше ауыр жағдайларда аман
қалуының өзі екіталай. Теңгерімсіз тамақтану анемиямен ауыратын
науқастардың көптеп саналуындағы негізгі себептердің бірі болып табылады,
осы кесел Қазақстандағы денсаулық сақтаудың ең басты проблемаларының
бірінен танылды. (2,7 § қараңыз) .
Кедей тұрмысты халықтың тамақ өнімдерін тұтыну талдауы, 2002 жылғы
деректер бойынша, барша халықпен салыстырғанда кедей тұрмысты адамдар
көбіне тамақтанудың көмірсулы үлгісін пайдаланатындарын көрсетті (2.1
.3.кесте).

2. 1.3. кесте.

Кедей тұрмыстылардың және бүкіл
Халықтың орта
есеппен жан басына шаққандағы
Тамақ
өнімдерін тұтынулары, 2002 жылы

рбТамақ өнімдерінің Барша халық Күнкөріс
№ аталымы тұтынуының минумымынан (КМ)
орташа төмен табыстағы
деңгейі, айына кг халық тұтынуының
орташа деңгейі,
айына кг
1 Нан және жарма
тағамдары 10 10,3
2 Ет және ет өнімдері

3,7 1,3
3 Балық және балық
өнімдері 0,7 0,4
4 Сүт және сүт өнімдері
19,3 11,1
5 Жұмыртқа (дана)

9,4 4,8
6 Майлар
1,2 0,9
7 Жидектер: жемістер мен
бақша дақылдары


2,7 1,2
8 Көкөністер
6,7 4,2
9 Картоп 5,4 3,3
10 Қант ,джем, бал және
басқа кондитерлік
тағамдар

2,7 2,0

Дерек көзі: Қазақстан халқының тұрмыс деңгейі. Қазақстан
Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі, 2003. 81-82- беттер.
Табыстары күнкөріс минимумының мөлшеріне жетпейтін кедей тұрмысты
адам көбіне нан тағамдары мен жарма тамақтарын тұтынады, ал ет, сүт,
жұмыртқа, жеміс, көкөніс сияқты жоғары сапалы азық-түліктерді сирек
пайдаланады. Мәселен, ет және ет өнімдерін 2002 жылы кедей тұрмысты халық
республикадағы орташа тұтыну деңгейіене 2 есе кем тұтынды – сәйкестігіне
қарай 1,7 кг және 3,7 кг. Кедей тұрмысты адамдар сондай-ақ сүт, жұмыртқа,
жеміс, көкөністерді де екі есеге жуық аз тұтынды.
1996 жылы Қазақтың тамақ академиясы БҰҰДБ және ДДҰ жәрдемімен
Қазақстан Республикасындағы халықтың (15-80 жас) тамақтану жай-күйлеріне
жалпыұлттық зерттеу жүргізді. Зерттеудің нәтижелері мынаны көрсетті, төмен
тұрмысты халықтың ас ішудегі ең көп тұтынатын тағамдары нан, қаймақты сүт,
қой еті, қара шай, қант, ұн және макарон тамақтары екен. Анағұрлым жоғары
молшылықтағы адамдардың ас ішу үлесінде ет өнімдерін, шұжықтарды, жұмыртқа,
сүт тағамдарын, көкөніс консервілерін, картоп, ірімшіктер тұтыну ұлғая
түседі. Табыстың одан әрі өсу шамасына қарай тағам мәзірі тауық етімен,
балықпен, уылдырықпен , түрлі майлы азық-түлікпен, көкөніспен,
жармалармен, кондитерлік тағамдармен, алкогольді және алкогольсіз ішімдік-
сусындармен молығады.
Қазақстанда сондай-ақ Күнкөріс минимумы туралы Заңда бекітілген

кедейшілік шегі көрсеткіші де қолданылады (1.2. 1. ендірме).
Кедейшілік шегі - адамның ең аз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет
Табыстың межесі-мемлекеттің кедей тұрмысты халыққа атаулы әлеуметтік көмек
көрсетуінің критерийі болып табылады. Оның мөлшері мемлекеттің эконмикалық
мүмкіндіктеріне қарай белгіленеді. Республика бойынша кедейшілік шегі
2000-2001 жылдары күнкөрісминимумының 38% деңгейінде белгіленді. 2002жылы
оның мөлшері ұлғайып, күнкөріс минимумы шамасының 40% құрады (1904 теңге
немесе ресми айырбас бағамы бойынша 12,4 АҚШ доллары)
2002 жылдың қорытындылары бойынша 1,137 млн. адам мемлекеттен
атаулы әлеуметтік көмек алған. Мемлекет тағайындалған атаулы әлеуметтік
көмектің мөлшері әр отбасы мүшесіне шаққанда 2002 орта есеппен 998
теңгені (немесе ресми айырбас бағасы бойынша 6,5 АҚШ доллары) құрады.
(2,5 § қараңыз.
Кедейшілік шегі аса маңызды әлеуметтік – экономикалық ұғым болып
табылады, ол бүкіл әлемде пайдаланылады. Бұрын айтылғандай, көптеген
елдерде кедейшілік шегі термині күнкөріс минимумының деңгейіне сәйкес
келеді. Кедейшілік шегінің осындай анықтамасын Қазақстанда да
пайдаланылған орынды болар еді , бірақ ол республиканың тиісті заңнамалық
құжаттарына өзгерістер енгізуді талап етеді (қазір кедейшілік шегі
дегенде, бұррын көрсетілгендей, мұқтаж адамдарға мемлекеттің атаулы
әлеуметтік көмек көрсетуін ұғады) . Кедейшілік шегінің халықаралық
қабылданған анықтамасын енгізу осы шектен төмен тұратындардың барлығына
тегіс әлеуметтік көмек көрсетуге мемлекетті міндеттемейді. Мемлекеттің
атаулы әлеуметтік көмегін көрсету мақсаттары үшін қосымша көрсеткіш
енгізуге болады, мәселен, күнкөріс минимумының белгілі бір пайызы. Қайсыбір
обьективті критерийге сүйене отырып, адамдарға үй шаруашылықтарына
әлеуметтік көмек көрсету мақсатқа сай болар еді. Осындай критерий азық-
түлік себетінің құны бола алады, өйткені ол күнкөріс минимумының ең
маңызды бөлігі болып табылады және осы деңгейден төмен тұрмыс кешетін
адамдарүй шаруашылықтары, қашан өздерінің тұрмыс деңгейлерін көтерудің
сәті түскенге дейін мемлекеттің белгілі бір көмегіне мұқтаж бола береді.

2.1.2. ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫС ДЕҢГЕЙІ КОНТЕКСІНДЕГІ ЭКОНМИКАЛЫҚ ТЕҢСІЗДІК

Халықтың табыстары адам тұрмсының деңгейін анықтайиын негізгі фактор болып
табылады. Қазақстандық экономиканың жанданушамасына қарай, халықтың
табыстары екі есеге жуық ұлғайды: 1998-2002 жылдар аралығында
қазақстандықтардың тұтынуға жұмсайтын шығыстары 2992 теңгеден 5671 теңгеге
дейін өсті. Одан әрі 2001және 2002 жылдары халықтың орта есеппен жан басына
шаққандағы ақшалай табыстарының сатып алу қабілетінің тұрақты өсуі
байқалды.Оныңбелгілері сәйкестігіне қарай күнкөріс минимумының 1,24 және
1,36 жиындығын құрады. Басқаша айтқанда, халықтың орта есеппен жан басына
шаққандағы ақшалай табыстарының өсу қарқындары 2002жылы күнкөріс минимумына
кіретін тауарлар мен қызмет көрсетулер құнының өсу қарқындпрынан едәуір
алда блоды.

Үй
шаруашылықтарының тұтынуға
пайдаланатын
табыстары және

олардың сатып алу қабілеті,

2000-2002 жылдар

№ 2000 2001 2002
Көрсеткіштер
1 Үй шаруашылықтарының тұтыну-
ға пайдаланылатын табыстары, теңге
5030 5729 6518
2 Халықтың жан басына шаққанда
күнкөріс минимумының мөлшері
(КМ), теңге
4007 4596 4761
3 Халықтың сатып алу қабілеті, КМ
жиынтықтарының саны
1,25 1,24 1,36

Дерек көзі: Қазақстан халқының тұрмыс деңгейің. Қазақстан
Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі, 2003. Қазақстандықтар
табыстарының сатып алу қабілетінің көрсеткіштеріне сүйене отырып, елдегі
барша халықтың тұрмыс деңгейі бойынша бірнеше әлеуметтік топқа бөлуге
болады (2.1.5. кесте). Кестеде көрсетілгендей , 2002 жылы 71%-дан астам
қазақстандықтар материалдық әл-ауқатын деңгейі бойынша не кедей тұрмысты
(24,2%), немесе төмен табысты (47,3%) болған. Халықтың осы жігінің ақшалай
табыстары тұтынудың тіпті қалпына келтіруші деңгейін қамтамасыз ете
алмаған, сондықтан экономикалық пайымдар тұрғысынан оларды қосымша қосалқы
шаруашылық жүргізуге және үй еңбегін кең ауқымдарда пайдалануға мәжбүр
еткен. Тұтынудың қалпына келтіруші деңгейіне елдегі халықтың төрттен-бір
бөлігінен азының ғана (23,8%) шамалары келген, және небәрі 4,7%
қазақстандықтар тұтынудың дамушы деңгейін қамтамасыз ететін табыстарды
меншіктеген (1.2 § қараңыз). Басқаша айтқанда, 2002 жылы Қазақстандағы тек
28,5% халықтың ғана сапалы білім алуға, денсаулықтарын сақтауға, тұрғын үй
жағдайларын жақсартуға және бос уақыт пен демалысын ұйымддастыруға,кең
ауқымдағы ақылы қызмет көрсетулерге сұраныс жасауға мүмкіндіктері болған.

2. 1.5. кесте.
Қазақстандағы халықтың әлеуметтік жіктері, 2002
жыл

рб Әлеуметтік жік Табыстар деңгейі Халықтың
№ жалпы
санындағы
үлес, %
1. Кедей тұрмыстылар Күнкөріс минимумынан төмен (КМ)
24,2
2. Төмен тұрмыстылар КМ жоғары, бірақ ең төменгі тұтыну
бюджетінен төмен (ТТБ) 47,3
3. Орташа тұрмыстылар ТТБ жоғары, бірақ жоғары молшылық
бюджетінен төмен (ЖМБ)
23,8
4. Жоғары тұрмыстылар
Дәулеттілер
ЖМБ жоғары 4,7

Үй шаруашылықтар табыстарының негізгі бөлігін еңбек қызметінен түсетін
табыстар құрайды. Олардың үлесті салмағы халықтың ақшалай табыстарының
құрылымында 1999-2002 жылдары 80-нен 77%-ға дейін кемігеніне қарамастан,
жоғары қалпын сақтап қалды. Еңбек қызметінен түсетін табыстардың негізгі
көзі жалақы болып табылады. Жалақыдан бөлек үй шаруашылықтары табыстарының
құрамынан сондай-ақ меншіктен, кәсіпкерлік қызметтен және т.б. түсетін
табыстар дараланады. 2002 жылы кедей тұрмысты үй шаруашылықтарының тіршілік
қаражатарының көздері маңыздылық дәрежесі бойынша былайша бөлінді :
• Жалға жұмыс істеу (65,6%);

• Зейнетақы (35,3 %);
• Өздігінен жұмыспен қамтылу (16,7%);
• Өзінің жеке қосалқы шаруашылығынан өнімдер тұтыну (43,6 %);
• Өзгелері (9,5 % );
• Әлеуметтік көмек (13,4 %);
• Туған туыстардың, таныстардың көмегі (16,1 %);
• Өзінің жеке қосалқы үй шаруашылығының өнімдерін сату (13,1 %);
• Кейдейсоқ табыстар (10,3 %);
• Меншіктен түсетін табыс (0,5 %);
• Стипендия (0,6 %);
Экономикалық теңсіздік көрсеткіштері бойынша Қазақстан ТМД аралық
жағдайға ие. Қазақстандағы қорлар кэффициенті 11-12 есеге тең, ал Джини
индексінің мәні 0,34-ке жуық шаманы құрайды (2. 1.6. кесте). 2002 жылы
осы коэфициенттердің кейбір төмендеулері байқалды: қорлар коэфициенті – 9,8
есеге және Джини коэфициенті 0,31-ге дейін.

2. 1.6. кесте

Экономикалық теңсіздіктің

көрсеткіштері, 1998-2002 жылдар

рб Көрсеткіштер 1998 1999 2000 2001 2002

1 Қорлар коэффициенті
11,3 11,0 11,9 11,3 9,8
2 Джини коэффициенті
0,347 0,340 0,343 0,348 0,312

Дерек көзі: Қазақстандағы кедейшілік мониторингінің индикаторлары.
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі, 2003.

2.1.3. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ПІКІРІ
БОЙЫНША
КЕДЕЙШІЛІК СЕБЕПТЕРІ

Үй шаруашылықтарының субьективті бағасына сүйенгенде, Қазақстандағы
кедейшіліктің негізгі себептері төлемнің баламасыз деңгейі мен жұмыссыздық
болып табылады (2. 1.7. кесте). Осы себептерді 2001 және 2002 жылдары 80%-
дан астам үй шаруашылықтары атады. 2001 жылы, адамдардың пікірлері бойынша,
тұрмыстың төмен деңгейінің басты себебі түрлі салдар бойынша жұмыспен
қамтылмау болса, ал 2002 жылы еңбектің аз төлемі басты себепке айналды.

2.1.7. кесте
Кедейшіліктің негізгі себептері ( Қазақстан халқының пікірі
бойынша)

Кедейшіліктің көрсетілген себептері 2001,% 2002%
Еңбектің төмен төлемі 35,4 43,7
Тұратын жері бойынша тұрақты жұмыс табу 17,8 17,0
мүмкіндігінің болмауы
Ешқандай жұмыстың реті жоқ 21,5 13,0
Өзім үйренген жұмыстың болмауы 8,4 7,5
Өзгесі 5,5 5,8
Табыстары жоқ асыраудағы жандардың саны (балалар,
ата-аналар, туған-туыстар) 5,0 5,4
Денсаулықтың жарамсыздығы 4,1
4,1
Жеткіліксіз білім деңгейі 0,8
1,5
Әлеуметтік көмектің болмауы, өйткені табыс табудың - 0,8
ешбір мүмкіндігі жоқ
Жеткіліксіз жұмыс тәжірибесі (төмен біліктілік) 0,8 0,7
Әлеуметтік баламасыз отбасы мүшелерінің болуы 0,7 0,3
(маскүнемдік, нашақорлық, т.б.)
Тұратын мекендегі қолайсыз жағдайлар (эконмикалық
және экологиялық нашар ахуал) - 0,2

Дерек көзі: Қазақстандағы кедейшіліктің себептері мен жағдайлары 2001
және 2002 жылдарда үй шаруашылықтарының бір жолғы зерттеудің деректері
бойынша, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі.

Үй шаруашылықтарының пікірлері бойынша олардың материалдық жағдайларын
жақсартуға септігін тигізуге мүмкін өзекті факторлар жалақыны көтеру мен
жұмыспен қамту болып табылады (2.1.8. кесте). Бұл орайда жұмыспен қамту
проблемасы қаламен салыстырғанда ауылда анағұрлым зәру проблема болды:
29,3%-ға қарам-қарсы 40,4%.

2.1.8. кесте.
Материалдық әл-ауқатты
жақсарту факторлары

(Қазақстан халқының пікірі бойынша)

Соның ішінде

Көрсетілген факторлар Барлығы,%

Қалада Ауылда
тұратындар,% тұратындар,%
Жалақыны көтеру 46,1 49,9 42,5
Жұмыс беру 35,0 29,3 40,4
Зейнетақыны көтеру 11,6 13,2 10,2
Кәсіптік деңгейді көтеру 1,8 2,2 1,4
Өз ісін ұйымдастыру үшін бастапқы
капиталдың болуы (несие беру)
1,6 1,4 1,8
Денсаулық жағдайын жақсарту 1,5 1,6 1,3
Шағын бизнес үшін несие беру 0,7 0,4 1,1
Әлеуметтік төлемдердің деңгейін
көтеру 0,7 1,0 0,3
Әлеуметтік көмектің атаулығын
арттыру 0,3 0,3 0,2
Өзге елге көшу 0,3 0,4 0,1
Жер алу және сонда жұмыс істеу 0,2 0,1 0,4
Тұрғылықты мекенді ел ішінде
ауыстыру (қаладан ауылға көшу
немесе керісінше) 0,1 0,0 0,2
Өзгесі 0,1 0,2 0,1

Дерек көзі: Қазақстандағы кедейшіліктің себептері мен жағдайлары 2001
және 2002 жылдарда үй шаруашылықтарының бір жолғы зерттеудің деректері
бойынша, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ КЕДЕШІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІНЕ ЫҚПАЛЫ

Динамикалық және орнықты эконмикалық даму елдегі халықтың әл-ауқатын
арту мен кедейшілік деңгейін азайтудың аса маңызды шарты болып табылады.
Кдейшілікті азайтудағы Қазақстандағы оң үдерістер соңғы жылдар аралығында
1999 жылы басталған эконмикалық өрлеумен байланысты, осы жылдардағы әрекет
халықтың жұмыспен қамтылуы мен табыстарының артуына жағдай жасап,
қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін қолайлы орта қалыптастырды
(2.2.1. диаграмма). Осыған оарй кедейшілік себептерін талдау экономикалық
өсу мен кедейшілік арасындағы өзара байланысты талдаудан басталады.

2.2.1. диаграмма.
ЖІӨ нақты
өсуі мен Қазақстандағы

кедейшілік, 1996-2002 жылдар
Өтпелі кезеңнің басындағы эконмикалық терең дағдарыс бес жылға
созылды. Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 0,5%-ға өсуі алғаш рет тек 1996 жылы ған
тіркелді. Ал 1999 жылдан бері республикада елеулі экономикалық өрлеу
байқалады, осы өрлеу инфляцияның өсу қарқындарын бәсеңдетті (2.2.1.
кесте).Былайғы тең жағдайлар кезінде осы ахуал халықтың жұмыспен қамтылуы
(әсіріесе ең жоғары деңгейде өрлеген салаларда) мен табыстарының өсуі,
табыстардың сатып алу қабілетінің артуы және елдегі кедейшілік деңгейінің
төмендеуі үшін қолайлы макроэконмикалық орта жасады. Расында да, 1998
жылдан 2002 жылдарға дейінгі аралықта Қазақстандағы кедейшілік деңгейі 39-
дан 24%-ға дейін кеміді. Діттелген үрдістің орнықты болуы үшін, ЖІӨ одан
әрі нақты дамуы және оның құрылымында, мекен-тұрағына, жынысы мен жасына
қатыссыз елдегі бүкіл халықтың тұрмыс деңгейін көтеру үшін қолайлы
жағдайларды қамтамасыз ететін өзгерістер жасау қажет.

2.2.1. кесте
Қазақстанның
негізгі экономикалық

көрсеткіштері, 1998-2002 жылдар


Көрсеткіштер 1998 1999 2000 2001 2002
Өткен жылмен %
бойынша
салыстырғанда ЖІӨ
физикалық көлемінің

индекс
98,1 102,7 109,8 113,5 109,8
ЖІӨ:
в млрд
теңгемен 1733,3 2016,5 2599,9 3250,6 3776,3
ресми бағамы
бойынша, млрд
АҚШ доллары 22,1 16,8 18,3 22,2 24,6
Халықтың
жан басына
шаққандағы
ЖІӨ

млрд.
теңгемен 115,0 135,1 174,8 219,2 254,2
ресми бағам
бойынша,
млрд. АҚШ
доллары 1468.8 1129.1 1229.2 1491.4 1645.8
Тұтыну бағаларының
индексі,%-бен, өткен
жылғы желтоқсан
айымен салыстырғанда
биылдың жылдың
желтоқсанында


101.9 117.8 109.8 106.4 105.9

Дерек көзі: 2003 жылғы статистикалық жылнама. Қазақстан Республикасының
статистика жөніндегі Агенттігі, 2002.

2.2.1. кестеде көрсетілгендей, соңғы жылдардағы эконмикалық өрлеу үй
шаруашылықтарындағы шығыс көлемінің түпкі тұтынуға физикалық өсуімен және
жалпы жинақтауға жұмсалатын шығыстардың өсуімен қатар жүрді. Бұл ретте
жалпы жинақтауға пайданылатын шығыстардың өсу қарқындары үй
шаруашылықтарының түпкі тұтынуға жұмсайтын шығыстарының өсу қарқындарына
анағұрлым жоғары болды (2.2.2. кесте). Жалпы жинақтаудың өзінің және ең
алдымен, негізгі капиталдың өсуін оң құбылыс ретінде бағалауға болады,
соның нәтижесінде әулетті экономикалық өсуге арналған өндірістік база
ұлғаяды және кемелдене түседі. Дамушы экономикада, жинақтаудың басымдығы,
қағида ретінде әбден орынды. Алайда, үй шаруашылықтарының түпкі тұтынуын
қарқындарына қарай ғана емес, сонымен бірге өсу көлемдерінің абсолютті
құндары бойынша да біршама озып кететін жалпы жинақтаудың өте жоғары,
секірмелі өсуі назар аудартады. Экономикалық өсудің жалпы динамикасы оның
құрылымдық параметрлеріне сәйкестенуі тиіс екендігінен, халықтың ағымдағы
тұтынуының төмен деңгейі жағдаларында (Қазақстанда үй шаруашылықтарының
түпкі тұтынуға жұмсайтын жұмсайтын шығыстары салғастырмалы бағаларда 2001
жылы 1990 жылғы деңгейдің 56% құрады), адамдардың онсыз да біршама төмен
табыстары, ең алдымен жалақыны қосқанда, өндірістік салаға жасалатын
инвестицияларды қаржыландыруды әлеуметтік саланың дамуы есебінен аз
дәрежеде жүзеге асыру маңызды. Болашақта экономикадағы жинақтаудың осындай
жоғары өсу қарқындары кезінде ЖІӨ ықтимал қайта бөлу ауқымдарын сараптау
және талдап шығу қажет, олардың эконмикалық және әлеуметтік негізділігін де
ескеру керек.
Қазақстандағы экономикалық өсудің салдарынан мемлекеттік бюджеттің
кірістері мен шығыстары да едәуір өсті (2.2.3. кесте). Үкімет бюджет
тапшылығын 1999 жылғы 69,8 млрд. Теңгеден 2002 жылы 13,0 млрд. Теңгеге
дейін түсірді. Мұндай жәйт халықтың әл-ауқатын арттыру мен елдегі
кедейшіліктің деңгейін азайтуға сеп болатын мемлекет бюджетінің әлеуметтік
шығыстарын ұлғайту үшін қолайлы жағдайлар жасады. Соған қарамастан, білім,
денсаулық сақтау секторлары мен республика халқын әлеуметтік қорғау
жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру біршама төмен деңгейде сақталып отыр
(2.2.4. кесте ,1.4 § қараңыз).

2.2.2. кесте.

Қазақстанда ЖІӨ пайдалану

құрылымы

1998 1999 2000 2001 2002
ЖІӨ, % 100 100 100 100 100
Нақты түпкі
Тұтыну, % 84,1 84,0 74,4 73,1 67,0


79,1 79,0 67,2 63,1 60,9


5,0 5,0 6,3 8,0 6,1
15,8 17,8 18,1 26,8 27,3
-4,6 2,3 7,8 -3,0 0,9

4,7 -4,1 -0,3 3,1 1,9





99,5 100,1 101,0 107,3 111,2

Дерек көзі: 2003 жылғы статистикалық жылнама. Қазақстан Республикасының
статистика жөніндегі Агеттігі, 2003.

2.2.3. кесте.
Қазақстан
Республикасы мемлекеттік
бюджетінің
кірістері мен шығыстары,
2002. жылдар

1998 1999 2000 2001 2002
Мемлекеттік бюджеттің

кірістері, ЖІӨ , %
17,9 19,8 23,0 22,7 21,9
Мемлекеттік бюджеттің
кірістері,
млрд.теңге
309,5 398,6 598,7 746,6 821,2
Мемлекеттік
бюджеттің шығыстары,
ЖІӨ, %
21,8 23,2 23,2 23,1 22,3
Мемлекеттік
бюджеттің шығыстары,
млрд. Теңге
377,4 468,4 602,0 759,6 834,2
Тапшылық
Дефицит (-),
профицит (+),
млрд. Теңге -67,8 -69,8 -3,3 -13,0 -13,0

Дерек көзі: Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгей. Қазақстан
Республикасының статистика
Деңгейі. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі
Агенттігі, 2003

2.2.4.
кесте.
Қазақстан
Республикасы мемлекеттік
бюджетінің
әлеуметтік шығыстары,
2002. жылдар

1998 1999 2000 2001 2002
Мемлекеттік
бюджеттің
шығыстары,
ЖІӨ % 21,8 23,2 23,2 23,1 22,3
Соның ішінде:
білімге жұмсал-
ғаны, млрд. 69,5 78,5 84,7 106,4 121,1
теңге ЖІӨ 4,0 3,9 3,3 3,3 3,2
Денсаулық
сақтауға
бөлінгені, млрд.
теңге ЖІӨ % 26,0 44,8 54,3 62,3 71,1
1,5 2,2 2,1 1,9 1,9
әлеуметтік
шығыстарға
жұмсалғаны, 53,6 159,1 171,1 186,7 201,4
млрд. Теңге 3,1 7,9 6,6 5,7 5,4
ЖІӨ %

Дерек көзі: Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі.
Қазақстан Республикасының статистика
жөніндегі Агенттігі, 2003.

3. ЕҢБЕК РЫНОГЫНЫҢ АХУАЛЫ МЕН КЕДЕЙШІЛІК

Жаңа жұмыс орындарын ашу және бұрынғыларын жаңғырту ел
экономикасының жалпы ахуалын жақсартумен тікелей байланысты.
Мемлекет жүргізіп жатқан макроэкономикалық саясат бәсеке қабілеті
төмендеу салаларда, нашарлау дамыған аймақтар мен халықтың ең осал
топтары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға жұмыс берушілерді ынталандыру
арқылы халықты жұмыспен қамтуды өсіруге ықпал жасайды. Ол сондай-ақ
жұмыс орындарының сапалық сипаттамаларын нашарлататын келеңсіз
үрдістерді де қолға алады. Жалпы экономикалық шаралар тоқтап тұрған
кәсіпорындарды қалпына келтіруге, өндірістерді қайта жарақтау мен осы
заманғы технологияларды ендіруге ынталандырып, ресми емес жұмыспен
қамтылу көлемдерінің қысқаруына сеп болады.
Бұрын айтылғандай, Қазақстандағы кедейшіліктің басты
себептерінің бірі жұмыспен тиімді қамтылу проблемасының шешімін тппауы
болып табылады. Республика халқы осы проблемны өткір сезініп отыр және
оны кедейшіліктің басты себебі ретінде атайды (2.1 § қараңыз). Соңғы
жылдардағы экономикалық өсуге байланысты, Қазақстанда еңбек рыногының
дамуындағы оң үдерістер байқалды, ол еңбекке деген сұраныстың
ұлғаюына және адамдардың экономикалық белсенділіктерінің өсуіне түрткі
болды, бұл туралы 2.3.1 кестенің деректері айғақтайды. 1999 жылдан
бері жұмыспен қамтылғандардың саны тұрақты көбейіп отырды.

1. кесте

Қазақстандағы еңбек рыногының

кейбір көрсеткіштері,

1998-2002 жылдар

1998 1999 2000 2001 2002
Экономикалық
Белсенділік
Деңгейі, (%)
65,9 66,0 66,0 70,2 70,1
Жұмыспен
қамтылған халық
(мың адам)
6127,6 6105,4 6201,0 6698,8 6708,9
Жұмыспен қамтудың
деңгейі (%)

86,9 86,5 87,2 89,6 90,7
Жұмыссыз халық
(мың адам)
925,0 950,0 906,4 780,3 690,7
Жұмыс- сыздық
деңгейі (%)
13,1 13,5 12,8 10,4 9,3
Тіркелуші
жұмыс-
сыздықтың
деңгейі (%) 3,7 3,9 3,7 2,9 2,6

Мына деректер бойынша есептелді: Қазақстандағы халықтың тұрмыс
деңгейі. Қазақстан
Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі, 2003.

1999-2001 жылдары эконмика секторлары бойынша жұмыспен
қамту құрылымы бірқатар өзгерістерге ұшырады. Ауыл
шаруашылығында, аңшылық және орман шаруашылығында жұмыс істейтін
халықтың үлесі өсті (22-ден 35%-ға дейін). 2000 жылы ауыл
шаруашығында, аңшылық және орман шаруашылығында жұмыспен
қамтылғандар 45,3 %-ға, 2001 жылы 21,9%-ға өсіп, 2002 жылы
өзгерген жоқ. Жалпы экономиканың осы секторларында жұмыспен
қамтылған адамдар саны 1999 жылғымен салыстырғанда 2002 жылы
77,2%-ға өсті. Соған қарамастан, ауыл шаруашылығында жұмыспен
қамтылған-
дардың өсуімен қатар ауыл тұрғындарының қалаға қарай елеулі көші-
қоны байқалады (3.1 § қараңыз). Халықтың ауылдан кетулерінің
басты себептері жұмыстың, жұмысқа орналасу перспективаларының
немесе жеке іс ашу мүмкіндігінің (34,5), жоқтығы болып табылады.

Сонымен қатар өнер кәсіпте жұмыс істейтіндердің саны
жыл сайын қысқарып отырды – 2000 жылы 5,5 –ға 2001 жылы 2,9-ға
және 2002 жылы 0,8-ға кеміміді. Жалпы алғанда ол 2002 жылы 1999
жылғымен салыстырғанда 8,9-ға азайды. Бұл орайда өнеркәсіптің
өңдеуші және кен өндіруші салаларында үрдістер сәйкес келмейді.
Егер өңдеуші өнер кәсіпте жұмыспен қамтылғандар санының қысқаруы
байқалса (1999 жылғы 10,3-дан 2000 жылдағы Республикадағы
жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 7,5-на дейін), ал кен
өндіруші өнеркәсіпте мұнай газ кешеніндегі өндірістің және түсті
металдар рудаларын өндірудің өсуі есебінен жұмыспен қамтылудың
кейбір ұлғаюы белгіленеді. Алайда, осыны ескергеннің өзінде 2002
жылы кен өндіру өнеркәсібіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші кедейлік мәселесі
Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
Кедейшілік - макроэкономикалық маңызды мәселесі
Қазақстан әлеуметтік жүйесінде терең және түбегейлі өзгерістер
Кедейлер қоғамның әлеуметтік құрылымының төменгі табы ретінде
Кедейшілік және оның белгілері. Қазақстандағы кедейшіліктің ерекшеліктері
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКТІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТУРАЛЫ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ КЕДЕЙШІЛІКТІ ТӨМЕНДЕТУ ЖОЛДАРЫ
Қазіргі Қазақстандағы байлық пен кедейшілі
Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
Пәндер