Математика сабағы кезінде шығармашылық дамытуды атқаратын әдістемеліктер



1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлімі.

1. Оқушылар шығармашылығының тәрбиелік мәні.
Математика сабағы кезінде шығармашылық дамытуды атқаратын әдістемеліктер

Оқушылардың ойлау қабілеттерін логикалық есептер арқылы дамыту.

2. Математика сабағында дидактикалық бірліктерді ірілендіру.

математика сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану

Жаңа тақырып өткізу сабақтарында педагогикалық технологияны пайдалану


Сабақ жоспары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
Ұстаз еңбегінің күрделігі - әрбір оқушының жүрегіне жол табуда, әрбір баланың бойындағы қабылетті дамыту үшін жағдай жасауда. Ең бастысы: мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында өзін, өмірде, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек, әрбір іс-әрекеті үшін өзінің, жолдастарының, мектептің, қоғамның алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір-қасиетті сезінуді тәрбилеуі керек. Танымның қиын жолындағы балалар жетістігі мұғалімнің әрбір оқушы мүмкіндігіне сенім артуына, оның табандылығы мен шыдамдылығына, шәкіртіне дер кезінде көмекке келе білуіне тікелей байланысты.
Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушыларының дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған.
Адамның ақыл- ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби болады.
Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қырық үшінші қара сөзінде бала өмірге келгендегі қабілетті әрі қалай дамытуды, шыңдауды қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал назардан тыс қалған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.
М.Жұмабаев өзінің педогогика оқулығында баланың дамуының мәселелерін көтереді. Ол үшін оның танымын, ақылын, еркін, зейінін қалыптастыру керек екенін жазады.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін таңдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.
«Қабілеттер-білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері» дейді А. В. Петровский.
«Қабілет- іс-әрекеттің белгілі бір түйінін ойдағыдай, нәтижелі орындауға көрінетін адамның жеке қасиеті» деп жазады Т. Тәжібаев.
«Қабілеттер- адамның іс- әрекетінің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері - деген де анықтама бар. Мүмкін білім де, дағды да емес. Ол адамның белгілі бір істі орындауға даярлығы»,- деп қарастырады Ә. Алдамұратов.
Психология қабілеттердің 2 түрлі деңгейі болатындығын дәлелдейді.
Репродуктивті (өнімсіз) – іс- әрекетті не білімді берілген үлгі бойынша қабылдай, меңгере алу деңгейі.
Шығармашылық- жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
1. А.С. Макаренко. Педагогические сочинения. М., «Педагогика»,1988.
2. А.С. Макаренко. Психология труда учителя.М., «Просвещение», 1993.
3. В.И. Андреева. Педагогика творческого саморазвития. Казань. 1996.
4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б
5. Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.
6. Краткий словарь иностранных слов // под.ред. О.П.Марасанова.М., 1993. 318-б
7. Советский энциклопедический словарь// М., Издательство «Советская энциклопедия», 1984. 613-б
8. С.И. Ожегов, Н.Ю. Шведова. А.С. Макаренко. «Толковый словарь русского языка» // М., 2004. 288-б
9. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Астана . 2004. 28-б
10. С.Е. Шишов. Понятие компетенции в контексте проблемы качества образования // «Государство и образование», 2002. 88-б
11. В.А. Хуторской. Ключевые компетенции как компонент личностноориентированной парадигмы образования. // «Народные образования», №2, 2003. 58-94-б
12. Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет
13. К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б

Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Автор: Бурханшина М.А.

Математика сабағы кезінде шығармашылық дамытуды атқаратын әдістемеліктер

Жоспар
 
 
 
 
1.           Кіріспе.
 
2.           Негізгі  бөлімі.
  ул
 
1.           Оқушылар шығармашылығының тәрбиелік мәні.
 
      Математика сабағы кезінде шығармашылық дамытуды атқаратын
әдістемеліктер
 
Оқушылардың ойлау қабілеттерін логикалық есептер арқылы дамыту.
 
 
2.           Математика сабағында дидактикалық бірліктерді ірілендіру.
 
      математика сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану
 
       Жаңа тақырып өткізу сабақтарында педагогикалық технологияны
пайдалану
 
 
       Сабақ жоспары
 
       Қорытынды
 
       Пайдаланған әдебиеттер
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кіріспе.
       Ұстаз еңбегінің күрделігі - әрбір оқушының жүрегіне жол табуда,
әрбір баланың бойындағы қабылетті дамыту үшін жағдай жасауда. Ең бастысы:
мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның
бойында өзін, өмірде, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек,
әрбір іс-әрекеті үшін өзінің, жолдастарының, мектептің, қоғамның алдындағы
жауапкершілікті, адамгершілік қадір-қасиетті сезінуді тәрбилеуі керек.
Танымның қиын жолындағы балалар жетістігі мұғалімнің әрбір оқушы
мүмкіндігіне сенім артуына, оның табандылығы мен шыдамдылығына, шәкіртіне
дер кезінде көмекке келе білуіне тікелей байланысты.
       Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат
тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз
оқушыларының дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған.
       Адамның ақыл- ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына
жеткізу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған шығыстың
әйгілі ойшылы Әл-Фараби болады.
       Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қырық үшінші қара сөзінде
бала өмірге келгендегі қабілетті әрі қалай дамытуды, шыңдауды қажет
ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал назардан тыс қалған
қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.
       М.Жұмабаев өзінің педогогика оқулығында баланың дамуының мәселелерін
көтереді. Ол үшін оның танымын, ақылын, еркін, зейінін қалыптастыру керек
екенін жазады.
        Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін таңдау ең
алдымен қабілет ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.
       Қабілеттер-білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері
дейді А. В. Петровский.
       Қабілет- іс-әрекеттің белгілі бір түйінін ойдағыдай, нәтижелі
орындауға көрінетін адамның жеке қасиеті деп жазады Т. Тәжібаев.
        Қабілеттер- адамның іс- әрекетінің белгілі бір түрін орындай алу
мүмкіндіктері - деген де анықтама бар. Мүмкін білім де, дағды да емес. Ол
адамның белгілі бір істі орындауға даярлығы,- деп қарастырады Ә.
Алдамұратов.
       Психология қабілеттердің 2 түрлі деңгейі болатындығын дәлелдейді.
       Репродуктивті (өнімсіз) – іс- әрекетті не білімді берілген үлгі
бойынша қабылдай, меңгере алу деңгейі.
       Шығармашылық- жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер
деңгейі.
       Ал шығармашылық сөзінің мәні неде? Шығармашылық сөзінің төркіні
(этимологиясы) шығару, іздену, ойлап табу дегенге келіп соғады.
Демек бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап, жетістікке қол жеткізу
деген сөз. Ал шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я.Н.
Понаморев оны даму ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе
интелектуалдық тұрғыдағы, баланы жаңа психологилық сапаға
көтереді.                                              
       Бұдан біз  шығармашылық ұғымының негізгісі белгісі  жаңалық
болғанымен, ондағы тұлғаның, адамзаттың қоғамның дамуына әсер ететін ерекше
күштің  бар екенін байқаймыз.
       Шығармашылық қабілет деген не? Қабілеттердің деңгейге көтерілуі неге
байланысты? – деген сұрақтар әрбір ұстазды мазалайды деп ойлаймын.
Шығармашылық әрекет өте күрделі процесс және ол адамға ғана тән.
Шығармашылық- адамның іс- әрекетінің түрі.
       Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері 2 түрлі әрекетте дамиды:
       Біріншіден, кез келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі
жинақтаған тәжірбиесін меңгертуге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды,
білімі, білік дағдыны қабылдайды.
       Екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы
өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің
айырмашылығы ол баланың өзін-өзі қалыптасуына, өз идеясын жүзеге асыруға
бағытталған жаңа әдіс- тәсілдер іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге
талпыныс жасайды.
       Бүгінгі бастауыш  сынып оқушыларының кез-келгені шығармашылық
тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады.
       Ол үшін мына төмендегі шарттар орындалуы тиіс:
       Біріншіден-баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан
қолға алу. Мысалы; біз тіл үйрету үшін баланың туған сәтінен бастап сөйлесе
бастаймыз ғой. Музыканттар жанұясында үнемі музыка естіп өскен баланың сол
өнер қабілеті өте ерте ашылады. Осыны басқа қабілеттер дамытуға неге
пайдаланбасқа?
       Екіншіден-баланың жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық
әрекеттер жағдайында болуы. Ерекше ойды талап ететін әлеуметтік қарым-
қатынастар шығармашылық қабілеттерді дамытуға тиімді әсер етеді деп
ойлаймыз.
       Үшіншіден-шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінің ең
жоғарғы деңгейіне жетуі керек. Осындай тынымсыз ой қызметі ғана бала
дамуында үлкен нәтиже береді.
       Төртіншіден-және ең негізгі шарт-бала әрекетінің әр түрімен
айналысуға , тыңдауға деген еркіндігінің болуы. Баланың жұмыспен айналысуға
деген қызығушылығы, қанша уақыт айналысамын десе де өз еркі болуы керек.
Мұндай қызығушылық, қажеттілік табысқа жетудің бірден-бір кепілі болып
табылды. Міне, бұдан шығармашылық қабілеттердін дамытудың бесінші шарты
шығады-еркіндік, ойға не келсе, соңы істеуге, ал қамқорлық, көмек бала үшін
жұмыс істеуге айналмай, балаға елеусіз болса да, өз күшімен, өз ойымен,
қиындықты жеңе отырып, жаңалық ашуға жағдай жасау керек.
1.          Оқушылар шығармашылығының  тәрбиелік мәні.
       Жалпы орта білім беретін және кәсіптік мектеп реформасын жүзеге
асыруды жылдамдату жаңа мектептегі бүкіл білім мазмұнын, оның құрылымдық
жүйесін жаңартуды қажет етеді. Білім беру ісін ұйымдастыру мен басқарудағы
демократиялық пен жариялылық мемлекеттік-қоғамдық басқару принципі, оқыту
мен тәрбиелеу ісін ізгілендіру жаңа мектепке жетудің бірінші кезектегі
тиімді жолы ретінде танылады.
       Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы
шығармашылықты дамыту көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарыстырылған.
       Онда проблемалық оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауын
дамыту талданып, проблемалық оқыту индуктивтік-гипотезалық-дедуктивтік
тәсілін ұсынған.
       Бірақ та оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту көптеген
еңбектерінде зерттелмегенде, бұл мәселені толықтай шешілген деп есептеуге
болмайды.
       Осы орайда ең алдымен шығармашылық түсінгіне тоқталып өтелік.
Әдебиетте шығармашылық түсінігі-жаңа өзіндік нәрсенің жасалуымен
байланысты, сонымен қатар көшімелік іс-әрекетке қарсы қойылады. Кейбір
деректерде шығармашылық құбылыс деп қарастырылған.
       Ал, педагогикалық ғылымда шығармашылық түсінігі, оқушылардың өзі
үшін жаңаны, яғни субъективті жаңаны жасау қызметін немесе адамның іс-
әрекетінің белсенділігі мен дербестілігінің ең жоғарғы түрі деп
түсіндіріледі. Осыған байланысты оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып
оқытудың жаңа информациялық технологиясын пайдаланған жөн.
       Жаңа информациялық технология білім беру саласын дамытуға оқыту
құрамы ретінде пайдалануға төмендегідей мүмкіншіліктерді, яғни оқу процесін
даяралауға оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға бағыттау, оқушының өзіндік
танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жекеше оқытуды
дамыту және пәндердің бір-бірімен байланысын көздейді. Білім беруді
ақпараттандырудың негізгі мақсаты-ақпараттық білімдік кеңістікті оқу-тәрбие
процесінде қалыптастыру.
       Педагогикалық жүйенің деңгейлік әдістері меңгерудің даралап оқытуын
талап етуге негізделген. Деңгейлік даралап оқытуды меңгеру кезінде
деңгейлік өзіндік және бақылау жұмыстарын, сол деңгейлік жұмыстарға
сәйкесінше талаптарды (үйренуішілік, алгоритмдік, эвристикалық,
шығармашылық) жетілдіру көзделген.
       Үйренушілік деңгей міндетті минимум, ал қалған деңгейлер оқушының
дербес талап-сұранысына байланысты лайықты білімді, дағдыны, шеберлікті
шындауына мүмкіндік береді. Оқу процесін ұйымдастырудың деңгейлік
даралаудың негізі әрбір үйренушіге өзінің динамикалық дамуын, сонымен бірге
даму жолының төменгі деңгейден жоғары деңгейге ұмтылуын қамтамасыз етеді.
       Бірінші деңгей-үйренушілік. Оқушылардың жаңа тақырыптан алған
білімдерін бекіту үшін, еске түсіріп, қайталау үшін және алған білімдерін
практикада қолдана білуге жаттықтырады. Берілген есептер мен тапсырмалар
өмірмен, қоршаған ортамен байланыстырылған болуы керек. Мұнда оқушының
қызығушылығына, таным бірлігіне назар аударылады.
       Екінші деңгей-алгоритмдік. Мұнда кері байланысқан функцияларды
орындау үшін тексеру тапсырмалары, іріленген  материалдарды жүйеге
келтіруге, реттеуге арналған, мазмұны өзгертілген жағдайға тапсырмалар
беріледі. Сонымен қатар ұлттық негізде құрылған, көбінесе танымдық және
үйренушілік мәні бар тапсырмалар, мысалы, сөзтізбектер, ребустар, ойлауға
арналған тапсырмалар беріледі.
       Үшінші деңгей-эвристикалық. Оқушыларға берілген тапсырмалар
танымдық ізденіс түрінде, игерген білімді тереңдету үшін әр түрлі логикалық
операцияларды (анализ, синтез, салыстыруды) керек етеді.
       Төртінші деңгей-шығармашылық, әрбір тапсырманы өз бетімен түсініп,
талдай отырып орындау ғылыми шығармашылық тұлғадан шағын зертету жұмысын
жүргізіп, (кішкентай) жаңалық ашқанмен бара-бар. Есеп шығару барысында ой-
өрісінің кени түсіп, негізгі математикалық заңдылықтарды тереңірек түсінуге
жол ашады.
       Осындай талаптарға сәйкес құрылған өз бетімен деңгейлік
тапсырмаларды сатысы бойынша оқушының математика сабағында өзіндік
шығармашылық қабілеті дамиды.
 
 
1.1     Математика сабағы кезінде шығармашылық дамытуды атқаратын
әдістемеліктер.
       Математиканы оқуға, жалпы еңбекке деген оң көзқарас та сапасы да
нәтижелі жүзеге асырылатын оқу үрдісіне қалыптаса бастайды. Оқушы
математиканы оқудың қажеттілігі, өзінің парызы мен міндеттері, өзі үшін
және өзінің болашақ өмірі үшін осы еңбектің керектігі туралы қанша естісе
де және өзі осы сөздерінің дұрыстығын қанша сезіне тұрса, осы іске кіріспе,
онда математиканы оқуға деген ешқандай себеп тумайды, оның үстіне осы
еңбекке деген бірқалыпты қызығу қабілеті қалыптаспайды. Оқушының оқуға
дайындығын қалыптастыратын барлық нәрсе осы математиканы оқу барысында
қалыптасады.
       Математика сабағында өздігінен жұмыс істеудің тәрбиелік мәні бар.
Тек өздігінен жұмыс істегенде ғана оқушы өз мүмкіндіктернін біліп жарқын да
жайдарлы қанағаттану көңіл-күйін сезіне алады. Математиканы оқып еңбектену
барысында оқушының рухани өмірінің байлығы: ой-өрісі мен сезімдерінің
тереңдігі, қиял еркінің күші ашылып, мінезінің негізгі қырлары қалыптасады.

       Математиканы оқуда, сонымен қатар оқушының жігер-қайраты, жатады,
ілтипаты дамиды, жүйелі түрде жұмыс істеу, өз ойын (ауызша, жазбаша)
дәл,                                                 
дәйекті ақын көрсету дағдылары қалыптасады.
       Бастауыш сыныптан бастап оқушы алғашқы рет математика оқулығын оқып
үйренеді: оқулықтан мағлұматтарды алып үйренеді, бұл республикамыздан
білгір азаматтарын тәрбиелеуге байланысты мұғалімнің алдында тұрған үлкен
міндет.
       Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу пәндері
әдістемелері мен білім беру технологиялары жоспарлау жүйесі қолданылады.
       Пәндердің әдістемесін қолдануда жоспарлау мынаған келіп тіреледі,
яғни әр оқушының өз кезені барыснда мұғалім оған қажетті әрбір жаңа
педагогикалық технологиялар мен әдістемелерді міндетті түрде пайдалануы
қажет. Бұл үшін мына төмендегі түсініктерді ескерген жөн:
  -оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескеру;
  -әдістеме мен технологияның сабақтастығы;
  -оқушының өз бетінше іс-әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім
тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту;
  -параллель сыныптардағы сынып топтарының ерекшеліктерін ескеру;
  -мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болуы т.б.
       Демек, педагогикалық технология мен әдістемелерді (мұғалімнің қалауы
бойынша) төмендегідей етіп жоспарлауді ұсынуға болады.
Бастауыш мектеп:
  -дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.В. Занков, Д.В. Эльконин, В.В.
Давыдов, В.В. Репин, В.А. Левин);
  -дидактикалық бірліктердің ірілендіруі (П.М. Эрдниев);
  -түсініктерді қабылдау (С.Н. Лысенкова);
  -нәтижелі әдістемелер және оны қабылдау;
  -іс-әрекетті бағалау (Ш.А. Аманшвили, И.П. Волков);
  -оқулықсыз оқыту (В.В. Агеев);
  -ойын әдістемесі және оны қабылдау (М. Монтессори, Р. Штейнердің жүйесін
қабылдау);
  -сын тұрғысынан ойлауды дамыту (Ж. Пиаже, Л.С. Высотский).
 
 
1.2     Оқушылардың ойлау қабілеттерін логикалық есептер арқылы дамыту.
       Математиканы оқытудың әрбір кезеңінде оқушылардың программалық
материалдары оқып үйренгендей қабылдауға терең де берік білімдеріне,
іскерліктеріне және дағдыларына, сонымен бірге математиканы оқытудағы
қызығушылығын дамытуға да байланысты болады.
       Сынып оқушылары бірдей емес. Олардың ішінде математиканы сүйіп
оқитын, оған ынтасы зор да бар. Оларды жеңіл, бірыңғай жаттығулар орындау
жалықтырады. Сондықтан белгілі бір ережені меңгеретін жаттығуларды
орындағанда оларға қиынырақ тапсырмалар, міндетті емес тапсырмалар берілуі
қажет.
       Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі шешімдері табылмаған
проблемалар аз емес. Соның бірі оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту, кітапқа, оқуға, білім алуға, деген құмарлықтарын арттыру.
       Осындай проблемаларды шешу мақсатында бастауыш сыныптан бастап
логикалық есептерді шығару керек.
       Ұлы ғалым Д.И, Менделеев мұғалімдердің ғылымының сарқылмас көзін
ашудағы еңбектерін жоғары бағалаған. Ғылымда мұғалім ғана оқушыларына
терең де мағыналы білім бере алады деген.
       Оқу еңбегінің қаруы-ой. Логикалық жеке пікір мен өзіндік талдау
біртұтас. Бұл талаптар ой мен іс-әрекетінің негізгі өзегі болып келеді. Ол
үшін әр адам өз орнында еңбек өнімділігін арттырып қана    қоймай,        
оның сапасын қалай   өсіру  керектігін ойластырғаны жөн.
       Қоғамның, ой-санасының өсі, жаңа сапалық деңгейге шарықтау кезеңі,
еліміздің егемендік алып, өркениетті елдерінің қатарына қосылуы- жаңа
заманның жастарынан өзіндык таланты мен табиғи қабіелтін жетілдіріп қана
қоймай, олардың жаңашыл болуын, ізденістерін ұштауын талап етеді.  Бұл
орайда математика, логика, информатика пәндері басты мәнге ие.  Есептер
шығарғанда олардың ойларынан теориялық негізгі логикалық түсініктемелерге,
әртүрлі ситуацияларға негізделген ғылыми көріністер байқалады. Әрбір таным
қанағаттанарлық сезімге бөлу үшін адамның ғылыммен ішкі үндестігі және
логикалық үндестігі біртұтас болғаны жақсы. Тек осындай жағдайда ғана
білімнің қыры-сыры  ашылады, түсінбей жаттап алу, ойды жүйесіз баяндау
әрекетті сирейді. Бұған қалыптасқан оқушылардың қиялы шарықтап, білімге
құлшынысы артады.
       Оқушылардың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін олардың өзіндік күш-
қуаты мен сенімін арттыру керек. Қолынан келетін көп істердің
мүмкіндіктеріне бағыт  берген абзал.
       Оқушылардың білімді меңгеру үрдісі негізінен мына компоненттерден
тұрады.
 1.Қабылдау.
 2.Түсіну.
 3.Есте сақтау.
 4.Қорыту және жүйелеу.
       Балалардың ойлауын дамыту туралы М. Жұмабаев былай деген: Ойлауды
өркендету жолдары. Ойлау-жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау
тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен
басқыштап іс істеу керек.
       Өркендету жолдары мыналар:
   1. Баланың жанында дұрсы ашық суреттеулердің көп болуына жағдай қылу
керек. Қанша дегенмен адам суреттер бойынша ойлайды. Сондықтан балаға бір
пікір ұқтырмақшы болсақ, жалаңаш пікір айтудың қажеті жоқ, бала пікірді
суреттің өзінен шығарып алсын.
   2. Бала заттарды, көріністерді, ұқсас сандары бойынша топ -топқа бөлу
сияқты, мысалы: дыбыстарды, әріптерді бөлу өсімдікті, жануарды топ-топқа
 бөлу сияқты. Бірақ баланы заттарды, көріністерді топ- топқа бөлгізіп
үйреткенде, жеңілден ауырға көшуді естен шығармау керек.
   3. Бала көріністерінің, ойлардың аралығындағы байламды, олардың қайсысы
қайсысына себеп екені біліп үйренсін. Бұл балаға мысалдардан ерекше заң
шығартқызып, үйрету сияқты істермен болады.
       Жаңа буын математика оқулықтарында Жасыл қоршаудағы стандартты
емес тапсырмалар берілген. Бұл материал қазіргі математиканың бастауыш
буынның білім мазмұнындағы Төртінші блок-мазмұндық логикалық есептер мен
тапсырмалардың жүйесі... және ол ... оқушы зейінін, қабылдауын, қиялын,
есте сақтауын, логикалық ойлау элементтерін дамытуға бағыттамасы.
       Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой
ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда,
есептің шартын құра білуге қалыптастырады. Бір есептің бірнеше шешімдерін
табуға жетелейді. Әрбір сабақ қызықты есептермен аяқталып, логикалық
есептер оқушылардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет.
       Оқулықтағы шығармашылық жаттығулар оқушылардан тек қана
математикалық білім емес, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі жағдайға
байланысты білім талап етілетін тапсырмалар. Бұлар негізінен оқушылардың
байқағыштығын, ойлауын, қиялын дамытуға негізделген. Бұл -өте қиын, аса
жауапты, бірақ игілігі мол, ардақты жұмыс.
   1. Салтанат, Ләззат, Назерке, Гүлнәрдің туған күндері-2-ші ақпан, 10-шы
қазан, 2-ші маусым, 28-ші ақпан. Ләззат пен Назерке бір айда туған. Ал
Салтанат пен Ләззаттың туған күндері бірдей сандар. Балалардың әрқайсысының
қай айда, қай күне туғанын анықта.
       Шешуі: Ләззат-2-ші ақпан, Салтанат-2-ші маусым, Гүлнәр-10-шы қазан,
Назерке-28-ші ақпан.
   2. Сағат 22-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап
тұруы мүмкін бе?
   3. Шаян жоғары қарай қозғалып барады, 3 таяқшаның орнын ауыстырып, оны
төменге қарай қозғалат.

1.     1-ден 9-ға дейінгі сандарды дөнгелектерге орналастыр. Сонда түзу
бойында орналасқан үш санның қосындысы 15-ке тең болсын.
 
 

[pic
]

 
 

[
p
i
c
]





 
 
 



         
        5+1=6
    5+1=6

 

        5+1=6

 

            
түріндегі төрт аралық операцияны пайымдау арқылы шешу, ойлау әрекетінің
ішкі потенциялы резервтерін ашуға көмектеседі. П.К. Анохин
тұжырымдамалармен айтсақ, табиғаттың айнымас заңдылыктарының бірі кері
байланыс заңының іске қосылуына тиімді.
       ДБІ технологиясының басты ерекшеліктерінің бірі кері есептерді
шығару, кері  есеп ұғымы ғылымға  өзіміз жоғарыда айтып өткен академик
П.К. Анохин енгізген кері байланыс деген психологиялық ұғыммен байланысты.
Кері есептерді шығару, тура есепті кері есепке айналдыру арқылы баланың
белсенділігі, қызығушылығы артады, шығармашылық дербестік пайда болады.
       Математикалық әдебиеттерден мынадай ережені көп кездестіруге болады:
Математикадағы басты нәрсе-ұғымдарды ой елегінен қайта өткізе білу. Кез
келген тура есепті кері есепке айналдыруда бір сан екі рольде болады.
Біріншіден  екі санның қосындысы. Көбейтіндісі түрінде болса, екінші
жағдайда айырма не бөлінді қызметін атқарады. Жаңа буын оқулықты бес түрлі:
қомындыны табуға, қалдықты, бірнеше бірлікке артық не кем табуға, айырмалық
салыстыруға берілетін есептердің кейбіріне кері болып табылатын есеп
ретінде белгісіз қосылғышты, азайғышты, азайтқышты табуға байланысты
есептер 1-сыныптан бастап-ақ енген.
       Кері есеп алғаш көрнекіліктер арқылы түсіндірілуі тиімді. Мысалы:
үстелге 5 кітап қойып, оның жанына портфельді орналастырған соң, мына есеп
айтылады: Үстелде 5 кітап бар, ал потфельде кітаптардің 3-уі артық.
Портфельде қанша кітап бар?. Бұдан соң не белгілі, не белгісіз, артық па,
кем бе, екенін анықтауға арналған сұрақтар беріліп, жауаптар алынады. Есеп
шығарылады. Кейбір есепке көшер алдында, үстелдегі кітаптарды алып тастап:
балалар, портфельде 8 кітап бар, ал үстелдегі кітаптың одан 3-уі кем.
Үстелде неше кітап бар?-деген сұрақ қойылады. Есеп шығарылған соң алдыңғы
есепте не белгілі болады, нені таптық, ал соңында ше? Деген сұраққа
жауаптар алынады. Белгісіздігі бірінші жағдайда қандай амалмен тапқанымызды
анықтаймыз. Содан кейін ғана кері есеп ұгымы енгізіледі.
       Осы типтердегі көрнекіліктер арқылы шешуді меңгерген кезде
төмендегідей абстрактылы есептерге көшуге болады.
Мысалы:
Тура
есеп                                                                     
Кері есеп
3,2, ... .                                                                     
            ... .,5
 
Ардақ 3 жаста, Ерден одан                                Ардақ 3 жаста,
Ерден 5 жаста.
2 жас үлкен. Ерден неше жаста?                       Ерден Ардақтан неше
жас үлкен?
 
       
Шешуі:3+2=5                                                              
Шешуі: 5-3=2
 
       Жаңашыл мұғалімдерің пікірі бойынша есептің осылай беріліп,
шешілуінің пайдалы екені айтылып өтіледі. Технологияның кейбір қиындықтары
кері әдістің теориясын білмеуден болып жатады.
       Деформацияланған жаттығуларды шешу.
       ДБІ технологиясындағы басты ерекшелік
18:...+65=67 түрінде әйнекшелермен берілген мысалдарды щығару психологиялық
тұрғыдан алып қарасақ, оқушы бірнеше қайтара салыстырулардан тұратын әрекет
барысында логикалық операциялардың жаңа түрлерін меңгере отырып, ойлаудың
жоғары сатысына көтеріледі.
       Деформацияланған жаттығулар бірте-бірте күрделене түседі. Оны
математика оқулығынан байқауға болады.
       Ал келесі ерекшелік-шығармашылық тапсырмалардың мол болуы.
       Осыдан біраз уақыт бұрын ғана мұғалім тақырыпқа, нақты сабаққа
қажетті шығармашылық тапсырмаларды әртүрлі қосымша әдебиеттерден іздеп,
оған көп уақыт кетіруге мәжбір болатын. Жаңа буын оқулықтарында бұл мәселе
өз шешімін тапқан. Оқулық мазмұнында баланын интелектісін, қабілеттерін,
шығармашылығын дамытуға тапсырмалар қарастырылған. Бұл тапсырмалар ойлаудын
жоғары деңгейіне берілгендіктен сабақта шешуін орындай алмаған оқушыға
қанағаттанғысыз баға қойылмауы талап етіледі.
       Мысалы,  3-сыныптан: Көгалда бірнеше қозы мен қаздар жайылып жүр.
Олардың бастарының саны 25, ал аяқтарының саны 70... Қозылар нешеу, қаздар
нешеу?- деп берілген тапсырманы шешу оқушылардың ойлылықты, байқампаздықты
талап етеді. Оқушының шығармашылығы қалыптасады.
       Бір айта кететін мәселе шығармашылық тапсырмалар өз дәрежесінде
орындалып, тиісті нәтиже беруі үшін оларды дұрыс ұйымдастырудың ролі зор.
Оқушыларды қызықтыру, ойландыру, барлық жауаптарды тыңдау, оларды талдау,
дұрыс шешімдерді дәлелдеу сияқты кезеңдер тәртібі сақталуы керек. Тек сонда
ғана оқушы жаңалық ашу мүмкіндігіне ие болады.
       Дәстүрлі әдістемеде ауызша есептеулердің төмендегідей түрлерін
жүргізу қабылданған:
       1. Математикалық өрнектердің мәндерін табу.
 2.Өрнектерді салыстыру.
 3.Теңдеулерді шешу.
 4.Есептерді шығару.
       Жаңа жағдайға бұл жұмыстар жаңа мәнге ие болып, енді тек есептеп
қана қоймай, қорытындылар жасауға үйренеді. Демек, талдау, жинақтау,
салыстыру, байқау арқылы өз пайымын айтуға, ортаға салуға машықтанады.
1. Бұл жағдайға салыстыруды төмендегідей етіп, жүргізу сұралады:
         16 ... .10+6                                        16 ... .20-4
 
         16 ... .8+8                                         16 ... .19+7
2. Әйнекшелермен берілетін теңсіздіктер енгізіледі.
         8. ... .                                             11 ... .17
         8 ... .                                             15 ... .12
3. Математикалық заңдарға негізделген теңсіздіктерді шешу:
         10+6 ... . 6+10                                   10+4 = 4+ ... .
         17-7 ... .. 17-10                                 15-4 15- ... .
         9+4 ... .. 9+5                                       7+8    7+ ... .
4. Атаулы сандарды қосу, азайту, салыстыруға  берілетін есептеулер.
         6 м ... ..60 дм
         6 м ... ..60 см
         2 м +5 ... ..= ... ..дм
       Тәжірбиеуде ауызша есептеуді орындау көрнекіліктер, карточкалар,
ойындар арқылы ұйымдастыру қабылданған.
Саңырауқұлақтар (1- сынып)
Дидактикалық мақсаты: ауызша шапшаң есептеу дағдысын қалыптастыру.
Қажетті құрал жабдықтар: мысал жазылған саңырауқұлақтар.
Сыртында жауаптары жазылған 3 себеп.
Ойын мазмұны: ойынды топқа бөліп ойнатуға болады, тақта алдында
қалпақшаларына мысал жазылған саңырауқұлақтар. Әр топ мысалдарының жауабы
көрсетілген себептерге сәйкес саңырауқұлақтарын жинайды. Мысалы, 1- топ -6,
2- топ-7, 3- топ -8.
Мысалдар қосу және азайту амалына беріледі.
Себептерін бұрын толтырған топ жеңімпаз аталады.
 Сан ретін тап (1- сынып)
Дидактикалық мақсаты: Санның ретін есте сақтау қабілетін қалыптастыру.
Қажетті құрал- жабдықтар: 10*10 см өлшеммен дайындалған карточканың бет
жағында сан және буын жазылған.
Ойын мазмұны: дайындалған карточкалар магнитті тақтаға шығарып,
орналастырады. Мұғалім сандар ретін қайталатады. Оқушылар сан ретіне сәйкес
жазылған буындарды жазып шығуға тиіс. Нәтижесінде құрастырылған тәрбиелік
мән бар мақал- мәтел, нақыл сөз, сөз тізбектерін оқуға болады.
Үлгі:
 

4 бі

 

[өңдеу] Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау.
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің
шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне
жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза
ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін ,
мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі –
педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге
талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация
мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы
мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының
жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға
қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік,
дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік,
ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен
сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты,
шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында
жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды
меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу
қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты
білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және
жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады.
Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен
ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде
білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет.
Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің
қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы
адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға
бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім
беру парадигмасы білікті адамға бағытталған білімнен мәдениет адамына
бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру-
оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен
тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың
идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет
дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын
жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары
мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық
технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу
оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік
позицияны қалыптастыру.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында
мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби
шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде
проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті
жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы
құзыреттілікті меңгере отырып тек  кәсіби икемділігін оңтайландыруды
қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін  үнемі оқып – үйрену
және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен
қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы
мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең
алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі
бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды
қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен
ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты
қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы
саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына,
өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен
жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің
сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің,
зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде
білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты
мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім
кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның
құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру
жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы
алғанда құзырлылық ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова Құзырлылық ұғымы –
соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше
көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы сомпетенсбелгілі сала бойынша жан –
жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар
төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді деп
көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева ... өзінің практикалық әрекеті арқылы
алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын –
құзырлылықтар деп атаймыз  деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның
көзқарасы бойынша, Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның
дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы .
Латын тіліндегі  компетенссөзін ғалым К.Құдайбергенова Құзырлылықты
білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын , ең бастысы тұлға
мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын
толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім
беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік
көзқарастарды есепке алу қажет деп жазса, Б.Тұрғанбаева Құзырлылыққа
бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі
молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі
бола алады. Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың
өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты  деп көрсетеді.
Қ.Құдайбергенова Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді
шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен
өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал
құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей
байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде
кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады деген тоқтам жасайды.

[өңдеу] 12 жылдық білім беру

Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог
кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат
екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей
құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.
1. Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
2. Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.
3. Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның
негііздерін қолдана білу қабілеті.
Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог
қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім
саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін
тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Студенттер оқытушы
қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп
отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел
ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы:ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты
бағыт- бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы.Міне,
құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім - қазіргі
студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың ,
интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге,
білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды
қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде
қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде
белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды
талап етеді.
Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады:
• бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну,
баға бере білу, елжандылық, т.б);
• мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз
халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай
білу қабілеті);
• оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра
білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын
игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
• коммуникативтік құзіреттілік ( адамдармен өзара қарым-қатынас
тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық
қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);
• ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен,
техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу,
таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
• әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға
талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке
басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);
• тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық
және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен
тәжірибесінің болу қабілеті).
Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның
арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан- жақты болуы талап
етіледі.Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып,
өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде
қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана
студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен
айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай
тұлғаның жан- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір
жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне
байланысты болады.

[өңдеу] Кәсіби деңгейдің дамуы

Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби
шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп
көрсетеді.Мысалы, ұлы педагогтер А.Дистерверг ,К.Ушинский А.Макаренко
,В.Сухомлинский ,т.б мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы , адамның жан
дүниесі , рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық
шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда
педагогикалық шеберлік- кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін
мұғалімнің жеке қасиеттерінің , оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы
мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің
төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.
Обьективті критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес
әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі.Жоғары еңбек
көрсеткіші,әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б
жататындығын атап өтеді.
Субьективті критерийлер. Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына,
қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат
табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субьективті критерийлерге
кәсіби – педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын , оның құндылығын
түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.
Нәтижелі критерийлер. Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге
қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады.Біреулер нәтиже
ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер
олардың қарым- қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге
дайындығын басты назарда ұстайды, ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың
психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті арқылы
алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы.
Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол
арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.Шығармашыл мұғалім
үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері
мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың
болуының мәні зор. Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр
мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс. А.Маркова оның кезеңдерін
төмендегідей етіп бөледі: мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі:
мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңі:мамандықты еркін меңгерген кезең:
мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең. Осылайша ғалым кәсіби
құзыреттіліктің сипаттамасын шебер- мұғалімнің , жаңашыл- мұғалімнің,
зерттеуші- мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық
бейнесі ретінде қарастырады.
Ең бірінші кезекте мұғалімнің  өзіндік жаңалығы болуы қажет. Ғылым
жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы
өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс-
әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.Қазіргі
кәсіптік- педагогикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика сабағы кезінде шығармашылық дамыту
Жаңа тақырып өткізу сабақтарында педагогикалық технологияны пайдалану
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
Математика сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
Оқушылар шығармашылығының тәрбиелік мәні
Құқық пәнін оқытудың бағдарламасы әдіс-тәсілдері және жетілдіру жолдары.
ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ
Шағын жинақты мектеп мұғалімінің сабаққа дайындығы
Тірек - сызба нұсқаларын пайдалану арқылы «атом құрылысын» оқыту
Шағын комплкетілі мектеп ауыл мұғалімдерінің іс әрекеті
Пәндер