Оқшы ата



1 Оқшы ата мазары
2 Ә. Қоңыратбаев «Оқшы.Ата туралы бірер сөз» атты мақаласы
Оқшы ата мазары Қызылорда облысының, Шиелі ауданының оңтүстік жағында 20 шақырым жерде, темір жол бойында жатыр. Бұл жерде бұл атамен бірге Асан ата, Ғайып ата, Қыш ата, Досбол датқа, Балаби сынды ел ардақтылары орналасқан.
Т. Қоңыратбаев еңбегінде: «Бұл Шиелі жерінде, Жөлектен 7 шақырым жерде тұрған ескерткіш» деп көрсетеді. Жан-жағындағы қираған құрылыстар мен толып жатқан күйдірілген кірпіштерге қарап В. Каллаур оны үлкен қала орны деген. Оның бір тұсында Оқшы Атаның биік күмбезі бар. Соған қарап ел бұл жерді Оқшы-Ата атап кеткен.
ХХ ғасырдың бас кезінде мазарда Каллаур болып танысқан. Қала туралы деректерді И. Кастанье «Древности киргизской степи и Оренбургского края» деген жинаққа енгізген.
Сыр бойы халқы Оқшы-Атаны әулие санайды. Бұл оны Ысқақ-Бабтың баласы деп танығандықтан туған ұғым болуға тиіс. Оқшы есімі оғыздар кезеңінен бар. Кейбір әңгімелерде бұл мазарды қалмақтардың салғаны айтылады. Алғашқы пікір бойынша, Оқшы түркі тайпаларының арасына ислам дінін таратқан әулие болып шығады. Екінші пікірді сараласақ, қалмақтар тұрғызған мазар.
Енді деректерге қарасақ, Оқшы әулие емес, оғыз тайпаларының батыры. «Қорқыт ата кітабында» ертедегі Сыр бойы тайпаларының арасындағы өзара тартыс суреттеледі. Бұл кезеңде Сыр өңірінде исламның келуіне байланысты түркілер тәңіріден шығып, исламға өту процесі басталған болатын. Бұл жерде Оқшы Ата дін шеңберінде көрінбейді. Оның үстіне Қылышты Ата, Оқшы Ата, Қорқыт Ата ислам емес, арғы дәуірлерге тән атаулар. «Ата» сөзінің түбірі – дадам. Ол көне оғыз тілінде «ата», «баба» деген ұғым берген.
Екінші пікір бойынша Оқшы Атаны әулие санап, қалмақтарға сәйкестендіретіндер бергі дәуірлерде пайда болған аңыздар болуы тиіс.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Оқшы ата

Оқшы ата мазары Қызылорда облысының, Шиелі ауданының оңтүстік жағында 20
шақырым жерде, темір жол бойында жатыр. Бұл жерде бұл атамен бірге Асан
ата, Ғайып ата, Қыш ата, Досбол датқа, Балаби сынды ел ардақтылары
орналасқан.
Т. Қоңыратбаев еңбегінде: Бұл Шиелі жерінде, Жөлектен 7 шақырым жерде
тұрған ескерткіш деп көрсетеді. Жан-жағындағы қираған құрылыстар мен толып
жатқан күйдірілген кірпіштерге қарап В. Каллаур оны үлкен қала орны деген.
Оның бір тұсында Оқшы Атаның биік күмбезі бар. Соған қарап ел бұл жерді
Оқшы-Ата атап кеткен.
ХХ ғасырдың бас кезінде мазарда Каллаур болып танысқан. Қала туралы
деректерді И. Кастанье Древности киргизской степи и Оренбургского края
деген жинаққа енгізген.
Сыр бойы халқы Оқшы-Атаны әулие санайды. Бұл оны Ысқақ-Бабтың баласы деп
танығандықтан туған ұғым болуға тиіс. Оқшы есімі оғыздар кезеңінен бар.
Кейбір әңгімелерде бұл мазарды қалмақтардың салғаны айтылады. Алғашқы пікір
бойынша, Оқшы түркі тайпаларының арасына ислам дінін таратқан әулие болып
шығады. Екінші пікірді сараласақ, қалмақтар тұрғызған мазар.
Енді деректерге қарасақ, Оқшы әулие емес, оғыз тайпаларының батыры.
Қорқыт ата кітабында ертедегі Сыр бойы тайпаларының арасындағы өзара
тартыс суреттеледі. Бұл кезеңде Сыр өңірінде исламның келуіне байланысты
түркілер тәңіріден шығып, исламға өту процесі басталған болатын. Бұл жерде
Оқшы Ата дін шеңберінде көрінбейді. Оның үстіне Қылышты Ата, Оқшы Ата,
Қорқыт Ата ислам емес, арғы дәуірлерге тән атаулар. Ата сөзінің түбірі –
дадам. Ол көне оғыз тілінде ата, баба деген ұғым берген.
Екінші пікір бойынша Оқшы Атаны әулие санап, қалмақтарға
сәйкестендіретіндер бергі дәуірлерде пайда болған аңыздар болуы тиіс.
Ә. Қоңыратбаев Оқшы-Ата туралы бірер сөз атты мақаласында Қорқыт
жырларындағы Оқшы есімімен байланыстырып, нақты тарихи тұлға – оғыз батыры
ретінде таныған: Қорқыт ата кітабының соңғы 12-жырында қыр қыпшақтары
Аруз, оның інісі Дондаз Қазанға қарсы бас көтерген. Бұл соғыста Аруздың
жәрдемшілері - Әмен, Рүстем, Ақсақ оғыздың баласы Оқшы болып көрінеді. Аруз
– Қазанға, Әмен – Теріс Ұзамышқа, Рүстем – Оқшы батырға қарсы тұрған, -
дегенде Оқшының тарихи тұлға екендігін көрсетеді.
Одан әрі қарай ғалым Оқшы-Ата есімін Бестам қаласының тарихымен шебер
ұштастырып: Ақсақ оғыздың баласы Оқшы-Ата Қазан әскеріне оқ дайындап
берген. Шиелідегі Бестам – сол Оқшының ұстаханасы. Оның мазары Бестамнан
айтарлықтай қашық емес. Бестам зауыттарын су астынан құтқарып, құрғатқан
жөн. Оқшы Қазан батыры болса, ол Х ғасырдағы Сыр бойы тайпаларының
тарихынан үлкен орын болады... Болашақ зерттеушілер аңыз емес, тарихқа
сүйенсе деймін. Аңыздан гөрі эпос өмірге жақынырақ, - деген тұжырым
жасайды.
Жөлек маңында оқшау тұрған Оқшы-Ата көп зерттелінген ескерткіш емес. Ол
туралы тарихи мәліметтер өте аз. Ғылыми зерттеулер жоқтың қасы. Бірақ Оқшы-
Ата маңындағы қала орнының көне дәуірлерден бар екені даусыз.
Ел арасында Оқшы ата мен Есабыз әулие туралы аңыздар бір-бірімен
байланыстыра айтылады. Бір қорымда қатар жатқан арыстарды жұрт бөлмейді,
құран оқыса бірге бағыштап жүреді.
Енді қасиетті бабалар туралы сол аңыздар былай екен.
Оқшының шын аты Көгентүп екен, ол жас кезінде жетім қалады. Күн көріс
үшін ел аралай жүріп, жалғыз қызы бар бір кемпір мен шалға тап болады. Олар
мұны өздеріне бала етіп асырап алады. Көгентүп кемпірді ана, шалды әке,
қызды қарындас санайды. Ержеткенде олардың асыраушысы - өзі болады. Егін
егіп, диқаншылықты кәсіп етеді.
Жас жігіт еңбекшіл ғана емес, құдай бойына қасиет берген дарынды азамат
болып өседі. Оның кірпігінің қалыңдығы сондай, көзін жауып тұрады екен.
Кірпігін қолымен көтеріп қалғанда бір күншілік жердегіні көретін қасиеті
болады. Мал жоғалтқан адамдар жоғының дерегін білу үшін Көгентүпке келеді
екен. Ол кірпігін көтеріп қалып, малыңыз пәлен жерде жайылып жүр деп жөн
сілтейді. Барса, расында солай болып шығады. Көгентүптің аты елге алдымен
біртіндеп осылай тарайды.
Сол бір заманда елді қалмақ жаулап алады да, оның ханы елге өз тәртібін
орнатады. Жебір билеуші жұртқа мынадай шарт қояды:
- Мені күнде бір үй асырап, қалыңдыққа қызын беретін болсын!
Хан жарлығы екі болмай, орындала бастайды. Тәлкекке түскен ел күңіреніп,
күйзеліске ұшырайды. Қарсы шығар амал таппай дағдарады. Осындай күндердің
бірінде ханды күтіп, қыз беру кезегі Көгентүптің ата-анасына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сырдария өзенінің орта ағысындағы қалалар мен елдімекендерде бұрын және соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер кезінде алынған деректер
АСАН ҚАЙҒЫ - ДАЛА ДАНЫШПАНЫ ТУРАЛЫ
Шиелі жерінің арғы тарихы - жалпы Сыр бойы тарихымен өзектес, бөлежара қарауға болмайтын біртұтас тарих
Оқушылардың айтылым дағдысын дамыту құралы ретінде ағылшын тілі сабақтарында дебат технологиясын қолдану
Қазақстан территориясындағы мазарлар
Найман тайпасы
Оғызнама
Қорқыт философиясының мәні
Қазақстанның басқа мемлекеттерден айырмашылық жақтарын көрсететін қандай рухани мұралар мен киелі жерлер ескерткіштері
Ежелгі дәуір әдебиеті Қазақстан тарихының дерек көзі
Пәндер