ІНЖІЛДЕГІ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МҰХАММЕД (с.ғ.с.) ТУРАЛЫ ХАБАР



1 Әлемдік саналатын үш дін
2 Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) пен Мұса (ғ.с.) пайғам.бардың ұқсастығы
Адамзат баласының жоғары моральдік құндылықтар биігінен төмен құлдырауы жеке адамды және жалпы қоғамды өнегелік әрі рухани жағынан тоқырауға ұшыратады. Бүгінгі күні бүкіл әлемді бұғалыққа салған мұндай трагедия мен бақытсыздықтың себеп-салдарын жоюдың жалғыз үміті ықылым заманнан бергі пайғамбарлар арқылы, яғни Адамнан бастап, Нұх (ғ.с.), Ибраһим (ғ.с.), Мұса (ғ.с.), Иса (ғ.с.) және соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) арқылы дүниеге есігін ашқан ақиқат діни сенімге бет бұруда жатыр. Ол үшін біз әлемдік саналатын үш дін – иаһұди, христиан және ислам діндерінің арасындағы қарама-қайшылықтар мен алауыздықты сейіл-туіміз қажет. Бұл діндер арасындағы ынты-мақтың нығаюына кедергі болып отырған себептердің бірі – иаһұди және христиан діні өкілдерінің Мұхаммедті (с.ғ.с.) Аллаһтың соңғы пайғамбары ретінде танымауы және Қасиетті Құранды Аллаһтың жерге түсірген соңғы Кітабы ретінде мойындамауы. Олар өз сөздеріне Інжілде Мұхаммедтің (с.ғ.с.) пайғамбарлығы жөнінде ақпараттар жоқ деген дәлел айтады. Тіпті адамзат тарихына бұрын-соңды болмаған жаңалық әкеліп, оған әлемдік деңгейде табанды түрде ықпал еткен, христиандық сенімнен гөрі жетілген дінді өмірге әкелген пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) тәрізді айрықша тұлға хақында Інжіл кітабында сөз болмауы мүмкін емес. Енді біз Інжілде соңғы Пайғамбарлық (с.ғ.с.) егжей-тегжейлі айтылып, болжанғаны туралы өзіміздің барлық дәлелдерімізді алға тартпақпыз. Інжілді мұқият оқыған адам одан Мұхаммедтің (с.ғ.с.) пайғамбарлық жолы туралы тікелей немесе жанама түрде баян етілген көптеген өлеңдерді табар еді. Біз тек Інжілдің үш жерінен мысалдарды алып, талдаймыз: 1. Екіншізаңдылық, 18-тарау, 18-өлең. 2. Исайя, 29 тарау, 12-өлең. 3. Евангелие Иоаннадан, 14-тарау, 12, 16, 17, 26-өлеңдер, 15-тарау, 26-өлең, 16 тарау, 7-14-өлеңдер.
Көне Өсиетте, «Екіншізаңдылық» кітабында (18-тарау, 18-өлең) Аллаһ Мұсаға (ғ.с.) айтады: «Мен оларға өздерінің бауырлары арасынан өзіңе ұқсайтын Пайғамбарын беремін де, Менің сөздерімді оның аузына саламын». Осы өлеңді таратып талдап көрелік. Қасиетті Інжіл Ибраһим туралы «Құдайдың Досы» деп айтады. Ибраһимнің Сара және Агирья (Хажар) дейтін екі әйелі болған. Агирья Ибраһимге (ғ.с.) тұңғыш ұлын тауып берді: «...Ибраһим Агирьядан туған ұлының атын – Измаил деп қойды» (Болмыс, 16-тарау, 15-өлең). Аллаһ тағала Ибраһимге (ғ.с.) Сарадан екінші ұл сыйлады, есімі Исаак деп қойылған ол Измаилден бір жасқа ғана кіші болатын.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ІНЖІЛДЕГІ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МҰХАММЕД (с.ғ.с.) ТУРАЛЫ ХАБАР

Адамзат баласының жоғары моральдік құндылықтар биігінен төмен
құлдырауы жеке адамды және жалпы қоғамды өнегелік әрі рухани жағынан
тоқырауға ұшыратады. Бүгінгі күні бүкіл әлемді бұғалыққа салған мұндай
трагедия мен бақытсыздықтың себеп-салдарын жоюдың жалғыз үміті ықылым
заманнан бергі пайғамбарлар арқылы, яғни Адамнан бастап, Нұх (ғ.с.),
Ибраһим (ғ.с.), Мұса (ғ.с.), Иса (ғ.с.) және соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед
(с.ғ.с.) арқылы дүниеге есігін ашқан ақиқат діни сенімге бет бұруда жатыр.
Ол үшін біз әлемдік саналатын үш дін – иаһұди, христиан және ислам
діндерінің арасындағы қарама-қайшылықтар мен алауыздықты сейіл-туіміз
қажет. Бұл діндер арасындағы ынты-мақтың нығаюына кедергі болып отырған
себептердің бірі – иаһұди және христиан діні өкілдерінің Мұхаммедті
(с.ғ.с.) Аллаһтың соңғы пайғамбары ретінде танымауы және Қасиетті Құранды
Аллаһтың жерге түсірген соңғы Кітабы ретінде мойындамауы. Олар өз сөздеріне
Інжілде Мұхаммедтің (с.ғ.с.) пайғамбарлығы жөнінде ақпараттар жоқ деген
дәлел айтады. Тіпті адамзат тарихына бұрын-соңды болмаған жаңалық әкеліп,
оған әлемдік деңгейде табанды түрде ықпал еткен, христиандық сенімнен гөрі
жетілген дінді өмірге әкелген пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) тәрізді
айрықша тұлға хақында Інжіл кітабында сөз болмауы мүмкін емес. Енді біз
Інжілде соңғы Пайғамбарлық (с.ғ.с.) егжей-тегжейлі айтылып, болжанғаны
туралы өзіміздің барлық дәлелдерімізді алға тартпақпыз. Інжілді мұқият
оқыған адам одан Мұхаммедтің (с.ғ.с.) пайғамбарлық жолы туралы тікелей
немесе жанама түрде баян етілген көптеген өлеңдерді табар еді. Біз тек
Інжілдің үш жерінен мысалдарды алып, талдаймыз: 1. Екіншізаңдылық, 18-
тарау, 18-өлең. 2. Исайя, 29 тарау, 12-өлең. 3. Евангелие Иоаннадан, 14-
тарау, 12, 16, 17, 26-өлеңдер, 15-тарау, 26-өлең, 16 тарау, 7-14-өлеңдер.
Көне Өсиетте, Екіншізаңдылық кітабында (18-тарау, 18-өлең) Аллаһ
Мұсаға (ғ.с.) айтады: Мен оларға өздерінің бауырлары арасынан өзіңе
ұқсайтын Пайғамбарын беремін де, Менің сөздерімді оның аузына саламын. Осы
өлеңді таратып талдап көрелік. Қасиетті Інжіл Ибраһим туралы Құдайдың
Досы деп айтады. Ибраһимнің Сара және Агирья (Хажар) дейтін екі әйелі
болған. Агирья Ибраһимге (ғ.с.) тұңғыш ұлын тауып берді: ...Ибраһим
Агирьядан туған ұлының атын – Измаил деп қойды (Болмыс, 16-тарау, 15-
өлең). Аллаһ тағала Ибраһимге (ғ.с.) Сарадан екінші ұл сыйлады, есімі Исаак
деп қойылған ол Измаилден бір жасқа ғана кіші болатын. Исаак пен Измаил бір
әкеден, яғни Ибраһимнен туғандықтан, ол екеуі бір-біріне бауыр, және
олардың бірінің балалары екіншісінің балаларына да бауыр болып келеді.
Измаилдің ұрпағы – арабтар, ал Исаактың ұрпағы – еврейлер, сондықтан бұлар
бір-біріне бауырлар болып табылады. Інжілде: ...ол (Измаил) өзінің барлық
бауырларының көз алдында өмір кешеді (Болмыс, 16:12). Сосын Ибраһим
Құдайға айтты: О, Измаил сенің көз алдыңда өмір сүрсе екен! (Болмыс,
17:18). Және Измаил туралы мен сенен естідім: Міне, Мен оған рақымымды
берем де оны қайтарам, және өте көп ұрпақ өрбітем. Одан он екі басқарушы
туады. Сосын мен одан ұлы халық жасаймын. (Болмыс, 17:20). Осылайша,
пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Ибраһимнің ұлы Измаилдің ұрпағы
болғандықтан, ол өз бауырларының арасынан шыққан болып саналады. Бұл
жоғарыда келтірілген інжілдік өлеңнің ...өздерінің бауырларының арасынан
деген бірінші жолын дәлме-дәл растайды. Бұл жерде Мұса (ғ.с.) секілді
болашақ пайғамбардың Израиль ұлдары ішінен емес, өз бауырларының
ортасынан шығатыны туралы нақты әрі айқын болжам айтылған. Сондықтан
аталмыш өлеңнің бірінші жолы еврейлер арасынан шыққан пайғамбар Исаға
(ғ.с.) емес, біздің соңғы пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) қа-тысты
жазылған.
Өлеңнің екінші жолы болашақ пайғамбардың  Мұ-саға (ғ.с.) ұқсас
болатындығын көрсетеді (өзіңе ұқсайтын). Мұсаның (ғ.с.), Исаның (ғ.с.)
және пайғамбарымыз Мұ-хаммедтің (с.ғ.с.) өмірлерін талдау барысында бәрінен
де Мұсаның (ғ.с.) соңғы Пайғамбарға (с.ғ.с.) ұқсас болғанын байқау қиын
емес: біріншіден, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) те, Мұса (ғ.с.) да әке
мен анадан, яғни табиғи жолмен дүниеге келді, ал Иса (ғ.с.) әкесіз туды,
(Інжілдің айтуынша) ол ғажайып түрде өмірге келді. Екіншіден, Мұхаммед
(с.ғ.с.) те, Мұса (ғ.с.) да үйленді, балалары болды, ал Иса (ғ.с.) бойдақ
өмір сүрді. Үшіншіден, Мұхаммед (с.ғ.с.) те, Мұса (ғ.с.) да тек Пайғамбар
ғана емес, Әмірші де болды, олар Тора мен Құран талаптарына сай сот
үкімдерін, тіпті өлім жазасына дейін белгіледі. Ал Иса (ғ.с.) тек
пайғамбарлық міндетті орындау үшін жіберілді. Менің патшалығым бұл
дүниеден емес, егер Менің патшалығым бұл дүниеден болса, онда қызметшілерім
менің иаһұдилерге берілмеуім үшін ат салысар еді, бірақ менің патшалығым
мұнда емес (Иоаннадан, 18:36). Төртіншіден, Мұхаммед (с.ғ.с.) те, Мұса
(ғ.с.) да өз халықтарына жаңа Заңдар мен нұсқаулар ала келді. Ал Иса
(ғ.с.): Мені Заңдар мен пайғамбарларды бұзу үшін келді деп ойламаңыздар.
Мен бұзу үшін емес, орындау үшін келдім. Сіздерге шын көңілден айтамын:
Аспан мен жер ауыспағанша, бәрі орындалмай тұрып, заңның ешбір йотасы
немесе ешбір белгісі ауыспайды (Матвейден, 5: 17-18). Бұл Исаның (ғ.с.)
жаңа дінді және жаңа Заңдарды әкелмегендігін көрсетеді. Бе-сіншіден,
Мұхаммед (с.ғ.с.) те, Мұса (ғ.с.) да кәдімгі табиғи өліммен дүниеден өтті
және жер астына көмілді, ал Иса (ғ.с.) болса (христиандардың есептеуінше)
көкке әкетілді, ол тірі, және біз оның екінші рет көзге көрінуін
күтудеміз...
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) пен Мұса (ғ.с.) пайғам-бардың
ұқсастығын дәлел-деуге осы  негіздер де жеткі-лікті шығар дейміз, дегенмен,
мұндай мысалдарды бұдан әрі де жалғай беруге болар еді.
Өлеңнің үшінші жолы: ...Менің сөздерімді оның аузына саламын деп
келеді. Расында, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Рамазан айының 27-сі күні
Хира тауында Жәбірейіл (ғ.с.) періште алғаш рет әкелген Тәңірінің сөзін дәл
сол қалпында айтпады ма!? Періште үңгірдің ішінде Мұхаммедке (с.ғ.с.) оның
өз ана тілінде: Оқы! деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) аб-дырап: Мен оқу
білмеймін! деп айтты. Жәбірейіл (ғ.с.) екінші мәрте бұйрық берсе де, дәл
осындай жауапты естіді. Үшінші рет періште былай деді: Оқы! Жаратқан
Иеңнің атымен оқы! Адамды Ол (ұйыған) қаннан жаратты. Оқы! Сенің Тәңірің –
ең ардақты. (Ол) қаламмен жазуды үйретті. Адамдарға білмегенін білдірді
(Құран, 96: 1-5). Сонда Мұхаммед (с.ғ.с.) періштенің сөздерін қайталау
керек екендігін түсінді. Бұл Қасиетті Құранның ең алғаш түскен бес өлеңі
(аяты) болатын. Інжілде ...Менің сөздерімді оның аузына саламын деп
болжанғандай, бұдан кейінгі жиырма үш жыл пайғамбарлық өмірінде Мұхаммедтің
(с.ғ.с.) аузына  көптеген ғажайып сөздер салынды. Біз, мұсыл-мандар, Исаның
(ғ.с.) Мессия (Христос дегенді білдіреді) болғандығын жоққа
шығармаймыз. Біз Көне Өсиетте молынан айтылған Мессияның келуі туралы
болжамдарға дауласпаймыз. Біз тек Екінші заңдылық, 18:18 өлеңі Иса (ғ.с.)
туралы емес, қасиетті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дәл әрі ап-анық
болжанғанын айтып отырмыз. Олар қолында Таурат, Інжілі бар елшілерге,
өздерін жақсылыққа бұйы-ратын, жамандықтан тыятын, таза нәрселерді ғана
халал  етіп, жаман нәрселерді харам  ететін, пенделердің мойындарындағы
ауыр жүктерді жеңілдететін, қол-аяқтарын бұғаудан (ауыр міндеттерден)
босататын пайғамбарға сенеді. (Пай-ғамбарларға) осылайша иланғандар, оны
құрмет ет-кендер, оған түсірілген нұрға (Құранға) ілескендер бақытқа
жетеді (7:157) – деген Құран аяты Інжілдегі Мұхаммедтің (с.ғ.с)
пайғамбарлығы тура-лы айтылған болжамды қуаттайды.
Исаия кітабында, 29-тараудың 12-өлеңінде айтады: Кітапты оқи да,
жаза да алмайтын адамға береді, оған айтады: Мынаны оқы дейді, ол: Мен
оқи алмаймын деп жауап береді. Аса танымал бір христиандық кітапта
келтірілген Інжілдегі бұл болжам тура соңғы Елші (с.ғ.с.) туралы
айтылғанына дау жоқ. Хира үңгірінде пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.)
алғашқы уахидің түсуі, Жәбірейіл (ғ.с.) періштенің: Оқы!– дегеніне Оның
(с.ғ.с.): Мен оқи алмаймын!– деген жауап қатуы Исаия кітабындағы
болжамның дәлме-дәл орын-далғанын көрсетеді.
Евангелие Иоаннадан кі-табында былай дейді: Маған сенетіндерге
ақиқатты ай-тамын, мен жасаған істерді ол да жасайды, және бәрінен артық
жасайды (14-тарау, 123-өлең). Мен Әкеден сіздерге басқа Жұбатушыны беруді
жалбарынып сұраймын, Ол сіздермен ғасырлар бойы бірге болады. Әлем қабылдай
алмаған, өйткені оны көрмейтін және білмейтін Ақиқат Рухын сіздер
білесіздер, өйткені Ол сіздермен бірге, әрі сіздердің іштеріңізде болады
(14-т., 16-17-өлеңдер). Мен Әкеден жіберген Жұбатушы сіздерге келгенде,
Әкеден шығатын сол Ақиқат Рухы сіздерге мені куәландырады (14-т., 26-
өлең). Әкенің Менің атымнан жібер-ген Жұбатушысы, яғни Киелі Рух сіздерді
барлық нәрсеге үйретеді және мен сіздерге айтқан барлық нәрсені естеріңізге
салады (15-т., 26-өлең). Бірақ, Мен сіздерге ақиқатты айтамын: Сіздер
үшін Менің кеткенім жақсы, өйткені егер мен кетпесем, Жұбатушы сіздерге
келмейді. Ал егер Мен кетсем, Оны сіздерге жіберемін. Ол күнәні, шындықты
және сотты жеңілдету үшін келеді. Маған сенбейтіндердің күнәсін, Менің
Әкеме кететінім және енді мені көрмейтіндерің туралы шындықты, мына
дүниенің князі айыпталатыны туралы сотты жеңілдету үшін келеді. Сіздерге
менің айтарым әлі көп, бірақ оның бәрін сіздер ойға тоқи алмайсыздар. Ол,
яғни Ақиқат Рухы келгенде, сіздер-ге барлық ақиқатты үйретеді, өйткені ол
оны өзі айтпайды, естігенін айтады және сіздерге болашақты көрсетеді. Ол
Менің даңқымды асырады, өйткені ол менен алады және сіздерге жариялайды
(16-тарау, 7-14-өлеңдер). Осы евангелиелік өлеңдерді тиянақтылап талдау
барысында мұндағы Жұбатушының – басқа емес, пайғамбарымыз Мұхаммедтің
(с.ғ.с.) нақ өзі екендігін анық көреміз. Дегенмен, осы өлеңдерді бөлшектеп
талдап көрелік. Исаның Маған сенетіндерге ақиқатты айтамын, мен жасаған
істерді ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәңірлік діндердегі дін және Пайғамбар міндеттері
Христиан дініндегі жеті құпия
Мұхаммед Пайғамбар
Ислам шариғатындағы ижтиһадтың түсінігі мен түрлері
Қазақтың діни мерекелері
Пайғамбарымыздың өмірбаяны
Исламдағы қиямет – қайым
Пайғамбарымыздың өзге дін өкіл патшаларын дінге шақыру хаттары
Аллаға сенбейтіндердің өмірі ашшы
Мәдиналық алғашқы мұсылмандар
Пәндер