Төтенше жағдайлар пайда болған кезде санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды өткізуді ұйымдастыру



1. Санитарлық.гигиеналық жєне эпидемияға қарсы шаралар түсінігі.
2. ТЖ кезінде санитарлық.эпидемиологиялық жағдайдыњ нашарлауына єсер ететін фактор.
3. Бейбітшілік кезінде «Ерекше кезеңде» жүргізілетін санитарлық.гигиеналық жєне ЭҚШ.
4. Бактериологиялық зақымдау ошақтарын анықтау және жою шаралары.
5. Карантин жєне обсервация түсінігі.
6. Арнайы жєне арнайы емес профилактика түсінігі.
7. Тұрғындарды санитарлық өңдеуді ұйымдастыру.
8. Медициналық жабдықтандыру, оның міндеті, ұйымдастыру принципі, ұйымдастырушылық құрылымы
9. СМК және АҚМҚ қажетті медициналық мүліктердің түрі
10. Медициналық жабдықтау көзі
11. СМҚ, АҚМҚ және ТЖ құрылымдары мен мекемелеріне медициналық мүлікті толықтыру, жинақтау және тарату тәртібі.
12. Медициналық мүліктерді қорғауды ұйымдастыру
Соңғы уақытта аурулар саны үнемі көбеюде. Халықаралық, ұлтаралық қатынастың кеңеюі, кеміргіштер мен жәндіктермен күресу бағдарламасына кең көлемде көңіл бөлулер, қалалардағы халық санының көбеюінің санитарлық жағдайдың қанағаттанарлықсыз болуын, көшу процессінің күшеюі т.б. Бірақ, өрлеудің көбеюі сонымен бірге дамыған елдерде медициналық және эпидемиологиялық жағынан қызметтің жоғарылауына байланысты жұқпалы ауруларды эпид. қадағалау дұрыс жүргізілмегендіктен, бұрын анықталмаған жұқпалы аурулар тіркелген. Сонымен бірге бұрын спорадикалық аурулар деп есептелгендер, кейде эндемиялық, эпидемиялық болуы мүмкін, бірақ микроорганизмдердің вируленттілігі мен патогенділігінің өзгеруін естен шығармау керек.
Біздің Республикада жұқпалы аурулармен сырқаттанушылық біраз төмендеді. Бөртпе сүзегі, нағыз шешек аурулары қазір жоқ. Бірақ “қарапайым” кеңінен таралған аурулар (жедел вирусты респираторлы және ішек инфекциялары) ауыр түрде летальділігі жоғары инфекциялар да мемлекетке үлкен шығын келтіруде.
Жыл сайын барлық елдерде оба, тырысқақ, сары қызба т.б. аурулар тіркелуде, соның ішінде бүкіл адамзатқа қауіп төндірген ХХ-ХХІ ғасырдың обасы – АИВ- инфекциясы кеңінен етек алуда.
Соңғы жылдары эпидемиялық аурулар тән көптеген елдермен (соның ішінде тропикалық) экономикалық, мәдени және басқа да мемлекетаралық байланыстар көбеюде. Осы аурулардың қоздырғыштары шет елдегі біздің азаматтарды зақымдайды. Сонымен бірге шетелден келген арнайы мамандардан, студенттерден, туристтерден, т.б. адамдардан инфекцияларды жұқтыруы мүмкін.
Барлық елдерде болып жатқан экологиялық өзгерістер, жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының биологиясына, таралу жолдарына, қабылдағыш тұрғындарға үлкен әсерін тигізеді. Ал бұл жағдайда инфекцияның клиникасы өзгереді.
Қазіргі заманғы байланыс жүйесінің жылдамдығынан бір елден екінші елге инфекцияның енуін тез арада білудің арқасында Денсаулық сақтау қызметі эпидемиялық өршулердің пайда болу мүмкіндігіне үнемі дайын болуы керек. Сондықтан әрбір дәрігер жұқпалы аурулардың этиологиясын, эпидемиологиясын, диагностикасын, алғашқы көмек көрсетуді, емдеуді толық білуі керек.
ТЖ кезінде санитарлық-гигиеналық және эпидемиялық
жағдайдың төмендеуіне әсер етуші факторлар.
Әртүрлі апаттарға байланысты болатын ТЖ санитарлық-эпидемиологиялық және медициналық-әлеументтік мәселе болып табылады және денсаулық сақтау мекемелері алдына зақымдалғандарға жедел медициналық көмек көрсету және санитарлық-эпидемиологиялық қамсыздандыру бойынша нақты міндеттерді алға қояды.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет үшін ТЖ- бұл апаттар мен оның зардаптарының нәтижесінде пайда болатын өзгерістер. Ол көптеген шығындармен, көптеген аурулармен, адамдардың зақымдалуымен, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың бірден төмендеуі сипатталады. Мұндай жағдайда аз уақыт ішінде басқару органдарының, мекемелерінің, емдеу-профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің жұмыстарлында өзгерістер енгізуі керек.
1. Положение о службе медицины катастроф Республики Казахстан.
2. Постановление Кабинета Министров РК от 28.08.1997г «ОО государственной системе предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций»
3. Медицина катастроф. М. 1997г
4. Дубицкий А.Е., Семенов И.А., Чепкий А.Г. Медицина катастроф. Киев, 1993г
5. Медицина катастроф. под ред. Нечаева А.П., 1998г
6. Борчук Н.И. Медицина экстремальных ситуаций. Учебное пособие. Минск, высшая школа, 1998г

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚММУ Ф 43-0402

2007ж. 14 маусымдағы №6 НХ.

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы

ДӘРІС

Тақырыбы: Төтенше жағдайлар пайда болған кезде санитарлы-гигиеналық және
эпидемияға қарсы шараларды өткізуді ұйымдастыру.
Тақырыбы: Медициналық, санитарлық-шаруашылық және арнай мүліктермен апат
медицина қызметі мекемелері мен ұжымдарды жабдықтауды ұйымдастыру.

Пән: Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері

Мамандығы: 5В060700-Биология

Курс: 1

Уақыт: (ұзақтығы) 2 сағат

ҚАРАҒАНДЫ – 2013ж.

Кафедраның мәжілісінде бекітілді
Хаттама № ____
"______" __________ 2013ж.

Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасының
меңгерушісі м.ғ.к., доцент _______________ Шайзадина Ф.М.

Тақырыбы: Төтенше жағдайлар пайда болған кезде санитарлы-гигиеналық және
эпидемияға қарсы шараларды өткізуді ұйымдастыру.
Тақырыбы: Медициналық, санитарлық-шаруашылық және арнай мүліктермен апат
медицина қызметі мекемелері мен ұжымдарды жабдықтауды ұйымдастыру.

• ● Мақсаты: Төтенше жағдайлар пайда болған кезде санитарлық-гигиеналық
және эпидемияға қарсы шараларды өткізуді ұйымдастырылуы бойынша
дағдыларды студенттерге игерту.

• Дәріс жоспары
1. Санитарлық-гигиеналық жєне эпидемияға қарсы шаралар түсінігі.
2. ТЖ кезінде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдыњ нашарлауына єсер ететін
фактор.
3. Бейбітшілік кезінде Ерекше кезеңде жүргізілетін санитарлық-гигиеналық
жєне ЭҚШ.
4. Бактериологиялық зақымдау ошақтарын анықтау және жою шаралары.
5. Карантин жєне обсервация түсінігі.
6. Арнайы жєне арнайы емес профилактика түсінігі.
7. Тұрғындарды санитарлық өңдеуді ұйымдастыру.
8. Медициналық жабдықтандыру, оның міндеті, ұйымдастыру принципі,
ұйымдастырушылық құрылымы
9. СМК және АҚМҚ қажетті медициналық мүліктердің түрі
10. Медициналық жабдықтау көзі
11. СМҚ, АҚМҚ және ТЖ құрылымдары мен мекемелеріне медициналық мүлікті
толықтыру, жинақтау және тарату тәртібі.
12. Медициналық мүліктерді қорғауды ұйымдастыру

● Дәріс тезистері:
Соңғы уақытта аурулар саны үнемі көбеюде. Халықаралық, ұлтаралық
қатынастың кеңеюі, кеміргіштер мен жәндіктермен күресу бағдарламасына кең
көлемде көңіл бөлулер, қалалардағы халық санының көбеюінің санитарлық
жағдайдың қанағаттанарлықсыз болуын, көшу процессінің күшеюі т.б. Бірақ,
өрлеудің көбеюі сонымен бірге дамыған елдерде медициналық және
эпидемиологиялық жағынан қызметтің жоғарылауына байланысты жұқпалы
ауруларды эпид. қадағалау дұрыс жүргізілмегендіктен, бұрын анықталмаған
жұқпалы аурулар тіркелген. Сонымен бірге бұрын спорадикалық аурулар деп
есептелгендер, кейде эндемиялық, эпидемиялық болуы мүмкін, бірақ
микроорганизмдердің вируленттілігі мен патогенділігінің өзгеруін естен
шығармау керек.
Біздің Республикада жұқпалы аурулармен сырқаттанушылық біраз төмендеді.
Бөртпе сүзегі, нағыз шешек аурулары қазір жоқ. Бірақ “қарапайым” кеңінен
таралған аурулар (жедел вирусты респираторлы және ішек инфекциялары) ауыр
түрде летальділігі жоғары инфекциялар да мемлекетке үлкен шығын келтіруде.
Жыл сайын барлық елдерде оба, тырысқақ, сары қызба т.б. аурулар
тіркелуде, соның ішінде бүкіл адамзатқа қауіп төндірген ХХ-ХХІ ғасырдың
обасы – АИВ- инфекциясы кеңінен етек алуда.
Соңғы жылдары эпидемиялық аурулар тән көптеген елдермен (соның ішінде
тропикалық) экономикалық, мәдени және басқа да мемлекетаралық байланыстар
көбеюде. Осы аурулардың қоздырғыштары шет елдегі біздің азаматтарды
зақымдайды. Сонымен бірге шетелден келген арнайы мамандардан,
студенттерден, туристтерден, т.б. адамдардан инфекцияларды жұқтыруы мүмкін.
Барлық елдерде болып жатқан экологиялық өзгерістер, жұқпалы аурулардың
қоздырғыштарының биологиясына, таралу жолдарына, қабылдағыш тұрғындарға
үлкен әсерін тигізеді. Ал бұл жағдайда инфекцияның клиникасы өзгереді.
Қазіргі заманғы байланыс жүйесінің жылдамдығынан бір елден екінші елге
инфекцияның енуін тез арада білудің арқасында Денсаулық сақтау қызметі
эпидемиялық өршулердің пайда болу мүмкіндігіне үнемі дайын болуы керек.
Сондықтан әрбір дәрігер жұқпалы аурулардың этиологиясын, эпидемиологиясын,
диагностикасын, алғашқы көмек көрсетуді, емдеуді толық білуі керек.

ТЖ кезінде санитарлық-гигиеналық және эпидемиялық

жағдайдың төмендеуіне әсер етуші факторлар.
Әртүрлі апаттарға байланысты болатын ТЖ санитарлық-эпидемиологиялық және
медициналық-әлеументтік мәселе болып табылады және денсаулық сақтау
мекемелері алдына зақымдалғандарға жедел медициналық көмек көрсету және
санитарлық-эпидемиологиялық қамсыздандыру бойынша нақты міндеттерді алға
қояды.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет үшін ТЖ- бұл апаттар мен оның
зардаптарының нәтижесінде пайда болатын өзгерістер. Ол көптеген
шығындармен, көптеген аурулармен, адамдардың зақымдалуымен, санитарлық-
эпидемиологиялық жағдайдың бірден төмендеуі сипатталады. Мұндай жағдайда аз
уақыт ішінде басқару органдарының, мекемелерінің, емдеу-профилактикалық
және санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің жұмыстарлында өзгерістер
енгізуі керек.
Санитарлық-гигиеналық жағдайдың төмендеуі эпидемиялық жағдайды
қиындатады, өйткені инфекция көзі оңашаланбаса, адамдар үшін қоршаған
ортада ұзақ уақыт болуы қауіп төндіреді.
Эпид ошақтардың зілзәлә нәубәті мен апат аудандарында пайда болу мүмкіндігі
көптеген себептерге байланысты.
Зілзәлә нәубәті, авариялар, апаттардың зардаптарының себебі:
1. Коммуналдық объектілердің құлауы (су құбыры, канализация, жылу
жүйесінің).
2. а) Химиялық, мұнай өндіру т.б. өндіретін мекемелердің құлауына
байланысты аймақтың санитарлық-гигиеналық жағдайының бірден төмендеуі.
б) Адамдар мен жануарлардың өліктерінің болуы, мал және өсімдік тектес
өнімдердің шіруі.
3. Кеміргіштердің жаппай көбеюі, олардың арасында эпизоотиялық пайда болуы
және табиғи ошақтардың белсенділігі.
4. Адамдардың ұйымдасқан және ұйымдаспаған бөлігінің ТЖ зардаптарын жоюға
қатысатың жылжымалы құралдар мен күштердің жаппай көшуі.
5. Апат аймағында орналасқан санитарлық-эпидемиологиялық және емдеу
профилактикалық мекемелердің жұмысының тиімділігінің төмендеуі.
Егер ұжымда дизентерия, іш сүзегі, күл, басқа да жоғары контагиозды
жұқпалы аурулардың анықталмаған, латентті формасында эпид. жағдай қиындай
түседі және эпидемияға қарсы шараларды жүргізуде кедергі жасайды. Оларды
анықтау қасиеті лаборатория бар болса да, осындай жағдайда өте қиын.
Ірі эпидемиялық өршулер тіркелсе де (оқулықтарда көрсетілгендегідей) ТЖ-
ға тән эпидемиялық процесс ағымы болған емес.
Қалыпты жағдайда сырқаттанушылық деңгейінің жоғарылауына бір немесе
бірнеше инфекция тіркелуі себеп болады, өйткені эпидемиялық процесске
берілу факторлары қосылады (су, тағам өнімдері, тасымалдаушылар) немесе
науқастардың көбеюі мен қоздырғыштың таралуы жоғарылайды, мысалы: ауа
арқылы. Жұқпалы аурулардың эпидемиялық “жарылысы” пайда болады. Бұл
жағдайда да бір қалада науқас саны тұмау ауруы тіркелсе де, тұрғындардың
13-нен аспайды.
Апат немесе зілзәлә нәубәті ауданында эпидемиялық ошақта бірінші
инфекция көзін жалпы берілу факторы болса анықтау қиын, яғни эпид.
процесстің бірінші звеносы болмайды, зақымдану көздері анықталмайды, тек
қана берілу жолы пайда болады. Жұқпалы ауруларда “жарылыс” болады, содан
кейін ғана эпидемия “соңын” науқаспен қатынаста болғандарды зақымдайды,
тұрғындар тығыз орналасқан жерде, жанұяда, жұмыста, құтқарушылар арасында,
науқастар мен зақымданғандарды көшіру жолында зақымдайды.

Бейбіт уақытта және “ерекше кезеңде” жүргізілетін санитарлық-гигиеналық
және эпидемияға қарсы шаралар.
Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар тұрғындардың
денсаулығын сақтау мен күшейтуге, сонымен бірге, жұқпалы аурулардың алдын-
алу мен эпидемиялық ошақты жоюға бағытталған. Бұл шаралар барлық АҚ жұмысы
кезеңінде және зілзәлә нәубәтінің зардаптарын жоюда жүргізіледі.
Қалаларда, тұрғын мекендерде, халық шаруашылығы объектілерінде ЭҚШ-ды АҚ-
тың сол жердегі бастығы, ал осы шараларды жүргізу жетекшілігі АҚМ
қызметінің бастығына бүктеледі.
Бейбіт уақытта жүргізілетін шараларға жатады:
1. Жұқпалы аурулардың табиғи ошағын және таралу жолдарын зерттеу.
2. Тұрғындарды эпидемияға қарсы қорғау тәсілдерін дамыту.
3. Тұрғындарға жоспарлы иммунизация жүргізу.
4. Жеке қорғану мед. құралдарын және дезинфекция, дезинсекция, дератизация
құралдарын артығымен алу.
5. Тұрғындарға жеке және қоғамдық гигиена ережелерін үйрету.
6. Медициналық эпидемияға қарсы ұйымдарды құру, жабдықтау, оқыту.
7. Қарсыластың БҚ шабуылдау мүмкіндігін оқыту.
8. АМҚ (апат медицина қызметі) жеке құрамын, АҚ, қарсыластың бак. қаруды
қолдану жағдайында жұмысқа дайындау.
Тұрғындарды эпидемияға қарсы қорғау жұмыстарында денсаулық сақтау
органдары тарапынан қоршаған ортаның тазалығына, сумен қамтамасыз етуде,
тағамды ұйымдастыруда, еңбек жағдайларына т.б. үнемі бақылау жүргізу өте
маңызды. Осы барлық шаралар қарсыластың шабуылдау қауіпі төнсе,
жеткіліксіз.
Мұндай шаралар жүргізілу қажет:
1. Тұрғындар мекендейтін қалаларда, халықшаруашылық объектілерінде
санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы бақылауды күшейту.
2. Қоршаған орта боъектілеріне үнемі бактериологиялық және лабораториялық
бақылау ұйымдастыру.
3. Апат медицинасы мен АҚМҚ-ң күштері мен құралдарының, сонымен бірге
тұрғындарды эпидемияға қарсы қорғау күштерінің дайын болуы.
4. Тұрғындарға алдын-алу иммунизациясын жүргізу.
5. Эвакуациялау және орналастыру кезінде тұрғындарды эпидемияға қарсы
қорғауды ұйымдастыру.
6. Эвакуацияланған тұрғындар мен АҚ күштері топтарының уақытша орналасқан
жеріндегі эпидемиологиялық жағдайлары туралы ақпаратты жинауды
ұйымдастыру.
7. Тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын күшейту.
Сонымен бейбіт уақытта қарсыластың шабуылдау қауіпі кезеңінде, апат
медицинасы қызметіне, АҚ-ң медициналық қызметіне осындай шараларды жүргізу
басты жағдайды жақсы білуге және қарсылас бақ қару қолданған жағдайда
санитарлық шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.
Апаттан соң алғашқы сағаттарда гигиенист дәрігер, токсиколог,
радиолог, эпидемиолог, паразитолог, сонымен бірге коммуналдық-тұрмыстық
қызмет өкілдері көмегімен кең көлемде медициналық барлау жүргізіледі.
Аймақты эпидемиологиялық тексеру жұқпалы аурулардың пайда болу себебі мен
жағдайын анықтау мақсатында, жүргізіледі.
Эпидемиялық барлау – бұл ТЖ ауданында, тұрғындардың денсаулығы туралы
үнемі мәліметтің түсіп тұруы.
ТЖ-да эпидемиололгиялық жағдайдың тез арада өзгеруінде санитарлық-
эпидемиологиялық барлауды уақытында жүргізу, яғни инфекция көзі мен берілу
жолдары туралы мәліметті тез алудың маңызы зор.
Осындай барлау нәтижесі бойынша ТЖ ауданында санитарлық-эпидемиологиялық
жағдай сәтті, сәтсіз, тұрақсыз және төтенше түрінде анықталады.
Сәтті жағдай – бұл тұрғындар арасында жұқпалы аурулар жоқ немесе бір-
біріне қатысты емес бірен-саран сырқаттанушылық орын алады.
Тұрақсыз жағдай – бұл тұрғындар арасында бұрын тіркелмеген жекелеген
жұқпалы аурулардың пайда болуы, таралмайтын, яғни эпидемия белгісі жоқ
топтық сырқаттылықтың пайда болуы.
Сәтсіз жағдай – ары қарай таралу қауіпі бар топтық жұқпалы аурулардың
пайда болуы немесе АҚИ (оба, тырысқақ т.б.) жекелеген оқиғаларды байқалады.
Төтенше жағдай – бұл эпидемияның пайда болуы немесе АҚИ топтық
сырқаттылығы.
ТЖ кезінде апат аумағында санитарлық-эпидемиологиялық тексеру ошақ
шекарасын анықтау және эпидемияға қарсы шаралар жиынтығын ұйымдастыру үшін
жүргізіледі.

Бактериологиялық зақымдау ошақтарын анықтау және жою шаралары.
Қарсылас бактериологиялық (биологиялық) қару қолданған кезде тұрғындарды
эпидемияға қарсы қамтамасыз етуде көптеген қиындықтар тууы мүмкін.
Бактериологиялық зақымдау ошағы пайда болғанда оны анықтау және жою үшін
АҚ-тың медициналық және басқа да қызмет күштері мен құралдары қамтылу
қажет.
Тұрғындарды эпидемияға қарсы қорғау жүйесінің медициналық күштері мен
құрамдарына жатады:
- Амбулаторлық-емханалық мекемелер
- Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциялары
- Жедел медициналық көмек көрсету орталықтары
- Емдік (стационарлық) және апат аумағына келген емдік-профилактикалық
мекемелер
- Медициналық ұйымдар (әртүрлі профильдегі жедел медициналық көмек
көрсету бригадасы)
- Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мекемелері мен ұйымдары (сан.
эпид. отрядтар, сан. проф. бригадалар, эпидемияға қарсы бригадалар
және т.б.)
- Ғылыми және медициналық мекемелер
Тұрғындарды эпидемияға қарсы қорғау жүйесінің медициналық емес күштері
мен құрамдарына жатады:
- Аймақтық және регионалдық әкімшілік органдары, МЖК және т.б.
- Шаруашылық органдары мен мекемелер, өндірістер, ұйымдар
- әртүрлі министрліктер мен ведомствалардың құтқару ұйымдары, ІІМ, ҚР
ДСМ бөлімдері
- Тұрғындар
Бактериологиялық зақымдалу ошағы дегеніміз- бактериологиялық заттармен
зақымдалған қалалар, тұрғындар мекені (тұрғындардың уақытша орналасқан
мекені) немесе халықшаруашылық объектілері.
Бұл жағдайда зақымдалу ошағының шекарасы болып қалалардың, жекелеген
тұрғындар мекенінің немесе халық шаруашылық объектілерінің шекаралары
анықталды.
Биологиялық агенттермен зақымдау ошағын анықтау және жоюдың барлық
шаралары бактерияға қарсы қорғаудың жоспарына сәйкес жүргізілді. Бұл
жоспар санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен жалпы медициналық бөлім
мамандарымен беріліп уақытында құрастырылады. Жоспар жоғарыдағы денсаулық
сақтау органдарымен келісіліп, қала, аудан т.б. өкімімен бекітілді.
Жоспардың енгізілгені туралы шешімді ТЖЭК шығарады. Ол апат ошағын
анықтауда және жою шараларын жүргізуде бақылау, жетекшілік етеді.
ТЖЭК негізгі міндеттері:
1. Ошақты жою жоспарын бекіту
2. Режимді-шектеу шараларын енгізу және алып тастау мерзімін анықтау
3. Қызметтерге әкімшілік, консультациялық және әдістемелік көмек беру
4. Ошақты жою бойынша жауапты адамдарды таңдау
5. Жағдайға байланысты ошақты жою жоспарын нақтылау
Ошақты анықтау және жою жұмыстарының сапасы мен тиімділігі негізгі
шаралардың жоспарын (кесте) уақытында дайындауға байланысты.
Жоғарыдағы шараларды орындауда мамандандырылған қызметкерлер: әкімшілік,
эпидемияға қарсы, карантинді, емдеу-профилактикалық және материалды
техникалық қамтамасыз ету қызметтері құрылады.
Қызметтерді бақылау бөлімшелерінің құрамының бастықтарына жүктеледі. Әр
қызметтің өздеріне тән нақты міндеттері бар.
Кейбір шаралар жиынтығы халық шаруашылық объектілерінде жүргізіледі.
Объектілердің жетекшілері эпидемияға қарсы режимді құруды қамтамасыз
етеді, яғни аймақты және өндіріс бөлімдерін залалсыздандыру, жұмысшылар
мен қызметкерлерді толық санитарлық өңдеуден өткізу. Бұл шаралар
объектілік ұйымдардың күшімен жүргізіледі.
Бактериологиялық зақымдау ошақтарын анықтау және жоюда жүргізілетін
шаралар жиынтығына жатады:
1. Тұрғындарға хабарлау
2. Бактериологиялық барлау жүргізу
3. Карантин және обсервацияны ұйымдастыру
4. Тұрғындарды толық санитарлық өңдеу жүргізу
5. Арнайы және арнайы емес профилактиканы жүргізу
6. Науқасты белсенді түрде анықтау
7. Пәтер ошағын, аймақты, ғимараттарды, киімдерді залалсыздандыру
(дезинфекциялау)
8. Дезинсекция мен дератизацияны жүргізу
9. Тағам өнімдері мен суды залалсыздандыру
10. Санитарлық-ағарту жұмыстары

Карантин және обсервация туралы түсінік.
Карантин дегеніміз-бұл жұқпалы аурулар ошақтарын анықтау және жоюға
бағытталған режимді-оңашалау, әкімшілік-шаруашылық, эпидемияға қарсы,
санитарлық және емдеу-профилактикалық шараларды құрайтын мемлекеттік
шаралар жиынтығы.
Карантиндік шараларды ұйымдастыру және жүргізу аймақтық ТЖЭК
жетекшілігіне жүктеледі.
Карантин орнату үшін міндетті түрде мынадай шараларды жүргізу керек:
1. Ошақты бөлектеу немесе күзет орнату, ошақта коменданттық қызмет енгізу.
2. Тұрғындардың кіруі мен шығуына, карантин аймағынан жүктерді алып
шығаруда қатал бақылау.
3. Зақымдау ошағы арқылы автотранспорттың өтуіне және транзиттік жолмен
темір жол мен су транспортының басқа тоқтауға арналған жерлерге тоқтауына
тосқауыл қою.
4. Обсерваторларды құру және ошақтағы адамдарға және карантин аймағынан
шыққан адамдарға обсервация бойынша шаралар жүргізу.
5. Тұрғындардың жекелеген топтары арасында қарым-қатынасты шешу.
6. Тұрғындарда, қалалық транспорт, сауда және тағам өндірісінде, халық
шаруашылық объектілерінде эпидемиологиялық жағдайға байланысты үздіксіз
жұмыс істеуді қамтамасыз ету бойынша эпидемияға қарсы режимді құрастыру.
7. Эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, тұрғындарды тағам өнімдерімен
және өндіріс тауарларымен қамтамасыз ету.
8. Тағам өнімдері мен судың санитарлық экспертизасы.
9. Жедел және арнайы профилактиканы жүргізу.
10. Жұқпалы ауруларды ерте анықтау, оларды оңашалау және ауруханаға
жатқызу.
11. Ауруды тасымалдаушыларды жою (дезинсекция және дератизация)
12. Тұрғындардың, өндірістердің, министрліктердің және ведомствалардың
карантин ережесін қатал түрде орындалуын бақылау.
Тұрғындардың кіруі мен шығуы, жүктерді енгізу мен шығаруда эпидемияға
қарсы режимді бақылау үшін арнайы ұйымдар құрылады.Оларға жатады: бақылау-
өткізу пункті, оған санитарлық-бақылау пункті кіреді–СБП). Оның негізгі
міндеті – эпидемияға қарсы өткізу режимін бақылау.
Карантин аймағынан зақымдандыру және қауіпсіздігі туралы құжат болса, кез-
келген жүкті шығаруға болады. Адамдарды обсервацияны өткені туралы қажет
болғанда карантин аймағынан шығаруға болады.
Карантин аймағын бөлектеу (күзет орнату) инфекцияның таралуынан қорғайды
және оңашалауды қамтамасыз етеді. Бұл шара қоғамдық тәртіпті қарау
қызметкерлері мен ІІМ бөлімдері көмегімен, тұрғындардың қатысуымен жүзеге
асырылады.
Обсервация дегеніміз – бұл жұқпалы аурулардың алдын-алу және медициналық
бақылауды күзету бойынша емдеу-профилактикалық шараларды жүргізгенде
қамтамасыз ететін шектеу шараларының жиынтығы.
Обсервация кезінде мына шаралар жүргізеді:
1. Транзитті жолмен обсервация аймағынан транспорттың барлық түрінің кіруі
мен шығуын шектеу.
2. Қоршаған орта объектілерін залалсыздандыру.
3. Жұқпалы ауруларды белсенді түрде, ертерек анықтау, оңашалау және
ауруханаға жатқызу.
4. Зақымдалған тұрғындарды санитарлық өңдеуден өткізу.
5. Зақымдалу қауіпі бар адамдар арасында жедел профилактика жүргізу.
6. Ауылшаруашылық жануарлары мен малөнімдерінің зақымдалуын ветеринарлық-
бактериологиялық бақылауды күшету.
7. Медициналық мекемелердің жұмысына эпидемияға қарсы режимді енгізу.
Бактериологиялық (биологиялық) қарудың индикациясы арнайы және арнайы
емес болып бөлінеді.
Арнайы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘСКЕРИ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
Инфекциялық ауру туралы түсінік
Карантин және обсервация туралы түсінік
Карантиндік шаралар жайлы
Бейбіт және соғыс уақыты кезіндегі ТЖ тұрғындарға шұғыл медициналық көмекті ұйымдастырудың негізгі принциптері
Эпидемиялық үрдіс туралы ұғым
Биологиялық (биологиялық - әлеуметті) төтенше жағдай. Биологиялық қару, эпидемия, жұқпалы аурулар
Қазақстан елді мекеніндегі соның ішінде Алматы қасындағы сейсмикалық қауіптің жалпы жағдайы туралы және халықты, аумақты төтенше жағдайлардан, күшті жер сілкінісінен қорғау шаралары
Тіршіліктің қауіпсіздік негіздері туралы мәлімет
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдай
Пәндер