Зымиян ағымдардың зобалаңынан сақтан!


Зымиян ағымдардың зобалаңынан сақтан!
Оқымыстылар осы ғасырды «діни-руханият соғысы ғасыры болады» деп болжап отыр. Болжағаны құрысын, бұл үнсіз соғыстың басталып кеткеніне де бірнеше жылдың жүзі болып қойды.
Бейресми дерек бойынша, соңғы 18 жылда 500 мың қазақ (олардың бәрі де кодталып, дуаланған) осындай секталарға өтіп кеткен.
Бұл сан көздеріне аз көрінді ме, әлде қазақтың мұсылмандықтан оңайлықпен ажырамасын білді ме, енді әлем алпауыттары ислам дінін құрту үшін өз ішінен ірітуге көшіп, неше түрлі мұсылман дінінің тонын жамылған діни ағымдарды қоса енгізіп жатыр. Біздің бүгінгі мақаламыз Қазақстанды жайлап бара жатқан жалған ислами ағымдар турасында.
1. Уахабизм
Уахабизм - ХVIII ғасырда пайда болған ағым, Сауд Арабиясының ресми мәзхабы. Ол бойынша ер адам міндетті түрде сақал қоюы тиіс және намаз оқымаған адам мұсылман емес. Сондай-ақ әулиелердің басына, қабірлерге зиярат етіп баруға болмайды. Пайғамбардың туған күні - Мәулітті тойлауға қарсы. Қожа Ахмет Йассауи сияқты зәулім кесенелерге құрмет көрсетілуді күпіршілік деп санайды. Мәзхабтарды мойындамайды. Жұма күні жеті шелпек тарату, келіннің бетін ашу сияқты әдет-ғұрыптарға, салт-дәстүрлерге де қарсы. Өздерінше өмір сүрмеген адамдарға қатал көзқараспен қарайды және қажет болса, күштеп көндіруге тырысады. Осы орайда тарихта талай рет қан төгілуіне себепші болған. Осы ғасыр басындағы шешен елінде болған қантөгістердің басты қоздырушысы ретінде аталынады. Тар ұғымға байланған нағыз фанаттар. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстік өлкелерінде көбірек шоғырланған.
2. Исмаилиттер
Бұл діни-саяси ағымның ең басты қолдаушысы - Англия. Кезінде Имам Ғазали сияқты ірі ғалымдарды өлтірген, ислам әлеміне талай рет қасірет тартқызған, шиіттік бағытты ұстанатын қауіпті ұйым. Шыңғыс ханның тұқымы Құлағу ханның қуғындауына ұшырап, біразы Орта Азияға өтіп кеткен. Үндістан, Иран, Ауғанстанда көптеген жақтастары бар бұл ұйымды қазір мұрагерлік жолмен тағайындалатын ханзада Ага Хандар мектебі басқарады. Исмаиліктер намазды күніне бес рет емес, үш рет қана оқиды: таңертең, түсте және кешке. Жұма намазына бармайды және құтба оқымайды. Меккеге қажылыққа бармайды, оның орнына Кербаладағы Хазірет Хусейн мен Хазірет Әлидің қабірлеріне зиярат етеді. Орталық Азиядағы түркі тілдес республикаларда басқару органдары, білім беру ұйымдары, баспасөз органдары, қорлары жұмыс істейді. Өте мықты қаржылық күштері бар. Ага Хан қоры өз қызметін экономикалық даму, әлеуметтік даму, мәдени бағыт бойынша жүргізеді. Тәжікстан, Қырғызстан мен Қазақстан және Исмаилиттер имаматы арасындағы Орталық Азия университетін құру жөніндегі шартқа сәйкес, Исмаилиттер қауымдастығының Ага Хан қоры Қазақстанның Текелі қаласында салынып жатқан Орталық Азия университетіне 250 миллион доллар ақша бөлген.
3. Ахмадие
ХIХ ғасырдың аяғында Үндістанда отаршыл ағылшын үкіметінің қолдауымен пайда болған діни-саяси ағым. Өздерін Пайғамбарымыздың екінші аты Ахметпен байланыстырып, ақиқи исламды қалпына келтірушілерміз деп санайды. Бүкіл мұсылман елдері, ішінде Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы да бар, бұл қауымды «кәпір» деп жариялап, пәтуә берген. Сөйтіп, Бүкіләлемдік Ислам лигасының шешімімен Меккеге қажылыққа кіруіне тыйым салды. Пәкстан үкіметі ахмадиліктерді «мұсылман емес» деп елден қуып шыққан. Бұл ұйым өзі пана тапқан Англиядан материалдық және рухани қолдау көріп, исламға қарсы түрлі іс-шаралар жүргізеді. Қазақстанда пәкстандық пірәдарлардың ықпалымен 1994 жылы арнайы тіркелген бұл ұйымның тұңғыш жетекшісі белгiлi жазушыларымыздың бiрi. Қауымдастықтың толық атауы - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ахмадиелік мұсылман жамағаты». 2008 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша, Қазақстанда 4 Ахмадиелік жамағат бірлестігі (Алматы мен Шымкент қаласы, Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысы) қызмет етеді. Ахмадие қозғалысы Англия, Германия, Голландия, Испания, Австралия сияқты мемлекеттерде 12 мыңнан аса мешіт тұрғызған.
4. Бахаизм
«Бахаи» қауымдастығы ХIХ ғасырда Ирак пен Иранда пайда болған, шииттік мәзхабты ұстанады. Батыс пен Шығыстың діни дәстүрлерін синтездеуден туған космополиттік ағым. Өзін «ең соңғы дін» деп жариялаған. Мұхаммед пайғамбарды «соңғы пайғамбар» деп, ислам дінін «ақырғы дін» деп санамайды. Құран да олар үшін ең соңғы қасиетті кітап емес. Бахаизм бойынша қасиетті имамдарға қарсы келуге болмайды, ол - үлкен күнә. Ұлттық құндылықтарды, Отан дегенді мойындамайды. Оның орнына әлемдік дін, әлемдік тіл, әлемдік мәдениет секілді құндылықтарды насихаттайды. Намаз оқиды, ораза ұстайды, зекет береді, қажыға барады, бірақ олардың орындалуы өзгеше. Намаз күніне үш рет, үш түрлі болып оқылады. Арасында Бахауллаһ әулиенің кітабынан сөйлемдер оқиды. Қажет болса, үш түрлі намаздың біреуін ғана оқыса да жетеді. Құбыласы - Бахауллаһ әулиенің Аккадағы мазары. Ораза 19 күн ұсталынады. Қазір масондардың әдісімен ұйымдасқан бұл ағымның 270 елде ұйымы, үш мыңға жуық орталығы бар. Қазақстанда да үлкен қалаларда жақтастары аз емес. 2008 жылдың 1 қаңтарындағы
есеп бойынша, елімізде «Бахай» ағымындағы 3 культтік ғибадатхана, 19 діни бірлестік тіркеліпті.
5. Хизбуттахрир
Исламға зиянды экстремистік діни-саяси ағым. 1953 жылы Палестинаны Израильден азат ету ұйымы ретінде ізгі мақсатта құрылғанмен, кейіннен әлем мұсылмандарын бір Халифатқа, яғни біртұтас мемлекетке біріктіру сияқты бос қиял, жөнсіз арманға толы идеясын тықпалап, онысы дау-дамайға айналып, зиянды қозғалыс ретінде бағаланды. Кітап, газет, брошюра шығарып, мақалалар дайындап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz