Отаншылдық дәстүрдің қалыптасуы мен дамуы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

І ОТАНШЫЛДЫҚ ӘДЕБИЕТ ДӘСТҮРІ

1. 1 Қазақ поэзиясы дамуының идеялық, көркемдік-эстетикалық тіні . . . 7

1. 2 Отаншылдықты жырлаудағы Абай, Мағжан шеберлігі . . . 26

ІІ ҚАЗІРГІ ОТАНШЫЛДЫҚ ӨЛЕҢДЕРДЕГІ ІЗДЕНІСТЕР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ

2. 1 Кеңестік қазақ әдебиеті тарихында патриотизм концепциясын орнықтырудағы Б. Момышұлының ролі . . . 41

2. 2 Өлеңдердегі отаншылдықты бейнелеу тәсілдері . . . 52

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 69

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының (жобаның) өзекті мәселелері. Қазақ әдебиеті - әлемдік өркениеттер дамуының тарихында өзіндік орнымен ерекшеленетін рухани мәдениет қазынасы. Қазақ әдебиетінің VI-XXI ғ. ғ. арасындағы даму жолы - халқымыздың қалыптасу кезеңдерінің айнасы. Тарихи дамудың барлық кезеңдерінде де әрбір ұрпақтың өзіне дейінгі, өзімен тұстас және болашақтағы ұрпақтарға адамгершіліктің асыл сапасын дарытуды ойлағаны - дәстүрлі көзқарас. Яғни, қазақ сөз өнері халқымыздың атадан балаға жалғасқан өнегелі өмір сүруді уағыздайтынын бойына сіңіріп қалыптасты. Қазақ сөз өнерінің фольклор, ақындық поэзия, жазбаша әдебиет болып аталатын салалары ғасырлар бойы адамгершілік ұлағатының аса қуатты, пәрменді құралы ретіндегі қызметін атқарып келеді. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірлерінен бастап бүгінге дейін жалғасқан енді болашаққа ұласатын сипатында шығармалардың мазмұны мен пішіні арқылы адамдардың психологиясына әсер етуі қамтамасыз етіледі. Демек, сөз өнері шығармаларының адамдарға жақсылық пен жамандық қарама-қайшылықтарын түсіндірудегі поэтикалық ықпалдылығы басты назарда болады. Бұл орайда Әбунасыр әл-Фарабидің «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» атты еңбегіндегі пікір орынды естіледі: "Жалпы айтқанда сөздің мағыналы, яки мағынасыз болмағы шарт. Алғашқысының ішінде кейбір қарапайым түрі басқаларға күрделі келмекші.

Күрделі сөздің жәй айтылуы да, тұспалмен жеткізілуі де мүмкін; әуелгісінің кейбірі көкейден шығады да, кейбірі олай емес. Ой көрігінен сомдалып шыққан сөздің шынайысы да, жалғаны да болады. Жалған айтылғанның ішіндегі қайсыбірі сөз барысында тыңдаушының зердесінде бейнеленіп, сонымен тікелей тұспалданса, басқалары бейнеленетін затқа байланысты ойда еліктеу туғызады. Соңғысы жай поэтикалык қуаттың әсері. Еліктеудің кейбірі жетілген, кейбірі түбегейлі жетілген. Екеуінің жігін ажыратып зерттеу ақындар мен поэзия білімпаздарының міндеті, көптеген тіл мен диалектіде бұл хақында әр түрлі шығармалар жазылған» [1. 786. ] .

Адамзаттың пайда болуы мен қалыптасуы, даму жолында барлық салада да түрлі көзқарастар аясында бағалаулар ерекше орын алады. Әрбір нәрсенің және құбылыстың, қасиеттің сырларына, қырларына, пайдасы мен зиянына, болашағына және т. б. алуан түрлі сапаларына баға беру адамзат дүниетанымының сыншыл табиғатына тән сипат. Ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынов былай дейді: «Сын деп адам ісінен шыққан нәрсені тексеріп, баға беруді айтамыз. Сынға салуға болады - ғылымнан шыққан нәрсені де, өнерден шыққан нәрсені де, кәсіптен өнген нәрсені де, қоғамшылдықпен құралған нәрсені де. Ол нәрселер көп адам күшімен, ісімен жасалған мемлекет сияқты ұлы нәрсе болуға да ықтимал. Жалғыз адам жасаған ұсақ нәрсе болуға да ықтимал. Адамның қай ісінен шыққан нәрсе болса да, сынға салудағы мақсат - жақсы-жамандығын ашу, мән-мағынасын анық таныту. Ғылым тарапынан шыққан нәрсе болса ғылым жүйесіне дұрыс, терісін көрсету; өнер тарапынан шыққан нәрсе болса, мақсатқа сәйкес келген-келмегенін көрсету; кәсіп тарапынан шыққан нәрсе болса, тіршілікке жайлы-жайсыздығын көрсету; қоғамшылық тарапынан шыққан нәрсе болса, адам қалпына қолайлы келу-келмеуін көрсету. Сөйтіп адам ісінен шыққан нәрсенің түрлісі түрлі мақсатпен сынға түседі» [2, 206] .

Демек, ой көрігінен шыққан сөздердің поэтикалық қуаты арқылы адамдардың жақсылықты игеруін, жамандық атаулыдан жиренуін, мағыналы өмір сүруге талпынысын қалыптастыратын - сөз өнері шығармалары. Ежелгі дәуір әдебиетін құрайтын түркі өркениеті мәдени ескерткіштері, орта ғасырлардағы (Х-ХІІ ғ. ғ. ) ислам мәдениеті мұралары, Алтын Орда-Қыпшақ дәуірі (ХІІ-ХІVғ. ғ. ), Қазақ хандығы кезіндегі (XV-XVIII) жыраулар поэзиясы, ХІХ-ХХ ғасыр әдебиеті шығармалары - бәрі де қазақ сөз өнерінің адамдар санасына адамгершілік ұлағатын сіңіру жолынан ауытқыған жоқ. Бұл - әлемдік өркениет заңдылықтары аясында бағаланатын Отаншылдық әдебиет дәстүрі. Отаншылдық әдебиет дәстүрі аясында сөз өнеріндегі эпос, лирика, драма тектерін құрайтын жанрлар жүйесі қамтылады. Бұл - әрбір ұлттық әдебиет тарихын зерттеудегі өзекті мәселелердің бірі. Отаншылдык әдебиеттің казақ сөз өнеріндегі поэзиялық шығармалар жүйесіндегі дәстүр жалғастығы тұрғысынан қарастыру қазіргі ұлттық әдебиеттану ғылымдарындағы зәру мәселе екендігі мәлім. Отаншылдық поэзия дәстүрінің қазақтың ақындық өнеріндегі қалыптасу жолдарын, шығыс поэзиясы арқылы ықпалдасуын, бұның қазақ жыраулары сынды көрнекті ақындарының әдеби мұрасы арқылы дамытыла жалғасуын саралау тақырып өзектілігін дәлелдейді.

Ертедегі әдебиет нұсқалары мен ақын жыраулық кезеңдердегі көптеген ақындар мұралары көп жылдар бойы елеусіздеу болып келді. Бұл орайда діни-ағартушылық, исламдық-Отаншылдық сипаты айқын ақын-жыраулар мұрасын әлемдік және ұлттық әдеби даму сабақтастығы аясында қарастырудың өзектілігі айқындала түседі.

Профессор Б. Кенжебаев қазақ әдебиетінің тарихындағы ақтаңдақ беттерді толтырудың өзектілігін сонау 1959 жылғы бір еңбегінде атап көрсеткен еді: « . . . біз қазақтың бұрынғы ақын-жазушыларын саяси-идеялық қатесі жоқ ақын, жазушылар, саяси-идеялық қатесі бар ақын, жазушылар деп жіктедік. Сөйтіп ешбір қате-кемшілігі жоқ деген ақын, жазушыларды алдық та, қандай да болса бір қате-кемшілігі бар ақын-жазушыны "жылы жауып" қойдық. Дұрысында, тарихта болған, заманында өз әлінше қоғамдық прогресшіл қызмет атқарған, әлеуметтік-мәдени, әдеби мәні бар, азды-көпті шығармалар қалдырған ақын-жазушылардың бәрінің де аттары аталуға, қызметтері мен шығармалары көрсетілуге, объективті тұрғыдан зерттелу керек. Аттары аталмайтын, кызметтері мен шығармалары көрсетілмейтін ақын-жазушы болмауы тиіс»[3. 198-1906. ] .

Қазақ әдебиеті тарихының түркі өркениеті мен исламдық-ағартушылық тұтастығымен ықпалдасуын әрі ұлттық, әрі әлемдік әдебиет ерекшеліктері тұтасуы жағдайында қарастыру тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихының мемлекеттік бағдарламаларының талаптарымен үндеседі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасына байланысты айтылған пікірі де қазақ әдебиетінің ұлттық мінез-құлық психологиясын насихаттап келген құндылықтарын жаңаша зерделеудің өзектілігін анықтай түсті: "Біздің ұлттық мәдениетімізде де жалпы азиялықтарға тән биязылық, өткенге салауаттық жасау, үлкенді сыйлау, жасқа қамқорлық, қысылғанға қол ұшын беру, ағайынның ауыз бірлігін сақтау - бәрі-бәрі де бар»[4] . Біздің мақсатымыз орта ғасырлардағы түрік поэзиясы мен жыраулық поэзияда қалыптасқан Отаншылдық сарынның ежелгі дүниеден қазірге дейін еш үзілместен желі болып тартылған рухани кеңістік аясын ашып көрсету болады. Отаншылдық поэзияның мазмұндық мәнін екшей отырып, бүгінге дейін жеткен дәстүрлік жалғасымын, қазіргі өлеңмен байланысын жан-жақты қарастырамыз.

Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалау. Қазақ әдебиетінің қалыптасу жолы халқымыздың, рухани мәдениетіміздің әрі ұлттық, әрі жалпы адамзаттық дамудағы лайықты орнын танытады. Сөз өнерінің туындысы - жеке адамның жан-дүниесіндегі сезімдік толғаныстарының сыртқы ортаға жеткен көрінісі. Жеке адамның көңіл-күйінен туындаған ойлар, толғаныстар ұлттық дүниетанымға тән өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Сөз өнері туындылары арқылы адамдардың өмірге арналған көзқарастары анықталады. Көркем шығарманың мазмұны мен пішінінде жеке адамдардың жандүниелеріндегі сезім құбылыстары поэтикалық тұрғыда өрнектеледі. Көркем шығармалардың идеялық-композициялық құрылымындағы адамгершілік-имандылық сеніміне бағдарлаған желі арқылы сөз өнерінің бүкіл адамзатқа арналған гуманистік мұраттары да сараланады. Қазақ әдебиеті тарихындағы тұрақты желі болған гуманистік мұраттарды адамзат өркениетінің кемелденген кезеңіне сәйкес жаңаша қарастыру ұлттық және жаһандану процесінің сабақтаса дамитын заңдылықтарымен де үндеседі.

Дипломның мақсаты мен міндеті: Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы өлеңтануда сөз болып жүрген поэзиядағы Отаншылдық дәстүрдің қалыптасуы мен дамуын бүгінгі қазақ өлеңі табиғатымен сабақтастыра қарастыру. Осы орайда тақырып жөнінде ғалымдардың өзіндік методологиялық ғылыми тәжірибелік тұжырымдамаларын зерделеу. Әуелі ғалымдардың қазақ поэзиясының Отаншылдық дәстүрінің теориялық мәселелерін терең қарастырған еңбектерінің негізгі бағыттарын айқындау. Ежелгі түрік поэзиясынан бастау алған Отаншылдық дәстүрдің ортағасырлық, жыраулық және одан кейінгі ғасырлардағы қазақ өлеңіндегі дамуын айқындау мақсатында төмендегіше міндеттер қоямыз:

- Қазақ поэзиясындағы Отаншылдық дәстүрдің қалыптасу тарихы мен көркемдік арналардағы жаңашылдық үрдісін, бүгінге дейінгі өлеңдегі жетістіктерімен сабақтастыра отырып анықтау.

- Отаншылдық поэзия дәстүрінің тарихы мен көркемдігіне қатысты зерттеу еңбектерінің бағыттарын ашып көрсету;

- Ақын-жыраулар поэзиясындағы Отаншылдықтың көркемдік бейнелілігі мен идеялық-эстетикалық сипатының кейінгі поэзиядағы жалғасын айқындау;

- Қазақ Отаншылдық поэзиясының негіздерін саралай отырып қазіргі қазақ ақындар шығармашылығындағы бағыт-бағдарын сипаттау;

- Қазіргі қазақ өлеңіндегі Отаншылдықтың мораль, адамгершілік бағыттарында жекелеген ақындар шығармашылығында көрініс табуын дәйектеу.

Зерттелу объектісі: Ежелгі түрік поэзиясында қалыптасқан Отаншылдықтың жыраулық поэзиядағы жаңашылдығы сараланатындықтан, ақын-жыраулар шығармашылығы қамтылып отырды. Сонымен қатар Отаншылдық дәстүрдің бүгінгі дамуын айқындайтын қазіргі қазақ ақындары шығармашылығы, жекелеген жыр жинақтары зерттеу нысаны ретінде алынды. Отаншылдық дәстүрді айқындауда ақындық өнер мәселесі жекелеген зерттеу еңбектерімен дәйектеліп, бүгінгі ақындар өлеңдерімен тұтастықта қарастырылды.

Теориялық мәнділігі мен ғылыми жаңашылдығы:

  • Ерте дүние ойшыларынан бастау алған Отаншылдық сарынның тарихи даму барысы сипатталады.
  • Көне дәуірлер мен жыраулық поэзиядағы Отаншылдық ой түйдегі, сөз мәйегін көне сипатта сақтағандығы түйінделеді.
  • Отаншылдық мазмұндағы, философиялық мәнге ие, тәрбие көзі саналатын өлеңдер адамның өзін-өзін тануына зор ықпал ететін сөз өнерінің күшін дәйектейді.
  • Жыраулардың үлгі өсиетке толы өлеңдерінде де, Абай, Шәкәрім кейінгі қазақ өлеңдеріндегі Отаншылдықтың жасырын жатқан сырлары талданады.

Практикалық маңыздылығы: Диплом жұмысын қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының оның ішінде өлеңтану методологиясын зерттеудегі ерекшеліктері жөнінде жазылатын магистрлік диссертациялар мен студенттердің қазақ лирикасы тақырыптарындағы өзіндік жұмысына, бақылау және курстық жұмыстарға, сондай-ақ, қазақ поэзиясын зерттеуші ғалымдардың зерттеу тәжірибелеріне қызығушы жас ізденушілерге дереккөз ретінде пайдалануына әбден болады. Жұмыстың нәтижелерін қазақ өлеңінің ежелгі дәуірі мен қазіргі кезеңі жайлы материалдарға дерек ретінде қолдануға болады.

Теориялық және әдіснамалық негізі: Зерттеу барысында қазақ әдебиеттанушыларының, өлеңтанушы ғалымдарының А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Е. Ысмайылов Қ. Жұмалиев, С. Мұқанов, Ә. Қоңыратбаев, Ә. Жәмішов, Р. Бердібаев, М. Базарбаев, Қ. Өмірәлиев, Б. Кәрібаева, Қ. -М. Жүсіп, т. б. зерттеулерімен қатар қазақ өлеңінің мәселелері төңірегіндегі диссертациялар қамтылды. Мәселен, Ә. Сұлтанханның «Орта ғасырдағы түркі әдебиеті мен қазіргі қазақ поэзиясындағы рухани-адамгершілік дәстүр жалғастығы», Қ. Мәмбетовтің «Ж. Ешниязұлы шығармашылығы негізіндегі Отаншылдық поэзия» тақырыптарындағы зерттеу авторефераттары. Сондай-ақ қазақ ғалымдарының өлеңтану шығармашылығына қатысты мақалалық, ғылыми еңбектер де негіз болады.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімді құрайтын екі тараудан және қорытынды мен сілтеме жасалған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ОТАНШЫЛДЫҚ ӘДЕБИЕТ ДӘСТҮРІ

1. 1 Қазақ поэзиясы дамуының идеялық, көркемдік-эстетикалық тіні

Қазақтың өзіндік төл атымен аталатын рухани мәдениеті ХІІІ-ХV ғасырларда өркениеттер дәстүрлері тоғысқан сипатымен ерекшеленеді. Академик С. А. Қасқабасовтың Қазақстанның ХІІІ-ХV ғасырлардағы рухани мәдениетін жаңаша жазудағы пікірі бұл ойымызға дәйек болады: "Бұл кезеңнің рухани мәдениеті Дешті Қыпшақ аумағында ежелгі түрік, монғол және ислам мәдениеті дәстүрлерінің өзара тығыз ықпалымен сипатталады. Ол негізінен алғанда фольклор, ауызекі жеке поэзия, жазбаша (қолжазба-кітаби) әдебиет және музыкалық-поэтикалық өнер түрінде болып, дамып отырған" [5. 226] .

Сөз өнері - халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан дүниетанымының жемісі. Сөз өнеріндегі фольклор жанрлары, ауызекі жеке поэзия, жазбаша (қолжазба-кітаби) шығармалары - бәрі де адамдардың адамгершілік тәлім-тәрбиесіне арналады. Адамдардың сәби кезінен есейгенге дейін, отбасындағы қалыптасу, өсу кезеңдерінде жандүние байлығын иеленуінде сөз өнері туындыларының жетекші ықпал жасайтыны - дәстүрлі жағдай. "Сүйінші", "Бесік жыры", "Тұсаукесер", "Ау-жар", "Сыңсу", "Беташар", "Тойбастар", "Той-тарқар", "Жар-жар", "Естірту", "Жоқтау", "Қоштасу", "Жұбату", "Көңіл айту" [6], адам өмірінің туылар сәтінен бастап өмірден өткеннен кейінгі кезеңді де қамтиды. Фольклордағы тұрмыс-салт өлеңдерінің, эпостық дастандардың, ертегілердің, аңыз әңгімелердің, тарихи жырлардың, мақалдар мен мәтелдердің, жұмбақтардың барлығының да идеялық-композициялық құрылымында адамгершілік мінез-құлық сапаларын бейнелеу, суреттеу тұрақты орын алады. Сөз өнері шығармаларында адамдарға ақыл-кеңес, өсиет, тілек, бата, ұсыныс арналады. Фольклорда да, ауызекі жеке поэзияда да, жазбаша әдебиетте де айтылатын тілектердің барлығы да поэтикалық өрнектері шебер үйлесімділікпен өрілген кестелі өрімді, мағыналары астарлы оралымдармен айтылады. Сөз өнерінің осындай бейнелі өрнектерінің эстетикалық-гуманистік табиғатына орай әлемдік мәдениет тарихында «Отаншылдық әдебиет», «Отаншылдық поэзия» ұғымдары да қалыптасқан. Бұл екі тіркестің мағыналық ұғымдары бір-бірімен сабақтас. Профессор С. Негимовтың анықтамалары әлемдік және түркі әдебиеттері мұраларындағы поэтикалық сабақтастықты аңдатады. Мысалы, «Отаншылдық әдебиет (Отанды сүюдегі - үлгілі, өнегелі, ғибратты) - ғылыми-танымдық сипатта түзілген көркем шығармалар" [7. 86. ] делінген.

«Қабуснамада» падишалықтың шарттары, падишаға кызмет ету, оның уәзірі, жәрдемшісі, іс жүргізуші хатшысы, әскер басшысы болудың да заңдылықтары мінез-құлық қағидалары бойынша өсиет етіледі. Ал, жаза беру мен кешірім жасау, саудагерлік және алыпсатарлықта адалдық сақтаудың жолдары насихатталады.

Кітапта жаратылыстың тылсым сырларын игеруге ұмтылатын талантты адамдардың ғылым жолында ізденуіне байланысты да арнаулы әңгімелер айтылады. Отыз үшінші тарауда дәрігерлік емдеу ғылымының тәсілдері, отыз төртінші тарауда жұлдыздар мен геометрия ғылымы хақындағы ой-пікірлері жүйелене беріп еді. Үйлену ("Жиырма алтыншы тарау"), перзентті тәрбиелеу ("Жиырма жетінші тарау"), дос таңдау ("Жиырма сегізінші тарау") туралы насихат әңгімелері адам мінезінің күрделі тіршілік қайшылықтары ортасындағы сипатын саралайды.

Отаншылдық әдебиет - адамдардың өзара жақын қарым-қатынастарының нәзік жақтарын, сөз өнері тілімен түсіндіретін рухани құрал. Кітаптың "Жиырма сегізінші тарауында" дос таңдау туралы уағыздары да тәрбиелік әсерлілігімен ерекшеленеді. Мысалы, сол сөздердің бір үзіндісі мынадай: "Ақылсыз адамдармен дос болудан сақтан. Өйткені, ақымақ дос ақылды дұшпаннан жаман. Ақылсыз достың істеген ісін ақылды дұшпан істей алмайды. Жоғары дәрежелі, адамгершілігі күшті, білімді, опалы кісілермен достассаң, сен өзіңнің адамгершілік шапағатың, ілімің мен жұртқа атағың жайылады.

Адамгершілігі аз, мейір шапағаты кем, ілімсіз адамдармен бірге болма. Бұл сияқты адамдармен жолдас болғаннан, болмаған жақсы.

Адамдарды екі топқа бөледі, бірі - достық ақысын босқа кетіретіндер, екіншісі - жақсылықты жақсы дей білушілер [8. 183] .

ХV-ХІХ ғ. ғ. және XX ғ. бас кезіндегі ақын-жыраулар поэзиясында да осы адамтану көзқарастары дамытыла жырланады. Мысалы, Шалкиіз Тіленшіұлының толғауларындағы осындай мағынадағы ой өрімдері қазақ сөз өнеріндегі Отаншылдық сарындардың қуаттылығын айқын байқатады.

Жақсының жақсылығы сол болар,

Жаманменен бас қосып,

Сөйлемекке ар етер,

Жаманның жамандығы сол болар,

Сөйлесе дәйім бетін қара етер [9. 39] .

Айырдан туған жампоз бар,

Жүгін нарға салғысыз [10] -деп бейнеленуіндегі орталық персонаж шынайы тұлғалар. Мемлекеттің көсегесінің көгеруі, дамуы нағыз шешен-билердің тегеурінді өнерімен, өнегесімен, кызметімен тамырлас. «Ол - тәртіптің тұтқасын ұстаушы, ұлтының салт-дәстүрін, рухани болмысының қасиеттерін, ерекшеліктерін бойына дарытқан текті тұлға, ереже- қағидаларына жүйрік әрі жетілдіруші дархан дарын, әлеуметті ілгері сүйрейтін қызғыштай қорғайтын, жақсылыққа үндейтін үлгілі ұйымдастырушы» [11. 39] .

«Қабуснамадағы» адамдарды мінез-құлық сапаларына қарай бөліп қарастыратын толғамдар қазақ шешендерінің осындай ойларымен үндеседі. Адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадағы тұрмыстық қарым-қатынас мәдениеті аясындағы біліктілік деңгейлерінің әр түрлі болатыны анық. "Қабуснамада" әкенің баласына айтқан ақыл-кеңестері жеке тұлғаға арналғанмен жалпылық мәні анық. Адамзаттың ортақ мекені планетамыздағы алты миллиардтан асқан халықтардың тілдері, діндері, әдет-ғұрыптары әр түрлі болғанымен адамгершілік мінез-құлық сапасын игеру, мұраттары ортақ. Сондықтан Отаншылдық әдебиет дәстүріндегі шығармаларда психологиялық-танымдық мәселелер негізгі сипатты құрайды.

Мысалы, «Жетінші тарауда» адамдардың білімділік-біліктілік денгейлеріне, сөздердің қажеттілігіне, қажетсіздігіне байланысты мынадай анықтамалар беріледі: "Ей, перзентім, білгенің жөн, адам -үш түрлі, сөз - төрт түрлі болады. Адамдардың бірінші түрі - біледі және білген сайын білгісі келеді, бұлар ғалымдар тобына жатады. Бұлардың айтқанына тәнті тұру керек. Екінші түрі - біледі, біле тұра білмеймін дейді. Бұлар ұйқыдағы зұлымдар, олардан сақ болған жөн. Үшіншісі білмейді және білгеннің тілін алмайды. Олар - ессіз, надандар. Бұл сияқтылардан аулақ жүру керек. Сөз төрт топқа бөлінеді. Біріншісі -білуге де, айтуға да қажеті жоқ сөздер. Екіншісі -білуге де, айтуға да қажетті сөздер. Үшіншісі - білуге қажеті жоқ, бірақ айтуға болатын сөздер. Төртіншісі - білу керек, бірақ айтуға қажетсіз сөздер. Негізінде, дүниенің бар жақсылығы - айту және білу үшін қажетті сөздерге тән қасиет. Бұл сөздер дүние үшін пайдалы болып, айтушыға да, тыңдаушыға да мән-мағынасымен әсерлі болуға тиіс" [8. 32] .

Осы арада қазақтың этнографиялық болмысындағы "Ұлағатты ұлттық ұғымдарды" саралап көрсеткен зерттеуші С. Кенжеахметовтің жүйелеуі еске түседі. Зерттеуші былайша жіктейді: "Үш байлық" (денсаулық, ақжаулық, бес саулық), "Үш қат" (аспан, жер үсті, жер асты), "Үш қуат" (ақыл, жүрек, тіл), "Үш ғайып" (ажал, қонақ, несібе), "Үш арсыз (ұйқы, тамақ, күлкі), "Үш дауасыз" (мінез, кәрілік, ажал), "Үш қадірлі (ырыс, бақ, дәулет), "Үш жақын" (жан, мал, жар), "Үш ақиқат" (қымбат, шындык, арзан - өтірік, дауасыз - кәрілік), "Үш қуаныш" (алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі), "Үш көз" (су анасы -бұлақ, жол анасы - тұяқ, сөз анасы -құлақ) және т. б. [12. 27-28] .

Зерттеушінің "Төрт тұлға", "Төрт құбыла", "Төрт маусым", "Төрт мұрат", "Төрт мүлік", "Төрт қорлық", "Төрт күнә" т. б. [12. 29-30] -жіктеулері де халықтық анықтамадағы әрі ұлттық өзгешеліктің, әрі жалпы адамзаттық көзқарастардың табиғи үндестіктерін айғақтайды.

"Қабуснама" кітабындағы әкенің баласына аманат етіп қалдырған өсиеттер жүйесінің өзі - Отаншылдық-философиялық толғаныстардың өнегелі үрдісінің көрсеткіші. Кітаптағы ата-ананы құрметтеу туралы жазылған "Бесінші тарауда" перзент атаулының ата-ананы құрметтеуін айқындайтын міндеттер анықтала көрсетіледі. Ата-ана әрбір перзенттің тегі екендігі, олардың баласы үшін өмірлерін де қиятыны, ата-аналарына жасаған қызметтерін ешқашан да ауырламауы, олардың көңілдеріне қаяу салмауы керектігін ескертеді. Ата-анасы үшін адал қызмет еткен перзенттердің өздерінің де тіршілік заңдылығы бойынша сол еңбектерінің жемісін көретіні түсіндіріледі:

" . . . Егер сен, өз перзентім құрмет қылсын десең, сен де анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізет, құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болады" [8. 19] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Ұлттық сана - ұлт руханиятының негізі
Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері
Оқушыларды қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Салт - дәстүрдің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі
Ұлттық тәрбие арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды жан - жақты дамыту
Ұлттық құндылықтар негізінде жоғары сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру жолдары
Бауыржан Момышұлының дара тұлғасы - қазақ халқының мақтанышы
Жасөспірімдер спортын ұйымдастыруда отансүйгіштікке тәрбиелеудің рөлі
Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру процесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz