Дефектология пәнінің негізі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Дефектология негіздері.

жоспары:

2. 1. Дефектология мен логопедияның жеке пән ретіндегі мәні, мақсаты, маңызы.

2. 2. Қазіргі таңдағы дефектология ғылымын зерттеудің жолдары, дамуында кемістігі бар балалардың психологиялық дамуы.

Дефектология мен логопедияның жеке пән ретіндегі мәні, мақсаты, маңызы. Даму мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту мен тәрбиелеу ерекшелігі.

Әртүрлі дамуында ақаулығы бар балалардың дене және ақыл-ой, психикалық даму ерекшеліктері мен обьективті заңдылықтарын терең және жан-жақты зерттеу - дефектологияның негізгі мақсатының бірі .

Дефектология білім саласы ретінде әртүрлі категориялардағы кемтар балаларды оқыту, тәрбиелеу, олардың даму заңдылықтарын құру және оның жеке тармақтарының дамуы нәтижесінде құрылады. Бұл заңдылықтарды әртүрлі мамандар (педагогтар, дефектологтар, дәрігерлер, физиологтар, психологтар және т. б) кемтар баланы комплексті және жан-жақты зерттеу нәтижесінде ғана анықтай алады.

Ғылыми негізді арнайы педагогиканы кемтар баланы жан-жақты емдік, физиологиялық, психологиялық зерттеулер құрады. Оларға дамуында әртүрлі кемістігі бар балалардың түзелу-ыңғайлану мүмкіндіктері мен кемістіктің негізін, құрылымын анықтау, арнайы оқыту-тәрбиелеуді ұйымдастыру мақсатында кемтар балаларды педагогикалық жіктеу мәселесін шешу, кемтар балаларды анықтап, есепке алу жатады.

Бұл шаралардың ақаулықтардың бастапқы кезеңінде жүргізілуі нәтижелі болып келеді. Мәселен, есту ақаулығын анықтау тәсілі баланың өмірінің алғашқы жолында-ақ мүмкін болып отыр. Бұл есту және сөйлеу қабілетін дамыту жұмыстарын дер кезінде бастауға мүмкіндік туғызады. Сол сияқты тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар мен көру ақаулары бар балаларды да олардыњ дамуының алғашқы сатыларында-ақ анықтауға болады. Ақыл-ой дамуында ақаулығы бар балаларды анықтау дәрігерлік-педагогикалық комиссияның көмегімен іске асады.

Дефектология теориялық сұрақтарды талдаумен, анықтау құралдарын жасаумен, пәрменді әдістемелер табумен және т. б. айналысады. Бірақ ақыл-ойы дамуында ақаулығы бар балаларды ерте жастан анықтау әлі де көп жағдайда мүмкін болмай отыр, бұл терең ғылыми ізденістер мен арнайы балалар мекемелеріне балаларды жинақтау комиссиясының жұмысын ұйымдастыруды талап етеді.

Дамуында ақаулығы бар балалардың арнайы мекемелерін дамыту және ұйымдастыру принциптерін негіздеу және құру.

Кемтар балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту тарихы оларды арнайы педагогикалық мекемелерде оқыту керектігін көрсетті.

Біздің елімізде кемтар балаларға білім беру жүйесін ұйымдастыру өкімет міндетінде. Дефектология мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу проблемаларын ғылыми және тәжірибе жүзінде шешіп отыр. Кемтар балалардың дефектісін түзету және дұрыс дамуына оларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу процесінің ерте жүргізілуі әсер етеді.

Арнайы мектеп жұмыстарының негізгі қағидаларының бірі - кемтар баланы оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі.

Кемтар баланың адамгершілік қасиетіне дұрыс көзқарас - барлық арнайы оқыту-тәрбиелеу мекемелерінің міндетті де, жетекші қағидаларының бірі.

Дамуында ақаулығы бар балаларды оқытып-тәрбиелеу процесінің мақсатын, міндетін, мазмұнын және тәсілдерін анықтау.

Дефектология жалпы және арнайы тәрбиенің қарым-қатынасы, ақаулықтың дамуын тежеу құралдары, психологиялық-педагогикалық құралдармен кемтар балалардың дамуын түзету мүмкіндіктерінің маңыздылыѓын қарастырады.

Арнайы дидактикалық жүйелер арнайы мектептің әрбір түріндегі оқытудың белгілі қағидаларын, оқыту процесін ұйымдастыру формаларын, оқыту тәсілдері мен құралдарын зерттейді.

Мектептегі оқытылып жатқан оқу пәндері арнайы оқулықтармен, әдістерімен, көрнекі және техникалық құралдармен сәйкес келеді. Кемтар балаларды оқытуда, олардың танымдық көзқарасын көтеруде педагогикалық құрал негізгі роль атқарады. Қажетті жағдайларда дєрігерлік-емдеу құралдарына көмекші, қосымша рөл беріледі. “Бәлкім, адамзат соқырлықты, кереңдікті, ақыл-ойы кемдікті ерте ме, кеш пе жеңеді, бірақ, медициналық және биологиялық тұрғыдан қарағанда әлеуметтік және педагогикалық жағынан анағұрлым ертерек жеңеді”, -деп жазды Л. С. Выготский .

Ғылымдардың негізін игеру барысында дамуында ақаулығы бар балалардың ақыл-ой тәрбиесі іске асырылады. Жалпы білім еңбек оқытуы және тәрбиесімен біртұтас. Дене тәрбиесі, бір жағынан, дене бітімі сапасын нығайту функциясын, кеңістікте бағдарлауын дамыту функциясын атқарса, екінші жағынан, ауырған дерттерінің зардаптарын түзету функциясын атқарады.

Қазіргі таңдағы дефектология ғылымын зерттеудің жолдары, дамуында кемістігі бар балалардың психологиялық дамуы.

Дефектология бір-бірімен аралас психологиялық-педагогикалық және медициналық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды.

Дефектология мен жалпы педагогиканың мақсат, қағидалары бір, дегенмен де кемтар балалардың дамуы, тәрбиесі, оқытудағы арнайы міндеттерден өзіндік тұжырымдар жүйесін жасайды.

Кемтар баланың әртүрлі жастағы психикалық дамуын зерттеу дефектологияны педагогикалық және балалар психологиясымен жақындатады. Балалар психологиясында баланың әртүрлі даму кезеңдеріндегі тұлға болып қалыптасу заңдарын құру - негізгі міндеті болып табылады. Педагогикалық психологияда жалпы мектептегі оқыту, тәрбиелеу процесіндегі тұлға қалыптастыру және білім, білік, дағдыларды игерудің психологиялық заңдылықтары зерттеледі. Сондықтан бұл екі ғылым да кемтар балалардың даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым болып табылады жєне дефектологияға қажетті материалдар бере алады. Ақыл-ойы дұрыс адамның психикасы мен психикалық дамуының жүру заңдылықтарын білмейінше, кемтар балаларды тәрбиелеу және оқытудың ғылыми жүйесін жасау мүмкін емес.

Дефектология дамуында ақаулығы бар балалардың дамуы, тәрбиесі, оқытылуы, зерттеу мәселелерімен шұғылданатындықтан тағы да бірнеше ғылымдардың көмегі қажет. Мысалы, невропатология (жүйке жүйесінің функционалдық және органикалық ауруы туралы ғылым), патологиялық анатомия (ағза құрылысындағы ақаулықтарды зерттейтін ғылым), патофизиология (патологиялық процестердің жүру, даму және пайда болу заңдылықтары туралы ғылым), жалпы және медициналық генетика (тұқым қуалаушылық аурулардың заңдары туралы ғылым), психопотолия (психика дерттері, оның себептері, жүруі, алдын-алу және емдеу туралы ғылым), балалар психиатриясы ( балалар жасындағы психопатологиялық құбылыстарды зерттейтін ғылым) т. б., ал

сурдопедагогика және тифлопедагогика үшін отоларингология (мұрын, құлақ, тамақ аурулары туралы ғылым) және о фтальмологияның (көру мүшелерінің аурулары туралы ғылым) мәліметтері маңызды.

Бұзылған психикалық функцияларды қайтадан орнына келтіру әдістерін қолдану кезінде патопсихология (мидың патологиялық жағдайдағы психикалық іс-әрекетінің өзгеруін зерттейтін психологияның саласы) көмектеседі.

Дефектология кемтар балалар дамуының психофизикалық ерекшеліктерін және оларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттеу мақсатында ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері жүйесін қолданады.

Әртүрлі деңгейдегі дамуында ақаулығы бар балалардың жеке ауытқулары мен ерекшеліктеріне бағытталған әдістердің ерекше мәні бар. Мұндай балалардың даму заңдылықтарын және ерекшеліктерін зерттеу оларға білім беру деңгейін жоғарылатуға әсерін тигізеді. Бұл, яғни зерттеу жұмыстары бірінші жанұяда жүргізіліп, сосын барлық оқу жылдарында мектепте жүргізіледі де, ары қарай жеке өмір сүру жағдайында жалғастырылады.

Мұғалімдердің, тәрбиешілердің, психологтардың және дәрігерлердің салыстырулары арқылы шыққан қорытындыларды зерттеудің бірікпесі - ақыл-ойы кем балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеудің міндетті шарты.

Дефектологиядағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеті - балалардағы кемтарлыќтыњ дамуын жеңу және ескертудің нәтижелі тәсілдерін жасау.

Дефектология ғылыми педагогикалық зерттеулерінде педагогикалық және психологиялық белгілі әдістерді қолданады. Яғни, табиғи жағдайдағы белгілі-бір психологиялық-педагогикалық құбылыстарды танып білуге бағытталған бақылау әдісін, оқушылардағы тұлға қалыптасу ерекшеліктерін анықтауға және түзету-тәрбиелеу процесінің пәрменділігін анықтауға көмектесетін алдын-ала жасалған жоспар бойынша байқау немесе әңгімелесу әдістерін жатқызуға болады.

Сонымен бірге, табиғи және лабораториялық эксперимент түрлері кең қолданылады. Эксперименттік тапсырмалар қалыптасқан ерекшеліктер мен әртүрлі қиындықтарды анықтап қана қоймай, баланың даму мүмкіндіктерін білуге көмектеседі. Бұның өзі баланың өзіндік ерекшелігін дұрыс түсініп, оның дамуындағы ауытқуды жеңу жолындағы жұмыстарды табысты ұйымдастыруға жол ашады.

Ақыл-ойы кем балалар туралы деректер алудың маңызды көзі - балалар іс-әрекетінің қорытындысына талдау жасау болып табылады. Яғни, балалардың қоршаған орта туралы ойын, олардың психикалық ерекшелігін анықтайтын әртүрлі қылықтары, салған суреттері, жазба жұмыстарын айтуға болады. Бұл әдіс балалардың бейімділігін, қабілетін, жеке қасиеттерін көрсетіп береді.

Ақыл-ойы кем балаларды танып білудің құнды құралдарына психологиял ық және әлеуметтік зерттеу әдістері жатады.

Олардың ішінде анкета, өзін-өзі бағалау, социометрия (топтағы тұлға аралық қатынасты зерттеу) және зерттелетін мінездемелердің сандық көрсеткіштерін анықтайтын математикалық әдістерді айтуға болады.

Дефектология қазіргі ғылыми зерттеулердің әдістерін жетілдіріп, жаңа әдістерін жасайды. Негізінде психологиялық-педагогикалық зерттеулерде бір ғана әдіс қолданылмай, бір-бірін толықтырушы бірнеше әдістер қолданылады. Мұндай әртүрлі әдістерді кешенді қолдану шығатын нәтижелердің беріктігін қамтамасыз етеді. “Кемтар бала” туралы ұғым және кемтарлықтың даму ерекшеліктері.

Дефектологияда “Кемтар балалар” деп дене және психикалық ауытқуларының олардың жалпы дамуының бұзылуына әкеп соқтырған балаларды айтамыз. (грекше anomalos-дұрыс емес деген сөз) .

Дефект (латынша defectus-кемшілік, кемістік деген сөз) бала дамуының функциясын белгілі бір жағдайларға ғана байланысты бұзады. Бір кемістіктің болуы кемтар болып дамуды белгілемейді. Бір құлақтың естімей қалуы, әйтпесе бір көздің зақымдануы міндетті түрде даму кемістігіне әкеп соқпайды. Өйткені бұл жағдайда есту және көру сигналдарын қабылдау мүмкіндіктері сақталған. Кемістіктің бұндай түрлері ортамен қарым-қатынас жасауға, оқу материалдарын игеруге, орта білім беретін мектептерде оқуға бөгет бола алмайды. Яғни, бұл ақаулықтар кемтар дамудың себептері бола алмайды.

Жалпы дамудың белгілі-бір сатысына жеткен үлкен адамдағы кемістік, психикалық дамуы дұрыс жағдайда өткендіктен ешқандай ауытқуға әкеп соқпайды. Сондықтан, кемістіктің әсерінен психикалық дамуында бұзылуы бар және арнайы оқыту мен тәрбиелеуді қажет ететін балаларды кемтар балаларға жатқызады.

Кемтар балалардың негізгі категорияларына жататындар мынадай топтарды құрайды: есту ақаулықтары бар балалар (кереңдер, саңыраулар, кеш есту қабілетінен айрылғандар) ; көру ақаулықтары бар балалар (соқырлар, нашар көретіндер) ; сөйлеу ақаулығы бар балалар (логопаттар) ; ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар (ақыл-есі кем балалар, психикалық дамуы тежелген балалар) ; психофизиологиялық дамуында комплексті ақаулықтары бар балалар (керең, соқыр, мылқау, ақыл-ойы кем немесе соқыр, ақыл-ойы кем керең балалар - слепоглухонемые-орысшасы), тірек қозғалыс аппараты бұзылған балалар.

Кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу оларды өмірмен араластыру, оларды өндіріске бейімдеу - өте қиын әлеуметтік және педагогикалық мәселе.

Кемтар балалар - қиын және әртүрлі мінезді топ болып табылады. Дамудағы әртүрлі ақаулық баланың әлеуметтік қалыптасуына, олардың танымдық мүмкіндіктеріне және еңбек іс-әрекетіне өз әсерін тигізеді. Дефектілер сипатына қарай баланың даму процесінде кейбіреуі толық түзеледі, енді біреулері ыңғайланады.

Баланың дұрыс дамуының қиындығы мен сипатын олармен жасалған педагогикалық жұмыстың әртүрлі формалары анықтайды.

Дене және ақыл-ой дамуындағы ақаулық баланың бүкіл танымдық іс-әрекетіне және оның соңғы нәтижесіне әсерін тигізеді. Кемтар баланың білім деңгейі бірден көрініп тұрады.

Ақаулық сипаты арнайы мектеп оқушыларының тәжірибелік іс-әрекетіндегі мүмкіндіктеріне де өз әсерін тигізеді. Арнайы мектептің кейбір оқушылары қажетті білімдерді игерсе, енді біреулері ең қарапайым білімді ғана игере алады және олардың өмірі мен еңбек жолын қосымша көмек арқылы ұйымдастыруды талап етеді.

Кемтар балаға деген қатынас әлемдік тарихта ұзақ эволюцияны бастан кешірді. Қоғамдық дамудың алғашқы сатысында кемтар баланың жағдайы өте ауыр болды. Құл иеленушілік заманында дене дамуында әртүрлі ақаулығы бар балалардың көзін жойып отырды. Орта ғасырда бала дамуының кез-келген ауытқуын қара, дүлей күштің келуі деп қараған. Қорытындысында, кемтар балалар ортадан жекеленіп, тағдыр тәлкегіне салынған.

Қоғамдық жетістіктер ғылыми-техникалық прогресс, педагогикалық ойлардың дамуы және тарихтың келесі кезеңдері ортаның кемтар балаға, оны оқыту мен тәрбиелеуге деген көзқарасын өзгертті. Оларды қоғамдық пайдалы жұмысқа үйрету қажеттілігін туындатты.

Медицина және психология ғылымдарының дамуы кемтар балалардың дамуында болатын ерекшеліктерге көз жеткізді. Кемтарлықтың түрлерін, олардың себептерін, жеке кемістікті анықтау қолға алына бастады.

19-ғасырдың басында естуінде ақаулығы бар және соқырларға арналған алғашқы арнайы мектептер ашылды. Содан кейін ақыл-ойы кем балаларға арналған мектептер де ашыла бастады. Осы кезден бастап кемтар балалардың тәрбиесі мен олардың қоғамдағы орнының жаңа сатысы басталды.

Арнайы оқыту-тәрбиелеу мекемелерін ұйымдастыру жеке және қайырымдылық мекемесінен мемлекеттің кемтар балаларды оқыту және тәрбиелеу жүйесіне дейін дамыды.

Кемтар балалардың дамуы тек теріс белгілермен ғана ерекшеленбейді. Бұл өзіндік ерекшеліктері бар кемістіктің дамуын анықтауды талап етеді.

Кемтарлықтың себептері. Кемтар балалардың негізгі категориялары.

Дамудың кемтарлығы немесе кемістіктің негізінде жүйке жүйесі мен белгілі анализаторлардың бір немесе барлық ағза ісінің белгісіз (атипичное) құрылымы нәтижесінде пайда болған ауытқулар жатады. Ауытқулар жатыр ішінде, туғаннан кейінгі дамуда немесе тұқым қуалаушылық факторлардың нәтижесінде пайда болады. Кемтарлықтың себептеріне байланысты оларды туа біткен және жүре келе пайда болған деп екіге бөледі.

Педагог-дефектологқа ең алдымен бас миының туа біткен аномальды дамуымен, есту ағзасында, тілінде немесе туған кезде және тұрмыста жарақат алғаннан, нейроинфекциялардан пайда болған ауытқулармен жұмыс істеуге тура келеді.

Жүйке жүйесі патологиясының барлық түрінде кемістікке әкелген ауру ошағын анықтауға болады. Сондықтан мұндай жағдайда органикалық ауытқу, яғни туа біткен немесе жүре пайда болған ауытқу туралы айтылады. Органикалық ауытқумен қатар жүйке жүйесінің жеке функцияларының жоғары қоздырғыш немесе тежегішке байланысты бұзылулары кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайда жүйке іс-әрекетінің функциональды бұзылуына, яғни жүйкедегі жеке бөліктердің жұмысындағы бұзылыстарға мән беру керектігін психолог-ғалым Л. О. Бадалян өзінің еңбектерінде жазады.

Туа пайда болатын кемтарлықтың себептері әртүрлі: бірінші топқа , жатырда өсіп келе жатқан нәрестеге теріс әсерін тигізетін, ауытқуларға әкелетін патогенді агенттерді жатқызады. Бұларға инфекциялар, дене және психикалық жарақаттар, жүктілік кезіндегі токсикоздар, интоксикациялар, яғни ағзаның улы затпен улануы, дене ыстығының көтерілу әсері, жүкті әйелдің әртүрлі аурумен ауыруы, мысалы, жүрек ауруы, өкпе ауруы және т. б. жатады.

Ананың ашығуы, дистрофия, дұрыс тамақтанбау іштегі нәрестеге құнды заттар, белоктың, майдың, көмірсулардың, дәрумендердің жетіспеушілігін туғызады.

Жатыр іші инфекциясының қоздырғышы қызылша, грипп, және т. б ауруларының вирустары болып табылады. Ауру ана инфекция көзі деп есептеледі. Яғни, жатырдағы сәбиге инфекция көбінесе жүктілік кезінде жұғады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогиканың дәрістері
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі тәрбиенің мазмұны
Front page тілінің тиімді пайдаланылуы
Педагогиканың шығуы және дамуы
Дефектология негіздері
Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы
Дефектология негіздері пәнінен лекция тезистері
Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы
Педагогиканың салалары, басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz