Дәрістер бойынша қысқаша конспект


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Дәрістер бойынша қысқаша конспект

№ 1 тақырып: Дене тәрбиесі және спорт тарихы

Дәріс мақстаы: Дене тәрбиесі дамуының тарихиын студенттерге айтып беру

Қарастырылатын сұрақтар.

1. Ерте замандағы дене тәрбиесі.

2. Орта ғасырдағы дене тәрбиесі.

3. Капиталистік кезеңдегі дене тәрбиесі.

Дәріс

Дене тәрбиесі дамуының тарихи тәжірибесі және адамның дене дамуын зерттеудің эксперименталды әдістері, дене қызметінің ой қызиетіне қатысын айқындау дене тәрбиесінен білім берудің өскелең ұрпаққа қатысты мақсаты мен мәнін айқындауда көптеген ғасырлар бойы жол берілген қараңғылық пен негіздікті жоюға көмектесті.

Дене тәрбиесінен білім берудің даму тарихындағы ғылыми кезең өзге тарихи кезеңдерден басқаша. Ең басты айырмашылықтары: 1) ақиқатты тексеріп, айқындау үшін сан алуан әдістерді қолдану; 2) тәрбиелеу мен үйретуде тұлғаның құқықтарын мойындау.

XVI жүзжылдықта дене тәрбиесі педагогика мен спортқа қатысты ғылыми ақиқатты жасау кезіңінде, осы шыңдықты іздеп табуға бел байлаған батыл ойшылдар, данышпан тұлғалар пайда болды. Бүгінгі білім биігінен қарағанда, олардың тәжірибелері оймен тану дәрежесінде болғанымен, адамға «жоғарыдан» берілетін терең, «жұмбақ сырлы» даналығы да жоқ емес.

Бұл ойшылдар мен ғалымдардың өзара тек олардың ішкі көңіл-күйлеріне ғана бағынған. Олар бір елден бір елге өз білімін, пәлсапалық ойларын, ғылыми ізденіс тәжірибелерін арақалап өте берген. Өмірі табиғи өліммен аяқталғандары сирек. Көптеген данышпан тұлғалардың есімдері, көрген азаптары мен еңбектері Помпонацийден Джордано бруноға дейін философия тарихынан, медицинадан және әдебиеттерде жазылған шығармаларда қалған.

Үш ойшыл Бэкон, Декарт және Спиноза ақиқаттармен зерттеулердің объективті әдістері жинағынан тұратын ғылым құрған. Бұл ғылымның әсері Исаак Ньютон мен Джон Локктың дүние тануында айқын із қалдырған. Тәрбие және дене тәрбиесінен білім беру саласында Джон Локк есімі ерекше маңызды.

Джон Локк 1632 жылдың Урингтон қаласында туылған. 14 жасқа дейін әкесінің тәрбиесінде болады. Классиккалық білімді Вестминстерская коллегиясында алды. Бұл жерде ол өз дене дамуына көп уақыт бөлді: доп, крокет ойнап, жұгірумен, ескек есумен айналысты. 1652 жылы Локк Оксфорд университетіне оқуға түсті. Бірақ 1683 жылы саяси себептер салдарынан университетті бітірмей, ол өз елінен кетіп, Голландияға қоныс аударуға мәжбүр болады.

1690 жылы ол «Балаларды тәрбиелеу жөнінідегі ойлар» деген педагогикалық шығармаласын басып шығарды. Мұнда ол тәрбиеленушінің жеке ерекшеліктерін зерттеп, білім беруді баланың қабілеттері және бейімділіктеріне орай бағыштау қажет деген негізгі ойын білдірді. Локктың пікірінше, жеке беімділіктер ойын кезінде айқынырақ ашылады және оны не мазалайтынын білу үшін, локк тәрбие процесінде кездойсоқтық пн өзімбілермендіктің болмауы тиіс, тәрбиенің барлық шаралары негізделуі керек деген пікір білдіреді.

Тәжірибе және бақылау кезінде Локк өте пайдалы кеңестер берді: балалр қыста да өте жылы киінбеуі керек, бас киімсіз, жаяу көп жүру, күнделікті мұздай сумен жуыну пайдалы.

Жан-Жак Руссо айтқан педаггикалық ойлар өз нәтижесін берді: Германияда «филанторпиндер» мектептері ашылды, онда тәрбиелеу жүйесі еі алдымен тәрбиеленушіге мейіріммен қарауға негізделген. Мұнда алғашқы мектеп Дессау қаласында 1774 жылдың 24 желтоқсанында ашылған.

Дене жаттығуларын оқыту Г. У. Фитқа тапсырылған еді. Ал ол Гутс- Мутспен бірге неміс гимнастикасының негізін қалаған.

Г. У. Фит 1763 жылдың 8 қаңтарында Гооксилде, Евердің Ангальт-Церь қожалығында туылған. Ол княздік жоғары мектебіне ұстаз болып 1786 жылы ьтағайындалған. 1799 жылы Дессаудағы барлық мектептердің директоры болды.

Өзінің гимнастикалық еңбектерінде Фит оқушылардың дене тәрбиесінен білім алуына зор мән беріп, жаттығулардың пайдасы мен әсерін негіздеген. «Дене жатттығулардың мақсаты, - дейді Фит, -барлық қимылдарды жасау және адам ағзасындағы оның жетілуіне қызмет ететін күштерді іске қосу, сөйтіп өз денесін қалыптастыруға жұмылдыру».

Гутс-Мутс Фитпен тығыз бірлесе отырып, Шнепфенталь мектебі жағдайында неміс гимнастикасының негізін қалады.

«Бәрінен бұрын- деп жазады Гутс-Мутс, - дене жаттығуларымен жоғары білім мекемелерінде, әсіресе біздің университеттерде танысыу тиіс. Себебі, оларды бітірген дінбасылары қала мен ауылдарға оқытушы ретінде жіберіледі. Басқа барлық қоғамдық топтарға гимнастика аса қажет, өйткені олардың денесі ең алдымен мемлекетке қызмет етуі керек. Бұл әсіресе жауынгерлерге қатысты. Жасөспірімдердің ептілігі мен шынығуын дамыту менің ұлттық тәрбие жоспарымның ең маңызды бөлігін құрайды».

Өз жүесінде Гутс-Мутс дене жаттығуларының білім берудегі мәнін арттыру үшін оларды топтаудың тектік әдісіне сүйенген. Бұл топтау мынадай ретте келеді:

  1. Секірулер: бір орыннан (екпінсіз), жүгіріп келіп (10қадам) .
  2. Жүру мен жүгіру: гимнастикалық алым (минутына 50 адым) ; еселенген адым (10 адым) ; жүгіру жылдам адым (минутына 150 адым) ; жүгіру - жылдам, созылмалы, жыландап, тізбектеп, ұлулап, бұрыстылармен, өрге қарай (тауға) .
  3. Лақтыру: тастарды және тас шарларды лақтыру, тастарды төменнен құлаштап лақтыру; дискі, найза лақтыру.
  4. Күрес: қарсыласты күрес орнынан ығыстыру; оны жерден көтеру; құлаштап жерге тастау ( осыған сәйкес, күрестің үш түрі ерекшеленген: жартылай шайқас, жеңіл шайқас, толық шайқас) . Күрделі шайқас барлық үлгілерді біртұтас жиынтыққа біріктіру.
  5. Өрмелеу: кедір-бұдыр сырықта, ағашта, жұмыр бөренеде, жіп сатыда, қанатта.
  6. Тепе-теңдіктегі жаттығулар: бір аяқта және аяқ ұштарында тұру; жатқан ағашпен, жіңішке тақтай және қанат бойымен жылжу; ағаш аяқта жүру; конькиде жүгіру; параллель брустарда және әткеншекте жаттығу.

Бұған қоса жүру және жүзу жаттығулары.

П. Г. Клиас өзінің гимнастикасы бойынша- «Гимнастиканың бастапқы негіздері немесе «турнен өнері» атты тұңғыш шығармасы басып шығарды. Кейінірек Клиасс гимнастикасы бойынша бірнеше кітап жазған, олар Франция, Англия, Швейцария елдерінде басып шығарылған.

Жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, күресу, жүзу жаттығуларынан басқа, Клиасс өзінің сабақ беру жүйесіне жаңа: үшбұрышты трапеция үстіндегі жаттығулар; қиғаш тартылған параллель қанаттардағы, жіп сатыдағы сияқты жаттығулар енгізді.

Клиас қолданылатын дене жаттығуларының шеңберін кеңейтті де, соның арқасында гимнастикалық білім тарату саласындағы оқытушы қызметінің аясын кеңейтті. 1807 жылдан бастап дене жаттығулары барлық корольдік кадет корпустарына, теңіз және артиллерия оқу орындарына, азаматтық мектептерге енгізілді. Ал 1827жылдың басынан бастап дене жаттығуларымен 7 ден 15жасқа дейінгі ұлдардың барлығы айналысуы міндеттелді. 1813 жылы Нахтегаль дат үкіметінің алдында 1799 жылы-1830 жылдары аралығында гимнастиканың даму жағлайы жөнінде есеп берді. Есеп беру «Даниядағы гимнастиканың 1799-1830 ж. ж. енгізілу сәтінен ілгерілуі» деген тақырыппен жарық көрді. Нахтегаль мынандай еңбектерін басып шығарды: «Гимнастика әдістемесі мен лекцияларға алғыссөз», «Халықтық және қалалық мектептерге арналған гимнастика оқулығы».

Германияда дене жаттығулары насихаттауд, осы жаттығулардың ұлттық ерекшеліктерін көрсетуде үлкен ықпал жасаған Фридрих Людвиг Ян болды. Гимнастика дамуындағы Л. Янның ұлтшылдық ойлары осы нәннін теориялық негіздерін жасаудағы оның еңбегін еш кемітпейді. Ян әдісі бойынша жаттығулар бүкіл германияда таралды. Неміс университетінде олар кенінен таралды. 1817 жылы көктемінде Ян дене жаттығуларының ұлттық рөлі жөнінде өзінің 21лекциясын оқыды. Дәл осы жылы Киль және Иен неміс университеттері дирекциялары оған құрметті доктор атағын берді.

Ян параллель брустарда жасалатын жаттығуларды мынадай жолмен жүйелейді: а) тіреуіштегі жаттығулар; б) «сермеу» жаттығулары; в) ілініп тұрудағы жаттығулар; г) өз денесін брустардан асыра тастау жаттығулары; көлденен сырықта жасалаиын жаттығуларды ол 6 топқа бөлді; 1) ілініп тұрудағы жаттығулар, 2) тіреуіштегі жаттығулар, 3) «сырыққа сермеу»; 4) сырықта «отырған және жатқан қалыпта» жасалатын жаттығулар; 5) күрделі жаттығулар; 6) сырықта айнала асыра тастаумен немесе аударылып түсумен орындалатын жаттығулар. Көлденең сырық үшін Ян 335-тей жаттығу ойлап тапқан. Немістік мектеп гимнастикасының негізін қалаушылардың бірі- Адольф Шписс. Шписс жасөспірім шағында Оффенбах қаласындағы жекеменшік тәрбие мекемесінде оқыған. Сол кезде ол Гутс-Мутс және Янның дене жаттығулары жүйелерімен алғаш танысты. Шписс енгізген негізгі жаңалықтар оның «Гимнастика жөніндегі ілім. Еркін жаттығулардағы гимнастика»; «Жалпы жаттығулардағы гимнастика»; «Мектептерге арналған гимнастиканы үйрету құралы ретіндегі гимнастика бойынша кітап» деген іргелі еңбектерінде сипатталған. Оларда ол өзінің негізгі ойын көрсеткен: мектептерде қолданылатын дене жаттығулары балалар денесінің дамуы ерекшеліктерін, жынысын және жасын ескеруі қажет. Аталмыш еңбектерде баяндалған оқытушы Шпис әдісі ұлдар үшін де, қыздар үшін де жаттығуларды олардың жасына қарай білуді қарастырады. Бұл жерде Шписс дене жаттығуларын топтастырғанда барынша қарапайым етіп, мектеп талабына бейімдеген: алтыдан он жасқа дейін және оннан он алты жасқа дейінгілерге арналған жаттығуларды сипаттаған. Алтыдан он жасқа дейінгі балаларға төмендегідей оқу материалдары ұсынылған: реттік (саптық) және еркін жаттығулар; тепе теңдіктегі жаттығулар; тереңге секіру, сырықпен және «текеден» секірулер; тіреуіште және ілініп тұрып жасалатын жаттығулар; «ауыр салмақты жылжыту, көтеру және тасу» түріндегі жаттығулар: күрес, лақтырулар, жүзу және ойындар.

Оннан он алты жасқа дейінгі балаларға қиынырақ жаттығулар ұсынылған: саптық және еркін жаттығулардың күрделілеу формалары: билер, тепе-теңдіктегі жаттығулар, гантельдермен секіру, паралель брустарда, бөренеде және перекладинада орындалатын жаттығулар, «ат» және «текеден» секіру, сырықпен секірулер, нысанаға лақтыру, т. б. Шписс нағыз эмпирик еді. Ол балалардың ойы мен денелерінің жетілуіне әсер ету үшін неғұрлым көп дағдыларды, тәжірибелерді жан-жақты игеру қажет деп есептеді. Сондықтан жалпылама түсініктерді ө бетімен игеруге, жаттығуларды таңдаудың жалпы прициптерін, игеру әдістерін, орындау тәсілдерін тануға аз көңіл бөлді. Дене тәрбиесін оқыту тарихының ғылыми кезеңінде орын алған тағы бір құбылыс-дене жаттығуларының «швед әдісі» немесе «швед гимнастикасы» еді. Оның негізін қалаушы-Генрих Линг(1776-1839ж. ж ) . Тәуелсіз, өткір мінезді бозбала Генрих Линг Вексода гимназияны тәмамдаған соң, бүкіл елді аралап Еуропаның көптеген қалаларында болды: Упсада, Стокгольмде бір көрініп, Берлин немесе Копенгагеннен бір шығып, 1797 жылдың 21 желтоқсанында Линг дін ілімі кандидаты дәрежесіне емтихан тапсырып, Стокгольмде үй оқытушысы болғаны белгілі; көп ұзамай ұстаздықты қойып Германия және Данияда саяхаттады; Франция мен Англияға да барды. Осы дүние кезу арасында ол әскери қызмет те атқарды.

Линг құрастырған швед гимнастикасы былай ерекшеленеді:

  1. педагогикалық гимнастика (субъективті-белсенді) ;
  2. әскери гимнастика (субъективті-пассив) ;

дәрігерлік (объективті-пассив) ;

  1. дәрігерлік (объективті-белсенді) .

Линг жүйесі бойынша дене жаттығулары сабақтары құрылымының қазіргі заманғыларға өте жақын екені П. Ф. Лесгафтың шығармасының мәтінінен көрінеді. «Мысал үшін өзім қатысқан бір сабақты суреттеп берейін. Бұл сабақты Яков әулиенің халақ мектебіне Зманн ханым жүргізді. 32 оқушы қыз болды. Сабақ 45 минутқа созылды. Тек еркін қимылдарда және жүруде олар бірге жаттықты, ал барлық басқа жаттығуларда олар 6-9 оқушыдан 4 топқа бөлінді», -деп жазады Лесгафт.

1888 жылы П. Ф. Лесгафт өзінің «Мектеп жасындағы балаларға дене тәрбиесі білімін беру бойынша құрал» атты іргелі еңбегінің бірінші бөлімін, 1901 жылы екінші бөлімін жарыққа шығарды. Лесгафт құрған бүкіл дене жаттығулар жүйесі балалармен жұмыс істегенде гимнастикалық мәселелермен қатар дене тәрбиесі білімін берудің маңызды мәселелерімен шешіп отыруды көздейді. Ол мұндай мәселелер өзіндік білім беру бағыты бар арнайы дене жаттығуларын үйрету жолымен шешіле алатынын меңзейді. Оқушының рухани өсуі, денесінің жетілуі факторлары ретінде дене жаттығулары шартты түрде былайша бөлінеді:

  1. қарапайым жаттығулар;
  2. күрделі жаттығулар;
  3. үйлесімді жаттығулар;
  4. жүйелі, кешенді жаттығулар.

П. Ф. Лесгафтың «мектеп жасындағы балаларға дене тәрбиесінен білім беру бойынша құрал» атты классикалық еңбегі - ғасырдың 60-жылдарындағы дене тәрбиесі мен білім беру ғылымының дамуында негізін қалаушы болып табылады.

№ 2 тақырып: Кеңестік жүйедегі дене тәрбиесінің қалыптасуы

Дәріс мақстаы:

Қарастырылатын сұрақтар

1. Кеңестік жүйедегі дене тәрбиесінің қалыптасуы.

2. СССР кезіндегі дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері.

3. Кеңестік жүйедегі дене тәрбиесінің жалпы принциптері.

Дәріс

№ 5 тақырып: Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері.

Дәріс мақстаы: Мектеп жасына дейінгі балардың тәрбиесін дұрыстау

Қарастырылатын сұрақтар

  1. Дене мәдениетінің міндеттері

Дәріс

Дене тәрбиесінің міндеттері:
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;
- негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
- еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.
3. Дене шынықтыру сабағы әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әзірлік бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады.
Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Осы көтеріңкі ілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумеи, қорытынды жасаумен аяқталады.
Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі.
Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шүғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандылығымен ерекшеленеді.
4. Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері: баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу.
Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары: секциялары мен үйірмелердегі сабақтар спорт жарыстары, серуендер, туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары.
Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін толықтыра алатындай тамаша адамдардық әңгімелерін ести алатындай жерде белгіленген жөн.
5. Оқушыларды жүйелі түрде дене жаттығуларына үйретудің тиімді жолдарының бірі - олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек.
Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі -таңертеңгілік гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту жнттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып, тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Ертеңгілік бой сергіту жаттығулары оқушыларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді.
6. Порфирий Корнеевич Иванов - уақытты жарты ғасырға басып озған жан. Оның қарапайым әдісі - "Детка" немесе "Иванов жүйесі" деп аталады.
Оның нұсқаулары:
• өзіңді жақсы сезіну үшін күніне 2 рет табиғи суың суға шомыл. Ыстық суға шомылсақ, суық сумен нүктесін қой;
• шомылар алдында, не шомылып жатқанда табиғат аясына шың, жалаң аяғыңмен жер бас. Ауаны аузыңмен қармап, бірнеше рет дем ал да іштей өзіңе және өзге жұртқа денсаулық тіле;
• арақ ішпе, темекі тартпа;
• аптасына кем дегенде 1 рет тамақсыз не сусыз күн кешуге тырыс;
• қоршаған ортаны сүй. Айналақа түкірме және ештеме тастама. Бұл сенің саулығың;
• денім сау болсын десең барлық адаммен сәлемдес;
• бойыңдағы жаман қылықтардан арыл. Жұртқа сен және оларды сүй;
• адамдарға әсіресе көмек сұрағандарға көмектес. Оның қажетіне бар жан-дүниеңмен көмектес. Ол сенің досықа айналады, соныңмен әлемдік іске ат салысасыз;
• жексенбі күні табиғатқа жалақаяң шығып, бірнеше рет тыныс ал да, ойлан;
• ауру, сырқат, өлім жөнінде ойлаудан қаш. Бұл сенің - жеңісің;
• ес пен ойды бөле қарама. Оны жүзеге асыр;
• іс жөніндегі тәжірибеңді үлгі-өнеге ет. Біраң ол үшін мақтанба да, өзіңді-өзің өреден жоғары ұстама. " Ұлық болсаң-кішік бол".
Бұл қағиданың оқушының рухани жағынан тазарып, салауатты өмір сүруіне тигізетін рөлі ерекше.
Қоғамның болашағы - оқушы-жастарға ұжымдық тәрбие беруде дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды өткізудің рөлі зор. Қазақстанның ұлттық ойындарының ішінде ұжымдыққа, ауызбірлікке тәрбиелейтін ойындарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануға болады.

Ұсынылған әдебиеттер.

1. К. Бержанов, С. Мусин. Педагогика тарихы. - Алматы: Мектеп, 1972.
2. Е. Сағындықов. Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысында қолдану. - Алматы, 1992.
3. К. Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1986.
4. Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 1998.
5. Савин Н. В. Педагогика. - Алматы, 1983.

№ 7 тақырып: Туғаннан 7 жасқа дейінгі баланың жас ерекшеліктеріне қарай дамуы.

Дәріс мақстаы: 7 - жастағы балалардың жастық ерекшеліктері

Қарастырылатын сұрақтар

  1. Қимыл - қозғалыстарға үйретудің физиологиялық заңдылықтары
  2. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері

Дәріс

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология пәніне арналған дәрістің негізгі қызметтері мен ережелері
Педагогиканы оқытуды ұйымдастыру формалары
Медициналық жоғарғы оқу орындарындағы оқу үрдісі
Педагогика пәні бойынша СЕМИНАР САБАҒЫ
Етістіктің жақ категориясы
АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗУ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Бастапқы әскери дайындық пәнінің оқу-материалдық базасы және материалдық қамтамсыз етілуі»
Педагогика және психология мамандығына арналған Психологиялық менеджмент
Психология пәні бойынша семинар сабақты дайындау
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz