«Литосфералық плиталар тектоникасы» туралы теориясы



І. Кіріспе:
а) Литосфералық плиталар тектоникасы.
ІІ. Негізгі бөлім:
а) Вегенердің тұжырымдамалары.
б) Плиталық тектониканың қалыптасуы.
ІІІ. Қорытынды:

Пайдаланылған әдебиеттер.
«Литосфералық плиталар тектоникасы» атты концепция 1967—68 ж. ж. төрт түрлі мобилистік ұғымдар негізінде қалыптасады. Атап айтқанда: материктер дрейфі; литосфералық плиталардың аралдық доғалар астына сүңгіп, мантия қабатына батып кетуі (субдукция); мұхит түбінің (рифт жарықтарын бойлап) ұлғайып кеңеюі (спрединг); литосфералық плиталардың трансформалы жарылыстар бойымен көлденең бағытта жылжып, орын ауыстыруы жөніндегі пікірлер.
Плиталар тектоникасының негізгі мазмұнын схема түрінде бұлай түсіндіруге болады: литосфералық плиталар су бетінде қалқып жүрген <айсбергтер> тәрізді планетамыздың ішкі «астеносфера» қабатының бетімен өзінше бір ансамбль құрып, көлденең бағытта кешіп - қонып жүреді. Әрбір плита өзіндік шекаралық ерекшеліктерімен ажыратылады. Олар дивергенттік, конвергенттік және трансформалы болып үшке бөлінеді. Ман-тиялық заттар плиталардың дивергенттік (ажыраған) шекарасында пайда болған өте терең жарықтарды (рифттік) бойлап, жоғары қарай көтеріледі. Олар біртіндеп суынып, қатая келе Жер қыртысының мұхиттық тегін кұрады. Литосфералық плиталардың арасындағы шекара алшақтаған сайын (жүздеген км) жаңа мұхиттық ойпаттар пайда болу мүмкіндігі арта түседі. Плита-лардың конвергенттік (қосылған) шекарасында (мұхиттық литосфераның басқа бір плитамен соқтығысуы кезінде) ірілі-ұсақты жарықтар мен жарықшақтар пайда болады. Соған байланысты аралдық доғалар астында сейсмикалық қозғалыстар күшейіп, вулкандық әрекеттер жиі байқалады.
Литосфера қабатының қалыңдығы мұхит түбінде бірнеше км ғана болса, ал ескі платформалар мен калқандар (щиттер) астында жүздеген км-ге дейін жетеді.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ХІІІ ЛИТОСФЕРАЛЫҚ ПЛИТАЛАР ТЕКТОНИКАСЫ
ТУРАЛЫ ТЕОРИЯ
Литосфералық плиталар тектоникасы атты концепция 1967—68 ж. ж. төрт
түрлі мобилистік ұғымдар негізінде қалыптасады. Атап айтқанда: материктер
дрейфі; литосфералық плиталардың аралдық доғалар астына сүңгіп, мантия
қабатына батып кетуі (субдукция); мұхит түбінің (рифт жарықтарын бойлап)
ұлғайып кеңеюі (спрединг); литосфералық плиталардың трансформалы жарылыстар
бойымен көлденең бағытта жылжып, орын ауыстыруы жөніндегі пікірлер.
Плиталар тектоникасының негізгі мазмұнын схема түрінде бұлай
түсіндіруге болады: литосфералық плиталар су бетінде қалқып жүрген
айсбергтер тәрізді планетамыздың ішкі астеносфера қабатының бетімен
өзінше бір ансамбль құрып, көлденең бағытта кешіп - қонып жүреді. Әрбір
плита өзіндік шекаралық ерекшеліктерімен ажыратылады. Олар дивергенттік,
конвергенттік және трансформалы болып үшке бөлінеді. Ман-тиялық заттар
плиталардың дивергенттік (ажыраған) шекарасында пайда болған өте терең
жарықтарды (рифттік) бойлап, жоғары қарай көтеріледі. Олар біртіндеп
суынып, қатая келе Жер қыртысының мұхиттық тегін кұрады. Литосфералық
плиталардың арасындағы шекара алшақтаған сайын (жүздеген км) жаңа мұхиттық
ойпаттар пайда болу мүмкіндігі арта түседі. Плита-лардың конвергенттік
(қосылған) шекарасында (мұхиттық литосфераның басқа бір плитамен соқтығысуы
кезінде) ірілі-ұсақты жарықтар мен жарықшақтар пайда болады. Соған
байланысты аралдық доғалар астында сейсмикалық қозғалыстар күшейіп,
вулкандық әрекеттер жиі байқалады.
Литосфера қабатының қалыңдығы мұхит түбінде бірнеше км ғана болса, ал ескі
платформалар мен калқандар (щиттер) астында жүздеген км-ге дейін жетеді.
Литосфералық ірі плиталар саны бар-жоғы 8—10 ғана. Олардың алтауы
мұхиттық және континенттік литосферадан (Евразия, Солтүстік Америка,
Оңтүстік Америка, Африка, Үнді-Австралия және Антарктнда) кұралған.
Мұхиттық плиталардың ішіндегі ең ірісі — Тынық мұхит плитасы, ал одан
кішілері Наска атты плита. Одан да гөрі кішірек плитаны Кокос, ал соған
шамалас материктік плитаны Аравия плитасы деп атайды. Осы плиталардың
барлығын қосып есептегенде олар жер бетінің барлық ауданының 85%-ін алып
жатады (XIII. ).
Ірі плиталардан басқа (геоморфологиялық және сейсмологиялық зерттеулер
негізінде) шамамеи оншақ

ты кішігірім (шағын) плиталарды ажыратуға болады. Ұсақ плиталардың
көпшілігі планетарлық белдеулер бойында (Альпі—Гималай және Циркум—Тынық
мұхит белдеулері) орналасқан. Олардың шекарасында (сығым күштеріне
байланысты) сырғанау немесе сырғу процестері байқалады.
Мұхиттық плита төмен шөгіп, мантиялық заттармен араласу барысында оның
құрамындағы тез балқығыш компоненттер оңай бөлініп шығып, жоғары карай
көтеріледі. Соның нәтижесінде, құрамы андезиттік және қышқыл жынысты
магмалық ошақтар құралады. Мұхиттық плиталардың ауыр компоненттері төмен
шөгіп, ал олардың шеткі бөліктері (мантиялық) қызу әсерінен біртіндеп балқи
бастайды.
Конвергенттік шекараның басқа бір түрі плиталардың континенттік шеткі
бөліктерінің қысылып, сығылуы кезінде байқалады. Жер қыртысының
континенттік бөліктері (мантиямен салыстырғанда меншікті салмағының
жеңілдігіне байланысты) литосфера кұрамында қалқып жүрген қалтқының ролін
атқарады. Сондықтан да олар мантия қабатына терең батып кетпей, оның
бетінде қалқып жүреді. Қонтинентальдық литосферада қысылу немесе сығылу
әсерінен әр түрлі жарықтар пайда болып немесе бірінің үстіне бірі шығып
кететін жағдайлар байқалады.
Бүйірлік шекараның үшінші бір түрі трансформалы жарықтар мен
жарылыстар болып саналады. Көрші орналасқан екі плитаның шеткі бөліктері
трансформалы жарықтар бойымен сырғып отырады. Мұндай жарықтар плиталардың
дивергенттік және конвергенттік шеткі бөліктерін біріктіреді. Бұл жерде
Плиталар тектоникасы атты концепцияның (неомобилнзм) Вегенер болжамының
классикалық вариантымен салыстырғанда өзіндік айырмашылықтары болатындығын
айта кеткен жөн.
Вегенердің тұжырымдары
Вегенер айтқандай жердің жоғарғы қабаттары, Мо-хо жазықтығының
бетімен емес астеносфера беті арқылы (200 км-дей терендікте) жылжып, орын
ауыстырады; базальтты жыныстар есебінен, мұхиттық литосфера қабатының
қалындығы (рифттік терең жарықтар арқылы шығып жатқан) бір жағынан көбейіп
жатса, екінші жағынан олардың артық үлестсрі (порциялары) аралдық доғалар
астында және континенттердің шеткі аудандарында төмен шөгіп, мантия
қабатына араласып жатады. Соның нәтижесінде компенсациялық тепе-теңдік
байқалады; жердің терең қабатында мантиялык, заттармен араласып жатқан
мұхиттық плитаның әрі жеңіл және тез балқығыш компоненттері жоғары қарай
көтеріліп, құрамы андезиттік магмалық ошақтар пайда болады. Соған сәйкес,
жер қыртысынын. континенттік тегі кұралады.
Вегенер айтқандай, плиталардың қозғалыс механизмі Жердің өз
осінен айналу жылдамдығына тәуелсіз, ал мантия қабатын түгел қамтитын
конвекциялық ағын ларға тәуелді болады деп саналады. Мұндай ағындар
мантиялық заттардың дифференциациялық жіктелу (ауыр және жеңіл
компоненттерге) процестерімен тікелей байланысты. Ауыр элементтер төмен
сарқылып ядро қабатын толықтырса, ал жеңіл компоненттер жоғары көтеріліп
жер қыртысына, гидросфера және атмосфера қабаттарына қосылып жатады
(Сорохтин, 1974—1979;
Ушаков, 1974).
Мантиялық конвекция ағындарының бағыттық өзгерістері материктердің
бөлшектенуіне, сонымен қатар кейбір жерлерде мұхиттардың жаңа орындарының
пайда болуына, ал кейбір аудандарда ескі мұхиттардың жабылуына әкеліп
соғады. Осындай әрекеттердің нәтижесінде континенттердің (шеткі
бөліктерінің) бір-бірімен соқтығысуы кезінде қатпарлы тау жоталары құрылады
(мысалы, Альпі—Гималай).
Осы уақытқа дейін іргелі деп саналып келгек геосинклиналды-
платформалық теорияның көп жағдайлары соңғы кездерде жаңа мобилистік
болжам негізінде кайта қаралуда. Бұл болжам литосфераның эволюциялык даму
ерекшеліктерін және геотектоникалық режимнің цикл сайын ауысып және
кайталанып отыратындығын өзінше түсіндіреді. Геотектоникалық
циклдері Уилсон циклі деген атпен белгілі (Wilson, 1966) болып,
геологтар арасында кең таралып кетті.
Бұл циклдің алғашқы стадиясында материктерде жиі байқалатын дөңес
пішінді кұрылымдар (мысалы, Ұлы Африкалық рифттік зоналар) калыптасады;
келесі стадиясында материктер бөлшектеніп, мұхиттардың жаңа орындары
айқындалады (мысалы, Қызыл теңіз және Аден шығанағы); үшінші стадия кезінде
мұхит түбі кеңейіп, оның жалпы көлемі ұлғаяды. Сонымен қатар, мұхит түбінің
шеткі (перифериялык) бөліктерінде шөгінді .жыныстарынын қалың (15—18 км)
қабаттары жиналады (мысалы, Атлант мұхитының көпшілік бөлігі және Үнді
мұхитының солтүстік-батыс бөлігі). Мұхит түбінің кеңеюі оның көлемінің
азайып, қысқару стадиясымен алмасып отырады. Соған байланысты, мұхиттық
литосфераның шеткі бөліктері төмен шөгіп, аралдық доғалардың және
материктердің шеткі бөліктері мен шеткі теңіздердің карқынды дамуы
байқалады (мысалы, Тынық мұхиты және Үнді мұхитының солтүстік-шығыс бөлігі.
Мұхит көлемінің қысқаруы аралдық доғалардың және материктердің шеткі
бөліктерінің бір-бірімен соқ-тығысуына әкеліп соғады. Соның нәтижесінде
литосфера сығылу әрекеттеріне ұшырап, ғаламдық көлемде тау белдеулері
құралады. Ең соңында, мұхит орындары түгелдей жабылуға дейін барады.
Сығым күштерінің азаюы (мантиялық конвекция ағындарының бағыттарының
өзгерістері нәтижесінде) сығылмалы белдеулердің даму қарқынының бәсеңдеуіне
әкеліп соғады. Соның нәтижесінде платформалық режим қалыптасып, олар
плиталық ішкі режимге ауысады.
Плиталар тектоникасының қалыптасыуы
Плиталар тектоникасы атты концепция тұрғысынан қарағанда, әрбір ескі
геосинклиналдық зона бір кездегі ірілі-ұсақты мұхиттардың құрылымдық
жапсарлары болып саналады. Осындай жапсарлы зоналарда бір-бірімен көрші
орналаскан аудандарда кездесетін тау жыныстарының әр түрлі құрылымдық-
фациальдық комплекстері бір-бірінен жүздеген немесе мындаған км қашықтықта
да құралуы мүмкін.
Неомобилистік позиция, фиксистердің позициясымен салыстырғанда,
палеотектоникалық реконструкция жұмыстарын орындауда алгоритмдердің дәлірек
және айқын болуын талап етеді. Тек ең басты геотектоникалық оқиғалардың
болған уақытын рет-ретімен реконструкция жасап қана қоймай (индикаторлық
тау жыныстарын пайдалана отырып) олардың қандай жерлерде болғандығын да
анықтай білу керек. Материктер мен мұхит-тардың (көне дәуірлердегі) бұрынғы
орындарын дәл анықтау үшін, палеомагниттік зерттеулер пайдаланылады.
Палеомагниттік геофизикалық. зерттеу жұмыстары (тарихи геологияның дамуына
көп әсерін тигізіп) пла-нетамыздың эволюциялык даму кезендерінің өзіндік
ерекшеліктерін айқындап реконструкциялық жұмыстарды дәлірек жүргізуге
мүмкіндік берді.
Геотектоннкалық зерттеу жұмыстарының қазіргі кездегі ең басты бағыты
осы уақытқа дейінгі геологиялық факторларды неомобилистік тұрғыдан қайта
қарал. жаңа интерпретациялық жұмыстарымен айналысу болып саналады. Мұндай
жұмыстар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер бетінің тектоникалық белдеулері
Тік және көлденең бағыттағы қозғалыстардың арақатынасы
Қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстар
Жер қыртысының құрылымдық элементтері
Жер қыртысының құрамы мен құрлысы
Жалпы геология курсы
Литосфералық тақталар тектоникасы геотектоникалық тұжырымдамасы
Жердің физикалық қасиеттері
Литосфералық тақталар тектоникасы
Планетадағы заттардың айналымы. Өзектілік қағидасы
Пәндер