Кепілдік төлемдер мен қосымша ақылардың түсінігі және түрлері



І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Кепілдік төлемдер мен қосымша ақылардың түсінігі және түрлері.
2. Қызметкердің мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезіндегі кепілдіктері.
3.Медициналық тексеруден өту кезіндегі кепілдіктер.
4. Біліктілігін арттыругға және қайта даярлауға жіберілетін қызметкерлерге арналған кепілдіктер
5.Ұжымдық шарттарды және келісімдерді жасасу кезінде келіссөздерге қатысқаны үшін кепілдіктер.
6. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы кезіндегі кепілдіктер.
7.Қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы президентінің 1995 жылғы 19 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы халқының өмірінің әлеуметтік жағдайларын жақсарту туралы». Жарлығының, 1997 жылғы 1 сәуірдегі «Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыралатын ҚР органдарының қызметкерлерімен еңбек ақысының бірынғай жүйесі туралы» жарлығының, ҚР үкіметінің 1997 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан Республикасындаеңбекке ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру туралы» қаулысының және т.б. актілердің маңызы зор.
«ҚР еңбек туралы» заңының 70-бабы.
1. Жұмыс беруші осы заңға, жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес қызметкердің еңбегіне ақы төлеуге міндетті.
2. Қызметкерлердің еңбегі ақы мерзімдік, кесімді түрде немесе еңбекке ақы төлеудің өзге де жүйелері бойынша төленеді. Ақы төлеу еңбектің жеке және немесе ұжымдық нәтижелері үшін жүргізілуі мүмкін.
3. Қызметкердің жалақысы орындалатын жұмыстың санымен сапасына, күрделілігіне қарай белгіленеді.
Қызметкерлердің өндіріс тиімділігі мен жұмыс сапасын арттыруға материалдық мөдделігін күшейту үшін жыл ішіндегі жұмысының қорытынды бойынша сыйлық, сыйақы беру жүйесі және материалдық көтермелеудің басқа да нысандары еңгізілуі мүмкін.
4. Ұйымдарда еңбекке ақы төлеу жүйесі ұжымдық шарттармен немесе жұмыс берушінің актілермен белгіленеді.
5. Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігі жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің біліктік анықтамалығы, қызметшілер лауазымдарының біліктік анықтамалығы негізінлде белгіленеді. Аталған анықтамалықтары әзірлеу мен қолджанудын тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Орындалған жұмыстарды белгілі бір күрделі жұмысқа жатқызуды және қызметкерлерге біліктілік разрядтарын беруді жұмыс беруші жұмыстар жұмысшылар кәсіптерінің біліктілік анықтамалығына және қызметшілер лауазымдарының анықтамалығына сәйкес дербес жүргізеді.
1 Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008
2 Ахметов А., Ахметова Г. Еңбек құқығы. – Алматы. 2005;
3 Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 кодексі

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Кепілдік төлемдер мен қосымша ақылардың түсінігі және түрлері.

2. Қызметкердің мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезіндегі
кепілдіктері.

3.Медициналық тексеруден өту кезіндегі кепілдіктер.

4. Біліктілігін арттыругға және қайта даярлауға жіберілетін қызметкерлерге
арналған кепілдіктер
5.Ұжымдық шарттарды және келісімдерді жасасу кезінде келіссөздерге
қатысқаны үшін кепілдіктер.
6. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы кезіндегі кепілдіктер.
7.Қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасы президентінің 1995 жылғы 19 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасы халқының өмірінің әлеуметтік жағдайларын жақсарту
туралы. Жарлығының, 1997 жылғы 1 сәуірдегі Мемлекеттік бюджет
есебінен қаржыландыралатын ҚР органдарының қызметкерлерімен еңбек ақысының
бірынғай жүйесі туралы жарлығының, ҚР үкіметінің 1997 жылғы 6 ақпандағы
Қазақстан Республикасындаеңбекке ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру
туралы қаулысының және т.б. актілердің маңызы зор.
ҚР еңбек туралы заңының 70-бабы.
1. Жұмыс беруші осы заңға, жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес
қызметкердің еңбегіне ақы төлеуге міндетті.
2. Қызметкерлердің еңбегі ақы мерзімдік, кесімді түрде немесе еңбекке
ақы төлеудің өзге де жүйелері бойынша төленеді. Ақы төлеу еңбектің жеке
және немесе ұжымдық нәтижелері үшін жүргізілуі мүмкін.
3. Қызметкердің жалақысы орындалатын жұмыстың санымен сапасына,
күрделілігіне қарай белгіленеді.
Қызметкерлердің өндіріс тиімділігі мен жұмыс сапасын арттыруға материалдық
мөдделігін күшейту үшін жыл ішіндегі жұмысының қорытынды бойынша сыйлық,
сыйақы беру жүйесі және материалдық көтермелеудің басқа да нысандары
еңгізілуі мүмкін.
4. Ұйымдарда еңбекке ақы төлеу жүйесі ұжымдық шарттармен немесе жұмыс
берушінің актілермен белгіленеді.
5. Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен жұмыстардың
белгілі бір түрлерінің күрделілігі жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің
біліктік анықтамалығы, қызметшілер лауазымдарының біліктік анықтамалығы
негізінлде белгіленеді. Аталған анықтамалықтары әзірлеу мен қолджанудын
тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Орындалған
жұмыстарды белгілі бір күрделі жұмысқа жатқызуды және қызметкерлерге
біліктілік разрядтарын беруді жұмыс беруші жұмыстар жұмысшылар кәсіптерінің
біліктілік анықтамалығына және қызметшілер лауазымдарының анықтамалығына
сәйкес дербес жүргізеді.

1.Кепілдік төлемдер мен қосымша ақылардың түсінігі және түрлері.

Жалақы жұмыс берушінің қызметкер алдындағы жалғыз ақшалай міндеттемесі
емес. Қазақстан Республикасының еңбек заңдары бірқатар жағдайларда
қызметкердің еңбек шығынымен байланысты емес, алайда кепілдік сипатқа ие
төлемдерді төлеуді көздейді. Кепілдік төлемдер қызметкерлердің материалдық
мүдделерін қорғау мақсаттарында көзделген және олардың жалақысын
төмендетуге жол бермейді. Мұндай төлемдердің басты мақсаты - қызметкердің
қалыпты өмір сүруіне жағдай жасау.
Кепілдік төлемдер ретінде заңда көзделген себепті жагдайларда
кызметкердің өз еңбек міндеттерін іс жүзінде орындамаған уақытында
төленетін төлемдер танылады. Олардың жалақыдан айырмашылығы мынада: жалақы
еңбектің нәтижесінде төленсе, кепілдік төлемдер еңбек және оның нәтижелері
үшін төленбейді, заңдарда көзделген жағдайларда еңбекке ақы төлеуді
кепілдейді. Кепілдік төлемдер мынадай жағдайдарда белгіленеді:

2.Қызметкердің мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау
кезіндегі кепілдіктері.

ҚР еңбек туралы заңының 80-бабы
Жұмыс беруші қызметкерді оның жұмыс орнын (қызметін) сақтай отырып,
мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындау уақытына жұмыстан босата
алады.
Мерзімді әскери қызметін өтеп қайтқан қызметкердің нақ сол әскерге
шақырылған кәсіпорынға жұмысқа қабылдау кезінде басым құқығы болады.
Байқап отырғанымыздай, ҚР Еңбек туралы заңына (80-бабы) сәйкес, жұмыс
беруші қызметкерді оның жұмыс орнын (қызметін) сақтай отырып, мемлекеттік
және қоғамдық міндеттерді орындау уақытына жұмыстан босата алады. Бұл
депуттарды сайлау және олардың мәртебесі туралы заңдарға сәйкес депутаттық
міндеттерді орындауына қатысты орын алуы мүмкін. Президентке үміткерлер,
Парламент және мәслихаттардың депутаттары өздері тіркелген күннен бастап
және сайлаудың қорытындысы жарияланғанға дейін жұмыстан (әскери қызметтен,
әскери жиындардан) босатылады. Бұл кездегі орташа айлық жалақы мөлшеріндегі
шығындар республикалық бюджеттің сайлауды жүргізуге бөлінген қаражаты
есебінен өтеледі. Үміткерлердің сайлауға қатысқан уақыты олар өздері
тіркелген күнге дейінгі мамандығы бойынша еңбек стажына есептеледі. Жалпы
әскери міндет туралы заңда көзделген міндеттерді орындауға тартылған
қызметкерлерге осы заңда көзделген кепілдіктер мен жеңілдіктер беріледі.
Мерзімді әскери қызметін өтеп қайтқан қызметкердің нақ сол әскерге
шақырылған кәсіпорынға жұмысқа қабылдау кезінде басым құқығы болады (ҚР ҚР
еңбек туралы заңының 80-бабы).
Жұмыс уақытында мемлекетттік міндеттерді орындаудың өзге де
жағдайларына мыналарды жатқызуға болады: анықтама, алдын-ала тергеу
органдарының, прокурордың және соттың шақыруы бойынша осы органдарға куә,
жәбірленуші, сарапшы, маман, аудармашы, куәгер және т.б. ретінде келу. Бұл
жағдайда қызметкердің орташа жалақысын оны жұмыс уақытында осы міндеттерге
тартқан орган төлейді.
Мерзімді әскери қызметін өтеп қайтқан қызметкердің нақ сол әскерге
шақырылған кәсіпорынға жұмысқа қабылдау кезінде басым құқығы болады (ҚР ҚР
еңбек туралы заңының 80-бабы). Оған бұрынғы жұмысы немесе осы ұйымдағы
басқа жұмыс ұсынылуы мүмкін.
Сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері өз мүшелерінің мүдделерін
қорғау мақсатында қоғамдық міндеттерді орындау үшін кәсіподақтық білім алу,
съездердің, пленумдардың, төралқалардың, конверециялардың жұмысына қатысу
кезінде жұмысынан босатылады. Жұмыстан босату жағдайлары және еңбекке ақы
төлеу тәртібі ұжымдық шарттарда және келісімдерде көзделеді (ҚР Кәсіптік
одақтар туралы заңының 19-бабы).

3.Медициналық тексеруден өту кезіндегі кепілдіктер.

ҚР ҚР еңбек туралы заңының 81 –бабы

Мерзімді медициналық тексеруден өту кезінде жұмыс берушінің есебінен
осындай тексеруден өтуге міндетті қызметкердің жұмыс орны (қызметі) мен
орташа жалақысы сақталады. Еңбектің қауіпсіздік жағдайын және кәсіптік
аурулардың алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші
қызметкерлерге қатысты алдын-ала (жұмысқа кіру кезіндегі) және мерзімді
медициналық тексерулер ұйымдастыруы қажет.
Міндетті мерзімді медициналық тексеруді келесі санаттағы қызметкерлер
өтуі тиіс:
• ауыр дене жұмысын немесе зиянды не қауіпті жағдайларда жұмыс істейтін
тұлғалар;
Кәмелетке толмаған қызметкерлер;
тамақ өнеркәсібі ұйымдарындағы қызметкерлер;
қоғамдық тамақатану және сауда саласындағы қызметкерлер;
емдеу-сауықтыру және бала-бақша мекемелеріндегі қызметкерлер;
білім беру мекемелеріндегі қызметкерлер;
көлік және т.б. ұйымдарындағы қызметкерлер.
Мерзімді медициналық тексеруден өту кезінде осындай тексеруден өтуге
міндетті қызметкердің жұмыс орны (қызметі) мен орташа жалақысы сақталады.

4. Біліктілігін арттыруга және қайта даярлауга жіберілетін
қызметкерлерге арналган кепілдіктер

ҚР еңбек туралы заңының 82-бабы
Жұмыс беруші қызметкерді өндірістен қол үзіп, біліктілігін арттыруға
және қайта даярлауға жіберген кезде оның жұмыс орны (қызметі) мен орташа
жалақысы сақталады.
Бұл жағдайда біліктілікті көтеру ретінде екінші мамандыққа үйренуді,
кәсіби дайындықтан өтуді және т.б. білдіреді. Бұл жағдайда қызметкерлердің
жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.
Сонымен қатар, өндірістен қол үзіп, біліктілігін арттыруға жіберілген
қызметкердің жұмыс орнының (қызметінің) сақталуы мынаны білдіреді: егер
қызметкердің біліктілігін көтеруі аяқталған соң жұмыс беруші оған бұрынғы
жұмыс орнын қамтамасыз ете алмаса, онда өзара келісімнің негізінде
мамандығы немесе біліктілігі қызметкер біліктілігін көтергенге дейін
істеген жұмысының мамандығынан немесе біліктілігінен төмен емес басқа жұмыс
(лауазым) берілуі тиіс.
Қызметкерлерді басқа жерге оқуға жіберген жағдайда оқу орнына баратын
және қайтатын жол шығыны және жолда болған уақыттағы және оқу кезіндегі
тәулікақылар (егер тамақтану тегін болмаса) төленеді.
Қызметкердің бастамасы бойынша немесе қызметкердің кінәсі салдарынан
жұмыс берушінің бастамасы бойынша жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда жұмыс
берушіге қызметкер өзін оқытуға байланысты шығындарды жұмыс істеу
мерзімінің жұмыс істелмеген мерзіміне бара-бар етіп, толығымен төлейді (ҚР
ҚР еңбек туралы заңының 88-бабы).

5.Ұжымдық шарттарды және келісімдерді жасасу кезінде
келіссөздерге қатысқаны үшін кепілдіктер.
Қолданыстағы заңдарға сәйкес, ұжымдық келіссөздерге қатысушы тұлғалар
бір жыл бойына үш айдан аспайтын мерзімге орташа жалақысы сақтала отырып
негізгі жұмысынан босатылады. Келіссөздерге қатысумен байланысты орын алған
шығындардың барлығы еңбек туралы заңдарда, ұжымдық шартта, келісімде
белгіленген тәртіп бойынша өтеледі.

6.Ақы төленетін жыл сайынгы еңбек демалысы кезіндегі
кепілдіктер.
Бұл кепілдік қызметкердің ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының
барлық күндеріне таралады. ҚР ҚР еңбек туралы заңына сәйкес
қызметкерлерге кемінде күнтізбелік он сегіз күн болатын ақы төленетін жыл
сайынғы еңбек демалысы беріледі. Еңбек демалысы үшін кепілді төлем еңбек
демалысына шығардың алдында, бірақ ол басталғанға дейін күнтізбелік үш
күннен кешіктірмей жүргізіледі. Жоғарыда аталған кепілді төлемдер саны
бойынша да, мөлшері бойынша да осымен шектелмейді. Ұжымдық және жеке еңбек
шартында өзге де кепілді төлемдер, сонымен қатар жоғарыда аталған кепілді
төлемдерді төлеудің өзге де жағдайлары көзделіп өтуі мүмкін. Алайда, барлық
жағдайларда олар еңбек заңдарында және келісімдерде анықталғаннан төмен
болмауы тиіс.
Кепілді төлемдерден қосымша ақыларды ажырата білген жөн. Бұл жердегі
айырмашылық мынада: егер төлемдер қызметтен себепті жағдайлар бойынша
босану кезі үшін көзделсе, кепілді қосымша ақылар жалақыны негізсіз
азайтудың алдын алу мақсаттарында белгіленеді.
Кепілді қосымша ақылардың кейбір түрлерін қарастырып өтелік.
1. 18 жасқа толмаган қызметкерлерге күнделікті жұмыстың
қысқартылган ұзақтыгы кезінде төленетін қосымша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалақы түсінігі мен басқа төлемдер
Қызметкердің мемлекеттік немесеқоғамдық міндеттерді орындау кезіндегі кепілдіктері
Жалақыны құқықтық реттеу: теориялық және қызметтік практикалық мәселелері (құқық қорғау орᴦандары)
Жалақы құрылымы
Еңбекақының нысандары мен жүйелері
Еңбек ақы төлеудің есебі мен аудиті
Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аудиті
Қызметкерді денсаулығына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
Әлеуметтік сақтандыру қызметінің ұйымдастырылу ерекшеліктері
Еңбек құқығындағы құқықтық реттеу әдістері
Пәндер