Қазіргі қазақ тіліндегі қатысымдық бірліктер: когнитивтік аспектісі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Қазіргі қазақ тіліндегі қатысымдық бірліктер: когнитивтік аспектісі

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

І тарау. Тілдік қатынас пен қатысымдық бірліктерге тән анропоөзектік мәселелелер

1. 1. Тілдік қатынастағы анртопоөзектік парадигма . . . 12

1. 1. 1. Қатысымдық бірліктердің когнитивтік сипаты және олардың танымдық моделі . . . 15

1. 1. 1. 1 Қатысымдық бірліктердің аксиологиялық моделі . . . 25

1. 1. 1. 2 Қатысымдық бірліктердің этноментальды моделі . . . 32

1. 1. 1. 3. Қатысымдық бірліктердің гносеологиялық моделі . . . 41

1. 1. 1. 4. Қатысымдық бірліктердің метаментальды моделі . . . 45

1. 2. Қатысымдық бірліктердің психолингвистикалық сипаты және коммуникативтік моделі . . . 56

1. 2. 1. Қатысымдық бірліктердің субъектілік моделі, типтері . . . 65

1. 2. 2. Қатысымдық бірліктердің объектілік моделі, типтері . . . 73

І тарау бойынша тұжырым 78

ІІ тарау. Қатысымдық бірліктердің уәждеметанымдық (мотивология) сипаты

2. 1. Қатысымдық бірліктердің уәждемесін айқындаудағы когнитивтік семантика мәселесі . . . 81

2. 1. 1 Сөз мағыналарының коммуникативтік-танымдық концепциясы… . . . 83

2. 1. 2 Атаулардың коммуникативтік-танымдық концепциясы 91

2. 2. Сөздердің қатысым барысындағы танымдық көрінісі . . . 97

2. 2. 1. Қатысымдық бірліктерге тән мағыналық құрылым мен омонимдердің ұқсастығы, айырым белгілері . . . 102

2. 2. Сөйлемдердің коммуникативті-семантикалық мәні . . . 106

2. 2. 1. Қатысымдық бірліктер құрамындағы коммуникативтік семантиканың берілу жолдары . . . 110

2. 2. 2. Предикат семантикасы − қатысымдық бірліктердің сөйлеу жағдаятындағы қызметін айқындаушы фактор . . . 118

2. 3. Қатысымдық бірліктердің уәждемесін айқындаудағы дискурстың мәні . . . 125

ІІ тарау бойынша тұжырым 135

ІІІ тарау. Қатысымдық бірліктердің коммуникативті-функционалдық сипаты

3. 1 Синтагмалық қатынас − қатысымдық бірліктердің функционалдық қызметін айқындайтын тілдік факт . . . 142

3. 1. 1. Семасиологиялық синтагма және оның

тілдік қатынаста алатын орны . . . 147

3. 1. 2. Атауыштық мәндегі синтагма және оның

тілдік қатынаста алатын орны . . . 153

3. 1. 3. Түркі тілдеріне тән синтагмалық қатынастың қатысымдық ерекшеліктері . . . 160

3. 1. 4. Синтагмалық категориялардың коммуникативті-функционалдық қызметі . . . 170

3. 2. Контоминациялық қатынастың қатысымдық бірліктердің функционалдық қызметін айқындауда алатын орны . . . 177

3. 2. 1 Қатысымдық бірліктердің коммуникативті-грамматикалық

құрылымы . . . 187

ІІІ тарау бойынша тұжырым . . . 198

ІҮ тарау. Қатысымдық бірліктердің тілдік қатынас түрлерін айқындауда алатын орны, коммуникация түрлері

4. 1. Сөйлеу актісіне тән коммуникация түрлері, вербалды коммуникацияның қатысымдық бірліктер аясындағы көрінісі . . . 202

4. 2. Суггестиялық коммуникация мен

қатысымдық бірліктердің байланысы . . . 209

4. 3. Бейвербалды коммуникация мен қатысымдық бірліктердің арақатынасы. . . 213

4. 4. Тактикалық коммуникация қатысымдық бірліктердің этномәдени сипатын айқындаушы фактор . . . 219

4. 5. Ауызша тілдік қатынастың ерекшеліктері оған тән қатысымдық бірліктер . . . 225

4. 6. Жазбаша тілдік қатынастың ерекшеліктері және оған тән қатысымдық бірліктер . . . 244

ІҮ тарау бойынша тұжырым . . . 261

Қорытынды . . . 264

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 270

Қосымша . . . 283.

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тіл арқылы адам факторын зерделеудің бір бағыты тіл бірліктерінің қатысымдық табиғатын танумен байланысты. Қазақ ғылымында тілді қатысым тұрғысында зерттеу А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, К. Аханов, Р. Әмір еңбектерінен бастау алып, бүгінгі күні «тіл лингвистикасы» мен «сөйлеу лингвистикасының» өзара байланысы мен айырым белгілері айқындалуда. Алғаш рет қазақ тіл білімінде ойды барынша түсінікті, әсерлі жеткізетін қатынас құралдарын қатысымдық бірліктер деп атап, оларды адами қарым-қатынастың тірегі ретінде қарастыру Ф. Ш. Оразбаеваның еңбектерінен басталады [1] . З. Ш. Ерназарова сөйлем құрылымының функционалдық ерекшеліктерін талдап, сөйлеу тіліндегі синтаксистік бірліктердің прагматикасын қарастырса [2], Б. Хасанұлы тілдік қатынастың әлеуметтік мәнін анықтады [3] . Сонымен қатар, тіл мен сөйлеу фактілерін айқындайтын сөз мәдениеті, терминология, ономастика, лексика, фразеология, грамматика, тілдік норма мәселелері жаңа қырынан зерттелуде. Алынған нәтижелер қатысымдық бірліктердің мазмұнын жан-жақты тануға, коммуникативтік-танымдық тұрғыдан талдауға болатынын көрсетті.

Қатысымдық бірліктерді сөйлеу құралы ретінде қарастыру әлемнің және ұлттың тілдік бейнесіне тән ұғымдар мен аппараттардың теориялық қағидаларымен, басты ғылыми ұстанымдарымен байланыста зерттеліп, лингвистикалық білімдердің тоғысында жүйеленеді. Тілдің қатысымдылық құндылығы адам баласының рухани дүниесін, қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік рөлін арттырып, антропологиялық парадигмаға сай өлшенеді. Бұл қатысымдық бірліктердің тілдік қолданыстағы жұмсалымдық қызметін зерттеу қажеттілігін туындатып, оларға тән мына белгілерді басшылыққа алуды көздейді:

- қатысымдық бірліктер - хабар беру мен ақпаратты қабылдау механизміне тән семантикалық заңдылықтарды анықтайтын қарым-қатынас құралы;

- қатысымдық бірліктер - айтылған мәлімет пен оның мағынасын түсіну үдерісін бейнелейтін көрсеткіш;

- қатысымдық бірліктер - «сөйлеуші моделі» мен «реципиенттік позицияны» анықтайтын тілдік таңба. Олар айтылатын ойға эмоциялық өң беріп, қабылдаушының эстетикалық сезіміне пәрмен беретін қатынас құралы болғандықтан адамдардың пікір алмасуына қызмет етеді. Қатысымдық бірліктердің осы уәждеметанымдық сипаты мен тілдік қатынас аясындағы мәні, прагматикасы осы уақытқа дейін жеке зерттеу нысаны болған жоқ.

Қатысымдық бірліктердің сөйлеу актісінде алатын орны біріншіден, сөздердің атауыштық мәнін тілдік қатынас үдерісінде зерттеп, зерделенуімен, екіншіден, сөз мағыналарының семантикалық өрісін түрлі қолданыс аясында танып білумен, үшіншіден, берілетін ақпаратты жүйелі қабылдап тарату үшін коммуникативті семантиканың өту жолдарын тиімді іске асырумен байланысты сөйлемдердегі күрделі ойдың ұғымы мен мағлұматының өзара өрілуін талап етеді. Сондықтан қатысымдық бірліктердің мәні мен мазмұнын, ғылыми ұстанымдарын айқындау, басты қағидалар мен оған әсер ететін уәждемелік белгілерді саралау аталмыш мәселені арнайы қарастыруды қажет етеді. Бұл тақырыптың өзектілігімен қатар, қазіргі тіл біліміндегі адамзат пен дүниені жаңа қырынан тану үдерісіндегі маңыздылығын да арттырады.

Зерттеудің нысаны - қатысымдық бірліктердің функционалдық және метатанымдық қызметі, олардың жазбаша, ауызша тілдік қатынасқа байланысты сөйлеу актісінде қолданылу үдерісі.

Зерттеу пәні - тілдік қатынас аясындағы қатысымдық бірліктердің лингвокогнитивтік теориясы.

Зерттеудің мақсаты - тілдік қатынастағы антропоөзектік парадигма модельдерін саралай отырып, коммуникативтік және когнитивтік теориялар негізінде қатысымдық біріктердің танымдық мәні мен мазмұнын, функционалдық сипатын ғылыми тұрғыдан дәйектеу. Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттердің шешімін табу көзделді:

- қатысымдық бірліктердің танымдық, коммуникативтік ерекшеліктерін зерттеу, олардың функционалдық қызметін ашу;

- қатысымдық бірліктердің прагматикалық мақсаты мен когнитивтік сипатын түсіндіру;

- қатысымдық бірліктердің бағалауыштық, әлеуметтік, прагматикалық мәнін айқындау;

- қатысымдық бірліктердің танымдық моделін анықтау, оның мазмұны мен құрылымын дәйектеу;

- қатысымдық бірліктердің коммуникативтік моделін және сөйлеу барысындағы коммуникаторлардың рөлін айқындау;

- сөзді, сөйлемді, мәтінді қатысымдық бірлік ретінде танудың негізділігін дәлелдеу;

- қатысымдық бірліктердің функционалдық ерекшелігін ашу;

- ақпараттық мағынаның берілу жолдарын талдау;

- қатысымдық бірліктердің тілдік қатынаста алатын орнын дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының болжамы . Тілдік коммуникация үдерісіндегі қатысымдық бірліктердің когнитивтік сипаты сөздің, сөйлемнің, мәтіннің ақпараттық мазмұны мен қарым-қатынастық прагматикасының бірлігінен туындап, шындық болмыс пен адам ойын бейнелейді.

Қатысымдық бірліктер - қарым-қатынасқа түсуші тіл субъектілерінің арасындағы тілдік қатынасты анықтайтын модель, тілдің метатанымдық, коммуникативтік сипатын айқындаушы қатынас құралы, сөйлеу коммуникациясының түрлерін ажыратушы тілдік таңба, тілдің символдық, этнотанымдық, психолингвистикалық, мәнін ашатын концептуалдық жүйе бірлігі. Олар хабардың ақпараттық көлемін, коммуникативтік мақсатын, сөйлеу тақырыбын, баяншы мен қабылдаушының сөйлеу бағдарын білдіреді.

Зерттеудің жетекші идеясы. Қатысымдық бірліктер дербес, қарым-қатынастық, дискурстық ақпарат тудыратын коммуникативтік компоненттер бола келіп, адамзаттың психофизологиялық, әлеуметтік, этномәдени болмысын субъективті және объективті субстанциялар негізінде айқындауға мүмкіндік тудырады. Олар тілдің сөйлеу актісіндегі коммуникативтік-прагматикалық,

паралингвистикалық қызметін сұрыптауға жол ашады.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі. Жұмыс прагматикалық, когнитивтік, әлеуметтік, функционалдық, кинетикалық зерттеулердің дамуына үлес қосқан социолингвистика, психолингвистика, когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттану, этнолингвистика және прагмалингвистикалық тұжырымдарға сүйеніп дәйектелді.

Қатысымдық бірліктердің тіл мен оны қолданушының арасындағы қызметі прагматика теориясының негізін салған Ч. Моррис тұжырымдарынан бастау алып, Т. А. Ван Дейк, В. Г. Гак, А. А. Леонтьев, И. В. Арнольд, И. Р. Гальперин, Н. И. Жинкин, Ю. С. Степанов, М. Л. Макаров, Н. Д. Арутюнова т. б сынды шетелдік зерттеушілер сонымен қатар, А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, М. Балақаев, Б. Х. Хасанұлы, Ф. Ш. Оразбаева, З. Ш. Ерназарова, Д. А. Алкебаева, Қ. Ө. Есенова, Г. К. Исангалиева Қ. Жаманбаева т. б сынды қазақ ғалымдарының тұжырымдарымен сабақтасады.

Қатысымдық бірліктердің когнитологиялық қызметін айқындауға В. Гумбольд, М. Минский, Дж. Локофф, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Ә. Құрышжанов, Н. Уәлиұлы, Е. Жанпейісов, Б. Қалиұлы, Ж. Манкеева, Б. Момынова, Г. Қосымова Г. Смағұлова, А. Салқынбай, Б. Тілеубердиев, Э. Оразалиева, Г. Мұратова т. б еңбектері негіз болса, қатысымдық бірліктерге тән логика-концептуалдық байланыстарды, семантикалық, синтагматикалық факторларды кешенді түрде анықтауға А. А. Реформатский, В. В. Виноградов, А. А. Уфимцева, Л. В. Щерба, О. Ахманова, И. А. Стренин, В. М. Солнцев, В. Десслер, В. Н. Комиссарев және Б. Сағындықұлы, М. Оразов, Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиұлы, Б. Қасым, Б. Шалабай, Т. Сайрамбаев, Ж. Жакупов, Ш. Құрманбайұлы, С. Ақаев, Б. Қапалбеков, Г. Әзімжанова, Т. Ермекова т. б еңбектері арқау болды.

Тілдік коммуникация мен қатысымдық бірліктердің арақатынасы Г. Е. Крейдлин, К. У. Геворкян, Е И. Чиркова және Ж. Аймауытов, Г. Піралиева, Ж. Нұрсұлтанқызы, С. Бейсембаева, А. Машимбаева т. б тұжырымдары негізінде айқындалды.

Қатысымдық бірліктердің тілдік қатынасқа байланысты қызметі, сөйлеу түрлеріне қатысы Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков, С. Исаев, Р. Әмір, М. Дүйсебаева, М. Атабаева, Қ. Күдеринова т. б еңбектері негізінде анықталды.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысында талдау, жинақтау, жүйелеу, кешенді талдау, саралау, сипаттау әдістері, интерпретация әдісі, антропологиялық әдіс, концептуалдық, компоненттік-семантикалық, лексика-семантикалық, грамматикалық талдау әдістері қолданылды.

Зерттеудің дереккөздері. Зерттеу жұмысындағы ғылыми тұжырымдар мен нәтижелерді тілдік факт тұрғысынан дәлелдеуге «Абай тілі сөздігі», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі», «Тұрақты тіркестер сөздігі», А. Құнанбайұлы, Ш. Құдайбердіұлы, С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, Қ. Аманжоловтың өлеңдері, М. Әуезов, І. Есенберлин, М. Иманжанов, Ә. Әбішев, Ж. Өмірбеков, Д. Әбілов, Б. Соқпақбаев, Ш. Мұртаза, С. Мұратбеков, Д. Исабеков, Ә. Нұршайықов, Ә. Кекілбаев, Б. Нұржекеев, А. Сүлейменовтың шығармалары, М. Қашқаридың «Диуани лұғат ат түрк», З. Қабдоловтың «Әдебиет теориясының негіздері», Г. Әзімжанованың «Мәтін лингвистикасы» еңбегінен алынған үзінділер, М. Әлімбаевтың «Батаменен ел көгерер» атты еңбегі, шешендік сөздер мен тұрмыс-салт жырлары, «Боздағым» атты жоқтау жырлары, «Жануарлар әлемінің атласы», «Сұрақ және жауап» энциклопедиясынан алынған мысалдар арқау болады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыста алғаш рет төмендегі ғылыми жаңалықтар шешімін тапты:

- қазіргі қазақ тіліндегі қатысымдық бірліктер когнитивтік тұрғыдан зерделеніп, олардың ақпараттық мағынасы мен қолданыс аясы тілдік коммуникация және таным теорияларының негізінде тұжырымдалды;

- қатысымдық бірліктердің танымдық моделі аксиологиялық, гносеология-лық, этноментальды, метаментальды және коммуникативтік моделі объектілік, субъектілік модельдерге жіктеліп, тілдік қатынастың когнитивтік бағыттары сараланды;

- қатысым лингвистикасындағы когнитивтік парадигма мен коммуника-тивтік-танымдық концепция семантикалық өріс аясында тұжырымдалды;

- сөйлеу барысындағы сөздер мен сөйлемдердің синтагмалық, контаминациялық қатынасы негізінде коммуникативті семантика айқындалып, ғылыми-теориялық тұжырым жасалды;

- сөйлем арқылы берілетін қарым-қатынастық ақпараттың мәні мен мазмұны жан-жақты зерделеніп, семантикалық инварианттар тұрғысында талданды;

- әр түрлі жағдаятты бейнелейтін қатысымдық бірліктердің қолданысы ажыратылып, олар дискурстық ақпарат тудыратын коммуникативтік компоненттер ретінде айқындалды;

- сөйлеу актісіндегі қатысымдық тұлғалардың қызметі негізінде тілдік қатынастың ауызша түріне (кодификатты, ауызекі, қарапайым), жазбаша түріне (бейнелі, ғылыми, ресми) тән ерекшеліктер жіктелді;

- тілдік қатынас теориясындағы вербалды, бейвербалды, суггестиялық, тактикалық коммуникацияның түрлері ғылыми тұрғыдан бағамдалды;

- қатысымдық бірліктердің интерпретациясы вербалды коммуникация тұрғысында талданды және олардың лингвокинемалық, паралингвистикалық, суггестиялық коммуникациямен арақатынасы сараланды.

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Қазақ тіл біліміндегі қатысымдық бірліктер тілдік қатынасқа тән қағидалар мен ұстанымдарға сүйенеді. Зерттеу жұмысы барысында қол жеткізілген ғылыми тұжырымдар мен нәтижелер тілдік қатынас, лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика, псхолингвистика, функционалды тіл білімі мәселелерін талдауға, олардың ғылыми-теориялық ерекшеліктерін қазақ тілінің деректері арқылы дәлелдеуге арқау болады.

Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Зерттеу нәтижелерін тілдің лексика, грамматика саласында және мәтін лингвистикасына қатысты жаңа бағыттағы оқулықтар мен әдістемелік құралдар дайындауға, арнайы курстар мен семинарларға арналған бағдарламалар жасауға, қазақ тілін қатысым әдісі арқылы оқытуға арналған теориялық материал ретінде пайдалануға болады.

Алынған ғылыми нәтижелердің сенімділігі мен нақтылығы. Зерттеу жұмысы бойынша алынған нәтижелер ғылыми жақтан тұжырымдалуымен, талдануымен дәлелденеді. Жұмыстың мақсаты мен міндетін іске асыратын теориялық қағидалар қатысым теориясы мен когнитивті лингвистиканы тоғыстыра отырып, нақты нәтижелерді айқындайды.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

- қатысымдық бірліктер адамның ойлау жүйесімен, психологиялық табиғатымен байланысты субъективті, объективті, ситуативті әлемді бейнелейді. Сондықтан олар қоғамдық факторлардың жалпыадамзаттық танымға әсерін айқындайды және пропозициялық құрылым түзейтін хабар мен ақпаратты жинақтаушы құрал болып табылады;

- қатысымдық бірліктердің танымдық моделі аксиологиялық, этноменталь-ды, гносеологиялық, метаментальды түрлерге жіктеледі және олар дүниетанымдық, әлеуметтік, бағалауыштық, ұлттық-мәдени ерекшеліктерден көрінеді. Қатысымдық бірліктердің коммуникативтік моделі (субъектілік, объектілік) екі не одан да көп адамның сөйлесуін анықтайтын сөйлесім-сөйлемдер, тысқары ғаламдағы шындық болмысты бейнелейтін авторлық сөйлемдер арқылы айқындалады;

- қатысымдық бірліктердің мағыналары мен прагматикалық қызметі семантикалық, фразеологиялық, терминологиялық парадигма түзеді. Жалпыхалықтық, этнотанымдық, ғылыми танымдық атаулардың ішкі мазмұны мен құрылымы қатысымдық бірліктердің логика-позитивті сипатын анықтайды. Сөз мағыналары мен атаулардың прагматикасы қатысым лингвистикасындағы когнитивтік парадигма жүйесін айқындауға мүмкіндік беріп, коммуникативті-танымдық концепцияның мәнін ашады;

- зат пен іс-әрекеттің түрлі белгілері мен атын білдіретін сөздер тілдік қатынасқа түскенде субъект ↔︎ әрекет, объект ↔︎ әрекет субъект ↔︎ зат, субъект ↔︎ субъект, объект ↔︎ объект қатынасындағы пропозициялық құрылымдардан тұрып, коммуникативтік семантиканы анықтайды. Бұл құрылымның сандық, сапалық ерекшеліктері сөз тіркесінің байланысу формалары арқылы анықталады;

- қатысым лингвистикасында сөз дербес ақпарат берсе, сөйлемде оның аумағы артып, қарым-қатынастық ақпаратқа ұласады. Қарым-қатынастық ақпараттың орталық шебі (семантикалық ядро) шеткері аймағы (перифериялық құрылым) сөйлем құрамындағы лексикалық, грамматикалық құрылымды өзгерту арқылы жаңа ақпараттың берілу жолдарын анықтайды;

- мәтін арқылы берілетін тиянақталған күрделі ой, алуан түрлі хабарлар дискурстық ақпаратты толықтырып, мәтін ішіндегі сөйлемдерді коммуникативті компоненттер ретінде танып-білуге арқау болады;

- қатысымдық бірліктердің семантикалық үйлесімділігі логикалық бастауышқа негізделген сөйлемдер, ақпараттық мазмұнды күрделендіретін сөйлемдер, синтаксистік байланыстағы сөздер арқылы анықталады және тілдік қатынас пен тілдің грамматикалық құрылысын сабақтастырады;

- сөз мағынасының қолданылу шеңбері, қоғамдық дамудың тілдегі көрінісі жазбаша тілдік қатынасқа тән қатысымдық бірліктерден және ұлттық-мәдени дәстүр мен психологиялық қалыптасудың тілдік амалар арқылы суреттелуі ауызша тілдік қатынасқа тән қатысымдық бірліктерден туындайды.

- қатысымдық бірліктердің вербалды коммуникациядағы қызметі таңбалық формалардың ақпараттық мағынаны интерпретациялауы арқылы айқындалады. Адамды сендіру, иландыру қызметін атқаратын қатысымдық бірліктер суггестиялық коммуникацияда көрініс табады. Қатысымдық бірліктердің бейвербалды коммуникациядағы қызметі сөйлеу кезіндегі ықшамдалу үдерісімен байланысты. Қатысымдық бірліктер құрамында жұмсалатын этномәдени сипаттағы ишараттар тактикалық коммуникация мен қатысым лингвистикасының сабақтастығымен дәйектеледі.

Зерттеудің талқылануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысының бағыт-бағдары негізгі мазмұны мен нәтижелері халықаралық және республикалық көлемдегі ғылыми-теориялық конференцияларда, Ош, Стамбул, Уфа, Анталья қалаларындағы шетелдік басылымдар мен Қадағалау және аттестаттау Комитеті бекіткен тізімдегі республикалық басылымдарда жарияланды. Зерттеу жұмысы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Қазақ тіл білімі кафедрасында және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қазіргі қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасы мен Диссертациялық кеңес жанынан құрылған лингвистикалық семинарда талқыланды.

Диссертация мазмұны бойынша 1 монография, 1 оқу құралы, 2 оқу-әдістемелік құрал, 32 ғылыми мақала жарияланды.

Диссертацияның құрылымы. Жұмыс кіріспеден, төрт тараудан пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі мен нысаны нақтыланып, негізгі мақсаты мен міндеттері, болжамы, әдіснамалық негізі, жетекші идеясы мен зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы және қорғауға ұсынылатын тұжырымдар мен еңбектің теориялық, практикалық маңызы, зерттеу жұмысының жариялануы туралы мәлімет көрсетіледі.

Зерттеу жұмысының « Тілдік қатынас пен қатысымдық бірліктерге тән анропоөзектік мәселелелер» деп аталатын бірінші тарауы екі тармақтан тұрады.

1. 1 Тілдік қатынастағы анртопоөзектік парадигма. Тілдік қатынастағы антропоөзектік мәселелердің ғылыми негізде дәлелденуі ең алдымен, сөйлеудің түрлерін анықтаумен байланысты. А. Байтұрсыновтың «ақын әуезе түрінде сөйлегенде, уақиғаның ішінде өзі болып, басынан кешірген адамша сөйлемейді, тек сыртта тұрып бақылап, уақиғаға көз салған адамша, қатта біреуден естіген адамша айтады. Уақиғаны бұлайша айтып көрсету тысқары түрде айту болады» [4, 407] деген пікірі мен С. Аманжоловтың «біздіңше, сөйлеу синтаксистік категория емес. Мағына жағынан бұл да сөзбен алмасып жатады. Әдетте, біреу баяндама жасаса, біреу шығып сөйлесе оның сөзі (сөйлеуі) қандай екен, қалай сөйлейді екен деп сұрап жатамыз. Сонда біз оның әрбір сөйлемін тексеріп жатқанымыз жоқ, жалпы шешендігін, сөзшеңдігін, оның жұртқа түсінікті не түсініксіздігін сөз қыламыз. Сөйлеу синтаксиске кіргенде де осы түсініктілік я түсінбестігі жағынан кіреді. Онда да біз әрбір сөйлемді, оның ішкі қарым-қатынасын, байланысын жеке алып қараймыз. Сонымен, сөйлеу бір сөйлемді де, бір бүтін баяндаманы да, біреудің шығып сөйлеген сөзін де ішіне алатын кең ұғымды термин екенін білдік. Қазақ «сөйлеу» мен «сөздің» мағынасын бірдей, теңдес түрде ұғады. Ол сөйлей білмеді деген мен ол сөз білмеді тең. Сөйлей білмеген кісіні «аузынан сөзі, үстінен бөзі түсіп тұр дейді» [5, 14 ] деген пікірлеріне сәйкес, сөйлеу бір жағынан, тіл мен ойлау арқылы жүзеге асса, екіншіден, тіл мен таңба бірлігі арқылы тілдік қатынастың жүзеге асуын көрсетеді.

Тіл мен ойлау ұғым, пайымдау, тұжырымдау барысында адамның шындық болмыстағы заттармен және құбылыстармен байланысын көрсетеді. Тіл мен таңба ойды білдірудің, пікір алысудың, адамдар арасындағы қарым-қатынастың жүзеге асу жолдарын анықтайды.

Қ. Жұбанов сөйлеу дегеніміз хабарлап қана қою емес, белгілі бір ойды, ниетті білдіру екенін айта келе, «көздеген мақсатымызға қарай оқиғаның өзімізге тигізген әсерін білдіре де білдірмей де сөйлейміз; сұрай, өтіне, бұйыра, тыңдаушыға белгілі бір талап қоя сөйлейтін кездеріміз де болады. Қысқасы, біз өзіміздің хабарымызға тиісті өң бере сөйлейміз. Тыңдаушыға айтар хабарымызбен бірге көңіліміздің мейірін қоса білдіреміз. Хабар - қуанта, таңдандыра, күлдіре, ызаландыра, өтіне, кекесіндей, сұрай, бұйыра, қандай әсері барын ашпай да айтылады» - деп, сөйлеудің психотанымдық ерекшеліктерін көрсетсе [6, 129-130 ], психикалық процестердің танымдық уәждерін тілдік құралдар арқылы, ой, сана, қиял, арман, ішкі ғалам мен сыртқы ғалам, ой өлшемі, сезім, көңіл мейірі, адам миы, ми сәулесі, ой-монолог, ой-сана тартысы т. б ұғымдар арқылы айқындалатынын атап көрсеткен Э. Оразалиеваның пікірінен сөйлеудің психолингвистикалық және когнитивтік аспектілері көрініс табады [7, 189] . Сөйлеудің ғылыми негіздерін тіл мен ойлау, тіл мен сана, тіл мен таңба тұрғысынан жүйелеу тілдік қатынастың танымдық уәждерін анықтауда аса маңызды. Адам дүниедегі құбылыстарды қабылдай отырып, оларды ойша өңдейді. Олардың мәнісі мен қасиетін өзара байланысын танып біледі. Нәтижесінде дүниедегі заттар мен құбылыстар туралы ұғым адам санасында зерделеніп, тіл арқылы жарыққа шығады. Осы орайда, тілдің материалистік (гносеология) және сезімдік таным деңгейіндегі орны белгіленіп, тілтаным теориясының сөйлеу әрекетіндегі көрінісі айқындалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жансүгіров поэзиясындағы тілдік бірліктердің қатысымдық және танымдық мәні, мазмұны
Әлемнің ұлттық тілдік бейнесі - идеографиялық құрылымдағы лексикалық жүйелер
Қазақ тілдесім бірліктерінің коммуникативтік және прагматикалық ерекшеліктері
Дүниенін паремиологиялық бейнесін лингвомәдениеттанымдық негізі
Концептуалды талдау жұмысы
Қазақ-ағылшын тілдеріндегі гендерлік сипаттағы коммуникативтік бірліктер
Қазақ тіл біліміндегі тіл мен таным бірлігі
Табиғаттың бір үлкен бөлшегі
Қазақ тіл біліімінде
Әдеби мәтінді талдаудың бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz