ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫ (ХVШ-ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІ)



XVIII—XX ғасырлардағы Қазақстан тарихы алуан тағдырлы сипатгағы оқиғаларға толы. 1730—1770 жылдары қазақбилеушілерінің едәуірбөлігі Ре-сей империясының басшылык рөлін ресми түрде таныды. Бұл Қазақстанды өз тәуелсіздігінен, мемлекеттігінен айырылуына әкеп соқтырып, шын мәнінде отарға айналдырды. Ресей билігін мойындауға мәжбүр болған алғашқы күндерден бастап-ақ қазакхалқының бұрынғы тәуелсіздігін, мемлекеттігін қалпына келтіру жолындағы ұлт-азаттық соғыстар кезеңі басталды. Халық наразылығының тұтануына екінің бірінде ұлттық және әлеуметтік қысым жасау арандатып отырды.
Қазақстанның отарлық кезеңінін, тарихына, әсіресе оның түйінді мәселелеріне отандықтарих негізінен еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни 1991 жылдан кейін баса назар аудара бастады.Бұл түсінікті де, өйткені шет аймак халықтарының сол кезде отар елдер халықтары аталатынындай, жабайылар тарихы мәселелері өткен кездерде империялық өктемдіктің және марксизмнің қатаң қағидасы, тоталитаризм, жеке адамға табынушылық идео-логиясынын ықпалымен көрінеу бұрмалаушылыққа ұшыратылды. XVIII—XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихы Еуразия даласының халықтарына дүниежүзілік тарих ұғымынантыс қараған Ресейділінің тұрғысынан пайым-далды.
Осының бәрі бүгінгі таңда тарихи өткен кезеңге объективті түрде құрауды, жаңа көзқарастарды тиянақтауды талап етеді.
Ресей мемлекетінің кұрамындағы қазақхалқы тарихының (XVIII—XIX ғғ.) ең көкейтесті жақтарына зерттеушілердің назарын отандық тарихнаманың қол жеткен биігі деңгейінен аудару қажет.
Көрші мемлекеттермен өзара қатынастар. XVIII ғасырдын алғашқы онжылдықтары қазақхалкы үшін қиын-қыстау сынақ жылдары болды. Шынына келгенде, ел басына «ел болу, не табанға түсіп күл болу» күні туды.
Орыс тарихнамасында казақтардың жоңғарлар басқыншылығына қар-сы күресі жалпылама жұмыстарда көрініс тапқан. Оларда тұтас алғанда жалпы жағдайдың көрініс тапқанына қарамастан, тарихи оқиғалар жүйелі түрде, рет-ретімен баяндалмайды. Әсіресе бұл екі шайқастың: қазақжа-сақтары 1728 жылы Бұланты өзенінің жағасындағы Қарасиыр («Қалмақ-
қырылған») деген жерде және кеш дегенде 1730 жылдың көктемінде Аңыра-қай даласында жоңғарларды жеңген шайқастардың жай-жапсарына қатысты.
Қазақ-жоңғар қатынастарын XIX ғасырдың аяғы—XX ғасырдың ба-сында М.-Ж. Көпеевтің, Ш. Құдайбердиевтің, М. Тынышбаевтың, М. Ду-латовтың, Ә. Бөкейхановтың күш-жігер салуы арқасында ғана неғұрлым егжей-тегжейлі саралап зерделеу мүмкін болды.Қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі, жоңғарлардың 1723—1726 жылдардағы жеңіске жету се-бептері, қазақтардың саяси және экономикалык ауыр жағдайы, баскд да мә-селелер XX ғасырдың70—80-жылдарындағы тарихнамада: И. Я. Златкиннің, Н. Г. Аполлованың, В. Я. Басиннің, В. А. Моисеевтің және басқалардын, монографияларында ғана ғылыми тұрғыдан көрсетілді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫ (ХVШ-ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІ)
XVIII—XX ғасырлардағы Қазақстан тарихы алуан тағдырлы сипатгағы
оқиғаларға толы. 1730—1770 жылдары қазақбилеушілерінің едәуірбөлігі Ре-сей
империясының басшылык рөлін ресми түрде таныды. Бұл Қазақстанды өз
тәуелсіздігінен, мемлекеттігінен айырылуына әкеп соқтырып, шын мәнінде
отарға айналдырды. Ресей билігін мойындауға мәжбүр болған алғашқы күндерден
бастап-ақ қазакхалқының бұрынғы тәуелсіздігін, мемлекеттігін қалпына
келтіру жолындағы ұлт-азаттық соғыстар кезеңі басталды. Халық наразылығының
тұтануына екінің бірінде ұлттық және әлеуметтік қысым жасау арандатып
отырды.
Қазақстанның отарлық кезеңінін, тарихына, әсіресе оның түйінді
мәселелеріне отандықтарих негізінен еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни
1991 жылдан кейін баса назар аудара бастады.Бұл түсінікті де, өйткені шет
аймак халықтарының сол кезде отар елдер халықтары аталатынындай, жабайылар
тарихы мәселелері өткен кездерде империялық өктемдіктің және марксизмнің
қатаң қағидасы, тоталитаризм, жеке адамға табынушылық идео-логиясынын
ықпалымен көрінеу бұрмалаушылыққа ұшыратылды. XVIII—XIX ғасырлардағы
Қазақстан тарихы Еуразия даласының халықтарына дүниежүзілік тарих
ұғымынантыс қараған Ресейділінің тұрғысынан пайым-далды.
Осының бәрі бүгінгі таңда тарихи өткен кезеңге объективті түрде
құрауды, жаңа көзқарастарды тиянақтауды талап етеді.
Ресей мемлекетінің кұрамындағы қазақхалқы тарихының (XVIII—XIX ғғ.) ең
көкейтесті жақтарына зерттеушілердің назарын отандық тарихнаманың қол
жеткен биігі деңгейінен аудару қажет.
Көрші мемлекеттермен өзара қатынастар. XVIII ғасырдын алғашқы
онжылдықтары қазақхалкы үшін қиын-қыстау сынақ жылдары болды. Шынына
келгенде, ел басына ел болу, не табанға түсіп күл болу күні туды.
Орыс тарихнамасында казақтардың жоңғарлар басқыншылығына қар-сы күресі
жалпылама жұмыстарда көрініс тапқан. Оларда тұтас алғанда жалпы жағдайдың
көрініс тапқанына қарамастан, тарихи оқиғалар жүйелі түрде, рет-ретімен
баяндалмайды. Әсіресе бұл екі шайқастың: қазақжа-сақтары 1728 жылы Бұланты
өзенінің жағасындағы Қарасиыр (Қалмақ-
қырылған) деген жерде және кеш дегенде 1730 жылдың көктемінде Аңыра-қай
даласында жоңғарларды жеңген шайқастардың жай-жапсарына қатысты.
Қазақ-жоңғар қатынастарын XIX ғасырдың аяғы—XX ғасырдың ба-сында М.-
Ж. Көпеевтің, Ш. Құдайбердиевтің, М. Тынышбаевтың, М. Ду-латовтың, Ә.
Бөкейхановтың күш-жігер салуы арқасында ғана неғұрлым егжей-тегжейлі
саралап зерделеу мүмкін болды.Қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі,
жоңғарлардың 1723—1726 жылдардағы жеңіске жету се-бептері, қазақтардың
саяси және экономикалык ауыр жағдайы, баскд да мә-селелер XX ғасырдың70—80-
жылдарындағы тарихнамада: И. Я. Златкиннің, Н. Г. Аполлованың, В. Я.
Басиннің, В. А. Моисеевтің және басқалардын, монографияларында ғана ғылыми
тұрғыдан көрсетілді.
Атап айтқанда, В. А. Моисеев жоңғарлардың қазақтармен арадағы ұзақ
уақытқа созылған өзара қатынастарының, оның даму барысын, сипатын ашып
берді. Ол жоңғарлардың қазақтарға және Орта Азия халықтарына қарсы
күрестегі уақытша жеңістерінің басты себептерін ашып көрсетіп, Ресейдін,
қазақтар мен жоңғарлар жөніндегі тиянақсыз әрі қайшылыққа толы саясатының
себептерін түсіндірді, сондай-ақ Орталық Азиядағы халықаралық қатынастардың
бүкіл жүйесін айқындай бастаған жаңа күштердің (Ресей мен Кытайдың) саяси
аренаға шығу белгілерін де анықтап берді. Р. Б. Сүлейменов пен В. А.
Моисеевтің XVIII ғасырдағы Қазақстан тарихынан деген бірлескен еңбегінде
(А., 1988) осы проблеманы зерттеуге баса көңіл бөлінген. Қазақстанның
Ресеймен, сондай-ақ Орталық Азиядағы ең соңғы көшпелі империя — XVIII
ғасырдағы Жоңғар хандығымен өзара қатынастарының тарихы түйінді
проблемалардыңбірі болып қалуда.
Кеңестік кезенде Қазақстан тарихшыларының бұл проблемаға Қазакстанның
Ресейге қосылуының прогресшіл маңызы сипатында қалам тартқаны мәлім.
Әлбетте, тәуелсіздік жағдайында көзқарас өзгерді. Бұл орайда Қазақстан
тарихшылары жарияланған деректемелер мен еңбектерге сүйене отырып, қазақтар
қорғаныстык азаттык соғысын жүргізіп жаткан кезеңде, ел басына күн туған
зобалаң жылдарда Ресей империясы Ертіс бойымен оңтүстікке қарай ілгерілеп,
жоңғарлар басып алған қазақжерлеріне бекіністер салғанын,өзінітымөріде
жаткан жоспарларын дипломатиялық әрекеттермен, әскери экспедициялармен
нығайта бергенін бүкпесізде объективті түрде атап өтеді. В. А. Моисеев
өзінің соңғы енбектерінде бұрынғы көзқарастарын едәуір өзгертгі. Оның
пікірінше: Қазақ тарихшылары мен публицистері еңбектерінде Орыс мемлекеті
солтүстіктегі қанішер жырткыш, қазақтардың Жоңғария сияқты тарихи жауы
етіп көрсетілген. Ол былай тұрсын, патша үкіметі жоңғар-қазақсоғысына
арандатып, ойраттарды қарумен жабдықтаған және оларды қазақтарға айдап
салған сияқты. В. А. Моисеевтің пікірінше: Ресей қазақхалкын ойраттардың
басып кіруінен корғап, шабуыл жасаушы тарапты тежеу жөнінде катаң көзкарас
ұстанған.
Алайда ресей-ойрат қатынастарының тарихың мұқият зерделеу XVIII
ғасырдың 30-жылдарында Ресей дипломатиясының отаршылдық саясатты жалғастыра
бергенін дәлелдейді.
Сенат өз жарлығымен Еділ қалмақтары ханының Жоңғар хандығына қарсы
соғыс ашуына тыйым салды. Тек 1742—1743 жылдары Сенат, одан соң Орынбор
комиссиясының бастығы И. Неплюевтін ойрат әміршісінің ордасына жіберген К.
Миллер миссиясы Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарын сол кезде-ақ Ресей
бодандары деп қарап, Жоңғария хандарынан оларға шабуыл жасауды 11тоқтатуды
алғаш рет талап етгі. Басқаша айтқанда, Ресей империясы Кіші жүз бен Орта
жүз қазақтары Ресей бодандығын кқабылдағаннан кейін 11—12 жыл өткен соң
ғана казақтарды қолдаған.
Қазақстан тарихы жөніндегі қорытушы еңбектерде империяның шығыстағы
саясатының әскери-стратегиялық мәні қазақ хандықтарының Ресеймен
экономикалық және саяси байланыстарын нығайтуға бағытгалған өрекет деп
түсіндірілді.
Империяның отаршылдық саясатына, И. Д. Бухгольцтің, И.М. Лихаревтің,
П. Ступиннің және басқаларының әскери-барлау экспедицияларына бейбіт
сипат беру үшін ұзақ уақыт бойы олар ғылыми, танымдық мақсаттарда ғана
жүргізілген деп пайымдалып келді. Д. Бухгольцтің жене бахрқа да экспедиция
басшыларының бекіністер салу жөнінде басылымдарда оны орыстар иесіз жатқан
жерлерде жүргізді деген амызтаратылған. Ал шынына келгенде, Ресейдің әскери
экспедициялары ежелден бері қазақтардың иедігіндегі, сол кезенде жоңғар
басқыншыларының бақылауында болған жаңа аумақтарға бекіністер салып,
Ресейдің иеліктері етіп бекітті.
Ресейге қосылу немесе империя билігін шалсыздан мойындау проблемалары.
Кеңестік тарихнамада Қазақстанды отарлаудын, басталуы оның Ресейге
қосылуы тұрғысынан пайымдалды. Кейбір авторлар мәселенің экономикалық
жағына да, саяси себептеріне де мүлде терендеп бармай, оны ғана сыртжағынан
қарап,косылу кездейсоқтан болды деп санады. Басқа бреулері отаршылардың
мүдделерін жақтап, патша өкіметгнің, патшалык Ресейдегі үстем таптардың
казақ халқына қатысты құқықтары мен міндеттері іздеп табуғатырысты.
Олар империялық идеяларды ашықтан-ашық уағыздара, байырғы халықты тек ғана
жабайылар деп білді, сөйтіп одардың сан ғасырларға созылған дербес және
мөдени дамуын мүлде ескерметі. Біздің ОртаіАзия жерлерін алуымыз әсте де
оп-оңай басып алу мен атышулы жеңістерге деген бір ғана қарбалас
құлшыныспен жасалған жок, — деп баяндалады бір ресми кұжатта. — Біз Шығысқа
өркениеттің болмай қоймайтын табиғи заңымен беттеп барамыз: білімді халық
жабайылармен ешқашаңда катар өмір сүре алмаған және алғашқылары қолында күш-
қуаты барын сезінсе, таңғыларына олардың арасында мемлекет пен қоғамтуралы
жалпы адамзатты ұғымдарды сіңіру үшін жол салушылар жіберіп отырған. Біздің
даңкты әскелерімізді Орта Азиядағы осындай жол салушылар деп санау керек
екені даусыз
КСРО ыдырағаннан кейін, тәуелсіз мемлекеттер пайда болған кейде де
империялық ойлауды көрінеу және жасырын жақтаушылар Ресей отаршыл,
империялық держава болған жоқ дегенінен айнымай келеді. Ресей сол кезде
де, кейінде де сөздің толық мағынасында қандай отарлар алып, иеленді деген
ең карапайым сұраққа жауап қайтарып көріңіздерші деп сұрайды тарихшы В.
Виноградов пен Ресей Сыртқы істер министрлігі тарихи-дипломатиялык
басқармасы бастығының орынбасары И. В. Филатоң Отанымыздың өткен кезеңіне,
Ресей империясының тарихына шолу жасанды деген мақалада. Бұл да бұрын
жазылып келгендерге қайшы келеді. Бұл сұраққа өз кезінде Ресей тарих
ғылымының аталары Н. М. Карамзин, В. О Ключевский жауап қайтарған болатын.
Соңғысы Ресейдің тарихы — отарланушы елдің тарихы деп әбден айқын жазған
еді.
Қазақстанның Ресейге қосылуының жекелеген мәселелері жөнінде қазақ
ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин және
олардың пікірлестері өз ойларын айтқан.
Ш. Уөлиханов ұлы державалық шовинизмге қарсы шықты, ал шовинизмді мейлінше
жан сала корғаушылар Шығыс халықтарының екінші сорттылығы туралы,
мемлекеттілік пен держава шылдылыққа тандаулылардың құқығы туралы
еуроцентршіл идеясымен қаруланған еді.
Қазақтардың дүниежүзілік өркениет тарихында алатын орнын анықтай
келіп, Ш. Уәлиханов кейбір ресейліктердің қазақ көшпелілері туралы мал
сияқты тұрпайы варварлар деген сияқты түсініктерін үзілді-кесілді теріске
шығарды. Біздің әдеттен тыс жабайылығымыз бен дөрекілігіміз туралы пікір,
— деп жазды ол, — кьірғыз-қайсақдеген сөздің ауызекі варваризміне ғана
негізделген. Шынын айтқанда, қазак, халқы орыс қоғамының бейбітшілік
сүйгіш, демек, онша жабайы емес бұратаналары қатарына жатады. Ғалымның
пікірінше, оның бабалар тұрмысын бейнелейтін рухани мұрасының, өдет-
ғұрыптарының, Гомердің поэтикалық аңыздары сияқты тарихи қадір-қасиеті бар.
Ол халықтың өткендегі тарихи және рухани өмірінің толық көрінісін бере
алады.
Ш. Айтматовтың анықтауына қарағанда, ақын, діндар, пайғамбар және
ағартушы, ғаламат ойшыл, надандық пен адам кемшіліктерін өшкерелеп,
кемсітілгендер мен қорланғандардың тағдыры үшін күйінген, әділдікті өз
бойында ұштастыра білген" ұлы Абай нақыл сөздерінде ұлттык, дамудың басты-
басты бағыттарын таратты. Ол отарлау кезінде халық ділінің өзгергенін
көрсетті. Бұрынғы ұлылық — батырлар заманы келмеске кетті. Құлдық
психология, надандық, рухани бейшаралық құлқы жеңіске жетті. Абай бірін-
бірі куып, қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып зор болғандықты
армандады.
Абайдың бүкіл поэзиясының мағынасы оның өз халқын аңсаған мақсатына,
өркениетті халықтардың жетістіктеріне араласуға шақыру болды:
Адасып алаңдама, жол таба алмай,
Берірек түзу жолға шық, қамалмай.
Абай бастап, жол салып кеткен қазак, қоғамының жай-күйіне талдау
жасау, отар халықтың кемшіліктері мен осалдықтарын хатқа түсіріп сынау алаш
реформаторлары ұрпағының тарихи аренаға шығуына дайындық жасап берді.
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы отаршылдыққа қарсы қарулы күрес
сөтсіздікке ұшырап, Қазақстан империяның әкімшілік-аумақтық бөлінісінің бір
бөлігіне айналған, империя ауқымды шабуылға шығып, шет аймақхалықтарын
орыстандыру жүріп жатқан кезеңде ұлттың прогресшіл көреген кайраткерлері
(Шокан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин және олардың
пікірлестері) тауқыметтің ең ауыры туған халқын ағарту ісін өз мойындарына
алуға мәжбүр болды.
Отандық тарихнаманың алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткерлерінің
есімдерімен байланысты орасан қалың қабаты кеңестік тәртіп басқарған ұзақ
жылдар бойында мүлде игерілмей келген еді. Қазақстанның Ресей құрамына
кіру проблемасы ең алдымен Ә. Бөкейхановтың еңбектерінде мейлінше толық
және тұтас көрініс тапты. Автор Қырғыз өлкесінің тарихи тағдыры және оның
мәдени табыстары деген еңбегінде қосылу, өз еркімен деген терминдерді
мүлде қолданбайды, керісінше, жаулап алу, бағындыру деген терминдерді
қолданады, Кіші жөне Орта Ордалар қазақтары оңтүстіктегі жаулары Горькая
шебіне дейін тықсырғандықтан, орыс билігін тануға мәжбүр болды деп атап
көрсетеді. Бұл тақырыпты жалғастыра келіп, Ә. Бөкейханов XIX ғасырдың
үшінші ширегіне дейін барлық қазақрулары біртіндеп орыс билігін мойындады
деп атап өтеді.
Ә. Бөкейханов еңбектерінің ХVШ-ХІХ ғасырлардағы Қазақстан тарихын
бағалау үшін де маңызы баға жеткісіз. Ә. Бөкейханов былай деп жазды: XVI
ғасырдын екінші жартысынан бастап солтүстіктен жаңа халық — славяндар келе
бастады; олардың мәдениеті сол кездегі Кырғыз өлкесі билеушілерінің
мәдениетінен жоғары болатын, сондыктан жергілікті халықөз өлкесіндегі
үстемдікті келімсектерге беругетиіс болды.
Орыстардың өлкені отарлауын Ә. Бөкейханов екі кезеңге: мұнда ерікті
отарлаушылардың пайда болуына және олардың ізімен үкімет жасақтары-ның келе
бастауына бөледі. Ерікті отарлау, — оның пікірінше, — осында сол кездегі
ауыртұрмыс жағдайларынан қашқан немесе қорғансыз бұратаналар есебінен оңай
баю үшін шаруалардын, қылмыскерлердің, сектанттар мен басқа да әр түрлі
тобырлардың келуімен жасалды. Бұл жөнінен оларға оңтүстік Орал мен біздін
өлкеміздің солтүстік-шығысы ерекше катгы ұнады. Беймәлім елдерге терендей
еніп, ілгері карай козғалумен жалғасқан жер шолу туралы ой осы тұста
туды. Бұл қозғалыстың қаншалықты күшті және қүдіретгі болғанын аты-жөні
жок, еріктілер толкынының небәрі екі жүз жылдай уақытта (1560—1750) Оралдан
Камчаткаға дейін, Березовтан Алтайғадейін бүкіл Сібірді баса-көктеп жүріп
өткенінен білуге болады. Осындай толқын тармақтарынын, бірі — солтүстіктен
Ертіс бойымен және Бараба даласынан, екіншісі — оңтүстік Оралдан Жайык
өзенімен оның салаларын бойлап Қырғыз өлкесіне келді. Соңғы қозғалыс ерте
басталды, бірақ Ертіс бойымен отарлау тезірек жүргізілді, өйткені бұл
толкын күштірек болатын; табиғи байлықтарының арқасында Ертіс өлкесі мен
Алтай отаршылдар көзіне өте бағалы көрінді, сөйтіп олар осы жаққа көбірек
жіберілді. Мұны орыс үкіметі де ұғынып, оған кейіннен басты әскери күштерін
жіберді. Төменіректе біз үкіметтік отарлау (және жаулап алу) еріктілердің
ізімен жүргізілгенін жөне былайша айтқанда, оны заңдастырғанын көреміз;
кейбір жағдайларда үкіметтің белгілі жер учаскесін еріктілер сол кезде-ақ
басып алғандықтан, оны өзінікі деп тануына ғанатуракелді.
Әлихан Бөкейханов өзінін, Қазақстан тарихы және жер пайдалану нысан-
дарыныңдамуы мәселелері жөніндегі еңбектерінде әлкеніңсолтүстік-орталық
және шығыс бөліктерін жаулап алу мен отарлауды бөлек алып қарастырады.
Есіл—Ертіс өлкесінде орыс адамдарының келген жылын қай жылға жатқызу
керек екенін дәл айту қиын, — деп жалғастырады ол ойын. — Солтүстік
Сібірдегі сиякты, мұнда да өлкені жаулап алудын, алдында терісі бағалы аң
аулауды кәсіп еткендердің, ал кейде бұратаналарды жай ғана тонап кету үшін
келіп-кетушілердің болғаны анық Орыс отарлаушыларының қандай да бір арнайы
(талап-тонаудан басқа) мақсатпен бірікпеген еріктілер тобырын құраған осы
жекелеген алдыңғы бастаушылары алғашқы кезде бұратаналар тарапынан, сірә,
ынтымақты тойтарыс таппағанына қарамастан, отарлаудың сенімді тірегіне
айнала алмады.
Сөйтіп Ә. Бөкейхановтың пікірінше, Казақстанның империя құрамына кіруі
отарлау (ерікті түрде және үкімет аркылы) мен жаулап алудан тұрады. XVIII
ғасырдың аяғында (біздің жоғарыда байқағанымыздай) Қырғыз өлкесі
көшпелілерінің едәуір бөлігі орыстардың билігін мойындап, орыстар шегінде
көшіп жүрді. XIX ғасырдың басынан бастап үкімет жаулап алынған елкені
нығайту жайын ойластырды. Ә. Бөкейханов өзінін, барлык зерттеулерінде
жаулап алу деген ұғымды қолданып, сол аркылы XVIII—XIX ғасырлардағы орыс-
қазақ қатынастарының барысында калыптасқан күрделі өзара кдтынастарды
сипаттайды.
Ә. Бөкейханов орыстардың Орталық Азиядағы ерекше өркениеттілік
миссиясытуралы негізсіз тұжырымдамасын ашықтан-ашық әшкереледі. Өлкені
бағындырған соң, — деп жазды ол, — орыстар мәдениетті жұмысқа көше алмады,
өйткені бастапқыда жаулап алу тек қана баю мақсатымен жасалды және алғашқы
жаулап алушылар мәдениет рөлін атқаруға мүлде дайын емес болатын. Олар
адамгершілігі алғашқы қауым адамдарынан аспаған, өткендегі өмірі күмәнді,
дөрекі, надан адамдар еді; рас, осының бәрі бола отырып, олар
бұратаналардан жетілгендеу болып шықты, бірақ оларды бағындырған соң,
саналы түрде бейбіт мәдени жұмысқа көше алмады; олар тіпті табиғаттың бай
тартуларын ақылмен пайдалануға немесе өздерін өз еңбегімен асырауға күш-
жігер жұмсаған жок,- Керісінше, олар баюдың неғұрлым жеңіл басқа әдісін —
бағындырылған бұратаналарды талап-тонау мен табиғи байлықтарды талан-тараж
ету жолын тандады.
Автор еріктілердің ендей кіруіне империяның мүдделі болғанын нактылай
келіп, еріктілер мен үкіметтік отарлау үрдісін ажырағысыз бірлікте
қарастырады. Біріншіден, ол орыс отарлауының алдыңғы тобы болды, екіншіден,
ол империяның ішкі өміріндегі проблемаларды жоюға мүмкіндік берді.
1917 жылдан кейін отандықтарих проблемаларына ден кою артатүсті. Бұл
түрғыда көптеген енбектер ішінен Т. Рысқұлов, X. Досмұхамедов, П. Г. Галу-
зо, С. Мендешев, Ғ. Тоғжанов еңбектері мен басқа еңбектерді атап өту керек.
П. Г. Галузо Ресей мен Қазақстан серіктестігінін тең құқылы еместігін
атап көрсетіп, империяның өзге өлкелерді қосып алуға өте мүдделі екенін
атап айткан болатын. П. Г. Галузо отаршыл империя теоретиктерінің агрес-
сияға бейбіттон жамылдырып, өркениетті сипат беруге неліктен тырысқанын
түсіндірді. Отар Түркістан (Орыс патша өкіметінің Орта Азиядағы отар-лау
саясаты тарихының очерктері) деген кітабында ол былай деп жазды: Патшалық
Ресей өскерлерінің қазақдаласына қарай өндеп кіруі XVIII ғасыр-дын бірінші
жартысында-ақ басталған болатын.Орыс патшалары елге енте-лей әрі толассыз
дерлік сұғына түсті, алайда былайша айтканда, біраз жал-тақтай отырып
жылжыды....
Орта Азия шекарасындағы орыстардың агрессиялык саясаты жөнінде
келтірілген бейбітшілік сүйгіш сипатберу Ресейдің алысты көздейтін агрес-
сиялық жоспарларын қарастыра отырып, Орта Азияға аяқ басқднда, өзінің
отаршылдық басып алушылық жөніндегі батыс еуропалық бақталастарынан,
еңалдымен Англиядан қатты қорыққандығын көрсетеді.
Орта Азияға қарай ілгерілеуді біз ұлы державалардың олжа бөлісу
жөніндегі империалистік жарыс ағыстарының бірі деп қарастыра аламыз.
Әрине Ресейдің крепостник-помещигі ең алдымен отарды өзі үшін басып алды,
бірақ шынына келгенде бұл отарларды Ресейдің өнеркәсіп капиталы үшін де
басып алу болатын.
П. Г. Галузо Ресейдің отаршылдық табыстары тарихын Орталық Азияның
барлық аймақтарымен өзара тығыз байланыста алып қарады. Ол Қазақстанның
империя құрамына кіруі: біріншіден — халықтарды саяси дербестіктен
айырудың; екіншіден — экономикалық жағынан кіріптар етудің; үшіншіден —
дүние жүзін болашақ отарларға бөлу жөнінен орыс-ағылшын бакталастығы 15ның
салдарынан болды деп есептейді. П. Г. Галузоның сіңірген еңбегі — XIX— XX
ғасырдың басындағы Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық үстемдігі көрінісін
ашып көрсету және ұлт-азаттық қозғалысы проблемасын ғылыми тұрғыдан қою
болды. ...Дәуір екі белікке: өлкені жаулап алу кезеңі мен шаруашылық үшін
игеру кезеңіне белінеді, осыған сәйкес ұлтазаттық козғалысы екі кезеңге
бөлінеді.
X. Досмұхамедов Ресейдің жаулап алушылық саясаты қазақ жерін Азияға
ендей кіру кезінде алғы шеп ретінде пайдалану болды деп есептеді. Қазақ
өлкесінің біржола Ресейге бағынуын ол XVIII ғасырдың аяғы — XIX ғасырдың
басындағы қазақтардың ұлт-азаттық күресінің жеңіліс табуы салдарынан болды
деп санады. Ол Әбілқайыр жөне ру ақсақалдарының шағын тобы патша өкіметімен
сөз байласуға барып, елді бодандық алуға мәжбүр етті деп есептеді. X.
Досмұхамедов қазақтардың Ресей мемлекетіне бағыну актісіне халықтың негізгі
бұкарасының қатыспағанын келіссөз үрдістеріне Кіші жүз бен Орта жүз
руларынан біркелкі өкілдер болмағанын мысалға келтіре отырыпдәлелдеді.
М. Әуезов Әдебиет тарихы деген кітабында (А., 1927) былай деп атап
көрсеткен: Қазақ елін орысқа бағындыруға зорлаған себептер көп. Бір
жағынан қалмақтар сияқты елдіңтізесі батқан жаулығы болса, екінші: Орта
Азия хандықтарының кысымшылығы, үшінші: орыс үкіметінің қазақты бағынды
руды мақсат қылғандығы, осымен бірге тағы бір зор себеп, қазақтың өз
хандарының алалығы. Өзара жаулық пен араздык, өштік күшейіп, бірін бірі
жаула-мақ үшін әрқайсы кез келген жұрттан көмек іздеп, қазақ елін әр
айғырдың үйіріне сіңіруге айналғандығы. Осындай көп себептер тұтасып, ел
тіршілігі бір шымшытырық мезгілге жеткенде, орыс үкіметінің шеңгелі
қомағайлық-пен созылып, қазақ даласын уысына кіргізіп әкетіп бара жатты.
Орысқа бағыну, елдің алдына ұсынған сыбағалы табақтай болып, еріксіз
бой ұсындыруға айналды.
Қазақстанның Ресейге қосылу проблемасы Т. Рысқұловтың тарихи мұрасында
да көрініс тапқан. Қазақстанның жалпы Ресей бодандығына өтуі тұрғысынан
қарастыра келіп, ол бағындыру, қазақтарды жуасыту, жаулап алушы күш
деген терминдерді қолданған. Ол жазған патша өкіметінің отаршылдық
саясатында екі кезең: XVI ғасырдың аяғынан бастап - қазақтардың, XIX
ғасырдың ортасынан бастап - шаруалардың отарлауы бөліп керсетіледі. Өздері
ілгері жылжыған жолында орыс өкіметі жаңадан жаулап алған аудандарда дереу
бекіністі мекендер тұрғызып, оларға қазақтар мен келімсек шаруаларды
қоныстандырып отырды.
Т. Рысқұлов қазақ жүздерінің Ресей бодандығына өту себептерін бірінші
кезекте Қазақстанның сыртқы саяси жағдайымен байланыстырды. Оның сыртқы
саяси жағдайы қазақтарды шығыстан—жоңғарлардың, оңтүстіктен — Хиуа, Бұхара,
Қоқан хандығы, батыстан ноғайлар мен қалмақтардың қысым жасауынан керінген.
Т. Рысқұловтың пікірінше, Ресейдің Қазан (1552 ж.), Астрахан (1557 ж.)
хандықтарын жаулап алу, Батыс Сібірді бағындыру (1581 ж.), орыстардың Орал
мен Ертісті бойлай жылжуын күшейтуі женінде шығыста белсенді саясат
жүргізуі едәуір рөл атқарған.
Т. Рысқұловтың Қазақстан мен Орта Азияда Ресей тәжінің орнығуы
жөніндегі тарихи тұжырымдамасы оның 1916 жылғы ұлтазаттық соғыс тура-лы
еңбектерінде түпкілікті ресімделген. Ресейдің ұлы державалық ниеттерінің
жалпы нәтижелерін пайымдай келіп, ол қоныстандыру басқармасының бастығы Г.
Ф. Чиркиннің Орталық Азияның байырғы халықтарының тағдырына қатысты мынадай
пікірін келтіреді: Егер барлық орыс тайпаларын бір Ұлы Орыс Державасының
қол астына қосу психологиялық жағынан орыс ниетгеріне толық көлемінде
сәйкес келсе, егер Босфор мен Дарданелл біздің Донымызға кілт болса,
Ресейдің Астрабад пен Мазандаранда орнығып алуы біздің өскери іске жұмсаған
шығындарымызды едөуір дәрежеде өтейді және біздің байлығымызды мықтап
ұлғайтады. Ал саяси жағынан біз осыдан 200 жыл бұрын-ақөзданышпандығымен
КаспийдіңОңтүстік жағалауын (сол сияқты бүкіл Орталық Азияны да) бағалап,
Ресейді Эльбрус жанында орнықтырған Ұлы Петрдің мұрасын қалпына
келтіреміз.
XX ғасырдың 30-жылдарындағы тарих ғылымында патша өкіметінің жаулап
алушылық себептері мен отаршылдық ниеттеріне ерекше көңіл бөлінеді. Сол
кезендегі монографиялар мен мақалалардың көпшілігі, соның ішінде С.
Асфендияровтың Қазақстан тарихы да сондай көзқарас тұрғысынан жазылды.
Патшалық жаулап алу қазақ бұқарасына ізгілік, бейбітшілік пен мәдениет
әкелген жоқ, — деп жазды ол. — Ол күйзеліс, талап-тонаушылық пен кісі
өлтірушілік өкелді.
Г. Ф. Дахшлейгердің, Д. Дулатованың, Ж. Қасымбаевтың, I. Қозыбаев-тың,
И. В. Ерофееваның 1970—90-жылдарда жарияланған тарихнамалық зерттеулерінде
XVIII ғасырдың 40—80-жылдарындағы отандықтарихты, ең алдымен Қазақстанның
Ресейге қосылуын зертгеу қорытындылары шығарыл-ды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін зерттеушілер ұзақ
жылдардан соң отандықтарих проблемаларын жоғарыдан араласусыз және
идеологиялық өктемдіксіз зерттеуге мүмкіндік алды. Қазақстан Республика-
сының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Абай туралы сөз деген баяндама-
сында былай деп атап өтті: Ол қазақ тарихының айрықша ауыр кезеңі еді. Жер
шарының неғұрлым көп бөлігін иемденуге тырысқан империя Орталық Азияны
көктей өтіп, шығыс пен күнгейгетерендей енуді көздегенді. Сондай
стратегиялық мақсатгың дәл өтіндетұрған ел Қазақстан болды. Басқадан айы-
рылса да, одан айырылмау саясаты алғаш рет сол кезде бой көрсетті. Ел
билеудің тарихи қалыптасқан ұлттық жүйесі біржола мансұқталды. Метро-
полияның өзіндегі тәртіп күштеп енгізіле бастады. Әуелі қазақтың әр ұлысы-
нан бірнеше шағын хандықтар құрылып, этноаумақтық тұтастық бұзылды. Сосын
әр хандықтың халқы мен жері ата-атаға, ру-руға бөлінетін жігімен ауыл-
ауылға, болыс-болысқа бөлінді...
Жер бетінде осындай тәлкекке ұшыраған халық ешқайда да жок шығар.
Бұның бәрі отарлық кеңістіктің тұрғындары тарихи қалыптасқан
мемлекетгілігін қайтадан қалпына келтіре алмайтындай қып, оларды жер мен
суға байырғы иелік құқынан біржолата айыруды көздеп, алдын ала ойласты-
рылған зұлым саясат еді.
Отаршылдық жағдайындағы ұлттық қозғалыстар: Қазақстан, Орта Азия,
Солтүстік Кавказ атты Бүкілодақтық Дөңгелек столға (1990 ж. 27-28 мау-
сым) қатысушылар қосылу ұғымын империяның билігін өз еркімен тануды ғана
емес, сонымен қатар (шаруалар арқылы және әскери) жаулап алуды, отарлауды
қамтитын сан кырлы үрдіс ретіндетүсіну керек деген корытын-дығакелді.
Қазақстанның көне заманнан бүгінге дейінгі тарихында (1994 ж.) Қазақ-
станның Ресейге қосылу тарихын баяндау қазіргі ғылыми айқындамалардың
шоғырланған көрінісі болды. Қазақстан Ресей империясының құрамында деген
бөліміндегі бір тарау Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіруі, жаулап алуы,
отарлауы деп аталады. Онда ХVІ-ХVШ ғасырлар бойындағы екі халық арасындағы
саяси байланыстар туралы материал баяндалады; Ресейдің Хақназар және Тәуке
хандарға жақсы көзкараста болғаны туралы; Қазақстан аумағына жоңғарлардың
басып кіріп, Кіші жүз қазақтарының бір бөлігінің Ресей бодандығын
қабылдауын тездеткені туралы, рубасылары мен Әбілқайыр хан арасында елеулі
алауыздық болғаны, Әбілқайыр ханның патша үкіметіне жасаған өтінішінде Орта
жүз бен Ұлы жүзді бодандыққа кабылдауды сұрап, халық атынан әрекет еткені,
ал олардың едәуір кейініректе және баска жағдайларда қабылданғаны туралы
айтылады. Патша өкіметі саясатының отаршылдық бағытының күшейе түсуіне,
оның жаңадан қосылған жерлерде ішкі саяси жағдайды қиындаткднына баса көңіл
бөлінеді. Қазақстан тарихының авторлары отарлау саясаты қазақ жерін
айналдыра бекіністі шептерді кұру мен бұл жерлерде ресейлік басқару жүйесін
енгізуден көрінді, мұның өзі қазақ халқының көпшілік бөлігінің наразылығын
туғызып, бірқатар толқуларға ұласты деп санайды. Қорыта келгенде, мынадай
айқын баға берілген: Кіші жүздің едәуір белігі, Орта жүздің кейбір
аудандары Ресей бодандығын өз еріктерімен қабылдады. Орта жүздің көпшілік
бөлігі мен Оңтүстік Қазақ-станның бірқатар аудандары патша үкіметі әскери
күштерінің көмегімен қосылды. ...Халықтың басымкөпшілігінің үстінен
бақылаусыз билік жүргізуге ие болған Ресей барлық салада дерлік отарлау
саясатын кенейтетүсті. Бұл бөлімде Қазакстанның Ресейге қосылуы
кезеңіндегі ұлт-азаттық күреске қатысты материал мол қамтылған.
Алайда зерттеушілер мәселенің Бұлайша қойылуы да тарихи ақикатты
керсетпейді деген тұжырымға барған сайын көбірек ден қоюда. Зерттеушілер
қосылу ұғымын түрліше түсіндіреді. Атап айтканда, М. Крзыбаев қосылу
термині тарихи үрдістін мәнін дәл білдірмейді, күштеу негізінде болған
қорлаушылық мәні бар деп есептейді. Оның пікірінше, Қазақстан негізгі
объектіге қосылған субъекті рөлінде көрінеді. Кезінде империялық кеңселерде
жасалып, кенестік ресми тарих ғылымында қабылданған термин іс жүзінде
басып алу, агрессия, жаулап алу деген терминдердің баламасы
болыпкөрінеді.
Ресейдің Сібірді отарлауы Қазан, Астрахан жөне Қырым хандыктарын
жаулап алғаннан кейін басталды деп санау керек болғаны мәлім. Зерттеуші В.
В. Каргалов басқаша болған деп есептейді, ол былай деп жазады: Батыс
Сібірді Ресей мемлекетіне дәстүр бойынша косып алу ертерек басталды және
1483 жылы Сібір жеріне жасалған үлкен жорықты бастаған алғашқы орыс
воеводалары кінәздер Федор Курбский мен Иван Салтык-Травин болған.
Сөйтіп В. В. Каргалов патша өкіметінің Шығыс жөніндегі отаршылдык,
саясатының басталу кезеңін тағы да бір ғасырға шегіндіреді. Одан кейінгі ке-
зеңдерде Сібірдің әр түрлі облыстарын, соның ішінде Кенді Алтай мен Орал-ды
Ресей мемлекеті бірінен кейін бірін жаулап ала берді.
Әр түрлі ұрпақтардың жекелеген зертгеушілерінің А. И. Тевкелевтен кейін
Қазақстанның Ресей өрісіне сөзсіз қосылуын біржола айқындаған стратегия-лық
кезенді 1 Петрдің есімімен жөне іс-әрекетімен байланыстыруы орынды.
I Петр Сенатын жауапты қызметкері И. Кириллов пен дипломат, Сыртқы
істер коллегиясының тілмашы А. И. Тевкелевке (православие дінін
қаылбдағанға дейін — Құтлымбет мырза, Мәмет мырза) қазақтарды Ресей
бодандығына өткізу жобасын өзірлеуге тапсырма берді.
Қазақстанды жаулап алудың одан кейінгі онжылдықтарда, Н. Г.
Аполлованың айтуынша, патша өкіметінің даланы бейбіт жолмен жаулап алу
және казақ халкының мәңгілік бодан болуы дейтінді жүзеге асыруға
бағытталған кең көлемді агрессиясы түпкілікті ресімделген стратегиясы
осылайша белгіленді.
Ресей елшісі А. И. Тевкелевтің күнделігіне тарихшылар әлдеқашан назар
аударған болатын -Келіссөз бір жыл 49 күн бойы жүргізілді, бұл оған қазақ
коғамын едәуір дәрежеде жақсылап зерделеуге және оның ықтималды мүмкіндігін
анықтауға жағдай жасады. Ресей саясаты емін-еркін дала халкы-мен қарым-
қатыс төжірибесін жинақтады. Келіссөз кезінде дала жұртының билеуші жоғары
топтары екіге: Әбілкайыр ханныңжақтастарына, сондай-ақ бодандықты
қабылдауға қарсыларға бөлінді. Жанталас кездерінде ханды жақтаушылар басқа
бір амал тапты. Бодандықтұралы келіссөз Жетіру тайпалар одағынан шыққан,
Кіші жүздің көрнекті көсемдерінің бірі Бекенбай батырдың Тевкелевкедеген
ізгі ықыласының арқасында ғанатабысқа жетті.
Бөкенбай батыр өзіне башқұрттар мен жайық қазақтары тарапынан көмек
көрсетілсе, оның өзі мен күйеу баласы (Құдайназар батыр) қырғыз-қазақ
ордасын екі жылда қылыштың күшімен Рей бодандығына келтіруге уәде
беретіндігін айтты.
Кейін А. И. Тевкелев миссиясының барлықматериалын корыта келіп,тарихшы
А. И. Левшин былай деп тұжырымдауға мәжбүр болды: Тевкелевтің Ордаға келуі
айлакер Әбілкайырдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кенесары Қасымұлының дипломатиясына зерттеулер
Жалпы тарихтан дәрістер
Ізденушінің диссертацияда тұжырымдаған әрбір ғылыми нәтижесімен қорытындысының жаңалық дәрежесі
Орыстың ұлттық тарих ғылымының қалыптасуы
Әбілқайыр ханның мемлекеттік қызметі
Қазақ - Қырғыз саяси байланыстарының тарихы (ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың бас кезі )
Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулауы: әскери-отарлық әкімшілік пен жергілікті халық арасындағы қатынас
ІІІ ғасырдың ақындары мен аға анналистері
Бұқар жырау шығармашылығындағы заман бейнесі
Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, тарих ғылымдарының докторы
Пәндер