Жалпы білім беретін орта мектепті қайта құру жағдайында ынтымақтастық педагогика


ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТІ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕДАГОГИКА
1. Ынтымақтастық педагогика жайлы ұғым.
Көп жылдар бойы жалпы білім беретін орта мектептің оқыту және тәрбие жұмысын зерттеу арқылы жетілдіру, жаңгырту мақсатында бірнеше мұғалімдер мен ғалымдар эксперимент жүргізіп, тұтас педагогикалық процесті жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастыруды қажет деп тапты. Өйткені, олар ескі дәстүр бойынша оқытудың әдеттегі әдістерін, принциптерін қолданып, жастарға білім және тәрбие беру ісі, қазіргі заманның талаптарын қанағаттандырмайды деп қорытынды жасады. Жаңашыл -экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысы өз сыныптары мен мектептерінде жеке-жеке, керек десе бірін-бірі білмей 25 жылдай эксперимент жұмысын жүргізген. Бұған қарамастан олардың жұмыстарының қоры-тындысы бірдей нәтиже берген.
Экспериментшіл мұғалімдер зерттеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін бір-бірімен кездесуді, пікірлесуді, тәжірибе нәтижесін ортаға салып, талқылауды ойластырып жаңа педагогикалық шешімдер қабылдауды қажет деп тапты. Бұл пікірлердің мазмұны "Учительская газета" беттерінде жарияланды. Осы газеттің шақыруы бойынша экспериментшіл мұғалімдер үш жылдың ішінде төрт рет кездесті. Бірінші кездесуінде (18-қазан, 1986) . "Ынтымақтастық педагогака"1, екінші кездесуінде (17-қазан, 1987 ж. ), "Тұлғаны демократияландыру"2, үшінші кездесуінде (19-наурыз, 1988 ж. ), "Жаңарту едістемесі"3, төртінші кездесуінде (18-қазан, 1988 ж. ) "Жаңа мектепке кіреміз"4, тақырыптары бойынша эксперимент жұмыстарының нәтижесіне сүйеніп, білім жөне тәрбие саласында көптеген жаңа үздемелі педагогикалық пікірлер үсын-ды. Бұл пікірлердің біразын атап кеткен жөн. Мысалы: балалар, мұғалімдер және ата-аналар арасындағы ынтымақтастық ұжымдық шығармашылық тәрбие, орындаушылық жөне шығармашылық қабілеттер, балаларды дербес және ұжымдық өзін-өзі талдауга үйрету, тұлғаның дамуы, тірек идеясы, жаңарту әдістемесі, озып кету идеясы, жаңа мектеп және ғылым үздіксіз білім т. т.
Осындай мақсатқа бағытталған педагогикалық идеялардың іске асырылуының нәтижесінде мектеп өмірінде тек қана мұғалім емес, әсіресе оқушы жайлы көп езгерістер байқалады. Бұрын окығысы келмейтін немесе оқуға қабілетсіз оқушы екінші, үшінші жыл орнында қалып, мектептен шығып кететін. Енді оқушылар-ды іріктіп алудан бас тартып, оларды окыту керек. Оқыту үшін баланы ынталандыру, оған дем беру, себепші болу. Егер оқуға ездігімен талаптанушылығы жоқ болса дерлік, егер еріксіз көндірудің тәсілдері тіпті жоқ болса, егер пәнге жалпы қызығу-шылығы болмаса, егер біз өз міндетімізді орындағымыз келсе - онда алдымызда бірақ жол бар: біз балаларды қуанышты сезім жетістігіне алға қарай қозғалыс және дамуға шақыра отырып, оларды жалпы оқу еңбегіне тарту керек. Әйтпесе балаларды оқытуға болмайды, - дейді бірауыздан жаңашыл мұғалімдер.
Оқудың нәтижесі ынталылық пен қабілеттердің көбейтіндісіне тең. Егер ынталылық нелге тең болса, онда барлық көбейтінді де нөлге айналады. Ал экспериментшіл мұғалімдердің бұл анықтамасы оқыту процесін жаңғыртуды қажет етеді. Олай болса бұрынғы педагогикадан айырмашылығы бар жаңа педагогика керек, оны ынтымақтастық педагогика деп атауға болады деген біркелкі көзқарастарға келген - олар. Мұндай педагогика балаларды ынтымақтастыққа, оқу еңбегіне жетектейді, табысқа жету үшін оларға сенімділік туғызады, артга қалмаудың жолын іздестіреді. Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша баланы айқай, қорқыту арқылы тәрбиелеуге, оқытуға болмайды - бұл зорлау, еріксіз көндіру әдісі. Сондықтан олар баламен үндесуді құлық негізінде қарастырады.
Адамгершілік және ынтымактастық бала өмірінде үлкен орын алады. Сондықтан мұғалім ең алдымен баланың дамуы, келешегі жайлы қамқорлық жасайды. Өйткені олардың өмірге бейімделуі, өмір тәрбиесіне үйрену мектептен басталады. Міне, осы түрғы-дан карасақ, ынтымақтастық педагогикасы - құлық педагогикасы - даму педагогикасы. Іс жүзінде бұлардың үшеуінде, бір текті құбылыс, мұғалім мен тәрбиешілердің әрекет ету тәсілдері, олардың балалармен қарым-катынасы, істегі ынтымақтастығы.
Әрбір педагогикалық әсер, әрбір шешім, әрбір өрекет бала-лардың даму барысында тексеріліп отыруы қажет. Ал дамудың оның қалысуы әрбір мұғалімге мәлім. Дамудың артта қалушылығының басты себептері біріншіден, үйелмендегі рухани қатынастың жетіспеуі; екіншіден, мұғалімдер мен ата-аналардың зорлап оқыту нәтижесінде балалардың оқу материалының мазмұнына түсінбей жаттап оқуында; үшіншіден, балалардың дамушы қабілеттерін еске алмай, мектептің тек қана оқыту процесін өзін үш компонеттеріне (білім, іскерлік, дағды) сүйену т. б. Осының салдарынан балалардың көпшілігін өзін даму процесі тоқтайды.
Жаңашыл мұғалімдердің тұжырымдамалары бойынша ең алдымен баланың дамуын бірінші орынға қою керек. Бұл оқуіңы-ның білімді іздеп табуына, игеруіне мүмкіншілік жасайды, іскерлікті, дағдыны меңгереді.
Сонымен, баланы әр жақты дамыту үшін бәрінен бұрын құлық, рухани ақыл-ой, дене тәрбиесі бірінші кезекте болуы қажет.
Кейбіреулер ынтымақтастық педагогиканың осы заман педа-гогикасынан айырмашылығы бар ма деп сүрақ қояды. Бұл сүраққа бір мағыналы жауап беру қиынырақ сықылды. Бірақ екеуіне анық-тама берсек артық болмайды.
Осы заман педагогикасы - бұл тұлғаның және ұжымның тәр-бие және өзін-өзі тәрбиелеу процестерін өзін диалектикасы туралы ғылым.
Ынтымақтастық педагогика - бұл тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің, мұғалім мен балалардың шығармашылық еңбегін өзін диалектикалық бірлігі емес пе?
Мектепке, жоғары оқу орнына жаңа кадрларды дайындауда қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындау үшін ынтымақтастық педагогика керек. Бұл педагогика жас мұғалімнің ғылыми педагогикалық теория мен озат педагогикалық тәжірибен өзін нәтижесімен қарулануына мүмкіндік береді. Сонымен бірге ізгілендіру, гуманитарландыру жағдайында тұтас педагогикалық процесте жаңа идеяларды пайдаланудың жолдарын қарастырады.
2. Ынтымақтастық педагогиканың негізгі идеялары, оларды оқу-тәрбие процесінде қолдану.
Тәрбие мақсатын жүзеге асырудың орта және жоғары мектеп зор роль атқарады. Өйткені оларда барлық жастар оқып, еңбек етуге үйреніп дағдыланады, өмірге жолдама алады.
Орта және жоғары оқу орындарының мақсаты - жастарды әр жақты жарасымды етіп дамыту, олардың жоғары құлықтық, аза-маттық көзқарасын қалыптастыру. Мұндай мақсат кешенділік міндеттерді шешуді қажет етеді. Олар: әлеуметтік тәрбие беру жолымен дүниеге көзқарасын кең мәдени ой-өрісі жоғары тұлға-ның үйлесімді жан-жақты дамуының негізін қалау; әлеуметтік функцияларды еңбек, таным, қоғам, үйелмен жөне бос уақытты пайдалану т. б. орындау үшін жастарды ойдағыдай даярлауды қамтамасыз ету; кәсіптік дайындықтың жолдарын тандап алу үшін, ез тағдырын өзі шешу үшін жастарға жағдай жасау; тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуге, өз білімін алуына оны өмірде пайдалана білуіне мүмкіндік жасау.
Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі идеологиясының жаңаруы көптеген идеяларға негізделді. Олар:
-тәрбие мақсатының реализм идеясы;
-ересек адамдар мен балалардың бірлесу іс-орекетін өзін идеясы;
-тәрбие бағыттарының дербес идеясы;
- Тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы;
- өзін-өзі талдау (анализдеу) идеясы;
- бала күнін өзін жартысы;
- қиын мақсаттық идеясы;
- сүйеніш идеясы;
- ірі блоктар идеясы;
- ата-аналармен ынтымақтастық;
- мұғалімдер өзін ынтымақтастығы;
- өзін-өзі сыйлау идеясы;
- өзін-өзі басқару (реттеу) идеясы, т. т.
Экспериментшіл мұғалімдер 50-ден астам жаңа идеяларды мұғалім жұртшылығына ұсынды. Бұл идеялар көптеген орта және жоғары оқу орындарывда қолданылып келеді: Идеялардың біразы "Жалпы орта білім беретін тұжырымдамада" және "Экспериментшіл мұғалімдердің есеп беру кездесулерінде баяндалған". Сондықтан біз идеялардың бәріне тоқталмаймыз, тек қана оларды қолдануды жетілдіру үшін кейбіреулерін еске түсіру артық болмайды.
Реализм идеясы, яғни тәрбиен өзін шынайы мақсаты - адамды қабілетіне және дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту. Шынайы мақсатының жетістік құралы - мәдениеттің базалық негізін игеру. Осыдан тұлғаның "базалық мәдениеті" тәрбие маз-мүны деген ұғым туады. Базалық мәдениет - бұл өмірге өз бағ-дарын өзі шешу мәдениеті, экономикалық жөне еңбек мәдениеті, саяси, демократиялық жөне қүқыктық мәдениет, адамгершілік және экология мәдениеті, көркем және дене шынықтыру мәдениеті, үйелмендік катынас мәдениеті.
Ересек адамдар мен балалардың бірлесу іс-әрекетін өзін идеясы
"Ынтымақтастық педагогикасы" принципінен туады, өйткені ол мұғалім мен балалар еңбегін өзін бірлестігіне сүйенеді. Осындай ересек адам мен баланың шығармашылық ынтымақтастығы педагогикалық басшылықпен қамтамасыз етілуі тиіс.
Тәрбие бағыттылығының дербес идеясы мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуын қажет етеді. Барлық тәрбие жұмысының ба-рысында еске алатын басты тұлға бала. Ол педагогикалык жұмыстың ең жоғары мақсаты. Сондықтан баланы зор үқыптылықпен зерттеген жөн.
Ұжымдық шығармашылық тәрбиеде ұжымдық бағыттылық идеясыиын мәні өте зор. Бірыңғай тәрбие ұжымы - бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің бірлестігі, мүнда ересек адамдардың жастар женіндегі жалпы қамқорлығы, яғни ашық және елеусіз қамқорлығы дамиды. Мұңдай ұжымда тәжірибе ашық жөне елеусіз түрде тәрбиеші арқылы беріледі, оны тәрбиеленушілер ұжымдық шығармашылык іс - бұл біріншіден, барлық ұжым мүшелерін өзін істі бірігіп жоспарлауы, талқылауы, шешім қабылдауы; екіншіден, ұжымдық жұмыс ізденуге бағытталады, практикалық міндеттерді шешу үшін ұжым мүшелері ізденудің тиімді жолдарын, әдістерін, құралдарын қарастырады.
Тәрбие ұжымының қозғаушы күші жолдастық тәрбиелік қамқорлық. Оның мәні адамдағы жолдастық сыйласу мен жолдастық талаптың бірлігі. Жолдастық тәрбиелік қамқорлықтың мақсаты - адамның жалпы қуанышы мен пайдасы үшін нақтылы істе оның шығармашылық күшін анықтау және дамыту.
өзін-өзі талдау идеясы. Балаларды өзін-өзі жеке жөне ұжымды талдауға үйрету қажет. Жаңашыл мұғалім Е. Н. Ильин оқушыларын өздерін өзін өмірі, іс-әрекеті жайында ойлануға үйретеді.
Ата-аналармен ынтымақтастық. Мектепте, үйелменде балалар ересек адамдарға ашық, сенгіштікпен қарайды деп ынтымақтастық педагогика жорамалдайды. Бұл үшін бірыңғай талаптар емес, үйелменде балалармен жолдастық, жылы-шырайлы қатынас болуы қажет. Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша ата-аналар жиналысында балалар туралы сын көзімен ескерту жасауға бол-майды. Балалар мен ата-аналар арасында үрыс-керіс жағдайын болдырмау. Мұғалім балалар жөнінде ата-аналарға айтып нара-зылық білдірмейді, күнделіктеріне не болса соны жазбайды. Балаңыз сабаққа дайындалмайды деп мұғалім әр ата-ананың есігін қағуды қою керек.
Егер оқушы назар аударуды, көмек көрсетуді талап етсе, онда оған керегінше (бір ай, әлде бір жыл керек пе) кемек көрсету кджет. Осындай жылы қамқорлықты сезген бала ата-аналарына да ризашылықпен толық сенім білдіріп, зор ықыласпен оқып білім алуға, еңбек етуге тырысады. Бұл өмірдегі, еңбектегі, оқудағы қарым-қатынас бірлігін өзін беріктігі - ынтымақтастық педагогиканың принципі.
Мұгалімдердің ынтымақтастығы. Экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысының педагогикалық стажы 25-тен 40 жылға дейін. Олар әр түрлі мектеп ұжымдарында балалармен жұмыс істеген, талай мұғалімдер жөне директорлармен істес болған. Жаңа мұғалімдер, мүмкін ынтымақтастық педагогика өте күрделі, оны оқыту және тәрбиесінде қолдануга болмайтын шы-ғар дейді. Шынында, олардың тәжірибесі бойынша кез келген мұғалімнің ынтымақтастық педагогиканың принциптерін іске асыруы мүмкін, бірақ, бір айдың немесе бір тоқсанның ішінде жүзеге асыруы мүмкін емес. Әрине, егер кімде кім жаңа педагогиканы ақылға салып ойластырса, ол өз жұмысының жақсіра бастағанын байқайды. Өйткені ынтымақтастыіс педагогика үшін айрықша жағдайдың керегі жоқ, әдеттегі оқу бағдарламасы және оқулықтар бойынша әрбір мұғалім өзін- өзін сыныбында, әрбір директор өзін- өзін мектебінде қайта құру кезеңінде мәселелерді тың зерттеумен айналысады.
Жаңа педагогиканың идеяларын кең түрде тарату керек. Сыныпта балаларды бір-біріне қарсы қоюға болмайды, сол сияқты мұндай жағдайды мұғалімдер арасында да болдырмау керек.
Сонымен, осы идеяларды іске асыру үшін: біріншіден, оқу және тәрбие әдістерін жаңарту, екіншіден, балалармен қатынасты жаңарту; үшіншіден, мұғалім өзін-өзі жаңартуы; төртіншіден, балалармен және өзара ынтымақтасу.
өзін-өзі құрметтеу идеясы. Осы уақытқа дейін окушының сабаққа, тәртіпке, жолдастарына, үлкен кісілерге қатынасы жайлы көбірек назар аударылды. Демек оқушының мұндай көзқарасы, қатынасы мұғалім және мектеп жұмысындағы тәртіпке байланысты деп айтушылар да болды. Енді бүдан бұлай балаға көмектесу, дүрыс педагогикалық назар аудару, әсіресе бала өзіне-өзі көңіл аударуы қажет. Атап айтқанда, баланың өзін-өзі қүрметтемеуі тұлғаның өз құнын кемітуі - бұл маскүнемдікке, нашақорлыққа салынуының, қылмысқа ілінуін өзін негізгі себептерін өзін бірі. Жас жігіт өзінше қоғамнан жөне қалыптаспақан тағдырдан кек алғысы келеді. Оған ешқашан жазалау, қауып немесе дәлел әсер етпейді, өйткені болашағым жоқ деп қарайды, өзін-өзі құрметтемейді. Оның тірек үлгілері, Е. Н. Ильиннің тірек бөлшегі (деталь) т. б. Төсек формалары әр түрлі, бірақ жалпы принцип аиқын көрсетілген: ең нашар оқушы тақтада түрып еркін жауап береді. Ол сабақ қарқынын бұзбайды, оның алдында тірек болуы қажет. Тірек бұл кесте түріндегі көрнекі құралдар емес, ол ережелердің, әңгімелердің жол көрсеткіші. Әрбір окушы түрлі тірек формаларын өзін- өзін жауабында пайдаланады. Мысалы: ережен өзін жол көрсеткіші, есептер шығару тәсілдері т. б.
Тірек идеялары жайлы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін тұтас педагогикалық процесте тиімді пайдаланудың әдістемелік тәсілдерін қарастыру қажет.
Жаңа идеялар мектепті демократияландыру және ізгілендіру жағдайында жүзеге асырылады.
Демократияландыру - бұл тұлғаның жан-жақты дамуының мақсаты мен құралы, бұл мектеп өзін ведомстволық мүддеден қоғамның және тұлғаның мүддесі мен мұқтаждығына қарай бет-бұруы, бұл мектеп тің ашықтығы, оған қоғамдық күшті және қоғамдық факторларды (мемлекет, коғам) қатыстыру. Мектеп - бұл мемлекетт өзін, сондай-ақ қоғамның және тұлғаның білім жайындағы тілегін қанағаттандыратын қоғамдық-мемлекеттік танылған жүйе.
Ізгілендіру - бұл баланың жеке басын сыйлау. Педагогикалық процестің барлық дәрежесінде ең бастысы адамның өзі болуы тиіс. Сондықтан тұлғаны тербиелеу, оның бабын табу мектеп жұмысының негізгі мақсаты болуы тиіс. Ізгілендіру - бұл мектептің баланы өмірге дайындауда тек қана бағдар беруі емес, ол әрбір жас сатысында - балалық шақта, жеткіншектік шақта және жасөспірімдік шақта баланың бүгінгі өмірін өзін толық қүнды болуын қамтамасыз ету.
Сонымен, қайта құру жағдайында әрбір мұғалімнің жаңа идеялармен, оқыту мен тәрбиен өзін озат теориясы және практикасымен қарулануы тұлғаның сапасын жобалай және анықтай білуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мұғалім баланың бойына жақсы қасиеттерді егеді, дүниеге көзқарасын, мінез-құлықтың нормасын калыптастырады, болашақ өмірге, еңбекке, мамандықты саналы түрде таңдап ала білуге даярлайды.
ТӘРБИЕН ӨЗІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
ТӘРБИЕН ӨЗІН МАҚСАТЫ, МАЗМҰНЫ.
1. Тәрбиен өзін мақсаты жайлы жалпы түсінік.
Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиен өзін тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырады. Өйткені мемлекет қажеттігін өзін орындалуы оның экономика-лық күш-қуаты мен саясатына тәуелді екендігі белгілі. Олай болса, тербие тиімділігін өзін ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын кажеттікке сай тәрбиен өзін мақсатын нақты анықтау болып табылады.
Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты - әрбір тұлғаны әржақды және жарасымды етіп тәрбиелеу. Адам - жер бетіндегі тірі организмн өзін жоғарғы сатысы, қоғамдық-тарихи іс-әрекетімен мөдениет субъектісі, басқаша айтқанда іс-өрекеті мен қарым-қатынас иесі.
Адам іс-өрекеті, сезімі мен ойлау ерекшеліктері оның өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайларына тәуелді болады.
Қоғам дамуының белгілі сатысында педагогикалық, философиялық ой-пікірлер пайда болып, қалыптаса бастады. Тәрбие беру мақсатын анықтау ең басты мөселеге айналды. Осыған орай, балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс-өрекеттерін өзін мазмұны анықталады, білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады.
Егер тәрбие мақсатының қалай өзгеріп отырғанына көз жіберсек, тәрбие мақсатын белгілеудің қаншалықты маңызды екенін айқын байқауға болады. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның өмірі ілгері дамуы мүмкін емес. Сондықтан да В. И. Ленин тәрбиені жалпы және мәңгілік категория деп дө-лелдеген. Тәрбие қоғамның пайда болуымен бірге пайда болады, онсыз коғам жоқ, ол өмір сүруін тоқтатады, ілгері дамымайды деді ол. Философия, социология, этика ілімдерімен қаруланған педагогика ғылымы адамды барлық жағынан дамытып, жарасымды етіп тәрбиелеуді ез алдына айқын мақсат етіп қойды. Халыққа білім беру кәсіптік даярлық жүйесін үздіксіз жетілдіріп отыруды көздейді. Бұл әсіресе қазіргі қайта құру кезеңінде ерекше маңызды.
Педагогика ғылымы тәрбиен өзін мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегін өзін тікелей байланысы, денен өзін және ақыл-ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек.
Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Мектепте тәрбиен өзін басты міндеттері - теориялық білімді еңбекпен, өмір мен байланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Олай болса, ербір азамат тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиен өзін мәніне, міндеттері мен мақсатын жете түсінуі қажет. Осыған орай, тәрбиен өзін негізгі мақсаттары: а) жастардың дүниеге ғылыми-материалистік көзқарасын қалыптастыру; ө) тұлғаның рухани жөне дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, эстетикалық таламдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.
Әрбір адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыру - негізгі шарттардың бірі. Дүниетаным дегеніміз адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсінуін және онымен қарым-қатынасын, оның барлық іс-әрекеттерін өзін бағытын бейнелейтін көзқарастарының жүйесі. Ал дүниеге көзқарас дегеніміз дүниен өзін даму заңдылықтарын ғылым негізінде ашатын көзқарас.
Дүниеге ғылыми көзқарастағы адамдардың басты қасиеттері өзін- өзін Отанына шексіз берілгендігінде, жанқиярлықпен күресуге өзірлігінде. Мұндай көзқарас болмайынша, адам өз өмірін өзін мақсаттарын, халқымыздың жалпы күресіндегі өз орнын дүрыс түсіне алмайды.
Сонымен, еліміздің болашағына сай адам - ол теориялық іліммен қаруланған, оны шығармашылықпен іс жүзіне асыратын белсенді қоғам қайраткері, жаңа қоғамдық өмір үшін күресуге қабілегі мол, жоғары мәдениетті, білімді, өз ісіне асқан шебер адам.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам қүрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылды. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлекгерд өзін ақыл-ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық талғамы, сезімі артады. Өмір жастарды осы заманғы ғылым мен халық шаруашылығының кеңінен өркендеу дәрежесіне қарай жан-жақты тәрбиелеу міндеттерін талап етеді. Қоғамдык жене мемлекеттік өмірдің түрлі салаларында белсенді қызмет етуге қабілетті, сана-сезімді және жоғары білімді адам-дарды тәрбиелеп, даярлап шығаруды көздейді.
Мектеп реформасын жүзеге асырудың барысында оқу мен тәрбие жұмысының көптеген мөселелеріне түбегейлі өзгерістер енгізіп, қайта құру қажеттігі туды. Солардың бастыларының бірі, мұғалім мен оқушы, мектеп басшылары мен педагог ара-сындағы қарым-қатынас сипатының өзін бүтіндей өзгерту қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz