Төлем карточкаларының пайда болуы мен нарыққа енуі
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1 БӨЛІМ.
1.1. Төлем карточкаларының пайда болуы мен нарыққа енуі
1.2. Төлем карточкаларының түрлері мен құрылымы
1.3. Төлем карточкалары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық
аспектілері
1.4. Банкомат.электронды төлем жүйесінің элементі ретінде
2 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1. Қазақстан Халық банкінің тарихы мен қаржылық сипаттамасы
2.2. Қазақстан Халық банкінің атқаратын операциялары
3 БӨЛІМ. ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН МЕХАНИЗМДЕРІ
3.1. Қазақстан Халық банкі шығаратын төлем карточкаларының
түрлері
3.2. Қазақстан Халық банкінің төлем карточкалары арқылы
көрсетілетін қызметтер
3.3. Қазақстан Халық банкінің карточкаларын ұстаушыларына салыстырмалы анализ
ҚОРЫТЫНДЫ

Тақырыптың өзектілігі. Төлем карточкаларының қолма-қолсыз есеп айырысуда пайдалануы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие.
Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді жиналуын,қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналамының қысқаруын, ақша айналамына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту табылады.
Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып төлем карточкасы табылады.
Төлем карточкасы – бұл ақша емес, ол электронды терминалдар мен басқа да құрылғылар арқылы ақшаңызды басқару құралы. Электронды терминалдар мен құрылғылар төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валютаны айырбастауға және т.б. операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Карточканы жоғалту ақшаны жоғалтуды білдірмейді: ақшаңыз толық сақталады.
Төлем карточкаларын пайдалана жүргізілетін төлемдер қолма-қол ақша беру төлемдері мен сауда терминалдары арқылы жүзеге асырылатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін ақы төлемдері болып жіктеледі.Ал төлем карточкалары жергілікті жүйелер карточкалары және халықаралық жүйелер карточкалары болып бөлінеді.Жергілікті жүйелердің карточкалары ұлттық валютада тек Қазақстан Республикасының аумағында (ALTYN,ЕРТІС,Каспийский) қолданылады.Халықаралық жүйелердің карточкалары еліміздің ішінде де және сыртында да қолданылады (VISA International,Europay International,American Express,HSBC,Dinners Club International).
Банктерге карточкалардың беретін артықшылықтарының бірі – олардың банктен алыс қашықтықта тұратын клиенттерде қызығушылық тудырғанында. Әдеттегідей клиенттер жұмысына немесе тұрғылықты жеріне жақын банкті таңдайды. Карточкалардың пайда болуымен бұл мәселе аса маңызды болмады. Банктерге өзінің карточкаларын мыңдаған шақырым жерлерге тарату арқылы өзінің ықпал ету дәрежесін ұлғайтуға мүмкіндік туды.
Пластикалық карточкалар Қазақстан нарығын белсенді жаулап алуда. Соңғы бірнеше жылдарда «электронды әмияндарды» белсенді шығарып отыратын банктердің саны өсті. Қазақстандық нарықта барлық негізгі халықаралық карточкалар бар.
Қазақстанда магнитті карточкалар саласы бойынша барлығы әдеттегі классикалық сызба бойынша жүзеге асырылады:
- халықаралық карточкалардың эмитент-банктері санының қарқынды өсуі;
- алдыңғы қатарлы төлем жүргізу бәсекелестігі;
- магнитті карточкаларды банктік технологиялық процесте пайдалануды ұлғайту, мысалы, шотты бақылау құралы ретінде.
Қазақстанда «карточкалық» іс қазіргі кезде нағыз бумды бастан кешіп жатыр. Көптеген банктар магнитті карточкаларды, микросхемалы және смарт-карточкаларды пайдалану арқылы жеке төлем жүйесін құруда. Қазақстандық банктердің көбі Visa және Europay халықаралық жүйелеріне қосылуда. Елімізде пластикалық карточкаларға негізделіп жүзеге асырылатын жүйелердің барлығын атап отыру мүмкін емес. Бұнда бірден бірнеше бағдарламаларды көруге болады. Бұл халықаралық төлем жүйелері, магнитті карточкаларға негізделген жинақ кітапшалары және смарт-карталар.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қазақстанда пластикалық карточкалар негізінде төлем төлеу нарығының қалыптасу барысын, қызмет көрсету деңгейін жүйелі түрде талдау; карточкалардың түрлері мен құрылымын анықтау және Қазақстан Халық Банкінің төлем карточкаларына талдау жасау.
Жұмыстың нәтижелері. Төлем карточкалар ұғымының мәні мен ерекшеліктері дәлірек дәлелденген, төлем карточкалар нарығындағы электронды құрылғылардың рөлі анықталды.
Қазақстанда төлем карточкаларының шығарылуы мен пайдаланылуына рұқсат беретін жалғыз орган Ұлттық банк болып табылады. Қазақстандағы төлем карточкалар нарығы 1994 жылдан бастап дами бастады. Олардың бірінші шығарылымы Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның ИртышCаrd жүйесімен жүзеге асырылды. Республика территориясында айналыста жүрген карточкалардың саны соңғы екі жылда 3,6 есеге өскен. Қазақстанда ең танымал төлем карточкалары болып «Visa» және «Eurocard-Mastercard» табылады. Олар арқылы 300-ден аса елдердің 18 млн-нан аса сауда және сервис мекемелерінде қызмет көрсетіледі.
Зерттеу көрсеткіштері болып төлем карточкалар нарығының дамуы туралы отандық және шетел авторларының кітаптары мен журналдары табылады.
Зерттеу объектісі-Қазақстан Халық Банкінің мәліметтері.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден,3 бөлімнен,қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жоспар
Кіріспе
1 бөлім.
1.1. Төлем карточкаларының пайда болуы мен нарыққа енуі
1.2. Төлем карточкаларының түрлері мен құрылымы
1.3. Төлем карточкалары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық
аспектілері
1.4. Банкомат-электронды төлем жүйесінің элементі ретінде
2 бөлім. Қазақстан Халық банкінің экономикалық сипаттамасы
2.1. Қазақстан Халық банкінің тарихы мен қаржылық сипаттамасы
2.2. Қазақстан Халық банкінің атқаратын операциялары
3 бөлім. Төлем карточкаларының даму перспективалары мен механизмдері
3.1. Қазақстан Халық банкі шығаратын төлем карточкаларының
түрлері
3.2. Қазақстан Халық банкінің төлем карточкалары арқылы
көрсетілетін қызметтер
3.3. Қазақстан Халық банкінің карточкаларын ұстаушыларына салыстырмалы
анализ
Қорытынды
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Төлем карточкаларының қолма-қолсыз есеп
айырысуда пайдалануы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие.
Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді
жиналуын,қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналамының қысқаруын, ақша
айналамына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды
мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту
табылады.
Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып
төлем карточкасы табылады.
Төлем карточкасы – бұл ақша емес, ол электронды терминалдар мен басқа
да құрылғылар арқылы ақшаңызды басқару құралы. Электронды терминалдар мен
құрылғылар төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валютаны
айырбастауға және т.б. операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Карточканы
жоғалту ақшаны жоғалтуды білдірмейді: ақшаңыз толық сақталады.
Төлем карточкаларын пайдалана жүргізілетін төлемдер қолма-қол ақша беру
төлемдері мен сауда терминалдары арқылы жүзеге асырылатын тауарлар мен
көрсетілген қызметтер үшін ақы төлемдері болып жіктеледі.Ал төлем
карточкалары жергілікті жүйелер карточкалары және халықаралық жүйелер
карточкалары болып бөлінеді.Жергілікті жүйелердің карточкалары ұлттық
валютада тек Қазақстан Республикасының аумағында (ALTYN,ЕРТІС,Каспийский)
қолданылады.Халықаралық жүйелердің карточкалары еліміздің ішінде де және
сыртында да қолданылады (VISA International,Europay International,American
Express,HSBC,Dinners Club International).
Банктерге карточкалардың беретін артықшылықтарының бірі – олардың
банктен алыс қашықтықта тұратын клиенттерде қызығушылық тудырғанында.
Әдеттегідей клиенттер жұмысына немесе тұрғылықты жеріне жақын банкті
таңдайды. Карточкалардың пайда болуымен бұл мәселе аса маңызды болмады.
Банктерге өзінің карточкаларын мыңдаған шақырым жерлерге тарату арқылы
өзінің ықпал ету дәрежесін ұлғайтуға мүмкіндік туды.
Пластикалық карточкалар Қазақстан нарығын белсенді жаулап алуда. Соңғы
бірнеше жылдарда электронды әмияндарды белсенді шығарып отыратын
банктердің саны өсті. Қазақстандық нарықта барлық негізгі халықаралық
карточкалар бар.
Қазақстанда магнитті карточкалар саласы бойынша барлығы әдеттегі
классикалық сызба бойынша жүзеге асырылады:

- магнитті карточкаларды банктік технологиялық процесте пайдалануды
ұлғайту, мысалы, шотты бақылау құралы ретінде.
Қазақстанда карточкалық іс қазіргі кезде нағыз бумды бастан кешіп
жатыр. Көптеген банктар магнитті карточкаларды, микросхемалы және смарт-
карточкаларды пайдалану арқылы жеке төлем жүйесін құруда. Қазақстандық
банктердің көбі Visa және Europay халықаралық жүйелеріне қосылуда. Елімізде
пластикалық карточкаларға негізделіп жүзеге асырылатын жүйелердің барлығын
атап отыру мүмкін емес. Бұнда бірден бірнеше бағдарламаларды көруге болады.
Бұл халықаралық төлем жүйелері, магнитті карточкаларға негізделген жинақ
кітапшалары және смарт-карталар.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қазақстанда пластикалық карточкалар
негізінде төлем төлеу нарығының қалыптасу барысын, қызмет көрсету деңгейін
жүйелі түрде талдау; карточкалардың түрлері мен құрылымын анықтау және
Қазақстан Халық Банкінің төлем карточкаларына талдау жасау.
Жұмыстың нәтижелері. Төлем карточкалар ұғымының мәні мен ерекшеліктері
дәлірек дәлелденген, төлем карточкалар нарығындағы электронды құрылғылардың
рөлі анықталды.
Қазақстанда төлем карточкаларының шығарылуы мен пайдаланылуына рұқсат
беретін жалғыз орган Ұлттық банк болып табылады. Қазақстандағы төлем
карточкалар нарығы 1994 жылдан бастап дами бастады. Олардың бірінші
шығарылымы Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның ИртышCаrd жүйесімен жүзеге
асырылды. Республика территориясында айналыста жүрген карточкалардың саны
соңғы екі жылда 3,6 есеге өскен. Қазақстанда ең танымал төлем карточкалары
болып Visa және Eurocard-Mastercard табылады. Олар арқылы 300-ден аса
елдердің 18 млн-нан аса сауда және сервис мекемелерінде қызмет көрсетіледі.
Зерттеу көрсеткіштері болып төлем карточкалар нарығының дамуы туралы
отандық және шетел авторларының кітаптары мен журналдары табылады.
Зерттеу объектісі-Қазақстан Халық Банкінің мәліметтері.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден,3 бөлімнен,қорытындыдан және
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 бөлім. Төлем карточкаларына жалпы сипаттама.
1.1. Төлем карточкаларының пайда болуы мен нарыққа енуі.
Ақша қоғамдық қарым-қатынаста өзіне тиесілі қызметтерді ғана атқарады.
Жинақтау құралы ретінде ақшалар банктік және басқа да шоттарда заңды және
жеке тұлғалардың салымдары ретінде сақталады. Ақша айналымының ерекшелігі
болып оның ағымдылығы және үздіксіздігі табылады. Ақша айналымын жалпы
алғанда негізгі орынды қолма-қолсыз айналым алады.
Дамыған елдерде тауарлар мен қызмет көрсетулерге қолма-қолсыз есеп
айырысу барлық ақшалай операцияларының құрылымында 90%-ға жетеді.
Қазақстанда жылдан-жылға тұрғындардың көп бөлігі – студенттен зейнеткерге
дейін – карточканы пайдаланады. Бірақ та бұл әлі жетістік емес және де
2003 жылы 14 ақпанда өткен III Қаржыгерлер конгресінде ҚР президенті
Н.Ә.Назарбаев қолма-қол ақша айналымын қысқарту процесін жеделдетудің
қажеттілігін және Қазақстандықтардың күнделікті өмірінде төлем
карточкалардың қолданылу сферасын ұлғайту жөнінде айтқан болатын.
Қазақстанда төлем карточкаларымен бірінші банктік бағдарлама 1994 жылы
Қазақстан Халық банкімен жасалған болса, онда Солтүстік Америка, Европа
және Жапонияда карточка 100 жылға жуық айналымда жүр. Карточканың төлем
құралы ретінде пайдалануы туралы бірінші ақпараттар Англияда XIX ғасырдың
аяғына таман пайда болды. Несие карталар туралы 1888 жылы Эдуард Белламидің
Взгляд в прошлое: 2000-1887 атты кітабында айтылған болатын.
Бірінші несие картасы АҚШ-та 1914 жылы General Petroleum Corporation of
California (қазір Mobil Oil) фирмасымен шығарылған. Карточкалар мұнай
өнімдері саудасында пайдаланылды.
1928 жылы Farrington Manufacturing Бостон компаниясы бірінші болып
металл пластинкалар шығарды, онда мекен-жай эмбоссирленіп, несиеге
қабілетті клиенттерге берілді. Саудагер бұндай пластинканы арнайы құрылғы-
импринттерге салып, ондағы ақпараттар сауда чегіне шығатын.
Бірінші кең ауқымды банктік төлем карточка жүйесі болып 1949 жылы пайда
болған Dinners Club компаниясы болды. Бұның негізгі ерекшелігі клиент пен
коммерциялық компания арасында делдал компания жұмыс істеді. 1952-1953
жылдары Dinners Club карточкалары Ұлыбританияда, Канадада, Мексикада,
Кубада пайда болды. 1961жылы Dinners Club картон карточкаларын пластикалық
карточкаларға ауыстырады.
Пластикалық карточкаларды магнитті сызықпен бірге қолдану 1969 жылмен
белгіленген. Пластикалық карточкалардың даму тарихының келесі кезеңі
француз журналисі Ролан Мореномен байланысты, ол 1974 жылы электронды
микросхемасы бар карточкаларды пайдалануды ұсынды. Микросхема
орналастырылған пластикалық карточкалар интеллектуалды, чип (chip) немесе
смарт (smart)-карточкалар деп те аталады.
Карточкаларға қызмет көрсету мен оларды дайындау технологиясының
даму тарихы.
Жылдар Мағынасы
1914 АҚШ бөлшек сауда кәсіпорындарымен және мұнай компанияларымен
картонды несие карточкаларының шығуы.
1928 Карточкалардағы ақпараттарды қысу технологиясының пайда болуы.
Farrington Manufacturing компаниясы өзінің клиенттеріне
ақпараттары қысылған металды карточкаларды шығарады.
1940 Карточкалар пластмассадан дайындалатын болады, бұл оларды
жылдар өндіруді арзандата түседі.
1960 Магнитті сызықтың пайда болуы, бұнда сәйкестендірме
жылдар ақпараттарды кодталған түрде енгізу мүмкіндігі туды. PIN-код
транзакцияны жүргізуді қауіпсіздендіреді.
1974 Roland Moreno француз азаматымен микросхемасы бар
карточкалардың пайда болуы.
Алғаш рет төлем карточкалары Америкада 50 жылдардың басында пайда
болды. Dinners Club International компаниясы ең алғаш болып хаалықаралық
пластикалық карточкаларын шығарды. Одан кейін DCI және American Express
компаниясы мен Интурист акционерлік қоғамы арасында бұрынғы СССР
территориясында карточкаларға қызмет көрсету үшін келісімшартқа қол
қойылды. Артынан Visa және Eurocard-Mastercard компанияларымен
келісімшартқа қол қойылды, тағы он жылдан кейін JCB International
компаниясымен келісімшартқа қол қойылды.
Қазіргі таңда әлемде үш ірі төлем жүйесі белгілі: Visa International,
Europay-Mastercard International, Dinners Club International.
Visa International-карточкаларының саны мен айналымы бойынша ең ірі
халықаралық төлем жүйесі болып табылады. 1972 жылы Bank of America
базасында негізі қаланған. Компанияның иелері – бүкіл әлем бойынша 21
мыңнан астам қаржы мекемелері. Басқару органы – Директорлар кеңесі, ол ең
белсенді мүшелердің арасынан таңдалады (шығарылған карточкалар саны мен
орындалатын операцияларының көлеміне байланысты). Директорлар кеңесі
президентті тағайындайды. Қазіргі кезде ол Эдмонд Дженсен (Edmond Jansen)
болып табылады. Штаб-пәтері Сан-Матеода орналасқан. Мүшелермен аймақтық
Директорлар кеңесі арқылы байланысады. Әлемдік нарықтығы үлесі – 50 %
шамасында.
Eurocard-Mastercard International– америкалық Mastercard және европалық
Europay (Europay Eurocard және Eurocheck компанияларының бірігуі
нәтижесінде пайда болды) компанияларынан тұратын 1992жылы негізі қаланған
консорциум. Әлемдік нарықтығы үлесі – 20 % шамасында. Visa сияқты,
компанияларының иелері 15 мыңнан астам мүшелер.
American Express – пластикалық карточкалар нарығында карточкалар
көлемі жағынан үшінші компания болып табылады, карточкаларының жалпы көлемі
18 % шамасында. Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан. American Express
корпоративтік қаржылары автоматты түрде өз иелерін еңбекке қабілеттілігін
жоғалтқанына байланысты 50 000 долларға сақтандыру сомасымен, жалға алынған
автокөліктің жоғалуы немесе зақымдалуына байланысты сақтандырумен, American
Express жүйесіне қатысатын қонақ үйлерде шегерімдер (40%-ке дейін) алумен
қамтамасыз етеді.
Dinners Club International (DCI) – бірінші болып пластикалық
карточканы 1949 жылы шығарған американдық компания, карточкалар алғашында
Нью-Йорк ресторандарына арналған болатын. Кейіннен Dinners Club
карточкалары бүкіл әлемге тарап, American Express сияқты саяхатшыларға
қызмет көрсете бастады. Қазіргі кезде DCI Citycorp америкалық қаржылық
тобына 100 % тиесілі және штаб-пәтері Чикагода орналасқан. Dinners Club-тың
әлемдік нарықта алатын орны көп емес, шамамен 2 %.
JCB International 1961 жылы пайда болды, бірнеше ірі Жапон банктерімен
шығарылатын карточка. Жапониядан басқа тек қана АҚШ-та және Ұлыбританияда
негізінен сол елдерде тұратын жапондықтарға арналып шығарылады. Әлемдік
нарықта алатын орны 1 % шамасында.
Қазіргі нарықтағы пластикалық карточканың жалпы көлемінің үлесі
бойынша рөлдерінің бөлінуін төмендегі суреттен көруге болады:
49%
2%
20%
Мұндағы:
Сурет1. Шығарылған карточкалардың жалпы көлемі бойынша әлемнің алдыңғы
қатарлы компанияларының үлесі.
Банктік пластикалық карточкаларға қойылатын талаптарға келетін болсақ,
олар Стандартизация бойынша халықаралыққ ұйыммен (ISO-International
Standarts of Organization) бекітіледі. Бүгінгі таңда бұл стандарттар
төмендегідей:
- ұзындығы – 85,6 мм;
- ені – 54 мм;
- қалыңдығы – 0,76 мм;
- карточкаларда логотип пен эмитенттің аты, карточканың нөмірі мен
қызмет көрсету мерзімі, иесі туралы мәліметтер, қол үлгісі, магнитті
сызық болуы керек.
Соңғы 10 жылда біздің елімізде қолма-қолсыз ақша айналымын
ұйымдастыруда және оның технологиясында түбегейлі және елеулі өзгерістер
болды. Есімізге түсірсек, 1980-жылдары төлемдер кем дегенде бір апта бойы
жасалды және міндетті түрде қағаздық технология қолданылды.
Кәсіпорындармен, сонымен қатар жеке тұлғалар қатысуымен қолма-қолсыз есеп
айырысуды өте жылдам және тиімді жүргізу мүмкіншіліктері туралы тек ғылыми
фантастика жанры еңбектерінде ғана жазылып жүрді.
Қазіргі таңда қолма-қолсыз төлемдер негізінен қағаз түріндегі құжаттар
айнылымын және қол еңбегін ығыстыра отырып, электронды технологияда бірнеше
сағаттарда жүргізіледі. Төлем жүйелері кәсіпорындар аралығындағы және басқа
төлемдерді өте тиімді жүргізе бастағаны сондай, төленбеген төлемдер,
бартер,квази-ақшалармен есеп айырысулар сияқты ақша айналымының жағымсыз
құбылыстарын жоя отырып, ыңғайландыра бастады. Тұрғындар үшін төлем
қызметтер нарығы (пластикалық карталар, жедел аударымдар нарығы) құрылу
сатыларынан өтіп, өз жетістіктеріне жете бастады.
Экономикадағы институционалды өзгерістер банктік сфера мен төлем
жүйесіне де әсер етті. 1980-жылдардың аяғында біздің елімізде КСРО
Мемлекеттік Банкінің монобанктік жүйесі мен оған бағынышты арнайы банктер
жүйесі қызмет етті. Барлық қолма-қолсыз есеп айырысулар міндетті түрде КСРО
Мемлекеттік Банкінің төлем жүйесі арқылы жүргізілді. 1990-жылдардың
басындағы реформа мемлекеттік емес коммерциялық банктер массасын құруға,
мемлекеттік емес төлемдер жүйесін және бәсекелестікті дамытуға бағытталған.
Қазіргі таңда төлем қызметтері нарығында әр түрлі технологиялармен, әр
түрлі клиенттерге бағдарланған бірнеше ондаған төлем жүйелері қызмет етуде.
Кеңестік дәуірінде отандық төлем жүйесі өз технологиясы бойынша
шетелдіктерден елеулі түрде артта болды. Кеңестік Внешторгбанк, кеңестік
шетелдік банктер белсенді түрде халықаралық есеп айырысуларды жүргізді және
ол үшін батыстық төлем жүйелерінің технологиясын қолданды. 1980-жылдардың
аяғында олар SWIFT банкаралық коммуникация жүйесінің мүшелері болып саналды
және VISA пластикалық карталарына қызмет көрсетуде делдалдық рөл атқарды.
Ең алғашқы рет 1958 жылы Мәскеуде American Express жүйесінің өкілеттілігі
ашылды. 1969 жылы Dinners Club компаниясымен келісім-шарт жасалды. Содан
кейін біздің нарықта (1974 жылы) VISA (ол кезде Americard) және (1975 жылы)
Eurocard, (1976 жылы) JSB International жапон компаниялары пайда болды.
1990 жылдардың ортасынан бастап пластикалық карталар немесе экспресс-
аударулар сияқты жүйелерді жаппай енгізу қолға алынып, сол кезде отандық
компаниялар бағдарламалық қамту өндірісі бойынша бәсекеге қабілеттілігі
жоғары шешімдер қабылдай бастады.
Батыс елдерінен отандық төлем жүйелері және банктер тек қана
технологиялар емес, сонымен қатар, құрал-жабдықтарды да тарта бастады.
Біздің елімізде іс жүзінде компьютерлер, модемдер және басқа байланыс
құралдары, банкоматтар мен POS-терминалдар өндіріліп шығарылмайды.
Пластикалық карталар батыста ХХ-ғасырдың ортасында пайда болғанымен, 1980-
жылдарға дейін ол біздің елімізде қолданбағаны белгілі. Отандық карталық
төлем жүйелерінің дамуы 1990-жылдардың басында басталып, тек қана 90-
жылдардың ортасында олар өз өнімдерін жаппай ұсынысқа шығара бастады.
Қазіргі таңда Altyn Card Smart, Alem Card, Дуэт жүйелерінің карточкалары –
микропроцессорды карталар, яғни электронды әмиян қызметтері мен әр түрлі
қызмет көрсету түрлерін қамтыған.
Жалпы, электронды ақшалар компьютер торабының, ақпаратты автоматты
түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын
банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы
төлемдер жиынтығы.
Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі
түрлі болып келеді:
Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар,
клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға,
банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін
төлеуге арналған төлем құралы. Төлем карточкасы оның эмитентімен анықталған
төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақшаларды алуға, валюта айырбастау
т.б. операциялар үшін оның ұстаушысымен қолданылады. (Ақша аударымдары мен
төлемдер ҚР заңы, 29-маусым, 1998 жыл. 11-бап, 1-тармақша).
Несиелік карточка – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы
келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін
төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
Несиелік және төлем пластикалық карточкаларының негізгі салыстырмалы
қасиеттері.
Көрсеткіштер Несиелік карточкалар Төлем карточкалары
1. Клиент шоты Ссудалық шот Ағымдағы шот
2. Несиелендіру лимиті Клиенттің несиеге Клиенттің несиеге
қабілет-тілігіне байланысты қабілеттілігіне
пайдаланылады. байланыс-ты пайдаланылады.
3. Төлем Артқа қалдырылуы мүмкін Әп сәтте жүзеге асырылады.
4. Жылдық төлем Жылдық төлем немесе Жылдық төлем алынады
комиссиялық төлем несие
карточкасын пайдаланғаны-на
байланысты алынып отырады.
Электронды есептеулер жүйесін қызметтендіру механизмі пластикалық
карточкалардың қолданылуына негізделген және өзіне банкоматтар арқылы
жүзеге асырылатын операцияларды, тұрғындардың сауда орталықтарындағы
есептеулерінің электронды жүйесін т.б. кіргізеді.
Пластикалық карточка – карточкалардың мағынасы бойынша, көрсететін
қызметіне байланысты түрін білдіретін жалпы термин.
Барлық пластикалық карталардың олардың қызмет көрсету деңгейіне
байланыссыз негізгі ерекшеліктері оларда түрлі қолданбалы бағдарламаларда
қолданылатын белгілі бір ақпараттар жиынтығының сақталатындығында. Ақша
айналымы саласында пластикалық карточкалар қолма-қолсыз есеп айырысуларды
ұйымдастырудың прогрессивті құралы болып табылады.
Электронды ақшалай есеп айырысулар жүйесін түрлендіру процесінде
Батыста ISO (International Standarts of Organization) ұйымы құрылды, ол
пластикалық карточкалардың сыртқы пішіндеріне стандарттарды, шоттардың
нөмірлеу ретін, магнитті сызықтың форматын енгізді. ISO мүшелері VISA,
Master Card, American Express ірі карточка эмитенттері болып табылады.
Қазіргі кезде әлемнің 200-ден аса елдерінде пластикалық карточкалар
төлем айналымында қолданылады, бұл пластикалық карточкалардың банк ісінде
технологиялық революция деп аталатын маңызды элемент болып табылатынын
көрсетеді. Осы пластикалық карточкалар көптеген жағдайларда электронды
банктік жүйенің кілттік элементі рөлін атқарады. Олар чектер мен чек
кітапшаларын ығыстыра отырып, Батыстың өндірістік дамыған елдерінің ақша
айналымын ұйымдастыруда алдыңғы орындарға шықты.
Карточкаларды пайдалану ерекшеліктері мынадай:
- Бір жағынан тәуекелдің төмендеуі (өзіңмен бірге көп ақша ұстаудың
керегі жоқ), ал бір жағынан саудаға сол сәтте төлеу мүмкіндігі;
- Валютаны айырбастау туралы қам жемеуге болады. Бұны банк істейді;
- Карточканы жоғалтқан жағдайда банкке тек қана хабарлау жеткілікті,
барлық есеп айырысуларды жауып тастайды;
- Бүкіл әлем бойынша банкоматтар жүйесінің Сіз үшін тәулігіне 24
сағат, еш демалыссыз қызмет көрсетуі;
- Жалақыңызды төлем карточкасы арқылы сізге ыңғайлы уақытта алу;
- Internet жүйесі арқылы сауда жасау т.б.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және
кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен
қолдануда. Оларға Eurocard, Master Card, VISA, Altyn, Maestro
және т.б. жатады.
Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да
қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады.
1.2. Төлем карточкаларының түрлері мен құрылымы.
Пайдаланушылар мен банк жұмысшылары карточкалар туралы айтқанда,
түсініктер шатасып кетеді. Біреулер несие карточкалары туралы айтып, оларды
банктік дейді, ал басқасы есеп айырысу карточкалары туралы айтып, оларды
пластикалық деп атайды. Бұл түсініктер ұқсас болғанымен, мағынасы әр түрлі.
Несие карточкаларын банктік деп, біз оларды кім шығаратынын айтамыз,
пластикалық карточкалар туралы айтып, олардың қандай материалдан
жасалатынын айтамыз.
24 тамыз 2000 жылы ҚР төлем карточкаларын шығару мен пайдалану
ережесіне сәйкес, төлем карточкасы – бұл заңды және жеке тұлғалармен
тауарлар мен қызметтерге қолма-қолсыз төлем жүргізу үшін, қолма-қол ақша
қаражаттарын алу үшін, сонымен қатар, шетел валютасында айырбас
операцияларын жүргізу үшін колданылатын карточка.
Карточкаларды пайдалану арқылы төлем жүйесін құруда қандай да бір
карточкалардың түрін таңдау маңызды болып келеді. Бұның маңыздылығын түсіну
үшін карточкалардың жеке түрлеріне талдау жасап, оларға классификация
жасайық.
Карточкалардың классификациясы – бұл жай ғана мәселе емес. Карточканы
шығару туралы шешім қабылдағанда, бұл не үшін керек және бұл қандай
карточкалар болатынын анықтау керек. Карточканы алғысы келген адам, оның
оған не үшін керектігін түсініп, керекті карточканың түрін таңдауы керек.
Карточкалық қызметтің мәні – оларды шығару емес, төлем жүйесіне қатысушылар
арасындағы қолма-қолсыз есеп айырысуды жүргізудің механизмінде. Карточка
қандай да бір төлем жүйесіндегі бұл механизмнің ерекшелігі және құралы
болып табылады.
Карточкалардың түрлері:
- қағаз (картонды);
- пластикалық;
- металды.
Ең бірінші қолданылған карточкалар картоннан болды. Бұндай карточкалар
өткен ғасырдың 20-жылдары кәсіпорындармен бөлшек саудада және мұнай
компанияларымен пайдаланылған. Төлем ретінде бұл карточкалардың қызмет
көрсету мерзімі ұзақ емес, жүзеге асыратын төлем сомасы көп емес болуы
керек. Қағаз карточкалар арзан, бірақ ұзақ мерзімді емес, ал металды
карточкалар қымбат және ұзақ мерзімді, пластикалық карточкалар арзанырақ,
қайта өңдеуге жеңіл беріледі және ұзақ мерзімді болып келеді.
Карточка ақпаратты тасымалдаушы болғандықтан, ақпаратты сақтау мен
енгізудің классификациясы болады. Келесі түрлері бар:
1. Графикалық жазу;
2. Эмбоссирлеу (қысу);
3. Штрих-кодтау;
4. Магнит сызығын кодтау;
5. Чипті кодтау;
6. Лазерлі жазу (оптикалық карточкалар);
7. Радиожелілік жазу.
Карточкаға ақпаратты жазудың ең алғашқы түрі болып графикалық жазу
табылады. Ол қазіргі кезде де барлық карталарда пайдаланылады. Алғашында
картаны ұстаушының тек аты мен тегі, картаның эмитенті туралы ақпарат
болатын,кейін қол үлгісі қарастырылып, аты мен тегі эмбоссирленетін болды.
Эмбоссирлеу (қысу) карточкамен төлеу жасау операциясын жеделдетуге
мүмкіндік береді. Карточкадағы эмбоссирленген ақпарат жедел түрде арнайы
құрылғы импринттердің көмегімен қағазға түсіп отырады. Қазіргі заманғы
жабдықтар карточкаға ұстаушының суретін және қол үлгісінің лазерлі
көшірмесін енгізуге мүмкіндік береді.
Штрих-кодтау графикалық жазудың бір түрі болып табылады. Картаға
страндарттарға сай штрихтар енгізіледі. Бұл ақпарат арнайы құрылғы арқылы
оқылады. Карточкаға ақпаратты штрих-кодтау арқылы жазу магнитті сызық пайда
болғанға дейін қолданылды. Бірақ штрих-кодты карточкалар арнайы карточкалық
бағдарламаларда қолданылады, онда есеп айырысу талап етілмейді.
1960-жылдардың аяғына қарай қолма-қол ақшаларды алуға мүмкіндік беретін
автоматты ақпараттың пайда болуы карточкалық бизнесте революция жасады.
Карточкаларды ұстаушылар бұндай ақпараттарды пайдалану үшін карточканың
арғы жағына магнитті пленкадан жасалған сызық жабыстырылды. АҚШ-та магнитті
сызығы бар карточкаларға қызмет көрсететін ең бірінші банкоматтар болып
1969 жылы Docutel фирмасының банкоматтары табылады. Магнитті сызығы бар
карточкалардың пайда болуынан бастап қана әрбір ұстаушыға Pin-кодты ендіру
мүмкіндігі туды.
Транзакцияны жүргізу келесідей орындалады. Карточкамен операцияны
жүргізу кезінде электронды құрылғы карточканың магнитті сызығынан ақпаратты
өткізеді, осыдан кейін кассир операция сомасын енгізеді, ал карточканы
ұстаушы арнайы Pin-пад клавиатурасына Pin-кодты енгізеді. Электронды
құрылғы алынған мәліметтерден ақпараттық пакет дайындап, мәліметтерді өңдеу
орталығына жібереді. Бұл орталық алынған мәліметтер пакетін өңдеп, оң
нәтиже алғанда электронды құрылғыға операцияны орындауға рұқсат жібереді.
Магнитті сызығы бар банктік карточкалар әлемдік стандарттарға сәйкес
жасалады, ол стандарттарды Стандарттар бойынша Халықаралық Ұйым (ISO –
International Organisation of Standartization) ойластырып бекітеді.
Бұл стандарттар мыналарды анықтайды:
- карточканың өлшемі;
- магнитті сызықтың орналасуы;
- магнитті сызықтағы жазылымның құрылымы;
- символдарды қысудың орны мен формасы.
Магнитті жазылым пластикалық карточкаға ақпаратты енгізу әдісінің ең
кең тараған түрлерінің бірі. Бірақ 10-15 жыл өткеннен кейін магнитті
сызықтар алаяқтықтан қорғай алмады. Одан да сапалы ақпаратты тасушыны
ойластыру барысында чипті пайдалану идеясы ұсынылды. Чип өзімен интегралды
микросхеманы білдіреді. Микросхемасы бар карточкалар ақпаратты тасушынының
жаңа түрін білдіреді, бұндай карточкалар ақпаратты сақтап қана қоймай,
сонымен қатар оны өзінің ішкі алгоритмі бойынша өңдейді. Бұндай карталар
Смарт-карталар деп те аталады.
Микросхемасы бар пластикалық карточкаларды 1974 жылы бірінші ойлап
тапқан француз журналисі Ролан Морено. Чиптік карточканың артықшылықтарымен
бірге кемшіліктері де бар. Олардың бірі болып өзіндік құны саналады, ол
магниттік карточканың құнынан біршама жоғары.
Карточкадағы ақпараттар көлемі бірнеше ондаған байттан бірнеше
килобайтқа дейін өзгереді. Осыған орай карточкалардың өзі бірнеше түрге
бөлінеді:
- интеллектуалды емес карточкалар. Бұған ақпараттары өзгермейтін
тұрақты карточкалар немесе шартты тұрақты карточкалар жатады. Шартты
тұрақты карточкаларда маңызды емес мәліметтер көлемі қайта жазылуы
мүмкін, мысалы, карточкадағы код немесе карточканың қызмет көрсету
мерзімі;
- интеллекті шектелген карточкалар (Smart Cards). Бұл карточкаларда
мәліметтер бірнеше бөлімдерге бөлініп тасталады. Бұл бөлімдердің
әрқайсысында мәліметтерді өңдеудің өз тәртібі болуы мүмкін.
- суперинтеллектуалды карточкалар (Super Smart Cards). Сырт пішінімен
смарт-карталардың гибридін еске түсіреді.
Банктік карточкалар негізінде микропроцессорлы карточкаларды қолданған
дұрыс, олардың көмегімен операцияларды орындауда максимальды қорғаныс
қамтамасыз етіледі, микропроцессорлы карточкалар қолма-қолсыз есеп
айырысуда электронды әмияндар қызметін атқарады. Қазіргі кезде гибридті
карточкалар пайдаланылады, яғни карточкаларда бір уақытта магнитті сызық
пен микросхема қоса орналасады.
Лазерлі жазуы бар карточкалар оптикалық карточкалар деп те аталады.
Олардың негізгі ерекшелігі еске сақтау қабілетінің үлкендігі. Олар ең
қымбат карточкалар болып табылады. Банк ісінде олар әзірше қолданылмайды.
Радиожелілік жазу радиосигналдар арқылы карточкадағы мәліметтерді
айырбастауға мүмкіндік береді.
Радиожелілік карточкаларды келесі мақсаттарға пайдаланған жөн:
- кәсіпорын территориясында персоналдың қозғалысын электронды бақылау
үшін;
- өндірісті, тауарды және кедендік қоймаларды, дүкендерді, тауарлардың
қозғалысын бақылау үшін;
- мәліметтерді автоматты жинау және қажеттілік жағдайында темір
жолдарда, ақылы автокөлік жолдарында, жүк станцияларында және
терминалдарда төлемді жүргізу;
- қоғамдық транспорт-қозғалысты басқару, проезді төлеуді басқару т.б.
Мұндай карточкалардың негізгі ерекшеліктері:
- карточкалар тез оқылады;
- тікелей байланыс керек жоқ;
- карточкалар лай, бу, су, бояу, пластмасса арқылы да оқылады;
- карточкаларда көп мәліметтер сақталады.
Карточкаларды эмитент пен ұстаушы арасындағы есеп айырысу тәсілі
бойынша классификациялаудың маңызы зор.
Карточкалардың келесідей түрлері бар:
1. несиелік;
2. дебеттік (төлем);
3. оверддрафтты (есеп айырысатын) дебеттік;
4. алдын-ала төленген.
Несиелік және дебеттік карточкалардың бір-бірінен айырмашылықтары:
1.несиелік карточкаларда тауарлар мен қызметтердің төлемін банкпен
берілген несие арқылы жүргізеді;
2.дебеттік карточкаларда тауарлар мен қызметтердің төлемі карточкалық
шотта қалған қалдық бойынша жүргізіледі.
Әрқайсысын дәлірек қарастырайық.
Несиелік карточкалар шет елде кеңінен таралған. Несие тек банкпен ғана
емес, сонымен қатар American Express сияқты мамандандырылған компаниялармен
де беріледі. Несие карточкалары өзімен эмитент арқылы тауарлар мен қызмет
көрсетулерге төлем жүргізуге мүмкіндік беретін жеке клиенттерге шығарылатын
төлем карточкаларын білдіреді. Несие карточкалары клиентке ссуда берілгенін
білдіреді. Барлық несиелердегі сияқты, карточканың берілуі карточканы
шығаратын банк пен клиент арасындағы келісім-шартты білдіреді. Келісім-
шартта проценттік ставка, карточканы пайдаланғаны үшін жылдық төлем,
несиені пайдаланудың мерзімі және т.б. шарттар айтылады.
Несие карточкасын пайдалану келесі операциялардан тұрады:
1.клиент пен банк-эмитент арасындағы несие карточкасы бойынша контракт;
2. клиент пен коммерсант арасындағы саудалық шарт;
3. коммерсант пен саудалық банк арасындағы дисконттық шарт;
4. саудалық банк пен банк-эмитент арасындағы есеп айырысулық шарт.
Дебеттік карточка өзімен клиенттің банктегі карточкалық шотында бар
соманы ғана пайдалана алатынын білдіреді. Дебеттік карточка бойынша тауар
және қызмет көрсетуге төлемді жүзеге асырған кезде банктік шотыңыздың
жағдайы тексеріледі. Егер операция сомасы шоттағы қалдықтан асып кетсе,
операция орындалмайды. Дебеттік карточка компьютерде иесі туралы кодталған
ақпаратты (оның аты-жөні, шотының сәйкестендірме нөмірі) құрайды.
Карточканы иесі салым салу үшін, қолма-қол ақша алу үшін, аударымдар жасау
үшін пайдалана алады. Дебеттік карточка бойынша орындалатын операцияларға
мыналар қатысады:
- аккредитив беретін банк;
- ұстаушы;
- делдал;
- реципиент (банк-эмитент, алушы банк, немесе сатушы банк).
Дебеттік карточка бойынша операциялар банкоматтар немесе POS-
терминалдар арқылы жүргізіледі. Банкоматтар банктерде және карточкалар
иесіне шотын басқаруға мүмкіндік беретін жерлерде орналасады.
Овердрафтты дебеттік карточкалар – шоттағы сомадан жоғары төлемдер
жүргізуге мүмкіндік беретін дебеттік карточка. Карточканың иелеріне бұндай
жағдайда қысқа мерзімді несие беріледі. Бұл аралас карточка және дебеттік
карточка мен несие карточкасының ортасында тұратын карточка болып табылады.
Алдын-ала төленген карточка да дебеттік карточканың бір түрі болып
табылады. Карточканың жасалуы кезінде оның ұстаушысы туралы ештеңе
мәлімсіз. Карточка дайын болғанда, оның шотына белгілі бір көлемдегі сома
салынады. Бұндай карточканы алғанда оның ұстаушысы карточканың шотындағы
ақша сомасын төлейді. Алдын-ала төленген карточкалар метрополитен
қызметтері үшін және байланыс кәсіпорындары қызметтері үшін төлем жүргізуде
кең тараған. Мысалы, Телеком, Тұлпар, Актив т.б. карточкалары, сонымен
қатар халықаралық төлем жүйесіндегі Visa Travel Money карточкалары.
Карточкалар әр түрлі ұйымдармен шығарылады, сондықтан оларды мынандай
эмитент типтері бойынша бөлуге болады:
- банктік (әмбебап)-банктермен және қаржылық ұйымдармен шығарылатын;
- жекеменшік – өз компаниясының сауда жүйесінде есеп айырысуды
жүргізу үшін сол коммерциялық компаниямен шығарылатын карточкалар;
- American Express және Dinners Club сияқты ұйымдардың карточкалары.
Карточкалар шотты басқарудың құралы болғандықтан, олар басқару тәсілі
бойынша да бөлінеді:
- автономды электронды әмиян;
- эмитенттегі шоты көшірілетін электронды әмиян;
- шоттардың кілті – шоттың иесін сәйкестендіру тәсілі.
Карточканы пайдалану туралы келісім-шарт жеке тұлғамен де, заңды
тұлғамен де жасалады. Осыған байланысты карточкалар жеке және корпоративті
болады.
Жеке карточкалардың негізгі ерекшелігі – жеке тұлғаның банкпен келісім-
шарт жасасып, осыған сәйкес банк жеке тұлғаға шот ашып, несие лимитін
тағайындап, карточка шығарады, жеке тұлға карточка үшін, шот ашқандығы үшін
ақы төлем келісім-шартта айтылған шарттарды орындауға міндеттеледі.
Корпоративті карточкаларда келісім-шарт банк пен заңды тұлға арасында
жасалады, бұл келісім-шарт бойынша заңды тұлға карточканы пайдалану құқығын
қандай да бір жеке тұлғаға береді. Келісімшартқа сәйкес банк алдында
жауапкершілікті карточканы ұстаушы емес, шоттың иесі алады. Ал шотты
карточканы ұстаушы басқарады. Бір шотқа бірнеше карточкалар шығарылуы
мүмкін, ал олардың ұстаушылары жалпы шоттан әр түрлі лимитте қаржы
иеленеді. Бұндай шотты тек қана шоттың иесі – заңды тұлға толтыра алады,
өйткені корпоративті карточкалар жол жүру шығындарына, көрме шығындарына
т.б. арналады.
Қазақстандық банктерде карточкалардың тағыда бір кең тараған түрі бар
– бұл жалақылық деп аталатын карточка. Белгілі бір ұйым банкпен оның
жұмысшыларына карточкалар шығару туралы келісімшарт жасасады, ары қарай
ұйым банкке ақша аударып тұрады және әрбір жұмысшыға тиесілі төлем тізімін
береді. Банк шоттарға карточкалардың қаражаттарын аударады.
Қазақстанда пластикалық карточкаларға негізделген төлем жүйесін енгізу
жұмыстары 90-жылдардың басында ірі банктермен – Халық Банкі,
Қазкоммерцбанк, ТұранӘлембанкпен басталды. Төлем жүйесін құруда екі негізгі
технологиялық шешім болды – магнитті сызығы бар карточкалар және
микропроцессорлы карточкалар.
Қазақстан Халық банкі 1995 жылдардың аяғында Қазақстанда бірінші болып
EuropayMasterCard ассоциациясына мүше болды, ал мыңдаған персонал мен
Europay-дің сертификатталған бағдарламалық қамсыздандыруын иеленіп банк
1997 жылдың басынан бастап магнитті сызығы бар пластикалық карточкаларға
негізделген Алтын-Карт карточкаларының жүйесін енгізуге кірісті.
Қазақстан тұрғындарының әр түрлі деңгейіне қол жетілетін және бюджетті
ұйымдардың қызметкерлеріне жалақыны беру құқығын иеленген Алтын
карточкасы арқылы Халық банкі Алтын-Карт төлем жүйесінің магнитті сызығы
бар карточкаға негізделген ұлттық төлем жүйесі ретінде танылуына барлық
мүмкіндіктерге ие болды.
Алматыда магнитті сызығы бар карточкаға негізделген нақты өзінің төлем
жүйесін құрған бірінші банк – Тұран Әлем Банкі болды. 1995 жылы Alem Card
карточкасы айналысқа шықты, оның көмегімен қазіргі кезде қолма-қол ақшаны
алуға, Қазақстанның барлық қалаларында тауарлар мен қызмет көрсетулерге
есеп айырысуға болады.
Қазақстандық ірі банктердің үштігіне кіретін Қазкоммерцбанк 1995 жылдан
бастап Europay International жүйесінің толық мүшесі болып, CirrusMaestro
карточкасын шығарады. 1997 жылдан бастап Visa жүйесіне мүше болып Electron,
Classic, Business және Gold карточкаларын шығарды.
1.3. Төлем карточкалары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық аспектілері.
Банктік карточкалардың күрт жылдам таралуы, олардың жаппай қаржылық
құралға айналуы, тұрғындардың басым бөлігі арасында олардың кең
танымалдылығының ұдайы өсуі жүйеге қатысушылардың негізгі категорияларына,
яғни, банктерге, сауда орындарына және карточка иелеріне есеп айырысудың
бұл нысаны сөзсіз табысты болып табылатындығының нақты куәсі. Қандай да бір
кәсіпорынның тұрақты жұмыс жасап тұруын қамтамасыз етуі үшін мынадай 3
міндетті шарттардың қатаң сақталуы тиіс: сенімділік, өнімділік және
табыстылық. Несие карточкалары бойынша жүргізілетін операциялардың
табыстары мен шығыстары 1-суретте көрсетілген.
Банк-эмитенттің негізгі функцияларына мыналар жатады:
- Карточкалар шығару (карта иесінің жеке деректерін өңдеу және кодтау,
эмбоссинг, клиентке карточканы жеткізу, карточканы жаңарту);
- Несиеге қабілеттілікті талдау (өтініш иесінің қаржылық жағдайын
анықтау, карточкалық шот ашу, несиелік лимитті анықтау);
- Авторизация (мәміле жүргізу мүмкіндігі туралы автоматты түрде немесе
телефон бойынша сатушының сұрауларына жауап беру, мастер-файлдарды жаңарту,
ақпараттық айырбастау жүйелерімен өзара әрекеттесу);
- Ақпараттармен алмасу және интерчейндж үшін сыйақылар алу;
- Биллинг (карточка иесіне қарыздар сомалары мен оларды жабу мерзімдері
көрсетілген көшірімдер дайындау және жіберу);
- Карточкалық шот бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу;
- Мерзімі өткен қарыздарды қайтару және несиелік лимит шектерінің
сақталуын бақылау;
- Клиенттермен жұмыс (сұрақтарға жауап беру, шағымдарды қарастыру);
- Қауіпсіздікпен қамтамасыз ету және алаяқтыққа бақылау орнату
(ұрланған және жасанды карточкалар бойынша есеп берулер, шоттарды
оқшаулау);
- Маркетинг (жаңа клиенттер іздеу, жарнамалау, карточкалық шоттар
бойынша операцияларды белсендіру бағдарламалары);
Эквайрингпен айналысушы банктің міндеттемелері карточкалық жүйенің
оның саудалық қатысушыларына қызмет көрсетуі бойынша рөлімен анықталады.
Оның негізгі атқаратын қызметтері:
- Карточкалармен жасалған операциялар бойынша сатушының банкке ұсынған
сауда шоттарының процессингі;
- Мәмілелер туралы ақпараттармен айырбастау және банк-эмитентке
интерчейндж үшін сыйақылар төлеу;
- Сауда орындарының есеп айырысу жүйесіне қосылуға білдірген
өтініштерін қарастыру, бұрынғы және жаңа сатушылардың несиеге
қабілеттілігін талдау, алаяқтықпен байланысты күдік туғызған сатушыларды
тексеру;
- Маркетинг, пластикалық карточкалар үшін қажет құрылғыларды сатып
алуға сатушыларға көмектесу.
Несие карточкаларының табыстылығы:
А) Эмитент үшін.
Несиелік карточкаларды шығару бойынша бағдарламалардың пайдалылығын
табыстар мен шығыстардың келесідей негізгі құрамдас бөліктермен анықтауға
болады:
Алдымен табыстың құрамдас бөліктері анықталады, яғни, пайыздан түсетін
табыстар карточка ұстаушысына ұсынылатын несиенің пролонгация деңгейіне
қатынасы бойынша жылдық пайыздық қойылым жүргізу бойынша анықталады. Ал
пролонгация жеңілдетілген мерзімде қайтарылмаған, яғни, пайыз есептелетін
несиелер сомасының барлық берілген несиелердің сомасына қатынасы ретінде
белгіленеді.
Банк-эмитентке міндетті банк-эквайердің жасаған мәмілелерінің (өткізу
көлемінің) сомаларынан түсетін пайыздар эмитентке эквайердің орнын
толтыруы, өтеуі болып табылады.
Жылдық төлемақылар (жылдық мүшелік жарна) дегеніміз банктік картаны
қолдану құқығы үшін карта ұстаушысынан банк-эмитентке төленетін сома. Карта
ұстаушысы банкпен жасалған келісім-шарт талаптарын бұзған жағдайда, мысалы,
төлемдер өз мерзімінен кідірілген жағдайларда, Pin-кодты жоғалтқан немесе
несиелік лимиттен асып кеткен жағдайда әр түрлі айыппұл ықпал-шаралары
пайда болуы мүмкін.
Ал, енді шығын құрамдас бөліктерін қарастырсақ, ресурстар құны –
карточка шығару бағдарламасындағы шығындардың басым, ең үлкен бөлігі болып
табылады. Бұл дегеніміз карта ұстаушыларына ұсынылатын несиелер сомасын
қамтамасыз ету үшін банк-эмитентпен тартылатын ақша ресурстарының әралуан
түрлері бойынша орташа шамамен алынған пайыздық мөлшерлеме.
Несиелік тәуекелдерге резервтер құру – қосымша ресурстар тарту
қажеттілігін тудыратын, клиенттерге берілетін ссудаларға арналып резерв
құру мақсатындағы аударымдар болып табылады.
Банк міндеттемелеріне резервтер құру деп коммерциялық банктердің
ізденді және мерзімді міндеттемелер шоттары бойынша міндетті резервтер
қорына деген аударымдарды айтамыз. Залал, зияндар, мерзімі өткен қарыздар
немесе қылмысты сипаттағы іс-қимылдар нәтижесінде пайда болады, әдетте,
жабылмаған несиелер сомасынан есептелінген пайыздар ретінде бейнеленеді.
Қызмет көрсету шығындары – бұл тікелей клиенттерге қызмет көрсетуге
жұмсалатын қаражат.
Операциялардың орындалуымен тікелей байланысты шығындар, мысалы,
операцияларды құжатты түрде рәсімдеуге жауапты штатты ұстауға кететін
шығындар, процессингтік, телекоммуникациялық компанияларға бағытталған
пайда болып қалуы мүмкін шығындар және тағы басқалары операциялық шығындар
болып табылады.
Б) Эквайер үшін.
Банк-эквайер үшін пайдалылық келесідей көрсеткіштермен анықталады:
Эквайерге ұсынылатын жеңілдіктер (сатушы жеңілдіктері, саудалық
түсімдер, дисконттар) – бұл эквайер жасаған мәмілелер құнын төлегені үшін
сауда немесе қызмет көрсету орнынан алатын карточкалар бойынша жасалған
мәмілелер сомасының бір бөлігі. Жеңілдіктің мөлшері карточкалар бойынша
өткізудің ақшалай көлемінің орташа пайыздық жеңілдіктерге қатынасына тең.
Ал, басқа да табыстар төлем терминалдары мен импринтерлері сияқты
құрылғыларды сатудан немесе жалға беруден тікелей пайда болады.
Эквайердің эмитентке жүргізілген операцияларды өтеуі шығындар көлемінің
ең үлкен бөлігін қамтиды.
Операциялық шығындар – сауда және қызмет көрсету орындарының
карточкалары бойынша операцияларды, мысалы, авторизация, кәсіпорын
шоттарын жүргізу сияқты операцияларды қолдауға кететін шығындар.
Дебеттік (есеп айырысу) карточкаларының табыстылығы.
А) Эмитент үшін.
Дебеттік карточкалар шығару бойынша бағдарламалардың табыстылығын
анықтаушы негізгі табыстар мен шығыстар несиелік карточкаларға тән
позицияларға ұқсас. Тек қана ерекшелігі сонда, пайыздық табыстар мен
ресурстар құнында. Дебеттік карточкалар бойынша ресурстар карта
ұстаушыларының шоттарында орналасқан ақша құралдарынан құралып, оларды банк
басқа да тартылған құралдар сияқты ұқсас қолдана береді.
Пайыздық табыс дебеттік карточка ұстаушылардың шоттарына тартылған
құралдарды қолдану бойынша банк-эмитенттің активтік операцияларын
сипаттаушы орташа жылдық пайыздық мөлшерлемемен анықталады.
Жылдық төлем (жылдық мүшелік жарна) – карта ұстаушының банктік
карточканы қолдану құқығы үшін банк-эмитентке төлейтін сомасы. Банкпен
жасалған келісім-шарт талаптары бұзылған жағдайда карта ұстаушысынан
алынатын айыппұлдар да бар.
Ал, шығындар құрамына келетін болсақ, ресурстар құны дегеніміз
карточка ұстаушысының шотындағы қалдықтар бойынша банк-эмитентпен төленетін
пайыз болып саналады.
Дебеттік карточкалар бойынша жобаның шығындарының негізгісі карта
ұстаушыларының ұқыпсыз, құқықтық нормаларға қарсы және қылмыстық іс-
әрекеттерінен туындайтын зияндар.
Б) Эквайер үшін.
Банк-эквайердің шаруашылығының табыстылығын анықтайтын көрсеткіштер
несиелік карталарға қызмет көрсету бойынша көрсеткіштермен толық ұқсас,
ешқандай өзгешелігі жоқ.
Жалпы карточкалық бизнес жобасын жүзеге асыру бойынша әрбір белгіленген
қандай да бір уақыт аралығындағы банктің табыстылығын мынадай формула
арқылы анықтауға болады:
Эn = (Ттікелей + Тжанама) – (Штікелей + Шжанама) – [(Ттікелей +
Тжанама) –
– Тжеңілдіктер]*Т–К+С
Эn – n-кезеңдегі табыстар ағымының элементі;
Ттікелей – Тікелей табыстар (дүкендегі сатып алулардан сыйақылар,
банкомат арқылы қолма-қол ақша алудан сыйақы, валюта конвертациясы үшін
сыйақы, кәсіпорынға қызмет көрсету бойынша пайыздық табыс, клиент немесе
кәсіпорыннан алынатын картаның құны);
Тжанама – Жанама табыстар (банкпен активті операциялар жүргізу
барысында банк клиенттерінің карт-шоттарындағы ақша құралдарын банктік
ресурстық базасында қолданудан n-кезеңде табылған банктің пайдасы);
Штікелей – Тікелей шығындар (процессингтік компанияға тұрақты
аударымдар; банкоматты қондырған орындарды жалға алу бойынша ұйымдарға
төлем; картаны дайындау бойынша шығындар);
Шжанама – Жанама шығындар (құрылғылардың құнына байланысты шығындар:
клиенттердің карт-шоттарындағы қалдықтар бойынша шығындар; жарнамаға
шығындалу; еңбекақыға шығындалу және басқа шығындар);
Тжеңілдіктер – салықтық жеңілдіктер тарапынан табыстар;
Т – салықтық қойылым;
К – инвестициялық шығындар;
С – әр түрлі компенсациялар түрлері.
Экономикалық есептік көрсеткіштер көрсеткендей, банк үшін табыстардың
негізгі көзі болып оның ресурстық базасында клиенттердің шоттарындағы ақша
қалдықтарын қолданудан түсетін табыстар болып табылады. Жоспарлау кезінде
банк еңбекақы қорын және кәсіпорын қызметкерлерінің санын есепке алады және
сонымен қатар, банк табыстылығының орташа пайызын анықтайды.
Алдын-ала есептеу банктің мүмкіншілік деңгейін бағалауға, карточкалық
бизнес бойынша жобаны жүзеге асыруды қолға алудың керек немесе керек
еместігі туралы шешім қабылдауға көмектесуі мүмкін.
Карта иегерлері үшін картаның мынадай негізгі жағымды жақтары бар:
1. Қолдану ыңғайлылығы;
2. Банктік несиенің автоматты түрде ұсынылуы;
3. Қарызды жабу мерзімін кідірте алу мүмкіндігі;
Жүргізілген операциялар туралы үнемі толық ақпараттарға ие бола алу
мүмкіндіктерін және сонымен қатар, сауда орындары үшін карталық есеп
айырысулардың келесідей жасайтын жағдайлары бар:
1. Сатылу көлемін кеңейте алады және жаңа сатып алушыларға ие болу
мүмкіндігі көбейеді;
2. Жеке құралдарын қолданбай-ақ несиеге ұсына алу мүмкіндігі және
есепке алудың арнайы жүйесін енгізу;
3. Банктік чектерді карточкалармен алмастыру жолымен тәуекелді
төмендету сияқты жағдайларды және сонымен қатар, ең басты жағымды
жақтарды, атап айтқанда:
- колма-қолсыз ақша айналымының дамуына әсері және айналыс шығындарын
азайтуға әсері;
- банк табыстары мен айналымын арттыруға әсері;
- банктер мен әр түрлі сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарының
беделі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға тигізетін әсері;
- төлемдер кепілдігін ұсыну.
Жұмыстылық (шетелдік туризм сферасындағы) өсіміне тигізетін әсері
сияқты жағдайларды қарастырған сайын банктік карточкалардың нақты
тиімділігіне еріксіз көз жеткізуге болады.
Бұл бизнес түрінің тиімділігіне көз жеткен сайын мынадай тұжырым
айқындала түседі: карталық бизнестің табыстылығы үш алып китке
негізделеді: есеп айырысуларды тиімді ұйымдастыру; қаржылық есепке алу;
маркетинг. Бұл үшеуінің қайсысы негізгісі екендігін басып айту қиын, бірақ
үшеуінің бірісіз жүйенің жұмыс жасауы мүмкін емес, ал бұл үшеудің біреуінің
әлсіздігі міндетті түрде барлық жүйенің ақсауына әкеліп соқтырады.
1.4. Банкомат-электронды төлем жүйесінің элементі ретінде.
Банкоматтарды пайдалану үлкен көлемді инвестицияларды талап етеді,
сондықтан оларды тек ірі банктер ғана пайдаланады. Банкоматтардың қолданылу
тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне бір банкоматқа қолданылатын пластикалық
карточканың көлемін есептеуге болады. Англия мен АҚШ-тағы атақты банкомат
жүйесінде бұл көрсеткіш 2-4 мың карточка банкоматты құрайды. Бұнда әр
банкомат аптасына шамамен 1000 рет немесе күніне шамамен 150 рет
пайдаланылады. Көптеген жағдайларда шамамен 67% банкоматтарға көшеден қол
жеткізіледі, ал 24% банкоматтар банктің өзінде орналастырылады.
Банкоматтар 2 режимде жұмыс істей алады: off-line және on-line.
Оff-line режимі кезінде банкоматтар орталық БЖ (БС) байланысты емес
және тәуелсіз жұмыс атқарады. Көбінесе, бұндай режимде жұмыс істейтін
банкоматтар орындалған операциялар туралы ақпараттарды есінде және КК
магнитті сызығында сақтайды. Оff-line режимінде жұмыс істейтін банкоматқа
қызметті арнайы жұмысшы – банк кассирі көрсетеді, ол қолма-қол ақшамен
банкоматты толтырады және банкомат есіне мерзімі өтіп кеткен төлемдер,
шоттар, жоғалған карточкалар және т.б. туралы ақпараттарды енгізеді.
Банкоматтың тағы да бір жұмыс істеу режимі – on-line. Бұнда
банкоматтар БЖ-мен тікелей байланысты. Егер банкомат бұл режимде жұмыс
істесе, ол клиентке оның шотының ағымдығы туралы анықтама бере алады.
Банкоматтарды қолдану кезінде телекоммуникациялық жағдайларды
ұйымдастырудың 2 жолының бірін таңдау керек:
- жекеменшік банкоматтар жүйесіне қызмет көрсету;
- бірнеше банктермен бірлесіп бір банкомат жүйесіне қатысу.
Жекеменшік жүйені пайдалану кезінде банк бұл жүйеге толық бақылау
жасайды. Бұл жүйенің бір кемшілігі жүйені құру мен пайдалануға айтарлықтай
шығын кетеді.
Банкоматтарды пайдалана отырып телекоммуникациялық жағдайларды құру
тәжірибесі банктерге ортақ банкоматтар жүйесін құру пайдалы екенін көрсетіп
отыр.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz