Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің этикалық кодексі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКС

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ

ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ

Денсаулық сақтау саласы қызметкерінің Этикалық кодексі (одан әрі - Кодекс) кәсіби медициналық қызметті жүзеге асыру барысындағы медициналық және әлеуметтік қызметкердің (одан әрі - денсаулық сақтау саласы қызметкерінің) тәртібінің этикалық нормалар мен ұстанымдарының жиынтығын анықтайтын құжат болып табылады. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 31- тарауы, 184-бабы негізінде жасалынды. Осы Кодекс денсаулық сақтау саласы қызметкерінің қоғаммен және емделушімен қатынасын анықтайды, жеке тұлғаның және жалпы қоғамның құқықтарын, қадір-қасиеттерін, денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталады, сонымен қатар денсаулық сақтау қызметкерінің қоғам алдындағы өз қызметіне жоғары моральдық жауапкершілігін анықтайды.

І Бөлім. Жалпы қағидалар

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің Этикалық кодексі медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің азаматтар мен тұтастай қоғам алдындағы өз қызметі үшін моральдық жауапкершіліктерін айқындайды.

Денсаулық сақтау қызметкерлері өз қызметінде келесі моральдық және этикалық ұстанымдарды басшылыққа алуға тиіс:

2. Медицина және фармацевтика қызметкерлері өз қызметінде:

1) осы Кодексті және Ар-намыс кодексін басшылыққа алуға;

2) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын нығайтуға жәрдемдесуге;

3) тек қана пациенттің мүдделерінде шешім қабылдауға;

4) Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерінің жоғары атағына кір келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;

5) өзінің қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы атқаруға;

6) өзінің кәсіптік білімін үздіксіз жетілдіруге;

7) өзінің жеке пайдасын басшылыққа алып, профилактика мен емдеудің әдістері мен құралдарын жарнамалауға және пайдалануға жол бермеуге;

8) еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға;

9) денсаулық сақтау ұйымдарының мүлкіне ұқыпты қарауға және оны тиімді пайдалануға;

10) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;

11) қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және жеке басының өзге де мақсаттарында пайдалануға жол бермеуге;

12) жеке басының үлгісімен ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай жасауға ықпал етуге;

13) басқа да медицина және фармацевтика қызметкерлері тарапынан Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және олардың жолын кесуге;

14) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде белгіленген киім нысанын сақтауға тиіс.

3. Пациенттермен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері:

1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

2) мұқтаж болған әрбір адамға медициналық көмек көрсетуге;

3) адам өмірін сақтау өзінің борышы екенін әрдайым есте ұстауға;

4) азаматтардың мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін нығайтуға жәрдемдесуге;

5) пациенттерге қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермеуге, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттердің жолын кесу жөнінде күш-жігер жұмсауға;

6) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан негізделген сын айтылуына жол бермеуге, сынға сабырлылықпен қарауға, сындарлы сынды өзінің кәсіптік қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін пайдалануға тиіс.

4. Өз әріптестерімен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері:

1) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен биязылық танытуға;

2) пациенттің мүддесі талап етсе, риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және әріптестерінен кеңес сұрауға;

3) басқа медицина және фармацевтика қызметкерінің кәсіптік біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмеуге;

4) қазақстандық медицинаның дәстүрлерін және жетістіктерін байытуға тиіс.

Денсаулық сақтау саласының қызметкері өзінің біліктілігіне сәйкес азаматтардың денсаулығын қорғау ісіне, ең жоғарғы дейгейде оларға көмек көрсету сапасын қамтамасыз етуге барлық күш-жігерін салуы тиіс.

Денсаулық сақтау саласының қызметкері оның жынысына, жасына, ұлтына, нәсіліне, тұратын мекен-жайына, әлеуметтік мәртебесіне, діни және саяси сенім-нанымдарына және басқа да медициналық емес факторларына қарамастан қандай адамға болса да медициналық көмек көрсетуге тиіс. Денсаулық сақтау саласының қызметкері өзінің біліктілігіне, лауазымына және қызметтік міндеттеріне сәйкес барлық мүмкіндіктерінің шеңберінде сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін жалпы жауапкершілік, соның ішінде моральдық жауапкершілік алады.

Денсаулық сақтау саласы қызметкерінің моральдық міндеттеріне медициналық қоғамдастық қатарларының тазалығын сақтау, өз әріптестерінің, сонымен қатар өзінің қателерін риясыз талдау жатады. Денсаулық сақтау саласы қызметкері емделушілердің денсаулығына залал келтіретін, ар-намыссыз, біліктілігі төмен деңгейдегі әріптестерінің әр-түрлі іс-тәжірибесіне кедергі жасауы тиіс.

Медициналық және әлеуметтік қызметкер қоғамда маңызды рөл атқара отырып, қоғамдық шараларға, әсіресе, салауатты өмір салтын насихаттайтын шараларға белсене қатысуға міндетті.

ІІ БӨЛІМ.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ЖОЛ БЕРУГЕ БОЛМАЙТЫН ӘРЕКЕТТЕРІ

1. Денсаулық сақтау саласы қызметкері өзінің кәсіби іс-әрекеттерінде білімін және қызметін өз мүддесінде қолдануына болмайды.

Денсаулық сақтау қызметкері:

- өз білімін және мүмкіндіктерін адамгершілікке жатпайтын мақсаттарда қолдануға;

- негізсіз медициналық шараларды жүзеге асыруға немесе оларды іске асырудан бас тартуға;

- емделушіні жазалау, сонымен қатар үшінші тұлғалардың мүддесі үшін оған медициналық іс-әрекеттерді қолдануға;

- емделушіге философиялық, діни және саяси көзқарастары бойынша өз пікірін таңуға;

- емделушіге немқұрайлылықпен немесе салақтықпен физикалық, адамгершіліктік, материалдық залал келтіруге және осындай залал келтіретін үшінші тұлғалардың әрекеттеріне селқос қарауға

құқықты емес.

2. Денсаулық сақтау қызметкерінің жеке сенім-нанымдары және басқа да кәсіби емес себептер емделушінің диагнозын қоюға және оны емдеуге әсер етпеуі керек.

3. Емделушінің ұсынылған ақылы медициналық қызметтерден бас тартуы олардың сапасы мен қолжетімділігінің азаюының, ҚР заңымен белгіленген тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде оған тегін ұсынылған медициналық көмек түрлері мен ауқымдарының азаюының себебі бола алмайды.

4. Емделушілерден сыйлықтар алуға және беруге болмайды. Өйткені сыйлық бере алмайтын және алмайтын емделушілерде оларға қамқорлық тиісті деңгейде көрсетілмейді деген сезім тууы мүмкін.

Сыйлықтардың көрсетілген қызметтер үшін алынуына немесе берілуіне болмайды.

Қолдағы ақша немесе бағалы сыйлықтарды алуға тыйым салынады.

5. Денсаулық сақтау саласының қызметкері қызметін өз мүддесінде қолдануға, емделушінің эмоциялық күй-жайын пайдаланып, онымен мүліктік шарттар жасасуға, оның еңбегін жеке мақсатта қолдануға, парақорлық пен және бопсалаушылықпен айналысуға құқығы жоқ.

6. Денсаулық сақтау саласының қызметкері ем тағайындау кезінде емделушіге қолданыстағы дәрі-дәрмектер, медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы дәйексіз, толыққанды емес немесе бұрмаланған ақпаратты беруіне, сонымен қатар емделушіден төменірек бағаланатын дәрі-дәрмектердің, медициналық бұйымдардың болуы жөніндегі ақпаратты жасыруына құқығы жоқ.

7. Денсаулық сақтау қызметкері дәрі-дәрмектерді дайындайтын және тарататын фирмалардан өздерінің ұсынған дәрі-дәрмектерін тағайындағаны үшін сый-тартуын қабылдауына, медициналық ұйым аумағында компанияның логотипі немесе дәрі-дәрмектің медициналық ұйымының саудалық атауы бар заттарын қолдануына болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медицина қызметкерлерінің этикалық кодексі: қағидалар, міндеттер және жауапкершілік
Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Заңының негізгі бағыттары және медицина мен фармация қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы №360-VI Кодексі: Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі - конспект (1-бөлім: Жалпы ережелер және негізгі ұғымдар)
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы және жетілдіру мәселелері (2011-2015)
Қазақстан журналисттерінің этикалық кодексі және бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты заңнамалық негіздер
Медицина және денсаулық сақтау теориялары: жіктелуі, негізгі концепциялары және этикалық мәселелері
Аудиттің ұғымы және аудиторлардың кәсіби-этикалық кодексі
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік бағдарламасы: бағыттары, реформалары және нәтижелері
Дәрігердің әріптестермен және денсаулық сақтау мамандарымен кәсіби қарым-қатынасының негізгі этикалық принциптері
Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру тұжырымдамасы: жағдайы мен реформалау бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz