Экология жəне табиғат қорғау мəселесі


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
1. Қазақстан және Орта Азияға Аралдың маңызы . . . 4
2. Қарағандының экологиясы . . . 5
3. Алапаттың зардабын аластатайық . . . 7
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 13
КІРІСПЕ
Халық санының өсуіне ауызсуға деген сұраныстың өсуі, азық-түлік және энергоресурстарды өндірудің қоршаған ортаға тигізетін әсері жылдан жылға ушығып барады . Әсіресе технологиялардың қарыштап дамуы бізге жаңа белестер ашады, және оларды пайданана білуіміз де маңызды .
Киоттық протоколға Қазақстан 1999 жылы қосылды . Кәзіргі кезде ЕС, Жапония және Канада барлық талаптар орындады . Ал Америка Құрама Штаттары қөмір қышқыл газының 27% шығара отырып, алдында Киото протоколындағы талаптарды алғашында орындауға уәде беріп, бірақ соңында өз уәдесіннен айнып қалды . Киото протоколына сәйкес дамушы елдерге қөмір қышқыл газының мөлшерін шектемейді .
1. Қазақстан және Орта Азияға Аралдың маңызы.
Қазақстан және Орта Азия аумағына келер болсақ, онда бұл жерде минералды шикізат пен жағармайдың мол қоры орналасуымен қатар ауыз судың тапшылығы өте қатты сезіледі .
Сол себептен сол аумақтың халық шаруашылығының су шаруашылығының мәселелерін шешу болып табылады .
Қазақстан және Орта Азияны қоса алғанда шамамен 50-60 млн. га жуық табиғи суармалы жерлер бар. Ал су ресурстары тек 8-10 млн. га жерді ғана суаруға жетеді . Бұндай жағдайда суармалы егіншіліктің ең тиімді даму жолдарын таңдап алу мен қатар ол экожүйенің бұзылу процесіне әкелмеуі керек .
Бұл пролемаға терең үңілер болсақ онда тікелей Арал теңізінің тағдырына әкелетінін көреміз. Егер еш әрекет жасамасақ, соңғы зерттеулерге сенер болсақ онда 2010 ж. Арал теңізі мүлдем жоғалады . Нәтижесінде жаңадан пайда болған Аралқұм шөлі кәзіргі Қызылқұм және Қарақұм шөлдерімен қосылып ақырында Ұлы Сахара шөлінен асып түспесе кем соқпайтын деңгейге жетеді . Ал Сахараның өзі 150-200 мың жыл бұрын көк орай қаптаған жасыл желек болған. Аралға құятын екі үлкен өзенді бөгеуі жылдық ағыны 1980 ж. 60 км 3 -тан кәзір 4 км 3 -қа болды. Сол себептен Сырдария өзені теңізге жетпей, құмға сіңіп кетеді . Ал Амударияға келсек ол Аралға тек қыс айларында ғана жіңішке атыраппен жетеді. Соның кесірінен акваториясы яғни аумағы 1/3 шейін қысқарды, ал жағалау жиегі кейбір жерлерде 90 км. , ал су көлемі 60%-ға азайды . Сол себептен судың орташа тұздылығы 2, 5 есе өскен, және ол жерде тірі ағзаға өмір сүру мүмкін емес. Арал теңізінің құрғаған түбінен шаң аралас тұз жел тұрғанда өте үлкен аумақтарға тарайды . Мәселен осы уақыттың өзінде жыл сайын шамамен 50-60 млн. т. тұз ауаға көтеріліп көптеген километр қашықтыққа тарап мақта және күріш егінінеде жетеді. Жапон ғалымдарының айтуынша ол тұз солтүстік мұзды мұхитта Арктикадада табылған. Арал ТМД аумағындағы шаң мен тозаңның ең шығарушысы болып отыр. Экологиялық деградация онсызда қатал континентті климатты Арал жағалауын каталдандыра түсті.
Мұндай нәтижелерге қлай жеттік? Суармалы жерлер керекті инженерлік жағынан яғни суару желілерімен , эффективті дренаж жүйелері жоқ. Сол себептен, жердің тұзданып кетпеу үшін суару мөлшерін көбейтуге тура келеді. Көп өнім алу үшін жерге көп мөлшерде тыңайтқыш енгізеді - 1 га-ға 600 кг, ал улыхимикаттарды пайдаланудың шекті мөлшері 15-20 есе көп . Осындай жағдайда жерді шаю судың шетен тыс минералдануына әкеп соқтырады, сонымен қатар токсикалық заттарменде қанығады . Мұндай сулар көп мөлшерде Амудария мен Сырдарияға тасталады да, оның төмен ағысындағылар суды суаруға, тұрмыста қолданады, бұл аумақта адам тұрмысы үшін өте ауыр жағдаймен қоса эпидемиологиялық ақуаты да мәз емес . Арал теңізінің құрғауына келер болсақ біздің ғалымдар бір ауыздан суармалы егістікке кететін су мөлшерін азайту. Бірақ маған Н. Бабактың айтқан пікірі ұнады. Ол кісінің ойынша Каспийдің суын қанша пайдалансада ол құрғамайды және оған су жеткілікті мөлшерде келмейді. Бұдан шығар қорытынды Каспий мен Арал арасында жерасты өзені бар, ол Аралдың суын Каспийге құяды.
Жоғарыдағыда айтылып өткендей Н. Бабак мәселені былай шешуді жөн көрді.
- Жер қыртысын толық зерттеп, Каспий ағатын жерасты өзендерін бөгеу. Амудария мен Сырдария өзендерінен суару үшін алатын су мөлшерін қысқарту. Иртыш Арал каналын салған жөн. Каспийден Аралға су тартуды ешқашан болдырмау
2. Қарағандының экологиясы.
Қарағанды облысы - Қазақстандағы экологиялық жағынан ең ластанған, өнеркəсіптік өндіріс орындары көп шоғырланған ірі өнеркəсіп орталығы. Бұл өңірдегі өндіргіш күштердің даму барысы көптеген жылдардан бері экологиялық зардаптар ескерілмей іске асырылды. Соның салдарынан облыстың атмосфералық ауасы бұзылды. Мəселен, тұрақты көздерден атмосфераға тарайтын ластанған заттар жылына бір миллион тоннадан асады. Ал бұл жалпы республикадағы барлық қалдықтардың үштен бірі деген сөз. Негізгі ластаушы көздер Теміртауда «Испат-Кармет» АТАҚ (жылына 361, 5 мың тонна), Жезқазғанда «Қазақмыс» АҚ (жылына 138, 4 мың тонна), Балқашта «Балқашмыс» АҚ (жылына 299, 4 мың тонна, сол сияқты Қарағандыдағы энергетикалық кəсіпорындардың өзі жылына 96, 2 мың тонна ластандыратын қоспа таратады.
Қала маңына орналасқан ГРЭС-1, N3 ЖЭО жəне Қаражал ЖЭО-ның күлі мен түтіні бұрқырап мазаны алуда, сол сияқты Ақжал байыту фабрикасының, Қайрақты, Жамбыл, Қарағайлы Ақшатау кеніштерінің қалдықтары да бұрқырап, желге ұшып жатыр. Бұларда қауіптілігі 1-3 класты қорғасын, мырыш, берилий, висмут жəне радионуклидті флотация қалдықтары көп. Тозаңданып аспанға ұшудың салдарынан мұндай заттар маңайын да шаңдатып жібереді. Бұған қоса атмосфералық ауаны автокөліктер де ластандырып, одан шығатын тастанды қалдықтар жылына 110 мың тонна көлемінде зиянды заттар таратса, оның ішінде 200-ге жуық əртүрлі қоспа бар екендігі анықталғаны баршаға мəлім.
Бүгінгі таңда су ресурстарын қорғап, ұтымды пайдалануда да проблема көп. Облыстың жалпы жылдық су ресурсы 3, 4млрд. текше метрге жуықтайды. Оның жыл сайын 2-2, 3 миллиард текше метрі пайдаланылады. Негізгі су көздері Нұра өзені, оның Шерубай-Нұра жəне Соқыр құймалары, Ертіс-Қарағанды каналы, Қаракеңгір жəне Жезді өзендері, Балқаш көлдері болып табылады. Облыс суларының сапалық жағынан жақсаруына кері əсерін тигізіп отырған кəсіпорындар «Испат-Кармет» ААҚ, «Карбид» АҚ, «Қазақмыс» АҚ, «Балқаш» АҚ, «Облсуканал» су-канал шаруашылығы басқармасы, «» АҚ, энергетика, көмір өнеркəсібі мен ауыл шаруашылығы кəсіпорындары.
Облыстағы жер ресурстары да қиын жағдайда. 854 мың гектар жер азып-тозған, жел эрозиясына ұшыраған. Оның басты себебінің бірі- жерді қорғайтын орман алқабының қанағаттанғысыз жағдайы. Жер ресурстарын ғана емес, жалпы қоршаған ортаға зиянын тигізетін негізгі ластану көздерінің бірі - кəсіпорындардың өндірістік қызметі процесінде жəне тұрғындардың тұрмыс-тіршілігінде пайда болған қалдықтар. Облыста тұрмыстық қатты қалдықтардың өте көп болуы да біраз проблемалар туғызуда. Сонымен қатар қоршаған орта мен адам денсаулығына ықпал ететін проблеманың бірі -қазылып, кен өндіріліп алынған соң қалып кеткен, жабылмай аузы ашық қалған радиациялық қауіпті кен орындары мен карьерлер мəселесі. Бұлар Шет ауданындағы Ақшатау елді мекені, Ақтоғай ауданындағы тастап кеткен геологиялық қазба орындары (Октябрь, Майтас, Қызыларай, Қызыл, Аномалия-8, Тасарал) .
Республикамыздың басқа облыстары Қарағанды облысындағыдай техногенді ауыртпалықты бастан кешіріп отырған жоқ. Мұнда Сарышаған ракеталық полигоны, Семей ядролық полигоны жəне «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшатын ракета тасығыштардан бөлініп түсетін бөліктердің құлау ауданы- бəрі бар.
Облыста радиациялық қауіпсіздік мақсатымен кəсіпорындарда өңделген ионды сəуле көздері бар жерлерде қалдықтарды көму проблемасы басты орында.
Бұл көрсеткіш облыстағы экология жəне табиғат қорғау мəселесіне, экологиялық проблемаларды шешу жолдарына арналған. Онда Балқаш, Теміртау, Қарағандының экологиялық проблемалары туралы қамтылған. Көрсеткіш мазмұны бес бөлім бойынша құрылған, Жезқазған-Балқаш өңірінің экологиясы, Қарағанды облысының радиактивтік қалдықтарымен ластануы, облыстың су көздері, қалдықтарды өндіру проблемасы, өңірдің экологиялық орталықтары.
3. Алапаттың зардабын аластатайық .
Қарағанды облыс аумағында əлемдегі ең ірі экологиялық қауіпті үш обьекті - Семей ядролық сынақ полигоны, Сарышаған əскери полигоны жəне Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан.
Ұлан-байтақ елімізді тоталитарлық, əкімшілік жүйенің темір құрсауында ұстап, азат ой мен ұлттар бостандығын тұншықтырып келген кеңестік коммунистік өктемдіктің айқын бір көрнісі-Семей ядролық сынақ полигоны.
Атом жарылыстары бірінен- соң бірі жасалған 40 жыл ішінде полигон маңайындағы жарты миллионнан астсм халық радиоактивті тозаңмен тұншығып, оның үштен екісі ертелі-кеш мəңгілікке көз жұмды. Осы 40 жылға созылған атом сынақтарының жалпы қуаты 25 мың Хиросима бомбасына тең екен.
Семей ядролық полигонындағы ең алғашқы сталиндік-берияляық атом бомбасы 1949 жылдың 29 тамызы күні жарылған болатын. Жер үстінде жасалған 26 ядролық жарылыстың кезінде атом сəулесі полигон маңайындағы 800 елді мекенді отты құйынға орап кеткен. Ауада жасалған 90 атом жарылысының 11- інде радиациялық уы полигон территориясының шегінен асып ауа жайылған. Ал 1962 жылдан бастап жүргізілген 300 жерасты сынақтарының əрбір үшіншісінде радиоктивті газдар ауаға жайылып кетіп, 30 жарылыстың кезінде атом сəулесі топырақ пен өсімдікті улаған.
Семей тұрғындарымен бірге ядролық жарылыстардың зардабын Қарқаралы, Егіндібұлақ жұртшылығы бірдей көріп, зəрлі уын бірдей жұтты. 1990-шы жылдардың бас кезінде Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі мен Ғылым академиясы жинақтаған қужаттар бойынша Қарағанды облысының да біраз аумағы радиоактивті заттармен ластанғандығы дəлелденді. Егіндібұлақ, Қарқаралы атырабында радионуклидтердің таралуы облыстың басқа жерлеріне қарағанда 1, 5-2 есе көп. Осының нəтижесінде тұрғындар əжептəуір көлемдегі сыртқы радиациялық сəулелердің əсеріне ұшыраған.
Ақтоғай ауданының экологиялық жағдайына Семей ядролық сынақ полигонының тигізген зардабы орасан зор. Ақтогай территориясы Семей сынақ полигонының тəжірибе алаңынан солтүстік-шығыс шекарасы 230 км, оңтүстік-шығыс шекарасы 330 км қашықтықта. Тəжірибе алаңынан азимут бойынша 215-240 градустар аралығында. Сы жағдайларды ескере отырып, аудан территориясы радияциялық заттармен ластанып, халқы радиациялық сəулелену дозаларына ұшырағаны ақиқат. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша аудан халқының Семей полигондағы жарылыстар салдарынан белгілі бір мөлшерде радиациялық сəулелену дозасын алғаны ғылыми тұрғыда дəлелденді
Ақтоғай ауданында арнайы əдістемемен радиация зардабыннан болатын аурулардың бір организмде қабаттасуы зерттелді. Аурулардың қабаттасуы жасы ұлғайған сайын көбейе беретіні көрсетеді жəне басқа жерлермен салыстырғанда жоғары дəрежеде болған. Əсіресе жүйке жүйесі мен сезім органдары ауруларына асқазан шек ауруларымен, жүрек-қан тамырлары ауруларының зəр жолы, жыныс органдары жəне ас қорту органдарынан ауруларымен қабаттасуы байқалады.
Қарағанды облысының халқы күрделі экологиялық жағдайға байланысты түрлі ауруларға, əсіресе, ядролық сынақтарға байланысы бар ауруларға жиі шалдығады. Оның негізгі жəне басты себебі - Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар жүргізген кезде радиактивті шөгінділердің əсеріне ұшырағанында деген қорытынды жасауға болады.
Байқоңыр ғарыш айлағы Адамзат ғылымының аса үлкен жетістігі екендігі мəлім. Бірақ сол тұрып жатқан халық үшін оның тигізер пайдасы көп болды ма, зияны көп болды ма?
«Байқоңырдан» ғарышқа бірінші адам аттанғаннан бері қаншама жер серіктері, ғылыми-зерттеу станциялары, ғарыш корабльдері ұшырылды. Соның нəтижесінде ғылымымыз өркендеп, табиғаттың талай тылсым құпиялары ашылды. Демек, «Байқоңыр» ғарыш айлағының адамзат баласы үшін де, еліміз үшін де алар орны ерекше.
Бұл ғарыш айлағының басқа да полигондармен қатар айналадағы орта мен табиғатқа орасан зиян келтіріп отырғандығы жасырын емес. Оның қауіпті аймағы бір миллион шаршы метр жерді қамтиды. Аспаннан жауған ғарыш аппараттарының сынықтары мен қалдықтары, бұлаодың құрамындағы зиянды заттар топыраққа да, ауаға да, өсімдікке де аз залалын тигізбейтіндігі нақты зерттеулер арқылы дəлелденген. Солардан жан-жануарлар мен адамдар да зиян шегіп келе жатқанын осы кейінде ғана айтылып жүр. Байқоңырдан алғашқы зымыран ұшқан сонау 1957 9 жылдан бері қазақ даласына қаншама зиян əкелді. 1986 жылы Бетпақдалада миллиондаған киіктің қырылып қалуы осы зымырандардың кесірі. Əсіресе, «Протон» зымырантастағышының тіршілік атаулыға тигізер кері əсері шаш етектен. Өйткені ол ұшырылғаннан кейін аспанда отынының біраз бөлігін жандырған соң, бірінші жəне екінші сатылары бөлініп, жерге түседі. Бұл отынның құрамында улы отын- гептил бар.
Ресейдің «адасқан» зымырандары Атырау облысының Махамбет, Қызылқоға жəне басқа аудандарының жеріне жиі құлады. Ал «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған «Протон» зымырантасығышының 1999 жылы екі рет құлап, Қарағандының Қарқаралы, Жаңаарқа аудандарының жері мен ауасын гептил отынымен ластады. Құлаған зымыран сапарға аттанғанда оған 466 тонна қышқылдатқыш, 181 тонна отын толтырылған. Ал зымыран отынының компененттері (КРТ) сан алуан. Солардың ішінде аса улы жəне өте жылдам тұтанғыш несмметричный диметилгидразин (НДМГ) немесе гептил. Бұдан соң басты айналдырып, жүректі айнытатын нитродиметиламин (НДМА) жəне тетрамитилтетразин (ТМТ), сол сияқты жүректі айнытуы біршама төмен, қауіптілігі 4-ші сыныпқа жататын формальдегид деген бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz