Қазақ елі тәуелсіздігінің жаршысы – Абылай ханның Қазақстанның геосаяси жағдайына қосқан үлесі


«ҚАЗАҚ ЕЛІ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ЖАРШЫСЫ - АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ»
Тұрыспекова Э. М., «Қазақ мектебінің даму мәселелері» ғылыми зертханасының ғылыми қызметкері
Алматы қ., Қазақ мемлекеттік кыздар педагогикалық университеті.
elvira. turyspekova@mail. ru
Өркениетті қоғам құруға бет алған жұрттың бәрі де алдымен өзінің тарихи тамырын, географиясын танытып, тарихи жадын қалпына келтіруге күш салады. Қазақ тарихы осы күнге дейін отаршылдардың еркінше бұрмаланып келді. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтар бүркемеленіп, оның орнына жасанды, қазақ менталитетіне жатпайтын рухани өлшемдер орнатылды. Осының салдарынан халық өз географиясы, тарихы туралы шындықтан адасып қалды.
Ұлтымыздың ғасырлар бойы армандап, аңсаған, қол жеткізген тәуелсіздігі - мемлекетіміздің егемендік тұғырын биіктетіп, елдің іші-сыртын бүтіндеп, шекарасын белгілеп, өркениет үрдісінде өзіндік даму жолын таңдауға қол жеткізді.
Халқымыздың асыл ұл-қыздары, адал перзенттері, тоталитарлық жүйенің дәуірлеп тұрған кезінің өзінде де, тағдырына арашашы болып, тәуелсіз ел болып, егенмендікке қол жеткізіп, байып-көркеюіне үлес қосуды өздеріне мұрат тұтқан. Солардың бірі - халқымыздың дарынды да дара туған, абзал ұлы, қазақ феодалдық мемлекетінің бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп, өз хандығы кезінде елдің саяси-экономикалық дамуына түбірлі өзгерістер енгізген, атақты мемлекет қайраткері - Абылай хан.
Абылай - үш жүздің басын қосқан данышпан хан, алып мемлекеттердің аузына іліктірмей елін сақтап қалған кемеңгер дипломант, жаумен айқаста жеңістің жолын таба білген көреген қолбасшы.
Биыл - Абылай Ханның туғанына 300 жыл толады. Қазақ тарихында өшпес орны бар Абылай Ханның мерейін асқақтатуымыз керек. Егеменді ел болып, тәуелсіздігіміздің көк байрағын желбіреткен шақта біз тамыры тереңде жатқан тарихымызды өзімізге де, өзгелерге де танытуға тиіспіз.
Абылай хан - аса көрнекті мемлекет қайраткері, әйгілі қолбасшы, ірі тұлға. 1711 жылы Шыңғыс хан әулеті Уәлидің шаңырағында дүниеге келген. Оның шын аты - Әбілмансұр. Қалмақтармен соғыстарда көрсеткен ерлігі үшін халық оны Абылай деп атаған. 1771 жылы Әбілмәмбет хан қайтыс болғаннан кейін Абылай хан болды [1, 240] .
Абылай хандық таққа отыра салсымен - ақ Қазақ хандығының әуелгі географиялық кеңістігін қалыптастыруды қарастырған.
Абылай ханның XVIII ғасырдың 70 жылдарындағы сыртқы саяси қызметі қазақ мемлекетінің бірлігін уақытша қалпына келтіруге, оның халықаралық аренадағы жағдайының нығайюына жеткізді. Абылайға дейін де, одан кейін бірде-бір қазақ ханының мұндай шексіз билігі болған емес. Бұл ең алдымен оның билігінің сөзсіз құдыреттілік сипатына байланысты еді. Көреген саясатшы және шебер дипломат Абылай өзіне ергендердің сүйіспеншілігіне және қарсыластарының құрметіне лайық бола білді. Бұған ханның жеке қасиеттері де едәуір дережеде себепші болды. Абылай мұсылманша жақсы сауатты болды, оқып, жаза білді. Ол сирек кездесетін саясатшы, қолбасшысы және дипломат болды. Дегенме де, ол тарих көшін өзгерте де, көшпелі өркениеттің бұрынғы күш - қуатын қайтадан келтіре де алмады. Ол қайта түлеткен біртұтас Қазақ хандығы ханның өзі қанша өмір сүрсе, сонша өмір сүрді. Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді. 1754-1755 және 1764 жылдары қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарда шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ және Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды. Осы себепті Абылай 1755-1765 жылдары Қырғыз ұлысына жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздардың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтады[2, 526] . Абылайдың сыртқы саясаты икемділігімен және ымыршылдығымен сипатталды. Оның Ресей мен Қытай сияқты күшті мемлекеттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан Ресей протекторатын танудан бас тартпай, екінші жағынан өз иеліктеріңде екі державаның да ықпалы күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділік көрсетуге тырысты. Бір жағынан, Абылай Қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иландырып отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Ресей сарайына әлдеқайда ынталықпен…, ал Қытай ханымен хат жазуды бір нәрсе үшін, оған бағынышты қырғыз-қайсақтарға Қытайлардың реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін жалғастырып» отырған сияқты етіп көрсетті.
Ш. Уәлиханов Абылайдай шексіз билікке ие болған бір де бір қазақ ханының болмағанын, оның мемлекет билігін орталықтандырып, нығайту бағытындағы әрекеттерін, «Ханның билігін алқалы кеңес арқылы шектеп отыратын рубасылар мен сұлтандардың өркөкірек үстемдігін» тыйғандығын жазды. Шоқан: «Қазақтардың аңыз-әңгімелерінде Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып саналады. Абылай дәуірі, қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры. Оның жорықтары және батырларының көзсіз ерлігі мен қаһармандығы жыр-дастандардың арқауына айналған», - деп атап көрсетті [3, 477] .
Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 жылы қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен «Қасірет белдеуі» («Горькая линия») бойындағы орыс бекіністерін шапты. Ш. Уәлиханов: «1771 жылы хан сайланғанда да, ол орыс шекарасына барып, ант бергісі келмеді. Сөйтіп ол өзін халық қалап, баяғыда-ақ бұл дәрежеге лайықты қойғанын, Көктің ұлының және өкілеттік қағазы барын желеу етті», - деп жазды. 1779 жылы қазанның 4-інде Орынбор әкімшілігіне жолданған патша жарлығында: «Ордадағы Абылай ықпалын әлсірету мақсатында, онымен тайталасқа түсе алатын адам табу» шаралары да қарастырылды[4, 88] .
1738-1741 жылдары Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншыларына бірнеше мәрте соққы береді. 1742 жылы Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 жылы 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. 1740 жылы тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, т. б. 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым-қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. 1752 жылы ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адам ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753 жылы желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті [5, 23] .
Сындарлы саясатшы, мәмілегер ретінде ол көрші мемлекеттердің бәрімен арақашықтықты сақтай отырып, терезесі тең байланыс жасай білген көреген басшы. Жоңғарияға қарсы азаттық күрестегі, халықтың басын біріктірудегі рөлін, Ресей және Қытай мемлекеттерімен дұрыс дипломатиялық, саяси қатынас орнатып, іс жүзінде елдің дербестігін сақтап қалу қайраткердің арманы еді. Ол арман орындалды. Қазір біз, қазақ елі, алдыңғы қатарлы елу мемлекет қатарына өту жолындамыз. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев қазақ елі мен жері үшін, ұрпақ пен ұлт болашағы үшін қарқынды еңбек етуде.
Егемен елдің ертеңгі ұрпағы тарих толқынындағы құбылыстарды әділ бағалауы тиіс.
«Абылай ыңғайына қарай біресе орыс үкіметіне, біресе Қытай үкіметіне бағыныштымыз деп жүрді, - деп жазады орыс тарихшысы. А. Левшин - Ал шын мәнінде бұлардың ешқайсысына да бағынбады, өзінше билік, өзінше саясат жүргізді».
Кезінде Қытай Бөгді ханына кепілдікке берген баласы Әділді Ұлы жүздің бір бөлігін билеуге жіберуі де содан. Отырықшылықты арман етіп өткен ханның баласына Талас бойынан қала салып беруінде де мән бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz