Мемлекеттік қаржы қызмет



Глоссарий
1.тақырып. Мемлекеттік қаржы қызметі
2 лекция. Қаржы құқығының ұғымы, пәні және жүйесі
3 лекция. Ақша жүйесінің құқықтық негіздері
4лекция. Қаржы бақылаудың құқықтық негіздері
5 лекция. Бюджет құрылымы.
6 лекция. Бюджет бақылау және бюджет саласындағы басқару.
7 лекция. Бюджет процессі.
8 лекция. Қаржы.құқықтық категория ретіндегі салық.
9 лекция. Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздері.
10 лекция. Банк қызметі және сақтандыру ұйымдасқан құқықтық негіздері.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Қаржы әрқашанда мемлекеттің өсіп дамуымен тығыз байланысты және ол мемлекеттермен бір уақытта пайда болады. Сондықтан, мемлекет және құқық теориясы бойынша қаржылар мемлекеттің атрибуты болып табылады. Қаржылар негізінде ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты, экономикалық қатынастың аумағын қамтиды және ақшалай сипатта болады.
Қаржылар - өте мол ақша қаражаттары, қорлары ретінде әрқашан мемлекет меншігінде болады.
Қаржы терминінің екі мағынасы бар:
1. Материалдық ақшалай мағынада, мемлекеттің өз қармағындағы, меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығын айтамыз. Ақшалар екі нысанда болады: қолда бар және құжат жүзіндегі ақшалар.
2. Экономикалық категория ретінде, мемлекеттің ақшалай ресурстары жоспарлы түрде қалыптасуын және бөлінуін, сондай-ақ олардың пайдаланылуын, ұйымдастырылуын, экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.
Қаржының мынандай функциялары бар:
1. бөлу және қайтару
2. бақылау функциясы
Бөлуші функция дегеніміз қаржы арқылы жалпы тауарлар жиынтығының бағасын бөлу және қайта бөлу жүргізіледі.
Бақылаушы функция социалистік заманда оңай түсінуге болатын. Себебі, барлық қаржы жағдайын мемлекет реттеп отырған. Ал, қазір нарық заманында қаржының көп түрі жеке меншік нысанға айналған. Мемлекеттік қаржы аясындағы бақылау қысқарған, және ол мемлекеттік қаржы аясында жүзеге асады.
Қаржылық қызметтің міндеттері:
1. Өзінің қызметтерін қаржыландыруға және өзін-өзі қамтамасыз етуге ақша қорларын табу
2. Қоғамның ақшалай инфрақұрылымын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету
3. Қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық процестерге мемлекет қоғамға қолайлы деп тапқан бағытта ақша көмегімен ықпал ету.
Қаржылық қызметтің мақсаты – қоғамның әлеуметтік, экономикалық инфрақұрылымдарының қызмет атқарылуына қолайлы жағдай жасау.
Қаржылық қызыметтің принциптері:
1. Қоғамның мұқтаждықтарын есепке алу
2. Қоғамның бақылауында болу
3. Жариялық, ашықтылық
4. Нормативтілік, жоспарлылық
5. Ұжымдылық, жүйелілік және тұрақтылық.
Қаржы жүйесі және оның құрамы
Қаржы жүйесі терминінің 3 мағынасы бар:
1.Материалдық мағынада, қаржы жүйесі – мемлекеттің орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы.
2.Экономикалық мағынада, қаржы жүйесі - әрқайсысы белгілі бір ақша-қаражаттары қорын білдіретін қаржылық, экономикалық иниституттардың жиынтығы.
3.Ұйымдастыру мағынада, қаржы жүйесі – мемлекеттің қаржылық мекемелерінің жиынтығы.
Қаржы жүйесінің құрамы:
1. Орталықтандырылған
- мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры – республикалық бюджет
- жергілікті орталықтандырылған ақша қоры- жергілікті бюджет
- мемлекеттің орталықтандырылған ссудалық қоры – мемлекеттің банкісінің қаржылары
- мемлекеттік сақтандыру ақша қорлары – мемлекеттік сақтандыру ұйымының қаржылары.
2. Орталықтандырылмаған:
-министрліктердің, ведомоствалардың және басқа да басқарушы орталықтардың орталықтандырылмаған ақша қоры – мемлекеттік басқару органының қаржылары
-мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдар мен бірлестіктердің ақша қоры – мемлекеттік шаруашылық субьектлерінің қаржылары
-бюджеттік мекемелер мен ұйымдардың ақша қоры – субьектілерінің қаржылары.
Қаржылық қызметтің әдістері
1. «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.01.04.1999.
2. «Қазақстан Республикасында банк және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 31.08.1995.
3. «Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 31.03.1995.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Глоссарий

Қаржылық құқық дегеніміз мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында
туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Қаржылық бақылау – мемлекеттің ақша қорларың қалыптастыру, бөлу және
мемлекеттің ақша қаражаттарын пайдалану процестерінің заңды түрде, сондай-
ақ мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеру.

Қаржылық құқықтық нормалар – мемлекеттің қаржылық қызметтің процессінде
пайда болатын қатынастар қатысушының мінез-құлық ережелерін белғілетін
құқықтық нормалар.
Бюджет – мемлекеттің шығыстарына арналған орталықтандырылған ақша коры,
сондай-ақ жергілікті деңгейдегі шығыстарды қамтамасыз етуге арналған
жергілікті орталықтандырылған ақша қорлары.

Айып – заңда немесе шартта белгіленген тәртіпппен немесе жағдаймен
қолданылатын материалдық ықпал ету, ақшалай жазалау шаралары.

Бағалы қағаздар - акциялар, борыштық бағалы қағаздар, туынды бағалы
қағаздар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы деп
таңылған мүліктік құқықтың өзге де объектілері.

Аудиторлық қызмет – аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қаржылық есептілік
аудитін жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі.

Мемлекеттің қаржылық қызметі – мемлекеттің ақша қорларың қалыптастыру,
бөлу, пайдалануды ұйымдастттыру, сондай-ақ еліміздің ақшалай инфрақұрылымың
құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің тұтастай
өзінің немесе мемлекеттің өкілетті органдарының іс-әрекеті болып табылады.
Салық – заңңың негізінде заңмен айқындалғаң мөлшерде және заңда
белгіліенген уақытта салық төлеушілерге қайтарымсыз мәжбүрлі және жекелей
баламасыз түрде тиісті бюджеттің кірісіне алынатын міндетті ақшалай
төлемдерді айтамыз.

Салықтық құқық – заңды және жеке тұлғалардан біржақты өктем, қайтарылмайтын
негізде, заң жүзінде белгіленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді
ақшалай түрде бюджетке алу кезінде туындайтын салықтық қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Тура салық – салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген
салықтар.

Жеке түра салықтар - бұл жеке адамдар заңи ұйымдардың табыстары мен мүлкіне
салынатын салыктар.

Жанама салықтар – бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық
төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар.

1-тақырып. Мемлекеттік қаржы қызметі
МАҚСАТЫ: Бүгінгі лекцияда қаржы қызметінің түсінігі, оның қаржы жүйесі мен
құрамын, қаржы қызметінің әдістерін анықтау болып табылады.
1. Қаржының, мемлекеттік қаржының ұғымы және функциялары
2. Мемлекеттік қаржы қызметінің ұғымы, мазмүны және саласы.
3. Қаржы жүйесінің ұғымы және оның құрылымы
4. Мемлекеттік қаржы қызметінің әдістері және саясаты. Мемлекеттік ақша
қорларының қалыптасу әдістері.
Қаржы әрқашанда мемлекеттің өсіп дамуымен тығыз байланысты және
ол мемлекеттермен бір уақытта пайда болады. Сондықтан, мемлекет және құқық
теориясы бойынша қаржылар мемлекеттің атрибуты болып табылады. Қаржылар
негізінде ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты, экономикалық
қатынастың аумағын қамтиды және ақшалай сипатта болады.
Қаржылар - өте мол ақша қаражаттары, қорлары ретінде әрқашан мемлекет
меншігінде болады.
Қаржы терминінің екі мағынасы бар:
1. Материалдық ақшалай мағынада, мемлекеттің өз қармағындағы,
меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығын айтамыз.
Ақшалар екі нысанда болады: қолда бар және құжат жүзіндегі
ақшалар.
2. Экономикалық категория ретінде, мемлекеттің ақшалай ресурстары жоспарлы
түрде қалыптасуын және бөлінуін, сондай-ақ олардың пайдаланылуын,
ұйымдастырылуын, экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.
Қаржының мынандай функциялары бар:
1. бөлу және қайтару
2. бақылау функциясы
Бөлуші функция дегеніміз қаржы арқылы жалпы тауарлар жиынтығының
бағасын бөлу және қайта бөлу жүргізіледі.
Бақылаушы функция социалистік заманда оңай түсінуге болатын. Себебі,
барлық қаржы жағдайын мемлекет реттеп отырған. Ал, қазір нарық заманында
қаржының көп түрі жеке меншік нысанға айналған. Мемлекеттік қаржы аясындағы
бақылау қысқарған, және ол мемлекеттік қаржы аясында жүзеге асады.
Қаржылық қызметтің міндеттері:
1. Өзінің қызметтерін қаржыландыруға және өзін-өзі қамтамасыз етуге ақша
қорларын табу
2. Қоғамның ақшалай инфрақұрылымын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз
ету
3. Қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық процестерге мемлекет
қоғамға қолайлы деп тапқан бағытта ақша көмегімен ықпал ету.
Қаржылық қызметтің мақсаты – қоғамның әлеуметтік, экономикалық
инфрақұрылымдарының қызмет атқарылуына қолайлы жағдай жасау.
Қаржылық қызыметтің принциптері:
1. Қоғамның мұқтаждықтарын есепке алу
2. Қоғамның бақылауында болу
3. Жариялық, ашықтылық
4. Нормативтілік, жоспарлылық
5. Ұжымдылық, жүйелілік және тұрақтылық.
Қаржы жүйесі және оның құрамы
Қаржы жүйесі терминінің 3 мағынасы бар:
1.Материалдық мағынада, қаржы жүйесі – мемлекеттің орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы.
2.Экономикалық мағынада, қаржы жүйесі - әрқайсысы белгілі бір ақша-
қаражаттары қорын білдіретін қаржылық, экономикалық иниституттардың
жиынтығы.
3.Ұйымдастыру мағынада, қаржы жүйесі – мемлекеттің қаржылық мекемелерінің
жиынтығы.
Қаржы жүйесінің құрамы:
1. Орталықтандырылған
- мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры – республикалық бюджет
- жергілікті орталықтандырылған ақша қоры- жергілікті бюджет
- мемлекеттің орталықтандырылған ссудалық қоры – мемлекеттің банкісінің
қаржылары
- мемлекеттік сақтандыру ақша қорлары – мемлекеттік сақтандыру ұйымының
қаржылары.
2. Орталықтандырылмаған:
-министрліктердің, ведомоствалардың және басқа да басқарушы орталықтардың
орталықтандырылмаған ақша қоры – мемлекеттік басқару органының қаржылары
-мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдар мен бірлестіктердің ақша қоры –
мемлекеттік шаруашылық субьектлерінің қаржылары
-бюджеттік мекемелер мен ұйымдардың ақша қоры – субьектілерінің қаржылары.
Қаржылық қызметтің әдістері
Қаржылық қызмет мынандай әдістері арқылы жүзеге асырылады:
1. Ақша қорларын қалыптастыру әдісі – бұл мынандай қызмет атқарады:
- ақша қорларын қайтармайтын түрде алу
- ақша қаражатынының орнына жүретін бағалы қағаз шығару
2. Ақша қорларын бөлу әдісі мынандай қызмет атқарады:
- қаржыландыру, дотация, субвенция, субсидия түрінде ақшалар беру
- несиелеу(ұзақ, орта, қысқа мерзімді)
- мемлекеттің өзінің ішкі және сыртқы қарызын өтеу
3. Ақша қорларын ұйымдастыру әдісі мынандай қызмет атқарады:
- ақша қорларының пайдалану бағытын белгілеу
- ақшаны пайдалануды жоспарлау
- ақша қаражаттарының қаржылық нормамен берілу шектерін белгілеу
- ақша қорларын пайдалануға бақылау жүргізу.
Қаржылық күқықтың жүйесі көбінесе Жалпы және Ерекше бөлімдері арқылы
көрініс табады.
Қаржылық қүқықтың Жалпы бөлімі мына:
1. мемлекеттің қаржылық қүрылыеының қүқықтық негіэдері;
2. ақша жүйесінің қүқықтық негіздері;
3. мемлекетгік қаржылар саласындагі басқару;
4. қаржылық жоспарлаудың қүқықтық негіздері;
5. мемлекеттік қаржылық бақылаудың қүқықтық негіздері;
6.қаржылық - құқықтық жауапкершілікті қүқықтық реттеу сияқты
институттардан түрады.
Ал Ерекше бөлімі мынадай:
1.бюджетгік қүқық;
2.қаржыльіқ банктік қүқық (мсмлсксттік - қүқықтық сипаты);
3. қаржылық сақтандыру қүқығы (мәсәлсксттік - қүқықтык сипаты);
4.қаржылык - шаруашылық қүкығы сияқты өте ірі бөлімдсрдсн қүралады.
Мемлекеттің қаржылық қүрылысының қүқықтық негіздері мемлекеттің қаржы
жүйесінің қүрамын және оның үйымдастырылу қүрылымын белгілейтін, қаржылық
қүрылымды қүрайтын және тиісті қаржыларды Басқаруды жүзсгс асыратын
уәкілетгі мемлекеттік органдардың жүйсін айқындап, қүзыреттерің
белгілейтін, соңдай-ақ қаржіңі жүйсінің институтгары мен біртүтас озін
қаржылық рсттсудің мақсатын, міндсттсрін жәнс әдістерін белгілейтілң
каржылык, күкықтьің институты болып табылады.
Мемлекеггің қаржылық қүрылысы өзара байланысқан:
1. тиісті қаржылық - экономикалық институттармен корсстілген мсмлскстгіц
акшалай қорларының жиынтыгы рстіндсгі мсмлсксттің қаржы жүйссімсн;
2. мсмлсксттің қаржылык. органдарының жүйссінсн;
3. мсмлсксттік каржылық рсттсуден түрады.
Мемлексттің қаржы жүйсін қүрайтын каржылық - экономикалық институттар:
1. бюджет жүйсі (республикалық, жергілікті бюджеттср);
2. бюджеттен тыс мақсатты қорлар;
3. мемлекеттік сақтаидыру к.аржылары;
4. мемлсксттік банктердің қаржылары;
5. мсмлексттік кәсіпорыңдар мсн мсксмслсрдің және мсмлсксггік басқару
органдарының қаржылары түріндс көрініс табады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1.Қаржы қызметі дегеніміз не?
2.Оның қандай әдістері бар?
3. Оның Жалпы және Ерекше бөлімдеріне не кіреді немесе жатады?
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1998 жылғы 7 қазаңдағы заңымен
енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен Алматы:Юрист.- 2007.- 40б.
2. Найманбаев С.М. Салықтық құқық.Алматы. Жеті жарғы. 2005.
3. Финансовое право. Учебник.под ред. Химичева.Н.И. Москва. БЕК.2000.
4.Финансовое право. Учебник.под. ред. Горбуновой О.НМосква.: Юрист.2000.

2 лекция. Қаржы құқығының ұғымы, пәні және жүйесі
МАҚСАТЫ: Қаржылық құқықтың ұғымы, пәні, жүйесін түсіндіру және де әр
біреуіне тоқталып мазмұнын ашу сабақтың мақсаты болып табылады.
1.Қаржы құқығының пәні, қаржы және басқа да сыбайлас қоғамдық қатынастардың
арақатынасы.
2.Қаржы құқығының ұғымы, көздері. Қаржы құқығының және басқа құқық
салаларының арақатынасы.
3. Қаржы құқық саласында құқықтық реттеудің әдістері. Қаржы құқық жүйесі.
4. Қаржы құқық нормалардың ұғымы, белғілері, түрлері және құрылымы.
Қаржы құқығы – бұл қоғам дамуының итісті кезеніндеғі мемлекеттің
міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақша қорларын жасау, бөлу және
пайдалану процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейтін заң
нормаларының жиынтығы болып табылады.
Ол біртекті қаржы қатынастарына жататын жеке бағыттар бойынша: бюджет
құқығына, салық құқығына, шаруашылық құқығына межеленіп айырылады; қаржының
кең ұғыныс тұрғысында жалпы ақша қатынастары ретінде баян етілуіне
байланысты қаржы құқығына сонымен бірге валюта және сақтық заңнамасын, банк
құқығын, мемлекеттік кредитті, ақша айналасын құқықтық реттеу сияқты
бөлімдерді де қосады.
Қаржы жүйесі – бұл қаржы – экономикалық институттарының белгіленген
жиынтығы.
Қаржылық құқық жүйесі барлық құқық саласына тән Жалпы және Ерекше бөлімнен
тұрады.
Мемлекеттік қаржылық қатынастар өздеріне тән мынадай белгілерімен
ерекшеленеді:
- бұл қатынастар ақшалай қатынастарға жатады және әрқашанда бөлу сипатында
болады;
- бұл қатынастар тауар нысанындағы құнның қарсы қозғалысына жолықпайтын
ақшалай нысандағы құнның біржақты қозғалысын білдіреді:
- бұл қатынастар мемлекеттің болмысына, оның өсіп өркендеуіне байланысты
қалыптасып, дамиды, сондай-ақ оның қаржылық қызметінің нәтижесі ретінде
қөрініс табады;
- бұл қатынастар экономикалық қатынастардың бір түрі болғандықтан базистік
қатынастар құрамында болады;
- бұл қатынастар әркашанда баламасыз трансферттік қатынастар қатарына
жатады;
- бұл қатынастар мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында қаржылық
заңңамасық актілер мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер
негізінде туындайтындықтан әрқашан да құқықтық нысанда болады;
- материалдіқ және ұйымдастыру мәнді-мазмұнды мемлекеттік қаржылық
қатынастар түрінде топтастырылады.
Қаржылық құқықтық реттеу әдістері:
- мемлекеттің қаржылық қызметінің ауқымындағы тиісті құқықтар мен
міндеттердің туындау негіздері және олардың өзара байланыстарының сипаты;
- қаржылық-құқықтық санкциялардың сипаты, оларды қолдану негіздері,
тәсілдері және процедуралары сияқты, сондай-ақ т.б. әлементтер негізінде
қалыптасады;
- мемлекеттің қаржылық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен
міндеттеріннің мәнін-мазмұнын қалыптастыру тәсілдері.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Қаржы құқығының пәні
2. Қаржы құқығының ұғымы, көздері
3. Қаржы құқық жүйесі.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Грачева Е.Ю.,Соколова Э.Д Финансовое право. Учебное
пособие.Москва.:Новый юрист. 1998.
2. Худяков А.И. Налоговое право.Алматы.-1996.
3. Сидоренко Т.В. Финансовое право. Учебное пособие.Усть-каменогорск.2004.
4. Сартаев С.С., Найманбаев С.М. Бюджеттiк құқық .Алматы. Жетi жорга.2006
ж.
5. Валюталық реттеу туралы Қазақстан Республикасының Заңы.24.12.1996.
6. Аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 20.11.1998.

3 лекция. Ақша жүйесінің құқықтық негіздері
МАҚСАТЫ: Қайта құру кезеңіне дейін ақша айналымы мен ақша айналысы
ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылмады. Бүгінгі лекцияның мақсаты
мемлекеттік ақша жүйесінің құқықтық негіздерінің түсінігі және ақша
түсінігін айырмашылығын, қолма-қол ақша түсінігін анықтау болып табылады.
1. Ақшаның ұғымы және функциялары. Тарихи пайда болатың ақша жүйелері.
Биметализм және монометализм, оның түрлері.
2. Ңарықтық және жоспарлау экономикасымен мемлекеттердің ақша жүйелерінің
өзгешілік белгілері.
3. Ақша жүйесінің ұғымы, қағидалары, элементтері. Ақша жүйесінің тұрақтану
әдістері.
5. Валюта реттеунің ұғымы, міндеттері және әдістері және валюталық бақылау.
Ақша айналысы деп – қолма қол ақшалардың қозғалысы танылады.
Ақша айналамы деп – ол қолма қол және қолма қолсыз ұғымын сипаттайды.
Бұл қолма қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табыстарының бөлінуін
қарастырса, қолма қолсыз ақша өндіріс қаражатының бөлінуін қарастырады.
Ақша белгілері әртүлі жағдайларда қамтамасыз етіледі. Қолма-қол
теңге тұтыну заттары мен қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілсе, қолма
қолсыз теңге бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз
етіледі.
Мұндай жүйе тек қана орталықтанылған жоспалы экономика жағдайында ғана
мүмкін болады. Себебі ол уақытта кәсіпорындар мен халықтың қолында қанша
ақша, қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгілі
болған.
КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына, меншіктің мемлекеттің
игілігіненалынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру мүмкін емес болып
қалады.
Ақша айналысының объективтік негізі – тауар өндірісімен тауар айналысы
б.т.
Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа
тауар сатып алуы үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни
айналыстаболуына мүмкіндік жасайды.
Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс
бір бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін,
айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналысы әрқашан жүреді.
Ақша айналыста жүре отырып, ол әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы
функцияларын атқарады.
Сонымен, тауар саудадан түскене ақша қарызды өте жұмсалуы мүмкін. Өз
кезегінде, қарызды өтеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы
мүмкін.
Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотын өндіруге байланысты өзінің
меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты
жағдайды түбірімен өзгертті. Осыған байланысты 1992-1993 ж. ж. қолма-қол
ақшаның тапшылығы тұрғысында енгізілген дерективті саясаттың орнына
республикмызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың
экономикалық әдістердің алғышарттары жасалды.
Дамыған елдерде бұл процесс кеңінен дами түсті: оларда қолма-қол ақша
айналысы өріс алып жатыр.
АҚШ-та халықтың есеп айырылысуының 25-27 ℅ ғана қолма-қол ақшамен , ал
қалғаны чек, несиелік карточкалар т.б. көмегімен жүргізіледі.
Өмірлік тәжірибе көрсеткендей ақша айналысын ақша айналымынан бөлуге
болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түре
шектеуді ғалымдар онша қабылдай қоймайды.
Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес.
Ақша айналасында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға және екрісінше өтеді.
Сонымен, бүкіл ақша айналысы қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып
бөлінеді. Сондайақ:
- өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп
айырысуларымен байланысты ақша аналымы;
- ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз,
несте ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.
Валюта – еліміздегі барлық тауарлардың бағасын өлшеу жөніндегі
атқаратын, мемлекет тарапынан аталып белгіленген ақша.
Ұлттық валюта жүйесі – халықаралық валюталық құқық нормаларын есепке
ала отырып ұлттық валюталық заңдармен бекітілген валюталық қатынастарды
реттеу және ұйымдастыру нысанын айтамыз.
Ұлттық валюта жүйесі халықаралық валюта жүйелерімен тығыз өзара қарым-
қатынаста және еліміздің экономикаыс және сыртқы экономикалық
байланыстиарының даму дәрежесіне тәуелді болды. Халықаралық валюталық
жүйелердің тарихи даму кезеңдеріне орай мынандай түрлері болды:
1) тарихи валюталық жүйесі:
2) генуя валюталық жүйесі;
3) Британ валюталық жүйесі;
4) Ямайка валюталық жүйесі
5) Европа валюталық жүйесі
Ұлттық валюта айналысына – ақша шетелдік валютаға қатысты мемлекет
тарапынан белгіленіп қойылған шектеулер валюта айналысының режимі деп
аталады.
Валюталардың түрлері:
- толығымен айналыста болатын
- жартылай айналатын
- айналысқа түспейтін.
Қазақстан валютасы жартылай айналыста болатын валюталар қатарына жатады.
Валюталық монополия валюталық құндалақтармен мәлім жасау жөніндегі тек
мемлекеттің құзырындағы нарықтық айрықша қатынастар мен халықаралық
валюталық қордың талаптарына сәйкес шектелген құқық болып табылады.
Қазақстандағы валюталық құндылықтар:
- шетелдік валюта
- номиналдары шетел валютасымен көрсетілген төлем құжаттары мен бағалы
қағаздар
- толығымен тазалау процесінен өткен алтын құймасы және резиденттері мен
резидент еместердің арасындағы операцияларды жүзеге асыру кезінде
пайдаланылатын ұлттық валюта
- номиналдары ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар мен төлемдік
құжаттар жатады.
Мемлекеттің валюталық монополиясының объектілері ретінде мынандай төлемдік
құжаттар мен бағалы қағаздар:
1) шетелдік банктердің чектері, аккредативтері және пластикалық карталары
2) шет елдік банктердің депозитивтік сертификаттары
3) шет мемлекеттердің заемдық облигациялары
4) шет мемлекеттің қазыналық балдары мен вексельдері
5) шетелдік акционерлік қоғамдар мен компаниялардың акциялары
6) шет елдік заңды тұлғалар облигациялары түрінде көрініс табады.
Мемлекеттік қаржы саласындағы басқару мемлекеттік қаржыларға қатысты
тиісті қызметтерін жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік және арнайы
қаржылық органдардың жүйесін айқындайтын, сондай-ақ олардың осы саладағы
құзыреттерін белгілейтін қаржылық құқық болып табылады.
Мемлекеттік қаржы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар жүйесінде:
А) мемлекеттегі өкілдік билік органдар:
1) жоғарғы заң шығарушы және өкілді орган
2) жергілікті өкілді органдар
Б) мемлекеттің атқарушы билік органдары:
1) жалпы құзіретті орталық атқарушы орган
2) орталық салалық құзіретті орган
3) Жалпы құзыретті жергілікті атқарушы органдар
4) жергілікті салалық және функционалдық органдар
5) министрліктер мен ведомствалық аумақтық органдар
6) жергілікті әкімдіктердің бөлімдері мен басқармалары
В) мемлекеттің арнайы мамандандырылған қаржылық – экономикалық
органдары:
1) ҚР қаржы министрлігі, оның құрлымдары мен аумақтық бөлімшелері
2) ҚР Ұлттық банкі
3) ҚР экономикалық және бюджеттік жоспарлау министрлігінде көрініс
тапқан.
Әдістері:
1) валюталық реттеу объектілерін анықтау
2) валюталық операцияларды жүргізудің қағидаларын белгілеу
3) мемлекеттің валюталық монополияларының объектілерін айқындау
4) мемлекеттің валюталық монополияларының объектілерімен жасалынатын
операцияларды халықаралық хақы бар мемлекеттік органдардың
құзыреттерін белгілеу
5) валюталық операцияларды, оның ішінде шетелдік валютамен жасалынатын
операцияларды жүзеге асрыу хақы бар заңды тұлғаларды мемлекеттік
тірекеу
6) валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты қызметтерді
лицензиялау
7) валютамен жасалынатын операцияларға бақылау жүргізу.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1.Ақша айналымы мен ақша айналысының түсінігі
2.Екеуінің айырмашылығы
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Грачева Е.Ю.,Соколова Э.Д Финансовое право. Учебное
пособие.Москва.:Новый юрист. 1998.
2. Худяков А.И. Налоговое право.Алматы.-1996.
3. Сидоренко Т.В. Финансовое право. Учебное пособие.Усть-каменогорск.2004.
4. Сартаев С.С., Найманбаев С.М. Бюджеттiк құқық .Алматы. Жетi жорга.2006
ж.
5. Валюталық реттеу туралы Қазақстан Республикасының Заңы.24.12.1996.

4лекция. Қаржы бақылаудың құқықтық негіздері
МАҚСАТЫ: Қаржылық бақылау — қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын
жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған
айырықшалық қызмет. Қаржылық бақылаудың қандай құқықтық негіздері және
қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы қандай болады соны анықтау болып
табылады.
1. Қаржылық бақылаудың ұғымы, оның субъектілері, объектілері, пәні,
мақсаттары, міндеттері және әдістері.
2. Қаржылық бақылаудың жіктеліуі. Қаржылық бақылаудын түрлері.
3. Қаржылық бақылау органдары және олардың компетенциясы.
4. Аудиттің және аудиттік қызметтің ұғымы, түрлері, қағидалары және іске
асырудың тәртібі.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол
басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқтыбасқа
элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға
бақьлау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл
функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара
салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп
отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру,
айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан
ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық
қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың
кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен
толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.
Бақылау функциясы — қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға
тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану
болып табылады.
Қаржылық бақылаудың өзгешілігі - оның ақша нысанында жүзеге
асырылатындығыңда.
Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: экономикалық заңдар талабының
сақталуы; жалпы қоғамдықөнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу және қайта бөлу
үйлесімдерінің оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы (бюджеттік
бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік мекемелердің,
қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңи тұлғалардың еңбек, материал және
қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды тиімді пайдалану.
Қаржылық бақылау сонымен бірге салықтық бақылауды да кіріктіреді.
Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен:
әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура
келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз
байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу
қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының
көбінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып көрсетіледі.
. Қаржылық тәртіп - бұл белгіленген ұйгарымдардың және мемлекеттің, оның
шаруашылық жүргізуші субьектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және
пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен
әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жузеге асырудың
деңгейіне қарай карастырған жөн, яғни ол микро- немесе макродеңгейде
жүргізіледі.
Макродеңгейдегі каржылық бақылау — бұл бүкіл мемлекет ауқымында каржыны
ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етуін бақылау. Оның міндеттері мыналар болып
табылалы:
ақшалай қаражаттардың орталықтандырылаған қорларын калыптастырып, тиімді
пайдалану процесін қамтамасыз ету;
қаржы қатынастарын іске асырудың қолданыльш жүрген нысандары мен
әдістерінің объективті қажеттіліктеріне нысандар мен әдістердің сай келуін
бақылау;
қаржы ресурстарьн неғұрлым тиімді пайдалану, салалар мен аймақтардың
қаржы ресурстарына деген қажеттілігін оңтайлы түрде және саралай отырып
қанағаттандыру, азаматтардың әлеуметтік-мәдени сферасының қызметтеріне
деген қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында оларды салалар мен
аумақтар бойынша бөлудің алшақтықтарын анықтап, жою және басқалары.
Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың обьектісі болып көрінеді.
Жиынтық қаржы жоспарлары (сметалары), аумақтық, салалық тұрғыда олардың
атқарылуы туралы есептер бақылаудың предметі болып табылады. Әр түрлі
қаржылық көрсеткіштер және жоспарлардың (сметалардың) және есептердің
бірқатар өндіргіштік көрсеткіштері талданады, жинақтап қорытылады және
осының негізінде қаржы қатынастарының нысандары мен әдістерін жетілдіру
жөнінде ұсыныстар жасалады.
Биліктің заң шығарушы органдары мен басқарудың мемлекеттік органдары бұл
деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.
Микроденгейдегі қаржылық бақылау- меншіктің барлық нысанындағы шаруашылық
жүргізуші субьектілер деңгейіндегі бақылау.
Микроденгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:
кәсіпорындардың қаржы саласында Қолданылып жүрген заңдардың сақталуын
қамтамасыз ету;
шаруашылық жүргізуші субьектілердің бюджет алдындағы міндеттемелерін
орындауының дер кездігі мен толымдылығын қамтамасыз ету;
қаржы ресурстары өсуінің ішкі өндірістік резервтерін табу;
ресурстардың барлық түрлерін ұтымды пайдалануға, бухгалтерлік есепті
дұрыс жүргізуге, есептеме жасауға және басқаларға жәрдемдесу.
Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бұл деңгейде
бақылаудың объектісі, ал қаржылық көрсеткіштер (табыс, пайда, өзіндік құн,
аударымдар, салықтар және басқалары) оның предметі болып табылады. Қаржылық
бақылауды кәсіпорындардың экономикалық службасы, оның жеке мамандары жүзеге
асырады. Бұл мақсатқа тәуелсіз аудиторлық ұйымдар да тартылады.
Қаржылық бақылаудың сыныптамасы субъектілердегі айырмашылықтарға, бақылау
іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне
(әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт
бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша
жіктеледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге
асыратын субъектілерге (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе
ұйымдарға) қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып
ажыратылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) – мемлекеттік қаржылық
бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің
атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу,
олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет
кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар
мен көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақшаны
пайдалану бөлігіндегі қызметінің Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкестігін тексеру.
Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері — Қазақстан Республикасының
Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар, бюджетке түсетін түсімдерді алуға
және бақылауға жауапты мемлекеттік органдар, республикалық және жергілікті
бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволық
бағыныштағы ұйымдары, бюджет қаражаттарын алушылар, мемлекеттің гранттарын,
активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңи
тұлғалар.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары — Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және ішкі бақылау жөніндегі
орталық уәкілетті орган.
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай типтерге бөлінеді:
1) сәйкестікке бақылау жасау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісі
қызметінің Қазақстан Республикасы зандарының талаптарына сәйкестігін
бағалау;
2) қаржылық есептемені бақылау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің
қаржылық есептемені жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін
және уақыттылығын бағалау;
тиімділікті бақылау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің
республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаттарын, мемлекет активтерін,
мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілген
қызметтерді) өткізуінен түскен ақшаны үнемділікпен, нәтижелікпен және
өнімділікпен пайдалануын тексеру мен бағалау.
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай түрлерде жүзеге асырылады:
1) кешенді бақылау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің
нақты кезеңдегі қызметін жаппай әдіспен тексеру және бағалау;
2) тақырыптық бақылау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің
нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша жаппай әдіспен тексеру
және бағалау;
3) үстеме бақылау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісіне
қатысты ақпарат алу қажеттігіне байланысты үшінші тұлғаларды бақылау, ол
операциялардың бірдейлігіне қарай бір-бірмен өзара байланысты құжаттарды
салыстырып қарауды білдіреді.
Үстеме бақылау тек қана мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі
объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша және тексеріліп отырған
мәселе шеңберінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режімін қамтамасыз
ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтілік, анықтық, ашықтық,
құзырлылық, жариялылық қағидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге
асырылады.
Сыртқы бақылауды республикалық деңгейде Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, жергілікті деңгейде
мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін
мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы болып табылады.
Салықтық бақылау салық заңнамасының атқарылуы, бюджетке салық және
басқа төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы
жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз етеді. Салықтық
бақылаумен меншік нысандарына қарамастан, барлық шаруашылық жүргізуші
субъектілер, сондай-ақ табыс табатын азаматтар қамтылған.
Банктік қадағалау кредит ресурстарын қалыптастыру және олардың
қозғалысы барысында, күрделі құрылыс процесінде, кәсіпорындардың кассалық
тәртіпті сақтауын тексеру кезінде, қолма-қол ақшасыз есеп айырысқанда және
басқа жағдайларда жүргізіледі. Банктік қадағалаумен, бақылаумен кредит-есеп-
қисап қатынастарына қатысты барлық шаруашылық субъектілер қамтылған.
Аудиторлық бақылау – ведомостводан тыс тәуелсіз қаржылық бақылау. Оны
біліктілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне талдау
Қазынашылық жүйе
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі мен әлемдік тәжірибені салыстыра отырып зерттеу
Мемлекеттік қаржы, оның мәні және қызметтері
Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның әлемдік тәжірибесі
Қаржы жүйесінің қағидаттары
Қаржы жүйесін ұйымдастыру принциптері
Экономикалық факторлар тербелістерінің қаржы нарығына әсерін бағалаудың теориялық негіздері
Қаржы түсінігі
Пәндер