Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары


Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ - түрік университеті
Факультеті: Тарих - педагогика
Кафедрасы: Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі
Сөж
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары.
Қабылдаған: Абдукаюмов С.
Орындаған: Азат Ә.
Тобы: ППМ - 311
Түркістан - 2013ж
Жоспар:
Кіріспе
1. Қазақстан пайдалы қазбалары.
1. 1 Жанатын пайдалы қазбалар.
1. 2 Рудалы пайдалы қазбалар.
1. 3 Рудасыз пайдалы қазбалар.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Қазақстан өзінің жер қайнауының байлығымен әйгілі. Оның байлығы территориясының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу кезінде магмалық жыныстар енгенде және шөгінді жыныстар метаморфтанғанда, рудалар және түрлі минералдар пайда болады. Қатпарлы жақпарлы таулар (Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань) қатты бұзылып күшті кемірілген сайын рудаға бай теңдігі жатқан тау жыныстары жер бетіне жақындап кейде тіпті жер бетіне шығып қалған. Көбіне бұзылған ескі таулардан рудалы қазбалар табылады.
Платформалар облыстарда пайдалы қазбалар беткі шөгінділерде де қатпарлы негізінің метаморфталған жыныстарында да кездеседі. Шөгінді жыныстарда көбнесе рудасыз қазбалар қалыптасады.
1919-1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір бассенінің өнеркәсіптік мүмкіндігі анықталады. Содан бері Қазақстанның геологтары пайдалы кендерді ашып жоспарлы зерттеу жөнінде зор жұмыстар жүргізді.
Қазақстарн қазір хром, ванадий, рений, висмут, фтор қоры жағынан дүние жүзінде бірінші орын алады. Ал темір, хромит, қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден, фосфорит, мыс, калий және кадмий қорынан елімізде алдыңғы орындардың бірінде. Пайдалы қазбалар кен орындары үш топқа
бөлінеді: жанатын, рудалы және рудасыз.
Мұнай мен газдың қоры Атырау, Ақтөбе және Орал облыстарында шоғызланған. Мұнай фантаны бірінші рет 1911 жылы Жайық-Жем бассенніндегі Доссор жерінде атқылады. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңғыстау түбегінде Өзен және Жетібай қосылады. Кейін олардан аса зор Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңқияқ пен Жаңа жол (Ақтөбе облысы), және Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) кен орындары ашылды. Оқыту іс әрекеттері мен әдістері. Тектоникалық және физикалық карталарды беттестіре отырып пайдалы қазбалардың пайда болуы заңдылықтарын түсіндіру. Қазақстанның дүние жүзінде пайдалы қазбалар жөнінен алатын орнын баяндау. Қазба байлықтары кен орындары мен олардың ерекшеліктерін анықтауда «Қазақстанның пайдалы қазбалары» картасымен жұмыс істеу.
Қазақстан жер қыртысында тоқсаннан астам пайдалы қазбалар кездеседі. Республика аумағында пайдалы қазбаларды іздестіру жиырмасыншы ғасырдан бастау алған.
Кен орны пайдалы қазбаларды іздестіру өндіруге жарарлықтай жер қыртысында табиғи шоғырлануы. Біздің елімізде 6мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Пайдалы қазбалардың таралу ерекшеліктері: Архей протерозой, полезой, эраларының қалың шөгінді жыныстарының да мыс, мырыш, никель, темір, алтын, фосфор рудалары кездеседі. Қазақстанның минералды шикізат базасы дүние жүзінде уранның 25%-ын құрайды. Экзогендік кен орындары басым таралған. Елімізде уранның 100-ге жуык кен орындары барланған. Оның тең жартысы Солтүстік Қазақстанда орын алады. Ірі органогендік кен орындары Маңқыстау түбегінде кездеседі. Барланған қоры (470 мың тонна) жағынан Қазақстан дүние жүзінде екінші орында. Қазақстанда бүкіл ТМД жерінде өте қуатты уран минералдық базасы бар.
1. 1 Жанатын пайдалы қазбалар.
Мұнай мен газ-Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және батыс қазақстан облыстарында шоғырланған. 1899 ж. Қарашүңгілде Әмбі кен орнында бірінші рет мұнай атқылады. 1911 ж. Доссор, 1915 ж. Мақат кен орны пайдалануға берілді. 1960 ж. Өзен мен Жетібай қосылды. Кейіннен Қаражамбас пен қаламқас, Теңіз ( Атырау облысы), Кеңқияқ және жаңажол ( Ақтөбе облысы) , Қарашығанақ ( Батыс Қазақстан облысы) пен Құмкөл( Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар. Бүгінде республикада жылына шамамен 55 млн. т. мұнай, 7, 5 млрд. м3 газ өндіреді. Шетелге 17 млн. тоннадай өңделмеген мұнай шығарылады. 10 көмір алабы, 300 кен орны бар, жалпы 162 млрд. т. қоры бар. Қарағанды алабы-3600 шқ 2 жерді алып жатыр. Ол- негізгі көмір базасы.
1. 2 Рудалы пайдалы қазбалар.
Темір. Қазақстан темір кені қоры жөнінен ТМД бойынша Ресей мен Украинадан кейін үшінші орын алады (17 млрд т) . Оның 93%-ы Қашар, Сарыбай, Соколов, Әйет, Лисаков кен орындарында, Солтүстік Қазақстанда шоғырланған. Сарыбай темір кен орнын 1948 жылы ұшқыш М. Сургутанов ашты. Ұшақ кен үстінен ұшқанда, темір аномалиясының әсерінен түсбағар тілінің кенет ауытқығаны ұшқыштың көңілін аударды. Көп ұзамай, өте сирек кездесетін темір кені ашылды. Мұндағы кен жоғарғы сапалы және оның құрамындағы темірдің мөлшері 50-60%-ды құрайды. Шөгінді жыныстардан пайда болған рудалар Қостанай облысындағы Әйет және Лисаков кен орындарында кездеседі. Руда 30 м тереңдіктен ашық әдіспен өндіріледі. Кеннің құрамында таза темір 37-52%. Темір кенінің шағын кен орны Қарағанды (Кентөбе, Қаратас), Солтүстік Қазақстан (Атансор) аймақтарында бар.
Марганец. Қазақстанда 11 марганец кен орны бар, ең ірі кен орындарына Орталық Қазақстандағы Атасу және Жезді жатады. Мұндағы рудалардың 27%-ына жуығы марганец. Марганец кендері Ұлытау, Сарыарқа, Қаратау, Маңқыстау өңірлерінен де табылды.
Республикадағы марганец рудасының қоры 408 млн тоннаны құрайды. Дүние жүзі бойынша 2-ші орында.
Хром. Хромит кен орындарының 99%-ы Мұғалжар тауларында кездеседі. Кемпірсай және Дөң тобына жататын кен орындары жоғары сапалы рудалармен әйгілі. Қазақстан хромит кенінің барланған қоры мен жылдық өндірілетін мөлшері жөнінен дүние жүзінде екінші орынға шықты. Олар тоттанбайтын болат қорытуға қажет. Хром әлемнің 40 еліне шығарылады. Хромит кендері Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында да ашылды. ТМД елдеріндегі хромиттің 97 %-ы Қазақстанда өндіріледі. Оның 21 кен орны есепке алынған. Жалпы қоры 430 млн т. Никель. Никельдің едәуір коры Мұғалжар таулы ауданында үгілген тау жыныстары құрамында шоғырланған. Никельдің 40-тан аса ірі кені Ақтөбе облысындағы Кемпірсай кен орнының үгілу қыртысындағы Бұрақтал кеніштеріне де шоғырланған. Қостанай облысындағы Аққара, Ақтау кендерінің коры мол, сапасы жоғары. Никель кен орындары Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында да бар.
Алюминий. Қазақстанда алюминийдің негізгі шикізаты боксит. Ашылған 200 кен орнының 50-ден астамы платформалық типке жатады. Негізгі кен орындары Сарыарқаның солтүстік-шығысында Акмола және Торғай ойысында (Арқалық торабы) . Бұлардағы боксит коры онша көп емес. Сондықтан құрамында глиноземы бар басқа шикізат көздерін (нефелин рудасы, Екібастұз көмірінің қалдығы) пайдалану жолдары іздестірілуде. Қазақстан алюминий өндіру жөнінен ТМД елдері арасында алдыңғы орындардың бірін алады.
Мыс. Қазақстанда мыс рудасының аса бай қорлары бар. Мысты құмтастардың ең ірі кен орны Жезқазған. Жезқазған кен орны ТМД бойынша бірінші, дүние жүзінде екінші орында. Қазақстан мыс өндіру жағынан дүние жүзінде жетінші орын алады. Өнімнің 92%-ы шет елге шығарылады.
Мысты кен орындарының ірілері Қоңырат, Бозшакөл. Бұлардағы мыс ашық әдіспен қазылып алынады, бірақ рудада металл мөлшері аз. Полиметалдар. Полиметалл кеніне қорғасын, мырыш, мыс қоспалары, алтын, күміс, тағы басқа металдар жатады. Қорғасын мен мырыштың ең бай кен орындары Кенді Алтайдағы Риддер, Зырян, т. б. жерлер. Мұндағы кендерде металл көп. Полиметалл кен орындары Жетісу Алатауындағы Текелі және Қаратаудағы Ащысай мен Мырғалымсайда бар.
Соңғы жылдарда қорғасынның бай кен орындары Орталық Қазақстанда (Қызылеспе, Қасқаайғыр, т. б. ) барланды.
Алтын. Қазақстанда 196 алтын кен орны бар. Алтын республиканың шығысындағы Алтайда, Қалба жотасы шеңберінде, солтүстік-батысындағы Жітіқара өңірінде өндіріледі. Орталық Қазақстанның солтүстік аймағындағы алтын шығатын кен орындары: кварцты желі, кайталама кварцит пен шашыранды алтын (Степняк, Ақсу, Майқайың) кездеседі. Қалба жотасында да кварцты желі және шашыранды алтын кен орындары шоғырланған. Шағын кварцты-желілі кен орындары Жетісу және Іле Алатауларында да бар.
Сирек кездесетін металдар. Бұл топқа вольфрам, молибден, ванадий, висмут, сүрме, т. б. жатады. Аталмыш кен орындары бойынша Орталық Қазақстан алдыңғы орында. Кейбір сирек кездесетін металдар (кадмий, индий, висмут, селен, сынап, т. б. ), сондай-ақ полиметалл кен орындары Жетісу Алатауы мен Алтайда шоғырланған.
1. 3 Рудасыз пайдалы қазбалар.
Асбест. Асбест кен орны магмалық жыныстарға байланысты игеріледі. Ең ірі кен орны Қостанай (Жітіқара) және Қарағанды (Жезқазған) облыстарында. Мұғалжардың оңтүстігінде Бөгетсай және Шу-Іле тауларында, Хантау кен орындарында асбестің едәуір қоры бар.
Фосфорит. Қазақстан фосфориттің коры жөнінен АҚШ-тан кейін екінші орын алады. Оңтүстік Қазақстан аймағында, Қаратауда ірі фосфорит кен орындары (Шолақтау, Ақсай, Жаңатас) бар. Сапасының жоғарылығы және қабатының қалыңдығы жөнінен бұл кен орындарының бүкіл жер шарында теңдесі жоқ. Сондай-ақ фосфорит кен орындары Актөбе облысында, Жем өзенінің жоғары ағысында да кездеседі.
Тұз. Қазақстан аумағында тұз қоры өте мол. Әсіресе тұзға Каспий маңы ойпаты бай. Ондағы кей жерлерде тұз кабатының қалыңдығы (тұз күмбездері) 2 км-ден асады. Кейбір кабаттарда ас тұзына қоса, калий, т. б. тұздар да кездеседі. Сондай-ақ Каспий маңы ойпаты мен Батыс Сібір жазығында және республиканың басқа да аудандарында көптеген тұзды көлдерде тұнба тұздар жиналған.
Қазақстан әктас, мергель, бор, мәрмәр, гипс, отқа төзімді саз, кварцты құм, минералды бояулар сияқты құрылыс материалдарына да бай. Бұлардың кен орындары республиканың көп жерінде кездеседі. Құрылыс материалдарының 1500 кен орындары ашылған. Пайдалы қазбалардың халық шаруашылығы үшін маңызы зор. Көптеген кен орындары бір-біріне жақын жатқандықтан (темір мен марганец, темір мен тас көмір, әктастар мен отқа төзімді саздар), бұларды кешенді түрде өңдеуге мүмкіндік береді. Біраз пайдалы казбалар жер бетіне жақын жатқандықтан, оларды қазып алу көп шығынды талап етпейтін ашық әдіспен өндіріледі. Қазақстанда барланған кен орындарының едәуірі қазір пайдаланылуда. Солардың негізінде көптеген зауыттар салынды. Қазақстанда минералды шикізат қорының барлық түрі бар. Бірақ мұнай, көмір, темір рудасы, т. б. минералды ресурстар шексіз емес. Олардың жалпы коры пайдаланылған сайын азая береді. Кейбір кен орындары сатылып, барлау нәтижесінде жаңа кен орындары ашылып жатыр. Мұның өзі жер койнауы байлығын қорғауды талап етеді. Сонымен бірге кен орындарын игеру ісі табиғат қорларының (топырақ жамылғысы, жер асты және жер беті сулары, орман, егістік, жер, ауа, т. б. ) жағдайына әсерін тигізеді. Сондықтан сарқылатын қорларды кешенді әрі тиімді пайдалану және оларды сақтап, қорғау ісін жүйелі түрде жүргізу қажет. Табиғатта таза химиялық элемент кездеспейді. Мысалы, көптеген темір кенінің құрамында фосфор, күкірт сиякты сирек металдар бар. Негізгі кенмен бірге құрамындағы басқа қазбаны да айырған дұрыс. Ол үшін негізгі және бірге жатқан пайдалы қазбалар корын жер койнауынан неғұрлым толық алу керек. Шикізатты өндіргенде, тасымалдағанда және өңдегенде кететін қыруар шығынмен күрескен жөн. Бүгінгі күні шикізатты қалдықсыз өңдеу технологиясынакөшу тиімді болып отыр. Өнеркәсіп - Қазақстан шаруашылығының басты саласы. Экономиканың алға басуы соған байланысты. Өнеркөсіптің дамуы жаңа қалалар мен жолдар салуды ілестіре жүреді. Ол ауыл шаруашылығының, құрылыстың, қызмет көрсету саласының даму деңгейіне де үлкен өсер етеді. Жалпы алғанда, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптен тұратын қазіргі заманғы индустрия алуан түрлі өндірістердің жиынтығы болып табылады. Өнеркәсіп өндірісі мен салаларының қаржыны, ғылымды, еңбекті, шикізатты, энергияны және суды қажет ету деңгейі әртүрлі. Өнеркәсіп өнімінің 10%-ы (өзіндік құны бойынша) өндіруші салаға тиесілі болса, қалған өнімді өңдеуші кәсіпорындар береді. Қазіргі заманғы өңдеуші өнеркәсіп байырғы (таскөмір, қара металлургия, кеме жасау және тоқыма), жаңа (автомобиль жасау, алюминий өндіру, химиялық талшықтар мен пластмасса өндірісі) және ең жаңа салаларды (микроэлектроника, робот жасау, есептеуіш машиналар жасау, атом және аэроғарыш өндірісі және т. б. ) қамтиды. Қазіргі заманғы кәсіпорындар салық жеңілдіктері бар еркін экономикалық зоналарда және шекаралық аудандарда көбірек орналасады, бұл аумақтарда аудандар да қалыптасуда. Өнеркәсіптің теңіз жағалауларына "ығысуы" да байқалады. Соның нәтижесінде кейбір портты қалалар маңында сырттан сырттан әкелінетін шикізатты бастапқы өңдеуден өткізетін ірі өнеркәсіптік кешендер пайда болған. Аталған кешен құрамына казіргі заманғы шаруашылықтың негізін құрайтын отын (мұнай, табиғи газ, көмір және т. б. ) мен электр энергиясын өндіру, оларды тасымалдау енеді. Өндірістің дамуы отын мен энергия түрлерін игерумен тығыз байланыста жүреді. Адамзат қоғамы дамудың неғүрлым жоғары сатысына көтерілген сайын өндірістің отын мен энергияға сұранысы арта түсті. Мұнай мен газдың мол қоры Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында шоғырланған. Мұнай елімізде бірінші рет 1899 жылы Қарашүңгілдегі Эмбі кен орнындағы мұнай ұңғысынан (скважина) атқылады. Ал 1911 жылы Доссор, 1915 жылы Мақат кен орны пайдалануға берілді. Бұл кен орындарынан алпысыншы жылдары Маңғыстау түбегіндегі Өзен мен Жетібай қосылды. Кейінірек олардан да қуатты Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңқияқ және Жаңажол (Ақтөбе облысы), Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) пен Құмкөл (Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. Қазір Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар. 1999 жылы Қазақстан қойнауынан алғашқы отандық мұнай алынғанына 100 жыл толғаны тойланды. Бүгінде республика жылына 45 миллион мұнай, 7, 5 миллиард м3 газ өндіреді. Шет елге 17 миллион тоннадай өнделмеген мұнай шығарылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz