Отбасы тәрбиесі және қиын баланы отбасында қайта тәрбиелеуді ұйымдастыру



1. Отбасы тәрбиесі және қиын баланы отбасында қайта тәрбиелеуді ұйымдастыру
2. Сыпайылық пен сөйлеу мәдениетінің ережелері.
3. Дәлдік пен міндеттілік ережелері:
4. Мектептегі тәртіп ережелері:
5. Көше тәртібінің ережелері:
Қиын оқушыларды қайта тәрбиелеу процесіндегі әдіс-тәсілдерді әдістемелік жағынан қолданудағы тәжірибелерді жалпы қорытудан туындайтын қайта тәрбиелеу кезеңдері :

1. Дайындық кезеңі - қиын баланың тәртібінің төмендеуіне себепші болған жағдайды анықтау.
2. Екінші кезең - «қиын»оқушылар мен «көше»жора–жолдастары арасындағы байланыстардың дәрежесін, тереңдігін айқындау.
3. Үшінші кезең - өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын оқушылардың ішкі жан дүниесінде өзгерістер туа бастайды. Көптеген жеткіншектердің мінезіндегі теріс қылықтар, әдет-дағдылары мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілікті сапалардың арасында «күрес» басталады. Ұжымдық қарым-қатынастарда әрбір қиын баланың бағыт-бағдарлары мен мұқтаждықтарын, ішкі дәлелін (мотив) айналдыруға педагог ат салысуы қажет.
4. Соңғы кезең - бекіту кезеңі. Әрбір қиын оқушы мінез—құлқындағы адамгершілік мәндік өзгерістер болған сайын өзін-өзі тәрбиелеуге талаптанып мінез-құлықтарындағы орынды қасиеттерін дамыта береді. Қиын балалардың өзін-өзі тәрбиелеу әрекеттерін ынта–ықыластарымен ұштастыру, сынып жетекшісі олардың өз-өздерін тәрбиелеудің педагогикалық ұтымды әдістемелік жолдарымен қаруландырып отыру.
Тәрбие процесін басқару өте қиын, ол еш уақытта бір қалыпты жағдайда өтпейді. Белгіленген мақсаттан ауытқып кетушілік болады. Өйткені педагогтар мен ата–аналар тарапынан баланың дамуында адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуында ағаттық, педагогикалық қателіктер жіберіледі.
Осының нәтижесінде тәрбиесі қиын балаларды байқауға болады. Педагогикалық тәрбиесі қиын балалар - бұлар оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді. Мұндай тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептердің бірі – үйелмен тәрбиесіндегі кемшілік, яғни балаларды оқытуда, тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, яғни қатігездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады.
Екінші себеп – бұл үйелмендегі сәтсіздік–маскүнемдік, ұрыс-төбелес, ұрлық, ата-аналардың және басқа үйелмен мүшелерінің жеңілтек мінез–құлқы, ажырасу –неке бұзу.
Үйелмен тәрбиесінде ата–аналардың мінез-құлқы шешуші фактор.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Отбасы тәрбиесі және қиын баланы отбасында қайта тәрбиелеуді ұйымдастыру

Қиын оқушыларды қайта тәрбиелеу процесіндегі әдіс-тәсілдерді
әдістемелік жағынан қолданудағы тәжірибелерді жалпы қорытудан туындайтын
қайта тәрбиелеу кезеңдері :

1. Дайындық кезеңі - қиын баланың тәртібінің төмендеуіне себепші
болған жағдайды анықтау.
2. Екінші кезең - қиыноқушылар мен көшежора–жолдастары арасындағы
байланыстардың дәрежесін, тереңдігін айқындау.
3. Үшінші кезең - өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын оқушылардың ішкі жан
дүниесінде өзгерістер туа бастайды. Көптеген жеткіншектердің мінезіндегі
теріс қылықтар, әдет-дағдылары мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілікті
сапалардың арасында күрес басталады. Ұжымдық қарым-қатынастарда әрбір
қиын баланың бағыт-бағдарлары мен мұқтаждықтарын, ішкі дәлелін (мотив)
айналдыруға педагог ат салысуы қажет.
4. Соңғы кезең - бекіту кезеңі. Әрбір қиын оқушы мінез—құлқындағы
адамгершілік мәндік өзгерістер болған сайын өзін-өзі тәрбиелеуге
талаптанып мінез-құлықтарындағы орынды қасиеттерін дамыта береді. Қиын
балалардың өзін-өзі тәрбиелеу әрекеттерін ынта–ықыластарымен ұштастыру,
сынып жетекшісі олардың өз-өздерін тәрбиелеудің педагогикалық ұтымды
әдістемелік жолдарымен қаруландырып отыру.
Тәрбие процесін басқару өте қиын, ол еш уақытта бір қалыпты жағдайда
өтпейді. Белгіленген мақсаттан ауытқып кетушілік болады. Өйткені педагогтар
мен ата–аналар тарапынан баланың дамуында адамгершілік қасиеттерінің
қалыптасуында ағаттық, педагогикалық қателіктер жіберіледі.
Осының нәтижесінде тәрбиесі қиын балаларды байқауға болады.
Педагогикалық тәрбиесі қиын балалар - бұлар оқуға, еңбекке, қоғамдық
өмірге ықыласы жоқ балалар. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жарамсыз әдеттерге
еліктеуге бейім келеді. Мұндай тәрбиесі қиын балаларды тудыратын
себептердің бірі – үйелмен тәрбиесіндегі кемшілік, яғни балаларды оқытуда,
тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде
мейірімсіздікті, яғни қатігездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады.
Екінші себеп – бұл үйелмендегі сәтсіздік–маскүнемдік, ұрыс-төбелес,
ұрлық, ата-аналардың және басқа үйелмен мүшелерінің жеңілтек мінез–құлқы,
ажырасу –неке бұзу.
Үйелмен тәрбиесінде ата–аналардың мінез-құлқы шешуші фактор.
Сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің мінез-
құлқыңызды тексеріңіз. Сіздің жеке мінез–құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе. Ата-
аналардың өздеріне талап қоюы, олардың өз үйелменін қадірлей білуі, өзінің
әрбір қадамын қадағалап отыруы тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі,-
деген болатын А.Макаренко. Оның сөзін жалғастыра келіп, ...егер сіз дөрекі
және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз, онда сізге тәрбие туралы ойланудың
қажеті жоқ.
Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан
(невроз), жиі қояншық ұстамадан (эпилепсия) азап шегеді, олардың ақыл–ойы
баяу дамиды. Мұндай балалар енжар, тынышсыз, ашушаң келеді. Әрбір ата-ана
ішкілікке, азғындыққа түспеу үшін күш–қабілетін пайдаланып, балаларға
мейірімді өнегемен әсер етуі керек .
Үшінші себеп – ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылмайды. Кейбір
үйелмен баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын, қоршаған
ортаға қатынасын жете біле бермейді.
Тату үйелменде ата–аналар балалардың күнделікті өмірі мен іс
-әрекеттеріне басшылық жасайды. Балалардың өздерінің қуанышын, қайғыларын,
уайымдарын, ойларын бөлісуге үйретеді, саяси мәселелерді, жаңа фильмдер мен
кітаптарды бірлесіп отырып талдайды, өздерінің сүйікті әндерін орындайды.
Мұндай үйелмен балаларын халқының тамаша рухани және еңбек дәстүрлері
рухында тәрбиелейді. Осылардың барлығы баланың ішкі дүниесінің қалыптасуына
игі әсер етеді.
Үйелмен бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық,
қайырымдылық, еңбек сүйгіштік т.б. тәртіп пен мінез–құлық қасиеттері дамиды
және қалыптасады. Үйелменде қоғамның келешек азаматы өседі. Басқаша
айтқанда бала білімнен құлықтық сенімге, сенімнен әрекет етуге ұзақ,
күрделі жолдан өтеді. Демек, үйелмен жеке адамның тәртібі және мінез–құлық
негізін қалайтын микро ұжым.
Төртінші себеп – бұл сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарындағы
қылықтары мен кемшіліктері. Мұндай жалпы және қарапайым жұмыстар бойынша
тәрбиесі қиын балаларды жан –жақты білу мүмкін емес. Оларды жете білу үшін
тәрбиесі қиын балалардың диагноздық белгілерін анықтау керек. Демек мұндай
балаларға кімдер жатады?
Ғылыми деректерге қарағанда ондай балаларда байқалатын белгілер:
біріншіден, анамальді қажеттілік (маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық т.б.);
екіншіден, тұрақты жаман қасиеттер жиынтығы (мейірімсіздік, жалақорлық,
жалғандық, өзімшілдік); үшіншіден, ата–аналармен немесе мұғалімдермен
тұрақты егесу жағдайлары; төртіншіден, басқа адамның көмегінсіз өзін-өзі
түзетуге қабілетсіздігі.
Осы жағдайға байланысты сынып жетекшілері тәрбиесі қиын балалармен
жұмыс барысында мына мәселелерді еске алу қажет:
а) тәрбиесі қиын балалардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу;
ә)олардың кемшіліктерін терең зерттеу, психологиялық– педагогикалық және
медициналық мәліметтерін жете білу;
б) мектептерде мақсатқа бағытталған жұмыстар жоспар бойынша нақты
жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру, жетілдіру.
Тәрбиесі асқынған балалармен жүргізілген жұмыс өнегесін озат
мектептердің іс – тәжірибесінен көруге болады.
Біріншіден, педагогикалық ұжым және ата-аналар комитеті бірігіп,
балалардың жағымсыз мінездерінің себебін анықтайды, оны іске асыру үшін
шаралар белгілейді.
Екіншіден, мектептегі тәрбие жұмысындағы сабақтастықты іске
асырады. Сынып жетекшілері күнделік жүргізіп, онда оқу жылының бойында
жүргізілген жұмыстарды жазып отырады. Бұл күнделіктер сыныптан сыныпқа
беріліп, ондағы мәліметтер мен яғни жүргізілген жұмыстардың мазмұны және
әдістерімен келесі сынып жетекшісі танысады, өзінің істейтін жұмысының
мақсатын, бағытын анықтайды.
Үшіншіден, тәрбиесі қиын жеткіншек жастағы балалардың әр түрлі
жұмыстарға - жиналыстарға, кештерге өздігімен іс-әрекетіне, бастауыш сынып
балаларын шефке алуға т.б. белсенділікпен қатыстырады.
Төртіншіден, мұғалімдерді педагогикалық-психологиялық біліммен
қаруландыру үшін кейбір мектептерде тұрақты семинарлар жұмыс істейді,
оларға тікелей көмектеседі.
Сонымен әртүрлі жұмыстар тәрбиесі қиын балалар бірігіп, топтасуына
және тәрбиешімен тәрбиеленушілер арасындағы өзара қатынастың жақсаруына
мүмкіндік туғызады.

Қорыта келгенде, біріншіден, педагогикалық тәртібі нашар жеткіншектің
жеке басының қалыпты адамгершілік қасиеттерін, қалыптастыру үшін тәрбие
ықпалдарының жүйесін құрудың алғашқы кезеңінің бірі-тиісті жағдай және
сөзсіз талаптылықты сақтай отырып, ересектердің ойластырылған, айқын
көрінген тілектестік қатынасын құру болып табылады.
Екіншіден, педагогикалық тәртібі нашар жеткіншектер яғни қиын
балалар туралы сөз ете келе, әр тәулікте 24 сағат болса, бұл балаларды 24
сағат бойы өздерінің тәртіпсіздігімен көзге танылып отырады деп ешқашан
айтуға мүмкін емес, айтпауымыз да тиіс.
Үшіншіден, олар әдетте қиын балалар болып көрінуі мүмкін. Бірақ
кейбір кездерде басқаларға деген жақсы қасиеттері және басқаларға деген
өзінің көмегімен көзге көрінерлік жұмыстар атқаруы мүмкін. Өкінішке орай,
бұл пайдалы әрекеттер көпшіліктің назарынан тыс қалып қояды.
Төртіншіден, бұған жалғыз себеп, көпшілік оларды жаман қасиеттерімен
танып отырады, олардың тек көрімсіз тараптарын іздеп отырады, ал олардың
жақсылықтары туралы айтылғандығы бұған сенімсіздікпен қаралады.
Бесіншіден, жеке адамды адамгершілік жағынан бұзылуға әкеліп соқтыратын
қақтығыстық ситуацияның түп тамыры отбасы тәрбиесінің кемшіліктерінде
жатыр. Отбасылық жағдайда, жетіспеушілік және әке-шешенің балаға деген
көзқарасы, мінез-құлқы, іс-әрекеті бала психикасына қатты әсер етеді, бұл
көріністер негізінде қиын балалар жетіліп шығады.
Алтыншыдан, отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктер мектептің бағыттауын
түзеуін, үйлестіркін, қажет ететін тек қана белгілі бір ағымды тудырады.
Өкінішке орай, мектепте мұғалімдер тиым салу педагогикасына жүгінген кезде
бұл кемшіліктер күшейе түседі. Қара дүрсін түйсінілген тәртіп балаларды
еркін де белсенді іс-әрекеттер жүргізу мүмкіндігінен айырады.
Бұл қиын балалар пайда болуындағы негізгі факторлардың бірі.
Педагогикалық тәртібі нашар жеткіншектермен жұмыс істеуде берілетін
ұсыныстар:
1. Балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау; оның жағымдықасиеттеріне
сүйену, оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену
сияқты өте биязылықпен жеке дара қатынасты қажет етеді.
2. Ең теріс қасиет– балалардың жалған айтуы болып табылады. Мұндай
кемшілікпен күресе отырып, қиялдау мен шындықты әдейі бұрмалауды
ажыратып алу қажет. Жалған айту, жаза алудан қорқудың да, жағымсыз
қылықтарын жасыруға, ұмтылудың да, өзін таныту айналасындағылардың
назарын өзіне аудару, тілегінің де салдары болуы мүмкін. Балалардың
жоқ ретінде де өтірік айту жиі кездеседі. Біріншіден баланың
өтірігінің нақты себебін анықтау, екіншіден өтіріктің барлық жағымсыз
көріністерін, оның қорқақтықпен, екі жүзділікпен өзара құрмет және
талап қоюшылық жағдайын туғызу үшін тәрбиешіге көп тер төгуі керек.
3. Педагогикалық тіртібі нашар жеткіншектер өмірде қатты адасқандар.
Әркім адасуы мүмкін, бірақ оларды дұрыс түсінік пайда болуы керек.
Олар өмірде жіберіліп қойылған қателіктерді жөндеуі, өмірге деген жаңа
көзқарас қалыптастырып, оны дамытып отырулары қажет!
4. Қазақ және түркі халықтарының әлеуметтік өмір-жағдай, мәдениетімен,
салт-дәстүрлері, бұл халықтардың педагогикалық көріністерін дамыту
туралы стратегиялық ғылыми теорияны жаратуымыз және оны орындаумыз
қажет.

ІІ. Сыпайылық пен сөйлеу мәдениетінің ережелері. Одай жағдайда мінез-
құлық ережелерін бұзуды теріске шығарарлық жалпы мектептің қоғамдық пікір
жасауда қиынға түседі. отырса, м
• Сыпайылық арқылы өзіңнің басқа адамдарға қатынасың білінеді. Сыпайы адам
басқаларға ыңғайсыздық жасап, өкпелетпейді.
• Сыпайы адам ылғи да сәлемдесіп, қоштасып жүреді. Сәлемге жауап бермеу
әдепсіздікке жатады.
• Сен отырған бөлмеге үлкен кісі кірсе, оған сәлем беру үшін орныңнан тұр.
• Үлкен кісіге бірінші болып сәлемдесу керек. Бірақ бірінші болып қол ұсыну
дұрыс емес. Егер де үлкен кісі қолын ұсынса, сен де қолыңды бер. Сәлем
бергенде амандасқан адамның бетіне тура қарап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасында бала тәрбиесін ұйымдастыру
Отбасында бала тәрбиесін тиімді ұйымдастыру. Ата-аналармен жұмыстың түрлері мен әдістері
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Отбасы - әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді үйретуші және ұйымдастырушы
Отбасындағы проблемеларды анықтау, оларды шешу жолдары
Оқушылардың өзін-өзі дамыту мен тәрбиелеуін қалыптастыру
Жанұяның педагогикалык процесін ұйымдастырудын теориялык негіздері
Мектеп пен отбасының тәрбие жұмыстарының маңыздылығы
Ата - ананың бала тәрбиесіндегі жіберілетін қателіктер
Педагогикалық қараусыз балаларды оқыту мен тәрбиелеу
Пәндер