Ғылыми теория ретінде менеджменттің қалыптасуы


ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯ РЕТІНДЕ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.
Менеджменттің қалыптасуы.
Менеджменттің теориялық және практикалық бастаулары ХІХ ғасырдан бастап пайда бола бастаған, бірақ менеджменттің ғылыми турғында басқару теориясы мен практикасың қалпытасуы XX ғасырға жатады.
Менеджмент теориясының негізін салушы Фредерик Тейлор. Оның еңбектері менеджментің концептуалды құрылымдарын қалыптастырған. Егер қазіргі таңдағы жағдайларда менеджмент дисциплинаралық теорияда алатын болса, бастапқы кездерде ол экономикалық ғылым шеңберінде пайда болған.
Тейлордың еңбектерінің құндылығы - оның теориясының негізінде өндірістегі өнімнің жылдам өсуі сол өндірістің кеңеюіне байланысты емес, керісінше ондағы қызметкерлердің еңбектерінің модернизациялық жүйесінің арқасында екендігіне қол жеткізді.
Классикалық менеджменттің ірге тасын қалаушылар: Г. Черча, А. Файол, Р. Эмирсон, Г. Форд және т. б. Олардың еңбектерінде мекемені басқарудың жаңаша жақтары ұсынылды. Бұл зерттеушілер жаңа басқару жолының функциясы мен практикалық ұсыныстарын тұжырымдап қана қоймай, сондай-ақ өндірісті басқарудың жаңа принциптерін ашты.
Бихевиористік (мінез-құлық) мектебі ХХ ғасырдың 20-шы жылдардың аяғы мен 50-ші жылдардың басында қарқын белен алды. Бұл бағыт психология мен социология ғылымдарын басқару жүйесінде қолданумен айналысты. Бұл мектептің негізін қалаушылардың бірі американдық ғалым - Элтон Мейр (1880-1949) болды. Американдық зертеушілер Мери Паркер Фоллет (1868-1933), Абрахим Маслоу (1908-1970) бихевиористік (мінез-құлық) мектептің өкілдері болып табылады.
Басқарушылық ойдың жаңа даму дәуірі (1950-1960) қазіргі сандық әдіс негізінде басқаруда математика мен компьютерді қолдану арқылы шешумен байланысты. Сөйтіп «басқару ғылымы немесе сандық ықпал мектебі өмірге келді. Бұл мектептің негізгі өкілдері: американдық ғалымдар С. Черчмен Джеймс Марч, Гербарт Саймон, Райт Джен Форрестер. Х. Райфа.
ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында менеджментке жаңа бағыт қалыптасты. Ол «ситуациялық әдіс» деп аталды. Әр түрлі жағдайды қарастырудың басты ерекшелігі әрбір ұйымдық-басқарушылық мәселені шешуді нақты қалыптасқан жағдаймен байланыстыруды талап етеді.
Менеджмент ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус» яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда, мал тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми практикалық мәнін білдіретін болды.
Ағылшын тіліндегі Оксфорт сөздігінде бұл ұғымғы мынадай түсінік беріледі:
а) адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;
ә) билік және басқару өнері;
б) шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
в) басқару органы, әкімшілік бөлігі.
Белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі:
1. Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылыды.
2. Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.
3. Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.
4. Құрама одақтық (ассоциоциялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемедегі секілді, мұнда қызметкерлер тобының іс-әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.
5. Бизнес-менеджмент. Үкіметтен және мемлекеттен өзгеше келетін ерекше түрі.
6. Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес-менеджменттің арнайы түрі.
Менеджмент әдістері - бұл ұйымның тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі басқару міндеттерін шешудің ережелері мен процедураларының жүйесі.
Менеджмент құрылымы жағынан төмендегідей түрлерге жіктеледі: өндірістік менеджмент, маман менеджменті, қаржы менеджменті, стратегиялық менеджмент, ақпарат менеджменті, инновациялық менеджмент, халықаралық менеджмент, маркентингтік менеджмент, сапа менеджменті және т. б.
Менеджменттің ең бастапқы бағыт-бастаулары белгілі болатын, тек мекеменің экономикалық сұрақтарынан басқаларына, яғни, еңбек қызметінің хронологиялық зерттелуі және еңбек өнімділігінің индивидуалды түрде жоғарлауы, басшылар қызметіне функционалды талдау жасау, қызметкерлердің дамуы және еңбек ету нормаларының нәтижесін шығару сияқты сұрақтары анықталмаған.
ХХ ғасырдың 40 жылдарында менеджментте адамаралық өзара қарым-қатынас сияқты психологиялық бағыт пайда болды. Менеджменттің психологиялық бастаулары Э. Мэйсонның ғылыми зерттеулерімен байланысты. Ол өнімнің нәтижелі болуын қамтамассыз ететін менеджмент аспектілерін нақты дәлелдеген. Басшылықтың жеке функциялары (мақсаттылығы, жоспарлаулары, шешім қабылдауы, түзету жұмыстары және т. б. ) жұмысшы топтарға беріле бастаған кезде басшылардың қадағалау жұмыстарының нәтижелі механизмдері анықталды.
Менеджмент мектебінің психологиялық сапалылығы дәрігер Рененің ойлауынша адамзаттың ең жоғарғы әлеуметтік қажеттіліктерінен тұратындығында еді. Еңбекке кері әсер ететін белгілерді жою қажеттілігі қалыптасып, «Қатынасу менеджменті» деп аталатын иерархиалық басқарудың тронсформациясын керек ететін басқарудың жаңа формуласы табылды. Экспериментальді зерттеулердің негізінде еңбек өніміне өндірістік ұйымдардың формальді қатынасуы әсер ететіні дәлелденді.
Кейбір ғалымдар әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың күрделілері қоғамдық өмірдің барлық жақтарынан көрініс табады деп тұжырымдады. Менеджмент барлық мекемелерде тек басқару функциясын ғана емес, сондай-ақ оны орындайтын менеджерлер, оқыту дисциплинасын (пәнін), ғылыми зерттеу теориясын да білдіреді.
Г. С. Никифоров пен Ю. Н. Сливкин менеджментті яғни, мақсаттар, құндылықтар, технология, мекеменің құрылымы, психо-әлеуметтік факторлары, басқару қабілеттері сияқты компоненттерінің өзара байланыстары деп түсінеді.
Роджерс пен Агарвала Роджерс есімдері кез-келген мекеменің даму этаптары мен табысты қызмет өміріне тікелей және жанама қатынасқа ие, және барлық ғылымдарды жинақтауға талпынысты ұйымдастыратын шеңбер әлеуметтік-технологиялық менеджменттің пайда болуымен байланысты.
Олар әлеуметтік-технолологиялық шеңберінде 5 негізгі зерттеу бағыттарына бөліп қарастырады:
- Кибернетикалық көз-қарастағы басқару концепциясы.
- Мекемелердегі басшылықты технико-биологиялық көзқараста қалыптастыратын жүйелердің жалпы теориясы;
- Ғылымда адами факторларды практикада жүзеге асыру мақсатындағы ұйымдастырушылық концепциясы;
- Мекеме қызметінің әділдігін бейнелейтін салыстырмалы көзқарастар мен жағдаяттар;
- Мекемені бүтін бір қоғам ретінде қарастыратын институттық саяси бағыт.
Б. З. Мелнердің баспасынан шыққан «АҚШ-тың мекемешілік басқару мәселелері» атты кітабында менеджменттің американдық тәжірибелер мен нақты мекемелердің іс-әрекетін тұжырымдамалағандығы жазылған. Осындай «Ұйымдастырушылықтың дамуы» атты тәжірибе мекемеге қарасты 3 көзқарасты біріктіреді, олар: жүйелік, мінез-құлықтық және жағдаяттық.
Жүйелік көзқарас ұйымның бүтінді құрайтын өзара байланысты бөліктерден тұратындығын айтады.
Мінез-құлықтық көзқарас адам мен ұйымның әрекеттесу нәтижесіндегі адамның іс-әрекеттерін қарастырады.
Жағдаяттық көзқарас басқару нәтижелерінің нақты нақты бір жағдайда ғана іске асатындығын, яғни, бір кездегі әсер еткен жағдайлар екіншісінде әсерсіз болып келетіндігін сипаттайды.
Менеджменттің тарихи дамуы, оның саясаттануы мен психологиялық жағынан тенденцияларының күшеюін анық көруге мүмкіншілік туғызатындығы белгілі.
Адамзат тұлғасының ұйымдарда беделдену жолдарын іздеу мен субъектілердің психологиялық ерекшеліктерінің әмбебап қызметі, еңбек ету маңыздылығын, яғни, кез-келген ұйым бірлесіп жұмыс атқаратын адамдардың бір жағынан олардың еңбек өтілі мен тәжірибесін, ал екінші жағынан бір мақсатта біріктіру жүйесі ретінде қызмет атқарады.
Бұл жағдай менеджменттің тек ұйымдастырушылық емес сондай-ақ экономикалық, психологиялық мәселелерін қалыптастыратынын көрсетеді.
Ғылыми әдебиеттердегі талдауларда қазіргі таңдағы менеджмент әртүрлі процестермен 3 деңгейде басқару керектігін көрсетеді: индивидтік, топтық және ұйымаралық. Менеджменттің кез-келген ұйымда, мақсат пен мәселелерді шешу барлық тізбектелген басқару деңгейінде әсерлі болуы индивидтің қимыл-қозғалысымен анықталады.
Түрлі көз-қарастарды салыстыра отырып талдау менеджменттің мәселелері бар жерлерін анықтауға мүмкіндік туғызады.
- Барлық деңгейдегі басшылардың (менеджерлердің) кәсіби тәжірибесінің жоғарлауы. Ол басқару стилінде: өзара қарым-қатынас жасауында, шешім қабылдауы, стратегиялық жоспарларды жеңуде және т. б. көрініс береді.
- Мамандарды басқарумен басқаруға дайындық жасау әдіс-тәсілдерінің әсерлілігінің жоғарлауы.
- Ұйымдағы адами қасиеттерді іздеу және оларды белсендіру.
- Ұйымға қажет менеджерлерді іріктеу және бағалау.
- Ұжым мәселелерін шешу мақсатындағы әлеуметтік-психологиялық климатты жақсарту және бағалау.
Г. С. Никифоровтың кәсіби іс-әрекетті психологиялық тұрғыда қамтамасыз ету концепциясы психологиялық менеджмент тәжірибелеріне құрылмалы теориялық негіз болып табылады. Аталған концепция мамандардың тәжірибесін этап бойынша қадағалайды. Бастапқы психологиялық іріктеме, оқытуды психологиялық тұрғыда қамтамасыз ету, бейімделу, мамандықтан «шығу».
Аталған этаптар толық мазмұнға ие операциялық компоненттермен сипатталады. Менеджердің кәсіби қызметін психологиялық тұрғыда қамтамасыз ету, ұжымды басқару нәтижелілігінің көрсеткіші. Бұл сондай-ақ менеджердің еңбектегі іс-әрекетінің субъектісі ретінде ғылыми практикалық жүйені көрсетеді. Осы жүйе профессионалдық қызметті қалыптастырады, диагностикалайды, түзетеді және т. б. Г. С. Никифорованың ойлауынша, ол келесі принциптерге келіп сүйенеді:
- менеджердің професионалдық қызметі проблемалық сипатқа ие;
- менеджердің професионалдық қызметі адамды қалыптастыратын ең негізгі жақтары ретінде беріледі;
- менеджердің професионалдық қызметі менеджер қызметінің ролдік ерекшеліктеріне сай болуына байланысты.
«Педагогикалық менеджмент» терминнің ғылыми кіріспесі 1991 жылы ұжымдық көпшілікте К. П. Вазина, Ю. Н. Петров, В. Д. Билиловский есімдерімен байланысты. Осы еңбекте дамып келе жатқан - педагогикалық менеджменттің жаңа моделінің негізі қаланды. Мұнда басшылардың оқыту мекемелеріндегі педагогтардың өздерінің білімдерін жоғарлатуы, яғни, дамытуы, олардың професионалдық және іскерлік қасиеттері мен қабілеттерін дамытуға мүмкіншілік туады.
Осы ғалымдардың пікірінше педагогикалық менеджменттің қажеттілігі келесі теориялық жағдайлармен байланысады:
- Басқару - педагогикалық қызметтің негізгі мақсаты ретінде ұжымның тоқтаусыз дамуын мойындау;
- Адамды, оның өзін-өзі дамытуын, бостандығын, құқығы мен шығармашылығын қайталанбас, жақсы маман ретінде мойындау;
- Нақты проблемалық ситуацияның ерекшеліктеріне қарамастан басқарудың ортақ және ортақ емес түрлерінің сайма-сай болуы;
- Басқарудың «төменнен жоғарыға қарай» болу бағыты, мұнда шешім қабылдау мен міндеттерді бөлу барлық ұжым мүшелеріне тең дәрежеде болатыны айтылады;
- Адамның пайда болған жаңа қбілеттерін максимальді түрде қолдана отырып, мамандарды жаңарту;
- Ұжымдық қызметтегі консенсусқа қол жеткізу;
- Құлықтық және экономикалық дисциплинаға жеңілдік туғызу.
Менеджмент жайлы отандық ғалымдардың еңбектеріне шолу.
Қазақстанның басқару ойлары тарихының тамырлары ғасырлар қойнауынан бастау алады. Жүздеген жылдар бойы басқару ойы біртіндеп жетілдірілді. Менеджментке деген қажеттілік адамның және оның біріккен қызметінің пайда болуына байланысты туды. Мемлекетті басқару жөнінде біздің еліміздің дамуының әрқилы кезеңіндегі әртүрлі міндеттер өткенімізге үлкен әсер етті және бүгінгі күні де Қазақстанның басқару ойынның қалыптасуы мен дамуына ықпал тигізуде.
Х-ХІІ ғасырларда басқару саласындағы алғашқы ойшылдардың бірі Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950) болды. Ол жұлдыздар мен басқа табиғи құбылыстарға қарай отырып, мемлекеттің, шаһарлардың болашаға мен бағыныштылардың тағдырын болжамдаған әміршілердің жалған көріпкелдігін ғылыми негізде дәлелдеді. Оның адамзат қоғамының шығуы, мемлекеттік құрылыс және басшыға талап қою туралы идеялары ерекше қызығушылық тудырып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан ғалымдары Әл-Фарабидің ғылыми мұраларын терең зерттеу мақсатында Отырар қаласының орнында қазба жұмыстарын жүргізуде.
Тәуке хан (1680-1715) әмірлік құрған дәуірде неғұрлым прогрециті мемлекет және рухани қайраткерлері Төле би (1663-1756), Қазыбек би (1667-1763) және Әйтеке би (1682-1766) болды. «Жеті жарғы» деп аталатын заң жинақтарында олар мемлекетті басқару жөніндегі өз пікірлерін мазмұндалады, мұнда орта ғасырлық қазақ қоғамындағы негізгі принциптер мен құқық нормалары бекітілген. «Жеті жарғы» - бұл әкімшілік, азаматтық және қылмыстық құқықтардың нормаларын мазмұндаған құжат яғни қазақтардың заңдар мен қарапайым құқық нормаларының алғашқы жазба жинағы болып абылады. «Жеті жарғыға» сәйкес мемлекеттегі жоғарғы билік ханның қолында шоғырланды. Басқару халықтық жиналыс құрылтай арқылы сұландардың және ру басыларының қатсуымен жүзеге асырылды.
Мемлекеттік басқару саласындағы кезекті идеолог және қайта құрушы Әбілхайыр хан (1693-1748) болды. Ол жеке хандық құрып, Қазақстанның далалық аудандарының ауқымды территориясында қырық жыл бойы мемлекеттік билікті ұстап тұрды. и алайда, бірнеше этнотерриториялық және этносаяси топтарға, ұлыстарға бөлінді.
XІХ ғасырда Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткерлерінің арасында ғалым-ағартушы Ш. Уалиханов (1835-1865) маңызды орын алды. Ол орыс ағартушылары мен революцияшыл-демократтарының алдыңғы қатарлы идеяларын қабылдады. Сонымен бірге патшаның отаршылдық саясатын айыптап, олардың қоғамдық-мәдени артта қалуын орыс мәдениетінен сусындау жолында жеңу үшін күресті, қазақтардың отырықшылық пен егін шаруашылығына көшуін насихаттады. Ш. Уалиханов ағарту ісі мен жеке реформалардың ролін асыра бағалай отырып, басқару обылысындағы үкімет шаралары көшпенді ауылдар өмірінің қайта құрылуына ықпал етуі мүмкін деп жорамалдады. Ш. Уәлихановтың мемлекетті басқару жөнінде ұсынған демократиялық идеяларын қазақтың басқа ағартушы-демократтары Ы. Алтынсарин (1841-1889) мен А. Құнанбаев (1845-1904) әрі қарай дамытты.
ХХ ғасыр мемлекеттік басқару саласындағы қазақ зиялылары өкілдерінің шоғырымен ерекшеленеді. Олар: Ә. Жангелдин, Ә. Бөкейханов, М. Тынышбаев, М. Шоқаев, Л. Мирзоян, О. Исаев, Ү. Құлыметов, С. Меңдешев, Н. Нұрмахов, Т. Рысқұлов, Ғ. Тоқжанов, О. Жандосов, Т. Жүргенов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров және т. б. Торғай обылысында - Ә. Бөкейханов. Жетісуда - М. Тынышбаев, Түркістанда - М. Шохаев қазақ халқының өкілдері уақытша үкіметтің комиссиялары болып тағайындалды. Бірақ олар отарлаушы басқару жүйесінің шенеуніктері болып табылғандықтан жергілікті қазақ тұрғындарының мәселелерін толық шеше алмады.
Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқарудың дамуына көрнекті ғалым, қоғамдық және мемлекеттік қайраткер Д. А. Қонаев (1912-1993) ерен үлесін қосты. Ол қырық жылдам астам уақыт бойы республиканы басқарды, оның ішінде ширек ғасырдан астам елдің бірінші басшысы болды.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2004 жылы 19 наурызда Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашады, адамның өз қабілет мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасайды, халықтың табысының өсуіне қамқорлық көрсетеді» делінген.
Менеджмент тарихын білу менеджердің кәсіби білімі мен басқару ойының дағдыларын қалыптастыруда үлкен роль атқарады.
Менеджменттің бастапқы теориялары.
Менежмент-дәстүрлер тарихы конценнияларды инстиуттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Бұл талассыз дәлелденген қағида. Өйткені тиімді басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру басталған мезетте пайда болды.
Басқару практикасы, ұйымдастыру секілді өт көне. Басқару ісін жетілдіруге мыңдаған жылдар бойы қажырлы еңбек, оны тиімді ұйымдастыру қажет болды, бұған өз уақытында ең озық ақыл - ой жетістіктері жұмсалды. Біздің заманымызға дейінгі үшінші мың жылдықта сазбалшықтан істелген табличкаларда көне жүйелердің комерциялық келісімдері мен заңдар туралы деректер жатады. Мұның өзі оларды басқару практикасының болғандығын дәлелдейді. Көне египеттіктер бізге жазбаша ескерткіштер қалдырды. Онда әңгіме басқару туралы болады. Осыдан 4 мың жылдай бұрын жазылған кітапта казіргі басқарушылар үшін әлі күнге мәнін жоғалтпаған мынадай ойлар айтылады. «Егер сен басшы болсаң байсалды бол. Өтініш айта келген адам саған ойындағысын айтып біткенше сөзін бөлме. Бақытсыздыққа тап болған адам, өз мәселесін дұрыс шешкеннен гөрі, ақтарыла сөйлеп, іштегі шерін тарқатқатқанды жөн санайды».
Еңбекті басқару проблемасына көне гректер де көңіл бөлді. Платон еңбек бөлінісінің, жұмыс түрлеріне қарай мамандандырудың қажеттілігі туралы пікір айтты. Сократ басқаруды іс-әрекеттің ерекше саласы ретінде қарастырып, ол да осындай пікірді-қажетті адамды өз орнына қоюды, сөйтіп оларға берілген тапсырманың орындалуын талап етуді жақтайды.
Көне Үнді ғалымдары «Артхмастра» трактатында (IV-III ғасыр) шаруашылық және басқару туралы бірқатар қызғылықты ой-рікірлер айтады. Басқаруға қатысты дұрыс және дұрыс емес, заңды және заңсыз, пайда және зиян ұғымдары зерттеледі. Шығыс ғаламдары басқаруды күш қолданумен байланыстырады: санскритте «басқару өнері», «данданити» деп аталады, мұны дәлме-дәл аударғанда «таяқпен төпелеп басқару» болып табылады. Дегенмен, шығыс ойшылдары бағыныштыларды көтермелеуге де зор көңіл бөледі.
Рессейде елді және өндірісті басқарудың бірқатар маңызды идеясы Петр заманына байланысты. Ол мемлекеттік биліктің және терең экономикалық өзгерістің бірқатар реформасын жүзеге асырды. I Петр самодержиялық басқарудың бас идеясын ұсынды. «Государ өз ісі тұралы жарық дүниеден ешкімге жауап беруге тиіс емес». Төрешілдікті қалыптастыруда Габелидің рангтар тұралы пікірі ерекше орын алады. Бірақ сол кездің өзінде де күштеп, әміршіл-өктем әдіс қана қолданылып қойған жоқ. Сол кездегі өндірісті басқару туралы «Cібір мен Уралдың бас заводтарының жазбасы» атты кітабында қызғылықты материал келтірілген. Онда былай деп жазылған «Басқарушы мейірімді, қамқоршы, еңбекқор, салауатты болуы, істі тапсыруы, әрі оның айтылған сағатқа орындалуын қадағалауы тиіс». Аталған кітапта осы уақытқа сәйкес келетін ой-пікір де бар: «Басшы нақты істен гөрі бұйрықтың алынғандығы және орындалғандығы, жауабы мен түсініктемесі туралы бірыңғай рапорт қабылдаумен шұғылданса-бұдан келер ешқандай пайда жоқ. Мұның барлығы қағаз жүзінде қалады».
Менежменттің қазіргі мектебі.
М. Х. Мескон, М. Алъберт, Х. Хедоури «Менежмент негіздері: басқарудағы ой-пікірдің дамуы» кітабында мектептің төрт түрін белгіледі: ғылыми басқару мектебі, әкімшілік мектебі, психология және адамдар қарым-қатынасының мектебі және басқару ғылымының мектебі. Мектептің төртке бөлінуіне байланысты төрт түрлі тәсілге бөлінеді. Мұнда басқару төрт түрлі көзқараста қарастырылады.
Ғылыми менеджменттің пайда болуы Фредерик Уинслоу Тейлордың (1856-1920) есімімен байланысты. Оның басты еңбектері «Фабриканы басқару» (1903), «Ғылыми менеджмент принциптері» (1911), «Конгрестің арнайы комиссиясы алдында көрсету». (1912) Филаделъфиядағы оның зиратының басына ғылыми менеджмент атасы деп жазылған.
1856 жылы Филаделъфиялық адвокаттың отбасында дүниеге келген Фредерик Тейлор жасынан талапкер, ізденгіш болып өсті. Әуелі көзі уақытша нашар көргендіктен, Гарвард университетінде оқуды тоқтатып, Тейлор Филаделъфиядағы шағын шеберханаға қарапайым жұмысшы болып орналасты.
Төрт жылдың ішінде ол моделъші және механик мамандықтарын меңгерді. Кейіннен Тейлор Филаделъфиядағы “Миндвейл Стил Воркста” жұмыс істеп, түнге қарай инженер-механика мамандығын оқып үйренеді. Тейлер ”Миндвейлъдің” басқарушысы болғанда өнеркәсіп практикасындағы берекесіздікке қайран қалды. Ол басқарушы мен жұмысшы арасындағы ешқандай ынтымақтастықты көре алмады. Берекесіздік пен ысырапшылдық етек алған еді. Жұмысшылардың өнім өндіруінің шектелуі кең етек алған. Мұны Тейлор ұдайды әскери қызмет деп атады. Нашар жабдықталған, әрі жеткілікті үйретілмеген жұмысшыларға ешбір талғамсыз кез-келген жұмыс тапсырылды. Осыдан бастап Тейлор ғылыми менеджменттің атасы таңдаулы жол іздестірүге құлшына кірісті. Ф. Тейлордың ғылыми менеджменті ұдайы бақылау, эксперементтеу және логикалық топшылау арқылы анықталған гормативтер көмегімен бизнесті жандантыратын менеджмент түрі болып саналады. «Миндоейлже», кейіннен «Бетлехем Стильде» жұмыс істеген кезде Ф. Тейлор ғылыми менеджментті төрт салада дамытты, нормалау, уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау және баулу, ақшалай ынталандыру.
Тейлордың пкірінше, еңбек өнімділігінің артуы қожайынға, жұмысшыға да молшылық әкеледі. Ол үшін қожайынның да, жұмысшының да, психологиясын түбегейлі өзгерту қажет. Екі жағы да қосымша өнімді өзара бөлуге назар аудармай, бар күш-жігерін оны молайтуға жұмсауы тиіс. Ф. Тейлор өз теориясын тұжырымдай отырып, мынадай тоқтамға келді: дәстүрлі әдістің орнына ғылым; қарама-қарсылықтың орнына үйлесімділік; дербес жұмыстың орнына ынтымақтастық; еңбек өнімділігін шектеудің орнына еңбек өгімділігін барынша арттыру; әрбір жұмысшының еңбек өнімділігін барынша арттыру, оларға барынша қолайлы жағдай жасау.
Тейлор концепциясының негізгі қағидалары:
1. Практикада қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми іргетасты құру, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыда зерттеу. Ол: «Басқаруда да көпір салу секілді асқан дәлдік керек»- деді.
2. Жұмысшыларды ғылыми критерий бойынша таңдау, оларды жатықтыру және баулу.
3. Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми ойластырылған жүйесін практикаға енгізу әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық.
4. Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz