Информатика дәрістері


  1. Информация және информатика туралы жалпы мағлұмат.

ЭЕМ-нің даму кезеңдері. Компьютердің жұмыс істеу принципі.

  1. Дербес компьютердің құрылғылары.
  2. Компьютерді жабдықтау программалары.
  3. Операциялық жүйе. MSDOS операциялық жүйесі.
  4. Norton Commander- қабықшалы сервистік программасы.
  5. Файлдарды архивтеу программалары.
  6. Компьютерлік вирусқа қарсы программалар.
  7. Window’s 98 және Window’s 2000 операциялық жүйелері жөнінде

жалпы мағлұмат.

  1. Windows-та файлдармен жұмыс істеу.
  2. MS Word 97 және MS Word 2000 мәтіндік редакторлары.
  3. MS Word мәтіндік редакторында кесте құру.
  4. MS Word мәтіндік редакторында формулалар редакторын қолдану.
  5. MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері.
  6. MS Word редакторында құжатты баспаға шығару.
  7. MS Excel 97 және MS Excel 2000 электрондық кестесі туралы мағлұмат.
  8. MS Excel-де электрондық кестесінде функция мәндерін кестелеу.
  9. MS Excel-де электрондық кестесінде диаграмма тұрғызу.
  10. -21. MS Access- 97 берілгендер қоры туралы мағлұмат.
  1. Интернет желісі және электрондық пошта туралы жалпы мағлұмат.

Лекция №1

1. Информация және информатика туралы жалпы мағлұмат.

  1. Информациялық қызмет көрсету.
  2. Информациялық жүйелер.

1 . 3 . ЭЕМ-нің даму кезеңдері.

1. 4. Компьютер жұмысының принципі.

1. 5. Информацияның өлшем бірлігі.

Барлық адамдар күнделікті тіршілікте информация алмасу процесіне қатысады. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі информация алмасамыз.

Информация жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, информация алмасу тек ауызба ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу-жазу арқылы да беріле бастады. Оқи білу және ойын жазып жеткізе білу адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Ойды жазып қалдыру тек мағлұмат пен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың ізгі қазыналарының ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін берді.

XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы кітап шығару ісін жолға қойып, адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке жеткізу мүмкіндігін жасады. Кітаптарды, оқулықтарды көптеп басып шығару, көпшілік кітапханаларының ашылуы адамзаттың жалпы сауаттылыкқа жетелеп, мәдениеттің жаңа даму кезеңін бастады деуге болады.

ХІХ-ХХ ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың шығуы информацияны кез келген қашықтыққа жарық сәулесінің таралу жылдамдығымен жеткізуге мүмкіндік берді. Ал теледидардың шығуы, үйде отырып-ақ, дүниеде не болып жатқанын біліп, кино, спектакльдерді көріп, оқып үйрену бағдарламаларын жеткізеді.

Информацияның сандық, мәтін, кесте, сурет сияқты түрлі түрде көрсетіп, жинастыруға болады. Мысалы, өсімдіктердің билогиялық қасиеттерін зерттеп, нәтижесін кесте түрінде дайындау, рентген сәулелері арқылы адам организмі кескінін суретке түсіру, мәліметтік информацияны газет, журнал беттерінде басып шығару, т. б. Информация кез келген түрде бізге белгілі бір мағлұматтар бере алады. Мәліметтерді іздеу мен өндеудің бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктерін XX ғасырдың ортасында шыққан электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ-ді компьютер деп атайды) берді. Автоматты құрылғының не адамның өңдеуіне бейімделіп дайындалған сандық, символдық, мәтіндік, т. б. информацияны деректер не берілгендер деп атайды. Оларды дамыта отырып, архив жасау ісінде, тексттерді теріп түзетуде, сызу мен графикалық жұмыстарда, өндірісті автоматтандыруда және де басқа адамның көптеген қызмет салаларында қолдана бастадық.

Мақсатқа жету үшін информацияны ЭЕМ-де арнайы ережелер бойынша түрлендіруді өңдеу деп атайды. ЭЕМ арқылы берілгендері өңдеу машинаға түсінікті нұсқаулар тізбегі программа арқылы жүргізіледі.

Жалпы, күрделі информациямен жұмыс істеу үлкен еңбекті қажет ететін болғандықтан, әдетте ол алдымен программалау тілі арқылы автоматты түрде түрлендіріледі.

Түрлі салаларда жиі пайдаланатын деректер көп болғандықтан олар әртүрлі материалдардан тұратын магниттік таспаларға, дискілерге жазылып, сақталып қойылады. Мұндай материалдар тасымалдаушылар делінеді.

Сақтаулы информацияны іздеп, оны тұтынушыларға жетікізіп беру информациялық қызмет көрсету деп аталады.

Информациялық қызмет көрсетуде компьютерді пайдалану түрлері көп. Мысалы:

  • Абоненттің телефон нөмері сұралған кезде компьютерде жазулы телефондар анықтамалығын пайдаланып жауап беру;
  • Үлкен қалаларда транспорт билеттерін сатуды ұйымдастыру (әр рейске сатылған және бос орындар компьютерге тіркелетіндіктен оларды пайдаланып, билет сатуды ұйымдастыру қиын емес) ;
  • Байланыс каналдары бойынша қосылған компьютерлер желісі арқылы түрлі мәліметтерді, іс-қағаздарды, фотосуреттерді бір қаладан екінші қалаға жіберу;
  • Медицина саласындағы компьютерге енгізілген сараптаушы жүйенің білім қорын пайдаланып, адам ауруының түрін анықтау және емдеу тәсілдерін белгілеу;
  • Пайдаланушы құжаттарын компьютердің баспа құрылғысы(принтер) арқылы қағазға басып шығару, т. б.

Қазіргі кезде информацияны тиімді түрде пайдаланушылар дүние жүзінде негізгі орын алып келеді. Мұндай қоғам информациялық қоғам делінеді. Жақын келешекте қоғамның информациялық болатыны сөзсіз.

" Информация " термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымдарды білдіретін information сөзінен шыққан. Информацияны біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті информацияның мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.

Информатика - ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану зандылықтары мен тәсілдерін зерттейтін және Интернет жүйесін пайдаланатын комплексті ғылым.

Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан "информация" ұғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып табылады.

ЭЕМ-нің техникалық мүмкіндіктерін пайдаланып информацияны жинақтау, өңдеу және оны пайдаланушыларға жеткізіп беру тәсілдерін информациялық не компьютерлік технология деп атайды. (tehno (техно) -шеберлік, logos(логия) -ілім) .

Жалпы, информацияны ЭЕМ-де өңдеп, нәтижесін талдауды ұйымдастыру үшін орындалатын әрекеттер:

  • информацияны алып, өңдеуге мүмкіндік туғызатын үлгісін дайындау;
  • оны өңдеу үшін жинақты түрде нұсқаулар тізбегін(алгоритмін) құру;
  • машина түсіне алатын командаларды(командалар жүйесін) пайдаланатын бір программалау тілінде алгоритмді программаға айналдыру;
  • программаны ЭЕМ-де орындап, нәтиже алу;
  • нәтижені зерттеу. Егер құрылған үлгіде алгоритмде не программада қате кеткен болса, оны дұрыстау;
  • керек кезінде пайдалану үшін берілген мен дұрысталған программаны тасымалдаушыларға тиеп, сақтау.

Информатикада жаңа информациялық технологиямен қатар ннформациялық жүйелер (ИЖ) ұғымы да кеңінен пайдаланылып келеді. ИЖ -басқару функцияларын іске асыратын нысан (объект) жөнінде информацияны алуды, беруді және өңдеуді ұйымдастыратын жүйе. ИЖ-ні пайдалану түрлері:

  • ұйымдастырылған басқару;
  • ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • автоматты түрде жобалау;
  • технологиялық процестерді басқару және т. б.

Ұйымдастырылған басқару ИЖ-сі өнідірістік, өндірістік емес мекемелер(банктер, сақтандыру компаниялары, биржалар т. б. ) сияқты басқару аппараттарының жұмыстарын автоматтандыруға арналған т. с. с.

Ғылыми ИЖ ғылыми жұмыстарды автоматтандыру, статистикалық информацияны талдау сияқты жұмыстарда пайдаланылады.

Электронды есептеуіш машиналарының даму тарихы

Адамзат барлық тарихи кезеңдерде есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға мұқтаж болған. Есептеу жұмыстарының қажеттілігі артьш оны жеңілдету үшін арнайы құрал-жабдықтар, есепшот, арифмометр, арнайы математикалық кестелер шығарыла бастады.

Мысалы: XVII ғасырдың 40-шы жылдарында Б. Паскаль (1613-1662) сандарды қоса алатын механикалық құрылғы ойлап тапты. XVIII ғасырда В. Лейбниц сандарды қоса және көбейте алатын құрылғы жасап шығарды. XIX ғасырда Ч. Бэббидж (1792-1871) механикалық машинаны программа арқылы басқару жүйесімен біріктірді. ХХ-ғасырдың ортасында информацияны өндеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі электрондық техника мен технологияның карқынды дамуына себепші болды.

Электроника табыстары нәтижесінде жасалынған техника аспаптары Электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ) деп атала бастады. ЭЕМ-нің даму тарихы төрт кезеңге бөлінеді.

I-ші кезең. 1946 жылы алғаш пайда болған ЭЕМ - дер электрондық шамдар негізінде жұмыс істеген, үлкен залдарда орналасқан, көлемді электрондық жабдықтар болған.

II-ші кезең. Бірақ 1948 жылдың өзінде-ақ электрондық шамдар шағын электрондық аспаптармен-транзисторлармен алмастырылып, компьютерлердің бұрынғы жұмыс өнімділігі сақталғанымен, көлемі жүз есеге дейін кішірейтілді.

IIІ-ші кезең. 70-жылдың соңында интегралдық схемалардан немесе чиптерден жасалған мини-ЭЕМ-дер шыға бастады (транзисторлар мен олардың арасындағы қажетті байланыстар бір пластинада орналасқан) . Осындай микропроцессорлардың (біріккен интегралдық схемадан-БИС элементтерінен тұратын) шығуы дербес компьютер заманы басталғанының алғашқы белгісі болды.

IV-ші кезең. Дегенмен, микрокомпьютерлердің дамуындағы ең елеулі оқиға болып 1981 жылы IBM фирмасы жасаған, кейіннен "дербес компьютер" деп аталатын шағын компьютердің шығуы болды. Қазіргі кездегі шыққан IBM фирмасының компьютерлері (8086, 80286, 80386, 80486) қарқынды дамуда. Соңғы шығып жатқан компьютерлер Pentium-дер (Pentium I, Pentium II, Pentium III, Pentium IV) болып саналады.

Компьютер жұмысының принципі.

Компьютер информацияны арнайы құрылған программалар арқылы ғана өңдей алады. Жалпы оның орындайтын негізгі жұмысы информацияны еңдіру, оны өндеу, өнделген информацияны сыртқа шығару және сақтау.

1-сурет. Компьютер жұмысының принципі.

Программаны пайдаланып жұмыс істейтін ЭЕМ-дердің көпшілігінің құрылымы американың кибернетика ғалымы Дж. Фон Нейманның еңбектерінде 1945 жылы жарық көрді.

Фон Нейманның жұмыс істеу принципі:

  1. Фон Нейманның машинасының негізгі блоктары: басқару блогы, арифметикалық-логикалық құрылғы, жад және енгізу-шығару құрылғылары;
  2. Информация екілік жүйе бойынша кодталады және сөз деп аталатын бірліктерге бөлінеді;
  3. Алгоритм команда деп аталатын басқару қызметші сөздерінің тізбектерінен тұрады. Алгоритм құрайтын командалар жиынтығы программа деп аталады.
  4. Программа мен деректер бір жадта сақталады. Түрлі типті сөздер кодтау жолымен емес, пайдалану жолымен ажыратылады.
  5. Басқару құрылғысы мен арифметикалық құрылғы бір құрылғыға біріктіріледі, оны орталық процессор деп атайды. Олар кезекпенен жадтан оқылған командаларды ашып, сәйкес түрде бір мәнді етіп орындайды.

Информация машинаға оның жад (ішкі жад, жедел жад) деп аталатын кұрылғысына екілік жүйеде кодталған (шифрланған) күйде ендіріледі.

Информация берудің екілік санау жүйесі

Компьютер үшін пайдаланылатын код 0 мен 1-ден тұратын тізбек. 0 мен 1- екілік санау жүйесінің цифрлары. Информатикада код түзетін мұндай цифрлар бит деп аталады. (binary digit-екілік цифр) . Екілік сандар көмегімен кез-келген алфавиттің символдары кодтар түрінде таңбалана алады, яғни бұл кез-келген тілде жазылған мәлімет екілік кодтар түрінде бейнеленеді деген сөз. Екілік санау жүйесінің сандары ондық сандар сияқты бір разрядты, екі разрядты не көп разряядты болып келуі мүмкін. Үшінші және одан жоғары буындық компьютерлерде бір символды кодтау үшін сегіз разрядты екілік код пайдаланылады, мысалы 11000101.

Мысалы, ЭЕМ-де латын, казақ алфавиттерінің әріптері және цифрлары 0 және 1 цифрлар тізбегінен тұратын таңбамен бейнеленеді:

Әріп: Әріп
Код: Код
Әріп: Әріп
Код: Код
цифр: цифр
Код: Код
Әріп: А
Код: 1
Әріп: А
Код: 011
цифр: 0
Код: 0011
Әріп: Ә
Код:
Әріп: B
Код: 01 10
цифр: 1
Код: 00110001
Әріп: Б
Код: 11
Әріп: C
Код: О111
цифр: 2
Код: 00110010
Әріп: В
Код: 110
Әріп: D
Код: 01001000
цифр: 3
Код: 00110011
Әріп: Г
Код: 111
Әріп: Е
Код: 01000101
цифр: 4
Код: 00110100
Әріп: F
Код: 0001
Әріп: F
Код: 01000110
цифр: 5
Код: 00110101
Әріп: *
Код: 00101010
Әріп: =
Код: 0001
цифр: +
Код: 00101011
Әріп: /
Код: 0010
Әріп: (
Код: 00101000
цифр: )
Код: 00101001

“Aға” деген сөз 24-разрядты мынадай екілік сандармен бейнеленеді:

Aға- 1 0001 1

Компьютердің жадында сақталған информацияның барлық түрлері-сөздер, саңдар, суреттер, компьютер жүмысын басқару программалары-бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады.

ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды «байт» (ағылшынның byte деген сөзінен) деп атауы келісілген. 1 байт -8 биттен тұратын тізбек. Іс жүзінде байттан үлкен килобайт (Кбайт), мегабайт (Мбайт), гигабайт (Гбайт) өлпемдері де пайдаланылады:

1 байт = 8 бит = 2 3 бит;

1 Кбайт = 1024 байт = 2 10 байт;

1 Мбайт = 1024 Кбайт = 2 20 байт;

1 Гбайт = 1024 Мбайт = 2 30 байт.

Кбайт, Мбайт өлшемдерінің шамалары мынадай: жазу машинкасында терілген бір беттік (60х40) кұжат көлемі 2 Кбайттан сәл көптеу, ал осындай 500 беттік кітапқа енгізілген құжат көлемі шамамен 1Мбайт болады.

Лекция №2

2. Дербес компьютердің құрылғылары.

2. 1. Дербес компьютердің жіктелуі.

2. 2. Дербес компьютерді іске қосу және өшіру.

Жеке қолданылатын дербес жұмыс істейтін есептеуіш құралдары 1975 жылдардан бері қарай шығарыла бастады. Оларға IBM PC тәріздес дербес ЭЕМ-дер жатады. Бұлар бүкіл әлемге әйгілі АҚШ-тың International Business Machines фирмасы жасаған дербес ЭЕМ-дер (Personal Computer) негізінде жұмыс істейтін шағын, кең тараған компьютерлер (computer-есептеуіш) . Дербес компьютерлер тұрмыстық, оқып үйренуге арналған және мамандандырылған деп аталатын үш түрге бөлінеді:

1. Тұрмыстық компьютерлер- үй шаруашылығында әртүрлі компьютерлік ойындар ойнау үшін және жеке кәсіби жұмыстар атқару үшін қолданылады.

2. Оқып үйренуге арналған дербес компьютерлер- мектептерде, жоғары оқу орындарында әртүрлі пәндерді (физика, математика, тарих) оқу ісінде кеңінен қолданылады.

З. Мамандандырылған дербес компьютерлер- белгілі бір жұмыс саласында пайдалануға арналған. Мамандықка қажетті күрделі программалармен қамтамасыз етілген. Үйренуге жеңіл, әрі жылдам меңгеріп алуға болады. Бұл ДЭЕМ-дер ғылыми қызметкерлерге, инженерлерге, экономистерге және т. с. с. басқа мамандарға арналған.

Олардың негізгі техникалық көрсеткіштері: разрядтылығы 16 немесе 32 бит. Есептеу жылдамдығы шамамен алғанда секундына 1 млн. қарапайым арифметикалық амалдар орындайды. Жедел жадының көлемі 640-8000 Кбайт, қатты магниттік дискідегі мәлімет жинақтауыш көлемі 20-З00 Мбайт, иілгіш магниттік дискідегі мәлімет жинақтауыш көлемі 360-1440 Кбайт.

ДЭЕМ кұрамына кіретін кұрылғылар екіге бөлінеді. Олар: жүйелік блок және сыртқы құрылғылар.

ДЭЕМ-нің құрамы:

•жүйелік блок - берілгендерді өңдеуге арналған кұрылғы;

•монитор немесе дисплей-текстік және графикалық информацияны кескіндеуге арналған кұрылғы;

•пернелі тақта (клавиатура) -берілгендерді, информацияларды компьютерге енгізуге арналған кұрылғы;

•баспа құрылғысы (принтер) -текстік және графикалық информацияларды қағаз бетіне басып шығаруға арналған құрылғы;

•тышқан- графикалық курсорды басқаратын кұрылғы;

  • сканер - текстік немесе графикалық информацияны оқуға арналған құрылғы:

•модем-телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен информация алмасуға арналған кұрылғы;

•стример-мәліметтерді (информацияны) магниттік таспаға сақтауға арналған құрылғы;

•CD-ROM - компакт-дискілерді оқуға арналған кұрылғы.

Жүйелік блок

Жүйелік блок -прооцессор, жад, адаптер (бақылаушы), жүйелік шина, таймер, қоректену блогы мен енгізу/шығару порттары орналасқан компьютердің негізгі блогы. Жүйелік блоктың ішіне орналасқан құрылғылар ішкі құрылғылар деп, ал басқалары (пернетақта, монитор, принтер т. б. ) сыртқы құрылғылар деп аталады. Жүйелік блок мыналардан тұрады:

  1. Микропроцессор-компьютерді басқаруды және барлық есептеу процестерін орындайтын кұрылғы.
  2. Жедел (оперативный) жад- компьютердің жұмысы кезінде пайдаланылатын программалар мен берілгендерді уақытша (компьютер сөндірілгенге дейін) сақтайды.
  3. Тұрақты есте сақтау құрылғысы (постоянное запоминающее устройство) - ол компьютерге зауыттан шыққан кезде жазылып келеді және оны өзгертуге болмайды. Компьютер жаңадан іске қосылған кезде бірінші болып осы тұрақты жадты оқып компьютерді тесттен өткізеді және жұмысты одан әрі қарай жалғастыру үшін басқа программаларға жол береді (операциялық жүйеге) . Информацияны ендіру-шығару командалары осы ТЕСҚ арқылы орындалады.
  4. Қатты жад (винчестер) - информацияны тұрақты түрде сақтайды, ол орнынан алынбайды, ауа кірмейтіндей жабық қорапшаға салынып, жүйелік блокта орналасады. Ол екі жағынан да мәлімет жазылатын бір дестеге біріктірілген бірнеше программалар: операциялық жүйе, көп қолданылатын программалар пакеті және т. б. жазылған.
  5. Иілгіш жад (дискет) - бір компьютерден екінші компьютерге мәліметтерді тасымалдау, информацияны сақтау үшін кажет. Көп жағдайда иілгіш жадтардың екі түрін пайдаланамыз, олар көлемі мен сыйымдылығына қарай бөлінеді:

1. Көлемі 5, 25 дьюйм, яғни 133 мм - оның сыйымдылығы 1, 2 Мб;

2. Көлемі 3, 5 дьюйм, яғни 89 мм - оның сыйымдылығы 1, 44 Мб.

Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жад (Сасһ) деп атайды. Ол жедел жад пен процессор арасында дәнекерлік қызмет атқарады.

Бейнемонитор

Бейнемонитор екі құрылғыдан тұрады: монитор және бейнеадаптер. Монитор-кәдімгі телевизор экраны сияқты электрондық құрылғы. Ол компьютердің жедел жадында өнделіп жатқан информацияны экранда көруге мүмкіндік береді. Бейнеадаптер- монитор экранына шығарылатын бейнелардың кодтарын сақтайтын өз жады бар (бейнежады) бар құрылғы. Ол бейне құраушы символдарды, график және түрлі түсті түстерді түзетін сигналдарды монитор экранына жіберетін интрегралдық микросхема. Бейнеадаптердің бейнелердің тудыру мүмкіндігіне қарай монитор жұмысының режимі мәтіндік және графикалық болып екіге бөлінеді. Монитор үлгілерін бір-бірінен ажырату ең алдымен оның экранының көлденеңі мен биіктігіне сыятын символдар мен нүктелер санына байланысты. Мәтіндік режимде кәсіби компьютер экранына 80х25 символ сыяды(экран жолына 80 символдан 25 жол) . Графикалық режимде, монитор үлгісіне қарай экран бетіне 320х200 не одан да көп пиксельдерді орналастыру мүмкін.

Экранда бейненің көріну сапасы және нүктелердің экранда бір түсті не түрлі түсті боялып көрсетілуі бенйадаптердің үлгісіне байланысты. Бейнеадаптердің үлгілері CGA, EGA, VGA және SVGA болып келеді.

Бейнеадаптер үлгілері: Бейнеадаптер үлгілері
Экран сыйымдылығы: Экран сыйымдылығы
Бейнеадаптер үлгілері: Мәтіндік режим
Экран сыйымдылығы: Графикалық режим
Бейнеадаптер үлгілері: CGA
Экран сыйымдылығы: 80х25, 16 түс
320х200, 4 түс
Бейнеадаптер үлгілері: EGA
Экран сыйымдылығы: 80х25, 16 түс
640х350, 16 түс
Бейнеадаптер үлгілері: VGA
Экран сыйымдылығы: 80х25, 16 түс
720х350, 16. . 256 түс
Бейнеадаптер үлгілері: SVGA
Экран сыйымдылығы: 80х25, 16…256 түс
800х600, 16. . 256 түс

Соңғы кездері көбірек пайдаланатын бейнеадаптер- SVGA. SVGA-ның басқа адаптерлерге қарағанда бағасы қымбат, онда пайдаланатын түстердің саны көп және мониторда символдар мен нүктелер экранда анығырақ көрінеді. Соңғы кездерде шығарылған Pentium типті дербес компьютерлерде осы бейнеадаптерлер орналастырылған.

Пернетақта

Пернетақта компьютерге берілгендер мен командаларды енгізу құрылғысы. IBM PC компьютерлерінің 101 пернелі пернетақтасы бар. Пернетақта төмендегі пернелерден тұрады:

•функционалды пернелер (F1-F12 - әрқайсысы түрлі режимде әр түрлі қызмет атқарады) ;

•алфавиттік-цифрлық пернелер (әріптер, символдар, цифрлар) ;

•басқару пернелері;

Басқару пернелері:

ENTER - бір жолда пернетақтадан терілген деректер соңын белгілеп не жадқа енгізіп, курсорды келесі жолдың басына өткізу, әрі ендіру командасын орындайды (enter-енгізу) ;

SHIFT - регистрді ауыстыру, жоғарғы регистрге өту (shift-ауыстыру, жылжыту) ;

BACKSPACE - курсордың сол жағындағы символды өшіріп, курсорды сол кері қайтару (backspace- кері аралыққа) ;

DELETE - курсор тұрған орындағы символды өшіру (delete-жою, алып тастау) ;

INSERT - курсорды символдар арасына ығыстырып кірістіру (insert-кірістіру) ;

TAB - курсорды тұрған орнынан 8 орындық позицияға оңға жылжыту (tabulator-есептеуіш) ;

ESC- берілген команданы өзгертіп, алғашқы режимге өту (escape-құтылу, шығу) ;

CAPSLOCK - бас әріптерді енгізу;

CTRL, ALT - өз бетінше ешкаңдай қызмет атқармайды, көмекші пернелер. Басқа пернелермен қосылып түрлі режимде әр түрлі қызмет атқарады;

HOME - курсорды жол басына бірден алып бару;

END - курсорды жол соңына бірден алып бару;

PAGE UP - экран бетін жоғары қарай аудару;

PAGE DOWN- экран бетін төмен қарай аудару;

[ ], [ ], [ ], [ ] -курсорды басқару клавишалары;

Қосымша пернелер - пернелі тақтаның оң жақ бөлігінде орналасқан. Оны іске қосу үшін NUM LOCK пернесін бассақ қосу немесе өшіру режимі қосылады. Егер де индикатор жанып тұрса онда ол онда 1-ден 9-ға дейінгі, 0 және нүкте пернелері іске қосылады және олар цифрларды ендіруге өте ынғайлы. Егер де индикатор өшіп тұрған болса онда курсорды басқару(бағыттауыш) және [Home], [End], [PgUp], [PgDn] пернелері іске қосылады.

Баспа құрылғысы (принтер) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы оқыту барысында оқушылардың танымдық қызметіне киберпсихология білімінің әсері
Қашықтан оқыту жүйесін құру қағидалары
Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізі
Қашықтықтан оқыту технологиясы және әдістемесі
Электрондық оқулықтың сипаттамасы
Қашықтық оқыту технологиялары
Эксперттік жүйелер пәні бойынша электрондық оқулық
Оқытудағы ақпараттық технологиялар негіздері
Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар
Ақпараттық мәдениет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz