ҚР заңдары бойынша мұраға ие болу


Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Ф-ОБ-001/033

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ІС ЖҮРГІЗУ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ҚР ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША МҰРАҒА ИЕ БОЛУ

«БЕКІТЕМІН»

Кафедра меңгерушісі:

Ғылыми жетекшісі
«БЕКІТЕМІН»Кафедра меңгерушісі::

з. ғ. к., доцент Н. М. Батырбаев

:
:
:
Ғылыми жетекшісі:

аға оқытушы К. Р. Хасанова

«БЕКІТЕМІН»Кафедра меңгерушісі::

Хаттама№

«»2009 ж.

:
:
:
Ғылыми жетекшісі:

Орындаған студент

Байкенова Ж.

«БЕКІТЕМІН»Кафедра меңгерушісі::
:
:
:
Ғылыми жетекшісі: СЗҚ-415, 521630-Құқықтану
«БЕКІТЕМІН»Кафедра меңгерушісі:: Түркістан-2009

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . …… . . . 3

І МҰРАГЕРЛІКТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Мұрагерлік туралы түсінік және оның мәні . . . 5

1. 2 Мұрагерліктің туралы жалпы ережелер . . . 8

1. 3 Мұрагерлік құқығының кейбір тарихи қырлары . . . 24

ІІ ҚР ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША МҰРАҒА ИЕ БОЛУ

2. 1 Заң бойынша мұрагерліктегі жалпы ережелер . . . 31

2. 2 Заңды мұрагерлікте кезек және үлес . . . 35

2. 3 Өсиет бойынша мұрагерліктегі жалпы ережелер . . . 43

2. 4 Өсиеттің нысаны . . . 45

2. 5. Өсиеттік бас тарту (легат) . . . 52

ІІІ МҰРА АЛУ НЕГІЗДЕРІ

3. 1 Мұраны алудың ерекшелігі . . . 55

3. 2 Мұраға құқық туралы куәлік беру тәртібі . . . 63

Қорытынды . . … . . . . . . 68

Пайдаланылған әдебиеттер … . . . ……… . . . 70

Қосымша әдебиеттер . . . 71

К І Р І С П Е

Еліміз тәуелсіз мемлекет болғаннан бері реформалар жүргізілуде. XXІ-ғасырда дамудың тұрақты экономикалық және әлеуметтік жолдарын анықтау, болашақ ұрпақ қамын ойлау-бүгінгі дүние жүзілік қауымдастықтың басты міндеті болып отыр.

Қазақстан Республикасында Азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес: «Азаматтық қоғамды дамытудың алғышарттары меншіктің алуан түрлі нысаны кезінде азаматтарды экономикалық дербестіктің пайда болуы мен адами жеке тұлға мәртебесінің артуы болып табылады [1] .

Қазақстан Республикасының Конституциясының 26-бабында “Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Меншікке оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі” - делінген. [2]

Меншік иесі бар мүлікке, меншік құқығына басқа адам сатып алу, сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікті иеліктен айыру туралы өзге мәселенің негізінде ие болуы мүмкін.

Азамат қайтыс болған ретте, оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамдарға көшеді. Мемлекеттік заңдар-мүліктік қатынаста және азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықты одан әрі нығайтудың маңызды құралы болып табылады. Меншік иесінің заңда белгіленген шекте мүлік иеленуге, пайдалануға және оған билік ету құқы бар. Азаматтардың жеке меншігін және оған билік ету де құқы бар. Азаматтардың жеке меншігін және оған мұрагер болу құқын мемлекет қорғайды.

Мұрагерлік құқық жеке меншікпен басқа да мүліктердің мұра қалдырушы адамның мұраға ие болатын мұрагерлерінің қарауына өтуін реттейді.

Мұрагерлік құқық жанұя құқығымен заңдылықты қорғайды, отбасылардың нығайып, одан әрі өсіп-өркендеуіне, кәмелетке толмаған балалар мен еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің құқығын қорғауда бір-бірін толықтырып, мазмұнын аша түседі.

Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - Қазақстан Республикасының заңдары бойынша мурагерліктің сипатын, түрі мен артықшылықтарын зерттеу, азаматтық құқықтық қатынастарында мұрагерліктің жүзеге асырылуы негіздерін анықтау.

Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері мыналар жатады:

1. Қазіргі кездегі мұрагерліктің мәні мен ерекшеліктерін анықтау.

2. Мұрагерлік құқықтың маңыздылығы жеке меншіктің тұтынушылық сипатымен анықтау.

3. Мұрагерлік құқықтың экономикалық, саяси және өзге де қоғам өмірінің басқа да жағдайларынан тәуелділігін анық көру үшін, оның қалыптасуы мен өзгерістерін тарихи аспектіде қарастыру;

4. Мұрагерлік жазбаша қалдырған өсиет немесе заң бойынша жүзеге асырылады, сонымен ҚР заңдары бойынша мұра ие болу негіздерін анықтау және олардың ерекшеліктерін түсіндіру;

5. Мұраға ие болу үшін мұрагер оны қабылдап алуға және мұраға құқық туралы куәлік беру тәртіптерін белгілеу.

Бұл дипломдық жұмыстың методологиялық және теориялық негізі авторлардың мұра саласындағы ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасыныңың мұрагерлік құқық қатынастарының реттейтін нормативтік актілері, сот, нотариат органдарының мәліметтері болып табылады.

Жұмыста жазылған жалпылама ойлар, қорытындылар Қазақстан Республикасының заңдық актілерінің қолдануына негізделген.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер негізінен тұрады.

І МҰРАГЕРЛІКТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.

1. 1 Мұрагерлік туралы түсінік және оның мәні.

Еншінің ішіндегі ірісі - қасиетті қара шаңырақ. Қазақ кенже баласын шаңырақ иесі деп есептейді. Басқа балалары үйленіп, жеке отау тіккенде қара шаңырақтан енші алады. Қара шаңыраққа қазақ даласының жазылмаған заңы бойынша, үйдің кенжесі ие болып қалған. Отбасының үлкен балалары бөлінген еншіге көңілі толмай өкпелеуге барғанмен, қара шаңыраққа мұрагер болуға таласпаған. Салт бойынша кенже бауырын ата-аналарымен бірге қалдырып, өздері бөлек отау құраған. Бірақ жастары үлкен екендігіне қарамастан кенже бауырлары ие болып отырған қара шаңырақты ешқашан аттап өтпеген, әрліберлі жол жүргенде, алыс сапарға шыққанда қара шаңырақтан дәм татып, бата жасаған. Қазақтың бұл салты ағайын арасындағы мүлікке таласулардың, алауыздықтың болмауына бағытталған. Керісінше, ынтымақтастыққа, бірлік-берекеге шақырып, ауызбіршілікке тәрбиелейді. Қазақтың бұл салты біршама өзгергенмен, қазір де сақталған. Бұрынғы заманда әкесі көзі тірісінде балаларына енші бөліп, салт-дәстүр бойынша реттеп отырса, енді атадан балаға қалатын мирасты Азаматтық кодекстің баптары бойынша рәсімдеп, мұраға қалдыратын болды.

Мұрагерлік құқық азаматтық құқыктың бір бөлігі болып табылады. Мұрагерлік құқық - қайтыс болған адамның мүлкінің мұрагеріне көшу тәртібін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.

Мұра екі түрде қалдырылады: заң және өсиет бойынша. Мұра қалдырушы қайтыс болар алдында мүлкі жайлы ешкімге өсиет етпесе немесе өсиет еткеннен кейін де мүлік иесіз қалса, мұрагерлер заң бойынша мұраға ие болуға шақырылады.

Бүгінгі таңда мемлекеттер арасы қатынастардың нығайуының нәтижесі сол ел, тіпті дүниежүзінің азаматтарының шетелдермен қатынасын арттыруда. Бұл қатынастар саяси, экономикалық, мәдениет және басқа, салаларда өзін көрсетуде. Сол себепті, адамдар тек өз елі емес, шетелдерде де мүлік иеленіп сол елде жұмыс істеп табыстар табуда. Әрине мұндай дамуға мүліктік кепілдік берген мемлекеттер арасы келісімдер және көптеген конвенциялар да өз әсерін тигізуде. Осылайша мемлекеттер арасы шекаралар да біртіндеп маңызын жоғалтуда, себебі, азаматтар өздері қалаған мемлекетте табыс тауып, жұмыс істеп, саяхат жасап, тіпті шет мемлекетке жерлесулердің көптігі бүгін таңқаларлық жағдай емес. Осы айтылған себептермен Қазақстан азаматтары да шет елдерде мүлік иеленуде немесе керісінше шет ел азаматтары Қазақстанда мүліктер иеленіп, табыстар табуда. Шетелдік немесе шет елдегі Қазақстан азаматтары табыстарының, яғни мүліктерінің өз өлімімен кейінгі жағдайын білуі олар үшін маңызды мәселе. Себебі мүліктік құқтар мен міндеттер адамның өлімімен басқаларға ауысуда. Осы ауысуларды мұрагерлік құқық реттейтіндіктен мұрагерлік құқықтың маңызы, осы шетел азаматтары арасы қатынастарда, тіпті мемлекеттік тұрғыда экономикаға яғни инвестиция салаларына тікелей болмаса да жанама түрде әсер етуде. Сонымен осы айтылған себептермен, мұрагерлік құқығы халықаралық жеке құқық саласында да өзінің көкейтестілігін көрсетуде.

Мұрагерлік құқық жеке меншік құқығымен тығыз байланысты. Мұрагерліктің негізгі объектісі - мұра қалдырушының өмірі кезінде мұрагерлер пайдаланылатын мүлік азаматтардың жеке меншігі.

Мұрагерлік құқықтың маңыздылығы жеке меншіктің тұтынушылық сипатымен анықталды. Мұра ретінде өтетін мүлік - бұл олардың материалдық және рухани сұраныстарын қанағаттандыратын азаматтардың жеке меншігі. Егер де азамат өлген жағдайда ешқандай өзінің мүлкіне қатысты өкім жасамаған болса, онда заң мұрагерлікке балаларын, жұбайын, ата-аналарын, жақын туыстарын шақырады. Сонымен мұрагерлік құқық өлгеннің мүлкін отбасында оның мүддерін қамтамасыз етіп сақтайды және пайдалану мүмкіншілігін тудырады. Бұл азаматтардың жеке меншік құқығын толықтырады және бекітеді, оның қорғауына қызмет етеді.

Мұра қалдыру құқық қатынастары басқа қатынастар сияқты дамыған. Олар қоғамның экономикалық даму өнімі болып табылады. Материалдық құндылықтар өндірісіндегі процесте адамның қарым-қатынасы қоғамның экономикалық базисі болып табылады. Өндірістік күштердің дамуымен бірге экономикалық құрылыс та өзгереді. Экономикалық құрылыстың өзгеруімен қоғамның көзқарасы да өзгереді. Өндірістік күштердің дамуы құқықтың өзгеруіне алып келеді., жекелеп айтқанда мұра қалдыру қатынастарына. Мұра қалдыру және өзге де қатынастардың өзгеруі, тек қоғам нысанының ауысуы нәтижесімен ғана емес, сонымен қатар бір экономикалық құрылыстың өзі өндірістік күштердің дамуымен белгілі бір өзгерістерге ұшырайды. Құқық нормаларының өзгеруіне және қалыптасуына соның ішінде мұра қалдыру тәртібін реттейтін нормаларына тек экономикалық базис әсер етіп қоймай, сонымен қатар қоғамдық құрылымдарының әр түрлі бөліктері әсер етеді: мемлекет, дін, философия, мораль және тағы басқалар.

Мұрагерлік құқығы түсінігіне доктринада көптеген анықтамалар берілуде. «Мұрагерлік құқық-жеке тұлғаның өлімінен кейін оның жеке құқық қатынастарының жалғасын немесе тағдырын реттейтін құқық» деп анықтағандар да бар [3] . Алайда өлген жеке тұлғаның отбасы, жеке ұйымдарға мүшелік, бала асырап алуы сияқты жеке құқық қатынастарын мұрагерлік құқығы реттемейтіндіктен, бұл анықтама мұрагерлік құқығы үшін өте кең анықтама болса керек. Сонымен мұрагерлік құқығына анықтама беретін болсақ, бір жеке тұлғаның өлімімен кейін оның мүлкінің (мүліктік құқ және міндеттерінің) тағдырын белгілейтін құқық институты десек дұрысырақ болар. Бұл жердегі мүліктің (мұра) мағынасы кең болып (Ежелгі Римде қолданылған - hereditas), мұра қалдырушының активтері мен пассивтерін қамтиды.

Қазақстан мұрагерлік құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің соңы, алтыншы бөлімінде мұрагерлік құқық тақырыбында реттеліп, жалпы ережелер (1038-1045 баптар), өсиет бойынша мұрагерлік (1046-1059 баптар), заңды мұрагерлік (1060-1071 баптар), мұра алу (1072-1083 баптар) деп төрт таратуға бөлінген [4] .

Қазақстан Республикасы азаматтық кодексі ерекше бөлім ережелері бірінші шілде 1999 жылдан кейінгі қатынастарға қолданылады. Бұдан бұрынғы бірінші наурыз 1995 жылға дейінгі қатынастарға АК-тің жалпы ережелерімен бірге 1963 жылға Қазақ КСР азаматтық кодексі, ерекше бөлім ережелерімен реттеледі [5] . Ал бірінші наурыз 1995 жылдан бұрынғыларға тек 1963 жылғы Қазақ КСР азаматтық кодексі ережелерімен реттеледі. Кодекстен кейін сатылық деңгейіне қарай заң күші бар президент жарлықтары, парламент қаулылары, сенат пен мәжіліс қаулылары, үкімет қаулыларында көрсетілген ережелер қолданылады. Бұл жерде айта кететін жәйт, азаматтық құқықтық қатынастың, азаматтық кодекстің жалпы бөлімінде де ерекше бөлімінде де реттелуі. Яғни жалпы ереже мен ерекше ереже қайшылығы. Бұл туралы азаматтық кодексіміз ашық бір нұсқау көрсетпеген. Мұндай жағдайларда, жеке ереже белгіленген қатынастарды ерекше қарастырғандықтан ерекше бөлім ережелерін қолдану. Бұлда құқық салалары қатынастарында жалпыға белгілі ережелерден. Ал керісінше, ерекше бөлімде қарастырылмаған қағида жалпы бөлімде қарастырылса, жалпы бөлімдегі ережелерді ерекше бөлімге қолданамыз. Мысалға мұра қалдырушының кредиторларының мұрагерлерден борыштарын талап мерзімі мұрагерлік құқық бөлімінде қарастырылмағандықтан жалпы бөлімдегі талап мерзімі ережелерін (АК-тің 177-187) мәселені шешуде қолданамыз. Осы ережелерді заңдардың (кодекстердің) арасындағы қайшылықта да қолданамыз. Мысалға мұрагердің шетел азаматы болған жағдайда және мұраның құрамында жер учаскесі болса, бұл жағдайда мұрадағы жер учаскесінің мұрагердің иелігіне ауысуында ерекше заң болғандықтан, ҚР «Жер кодексі» ережелерін қолданамыз .

1. 2. Мұрагерліктің туралы жалпы ережелер.

Мұра дегеніміз - бұл мүліктік немесе басқа да мүліктік емес құқықтар мен міндеттердің қайтыс болған адамның мұрагерлеріне заңды түрде қалуы. Мұралық мүлікке мұра қалдырушының заң бойынша тиесілі мүліктері ғана кіреді. Егер мұра қалдырушы мүлікті қылмыстық әрекеттер арқылы тапқан болса, мұндай мүлік мұра беруге жатпайды.

Азаматтардың меншік оның ішінде жеке меншік құқығының объектілері мұрагерлік мүлік құрамына жатады. Азаматтық кодесінің 1040-бабына сәйкес мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен мiндеттер:

1) егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;

2) өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу құқығы;

3) алименттiк мiндеттемелерден туындайтын құқықтар мен мiндеттер;

4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтiк қамсыздандыру туралы заң актiлерiнiң негiзiнде басқа да төлемдер төлеу құқығы;

5) мүлiктiк құқықтармен байланысы жоқ жеке мүлiктiк емес құқықтар мұраның құрамына кiрмейдi.

Заң бойынша азаматтардың меншік құқығының объектілері: интеллектуальдық және материалдық қызмет өнімдері, кәсіпорындар, өндіріс құрал-жабдықтары, патенттер, лицензиялар, ақша, тұрғын үйлер, пәтер, саяжай, бау-бақша, өндірілген өнім, одан алынған кіріс және басқа да болып табылады.

Өзіне пайдалануға берілген пәтер, саяжай, гараж, өзге де мүліктерге өзінің үлесті жарнасын толық өткізген тұрғын үй құрылыс кооперативінің мүшесі сол мүлікті меншіктену құқығына ие болады.

Сонымен қатар пәтерді жалдап алушы адам немесе оның отбасы мүшелері осы пәтерді иемдену құқығына ие болады. Егер ол азамат осы пәтерді сатып алатын болса, онда пәтерді өз қалауынша пайдалануға, сатуға, уақытша жалға беруге, мұрагерлікке қалдыруға және басқа да келісімдер құқығы болады.

Меншік құқығының мазмұнын - меншік иесіне тиесілі иелену, пайдалану және билік ету тәрізді өкілеттіктер (элементтер) құрайды. Бұл өкілеттіктердің әрқайсысы меншік құқығының қажетті элементтері болып табылады [6] .

Сондықтан жоғарыда көрсетілген жеке меншік құқығының объектілері азаматтың мұрагерлік мүлкінің құрамына кіреді, ал азамат қайтыс болғаннан кейін заң бойынша мұрагерлеріне өтеді.

Мұраға ие болу кезектегі мен үлестеріне қарамастан, кәдімгі үй жиһаздары мен бұйымдары мұра қалдырушы ол өлгенге дейін кемінде бір жыл бойы бірге тұрған мұрагерге көшеді. Үй жиһаздары мен бұйымдарына күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттар, мысалы: жиһаз, ыдыс-аяқ, көрпе-төсек кіреді.

Мұра қалдырушы азаматтың теңге, алтын, күміс, хрусталь бағалы металдар мен қымбат тастар және інжуден жасалған бұйымдары мұрагерлік мүліктің құрамына кіріп, заң бойынша мұрагерлерге тең үлеспен бөлініп беріледі.

Ал, автомашина, мотоцикл және басқа да транспорт түрлері қайтыс болған адамның меншігінде болып, сол адамның атына тіркелесе ғана мұрагерлік мүлік болады.

Көп жағдайда тұрғын үй отбасы мүшелеріне ортақ мүлік болып есептеледі. Сондықтан қазіргі күші бар заң бойынша, кәмелетке жастары толған бірнеше баласы бар отағасы баспананы балаларының біріне мұрагерлікке қалдыра алмайды. Өйткені ол ортақ мүлік болып саналады.

Қазір жер телімдерін мұраға қалдыруға қатысты дау-дамайлар көп. Тіпті ортақ меншікті сатып, балаларына үлесін бермей жүрген адамдар да кездеседі. Осыған байланысты бір мысалды келтіре кетейік. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылының тұрғыны Чалимбаев Шархан деген азамат әйелінің, төрт баласының келісімінсіз тұрғын үйді және 0, 53 гектар жер телімінің жартысын басқа біреулерге сатып жіберіп, ақшаны алып, басқа жаққа кетіп қалған. Соның нәтиже­сінде оның бұрынғы әйелі Зина төрт баласымен баспанасыз қалған. «Бұрынғы күйеуім Чалимбаев біздің ортақ мүлкіміз - тұрғын үй мен 0, 25 гектар жер телімін біздің келісімімізсіз А. Иманбековтерге сатып жіберіпті, Мен оны кеш білдім. Алты рет сот болды. Түрген ауылдық әкімшілігінің шығарған жер телімін Иманбековтерге беру туралы шешімінің күшін сот жойды. Бірақ үйімізді, жерімізді қайтарып ала алмай, далада қалдық» дейді Зина Чалимбаева. Бұл жерде отбасы мүшелеріне ортақ мүлікті Шархан Чалимбаев жеке иемденіп, оларды үлестерінен қағып отыр. Сондықтан ортақ мүліктің мұрагерлікке жеке адамдарға берілуі мүмкін емес.

Отбасына ортақ меншікке қатысы бар адамның қайтыс болуы оның меншіктегі үлесін айқындау және ортақ мүлікті бөлу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі негізінде жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда мұра қайтыс болған адамның ортақ мүліктегі үлесіне, ал мүлікті заттай бөлу мүмкін болмаған кезде үлестің құнына қатысты белгіленеді. Отағасы қайтыс болғаннан кейін ортақ мүліктегі өз үлесіне өсиет қалдыруға құқылы [7] .

Мұрагерлік мүліктің ең көп тарағаны-тұрғын үй. Егер мұралық мүліктің құрамына тұрғын үй болса, нотариус үйдің мұра қалдырушының жеке меншігі екені туралы құқық белгілейтін құжатты, техникалық инвентаризация бюросының анықтамасын талап етеді. Сондай-ақ, тұрғын үй орналасқан жердегі нотариалдық кеңсесінің құжаттары бойынша үйден айыруға тыйым салынғандығын немесе мекен-жайдың бар жоқтығын тексереді.

Егер тыйым салыну сауда алуға байланысты болса, нотариус сауда берген мекемеге сауда алушының мұрагерлеріне мұрагерлік құқық куәлік берілгендігін хабарлайды.

Тұрғын үйдің мұра қадырушының жеке меншігі екені туралы құқық белгілейтін құжат техникалық инвентаризация бюросында міндетті түрде тіркелуі қажет.

Мұраға ауысу - жер учаскесіне жеке меншік, ұзақ мерзімді жер пайдалану және уақытша қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы бар азамат қайтыс болған жағдайда жеке меншік немесе жер пайдалану құқығының (егер уақытша жер пайдалану шартында басқаша көзделмесе) басқаға ауысуы. Мұраның құрамына мұраға берушіге тиесілі, оның қайтыс болуына байланысты тоқтатылмайтын, құқықтар мен міндеттер де кіреді [8] .

ҚР Сақтандыру қызметі туралы Заңына сәйкес мүлікті сақтандыру шартын жасасқан сақтанушы қайтыс болған жағдайда сақтанушының құқықтары мен міндеттері мұрагерлік тәртібімен осы мүлікті қабылдаған адамға ауысады. Сонымен, сақтанушыны тарапынан универсалдық (әмбебап) құқықтық мирасқорлық сақтандыру шартының шеңберінде жалпы ережелер бойынша жүзеге асады [9] .

Мұра қалдырушының барлық құжаттары мұрагерлік арқылы беріле бермейді. Мысалы, мұра қалдырушының отбасылық некелік қатынасқа жататын мүліктік емес құқықтары адам қайтыс болысымен жойылады.

Мұрагерлік бойынша қайтыс болған адамның жеке басымен байланысты құқықтары немесе өзіндік меншік құқығы заң бойынша заңды мұрагерлеріне өтеді. Мысалы, авторлық төлемақы. Жинақ банкісіндегі қаражат және тұрғын ұй кооперативіндегі пайлар [10] .

Мысалы қайтыс болған адамның авторлық және өнер табыс қатынастарынан туындайтын құқықтары мұрагерлеріне мұралық жолмен ауысады. Авторлық құқыққа қысқартылған мерзім қолданылған күнде, онда авторлық құқық мерзімінің қалған бөлігі мұрагерлерге заң бойынша ауысады.

ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңынын 30-бабына сәйкес авторлық құқық мұрагерлiк тәртiбiмен заң бойынша немесе өсиет бойынша ауысады [11] .

Шығарманы бастырып шығарғанда шығарманың өзіне, оның атына және автордың атын көрсеткенде де автордың ризалығынсыз қандай да болсын өзгерістер енгізуге тыйым салынады. Автор өлгеннен кейін оның шығармаларын басқалардың қол сұғуынан қорғауды оның мұрагерлері жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 982 - бабына сәйкес, авторлық құқық автордың бүкіл өмір бойына және ол өлгеннен кейін автор өлген жылдан кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан бастап 50 жыл бойына күшінде болады. Осы уақыт өткеннен кейін кейбір шығармалар сатып алу арқылы мемлекет қарауына жатқызылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 1080-бабы бойынша мұра қалдырушының қайтыс болар алдындағы науқасы туғызған қажетті шығындарды, мұра қалдырушыны жерлеуге арналған шығындарды, мұраны қорғауға, басқаруға, өсиетті орындауға, содай-ақ өсиетті орындаушыға немсе мұраны сенімгерлікпен басқарушыға сыйақы төлеуге байланысты шығындарды

өтеу туралы талаптар ол мұрагерлер арасында бөлінгенге дейін мұра есебінен қанағаттандырылуға тиіс. Бұл талаптар барлық басқа, оның ішінде кепілмен қамтамасыз етілген талаптардың алдында мұраның құнынан басымдықпен қанағаттандырылуға тиіс.

Ал, мұра қалдырушының кредит берушілері өздерінің мұра қалдырушының міндеттемелерінен туындайтын талаптарын өсиет орындаушыға (мұраны сенімгерлікпен бсқарушыға) немесе әрбір мұрагерге ауысқан мүлік құнының шегінде ортақ борышқорлар ретінде жауап беретін мұрагерлерге қоюға құқылы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұрагерлік құқық: түсінігі, түрлері
Мұрагерлік құқықтың түрлері
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша мұрагерліктің сипатын, түрі мен артықшылықтары
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Қазақстан Республикасындағы мұрагерлік құқық және оның қалыптасу кезеңдері
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша мурагерліктің сипатын, түрі мен артықшылықтарын зерттеу
Мұрагерлік құқықтың негіздері
Қазақстан Республикасындағы мұрагерлікті құқықтық реттеу: теория және тәжірибе мәселелері
Мұрагерлік құқығының дамуы
Қазақстан Республикасындағы мұрагерлік қатынастарды реттеудің теориялық және заңнамалық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz