Мектеп жасына дейінгі балаларды математиканы оқуға даярлаудың алғышарттары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚУҒА ДАЯРЛАУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Тәуелсіз Қазақстанның Білім заңына орай жаңа ұлттық білім үлгісі бойынша мектепке дейінгі баланың жеке басын тәрбиелеуде педагогикалық дамудың бұрыннан қалыптасқан әлеуметтік бағыттарын түбегейлі өзгеруге тура келеді. Бұл жастағы балалардың бойында адамға тән қасиеттердің жақсы, өнегелі үлгілерін ойдағыдай қалыптастыру арқылы мектепке дайындау мектепке дейінгі мекемелердің негізгі міндеті. Баланың тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап, білім алуға ден қоюы - оның өміріндегі дамуының негізгі кезеңі. Осы кезеңнен бастап баланың мінезі және жеке ерекшеліктері қалыптаса бастайды.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі жастағы баланы оқыту мен тәрбиелеу өзекті мәселе болып, Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевөзінің халыққа жолауларында тоқталып өтуде. Атап айтар болсақ 2012 жылғы жолдауында Елбасы баланы тәрбиелей болашаққа инвестиция екенін, сол себепті бұл мәселеге осылай қарап, балаларға жақсы білім беру керектігін айтып өтті. Өскелең ұрпақтың озық білім алуы үшін мүмкіндік туғызуға көп күш жұмсады. “Балапан” бағдарламасы жүзеге асып, Зияткерлік мектептер, Назарбаев Университеті, “Болашақ” бағдарламасы жұмыс жасап жатыр. Ал баланы біліммен еңбекке даярлау ата - ананың борышы екендігін атап көрсеткен. [1]

Қазақстан дербес мемлекет ретінде тәуелсіздігін алғаннан бері қоғам дамуының қазіргі талаптарынан туындап отырған міндет пен мақсаттарға орай өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін жан - жақты жетілдіру қажет болып отыр.

Осы бағытта біршама шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: мектепке дейінгі мекемелерде оқытудың мемлекеттік стандарты, бағдарламалар жасалып, соларға сәйкес төлтума оқу - әдістемелік кешендер жазылды, демек, оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа жүйесі мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне енгізілуде, яғни педагогикалық ғылымның озық идеялары мен жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жаңа жағдайларда өзінің қолданысын тауып отыр.

Бүгінгі күн дидактика саласындағы орнықты мәселелердің бірі - математика пәні бойынша балалардың геометриялық ұғымдарын қалыптастыру проблемасы. Математика пәнін оқытудың тәжірибесі геометриялық пішіндермен таныстыра отырып оқытудың тиімді әдістемесіне қол жеткізді, екіншіден, баланың осы ұғымдарды игере отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтау қажеттілігі.

Мектепте баланың математиканы оқуға дайындығын анықтау басты мәселе болып табылады. Мектепте математиканы оқуға дайын бала мыналарды білуі қажет:

  • Сандарды тура және кері санау.
  • Сандармен заттардың санын теңестіру.
  • Есептік және реттік сан есімдерді дұрыс пайдалану.
  • 10 ға дейінгі сандарды салыстыру.
  • Бір санның екінші саннан қайсы көп, қайсы аз екендігін анықтау.
  • Тең емес заттардың санын екі жолмен теңестіру. (қосу, азайту)
  • Көлеміне қарай заттарды салыстыру. (биіктігі, ені, ұзындығы)
  • Сөзбен заттың қайсы үлкен - кіші, ұзын - қысқа, биік - аласа, кең - тар екендігін ажырату.
  • 10 ға дейінгі заттарды көлеміне қарай салыстыру.
  • Шартты өлшеуіштермен заттардың ұзындығын өлшеу.
  • Заттардың пішінін анықтау.
  • Бірнеше үшбұрыштар мен төртбұрыштардан үлкен пішінді құрастыру.
  • Дөңгелекті, төртбұрышты теңдей етіп 2 не 4 бөлікке бөлу.
  • Кеңістікте заттарды бағдарлай және олардың тұрған орнын сөзбен сипаттай білу.
  • Қағаз бетінде бағдарлай алу.

Балалар білуге міндетті:

  • Он көлеміндегі сандардың құрамын білу; Тәулік кезеңдерін ажыратып, атай білу;
  • Кеше, бүгін, ертең сөздерінің айырмашылығын түсіне білу;
  • Апта күндерін және олардың ретін білу;
  • Жыл айларын атай білу.

Ересек балалар тобына әр түрлі отбасылардан және мектепке дейінгі мекемелерден келген балаларды, сондай - ақ бір комплектілі балалар бақшасында тәрбиеленіп жүрген бес жастағы балаларды зерттеу олардың білімдерінің ала - құла болатындығын көрсетеді. Алайда бұл жастағы балалардың бәрі математикалық білімге, атап айтқанда, санауға деген ынтасын, қызығатындығын білдіреді. Олар көзіне көрінгендердің бәрін (үйлердің қабаттары мен терезелерін, трамвайлар мен машиналарды т. б. ) санайды. [2]

Мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастық туралы соңғы уақыттарда көп пікірлер айтылып отыр. Сабақтастық, бір жағынан, жалпы дамуы мен тәрбие деңгейі мектепте оқыту талаптарына сай жауап беретін балаларды мектепке тапсыру, екінші жағынан, оқушыларды әрі қарай жан-жақты дамыту үшін тәрбиеленушілердің игерген білім, білік, дағдыларын мектепте белсенді қолдануын қарастырады.

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бағдарламаларының үздіксіздігі келесі мақсаттарға қол жеткізуді ұсынады:

Мектепке дейінгі басқышта:

  • Баланың денсаулығы мен физиологиялық дамуын нығайту, оның жалпы психологиялық және ойлау қабілеттерін дамыту;
  • Келесі кезеңде оның сәтті біліміне және эмоционалды жайлылығын қамтамасыз ететін танымдық белсенділігін, коммуникативтілігі мен өзіне сенімділігін дамыту;
  • Мұғалімнің балаға жеке тұлғалық бағыттағы қарым-қатынасы;
  • Баланы дамытудың басты факторы ойын әрекетін қалыптастыру;
  • Баланың жеке тұлғалық және танымдық дамуына жол ашатын білімдік орта құру

Бастауыш мектеп басқышында:

  • Баланың мүмкіндігі мен жасына сәйкес танымдық дамуы мен әлеуметтендіру;
  • Қоршаған дүниемен өзара қатынастың түрлі формаларын игеру;
  • Оқу іскерлігін қалыптастыру мен мектептің орта буынында білім алуға дайындығы;
  • Осы жастағы дамудың басты жетістігі ретінде оқу үдерісінің оқыту іскерлігіне бағыттылығы;

Математика пәнiн оқытудың мақсаты: математикалық бiлiм, бiлiк және дағдыларды игерту; математика курсының мазмұны арқылы баланы тұлға ретiнде қалыптастыру; танымдық iс-әрекетке, сондай-ақ өздiгiнен бiлiм алуға дайындығын қалыптастыру.

Математиканы оқытуда жинақталған бiлiмдi, бiлiктердi өзгертiлген жағдайда қолдана алу маңызды рөл атқарады. Ол үшiн тапсырмалар жүйесi алдымен жеңiлдеулерiн, одан кейiн бiртiндеп күрделiлерiн орындауда оқушылар сәйкес бiлiм мен бiлiктердi меңгеретiндей, оларды есеп шығаруға жаттықтыратындай етiп құрылуы қажет. Сонымен бiрге оқушылардың өз ұсыныстарын негiздеуiне, өз ойларын дәл, түсiнiктi және тиянақты етiп жеткiзе алуына үлкен мән берiлуi тиіс.

«Математика» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады.

Математиканы оқыту бағдарламалары арнайы жабдықталған сынып бөлмесінде және жалпы қолданылатын оқу-көрнекілік құралдар мен жабдықтар, демонстрациялық және лабораториялық приборлар, баспа құралдары, диапозитивтер мен диа-, кино-, және видеофильмдер, кино-, және видеофрагменттер, техникалық оқыту құралдары бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. [3]

Баланы мектепке даярлауға арналған әдістемелер.

Енді мектепке барар балалардың ақыл - ойының орамдылығын анықтау үшін логикалық ойлауын, арифметикалық дағдыларын, кеңістікті бағдарлауын, қабылдауының жылдамдығын тексеретін авторлық әдістемелерден мысалдар келтірейік:

  1. А. Р. Лурияның “Пиктограмма” әдістемесі. Мақсаты- құралдарды пайдалану арқылы балалардың есте сақтауының даму деңгейін анықтау. Зерттеуші есте сақтауға он, он екі сөздер мен сөз тіркестерін ретімен атайды. Ал бала әр сөзге сол сөзді есіне түсіретіндей сурет салуы тиіс.
  2. Е. Е. Кравцованың “Кім үлкен?” деп аталатын әдістемесі арқылы балалардың ойлау операцияларының даму деңгейін анықтайды. әдісиеме ауызша есептерді ойша шешу арқылы орындалады: қоян - қасқырдан үлкен, қасқыр аюдан үлкен. Сонымен кім үлкен? Қоян ба, аю ма?
  3. С. Я. Рубинштейнннің “10 сөзді жаттау” әдістемесі ерікті есте сақтау деңгейін тексеруге мүмкіндік береді. Қалыпты жағдайда дамып келе жатқанбаланың әр бір жаңа сөз сайын есте сақтауы арта береді, ал медициналық, психолгиялық көмекті қажет ететін балалардың есте сақтауы, керісінше, кеми береді.
  4. Баланың мектепке оқуға ықыластық даярлығын анықтау үшін Н. Л. Белопольскаяның әдістемесін қолдануға болады. әдістеменің міндеті - баланың ойынға және ойынға ықыласын байқау. Ойын элементтерін пайдаланып, ынталандыру арқылы белгілі бір тапсырмалар жүйесін орындатады.
  5. Д. Б. Элькониннің “Кескіндеме диктант”, Л. А. Венгердің “Өрнекті диктант”, Л. И. Цеханскаяның “Өрнек” әдістемелері үлкеннің нұсқауын тыңдап, оны орындау мен өзінің әрекетін белгілі бір тәртіпке бағындыру іскерлігін анықтау үшін қолданылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Мектепке дейінгі мекеме жағдайында балаларды мектепке даярлау (қарапайым математика материалдары негізінде)
Баланың мектепке дайындығының кейбір психологиялық аспектілері
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚТЫҢ ҒЫЛЫМИ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚУҒА ДАЙЫНДЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі баланы отбасында этномәдени құндылықтар негізінде мектепке даярлау
Баланы мектепке психологиялық-педагогикалық дайындаудың негіздерін анықтау
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық жағдайлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz