Жасушааралық сигналдардың берілуі



Жасушааралық сигналдардың берілуі
Жасушааралық сигналдық заттар
Гормондар
Гистогормондар
Сигналдың жасушаішілік берілу жолдары
Екінші мессенджерлер
Алшынбай Рақышев
Ғылыми еңбектер
Марапаттар
Халықаралық анатомия номенклатурасы. Латынша анатомиялық сөздіктер.
Жасушааралық сигнализация дегеніміз-ағза жасушаларының өзара түрліше ақпараттармен алмасуы және оларға тиесілі жауап қайтаруы болып табылады. Сүтқоректілер жасушаларында ақпараттарды қабылдаудың және оларды өндеудің көптеген жолдары белгілі.
Соңғы уақытқа дейін жасушааралық сигналдық заттар тізімі ірі эндокриндік (ішкі секреция) бездерінің гормондарымен және бірнеше нейромедиаторлармен ғана шектелініп келген. Бірақ, кейінірек төмендегілер белгілі болды:
а) біршама жекелеген эндокриндік жасушалардың (асқорыту жене тыныс алу арналарының эпителийінде) болатындығы және олардың түрліше гормондарды секрециялайтыңдығы анықталды;
б) нейромедиаторлар санының біршама көп болатындығы;
п) «кәдімгі» (эндокриндік емес) жасушалардың да көршілес жасушаларға әсер ететін, көптеген биологиялық белсенді затгарды (гистогормондарды) бөліп шығаратыңцығы анықталады.
Сонымен, жасушааралық сигаализация құбылысьш үстіртін шолудың өзі, оның өте күрделі, кең ауқымды және өте маңызды құбылыс екенін байқатады.
Барлық жасушааралық сигналдық заттарды 3 топқа топтастыруға болады:
1) гормондар-эңдокриндік жасушалар пайда ететін және жасуша нысанаға қан арқылы жеткізілетін реттегіштер;
2) нейромедиаторлар - сигналды синапстың пресинаптикалық ұштарынан постсинаптикалық мембранаға өткізуші қосылыстар;
3) гистогормондар (яғни цитокиндер және өсу факторлары)-эндокриндік емес жасушалардың қантамырлардан тыс кеңістікке бөліп шығаратын, сондықтан да жергілікті әсер ететін реттегіштері.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖАСУШААРАЛЫҚ СИГНАЛДАРДЫҢ БЕРІЛУІ
Жасушааралық сигнализация дегеніміз-ағза жасушаларының өзара түрліше
ақпараттармен алмасуы және оларға тиесілі жауап қайтаруы болып табылады.
Сүтқоректілер жасушаларында ақпараттарды қабылдаудың және оларды өндеудің
көптеген жолдары белгілі.
Соңғы уақытқа дейін жасушааралық сигналдық заттар тізімі ірі
эндокриндік (ішкі секреция) бездерінің гормондарымен және бірнеше
нейромедиаторлармен ғана шектелініп келген. Бірақ, кейінірек төмендегілер
белгілі болды:
а) біршама жекелеген эндокриндік жасушалардың (асқорыту жене тыныс алу
арналарының эпителийінде) болатындығы және олардың түрліше гормондарды
секрециялайтыңдығы анықталды;
б) нейромедиаторлар санының біршама көп болатындығы;
п) кәдімгі (эндокриндік емес) жасушалардың да көршілес жасушаларға
әсер ететін, көптеген биологиялық белсенді затгарды (гистогормондарды)
бөліп шығаратыңцығы анықталады.
Сонымен, жасушааралық сигаализация құбылысьш үстіртін шолудың өзі, оның
өте күрделі, кең ауқымды және өте маңызды құбылыс екенін байқатады.
Бұл құбылыстың жалпы сызбанұсқасы төмендегі 5 кезеңдерді қамтиды:
Сигналдық Рецепторды—► Сигналдық _ Протеинкин Ақырғы
молекуланың ң жасушаішіл ағзалардың реттеуші
ік активтенуі
рецепторымен активтенуі медиаторта ақуыздың
байланысуы берілуі реттелуі

Осы кезендердің кез-келгенінде сигналдың берілуі бұзылуы мүмкін, ал
олар түрліше патологияларға алып келеді.
Жасушааралық сигналдық заттар
Барлық жасушааралық сигналдық заттарды 3 топқа топтастыруға болады:
1) гормондар-эңдокриндік жасушалар пайда ететін және жасуша нысанаға
қан арқылы жеткізілетін реттегіштер;
2) нейромедиаторлар - сигналды синапстың пресинаптикалық ұштарынан
постсинаптикалық мембранаға өткізуші қосылыстар;
3) гистогормондар (яғни цитокиндер және өсу факторлары)-эндокриндік
емес жасушалардың қантамырлардан тыс кеңістікке бөліп шығаратын, сондықтан
да жергілікті әсер ететін реттегіштері.
Гормондар
Барлық гормон өндіруші құрылымдарды 4 топқа бөледі:
1) орталық эңдокриндік мүшелер:
а) гипоталамус, б) гипофиз, в) эпифиз.
2) шеткі эндокриндік бездер:
а) қалқанша безі, б) бүйрек үсті безі.
3) аралас бездер:
а) ұйқы безі, б) бүйректер, в) тимус, г) гормондар, д) қағанақ, е)
жүрек.
4) жеке гормонөндіруші жасушалар эндокриндік жүйе:
а) нерв, асқорыту және тынысалу жүйелерінің әртүрлі бөлімдеріңдегі
эңдокриндік жасушалар.
19-кесте. Гипоталамус гормондары
Гормондар Химиялық Өсерлері
табиғаты
Аденогипофи-зоЛибериндер Пептидтер
тропты
гормондар
Статиндер а) Аденогипофизге
еніп тнесілі
гормондар синтезін
стимулдайды
(либириндер) не
тежейді (статиндер).
б) Эмоцияға,
мінез-құлықка әсер
етеді.
Нейрогор-мондаАнтидиуретикаЦиклд ық а) Бүйрек
р лық гормон нонапептидтер арнашықтарынан судың
немесе (9АҚ калдығы) реабсорбциясын
вазопрессин күшейтеді.
б) жүрек және өкпе
кантамырларының
миоциттерінің
жиырылуын тудырады.
Окситоцин Миометрий, сүт
безінің
миоэпителиалдық
жасушаларының, шәует
шығаратын жолдың
миоциттерінің
жиырылуын
стимулдайды.

Сонымен, егер гидрофильдік гормондар ферменттер белсенділігіне және
олардың синтезделуіне әсер ететін болса, гидрофобтық гормондар гендік
деңгейде реттелінетін ақуыз синтезіне ғана әсер етеді:
Гистогормондар
Гистогормондардың гормондардан айырмашылығы:
а) эндокриндік емес, кәдімгі жасушалар өндіреді;
б) қан арқылы таралмай, жасушааралық кеңістікке диффузияланады;
в) сондықтан да жергілікті әсер етеді, яғни жақын орналасқан
жасушаларға әсер етеді.
Гистогормондардың нысанаға жеткізілуіне байланысты екі жағдай
қалыптасады:
-паракриндік әсер ету-гистогормонды өңцірген жасуша айналасьшдағы
жасуша-нысаналарға әсер етсе;
-аутокриндік өсер ету-жасушаарлық ортаға бөлініп шыққан гистогормон
өзін өндірген жасуша мембранасының рецепторларымен байланысып өзіне әсер
етеді.

Сигналдың жасушаішілік берілу жолдары
Екінші мессенджерлер
Жоғарыда сипатталғандай, сигналдық молекулалар рецепторлармен
байланысқаннан кейін, сигналдың жасушаішілік берілу жолы басталады. Ал, ол
екінші мессенджерлердің қатынасуымен жүзеге асады.
Екінші мессенджерлер дегеніміз-рецептордың активтенуіне жауап
молекулалық сигналды күшейтетін кіші молекулалық заттар. Олар, эдетте, өте
қысқа мерзімде әрекет етеді және әртүрлі тетіктер (механизм) арқылы
активтенеді. Қазіргі кезде, жасушааралық сигналдың берілуіңде маңызды рөл
атқаратын, 6-7 түрлі екінші мессенджерлер белгілі, олар:
-циклдық аденозин монофосфат-цАМФ;
-циклдықгуанозинмонофосфат-цГМФ;
-азот оксиді (N0);
-инозиттрифосфат (ІТТФ);
-диацилглицерин (ДАТ);
-кальций ионы (Са2+-ионы).
Екінші мессенджерлердің қатынасуымен сигналдардың берілуі маңызды
физиологиялық құбылыстардың қалыптасуын қамтамасыз етеді және олардың
тетіктері түрліше болады. Сондықтан, олардың кейбіреулерін жоба күйінде
болса да қысқа сипаттауды жөн көрдік.

Алшынбай Рақышев
Алшынбай Рақышев (19.4. 1931 жылы туылған, Қарағанды облысы Қарқаралы
ауданы Т.Әубәкiров ауылы) – медицина ғылмының докторы (1968), профессор
(1969), Қазақстан ҰҒА-ның академик (2003).
1956 Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қарағанды
мемлекеттік медицина академиясы) бiтiрген.
1956-1964 Осы институтта аспирант, ассистент,Целиноград мемлекеттік
медицина институтында (қазiргi Ақмола мемлекеттік медицина академиясы) аға
ғылыми қызметкер, кафедра меңгерушісі,
1964-1968 оқу істері жөніндегі проректоры
1969-1977 қазiргi Қазақ ұлттық медицина университетiнде кафедра
меңгерушiсi, оқу iстерi жөнiндегi проректоры
1994-1995 Халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті болып
жұмыс iстеген.
1978 жылдан Қазақ ұлттық медицина университетінде кафедра меңгерушісі
қызметін атқарады.
Ғылыми еңбектер
Источники формирования тазового сплетения деген тақырыпта докторлық
диссертация қорғады. Негiзгi ғылыми еңбектерi адамның жүйке клеткаларының
морфологиясын зерттеуге арналған. Рақышев вегетативтiк жүйке жүйесiнiң
морфологиялық-функционалдық құрылымдарын, шеткi жүйке жүйесiнiң
регенеративтiк қабiлетiнiң жолдары мен ерекшелiктерiн зерттедi. Гелий-неон
лазер сәулелерiнiң жүйке және тамыр жүйелерiне әсер ететiн заңдылықтарын
анықтады. 30 жылдан астам ұлттық медицина терминдерi мен атауларын
құрастырып, оларды бiр iзге түсiрумен шұғылданды. Рақышевтың 150-ден аса
ғылыми еңбектерi мен 18 монографиясы жарық көрдi.
Марапаттар
Құрмет орденімен (2005) марапатталған.

Халықаралық анатомия номенклатурасы. Латынша анатомиялық сөздіктер.
Әуелі сөз басында, бір кездегі еліміздегі ұлттық саясаттың саяз, қиын
жылдарында менің ең алғашқы анатомия терминдерінің қазақша-орысша-латынша
сөздіктерімді жарыққа шығарарда (1963, 1966) көмектескен қазақ халқының
көрнекті азаматтары — Қарынбаев Сибағатолла Рысқалиүлы мен Субханбердин
Сәлкен Хасенұүлы еді. Олар өздерінің мемлекеттік деңгейде үлкен қызмет
атқаруларына қарамастан (Қазақстанның денсаулық сақтау министрі,
республикалық дәрі-дәрмек басқармасының төрағасы), "ұлтшыл" деген жала
жабылудан қорықпай көмектесіп, кейіннен білім, ғылым салаларында және
әкімшілік қызметтерінде жетіліп қалыптасуыма әсерін тигізген-ді. Кеңес
одағы ыдырағаннан кейінгі уақытта, тәуелсіздікке қолы жеткен егеменді
мемлекетіміз, өзінің тілін және білім, ғылымын дамыту максатында бұрын-
сонды болмаған қажетті шараларды жүзеге асыруда.
Осының бір көрінісі — ҚР Президентінің жарлығымен (5 мау-сым 2001 жыл №
648) медицинадағы қара шаңырақ — Алматы медицина институтының ұлттық
университет атанып ерекше мәртебе алуы.
Медицина ғылымының негізгі бір саласы — адам анатомиясы — медицинаның
іргесін қалайтыны белгілі. Болашақ дөрігерлердің адам денесінің құрылымы
туралы білім алуы медицина әліппесін — анатомиялық терминдерді игеруден
басталады.
Жоғарғы оқу орындарына түскен студенттерге ең алғашқы күндерден бастап-
ақ анатомиялық латын терминологиясының сөздігі қажет болады. Мұндай
сөздіктің, орта мектепті бітірген жастар үшін латын терминдерін орыс және
қазақ тілдерінде оқып түсінуінде маңызы өте зор.
Тілді, әсіресе латын және орыс тілдерін игеру қиындықтарын өз басынан
өткізген осы жолдардың авторы, студент кездердің өзінде-ақ анатомиялық
терминдердің үш тілдегі сөздігін құрастыра жүрген-ді. Осы көпжылдық
жұмыстың нәтижесі ретінде Анатомия терминдерінің қазақша-орысша-латынша
сөздігі деп аталатын екі бөлімдік кітап (I бөлім, Алматы, 1963, II бөлім,
Алматы, 1966) оқу құралы ретіңде жарық көрген-ді. Кейіннен бұл сөздіктер
белгілі толықтырудан кейін, 1994 жылы (Алматы, "Демеу") бір кітап болып
баспадан шықты. Аталған сөздіктер тек студенттерге ғана емес, сонымен
қатар, кейінгі бірсыпыра авторлардың жазған еңбектеріне де үлкен демеу
болып әжетке жарады.
Алғашқы сөздіктер жарық көргеннен бері 40 жылдай уақыт өтті, ол қазір
библиографиялық сирек кездесетін кітаптар қатарынан орын алған. Сол
уақыттан бері, автордың өзі қатынасқан анатомдардың Бүкілодақтық
съездерінде — (Ташкент, 1974; Минск, 1980; Винница, 1986) жөне Халықаралық
Конгрестерінде (Ленинград, 1970; Токио, 1975; Мехико, 1980; Сингапур, 1995)
ғылымның осы саладағы жетістіктері ескеріле отырып, көптеген
анатомиялықтерминдер қайта қаралып, толықтырылды.
Оның соңында, адам денесінің құрылымы (адам анатомиясы), медицина
институттарында оқитын студенттерге арналған бағдарлама бойынша, Қазақстан
Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің мақұлдауымен қазақ
тіліндегі түңғыш оқу құралы екі кітап болып жарық көрді (Адам анатомиясы, І-
бөлім, 1994;
ІІ-бөлім, 1995). Айтылған көпжылдық жұмыстарды жасауда жоғарғы оқу
орындарында анатомия пәнінен 45 жылдан аса сабақ беру, дәріс оқу
тәжірибелері өзінің кәсіби көмегін тигізгенін де айта кетсек артық болмас.
Демек, қазіргі талапқа сай медицина ғылымдарының іргесін қалайтын
анатомиялық атау-терминдерін халықаралық деңгейге көтеру мақсатымен
қазақтың ұлттық анатомия номенклатурасын ұсынып отырмыз. Бұл жұмыста
халықаралық және орыс анатомия номенклатуралары негізге алынып, түрік,
әзербайжан елдерінің тәжірибелері пайдаланылды (кітап соңыңдағы әдебиеттер
тізімін қараңыз).
Әр тілдерге сәйкес анатомиялық терминдерді бір-бірімен салыстыра
отырып, қазақша лайықты балама сөз табу жұмысыңда белгілі қиындықтар
кездесті. Дегенмен, мұндай қиыңдықтар анатомияның барлық терминдеріне тән
нәрсе емес екен. Мәселен, сүйектер мен асқазан-ішек құрылымдарына балама
атаулар іздегенде, қазақ тілінің көп жағдайларда бай екені анықталды.
Мысалы, Гребень (латынша — crista) деген терминді қазақ тіліне
бірнеше сөздермен аударуға болады: қыр, арқа, жота, жал; Вырезка
(incisura) — тілік, кетік, ойынды, ойық; Край (limbus) — жиек, шет,
ернеу; Канатик (funiculus) — арқан, жіп, шылбыр; Связка (ligamentum) —
жалғама, байлам; Губчатый (spongiosus) — кеуекті, кемікті деп аударылады.
Сүйек жүйесіне байланысты терминдерді қарастырғанда, бір сүйекті қазақ
тілінде белгілеу үшін бірнеше термин-синонимдерді табуға болады: Плечевая
кость (humerus) — тоқпан жілік, тоқпақ жілік, иық сүйек; Решетчатая
кость (os ethmoidale) — кеңсірік, торлы сүйек; Большеберцовая кость
(tibia) — асықты жілік, үлкен жілік; Крестец (os sacrum) — сегізкөз, жая;
Бедренная кость (femur) — ортан жілік, сан сүйек; Затылочная кость (os
occipitale) — қарақұс, шүйде сүйек.
Іш қуысындағы мүшелерді қарастырғанда Слепая кишка (caecum) деген
терминді қазақша соқыр ішек, тұйық ішек, бүйен деп аударуға болады; Тонкая
кишка (intestinum tenue) — аш ішек, ащы ішек, жіңішке ішек деп аталады.
Бірқатар анатомиялық құрылымдарға атау ізделген кездегі байқалған қазақ
тілінің байлығы, жаңа терминдер жасауда өз көмектерін тигізді.
Қазіргі кезенде қазақтың медициналық терминдерік қалыптастыруда,
бірнеше тілдерді игерген және орыс халқы мен туыстас түркі халықтарының
озық тәжірибелеріне сүйенетін ғалымдарды ақылға сала, біртіндеп істелетін
күрделі жұмыстар күтіп тұр. Мүндай жағдайда халық ауыз әдебиетінің бай
мұрасы мен қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, салтына тән көптеген көне
терминдерді орынды пайдалану маңызды.
Г. Себепов (Известия ФАН, 1944) түйе шаруашылығына байланысты қазақ
тіліндегі 112 терминді есепке алғанда, оның 40-ы тек қана түйе және оның
төлдері атауларына арналғанын айтады.
С. Толыбеков "Қазақтың көшпелі қоғамы" (1971) атты кітабында жылқы
малының 38-ден астам түрлерін атап көрсетеді.
Терминдердің ертеректегі мүндай байлығын академик В.В.Радлов
қазақтардың өмір сүру салт-тұрмысымен байланыстырады.
Адам денесіндегі сүйектер мен ішкі ағзалар атауларын белгілеудегі қазақ
тілінің байлығын біз ертеректе айтқан болатынбыз.
Алайда нерв, қан тамырлары жүйелері мен сезім мүшелері құрылымдарына
қатысты кейбір баламаларда орыс анатомиялық терминологиясын құру кезінде
қолданғанындай, біз де терминдерді латыншадан транскрипциялауды және
транслитерациялауды пайдаландық.
Мәселен: орыс анатомиялық термині Гипофиз (латынша hypophysis) —
қазақ терминологиясы бойынша — гипофиз; Лимфа (lympha) — лимфа; Миокард
(myocardium) — миокард; Паренхима (parenchyma) — паренхима; Нефрон
(nephron) — нефрон; Стро-ма (stroma) — строма; Эпифиз (epiphysis) —
эпифиз; Конус (conus) — конус; Пронатор (pronator) — пронатор; Нейрон
(neuron) -нейрон; Полюс (polus) — полюс және т.б.
Халықаралық анатомиялық номенклатураны құрудың жауапты редакторы,
белгілі кеңес анатомы С.С.Михайлов (1987): "қазір орыс анатомия
номенкдатурасын жасау кезеңінде транскрипция және транслитерация әдісін
пайдаланбау мүмкін емес. Тіл дамытудағы мүмкін жолдарының бірі осы
тәсілдер" — деп жазды. Ол В.Даль өзінің атақты сөздігін Тірі ұлы орыс
тілінің түсіндірме сөздігі деп кездейсоқ атамағанын ескертеді де: "Тіл
әрқашан да дами береді, ол шындығында да тірі" — деп есептейді.
Орыс анатомиялық номенклатурасыңда латын терминдерінің орысша
баламалары бола түра, латынданған түрін жиі беру кездеседі: Diafragma —
грудобрюшная переграда — диафрагма; Trachea — дыхательное горло — трахея;
Acinus — пузырек — ацинус; Pericardium — околосердечная сумка — перикард.
Біз осындай жағдайларды дұрыс және дәл түсіну үшін, қазақтың балама
сөздерін келтірдік те, оның қасына орыс анатомиялық терминологиясынан
алынған латынданған терминдерді қойдық. Біздіц пікірімізше бұл әдіс қазақ
тілінің мүмкіндігін кеңейтіп, оны халықаралық номенклатураға жақындатады,
сонымен қатар әр тілдергс сіңіп кеткен терминдерді бір жүйеге келтіріп,
үйлестіруге мүмкіндік береді. Мысалы: Aponevrosis — жалпақ сіңір,
апоневроз. Diafragma -көкет, диафрагма. Sphincter — қысқыш, сфинктер.
Термин жасау жұмысы барысында біз халықаралық және орыс анатомиялық
номенклатураларының нұсқауларын пайдаландық. Бұл іске орыс анатомиялық
құрылымдарды эквиваленттік баламалармен белгілеу принциптері үлкен көмегін
тигізді.
Осыған байланысты, халықаралық және орыс анатомиялық
номенклатураларының құрылуы тарихына тоқтала кету керек.
Көптеген ғылым салаларында және оның ішіндегі анатомия пәніндегі ғылыми
ойдың біртіндеп дамуына орай, анатомиялық терминология да біртіндеп, баяу
және кейде ретсіз түрде дамып, құрастырылды, сол себепті де ол жан-жақты
бола алмады.
Біз жамбас астауы қуысындағы вегетативті нерв жүйесін (симпатикалық,
парасимпатикалық бөлім өрімдерін) арнаулы мақсатпен тексергенімізде
(А.Рақышев, каңдидаттық диссертация, Қарағанды, 1960), ондағы атау-
терминдердің әртүрлі аталып бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасушаға сигнал берудің молекулалық механизмдері. Жасушаішілік сигнализацияның негізгі механизмдері. Медициналық мәні
жасушалар мен хромосомалар
Жасуша мембранасының зақымдау механизмі
Жүрек жүйке орталықтарының тонусы
Гормондардың мақсатты жасушаларға әсер ету механизмдері
Электромагниттік өрістердің әсері
Қозу импульстерінің жүйке талшықтарымен таралуы
Цитология.Зиянды әрекетерге жасушаның реакциясы.Жасушаның қартаюы мен өлуі
Емізік терісінің жарықтары
ҚОЗҒАЛЫСТАР МОДУЛІ БОЙЫНША КЕЙС: Мен өзім жүре алғанда бәрі ойдағыдай
Пәндер