Гүлдің құрылысы және оның қызметі


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Гүлдің құрылысы және оның қызметі

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

2. 1. Гүлдің морфологиялық құрылысы

2. 2. Гүл шоғырлары

2. 3. Гүл диаграммасы, формуласы

2. 4. Гүлдің қызметі

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы орасан зор. Өсімдіктер - адамға тамақ өнімдерін береді және ауыл шаруашылық жануарларына қажетті жемшөп қоры. Олар шикізат ретінде өңдірістің әр түрлі салаларында қолданылады.

Гүлді өсімдіктердің халық шаруашылығында және ғылыми медицинада кеңінен қолданылатын түрлері көптеп кездеседі. Олардың ішінде көкөністік, жеміс -жидектік, балды, майлы және техникалық түрлер де бар. Ағаш тәрізді формалары құрылыс материалдары ретінде аса құнды. Әр түрлі үй жиһаздарын жасайды. Бұлардың бірқатары сәнді өсімдіктер.

Тынымбақтарды, саябақтарды, көшелерді, тіптен жұмыс орындарын көгаландыруға пайдаланады.

Ауыл және халық шаруашылығының әр түрлі салаларының дамуына байланысты, өсімдік өнімдеріне сұраныс артыпе келеді. Мұның өзі адаманың табиғат байлығын зерттеуге белсенді түрде кірісуіне жол ашады. Мәдени өсімдіктердің қазіргі кездегі түрлерінен де түсімділігі жоғары жаңа іріктемелер шығарылуы қажет.

Өсімдіктерді табиғи жағдайда зерттеу әр түрлі экспедициялар ұйымдастырумен тікелей байланысты. Кезінде Мәскеу өсімдік шаруашылығы институты ұйымдастырған экспедициялар жабайы өсімдіктердің көптеген пайдалы түрлерін ашуға мүмкіндік берді. Осындай экспедициялардың арқасында ауыл шаруашылық өсімдіктер іріктемелерінің аса бай үлгілері жинақталды. Оны жинақтауда академик Н. И. Вавиловтың еңбегі ерекше еді. Н. И. Вавиловтың тікелей басшылығымен дүние жүзінінің көптеген аймақтарында экспедициялар ұйымдастырылды. Бұл экспедицияға қатысқан ғалымдар әлемнің әр түрлі елдерінің жабайы өсімдіктерін зерттеді. Соңғы 15-20 жылдың ішінде осындай экспедициялардың құрамына Қазақстан ғалымдары (Кәрім Мыңбаев) енді.

ІІ. Негізгі бөлім:

2. 1. Гүлдің морфологиялық құрылысы

Гүлшоғыры деп өркеннің жоғарғы, көп жағдайда шашыраңқы тарамдалған, гүл беретін бөлігін айтады. Гүлшоғының өсінің буыңдарында жапырақтар орналасады. Олар өркеннің вегетативтік жапырағына ұқсас болуыда, немесе түрі өзгерген, фотосинтездік қабілетін жоғалтқан болуыда мүмкін. Бұларға гүлдің жабыңдық жапырақтары прицветники) және гүлсағағының жабыңдық жапырақшалары жатады.

Гүлшоғының жекелеген гүлдерден биологиялық артықшылықтары болады. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

1) гүлшоғында тозаңцанудың жүру мүмкіңдігі бірден-бір арта түседі;

2) гүлшоғындағы гүлдердің біртіндеп ашылуына байланысты, олардың сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен зақымдануы азаяды.

ГҮЛШОҒЫНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Гүлшоғының екі типі болады: күрделі гүлшоғы, бұл жағдайда гүлдер негізгі өстің тармақтарында орналасады және жай гүлшоғы, бұл жағдайда гүлдердің сағағы болады, немесе сағақсыз тікелей негізгі өстің өзіне орналасады.

Күрделі гүлшоғы өстерінің ұзындыққа өсу ерекшеліктеріне қарай симподиальды (шектеулі) және моноподи-альды (шектеусіз) болып екіге бөлінеді.

Күрделі симподиальды, немесе цимозды (шектеулі) гүлшоғы

Күрделі симподиальды гүлшоғының негізгі өсі гүлмен аяқталады, гүлдерінің ашылуы жоғарғы жағынан басталып, бүйірлік бүтақтарына қарай жүреді, ал егерде гүлдері бір деңгейде орналасқан болса, онда олардың ашылуы шоқтың ортасынан шетіне қарай жүреді. Күрделі симподиальды гүлшоғына мыналар жатады (126-сурет) .

Монохазий - негізгі өсі гүлмен аяқталады, оның төменгі жағынан екінші реттегі жаңа өс пайда болады, ол да гүлмен аяқталады. Бұдан соңғы пайда болған гүлдер де осы ретпен бүйірлеп өсіп, гүлдеп одан әрі жалғаса береді. Монохазий бұйра (завиток) жөне ирек (извилина) гүлшоқтары болып екіге бөлінеді.

Гүлшоғы орналасқан негізгі өсі гүлмен аяқталса, оның төменгі жағынан кеткен гүлдердің барлығы оның не кілең оң жағыңда, болмаса тек сол жағында бірыңғай орналасса, оңда мүңдай гүлшоғын бұйра гүлшоғы деп атайды (көкбас-гүлде - синяк, помидорда, ландышта және т. б. ) .

Гүлшоғы орналасқан негізгі өсі гүлмен аяқталса, оның төменгі жағынан кеткен гүл бүтақтарының бірі оның оң жағынан, екіншісі сол жағынан кезектесіп кетіп отырса, онда мұндай гүлшоғын ирек гүлшоғы деп атайды (гладиолуста, гравилатта және т. б. ) . Дихазий - негізгі өсі гүлмен аяқталады, оның төменгі жағынан екі қарама-қарсы орналасқан жаңа өстер кетеді, олардың әрқайсысы гүлмен аяқталады. Осылайша гүлшоғының бұтақтануы одан әрі жалғаса береді. Бұл жағдайда жаңа өстер аналық өстен біршама биік түрады. Соның нәтижесінде төменгі реттік гүлдері - гүлшоғының төменгі жағыңда, ал жоғарғы реттік гүлдері - жоғарғы жағында орналасады (қалампырда - гвоздика, тенге жапырақта - манжетка және т. б. ) . Плейхазий - негізгі өсі бір гүлмен аяқталады, оның төменгі жағынан екіден көп қарама-қарсы немесе кезектесіп орналасқан, өз кезегінде гүлдермен аяқталатын жаңа өстер кетеді (сүттігенде, қызыл ырғайда, гортензияда және т. б. ) . Тирс. Тирс деп негізгі өсі моноподиальды бүтақтанып гүлмен аяқталатын, ал бүйірлік өстері симподиальды бұтақтанып гүлдер беретін аралас гүлшоғын атайды. Көпшілік жағдайда тирсті қосарлы ирек (сабынкөк - норичник), немесе қосарлы бүйра гүлшоғы ретінде (шайқурайда - зверобой) қарастырады.

Күрделі моноподиальды, немесе рацемозды (шектеусіз) гүлшоғы

Күрделі моноподиальды гүлшоғының негізгі өсі ұзақ уақыттар бойы шексіз ұзындыққа өседі, гүлдерінің ашылуы өстің төменгі жағынан басталып жоғары қарай жүреді, ал егерде гүлдері бір деңгейде орналасқан болса онда олар шоқтың шетінен ортасына қарай ашылады. Күрделі моноподиальды гүлшоғына мыналар жатады (127-сурет) .

Сыпыртщы гүлшоғы. Сыпыртқы гүлшоғының төменгі бүйірлік гүл беретін өркендері жоғарғыларына қарағавда жақсы дамып, күшті тармақталған болып келеді.

Қалңанша гүлшоғы. Қалқанша гүлшоғының төменгі гүлдерінің сағағы жоғарғы гүлдерінің сағағына қарағанда ұзындау болып келеді. Соған байланысты гүлшоғындағы гүлдердің барлығы бірдеңгейде орналасады (мыңжапырақ, түймешетен, тобылғының кейбір түрлері) . Күрделі масак, Күрделі масақтың негізгі өсі моноподи-альды бүтақтанып, бүйірлік тармақтар береді. Осы бүйірлік тармақтарда гүлдер сабақсыз, отырмалы болып орналаса-ды. Оларды масақшалар, ал түтастай гүлшоғын күрделі масақ деп атайды. Күрделі шатыр. Гүлшоғының қысқарған негізгі өсінен, ұзындықтары бірдей екінші реттік өстер кетеді, ал олардың басында сағақтары қысқа болып келетін гүлдер орналасады. Көп жағдайда екінші реттік өстердің түп жағында олардың барлығына ортақ орама жапырақшалар (обшая об-вертка), ал гүл сағақтарының тұп жағында жекелеген орама жапырақшалар түзіледі.

2. 2. Гүл шоғырлары

Жоғарыда келтірілгендерден басқа да күрделі гүлшоқтары болады, оларды агрегатты гүлшоқтарына жатқызады. Агрегатты гүлшоқтары деп әр түрлі гүлшоқтарының типтерінің бірігіп бір гүлшоғын түзуін айтады.

Өстері ұзын болып келетін жай гүлшоқгары

Шашақ гүл. Гүлшоғының өсінде орналасқан жеке гүлдердің сағақтарының ұзындықтары шамамен бірдей болады.

Масақ гүл. Негізгі өсте орналасқан гүлдердің сағақтары жоқ, отырмалы болып келеді.

Сырға гүл. Негізгі өсі жүмсақ, оған орналасқан гүлдердің сағақтары болмайтын, төмен салбырап тұратын масақ. Гүлдеп болған соң мұңдай гүлшоғы әдетте түсіп қалып отырады.

Собық гүл. Негізгі өсі қатты жалпайған, құрылысы жай масақ секілді, сыртын жамылғы деп аталынатын бір немесе бірнеше орама жапырақтары жауып тұратын собық.

Өстері қысқа болып келетін жай гүлшоқтары

Шатыр гүл. Гүл шоғының негізгі өсі қысқарған, оның жоғарғы жағынан ұзындықтары бірдей болып келетін гүлсағақтар кетеді. Олардың өрқайсысы гүлмен аяқталады (пияз) .

Шоқпарбас гүл. Бұл негізгі өсі қысқарған жөне аздап етженді болып келетін, ал оның үстінгі бетіне орналасқан көптеген жеке гүлдер не сағақсыз, отырмалы, не болмаса өте қысқарған сағақты болып келеді. Нөтижесінде жай шатыр гүлге ұқсас шоқпарбас гүлшоғы түзіледі.

Себет гүл. Негізгі өсі табақша төрізді болып жалпайған, оның үстінгі бетінде шетінен ортасына қарай ашылатын, тығыз орналасқан отырмалы гүлдері болады. Себетінің астынғы жағьшан жоғарғы ұсақ жапырақтары черепица тәрізді болып жауып тұрады (гүлкекре - василек, ромашка, күнбағыс) . Қашқаргүл тәрізділер (лат. Asteráceae), немесе ескі атауы Күрделі гүлділер (лат. Compósitae) - қос жарнақты өсімдіктердің бір тұқымдасы.

Күрделігүлділер тұқымдас өсімдіктер. Қосжарнақты, гүлді өсімдіктердің ең көп тараған тобы - күрделігүлді өсімдіктер. Жер жүзінде, Арктика және Антарктида мұздарының өзге таралу аймақтарының барлығында 1300 туысқа бірігетін 25 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанда 140 туысы, 700-дей түрі кез-деседі. Қоңыржай аймақта - шөптесін өсімдік, шала бұта түрінде, тропикте - шырмауық, бұта, кейбір түрлері ағаш түрінде өсетін бір, екі не көп жылдық өсімдік. Бұлар - негізінен шөптекті, сүтті шырыны болатын өсімдіктер. Олардың шала бұталы, бұталы, ағаштекті түрлері де кездеседі. Күрделігүлділер - көбінесе көпжылдық өсімдіктер. Кейде біржылдық түрлері де кездеседі. Гүлшоғыры бір гүлден мың гүлге дейін жинақталатындықтан, себетгүл деп аталады. Себетгүлдегі гүлдердің құрылысы әр түрлі. Пішіні, құрылысына байланысты себетгүлде тілше, түтікшелі, қосерінді, жалдан тілшелі, шоқырақ тәрізді гүлдер орналасады. Міне сондықтан да бұл топқа жататын өсімдіктер күрделігүлділер тұқымдасы деп аталады.

Өсімдік себетгүлінің құрылысы да ерекше. Мысалы, күрделігүлділер тұқымдас бақбақтың себетгүлінде тек тілше гүлдер орналасады. Түймедақтың себетгүлінен тілше және түтікшелі гүлдерді көреміз. Гүлкекіре себетгүлінде шұқырақ тәрізді гүлдер болады. Себетгүлі тек түтікшелі гүлден тұратын да өсімдіктер (сарықалуен, түйетікен) бар.

Күрделігүлділер әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Күнбағыс, мақсырдан өсімдік майы алынады. Ассүттіген, бөрігүл - көкөністік өсімдіктер. Дермене, түймедағы, бақбақ, итошаған, қырмызыгүл дәрілік шөп ретінде пайдаланылады. Жералмұрт (топинамбур) - малазықтық дақыл.

Бақытгүл (хризантема), нарғызгүл (георгина) - сәндік өсімдіктер. Күрделігүлділердің арамшөп түрінде өсетіндері де бар. Оларға ойраншөп, қалуен, гүлкекіре, түйетікендер жатады.

Күнбағыс гүл шоғыры

Жапырақтары әдетте кезектесіп, кейде қарама-қарсы орналасқан, пішіні әр түрлі. Ұсақ гүлдері себет гүл шоғына топтанған. Бірнеше гүлі бір гүл тәрізді жұмырлана топтанған түрі де кездеседі. Гүлі қос не дара жынысты, жыныссыз түрі де болады. Тостағаншасы жойылып кеткен немесе айдарша тәрізді. Күлтесі біріккен, осыған орай гүлі түтік тәрізді, қос ерінді. Аталығы 5, аналығы 1, жемісі тұқымша, эндоспермсіз.

Бұлардың гүлдерінде тостағанша болмайды. Тостағаншасы кейде үлпекті айдарша тәрізді өзгеріп кетеді. Нағыз күрделігүлді өсімдіктердің себетгүлі - гүлшоғыры болады. Күлтесі 5 күлтежапырақшалардан құралады. Олардың төменгі бөлігі түтікше тәрізденіп бірігіп, жоғары ұшындағы 5 тісшесі болады. Ал жалған, тілшегүлдің жоғарғы ұшында 3 тісшесі ашылып жайылады. Күлтенің түтікшесіне бітісіп өскен 5 аталығы бар. Тозаңдығы да түтікшеге қосылады. Жатыны төмен орналасады. Аталық түтік арқылы аналық аузы қостелімді аналық мойны өтеді. Демек, күрделігүлділерде бір ғана аналық болады. Жемісі - айдарлы немесе айдарсыз тұқымшалар. Күрделі гүлділердің формуласы: Т0К(5) А(5) Ж(2) (бақбақ гүлі) .

Мақсыр.

Бұл өсімдіктің жабайы түрі кездеспейді. Жерорта теңізі елдерінде, Орта Азияда мақсырдың қолдан өсірілетін 19 түрі бар. Қазақстанда оның 4 түрі өсіріледі. Олар: түкті мақсыр, тікенді мақсыр, сортаң мақсыр және бояу мақсыр деп аталады. Енді бояу мақсырға толығырақ назар аударайық.

Мақсыр (сафлор) - тармақталған тік сабақты, біржылдық өсімдік. Оның қандауыр тәрізді сопақ жапырақтары өсімдік сабағына сағақсыз орналасады. Жапырақтарының жиегінде тікенектері болады. Сабақтың биіктігі - 100 сантиметр, кейде одан асып түседі. Гүлшоғыры - себетгүл. Гүлінің түсі ашық сары немесе қызыл-сары болып келеді. Бір өсімдікте 5-тен 60-қа дейін себетгүл бар. Жемісі - тұқымша. Бір себетгүлдегі ақ түсті, қырлы, жылтыр тұқымшалар саны 20-дай 100-ге дейін жетеді.

Мақсырдың тұқымшаларынан май алынады. Олардың құрамында 25-37% май болады. Мақсыр майы күнбағыс майынан кем түспейді. Оның майы тағамға және техникалық мақсатқа (бояу, эмаль, сабын алуға) пайдаланылады. Мақсырдың тұқымшалары ауыл шаруашылық құстарына жем ретінде беріледі. Ал тұқым ұны ауыл шаруашылық малдарға күнжара түріндегі малазық болып саналады. Мақсырдың балаусалы сабақ жапырақтары сүрлемге салынып, малға беріледі. Күлте жапырақшалары да бағалы. Олардан қызыл және сары бояу өндіріледі. Аспаздыққа да пайдаланылады. Мата бояйтын бояу алынады.

2. 1. Гүлдің морфологиялық құрылысы

Солтүстік Африка және Азия елдерінде өсірілетіндіктен, мақсыр ыстыққа төзімді, құрғақшылыққа төтеп бере алады. Ол суды да үнемді жұмсайды. Мақсыр топырақ талғамайды. Өскіндері -6-10оС температураға төзеді. Өсімді мерзімі 93-117 күн. Мақсыр ауыспалы егістікте астық дақылдылардан кейін егіледі. Оның тұқымы көктемде қатар аралығы 30-60 см болатындай етіп себіледі. Егу нормасы - 1 гектарға 8-15 кг тұқым себу. Себу тереңдігі 5-8 см. Тұқымы толық пісіп, өсімдік құраған кезде комбайнмен тауып алады. Бітеугүлдену кезінде - пішен ретінде, ал гүлдеу немесе себетгүл түзу кезінде сүрлемге орып жинайды. Мақсыр - өте пайдалы өсімдік.

Өгейшөп - Қазақстанда 1 ғана түрі кездесетін тамырсабақты, көпжылдық шөптекті өсімдік. Ерте көктемде көптеген шөптекті өсімдіктерден бұрын өгейшөп шығып, гүлдейді. Өгейшөп тамырсабағынан дамыған гүлсидамның биіктігі 10-25 см, жапырақтары қызғылт-қоңыр түсті, сағақсыз, қабыршақты болады. Гүлдеп болған соң тамырға жақын жерінен ұзын сағақты, жүрек пішінді, ені 10-15 сантиметрге жететін үлкен жасыл жапырақтары дамиды. Өгейшөп жапырағы тақтасының үстіңгі беті түксіз жылтыр - «салқындық» сезім тудырады. Жапырақтың астыңғы бетінде жұмсақ түктер өсіп, «жылылық» шырай білдіреді. Осы екі түрлі ерекшелігіне байланысты өсімдік «өгейшөп» аталған. Өгейшөптің сары түсті ұсақ гүлдері ені 1-2 см мөлшерінде себетгүлге (корзинка) - гүлшоғырға жиналған. Себетгүлде топтасқан гүлдері екі түрлі: себетгүлдің жиегіндегі (шетіндегі) гүлдердің барлығы - аналық тілшелі гүлдер, ортасында орналасқандарының барлығы - аталық түтікшелі гүлдер. Сонымен, өгейшөптің себетгүлінде (гүлшоғырында) аталық та, аналық та гүлдердің болатынына көз жеткіздік.

Өгейшөпті өзен жағалауынан, сайлардан, аласа төбе етектерінен, өзге де жерлерден кездестіре аламыз. Ол - дәрілік өсімдік. Халықтық медицинада жапырағы, гүлі, сабағы әр түрлі дертке дәру ретінде пайдаланылады. Оның жапырағы қақырық түсіруге жиі қолданылады. Ауатамырдың қабынуына, сондай-ақ туберкулезді емдеуде де өгейшөп жапырағының маңызы зор.

Күнбағыс.

Гүлдерінің құрылысы өте күрделі және алуан түрлі болғандықтан, кейбір өсімдіктердің гүл формуласын ұсынамыз.

1. Кәдімгі бақбақ тілшегүлі: Т0К(5) А5Ж(2) .

2. Мыңжапырақ (тысячелистник) себетіндегі түтікшелі гүлі: Т0К(5) А5Ж(2) ; жалған тілшегүлі: Т0К(5) А5Ж(2) .

3. Дәрілік түймедағы (ромашка лекарственная) түтіктелі гүлі: Т0К(5) А5Ж(2) жалған тілшегүлі: Т0К(0+3) А0Ж(2) .

4. Күнбағыстың себетінде де түтікшелі, тілшелі гүлдер бар. Жалған тілшелі гүлдері себет гүлшоғырының жиегінде (шетінде) орналасады, ол жеміс бермейді; формуласы: Т0К(0+3) немесе 3А() Ж() . Сонымен күрделігүлділер тұқымдасы 2 тұқымдас тармағына топтастырылады: 1) түтікiелі гүлділер (күнбағыс, түймедағы, мыңжапырақ, жусан, ермен, гүлкекіре және т. б. ), 2) тілше гүлділер тұқымдас тармағы (бақбақ, шашыратқы, қалуен және т. б. ) .

Кейде қашқаргүл тұқымдастар деп аталатын күрделігүлділер тұқымдас өсімдіктер қосжарнақтылардың көбірек назар аударатын тобы болып саналады. Бұлар гүлшоғырында әр түрлі гүлдер өте көп жиналғандықтан, күрделігүлділер тұқымдасы деп аталған. Гүлшоғыры - себетгүл, күрделігүлділерге жататын өсімдіктердің көпшілігі біржылдық, көпжылдық, едәуір биік шөптекті өсімдіктер. Жапырағында бөбешік жапырақ болмайды. Себетгүлге орналасқан кішкене гүлдердің тостағаншасы үлпекті айдаршаға айналған, күлтесі 5 күлтежапырақшадан құралады. Себетгүлдегі гүлдердің барлығы жеміс бере бермейді. Көбінесе қосжынысты (аталықтар және аналықтар) гүлдер болғанымен, жеміс түзбейтін дара жынысты аталық гүлдер де кездеседі. Жемісі айдарлы немесе айдарсыз тұқымша. Күрделігүлділердің тозаңданбай-ақ жеміс түзетін бірнеше түрлері бар (бақбақ) . Жемісі жел, жануарлар, су арқылы таралады. Күрделігүлділердің май алынатын, көкөністік, дәрілік, малазықтық, сәндік, техникалық түрлері бар. Ойраншөп, қалуен, гүлкекіре, түйетікендер - арамшөптер7

2. 3. Гүл диаграммасы, формуласы

Жабық тұқымды өсiмдiктердiң тұқымдарын қарастырғанда олардың гүлдерiнiң құрлыстарына ерекше мән берiледi. Сендер 6 сыныптан гүлдiң құрылысымен және формуласымен таныссыңдар. Бiрақ жабық тұқымдылардың әртүрлi тұқымдастарының, гүлдерiнiң құрылысы әрқилы болады. Сондықтанда тұқымдастарды өткенде олардың гүлдерiне талдау жасап, формуласын жазып, диаграммасын сызып отыру қажет. Гүлдiң формуласын жазғанда оның алдында мынадай белгiлер немесе таңбалар қойылуы қажет: - симметриясыз гүл; % немесе бұрыс гүл; * немесе + дұрыс гүл ; @ - спираль тәрiздi орналасу; ♀ - дара жынысты аналық гүл; ♂ - дара жынысты аталық гүл; 0 - қос жынысты гүл. Гүлдiң бөлiктерiн мынадай шартты таңбалармен белгiлейдi: тостағаншасын Т, күлтесiн К, аталығын А, аналығын - Ж әрiптерiмен. Гүлдiң әрбiр мүшелерiнiн санын цифрлармен белгiлейдi. Мысалы 5 мүшелi тостағаншаны - Т5, бiрiккен 5 мүшелi күлтенi - К(5), аталықтары 12 ден көп болса шексiздiк белгiсiмен - А, екi бiрiккен аналықты Ж(2) таңбаларымен және цифрлармен белгiлейдi. Гүлдiң формуласын жазғанда жатынның гүл табанына орналасуын сызықшамен (-) белгiлейдi. Сызықша аналықтың санын көрсететiн цифрдың үстiне (астынғы жатын), астына (үстiнгi жатын), ортаңғы деңгейiне (ортаңғы жатын) қойылады.

Гүлдiң құрылысы жөнiнде толық мағұлмат диаграммадан алынады. Диаграмма гүлдiң осiне перпендикуляр жазықтықта орналасқан проекциясын бередi. Сонымен бiрге диаграмма гүлдiң бөлiктерiн, олардың мүшелерiнiң санын, орналасу ерекшелiктерiн көрсетедi. Ыңғайлы бөлу үшiн диаграмманы орналастырудың барлық гүлге бiрдей тәсiлi қолданылады. Гүл шоғының өсiн жоғары, ал жабындық жапырақшаны төменгi жағынан орналастырды. Тостағанша жапырақшаларды қырлы жақшамен, күлте жапырақшаларды дөңгелек жақшалармен, аталық пен аналық өздерiнiң көлденең қиындысымен бейнеленiп көрсетiледi. Гүлдiң жекелеген мүшелерi бiрiккен болса, онда олардың арасын доға сызықпен қосады.

Гүлдердің шаруашылық маңызы зор. Бұлардың арасында каучуктылары (мыс., көксағыз, гвайюла, жерсағыз, т. б. ), көкөніс түрінде пайдаланылатын (мыс., ассүттіген, бөрікгүл, шашыратқы, т. б. ), мал азықтық (мыс., жер алмұрты), май алынатын (күнбағыс, мақсары, т. б. ), әсемдік үшін өсірілетін (қошқаргүл, нарғызгүл, хризантема, қырмызыгүл, барқыт шөп, әсел, т. б. ), дәрілік маңызы бар (түймедагы, арника, дермене, андыз, итошаған, т. б. ) түрлері кездеседі.

Гүлдердің арам шөп (шоңайна, қалуен, түйетікен, у кекіре, гүл кекіре, тікенқурай, ошаған, бақ-бақ, түйме-шетен, ақбас жусан, жусан, лаңса, т. б. ) түрлері де бар.

Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы орасан зор. Өсімдіктер - адамға тамақ өнімдерін береді және ауыл шаруашылық жануарларына қажетті жемшөп қоры. Олар шикізат ретінде өндірістің әр түрлі салаларында қолданылады.

Гүлді өсімдіктердің халық шаруашылығында және ғылыми медицинада кеңінен қолданылатын түрлері көптеп кездеседі. Олардың ішінде көкөністік, жеміс-жидектік, балды, майлы және техникалық түрлер де бар. Ағаш тәрізді формалары құрылыс материалдары ретінде аса құнды. Әр түрлі үй жиһаздарын жасайды. Бұлардың бірқатары сәнді өсімдіктер. Тынымбақтарды, саябақтарды, көшелерді, тіптен жұмыс орындарын көгалдандыруға пайдаланады.

Ауыл және халық шаруашылығының әр түрлі салаларының дамуына байланысты, өсімдік өнімдеріне сұраныс артып келеді. Мұның өзі адамның табиғат байлығын зерттеуге белсенді түрде кірісуіне жол ашады. Мәдени өсімдіктердің қазіргі кездегі түрлерінен де түсімділігі жоғары жаңа іріктемелер шығарылуы қажет.

Өсімдіктерді табиғи жағдайда зерттеу әр түрлі экспедициялар ұйымдастырумен тікелей байланысты. Кезінде Мәскеу өсімдік шаруашылығы институты ұйымдастырған экспедициялар жабайы өсімдіктердің көптеген пайдалы түрлерін ашуға мүмкіндік берді. Осындай экспедициялардың арқасында ауыл шаруашылық өсімдіктер іріктемелерінің аса бай үлгілері жинақталды. Оны жинақтауда академик Н. И. Вавиловтың еңбегі ерекше еді. Н. И. Вавиловтың тікелей басшылығымен дүние жүзінің көптеген аймақтарында экспедициялар ұйымдастырылды. Бұл экспедицияға қатысқан ғалымдар әлемнің әр түрлі елдерінің жабайы өсімдіктерін зерттеді. Соңғы 15-20 жылдың ішінде осындай экспедициялардың құрамына Қазақстан ғалымдары (Кәрім Мыңбаев) да енді.

Гүлді өсімдіктердің алуан түрлілігі таң қаларлықтай. Осы көп түрлілікті бір жүйеге келтіру мақсатында ботаниктер өсімдіктердің барлық түрлерін топтарға біріктірді.

Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтары немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілер пайдаланылады. Солар арқылы өсімдіктердің біріне-бірінің туыстық жақындықтарының деңгейі анықталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гүл және жеміс
Гүл бөліктерінің орналасуы
Ботаника ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Гүлді өсімдіктер
Гүлдің құрылысы
Өсімдіктердің вегетативтік көбеюі
Аналықтың құрылысы
Биология сабақтарындағы оқыту әдістерінің әртүрлілігі
Ботаника емтихан билеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz