Экология деген не?



І. Кіріспе
Экология деген не?
ІІ. Негізгі бөдлім
1. Экологияның мәні мен міндеттері
2. Қазіргі кездегі экология

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді.
20 ғасырдың 60 – 70-жылдары, бұған дейін негізінен биолог мамандардың арасында ғана қолданылып келген “экология” термині кенеттен көпшілік арасында ең танымал терминдердің біріне айналды. Осы жылдары, табиғат пен адамзат арасындағы қайшылықтардың үдей түсуіне байланысты, қоршаған ортаның ластануы, қоршаған ортаның ахуалы, халық санының өсуі, азық-түлік пен энергия қорларын пайдалану сияқты мәселелер ғылымның әр түрлі салаларында зерттеліп, бұқаралық ақпарат құралдары бетінде кеңінен талқылана бастады және бұл процесс әлі де жалғасын табуда. Соның нәтижесінде Экологиялық дүниетаным жаратылыстану ғылымдары ғана емес, көптеген қоғамдық ғылымдарға да енді, Экологияда көптеген жаңа бағыттар пайда болды. Бұл бағыттар мен салалардың бірқатары Э.Геккель негізін қалаған биология Экологиядан әлдеқайда алшақ жатыр. Кейбір “экологиялық” деп аталып жүрген ғылым салаларының қазіргі күнге шейін нақты шекаралары белгіленіп, еншісі ажыратылған жоқ және солардың барлығын қанағаттандырарлық ортақ анықтама беру оңай емес. Экологиялық ғылымдардың соншалық сан алуан болуына қарамастан осы күнгі Экологияның барлық салалары мен бағыттарының негізінде организмдердің қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасына арналған іргелі биология идеялар жатыр. Мысалы, бірінен бірі соншалық алшақ көрінуі мүмкін, өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін жерсіндіру, егістікке берілетін минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін белгілеу, дәрі-дәрмектердің емдік мөлшерін анықтау, атмосфераға шығарылатын немесе су қоймаларына төгілетін ластаушы заттардың шектік концентрацияларын есептеу сияқты шаралардың негізінде Экологиядағы шектеуші факторлар ережесі мен толеранттық заңы жатыр.
1. «Экология» А.Ж.Акбасова., Г.Ә.Саинова., Алматы, 2003ж.
2. «Экология негіздері» Ж.Ж.Жатқанбаева., Алматы 2003ж.
3. «Экологиялық энциклопедия» Алматы, 2007ж.
4. «Экология негіздері» Баяшов А., Дарибаев Ж.Е., Шакиров Б.С., Мадиев Ө.Қ., Сарбасова А.С., Түркістан 2000ж.
5. www.google.kz

Жоспар
І. Кіріспе
Экология деген не?
ІІ. Негізгі бөдлім
1. Экологияның мәні мен міндеттері
2. Қазіргі кездегі экология

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Экология деген не?
Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің
қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ
организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің –
популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның
ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология
терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып,
көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында
ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың,
организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді.
20 ғасырдың 60 – 70-жылдары, бұған дейін негізінен биолог мамандардың
арасында ғана қолданылып келген “экология” термині кенеттен көпшілік
арасында ең танымал терминдердің біріне айналды. Осы жылдары, табиғат пен
адамзат арасындағы қайшылықтардың үдей түсуіне байланысты, қоршаған ортаның
ластануы, қоршаған ортаның ахуалы, халық санының өсуі, азық-түлік пен
энергия қорларын пайдалану сияқты мәселелер ғылымның әр түрлі салаларында
зерттеліп, бұқаралық ақпарат құралдары бетінде кеңінен талқылана бастады
және бұл процесс әлі де жалғасын табуда. Соның нәтижесінде Экологиялық
дүниетаным жаратылыстану ғылымдары ғана емес, көптеген қоғамдық ғылымдарға
да енді, Экологияда көптеген жаңа бағыттар пайда болды. Бұл бағыттар мен
салалардың бірқатары Э.Геккель негізін қалаған биология Экологиядан
әлдеқайда алшақ жатыр. Кейбір “экологиялық” деп аталып жүрген ғылым
салаларының қазіргі күнге шейін нақты шекаралары белгіленіп, еншісі
ажыратылған жоқ және солардың барлығын қанағаттандырарлық ортақ анықтама
беру оңай емес. Экологиялық ғылымдардың соншалық сан алуан болуына
қарамастан осы күнгі Экологияның барлық салалары мен бағыттарының негізінде
организмдердің қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасына арналған іргелі
биология идеялар жатыр. Мысалы, бірінен бірі соншалық алшақ көрінуі мүмкін,
өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін жерсіндіру, егістікке берілетін
минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін белгілеу, дәрі-дәрмектердің емдік
мөлшерін анықтау, атмосфераға шығарылатын немесе су қоймаларына төгілетін
ластаушы заттардың шектік концентрацияларын есептеу сияқты шаралардың
негізінде Экологиядағы шектеуші факторлар ережесі мен толеранттық заңы
жатыр.

Экологияның мәні мен міндеттері
Қазіргі кезде айналадағы ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді
пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.
Табиғат байлықтарын қорғау және тиімді пайдалану жөнінде алға қойылған
маңызды міндеттердің бірі ғылыми тұрғыда негізделген ұсыныстарды жасау үшін
табиғи экологиялық жүйені қосымша түрде терең оқып, білу болып табылады.
Өндірістің өсуіне қарай табиғаттан алынатын шикізат пен өндіріс
қалдықтарының көлемі айтарлықтай артады. Бұған қарап табиғатты қорғау үшін
өндірістің көлемі мен қарқынын тежеу керек деген. Бұл жерде әңгіме адамның
табиғатпен арақатынасын дұрыс жолға қою мәселесі туралы болмақ.
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан
алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналады, тіпті ядролық соғыс қауіпі
де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс - әрекетінің қауырт
дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде.
Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи
жүйелерді өзгерту, сондай – ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы
жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп
жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын
мәніндегі қауіпті төндіріп отыр; іс жүзінде тез өндіріс алып бара жатқан
дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
Адамды құтқару дегеніміз – ең алдымен табиғатты сақтау. Табиғи
процестердің негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу табиғат пен адам
арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліп соқтырғанын айта кеткен жөн.
Американ экологы Риклерс: Табиғатқа келтірілген нұсқанды түзетудің ешқандай
көпе – көрнеу жатқан әдістері жоқ екені айдан анық, сонымен қатар қоршаған
ортаға деген келеңсіз көзқарасы үшін адамға танылатын кінә да, өзендерге
шайынды суларды төгу, егістіктерге пестицидтер бүрку, аңшылардың найзасы
мен мылтығы автомашиналардан шыатын түтін қала іргесінің шексі кеңеюісияқты
белгілі фактілерден құралмауы тиіс.
Адамға табиғат экономикасы - ауыл, елді пунктер, село, қала
тұрғындарымен жер жүзінің халықтарының қарым – қатынастарын, сандық және
сапалық құрылымын зерттеу және реттеу, көпшілікке үздіксіз экология
саласынан білім мен тәрбие беру жұмыстарын зерттейді.
Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді.
Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте
майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге
адам мен жер бетіне. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мыңдаған
километр жерге айдап апарады. Міне, сондықтан да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамдардың табиғатпен арақатынастары
Экология ғылымының қалыптасуы, тарихи кезеңдері
Экология ғылымының даму кезеңдері
Экология пәнінен лекциялық сабақтар тезисі
Экология және тұрақты даму пәні, мақсаты мен міндеттері
Әлеуметтік экологияның мәні
Экология пәні бойынша Обсөж сабақтарының әдістемелік нұсқауы
Экология туралы жалпы түсінік
Экологияның абиотикалық факторлары
Экологияның негізгі бөлімдері
Пәндер