Қызыл террор



1. Голощекин геноциді
2. Мәлім . беймәлім Мырзажан
3. Ауыл шаруашылығы
4. Босқындарды елге қайтару
5. Қазақ ұлтының мәдениетін өркендету
6. Қуғын . сүргін құрбаны
7. Жаппай жазалау
8. Отыз жеті мен отыз сегіздің ызғары
Коммунистік сипаттағы тоталитарлық мемлекеттің негізін қалаған В.И.Ленин мен әкімшілдік-әміршілдік жүйені тікелей қалыптастырған И.В.Сталиннің тұсында 46,6 миллион адам құрбан болыпты. “Ұлы Октябрь” төңкерісінің жетекші-басшысы, кешеге дейін “халықтар көсемі” деп жырлап келген Лениннің тұсында оның 4 миллионы құрбан болған екен де, “халықтардың сүйікті қамқоры” Сталиннің тұсында 42,6 миллион адам қаза болған (“Вопросы истории”, 1994, №5, 40-б).
Қиянатқа толы сталиндік ұжымдастыру кезінде жер бетінен 1,5 миллионға жуық қазақ жұтылып кетті. Ал 1930-1932 жылдары 1,5 миллион қазақ өздерінің байырғы атамекенін тастап, босып кетуге мәжбүр болды. Егер 1930 жылы республикада 5 миллион 873 мың адам тұрған болса, 1933 жылы халықтың саны 2 миллион 493 мың ғана болып қалды. Мұндай өте қысқа мерзімде осыншалықты қырғынға ұшыраған халық оған дейін де, одан кейін де адамзат тарихында болған емес. Бәрі де большевиктерден басталды
ХІХ ғасырдың соңында Ресейден, Украи¬надан, басқа да аймақтардан Қазақстаннан жер алуға дәмелі көптеген қоныс аударушылар ағылып келе бастады. Бұл лек ХХ ғасырдың алғашқы он жылында столыпиндік реформаны іске асыру барысында шырқау шегіне жетті. Жыл сайынғы көшіп келушілер саны 140 мың адамнан асып-жығылып отыр¬ды. Қоныс аударушылардың бестен бір бөлігі жат елге сыйысып кете алмай, кейін қайтып, қалғандары жайғасып, иеліктеріне жер алып, қоныстанып жатты. Соңғы деректерге қарағанда, сол кездерде Қазақстанға келгендердің ұзын-ырғасы 1 миллион 200 мыңнан асады.
Бұл қоныстандырудың жергілікті халықты орыстандыруды және отарлаудың барлық өлшемдеріне сәйкес олардың иелігіндегі жерді Ресейге түпкілікті бекітіп алу мақсатын көздегені түсінікті. Шындығында да, дәл сол саясатты Кеңес өкіметі одан әрі жалғастырды. Ұжымдастыру кезінде Қазақстанға 250 мың мал-мүлкі алынған бай-кулак жер аударылған еді.
“Саяси қуғын-сүргін” ұғымы Қазақстан үшін ерекше мәнге ие. ХХ ғасырда елімізге жасалған күштеу әдісі қазақ халқының 1916 жылы отаршылдыққа қарсы шыққан сәтінен басталды. Сол зобалаң жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында “қаптап” кеткен сатқындар туралы көп жазылды. Қоғамдық сананы бүлдіретін халық жаулары – аяусыз күрес жүргізуді талап ететін митингілер өтіп, бірін-бірі аңду, аяқтан шалу тәрізді жағымсыз қылықтар кеңінен етек алды. Мұндай ахуал, сайып келгенде, жаппай тұтқынға алу шарасына ұласты, тіпті іс жүзінде болып көрмеген әртүрлі жасырын “топтар” анықталып, көрер көзге қиянат жасалып жатты.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қызыл террор
14-Шілде, 2010   Зұлмат   531 рет оқылды
Коммунистік сипаттағы тоталитарлық мемлекеттің негізін қалаған В.И.Ленин
мен әкімшілдік-әміршілдік жүйені тікелей қалыптастырған И.В.Сталиннің
тұсында 46,6 миллион адам құрбан болыпты. “Ұлы Октябрь” төңкерісінің
жетекші-басшысы, кешеге дейін “халықтар көсемі” деп жырлап келген Лениннің
тұсында оның 4 миллионы құрбан болған екен де, “халықтардың сүйікті
қамқоры” Сталиннің тұсында 42,6 миллион адам қаза болған (“Вопросы
истории”, 1994, №5, 40-б).
Қиянатқа толы сталиндік ұжымдастыру кезінде жер бетінен 1,5 миллионға жуық
қазақ жұтылып кетті. Ал 1930-1932 жылдары 1,5 миллион қазақ өздерінің
байырғы атамекенін тастап, босып кетуге мәжбүр болды. Егер 1930 жылы
республикада 5 миллион 873 мың адам тұрған болса, 1933 жылы халықтың саны 2
миллион 493 мың ғана болып қалды. Мұндай өте қысқа мерзімде осыншалықты
қырғынға ұшыраған халық оған дейін де, одан кейін де адамзат тарихында
болған емес. Бәрі де большевиктерден басталды
ХІХ ғасырдың соңында Ресейден, Украинадан, басқа да аймақтардан
Қазақстаннан жер алуға дәмелі көптеген қоныс аударушылар ағылып келе
бастады. Бұл лек ХХ ғасырдың алғашқы он жылында столыпиндік реформаны іске
асыру барысында шырқау шегіне жетті. Жыл сайынғы көшіп келушілер саны 140
мың адамнан асып-жығылып отырды. Қоныс аударушылардың бестен бір бөлігі жат
елге сыйысып кете алмай, кейін қайтып, қалғандары жайғасып, иеліктеріне жер
алып, қоныстанып жатты. Соңғы деректерге қарағанда, сол кездерде
Қазақстанға келгендердің ұзын-ырғасы 1 миллион 200 мыңнан асады.
Бұл қоныстандырудың жергілікті халықты орыстандыруды және отарлаудың барлық
өлшемдеріне сәйкес олардың иелігіндегі жерді Ресейге түпкілікті бекітіп алу
мақсатын көздегені түсінікті. Шындығында да, дәл сол саясатты Кеңес өкіметі
одан әрі жалғастырды. Ұжымдастыру кезінде Қазақстанға 250 мың мал-мүлкі
алынған бай-кулак жер аударылған еді.
“Саяси қуғын-сүргін” ұғымы Қазақстан үшін ерекше мәнге ие. ХХ ғасырда
елімізге жасалған күштеу әдісі қазақ халқының 1916 жылы отаршылдыққа қарсы
шыққан сәтінен басталды. Сол зобалаң жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында
“қаптап” кеткен сатқындар туралы көп жазылды. Қоғамдық сананы бүлдіретін
халық жаулары – аяусыз күрес жүргізуді талап ететін митингілер өтіп, бірін-
бірі аңду, аяқтан шалу тәрізді жағымсыз қылықтар кеңінен етек алды. Мұндай
ахуал, сайып келгенде, жаппай тұтқынға алу шарасына ұласты, тіпті іс
жүзінде болып көрмеген әртүрлі жасырын “топтар” анықталып, көрер көзге
қиянат жасалып жатты.
Қазақ халқының бір миллионға жуығын жалмаған 1921-1922 жылғы ашаршылықтың
басты себебі осы кезге дейін айтылып та, жазылып та жүрген қуаңшылық та
емес, азамат соғысы жылдарында (1918-1920) Кеңес өкіметі экономика
саласында жүзеге асырған “соғыс коммунизмі” саясатында жатыр. Бұл саясат
малды, басқа азық-түлік түрлерін тартып алу сияқты айқай-шу ұрандары арқылы
жүргізілді де, еңбекшілерді материалдық игілігінен жұрдай етті.
Голощекин геноциді
1925 жылдың желтоқсанында Қызылорда қаласында V өлкелік партия
конференциясы өтті. Өлкелік комитетінің есепті баяндамасын РКП(б) Орталық
Комитеті Қазақстанға арнайы жіберген Ф.Голощекин жасады. Оның партия ұйымы
туралы түсінігі бұлдырлау шықты. Бар болғаны Қазақстандағы партия, Кеңес
кадрларының бұдан былайғы азғындануын тоқтату үшін, тоқырау ахуалын
сауықтыру үшін ең алдымен бүкіл билікті РКП(б) Орталық Комитеті өз қолына
алу керек дегенді барынша нығарлай айтты. “Ауылда шынайы Кеңес өкіметі жоқ,
тек байдың үстемдігі мен ру билігі бар” деп ағынан жарылды. Сөйтіп, осы
оқтай атылған бір-ақ сөзбен екі қоянды соғып алмақшы болды. Біріншіден, ол
автономиялы республика партия ұйымының бұған дейінгі жұмысының бәрін мансұқ
етті. Екіншіден, қазақ сахарасына тезірек “Кіші Октябрь” идеясын жүзеге
асыруға негіз қалады.
Голощекин халықтардың ұлы көсемінің атына арнайы хат та жазды. Көп ұзамай
хатқа жауап та берілді. Онда “Тов. Голощекин! Я думаю, что политика,
намеченная в настоящей записке является в основном единственно правильно
политикой. И.Сталин” делініпті. Өзіне бар билік пен ерік берілгеннен кейін
Голощекин ұжымдастыру саясатын халықты қорқытып, үркітумен жүргізе бастады.
1928-1930 жылдары Қазақстанда, әсіресе, солтүстіктегі аудандарда егін
шықпай қалды, астық тапшылығы көбейді. Ал 1929-1930 жылдардың қысы да
қоғамдық малды қынадай қырып салды. Астық жинау, ет дайындау жөніндегі
жоспарлар өсе түспесе азайған жоқ. Мұның бәрі шаруаның тұрмысын күйзелте
берді. Дегенмен халыққа, әсіресе, қазақ халқына ауыл шаруашылығын жаппай
ұжымдастыру, көшпелі халықты бірден отырықшыландыру жөніндегі соқыр саясат
тым ауыр тиді. Ф.Голощекин қазақ сахарасында “Кіші Октябрьді” жүзеге асыру
ниетімен 700-ге жуық байдың бар малын тартып алды.
Қалың ел көшіп келе жатқан жолындағы қонған жеріне күштеп қоныстандырылды.
Не суы,не нуы, не баспанасы жоқ шөлде мал түгілі адамдар қырыла бастады.
Қалада да, далада да алба-жұлба, аш-жалаңаш босқындар көбейіп кетті. Баяғы
қоғамдастырылған 40 миллион мал жем-шөбі, су-суаны, күнделікті күтімі
болмағандықтан жаппай ақ сүйекке ұшырап, 1932 жылдың аяғында оның 4
миллиондайы ғана қалды. Өзегі талған халық, сірә, “Асыра сілтеу болмасын,
аша тұяқ қалмасын” деген голощекиндік ұранды нақ осы тұста мәтелге
айналдырып жіберсе керек.
“Бала-шағаларымды аштық апатынан аман алып қаламын ба?” деген үмітпен арып-
ашқан қазақтар (олардың панасыз қалған балалары) лек-легімен шұбырып,
өнеркәсіп орындарының, поселкелердің, көптеген қалалардың (Алматы,
Әулиеата, Шымкент, Ақтөбе, Қызылорда, Семей, Қарсақбай, Қарағанды, Балқаш,
Ақмола, Петропавл, т.б.) теміржол стансаларының төңірегінде сеңдей соғылып,
сандалып жүрді. Бұл қалалар мен поселкелерден ересектер мен балалардың
мәйітін күн сайын қала сыртына алып кетіп жатты.
Біздің осы аталған пікірімізді толық қуаттайтын деректерді Т.Рысқұлов пен
О.Исаев өз аттарынан Сталинге жазған хаттарында көптеп келтірді. Олар
мыналар: Орталық Қазақстанда 1932 жылы көктемде 10-15 мың адам аштан өлген;
ал жаппай қонысынан көшудің нәтижесінде қазақ аудандарында халықтың жартысы
да қалмаған. Торғай мен Бетпаққара аудандарында халықтың 20-30%-ы қырылып
қалған, ал қалған елдің көбісі қашып кеткен. Қарқаралы ауданындағы халықтың
саны 54900 адам болса, сонда 1933 жылдың қараша айында тірі қалғаны 15900
адам, ал аудан орталығында күн сайын 15-20 адам өліп отырған. Қарағандыда
1933 жылы көктемде аштық пен індеттен 1500-ге дейін қазақ қырылған. Балқаш
ауданындағы 60 000 адамның 36 000-ы қаза тапқан. Қызылорда облысындағы
ауылдық кеңестердің көпшілігінде тұрған жергілікті халықтың 15-20%-ы ғана
аман қалған. Ақтөбе облысы бойынша халық саны 1012500 адам болса, 1932 жылы
соның 725 800-і қалған, яғни 29%-ы қырылған. Мұндай қайғы-қасіретке
ұшыраған қазақтар басқа облыстар мен аудандарда да орын алды.
Қонысынан ауған қазақтардың көбісі өнеркәсіпті мекендерде сеңдей соғылысып,
жұмысқа орналаса алмай жүрді. Оның үстіне олардың түнде түнеп, күндіз бой
жылытатын баспанасы да болмады. Сондықтан олар Қазақстанмен көршілес жатқан
өлкелер мен республикаларға, атап айтқанда, Батыс Сібірге, Орта Еділге,
Орта Азия республикаларына, т.с.с. шалғай жатқан жерлерге қарай бағыт ұстап
қоныс аударды. Шекарада атысып-шабысып, қанды қырғынға ұшырап, Қытай,
Ауған, Ирак, Иран, Түркия асып кеткені қаншама! Елді қызыл табанға
ұшыратқанын ақтамақ болған Голощекин 1931 жылғы 7 қыркүйектегі бір сөзінде
өзінше мынадай теория ұсыныпты: Тумысынан өз ауылынан ұзап шықпаған қазақ
енді Қазақстанның ішінде бір ауданнан екінші ауданға оп-оңай өтетін болды,
орыс, украин колхоздарына араласып, Еділ бойы мен Сібірдегі жұмысқа,
шаруашылық құрылысына ауысып жатыр.
1931-1933 жылдардағы ғаламат қырғын қазақ халқының тарихында қалған қайғы-
қасірет – ащы шындық. Кейін анықталған ресми деректерге қарағанда, қызыл
қырғын кезінде Қазақстанда тұратын және қонысынан ауып көршілес өлкелер мен
республикаларға барған қазақтардың өлгендерінің саны 2,3 миллионға жеткен.
Бұл 1930 жылы Қазақстанда тұрған бүкіл қазақ халқының санына шаққанда, орта
есеппен 52-53% құрайды (“Ақиқат”, 1989, №5, 21-бет).
Қазақстанда 1929-1930 жылдары 372 көтеріліс болып, оларға 80 мыңға жуық
адам қатысты. Әсіресе, Созақ, Шемонайха, Бұқтырма, Ырғыз, Қазалы, Қармақшы,
Самар, Абыралы, Шыңғыстау, Кәстек, Балқаш, Шұбартау, Маңғыстау және басқа
аудандарда шаруа қозғалыстары ерекше қасіретімен әйгілі болды.
Бас көтерген халыққа аяусыз жазалау шарасы жүргізілді, 1929-1931 жылдары
ірі көтерілістер мен толқуларға қатысқаны үшін НКВД органдары 5551 адамды
соттап, оның 883-ін атып жіберді. Жалпы алғанда, күштеп ұжымдастыру кезінде
10 мыңнан астам адам жазаланды.
Байларды, кулактарды және ұлтшылдарды құртуға бағытталған Голощекиннің
басшылығымен қазақ даласында жүргізілген бұл күштеу саясаты шын мәнінде
қазақ шаруаларының қалың бұқарасына күйрете соққы берді. Жергілікті партия,
Кеңес және НКВД органдары күш көрсетуді, әскери қысым жасауды саяси үгіт-
насихаттан, идеялық тәрбие беруден жоғары қойды. Қалың бұқараға қарсы
қолданылған мұндай төтенше шаралар әскери репрессия түрінде белең алып, ал
оны ұйымдастырушы Голощекин қанқұйлы диктатор бейнесінде көрініп, қазақ
даласын қан қақсатты.
“Большевиктендіру”, ұлтшылдарға соққы беру, дінге сенушілермен күрес қыза
түсті. Міне, осы тұста Голощекиннің әкімшілік-әкімгер басшылық әдісіне
қарсы шыққандарға неше түрлі жала жабылды. Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов,
С.Сейфуллин, О.Жандосов, Н.Нұрмақов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, С.Меңдешев
сияқты партия, Кеңес қызметкерлерінің, өнер қайраткерлерінің атына ғайбат
сөздер айтылып, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және
басқалардың соңына шам алып түсушілер көбейді.
Ф.Голощекин біраз уақыт бюро мүшесі Смағұл Сәдуақасовқа арқа сүйеп, сенім
артып жүрген. Бірақ онысы ұзаққа созылған жоқ. Бет-жүзің бар деуді
білмейтін өткір тілді Сәдуақасов тек экономикадағы қателіктерді ғана емес,
идеологиялық жұмыстағы, ұлт мәселесіндегі жолсыздықтарды көзге айтудан да
жасқанған емес.
Ал бұл Голощекинге ұнамады. Ақыры Голощекин оны үш жылдың ішінде әуелі
республика астанасы Қызылордадан, кешікпей-ақ Қазақстаннан қуып шықты.
Өлкелік партия комитетінің тарапынан қазақтың ұлтжанды ұлы Смағұл
Сәдуақасов ұлтшылдықтың жетекшісі деп танылды.
Халық қамкөңіл болып, қасірет шеккен бұл жылдары өз ұлтының арман-тілек,
мұң-мұқтажын арқалаған, сол жолда зорлықшыл жүйеге қарсы шыққан асыл
азаматтарымыз болды. Бүгінде халық жадында қастерленіп, есімдері ерлігімен
қоса айтылып жүрген олар: Ж.Мыңбаев, С.Асфендияров, Н.Нұрмақов, А.Кенжин,
Ж.Сұлтанбеков, А.Әйтиев, З.Төреғожин, М.Саматов, Ы.Мұстамбаев, Ә.Лекеров,
А.Қаратілеуов секілді арыстарымыз еді.
Әккі отаршы Голощекин қазақтың маңдайалды оқыған азаматтарын коммунистік
партияның “сара жолына қарсы”, “ұлтшыл”, “топшыл”, “ауытқушыл” деген сияқты
айыптар тағып, “халықтың жауына” айналдырды.
“Екі тұйғын жабылса – қаздың соры” демекші, Сталин мен Голощекиннің “шұғыл
шаралары” жергілікті қазақтардың сорын қайната түсті. Ұлы нәубет жылдары
орны толмас апатқа ұшыраған тұтас бір халық тарихындағы азалы ақиқат
осындай.
Бұл кезең тарихта “ұлы жұт” деп те аталды. Қазақтың аса ірі трагедиясын
таныту үшін “ұлы” сөзінің әдеттен тыс мағынада қолданылып тұрғаны
түсінікті.
Осылайша қазақ халқы өзінің атажұртында отырып өз ана тілінен, ұлттық
ерекшелігінен, өз мемлекеттігін сезінуден айырмақшы болған қауіпті қара
сызықты алғаш рет аттаған еді.
Ел басына қара бұлт төндірген, қазақ халқын қырғынға ұшыратқан, жерінен
бездіруге мәжбүр еткен, ұлт араздығын қоздырған, ұлы державалық шовинизмнің
отына май құйған Филипп Голощекин Қазақстанды сегіз жыл сергелдеңге салып
барып, 1933 жылғы 21 қаңтарда орнынан алынды. Соңғы сөзінде ол өзінің бүкіл
сәтсіздігін қазақ коммунистеріне аударуға тырысып бақты. Ол қазақ
коммунистерінің бір тобын ешбір тәрбиеге көнбейтін, пайдалануға мүмкін емес
ұлтшыл уклонистер қатарына жатқызды. Екінші категориясын – жағдайға қарай
бет-пердесін өзгертіп отыратын хамелеонға теңеді. Әлбетте, үшінші топ – өз
қателерін бір ғана Голощекинге бірде-бір ары таза коммунист көре алмаған
және осы пиғылмен кетіп бара жатқанын жасырмаған.
Мәлім – беймәлім Мырзажан
30-жылдардың қаһарлы да сын сәттерінде еліміздің болашағының жарқын
болуының жолдарын ойластырып, іздестіріп, сол кездегі қазақ халқы
тағдырында терең де жағымды із қалдырған саяси қайраткерлердің бірі – Левон
Исаевич Мирзоян еді.
1933-1938 жылдар аралығында Қазақстан Орталық Партия Комитетінің бірінші
хатшысы Л.И.Мирзоянды қазақтар ерекше мейіріммен Мырзажан деп атаған.
Тарихи деректерге жүгінсек, Л.И.Мирзоян Қазақстанда қоғамдық, әлеуметтік,
саяси-экономикалық жағдайдың әбден титықтап, тұралап тұрған шақта келген.
Л.И.Мирзоян тамаша іскер, қайратты, шебер ұйымдастырушы, көптеген іргелі,
күрделі істердің бастаушысы, қазақ халқының шын жанашыры болған еді.
Левон Исаевич Мирзоян 1897 жылы қарашада Әзірбайжанда қарапайым отбасында
дүниеге келді. Жастайынан революциялық қозғалысқа белсене қатысқан ол 1917
жылы наурызда большевиктер партиясының мүшесі болды. Содан ол 1917-1920
жылдары Әзірбайжанда, Грузияда, Арменияда Кеңес өкіметін орнатуда
белсенділік көрсетті. 1925 жылы Әзірбайжан Компартиясы Орталық Комитетінің
хатшысы болып сайланды. Қазақстанға келер алдында 1929 жылдан 1933 жылдың
басына дейін Л.Мирзоян Пермь округтік, Орал облыстық (Свердловск) партия
комитеттерін басқарып, Магнитогорскінің металлургия комбинаты, Челябі
трактор зауыты сияқты атақты индустрия алыптарын салуға қатысты. 1933
жылдың ақпанында ВКП(б) Орталық Комитеті Л.И.Мирзоянды Қазақстанға жіберді.
Левон Исаевич Қазақстан Орталық Партия Комитетінің бірінші хатшысы болып
сайланды. Осындай ауыр шақта басшылыққа келген Мирзоян аштықты жеңіп, қуғын-
сүргінді тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Қазақстандағы
өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қарқын алуы, мәдениеттің көтерілуі де сол
кезден басталды.
Ауыл шаруашылығы
Мал шаруашылығындағы күйреуді тоқтатып, қалпына келтіру жұмыстарын
Л.Мирзоян партия мен үкіметтің бұрын қабылдаған шешімдерін нақты мәнінде
жүзеге асырудан бастаған. Шаруашылықтан әбден еңсесі түскен елдің есін
жинау үшін оларға несие мал бергізді. Малсыз отбасы болмасын! деген
ұранды көтерді. 42 мал өсіретін аудандардағы колхозшылар отбасына 150-ге
дейін қой мен ешкі, 10 мүйізді ірі қара, 10 жылқы, 5 түйе ұстауға жағдай
жасалды. Ал 37 отырықшы-егіншілік аудандардағы жеке қожалықтарына 40 басқа
дейінгі қой мен ешкі, 5 бас мүйізді ірі қараны жеке пайдалануға рұқсат
берілді. 1933 жылдары Қазақстандағы мал басы екі есе арттырылып, 9 миллион
300 мыңға жеткен еді. 1937 жылғы маусымда өткен Қазақстан Компартиясының I
съезінде жасаған баяндамасында Л.Мирзоян өлкеде жалпы алғанда малсыз
шаруашылықтардың жойылғандығы жөнінде хабарлады.
Босқындарды елге қайтару
Халықтың босқынға ұшырауы, әсіресе, көшпелі, жартылай көшпелі қазақ
шаруалары өмірінде терең, қасіретті із қалдырғаны белгілі.
Өлкелік партия комитетінің 1933 жылғы 9 ақпандағы Л.Мирзоян өткізген
алғашқы бюро мәжілісінде-ақ босқындар жағдайы жан-жақты талқыланып, осыған
байланысты тиісті қаулы қабылданды. Босқыншылықты тоқтатуға бағытталған
шаралар Өлкелік партия комитетінің VІ пленумында (1933 ж. 10-16 шілде) жан-
жақты талқыланды. Қазақстанға 11 мың босқындар қожалықтарын орналастыру
көзделді. Соның ішінде Орта Еділден – 2 мың, Төменгі Еділден – 1 мың босқын
қожалықтары бар еді. Одан әрі оларды өлкенің әр облыстарында орналастыру
жобасы белгіленді. Босқындарды әлеуметтік жағынан қолдау да ескеріліп, 1
миллион 762 мың сом бөлінетін болды. Осылайша Л.Мирзоян бірнеше мыңдаған
қазақтардың ата-баба жұртына қайтып оралуына түрткі болды.
Қазақ ұлтының мәдениетін өркендету
Мирзоян тек елдің экономикасын көтеріп қойған жоқ, сонымен бірге ол ұлттық
мәдениетті, ұлттық рухты, тілді де көтерді. Оның қамқоршысы, жанашыры да
болды. Бұл мәселелерді республикалық беделді конференциялар мен
сессияларда, партиялық пленумдарда бірнеше рет көтерді. Мәселен, 1933 жылы
шілдеде болған қазақ өлкелік комитетінің VІ пленумында Л.И.Мирзоян: ...ұлт
мәдениеті қандай тетіктерден құралады? Ең алдымен, бұған жергілікті тілдегі
мектеп кіреді. Олай болса, ауылда, ауданда, қалада мектеп ұйымдастырып,
оның жұмысын жолға салу керек. Екіншіден, бұған ұлт баспасы, яғни газет-
журнал, көркем әдебиет, оқу құралдарын шығару жұмысы кіреді. Үшіншіден,
бұған көркемөнер, яғни ұлт театрын, музыкасын, киносын өркендету кіреді, –
деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі
Терроризмнің жалпы сипттамасы, терроризмнің түсінігі, түрлері және негізгі белгілері
Терроризм қылмысының болу себептері
Лаңкестік және оның айқындалуы. Лаңкестік туралы ұғым мен мінездемелердің сипаттары. Лаңкестік көрінісінің топтастырылуы
Халықаралық терроризм әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде
Қазақстан Республикасы ІІМ арнайы бөлімшелерінің құқықтық жағдайы
Терроризм және экстремизм
Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі
Терроризм ұғымының мән жайына, оның қазіргі көріністеріне талдау жасау
Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі (1917-1956 жж.)
Пәндер