Қазақстанда дидактика ғылымының қалыптасуы мен дамуы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАНДА ДИДАКТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

Алимбекова А. А. - магистрант (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)

Қазақстанда дидактиканың туындап қалыптасуымен байланысты мәселелер республикада болып өткен тарихи жағдайларды зерттеу және талдау жұмыстары нәтижесінде қол жеткізуге болады.

ХХ ғасырдағы Қазақстанда болып өткен саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайлар дидактикамен байланысты мәселелердің зерттелуіне, оның қалыптасуы барысында тұйыққа тіреліп тоқырауға ұшырауына және кейінгі уақыттарда әрі қарай үдемелі дамуына күрделі ықпал жасаған қозғаушы күш болды. Негізінен бар мәселе Ресейдегі Қазан төкерісінің нәтижесінде саяси платформаның өзгерілуімен тығыз байланысты болғандығы белгілі. Атап айтар болсақ олар:

Қазан төңкерісінен кейінгі 1919-1921, 1931-1933 жылдар аралығындағы Қазақстандағы азамат соғысы;

- мал басының жойылуы;

- ауыл шаруашылығының тұйыққа тірелуі;

- жұт;

- аштық;

- өмір сүру жағдайының ауырлауы;

- одан кейінгі жылдардағы қазақ зиялы қауымының қуғын-сүргінге ұшырауы және бұдан да басқа жағдайлардың көптеген адам шығынына әкеліп соқтырды. Осы және басқада сол уақыттағы Қазақстанда болып өткен тарихи оқиғалар туралы объективті мәліметтер академик М. Қозыбаев, тарихшылар М. Қойгельдиев, Т. Омарбеков, К Нұрпейісов, К. Әбеуов, жазушылар Ә. Әлімжанов, В. Михайлов, филолог М. Мырзахметовтың т. б. ғалымдардың көптеген зерттеулерінде толығынан баяндалады. Сондықтан біздер аталған тарихи жағдайлардың республикадағы дидактиканың дамуына тигізген жағымды және жағымсыз жақтарына ғана тоқталуды жөн көрдік. Осы жағдайлардың барлығы әрине Қазақстанда халыққа білім беру ісінің, педагогика ғылымының, оның ішінде дидактиканың дамуына кері әсерін тигізгеніне сөз жоқ. Бірақ, сонымен бірге жаңа өкімет орнап күш ала бастаған соң сол қоғамға лайықты тұлғаны қалыптастыру міндетін шешу мақсатында

Қазақстанда оқу-ағартудың қалыптасуына байланысты жүргізілген іс- шаралар өз дәрежесінде республикада заманға лайықты дидактиканың қалыптасып дамуына жағымды ықпалын тигізгеніде мәлімҚазақстанда дидактика мәселесінің қалыптасуы мен дамуына еліміздің басынан өткізген түрлі тарихи жағдайлардың елеулі әсер еткенін көптеген қазақстандық ғалымдардың еңбектерінен көруге болады. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасының» негізгі мақсаты білім берудің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сай сапалы азаматтар дайындау /1/.

«Сапалы азамат» дайындау яғни оқушы жастардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін, дербес даралығын, белсенділігін арттырып, қоғамда пайдалы іс-әрекетпен шұғылданатын саналы азамат дайындау деп атайды.

Тарихи құжаттар мен әдебиеттерге, оқу-құралдарға т. б. көптеген өзіндік із қалдырған ғылыми еңбектерге сүйену, қазіргі таңда оқу-тәрбие үдерісін жоғары деңгейде ұйымдастыруда педагогикалық іс-әрекетті шығармашылықпен құруға мүмкіндік туғызады.

Аталған тарихи құжаттар мен ғылыми еңбектерге сүйенсек Кеңес өкіметі Қазақстанның оқу-ағарту мәселесінің қалыптасуына зор ықпал еткен. 1917 жылғы қазан төңкерілісінен кейін орыс және ана тілдеріндегі мектептер көптеп ашылып, сауатсыздықты жою мақсатында көптеген жұмыстар атқарыла бастады. Бұл жылдары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмен болуына байланысты азық-түлік пен күн көріске қажетті деген заттар тапшы болды. Оқу-құралдарының тапшылығы, мектепте сабақтың дұрыс ұйымдаспауы және мұғалім кадрларының жетіспеуі, ұстаз шеберлігінің жеткіліксіздігі сияқты мәселелер орын алды. Осындай елдегі саяси-әлеуметтік жағдайлар оқу-ағарту ісінің қажетті деңгейінде дамуына өзінің кері әсерін тигізді. Кеңес өкіметі кедейлер мен қызыл әскерлердің балаларын толығымен қамтамасыз етуге тырысты, әйтседе жаңа өкімет ашылған барлық мектептерді оқуға қажетті құралдармен қамтамасыз етуге мүмкіншіліктері келмеді. Революцияға дейінгі оқулықтар жарамсыз деп саналды. Оқулықтар мен жазу құралдары тапшы болды. Қазақ тіліндегі оқулықтар мүлдем болмады /2/.

Кеңес өкіметі орнағанан кейінгі Қазақстандағы саяси жағдайдың өзгеріліп, мектептерді ұйымдастыру, білім беру, оқу мен оқыту, мұғалім кадрларын даярлау мәселелері туралы өздерінің еңбектерінде көрсеткен ғалымдар: Ә. І. Сембаев «Қазақ совет мектебінің тарихы», С. Мусин «Из истории учебно-воспитательной работы Казахской Советской школы Казахской АССР (1920-1936гг. ) », Қ. Бержанов «Қазақстан мұғалімдер жұртшылығының мәдени-ағартушылық және қоғамдық қызметі тарихынан», И. Б. Мадин «Қазақстанда Совет дәуірінде педагогикалық ой-пікірдің дамуы», К. Құнантаева: «Қазақстанда халыққа білім беру ісінің дамуы (1917-1990жж. ) », Қ. Б. Сейталиев «Қазақстанда жоғарғы педагогикалық білім берудің қалыптасуы мен дамуы 1920-1991жж», О. Есенәлі Қазақстанда мектептен тыс мекемелердің қалыптасуы мен дамуы (1917-1990), А. Н. Ильясова Қазақстандағы педагогикалық теорияның даму мәселелері (1900-1960жж) ».

Аталған еңбектерде Қазақстанның мәдени құрылысы, мектеп және кадр мәселелері, халықтың сауатын ашу мен әлеуметтік жағдайына ғылыми талдау жасалып, құнды пікірлер айтылған. Кеңес өкіметі орнаған жылардан бастап барлық халықты тегін оқыту әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының оқып, хат тануында көп рөл атқарды. Осы идеяның жемісі 1917-1927жж аралығында Қазақстанда 200 мыңнан адам сауатын ашты /3, 4б/. 1928 жылы халықтың сауаттылығы 25%-ке әрең жетті. Сонымен қатар Қазақстан мектептерінің типтері, оқу жылының құрылысы, қазақ тілінде оқулықтар мен оқу құралдары, оқу жоспары, оқытудың формалары, әдістері пайда бола бастады /3/. Ә. І. Сембаев «Қазақ совет мектебінің тарихы» атты еңбегіне біртұтас еңбек мектептері ашылып, қазақ мектептерінде ана тілінен басқа орыс тілін, арифметика, география, тарих, жаратылыстану, сурет, ән-күй сабақтарының енгізілгенін соған байланысты жаңаша оқытатын мұғалім кадрларын дайындау мәселелеріне тоқталған. Сонымен қатар 1920-1930 жылдардағы мектеп жүйесі мен оқу жұмысының ұйымдастырылуы - оқу жоспарлары мен бағдарламалары, оқулықтар, жұмыс әдістері т. б. көптеген оқу-тәрбие үдерісіне қатысты мәселелерге тоқталған. Мысалы: бір аптада ана тілі, арифметика, пәндеріне 6 сағат, тарих, география, табиғаттану сабақтарына 2 сағат, сурет және ән сабақтарына 1 сағат, қөлөнер ісі және гимнастика сабақтарына 1 сағат Мемлекеттік тілдің бірі ретінде орыс тілі енгізіліп оған 3 сағат бөлінген. Осылай оқыту жоспарының құрылуы оқытуды тиімді ұйымдастырудағы ең маңызды мәселе екенін көрсетеді /3, 61б/

А. Н. Ильясованың Қазақстанда халыққа білім беру жүйесің дамуын және оның педагогикалық ғылымының қалыптасуына әсеріне туралы ойларында педагог кадрларының «История становления и развития педагогическиой науки Казахстана (1917-1988гг. ) », Қазақстандағы педагогикалық теорияның даму мәселелері (1900-1960жж) » атты ғылыми еңбектерінде елдегі ағартушылық міндеттерін жүзеге асыруда қазақ зиялы қауымы ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтар, оқыту мен тәрбиелеудің формалары мен әдістерін көрсететін оқу-әдістемелік құралдарды қарқынды түрде шығаруды қолға алғанын, осы жылдары Қазақстанда дидактиканың негіздерінің пайда болуы мен әрі қарай дамуында маңызды рөл атқарған, білім беру мазмұнының ғылыми деңгейін арттыруға қатысты көтерілген және негізделген келешекті идеялар қалыптасқанын атап өткен /4, 49 б/.

Аталған жылдары жаппай оқыту мақсаты басты орынға қойылып, жергілікті жағдайлары ескерілген мектептер санын көбейту, оқытуға қажетті құралдарды, оқытудың формалары мен әдіс-тәсілдерін ойлап табу, балаларды оқыту екі жыныс үшін бірдей деңгейде жүргізуді іске асыру, мектептерді мемлекет есебінен қаржыландыру болды.

Сонымен қатар Қазақстандағы дидактика тарихында өзекті мәселе шағын комплектілі мектепте оқытуды ұйымдастырудың жолдарын тиімді шешу болды. . Мәселен, Ә. Сыдықов шағын елді мекендерде жұмыс істеп жатқан бастауыш мектептердің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері мен қиыншылықтары мұғалімнің сабақтың құрылымын ойластыру жағдайында туындайтынын айтты. Ол өзінің «Бір-екі комплектілі бастауыш мектептердегі оқу жұмысы» - атты мақаласында 1950 жылдары пәні жағынан біртектес, мазмұны жағынан ұқсас сабақтарды қосып оқыту мәселесін көтерді. Ал М. Бүрлібаев болса бастауыш мектептегі оқытудың мақсаты мен міндеттерін, оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздерін, I сынып оқушылары қашан өз бетімен жұмыс істеу дағдысы қалыптасқанша жеке бөліп оқытудың қолайлылығын 1960 жылы жарық көрген «Бастауыш оқуға басшылық» атты кітабында көрсетті. Ол кітабында екі немесе бір комплектілі мектептердегі әрбір кластағы балалар саны жағынан ықшам болады да, олардың ұғымын байқау, тапсырманы орындату, жаңа сабақты пысықтау жұмыстары көп уақыт алмайтынын және сабақ барысында оқушылардан білгенін қайталап айтып беруге талап қою мүмкіншілігінің жоғары болуы оқушылардың әр уақытта жауапқа әзір отыруға талаптандырады деген.

1967 жылы 10 маусымда Қазақ ССР Оқу министрлігі «Республикадағы шағын жинақталған мектептердің қазіргі жайы және олардың жұмысын жақсарту шаралары» туралы қаулы қабылдады. Осы қаулының негізінде 1970 жылдан бастап Қазақстанда комплектілі мектептердің оқу сапасын жақсарту, жетілдіру мақсатына жұмыстар жүзеге асты. Шағын комплектілі мектептер мұғалімдеріне тікелей практикалық көмек көрсеру мәселесі көтерілді. 1974-1978 жылдар аралығында Ы. Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институты «Шағын комплектілі мектептердегі оқыту мазмұны мен әдістерін жетілдіру» проблемасы бойынша ғылыми зерттеу жұмысы ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде Б. Құлмағанбетова, А Асқарбаева, Г. М. Храпченков, Ш. Әуелбаев, М. Сайпин, О. Сатқанов, З. Бейсенбаев т. б. ғалымдардың еңбектері жарық көрді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дидактиканы оқытудың жеке заңдылықтары
Бастауыш мектеп дидактикасының қалыптасу және даму тарихы
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
Ян Амос Коменскийдің дидактиканың негізін салушы
Педагогика мамандығының пайда болуы мен қалыптасуы
Қазақстанда бастауыш мектеп дидактикасының қалыптасуы мен дамуы
Педагогиканың шығуы және дамуы
Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін рухани құндылықтарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz