Гүлдің құрылысы және оның қызметтері



І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.1 Гүлдің құрылысы және оның қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Гүлді өсімдіктердің топтарға бөлінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Гүлдiң формуласы мен диаграммасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.4 Гүлді өсімдіктер тұқымдасының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
ІІ. Негізгі бөлім. Гүлді өсімдіктердің айқас тозаңдандыруға бейімделуі
2.1 Мәдени өсiмдiктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.2 Көкөніс дақылдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Өсімдіктердің шаруашылықтағы, адам өміріндегі, табиғаттағы мағызы
Міне осы бағытта өсімдіктер курсында тәрбиелік мәні бар білім береміз.
Өсімдік ― табиғат қазынасы, халық байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Олай дейтін себебіміз,  ол тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзі, өсімдіктерде түзілген органикалық заттарды бүкіл тірі ағзалар пайдаланады.
Біздің ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн тонна
шамасында оттегін бөліп шығарады. Өсімдіктер айналадағы ортаны жақсартады; ауа райын салқындатып, қатты желге тосқауыл болады; аптап ыстықты қайтарып, қысқы суықтың ызғарын бәсеңдетеді. Сондықтан да ауыл шаруашылық өсімдіктерін қатты аңызақ желден құрғақшылықтан сақтау үшін және қар тоқтату, жыралар мен тау беткейлеріндегі топырақты бекіту үшін орман алқаптары пайдаланады.
Өсімдіктер топырақта түзде де ерекше маңызды: топырақты қара шірікпен байытады (өсімдіктердің органикалық заттары жануарлар мен ұсақ ағзалардың әсерінен қара шірікке айналады). Топырақтың құрамы жақсы болуы өсімдіктердің жемістердің молайуына әкеп соғады.
Демек, өсімдік  адам үшін азықтың қайнар көзі.
Адамдардың өміріне, тіршілік қажетіне бірден-бір жарамды мәдени өсімдіктер  дәнді (бидай, жүгері, күріш, тары, қарақұмық), майлы (күнбағыс, зығыр, жер жаңғағы ), талшақты (ақ мақта), бау-бақша өсімдіктері (орамжапырақ, қызанақ, баклажан, қарбыз, қауын, дақылдар мен жеміс-жидектері (алма, шие, таңқурай, қарақат, грек жаңғағы т. Б. ) болып табылады.
Қазақстанда 6000-ға жуық дәрілік өсімдіктер өседі екен. Дәрілік өсімдіктер әр түрлі аймақта таралған. Бұл дәрілік өсімдіктер қорғауды талап етеді. Қазақстанда өсімдіктерді және жануарларды қорғауға алған 9 қорық 62 қорықша бар.
Гүлдің құрылысын формула түрінде беруге болады. Формуланы жазған кезде мынадай белгілерді пайдалану қажет: тостағанша жапырақша, күлте жапырақша, аталықтары (Апсігоесеит)-А, аналықтары (Ступоесеит)-О, қарапайым гүлсерігі. Гүлдің типтерінінде шартты (условные) белгілері болады: қос жынысты — (бұл белгіні әдетте формуладан алып тастайды), аналық гүл - ?, аталық гүл - б1, дұрыс гүл (актиноморфты) — бұрыс гүл (зигоморфты) — Т немесе 4, ассимметриялы (ассимметричный) — 4.
Гүлдің әрбір бөлігінің мүшелерінің санын цифрлармен белгілейді (5-жапырақшалы күлте — Со5, 6-мүшелі андроцей — Ае), егерде олардың саны бір түрдің әр түрлі особьтарының гүлдеріңде тұрақты болмаса (өдетте 12-ден көп болса) — шексіздікпен °°немесе белгілейді.[1]
Гүлдің жапырақшалары бір-бірімен бірігіп кеткен жағдайда, олардың цифрмен берілген саны жақшаға алынады (біріккен 5-мүшелі күлте — Со(5) екі ағайынды андроцей-А(9)+і). Егерде тостағанша, күлте, андроцей бірнеше шеңбер түзіп орналасса, оңда жекелеген шеңберлердің мүшелерінің санын көрсететін цифрлардың арасы + белгісімен байланыстырылады (Со(5+5)).
Формулада гинецейді түзетін жеміс жапырақшалардың саны көрсетілуге тиісті. Егерде жеміс жапырақшалары бірнешеу болса, онда олар бір-бірімен біріккен бе (ценокарты гинецей) немесе бірікпей әрқайсысы жеке аналық түземе (апокарпты гинецей), гүл түйінінің орналасуы қандай — жоғарғы ма немесе төменгі ме соларға көңіл бөліп, дұрыс белгілеу қажет (үш жеміс жапырақшадан тұратын, гүл түйіні төменгі ценокарпты гинецей-С(3), бір мүшелі, гүл түйіні жоғарғы гинецей-С,). Сонымен, қалтагүлдің (калужница) формуласын былай жазуға болады: *Р5А» Ом, алманың формуласын - *Са(5) Со(5)А„ С(5) асбұршақтың формуласын - тСа(5) Со3+(2) А(9)+1 О,.
1. Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған
оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова.
- Алматы: Атамұра, 2009.
2. Сәтімбеков Р.,Әлімқұлова Р.Қызықты биология. Таймас баспа үйі.
Алматы, 2006.
3. Оқушының анықтамалығы (1-4 сынып). Алматы кітап, 2007
4. Сиқымбаев Ә. Қазығұрт тауының өсімдіктері (диссертациялық жұмыс),
2001
5. Қазақстан өсімдіктері энциклопедиясы. Қызғалдақ тұқымдастар. Алматы,
2004
6. Исаев Е.,Оңтүстік Қазақстан облысының өсімдіктері. Шымкент,1999
7. Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-
гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы:
"Мектеп" баспасы, 2007.
8. Биология: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық.
Алматы: Атамұра, 2007.
9. Қазақ энциклопедиясы I том
10. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:
Биология/жалпы редакциясын басқарған А.Қ.Құсыйынов- Алматы: 2002.
11. Грин Н и др. Биология. М., 1990.
12.Чернова Н.И. Экология. М. 1998.
13. Мұсақұлов Т. Ботаника. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы.
Алматы, 1975.
14. Т. Мұсақұлов ... Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология
ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
15. Абдрахманов О. Қарағанды облысы көлемінде кездесетін өсімдіктер әлемі/О. Абдрахманов, А. Нұркенова, А. Шайбек // Жастар әлемі, 2008.
16. Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К., Иманкулова С. Ботаника. өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. Алматы. Санат. 1998.
17. Әметов Ә.Ә. Ботаника. Алматы, 2000.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.1 Гүлдің құрылысы және оның
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Гүлді өсімдіктердің топтарға
бөлінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Гүлдiң формуласы мен
диаграммасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
2
1.4 Гүлді өсімдіктер тұқымдасының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
ІІ. Негізгі бөлім. Гүлді өсімдіктердің айқас тозаңдандыруға бейімделуі
2.1 Мәдени
өсiмдiктер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .21
2.2 Көкөніс
дақылдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...22
ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
IV. Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.26

І. Кіріспе
Өсімдіктердің шаруашылықтағы, адам өміріндегі, табиғаттағы мағызы
Міне осы бағытта өсімдіктер курсында тәрбиелік мәні бар білім береміз.
Өсімдік ― табиғат қазынасы, халық байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде
тіршіліктің болуы мүмкін емес. Олай дейтін себебіміз,  ол тіршілікке
қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзі, өсімдіктерде түзілген
органикалық заттарды бүкіл тірі ағзалар пайдаланады.
Біздің ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн тонна
шамасында оттегін бөліп шығарады. Өсімдіктер айналадағы ортаны жақсартады;
ауа райын салқындатып, қатты желге тосқауыл болады; аптап ыстықты қайтарып,
қысқы суықтың ызғарын бәсеңдетеді. Сондықтан да ауыл шаруашылық
өсімдіктерін қатты аңызақ желден құрғақшылықтан сақтау үшін және қар
тоқтату, жыралар мен тау беткейлеріндегі топырақты бекіту үшін орман
алқаптары пайдаланады.
Өсімдіктер топырақта түзде де ерекше маңызды: топырақты қара шірікпен
байытады (өсімдіктердің органикалық заттары жануарлар мен ұсақ ағзалардың
әсерінен қара шірікке айналады). Топырақтың құрамы жақсы болуы
өсімдіктердің жемістердің молайуына әкеп соғады.
Демек, өсімдік  адам үшін азықтың қайнар көзі.
Адамдардың өміріне, тіршілік қажетіне бірден-бір жарамды мәдени
өсімдіктер  дәнді (бидай, жүгері, күріш, тары, қарақұмық), майлы
(күнбағыс, зығыр, жер жаңғағы ), талшақты (ақ мақта), бау-бақша өсімдіктері
(орамжапырақ, қызанақ, баклажан, қарбыз, қауын, дақылдар мен жеміс-
жидектері (алма, шие, таңқурай, қарақат, грек жаңғағы т. Б. ) болып
табылады.
Қазақстанда 6000-ға жуық дәрілік өсімдіктер өседі екен. Дәрілік
өсімдіктер әр түрлі аймақта таралған. Бұл дәрілік өсімдіктер қорғауды талап
етеді. Қазақстанда өсімдіктерді және жануарларды қорғауға алған 9 қорық 62
қорықша бар.
Гүлдің құрылысын формула түрінде беруге болады. Формуланы жазған кезде
мынадай белгілерді пайдалану қажет: тостағанша жапырақша, күлте жапырақша,
аталықтары (Апсігоесеит)-А, аналықтары (Ступоесеит)-О, қарапайым гүлсерігі.
Гүлдің типтерінінде шартты (условные) белгілері болады: қос жынысты — (бұл
белгіні әдетте формуладан алып тастайды), аналық гүл - ?, аталық гүл - б1,
дұрыс гүл (актиноморфты) — бұрыс гүл (зигоморфты) — Т немесе 4,
ассимметриялы (ассимметричный) — 4.
Гүлдің әрбір бөлігінің мүшелерінің санын цифрлармен белгілейді (5-
жапырақшалы күлте — Со5, 6-мүшелі андроцей — Ае), егерде олардың саны бір
түрдің әр түрлі особьтарының гүлдеріңде тұрақты болмаса (өдетте 12-ден көп
болса) — шексіздікпен °°немесе белгілейді.[1]
Гүлдің жапырақшалары бір-бірімен бірігіп кеткен жағдайда, олардың
цифрмен берілген саны жақшаға алынады (біріккен 5-мүшелі күлте — Со(5) екі
ағайынды андроцей-А(9)+і). Егерде тостағанша, күлте, андроцей бірнеше
шеңбер түзіп орналасса, оңда жекелеген шеңберлердің мүшелерінің санын
көрсететін цифрлардың арасы + белгісімен байланыстырылады (Со(5+5)).
Формулада гинецейді түзетін жеміс жапырақшалардың саны көрсетілуге
тиісті. Егерде жеміс жапырақшалары бірнешеу болса, онда олар бір-бірімен
біріккен бе (ценокарты гинецей) немесе бірікпей әрқайсысы жеке аналық
түземе (апокарпты гинецей), гүл түйінінің орналасуы қандай — жоғарғы ма
немесе төменгі ме соларға көңіл бөліп, дұрыс белгілеу қажет (үш жеміс
жапырақшадан тұратын, гүл түйіні төменгі ценокарпты гинецей-С(3), бір
мүшелі, гүл түйіні жоғарғы гинецей-С,). Сонымен, қалтагүлдің (калужница)
формуласын былай жазуға болады: *Р5А Ом, алманың формуласын - *Са(5)
Со(5)А„ С(5) асбұршақтың формуласын - тСа(5) Со3+(2) А(9)+1 О,.
Гүлдің құрылысы жөнінде бұдан да толығырақ ұғымды диаграмма береді, ол
дегеніміз гүлдің өске перпендикуляр орналасқан жазықтықтағы проекциясы
болып табылады. Диаграмма гүлдің бөліктерін және олардың мүшелерінің санын
корсетіп қана қоймайды, сонымен бірге олардың озара орналасу ерекшеліктерін
де керсетеді. Ыңғайлы болу үшін диаграмманы орналастырудың барлық гүлге
бірдей тәсілі қолданылады: гүл шоғының әсін жоғарғы жағына, ал жабындық
жапырақты төменгі жағына орналастырады. Гүлдің жекелеген мүшелері бір-
бірімен біріккен болса, онда олардың арасын доғамен немесе түзу сызықпен
қосады. [2]

1.1 Гүлдің құрылысы және оның қызметтері
Гүлдердің құрылысы өте күрделі және алуан түрлі болғандықтан, кейбір
өсімдіктердің гүл формуласын ұсынамыз.
1. Кәдімгі бақбақ тілшегүлі: Т0К(5)А5Ж(2).
2. Мыңжапырақ (тысячелистник) себетіндегі түтікшелі гүлі: Т0К(5)А5Ж(2);
жалған тілшегүлі: Т0К(5)А5Ж(2).
3. Дәрілік түймедағы (ромашка лекарственная) түтіктелі гүлі: Т0К(5)А5Ж(2)
жалған тілшегүлі: Т0К(0+3)А0Ж(2).
4. Күнбағыстың себетінде де түтікшелі, тілшелі гүлдер бар. Жалған тілшелі
гүлдері себет гүлшоғырының жиегінде (шетінде) орналасады, ол жеміс
бермейді; формуласы: Т0К(0+3) немесе 3А()Ж(). Сонымен күрделігүлділер
тұқымдасы 2 тұқымдас тармағына топтастырылады: 1) түтікiелі гүлділер
(күнбағыс, түймедағы, мыңжапырақ, жусан, ермен, гүлкекіре және т. б.), 2)
тілше гүлділер тұқымдас тармағы (бақбақ, шашыратқы, қалуен және т. б.).
Кейде қашқаргүл тұқымдастар деп аталатын күрделігүлділер тұқымдас
өсімдіктер қосжарнақтылардың көбірек назар аударатын тобы болып саналады.
Бұлар гүлшоғырында әр түрлі гүлдер өте көп жиналғандықтан, күрделігүлділер
тұқымдасы деп аталған. Гүлшоғыры - себетгүл, күрделігүлділерге жататын
өсімдіктердің көпшілігі біржылдық, көпжылдық, едәуір биік шөптекті
өсімдіктер. Жапырағында бөбешік жапырақ болмайды. Себетгүлге орналасқан
кішкене гүлдердің тостағаншасы үлпекті айдаршаға айналған, күлтесі 5
күлтежапырақшадан құралады. Себетгүлдегі гүлдердің барлығы жеміс бере
бермейді. Көбінесе қосжынысты (аталықтар және аналықтар) гүлдер болғанымен,
жеміс түзбейтін дара жынысты аталық гүлдер де кездеседі. Жемісі айдарлы
немесе айдарсыз тұқымша. Күрделігүлділердің тозаңданбай-ақ жеміс түзетін
бірнеше түрлері бар (бақбақ). Жемісі жел, жануарлар, су арқылы таралады.
Күрделігүлділердің май алынатын, көкөністік, дәрілік, малазықтық, сәндік,
техникалық түрлері бар. Ойраншөп, қалуен, гүлкекіре, түйетікендер -
арамшөптер.[1]
Күрделігүлділердің шаруашылық маңызы зор. Бұлардың арасында
каучуктылары (мыс., көксағыз, гвайюла, жерсағыз, т.б.), көкөніс түрінде
пайдаланылатын (мыс., ассүттіген, бөрікгүл, шашыратқы, т.б.), мал азықтық
(мыс., жер алмұрты), май алынатын (күнбағыс, мақсары, т.б.), әсемдік үшін
өсірілетін (қошқаргүл, нарғызгүл, хризантема, қырмызыгүл,барқыт шөп, әсел,
т. б.), дәрілік маңызы бар (түймедагы, арника, дермене, андыз, итошаған,
т.б.) түрлері кездеседі.
Күрделігүлділердің арам шөп (шоңайна, қалуен, түйетікен, у кекіре, гүл
кекіре, тікенқурай, ошаған, бақ-бақ, түйме-шетен, ақбас жусан, жусан,
лаңса, т. б.) түрлері де бар.
Барлық тірі ағзалар сияқты өсімдіктердің зат алмасу, қоректену,
тынысалу, көбею, тітіркену үрдістеріне қатынасады.
Өсімдіктер жасушалардан тұрады. өсімдіктердің көпшілігінде түзуші,
жабын, тірек, фотозинтездеуші, қор жинаушы, өткізгіш, бөліп шығарушы
ұлпалары болады. [3]
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің сабағы, жапырағы, тамыры болады.
Өсімдіктер жынысты, жыныссыз жлдарымен көбейеді. Адамдар ерте кезден бастап
кейбір өсімдіктердің жемістерінің тамырлары күнделікті тұрмыста
пайдаланылады. Сондықтан өсімдіктердің түрлерін ажырату үшін оларға ат қою
қажеттілігі туды.
Қазір жер бетінде 500мыңдай өсімдіктің түрі бар. Олар туыстық
белгілеріне тән топтастырылып, жүйеленген. Жер бетіндеге өсімдіктердің
алуан түрлі. Оларды нақты білу үшін біріне – бірі ұқсас өсімдіктерді
топтастыруға бөліп қарастырылады. Өсімдіктің ұқсас түрлеріне туысқа, ұқсас
туыстарды – тұқымдасқа, тұқымдастарды қатарға, ұқсас затды – класқа, класты
– бөлімдерге бөледі.
Жүйенің ең кіші бірлігі – түр. Түр туралы ұғым олардың біріне – бірінің
ұқсас болуына немесе өзара будандасып, өздеріне ұқсас ұрпақ бере
алатындығына байланысты қалыптасқан.
Түрі анықтау кезінде көптеген жағдайлар ескертіледі. Олар:
• Барлық белгілердің ұқсас болуы;
• Экологиялық жағдайларының ұқсас болуы;
• Таралу айналымының ұқсас болуы;
Қазақстанда 5600-дей өсімдіктердің түрі бар. Олардың бәрінің де өсімдік
жүйесінің өз орны анықталған.
Вирус – жасушасы жоқ өте ұқсас ағзалық зат. Ол бактериядан кіші. Вирус
– латынша у деген сөз. Вирустарды алғаш рет орыс биологы 1892 жылы
Д.И.Ивановский ашты. Вирус* 100 000 есе үлкейтетін микроскопта ғана
көрінеді. Вирус термині 1899 жылы ботаник М.В.Витерник ғылымға енгізді.
100 топқа біріктілген. Вирус мыңнан астам өсімдік ауруларды туғызады.
Вирус қауымдастырылған өсімдіктердің жапырағында, басқа мүшелерінде түрлі
түсті дақтар, жолақтар пайда болады. Вирус әсерінен кейбір өсімдіктердің
бойы өспей, пішіні өзгереді. Астық дақылдарын зақымдаған вирустар оның
түсімін төмендетеді.
Өсімдіктердің ауруларын, олардың таралу және шығу себептерін
зерттейтін, сонымен бірге олармен күрес шараларын белгілейтін ғылымды
фитопатология деп атайды.
Өсімдіктердегі ауруларды жұқпалы және жұқпалы емес аурулар деп екіге
бөледі. Оның біріншісінде өсімдіктердің өсу мен дамуына жалпы жағдайлар
әсер етеді, ал екінші жағдайда ауруды паразит саңырауқұлақтар, бактериялар,
вирустар қоздырады.
Бұлардың ішінде вирустықаурулар жер шарының барлық түпкірінде таралған.
Вирустар негізінен өсімдіктер цитоплазмасында тіршілік етеді және сол
плазманы бірнеше рет сұйылтқанның өзінде ол активтігін жоймайды. Мәселен,
темекіні теңбілі 1:100 000 есе сұйылтқанда да өзінің вируленттік, яғни ауру
қоздырғыштық қасиетін жоғалтпайды. Вирустар ауру өсімдіктерден сау
өсімдіктерге бірнеше жолмен ауысады. Сорушы насекомдардың сілекейлері
арқылы вирус клеткаға ауысады. Кейбір насекомдар ауру өсімдіктердің шырынын
сорып қоректенетіндіктен, бұкіл тіршілігі бойынша осы вирусты тасымалдаушы
болып есептеледі. Өсімдіктердің өай мүшесінде болмасын келіп түскенде вирус
олардың басқа мүшелеріне лезде таралады.
Вируспен ауырғанда аурудың инкубациялық кезеңі түрліше: мәселен, темекі
теңбілі үшін ол 9-11 күнге, ал карорпка аурудың белгелері тек күзде ғана
біліне бастайды. Кейбір бір вирустың өзі бір туысқа немесе тұқымдасқа
жататын бір топ өсімдіктерде хлорпластар бүлінеді. Соның нәтижесінде
жапырақтардың түсі өзгереді, теңбілденеді. Жапырақ алақаны жиырылып,
бүрісіп, шиыршықтала қалады, тостағанша мен күлте де өзгереді.
Өсімдіктердің сарғыш тартып ауруы бактериялардан да ұсақ
микоплазмалардың әсерінен екен. Сары аурумен ауырған өсімдіктердің
мүшелерін тіліп қарап, ғалымдар осындай қорытындыға келді. Қазір
микопламалық болып есептеледі.
Вирустарға қарағанда микроплазмаларды жеке күйінде қоректік ортада
өсіруге болады. Олардың көпшілігі эллипс тәрізді. Микроплазмалық денелер
вирустарға қарағанда антибиотиктерге сезімтал. Олармен күресте
хлортеерациклин, окситетрациклин және хлорамфенил қосылған тетрациклин
жақсы нәтиже береді.
Сұлыдағы қуыршақтану ауруы сары аурудың біріне жатады. Мұның басты
белгілері өсімдіктің өсуі, түлегі кейбір морфологиялық өзгерістер, мәселен,
аталықтар жасыл болғанына қарамастан кішірейіп кетеді, жапырақтарға теңбіл
түседі. Оны қоздыратын қоңыр белоктары кристалл және параккристалдар
түрінде келеді. Оны өсімдіктер шырынынан кристал күйінде таза бөліп алуға
болады.
Астық тұқымдастарға бұл ауру көбінесе Сібірде, Қиыр Шығыста және
Солтүстік Қазақстанда таралған. Агротехникалық шаралардың дұрыс жүргізіліп,
қатаң сақталған жерде бұл ауру тудырмайды. Көбінесе жерде зябьке жыртқанда
бұл аурудың таралуы едәуір тежеледі.
Помидор қошқылданып ауруы – сары аурудың бір түрі. Ол көбінесе
еліміздің оңтүстік аудандарында таралған. Оны қоздырушы – хиалестес
абсолетус. Мұнда гүлдің тостағанша жапырақшалары бір – біріне қабысып,
өсіп, қоңырау сияқты түрге айналады. Мұнымен ауырған помидорлар майда, іші
қатты, тұтынуға жарамсыз болады. Бұл ауруды қоздырушылар еліміздің орталық
аймақтарында кездеспейді. Ол оңтүмтік облыстарға тән.
Өсімдіктердің вирустық ауруларына қарсы күрес жолы – сұрыптау немесе
селекция әдісі, Мәселен, Терновский никотина глютиноза мен иикотина
табакумды шағылыстыру арқылы вирус ауруына төзімді сорт шығарды. Картоптың
лорх сорты да вирустық ауруға тым төзімді келеді.
К.С.Сухов пен А.М.Вовок (1949) тұқымдық картопты вирустан сақтау үшін
оңтүстік облыстарда оны себудің мерзімін өзгерту керек деген ұсыныс
жасалды. Мәселен, вирусты тасымалдаушы орнганизм маусым айының аяғы
шілденің басында шыға бастайды. Суармалы жерлерде тұқымдық картоп шілденің
бірініші он күндігінде отырғызу аурудан сақтайды.
Насекомдар арқылы баратын виркстық аурулармен күресуде инсектицидтер жақсы
нәтиже береді. [4] Сонымен қатар ауыспалы егісті дұрыс жеткізу ауару
өсімдіктерді дер кезінде құрту да бұл саладағы пайдалы шаралардың бірінен
саналады.
Тұқым беру биологиясы (гүлді өсімдіктер) және дән беру биологиясы
(қылқан жапырақтылар) түсініктері жалпы қабылданған түсініктемелерге
кірмейді. Өсімдіктердің тұқымның көмегімен көбеюін тұқым және дән беру
биологиясы деп түсінеді. Әр ағаш тұқымдастардың дәндерінің өнімі мен сапасы
біріншіден репродуктивтік кезеңімен байланысты.
Репродуктивтік кезең деп ұрпақ бүршігі пайда болуынан бастап толық
піскен дәндердің қалыптасуына дейінгі уақытты айтады. Көптеген жапырақты
ағаш тұқымдарында ұрпақ бүршігі гүлдерден бір жыл бұрын пайда болады, ал
дәндері гүлдеген жылы қалыптасады. Қылқан жапырақтылар репродуктивтік
кезеңнің ұзақтығымен гетерогендік топқа жатады. Ал кеңінен тараған
биологиялық үрдіс – бір жылдық репродуктивтік кезең, яғни тұқым бүрі жазда
салынады, спорогендік ұлпа кезінде, қыстайды, макроспорогенез көктемде
аяқталады сосын тозаңданады. Бір вегетациялық кезеңде дән дамып пісіп
үлгереді.

1.2 Гүлді өсімдіктердің топтарға бөлінуі
Гүлді өсімдіктердің алуан түрлілігі таң қаларлықтай. Осы көп түрлілікті
бір жүйеге келтіру мақсатында ботаниктер өсімдіктердің барлық түрлерін
топтарға біріктірді.
Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтары
немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілер пайдаланылады. Солар арқылы
өсімдіктердің біріне-бірінің туыстық жақындықтарының деңгейі анықталады.
Құрылымы, тіршілік етуі жағынан бірдей және өз ата-енелеріне ұқсас,
жеміс беретін, ұрпақ түзе алатын дарақтар бір түрге жатқызылады.
Дүние жүзі ботаниктерінің жүргізген зерттеулері нәтижесінде, гүлді
өсімдіктердің шамамен 250 мыңдай сан алуан түрі белгілі. Сонымен бірге
ботаник-ғалымдар ғылымға бұрын белгісіз болып келген өсімдіктердің жаңа
түрлерін тауып, оларды сипаттап жазуда.
Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Мысалы, ермен жусан
мен дермене жусан бір туыстық — жусанның түрлері. Бұл туысқа тағы да
көптеген басқа түрлер жатады. Әр тілде бір өсімдіктің өзін әр түрлі атайды.
Соған байланысты ғалымдар өсімдіктердің латын тіліндегі ғылыми аттарын
енгізді. Өсімдіктердің латын тіліндегі аттары дүние жүзі ботаниктерінің
барлығына түсінікті.
Жақын туыстар бір тұқымдасқа жатқызылады. Мысалы, бидай туысы,
қарабидай туысы, арпа туысы және оларға жақын көптеген туыстар бір үлкен
астық тұқымдасына біріктіріледі.
Тұқымдастардың әрқайсысын қандай да бір класқа жатқызады. Гүлді
өсімдіктерді даражарнақтылар класы және қосжарнақтылар класы деп екіге
бөледі. Өсімдіктің қай класқа жататынын оның ұрығының, тұқым жарнағының
санына қарай анықтайды. Бірқатар өсімдіктердің жапырақтарының жүйкеленуі
мен пішіні, тамыр жүйесінің типтері де негізгі белгілерге жатады.
Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер косжарнактылар
класына жатады. Гүлді өсімдік түрінің 75%-ы қосжарнақтылар болып
есептеледі. Бұлар шөп, бұта, ағаш түрінде барлық жерлерде кездеседі.
Қосжарнақтыларды ажыратуға болатын негізгі белгілер мыналар: олардың
ұрығында 2 жарнақ болады. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы болып келеді. Жапырақ
тақтасының пішіндері әр түрлі болуы мүмкін. Жапырақ жүйкелері қауырсынды
немесе саусақ салалы болады. Күлтесі және тостағанша жапырақшасының саны -
5 немесе 4-тен. Көпшілігінде түзуші ұлпа - камбий болады. Егер өсімдік
ұрығының жарнағы біреу болса, жапырағы параллель немесе доға тәрізді
жүйкеленсе, шашақ тамырлы болса, онда ол даражарнактылар класына жатады.
Даражарнақтылар класына астық тұқымдастарының, қиякөлеңдердің,
лалагүлділердің, т. б. тұқымдастары жатады. Өсімдіктерді олардың тек бір
ғана белгісіне карап, қай класқа жататынын анықтау, көп ретте мүмкін бола
бермейді. Мәселен, орманда өсетін шөптекті өсімдік қаракөздің жапырағы
торлы жүйкеленеді, бірақ ұрығының тұқым жарнағы жалғыз болады. Қарғакөз -
даражарнақты өсімдік. Жолжелкеннің жапырағы доға тәрізді жүйкеленеді, шашақ
тамырлы, бірақ оны қосжарнақтылар класына жатқызады. Себебі ұрығының екі
тұқым жарнағы болады.
Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы орасан зор.
Өсімдіктер – адамға тамақ өнімдерін береді және ауыл шаруашылық
жануарларына қажетті жемшөп қоры. Олар шикізат ретінде өңдірістің әр түрлі
салаларында қолданылады.
Гүлді өсімдіктердің халық шаруашылығында және ғылыми медицинада кеңінен
қолданылатын түрлері көптеп кездеседі. Олардың ішінде көкөністік, жеміс
–жидектік, балды, майлы және техникалық түрлер де бар. Ағаш тәрізді
формалары құрылыс материалдары ретінде аса құнды.Әр түрлі үй жиһаздарын
жасайды. Бұлардың бірқатары сәнді өсімдіктер.
Тынымбақтарды, саябақтарды, көшелерді, тіптен жұмыс орындарын
көгаландыруға пайдаланады.
Ауыл және халық шаруашылығының әр түрлі салаларының дамуына байланысты,
өсімдік өнімдеріне сұраныс артыпе келеді. Мұның өзі адаманың табиғат
байлығын зерттеуге белсенді түрде кірісуіне жол ашады. Мәдени өсімдіктердің
қазіргі кездегі түрлерінен де түсімділігі жоғары жаңа іріктемелер шығарылуы
қажет.
Өсімдіктерді табиғи жағдайда зерттеу әр түрлі экспедициялар
ұйымдастырумен тікелей байланысты. Кезінде Мәскеу өсімдік шаруашылығы
институты ұйымдастырған экспедициялар жабайы өсімдіктердің көптеген пайдалы
түрлерін ашуға мүмкіндік берді. Осындай экспедициялардың арқасында ауыл
шаруашылық өсімдіктер іріктемелерінің аса бай үлгілері жинақталды. Оны
жинақтауда академик Н.И. Вавиловтың еңбегі ерекше еді. Н.И. Вавиловтың
тікелей басшылығымен дүние жүзінінің көптеген аймақтарында экспедициялар
ұйымдастырылды. Бұл экспедицияға қатысқан ғалымдар әлемнің әр түрлі
елдерінің жабайы өсімдіктерін зерттеді. Гүлді өсімдіктердің алуан түрлілігі
тан қаларлықтай. Осы көп түрлілікті бір жүйеге келтіру мақсатында
ботаниктер өсімдіктердің барлық түрлерін топтарға біріктірді.
Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтары
немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілер пайдаланылады. Солар арқылы
біріне-бірінің туыстық жақындықтарының деңгейі анықталады.
Құрылымы, тіршілік етуі жағынан бірдей және өз ата-енелеріне ұқсас,
жеміс беретін, ұрпақ түзе алатын дарақтар бір түрге жатқызылады.
Дүние жүзі ботаниктерінің жүргізген зерттеуклері нәтижесінде, гүлді
өсімдіктердің шамамен 250 мыңдай сан алуан түрі белгілі. Сонымен бірге
ботаник – ғалымдар ғылымға бұрын белгісіз болып келген өсімдіктердің жаңа
түрлерін тауып, оларды сипаттап жазуда. [5]
Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Мысалы, ермен жусан
және дермене жусан бір туыстық – жусанның түрлері. Бұл туысқа тағы да
көптеген басқа түрлер жатады. Әр тілде бір өсімдіктен өзін әр түрлі атайды.
Соған байланысты ғалымдар өсімдіктердің латын тіліндегі ғылыми аттарын
енгізді.
Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер қосжарнақтылар
класына жатады. Гүлді өсімдік түрінінң 75 %-ы қосжарнақтылар болып
есептеледі. Бұлар шөп, бұта, ағаш түрінде барлық жерлерде кездеседі.
Қосжарнақтыларды ажыратуға болатын негізгі белгілер мыналар: олардың
ұрығында 2 жарнақ болады. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы болып келеді. Жапырақ
тақтасының пішіндері әр түрлі болуы мүмкін. Жапырақ жүйкелері қауырсынды
немесе саусақсалалы болады. Күлтесі және тостағанша жапырақшасының саны – 5
немесе 4-тен. Көпшілігінде түзуші ұлпа – камбий болады. Егер өсімдік
ұрығының жарнағы біреу болса, жапырағы параллель немесе доға тәрізді
жүйкеленсе, шашақ тамырлы болса, онда ол даражарнақтылар класына жатады.
Даражарнақтылар класына астық тұқымдастарының, қиякөлендердің,
лалагүлдердің т.б. тұқымдастары жатады.

Жабық тұқымды өсімдіктер Басқаларынан айырмашылығыГүлді өсімдіктер бөлімі
Тұқым әрқашан жеміс Гүлі мен жемісінің болуы Жеміс пен тұқым гүлдеу
ішінде өседі. нәтижесінде ғана
түзіледі. Гүлді
өсімдіктердің маңызды
ерекшелігі – қосарлы
ұрықтану.

Гүлді өсімдіктер 2 класқа жіктеледі.
Жабық тұқымды өсімдіктер Басқаларынан айырмашылығыГүлді өсімдіктер бөлімі
Тұқым әрқашан жеміс Гүлі мен жемісінің болуы Жеміс пен тұқым гүлдеу
ішінде өседі. нәтижесінде ғана
түзіледі. Гүлді
өсімдіктердің маңызды
ерекшелігі – қосарлы
ұрықтану.

Даражарнақтылар көкнәр, алабота тұқымдастар болып
екіге бөлінеді
Көкнәр тұқымдастар Алабота тұқымдастар
Шөптекті, бұта немесе кішкене ағаш Басым көпшілігі арамшөп түрінде
түрінде қосжарнақты өсімдіктер тобы. белгілі біржылдық және көпжылдық
Бұлар – біржылдық немесе көпжылдық шөптекті өсімдіктер. Шала бұталы
өсімдіктер. Ғаламшарда 700-ге жуық кейде бұта кішкене ағаш түрінде
түрлері бар. Қазақстанда көкнәр кездеседі. 1500-ге жуық түрлері бар.
тұқымдастардың 44 түрі өседі. КөкнәрдіңАлабота тұқымдастар – кіндік
гүлі қосжынысты. Жемісі – қауашақ, тамырлы,көпшілігі көріксіз, өте кең
тұқымдары – ұсақ, түсі қара болып таралған өсімдіктер. Көпшілігінде
келеді. Сирек кездесетіндіктен, жіңішкесабағы мен бұтағы бунақты болып
көкнәр Қазақстан Қызыл кітабына келеді. Гүлдері ұсақ, көзге бірден
тіркелген. Ол шөптекті көпжылдық байқалмайды. Олардың түсі жасыл
өсімдік. Көкнәр тұқымдастардан жабайы жасыл немесе сары болып келеді.
көкнәр, сеппе көкнәр, т.б.көбірек Тұқымын жел немесе жануарлар
белгілі. Ұйықтататын көкнәр дәрі таратады. Алабота тұқымдастарға
ретінде пайдаланылады. Көкнәрдан ас қызылша, шпинат, көкпек, сораң,
әзірлейтін май да өндіріледі. алабота, теріскен, сексеуіл,
Жалаңсабақ айдаршөп, жіңішке айдаршөп бұйырғындар жатады.
- бұлар да қөкнар тұқымдас өсімдіктер.
Көкнәр тұқымдас үлкен сүйелшөп – улы
өсімдік. Ол халықтық медицинада сүйелді
кетіруге пайдаланылған. Сондықтан
сүйелшөп аталған. Көкнәрлар
тұқымдасының формуласы: жабайы көкнәр
Т2К2+2АЖ

Гүлдi өсiмдiктердiң алуан түрлiлiгi таң қаларлықтай. Осы көп түрлiлiктi
бiр жүйеге келтiру мақсатында ботаниктер өсiмдiктердiң барлық түрлерiн
топтарга бiрiктiрдi.
Өсiмдiктердi топтарга бiрiктiргенде олардың бiр-бiрiне ұқсастықтарын
немесе айырмашылықтарын көрсететiн белгiлер пайдаланылады. Солар арқылы
өсiмдiктердiң бiр-бiрiне туыстық жақындықтарының деңгейi анықталады.
Құрылысы, тiршiлiк етуi бiрдей және өздерiнiң арғы тегiне ұқсас
өсiмдiктердi бiр түрге жатқызады. Олар жемiс беретiн ұрпақ түзуге қабiлеттi
келедi. Мысалы, қара сексеуiлдiң тұқымдарынан дәл сондай қара сексеуiл
(саксауыл безлистый – Haloxylon aphyllum) өсiп шығады.
Жер бетiнде шамамен 250 мыңдай гүлдi өсiмдiктердiң түрлерi белгiлi.
Сонымен бiрге ботаниктер — ғылымға бұрын белгiсiз болып келген
өсiмдiктердiң жаңа түрлерiн тауып, оларды сипаттап жазуда.
Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа бiрiктiрiледi. Мысалы, ермен жусан
мен дәрмене жусан бiр туыстың — жусанның түрлерi. Бұл туысқа тағы да
көптеген басқа түрлер жатады. Әр тiлде бiр өсiмдiктiң өзiн әр түрлi атайды.
Соған байланысты ғалымдар өсiмдiктердiң латын тiлiндегi ғылыми аттарын
енгiздi. Өсiмдiктердiң латын тiлiндегi аттары дүниежүзi ботаниктерiне
түсiнiктi. Мысалы, латын тiлiнде ермен жусанын Artemisia vulgaris, ал
дәрмене жусанын Artemisia cina деп атайды.
Жақын туыстар бiр тұқымдасқа жатқызылады. Мысалы, бидай туысы,
қарабидай туысы, арпа туысы және оларға жақын көптеген туыстар бiр үлкен 
астық тұқымдасын түзедi.
Тұқымдастардың әрқайсысын қандай да бiр класқа жатқызады. Гүлдi
өсiмдiктердi қос жарнақтылар(двудольные -Dicotyledoneae)  класы және дара
жарнақтылар(однодольные — Monocotyledoneae)  класы  деп екiге бөледi.
Өсiмдiктiң қай класқа жататындығын оның ұрығының, тұқым жарнағының
санына қарай анықтайды. Бiрқатар өсiмдiктердiң жапырақтарының жүйкеленуi
мен формасы, тамыр жүйесiнiң типтерiде негiзгi белгiлерге жатады.
Егер өсiмдiктiң ұрығында екi тұқым жарнағы болса, онда оны қос
жарнақтылар  класына жатқызады. Мысалы, үрмебұршақтың (фасоль — Phaseolus)
ұрығының екi тұқым жарнағы болады; жапырағы торлы жүйкеленедi, тамыр жүйесi
— кiндiк тамырлы. Қос жарнақтылар класына жалпақ жапырақты ағаштар мен
бұталардың, көкөнiстiк дақылдардың бәрi жатады.  Сонымен бiрге бұл класқа
көптеген шөптесiн өсiмдiктер де жатады.
Егер өсiмдiктiң ұрығының тұқым жарнағы бiреу болса, онда ол дара
жарнақтылар класына жатады.Сонымен бiрге бұл кластың өкiлдерiнiң жапырағы
параллель немесе доға тәрiздi жүйкеленедi, шашақ тамырлы болады. Дара
жарнақтылар класына астық тұқымдасының, қияқ өлеңдердiң,   лалагүлдiлердiң,
т.б. тұкымдастардың өкiлдерi жатады.
Бiрақ өсiмдiктердi олардың тек бiр ғана белгiсiне қарап, қай класқа
жататындығын анықтау, көп ретте мүмкiн бола бермейдi. Орманда өсетiн
шөптесiн өсiмдiк кәдiмгi қарғакөздiң (вороный глаз обыкновенный – Paris
quadrifolia) жапырағы торлы жүйкеленедi, бiрак, ұрығының тұқым жарнағы
жалғыз болады (22-сурет). Қарғакөз — дара жарнақты өсiмдiк. Бақажапырақтың
(подорожник — Plantago) жапырағы доға тәрiздi жүйкеленедi, шашақ тамырлы,
бiрақ оны қос жарнақтылар класына жатқызады. Себебi ұрығының екi тұқым
жарнағы болады.
Бұдан әрi бiз қос жарнақтылар мен дара жарнақтылар кластарына жататын
бiрнеше тұқымдастардың өкiлдерiмен танысамыз. Қос жарнақтылар класынан
көкнәрлер орамжапырақтылар, раушангулдiлер, бұршақтар, алқалар,
құлқайырлар, алаботалар, асқабақтар  және күрделiгүлдiлер тұқымдастарына,
ал дара жарнақтылар класынан құртқашаштар,  лалагүлдiлер,  жуалар,
меруертгүлдiлер және астық тұқымдастарына тоқталамыз.[6]

1.3 Гүлдiң формуласы мен диаграммасы
Жабық тұқымды өсiмдiктердiң тұқымдарын қарастырғанда олардың гүлдерiнiң
құрлыстарына ерекше мән берiледi. Сендер 6 сыныптан гүлдiң құрылысымен және
формуласымен таныссыңдар. Бiрақ жабық тұқымдылардың әртүрлi
тұқымдастарының, гүлдерiнiң құрылысы әрқилы болады. Сондықтанда
тұқымдастарды өткенде олардың гүлдерiне талдау жасап, формуласын жазып,
диаграммасын сызып отыру қажет. Гүлдiң формуласын жазғанда оның алдында
мынадай белгiлер немесе таңбалар қойылуы қажет:    -  симметриясыз гүл;   %
немесе       бұрыс гүл;  * немесе + дұрыс гүл ;  @ — спираль тәрiздi
орналасу;  ♀  — дара жынысты аналық гүл;  ♂   — дара жынысты аталық гүл; 0
— қос жынысты гүл. Гүлдiң бөлiктерiн мынадай шартты таңбалармен белгiлейдi:
тостағаншасын   Т, күлтесiн   К, аталығын   А, аналығын  — Ж әрiптерiмен.
Гүлдiң әрбiр мүшелерiнiн санын цифрлармен белгiлейдi. Мысалы 5  мүшелi
тостағаншаны – Т5, бiрiккен 5 мүшелi күлтенi — К(5), аталықтары 12 ден көп
болса шексiздiк белгiсiмен -  А, екi бiрiккен аналықты   Ж(2) таңбаларымен
және цифрлармен белгiлейдi. Гүлдiң формуласын жазғанда жатынның гүл
табанына орналасуын сызықшамен (-) белгiлейдi. Сызықша аналықтың санын
көрсететiн цифрдың үстiне (астынғы жатын), астына (үстiнгi жатын), ортаңғы
деңгейiне (ортаңғы жатын) қойылады.
Гүлдiң құрылысы жөнiнде толық мағұлмат диаграммадан алынады. Диаграмма
гүлдiң осiне перпендикуляр жазықтықта орналасқан проекциясын бередi.
Сонымен бiрге диаграмма гүлдiң бөлiктерiн, олардың мүшелерiнiң санын,
орналасу ерекшелiктерiн көрсетедi. Ыңғайлы бөлу үшiн диаграмманы
орналастырудың барлық гүлге бiрдей тәсiлi қолданылады. Гүл шоғының өсiн
жоғары, ал жабындық жапырақшаны төменгi жағынан орналастырды. Тостағанша
жапырақшаларды қырлы жақшамен, күлте жапырақшаларды дөңгелек жақшалармен,
аталық пен аналық өздерiнiң көлденең қиындысымен бейнеленiп көрсетiледi.
Гүлдiң жекелеген мүшелерi бiрiккен болса, онда олардың арасын доға сызықпен
қосады.
Алабота тұқымдастарға жатады.
Көкнәр тұқымдастар Алабота тұқымдастар
Шөптекті, бұта немесе кішкене ағаш Басым көпшілігі арамшөп түрінде
түрінде қосжарнақты өсімдіктер тобы. белгілі біржылдық және көпжылдық
Бұлар – біржылдық немесе көпжылдық шөптекті өсімдіктер. Шала бұталы
өсімдіктер. Ғаламшарда 700-ге жуық кейде бұта кішкене ағаш түрінде
түрлері бар. Қазақстанда көкнәр кездеседі. 1500-ге жуық түрлері
тұқымдастардың 44 түрі өседі. бар. Алабота тұқымдастар – кіндік
Көкнәрдің гүлі қосжынысты. Жемісі – тамырлы,көпшілігі көріксіз, өте кең
қауашақ, тұқымдары – ұсақ, түсі қара таралған өсімдіктер. Көпшілігінде
болып келеді. Сирек кездесетіндіктен, сабағы мен бұтағы бунақты болып
жіңішке көкнәр Қазақстан Қызыл келеді. Гүлдері ұсақ, көзге бірден
кітабына тіркелген. Ол шөптекті байқалмайды. Олардың түсі жасыл
көпжылдық өсімдік. Көкнәр жасыл немесе сары болып келеді.
тұқымдастардан жабайы көкнәр, сеппе Тұқымын жел немесе жануарлар
көкнәр, т.б.көбірек белгілі. таратады. Алабота тұқымдастарға
Ұйықтататын көкнәр дәрі ретінде қызылша, шпинат, көкпек, сораң,
пайдаланылады. Көкнәрдан ас әзірлейтіналабота, теріскен, сексеуіл,
май да өндіріледі. Жалаңсабақ бұйырғындар жатады.
айдаршөп, жіңішке айдаршөп - бұлар да
қөкнар тұқымдас өсімдіктер. Көкнәр
тұқымдас үлкен сүйелшөп – улы өсімдік.
Ол халықтық медицинада сүйелді
кетіруге пайдаланылған. Сондықтан
сүйелшөп аталған. Көкнәрлар
тұқымдасының формуласы: жабайы көкнәр
Т2К2+2АЖ

Гүлді өсімдіктер, жабық тұқымдылар (Magnolіophyta немесе Angіospermae)
– өсімдіктердің ең жоғарғы тобы. Бұлардың ашық тұқымдылардан айырмашылығы –
тұқым бүршігі жатын ішінде жетіледі. Гүлді өсімдіктер барлық құрлықта
өседі, суда кездесетін түрлері де бар. Биікте бірнеше мм-ден (балық оты)
150 м-ге (эвкалипт) дейін, шырмауықтар 200 м-ден асады. Олардың жалпы
морфологиялық, анатомиялық, эмбриолиялық белгілері ұқсас болғанымен,
өсімдіктердің тіршілік ортасының жағдайларына бейімделуіне байланысты
кейбір мүшелерінің өзгеріп не тіпті жойылып кеткендері бар.
Палеоботаникалық деректер бойынша алғашқы Гүлді өсімдіктер мәңгі жасыл
жапырақтары, қос жынысты гүлдері бар, ағаш тәрізді өсімдіктер болған. Гүлді
өсімдіктердің ең көп тараған уақыты – бор кезеңінің аяғы. Гүлді
өсімдіктердің Жер шарына кең таралуына олардың құрғақшылыққа төзімді
вегетативті органдарының болуы, қолайсыз климаттық жағдайда өсуге
бейімділігі, негізінен, жәндіктер арқылы тозаңдануы, тұқымдары мен
жемістерінің жануарлар арқылы таралуы себеп болған. Қазір Гүлді
өсімдіктерді даражарнақтылар және қосжарнақтылар деп 2 класқа бөледі.
Олардың 450 тұқымдасқа бірігетін 12,5 мың туысы және 250 мыңнан астам
түрлері белгілі. Қазақстанда 125-тей тұқымдасы, 1000-нан астам туысы, 6000-
дай түрі кездеседі. Гүлді өсімдіктердің ең ірі тұқымдастары: астық, бұршақ
тұқымдастар, күрделігүлділер, еріндігүлділер, т.б.; Гүлді өсімдіктердің
қатарына тағамдық (пияз, сарымсақ, қызылша, т.б.); техникалық (ши, құрақ,
зығыр, қоза, т.б.); дәрілік (шайшөп, жөке, шүйіншөп, т.б.); әсемдік
(раушан, қалампыр, т.б.) өсімдіктер жатады. Гүл тек жабық тұқымды
өсімдіктерде ғана түзілген. Аталықтар мен аналықтар осы гүлде жетіледі.
Аналықтың жатынында (Гүл түйіндерінде) тұқым бүршіктері орналасады. [7]

Магнолия.
Жабық тұқымдылардың гүлдері бірінен-бірі мөлшері, пішіні, түсі
және құрылысы бойынша ерекшеленеді. Бір жабық тұқымдылардың гүлдері
желмен тозаңдануға, ал екіншілері бунақденелілермен тозаңдануға
бейімделген. Қандай жолмен тозаңданғанына қарамастан, тозаң түйірлері
аналықтың аузына келіп түседі. Осы жерде олар өніп, тозаң түтіктерін
түзеді. Тозаң түтіктері арқылы аталық жыныс жасушалар тұқым бүршігіне
өтеді. Осы жерде тозаң түтігіндегі екі аталық жыныс жасушасының бірі
жұмыртқа жасушаны ұрықтандырады. Ал екінші аталық жыныс жасушасы тұқым
бүршігінің ең үлкен орталық жасушасымен қосылады. Ұрықтанудың тек гүлді
өсімдіктерге тән мұндай түрін қосарланып ұрықтану деп атайды.
Сонымен, ұрықтанған жұмыртқа жасушадан ұрық пайда болады.
Орталық жасуша екінші аталық жыныс жасушасымен қосылып, ұлғайтып -
эндосперм түзеді. Онда ұрыққа қажетті қор заттары жиналады. Тұқым
бүршігінен - тұқым, ал жатынның қабырғаларынан жемісқап түзіледі.
Қазіргі кездегі жабық тұқымдыларға ағаштар, бұталар, шөптекті
өсімдіктер жатады. Олар жер бетіндегі барлық құрлықтарда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гүлдің құрылысы
Ботаника ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thalloвionta
БОТАНИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Тамыр және тамыр жүйесі
Гүл бөліктерінің орналасуы
Балалар дауысын қалыптастырып ән айтуға баулудын әдістемесі
Гүлдің құрылысы және оның қызметі
Өсімдіктің әртүрлі мүшелерының негізгі бөлігін құрайтын ұлпалар
Гүл және жеміс
Пәндер