Қазіргі жағдайда қаржыны басқару: оның мазмұны және қызмет атқару механизмі



Кіріспе
I ТАРАУ. Қазіргі жағдайда қаржыны басқару: оның мазмұны және қызмет атқару механизмі
1.1 Қаржыны басқарудың мазмұны мен мақсаты
1.2 Қаржыны басқарудың қызметтері мен механизмі
ІІ ТАРАУ Кәсіпорын қаржысын жоспарлау және оның түрлері
2.1 Кәсіпорынның қаржылық жоспарын құрыдың мәні
2.2 Жоспарлаудың құрылымдары және оның түрлері
Қаржыны басқару XX ғасырдың 60 жылдары АҚШ-та пайда болған. Бұл коммерциялық ұйымның шаруашылық қызметін қаржыландырудың процестерін, ұйымды басқару жүйесін ұсынған. Қаржыны басқару даму барысында әзірлейтін мәселелерді елеулі ұлғайтқан - егер ол пайда болған кезде тек қана жаңа фирмалар мен компанияларды құрудың қаржылық мәселелерін және қаржылық инвестицияларды басқару мен банкротқа ұшырауды зерделесе бүгінгі күнде қаржылық басқару мынадай мәселелерге көңіл аударады - қаржылық талдау, инвестициялық басқару, тәуекелді басқару, банкротқа ұшырау қатері кезінде компанияны дағдарысқа қарсы басқару. Қаржыны басқару ақша тасқынын басқару деп те айтуға болады, оның мақсаты ағымдағы төлемдерді қамтамасыз ету және пайда табу. Қаржыны басқару - қаржы стратегиясы мен тактикасын жасақтайды. Оны қаржы есебі және табыстың түсу болжамы негізінде талдау жасау арқылы іске асырады. Ол кәсіпорынның активі мен пассивінің өзгеруімен байланысты.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқаруға өндірісті басқару, нарықты (маркетинг) басқару істері кіреді. Қаржыны басқару жұмысы өз бетімен тек қана жеке меншік кәсіпорын болса, экономикалық тәуелсіз болса, яғни меншіктік құқығы болса, шешім қабылдай алады. Егер қазыналық кәсіпорын болса, онда күнделікті басшылық жұмысын атқарады, сондықтан қаржылық шешім шешу жоғарғы орындардың билігінде, яғни сол мекемені кәсіпорынды басқару өкілінің билігінде болады.
Қаржыны басқару үшін - нарық экономикасының негізін білуді, қаржы саласында мамандық арнаулы білімді, кредитті, бухгалгерлік есепті білуді, салықтар заңдылығын, банк, биржа ісін, кәсіпорынның қаржы есебін талдауын білуді және сәйкесті ақылдылық және интуиция болуы керек.
Осымен байланысты қаржыны басқару туралы білімінің
негіздерін бас есепші жақсы білуі керек, себебі барлық
информациялық база бухгалтерлік есепке байланысты.
Қаржы - менеджер сыртқы жағдайларды ескеріп (салық, несие проценті, валюталық нарық жағдайларын т.б.) осы мүмкіндіктер негізінде елдегі заңдылыққа сүйеніп жұмыс істейді.
1. Абрютина М.С. «Анализ финансово-экономической деятельности предприятия», Москва, 1999 г.
2. Артеменко В. Г., Беллендир М. В. Финансовый анализ – М.: «ПРИОР», 1996.
3. Байсеитов А.Р. «Бухгалтеский учет и Аудит», Алматы 1999г №11 «Финансовый менеджмент, анализ и управленческий учет»
4. Балабанов И. Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. пособие. – М.: Финансы и статистика, 1994.
2. Дүйсенбаев К. Ш., Төлегенов Э. Т., Жұмағалиева Ж. Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. / Оқу құралы. – Алмат: Экономика. 2001.
3. Дюсембаев К.Ш. «Аудит и анализ финансовой отчетности» Алматы «Каржы-Каражат»,1998г.
4. Ковалев А.И. «Анализ финансового состояния предприятия», 1999г.
5. Крейнина М. Н. Анализ финансового сотояния и инвестиционной привлекательности акционерных обществ. – м.: АО «ДИС», «МВ-Центр», 1994.
6. Любушин Л.М. «Анализ финансово-экономической деятельности предприятия», Москва, 1997 г.
7. Маркарьян Э. А., Герасименко Г. П. Финансовый анализ – М.: «ПРИОР», 1996.
8. Назарбаев Н. А. Казахстан – 2030. Қазақстан халқына ел Президентінің жарлығы.
9. Никитин Н.Д. ЭКО-М, 2002г № 3 «Хозяйственная деятельность предприятий»
10. О бухгалтерском учете. Указ Президента РК, имеющий силу Закона, от 26.12.1995г., №2732.
11. Омаров С.Д.«Предприниматель и Право», Алматы 200г. «Проблемы получения прибыли и управления бизнесом на предприятии»

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
I ТАРАУ. Қазіргі жағдайда қаржыны басқару: оның мазмұны және қызмет атқару
механизмі
1.1 Қаржыны басқарудың мазмұны мен мақсаты
1.2 Қаржыны басқарудың қызметтері мен механизмі
ІІ ТАРАУ Кәсіпорын қаржысын жоспарлау және оның түрлері
2.1 Кәсіпорынның қаржылық жоспарын құрыдың мәні
2. Жоспарлаудың құрылымдары және оның түрлері

I ТАРАУ. Қаржыны басқару: оның мазмұны және қызмет атқару механизмі
1.1 Қаржыны басқарудың мазмұны мен мақсаты
Қаржыны басқару XX ғасырдың 60 жылдары АҚШ-та пайда болған. Бұл
коммерциялық ұйымның шаруашылық қызметін қаржыландырудың процестерін,
ұйымды басқару жүйесін ұсынған. Қаржыны басқару даму барысында әзірлейтін
мәселелерді елеулі ұлғайтқан - егер ол пайда болған кезде тек қана жаңа
фирмалар мен компанияларды құрудың қаржылық мәселелерін және қаржылық
инвестицияларды басқару мен банкротқа ұшырауды зерделесе бүгінгі күнде
қаржылық басқару мынадай мәселелерге көңіл аударады - қаржылық талдау,
инвестициялық басқару, тәуекелді басқару, банкротқа ұшырау қатері кезінде
компанияны дағдарысқа қарсы басқару. Қаржыны басқару ақша тасқынын басқару
деп те айтуға болады, оның мақсаты ағымдағы төлемдерді қамтамасыз ету және
пайда табу. Қаржыны басқару - қаржы стратегиясы мен тактикасын жасақтайды.
Оны қаржы есебі және табыстың түсу болжамы негізінде талдау жасау арқылы
іске асырады. Ол кәсіпорынның активі мен пассивінің өзгеруімен байланысты.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқаруға өндірісті басқару, нарықты
(маркетинг) басқару істері кіреді. Қаржыны басқару жұмысы өз бетімен тек
қана жеке меншік кәсіпорын болса, экономикалық тәуелсіз болса, яғни
меншіктік құқығы болса, шешім қабылдай алады. Егер қазыналық кәсіпорын
болса, онда күнделікті басшылық жұмысын атқарады, сондықтан қаржылық шешім
шешу жоғарғы орындардың билігінде, яғни сол мекемені кәсіпорынды басқару
өкілінің билігінде болады.
Қаржыны басқару үшін - нарық экономикасының негізін білуді, қаржы
саласында мамандық арнаулы білімді, кредитті, бухгалгерлік есепті білуді,
салықтар заңдылығын, банк, биржа ісін, кәсіпорынның қаржы есебін талдауын
білуді және сәйкесті ақылдылық және интуиция болуы керек.
Осымен байланысты қаржыны басқару туралы білімінің
негіздерін бас есепші жақсы білуі керек, себебі барлық
информациялық база бухгалтерлік есепке байланысты.
Қаржы - менеджер сыртқы жағдайларды ескеріп (салық, несие проценті,
валюталық нарық жағдайларын т.б.) осы мүмкіндіктер негізінде елдегі
заңдылыққа сүйеніп жұмыс істейді.
Қаржыны басқару – кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің міндетті бөлімі.
Бұл жүйе екі бөлімнен түрады:
басқару объектісі (басқарылатын қосалқы жүйе)
басқару субъектісі (басқаратын қосалқы жүйе)
Қаржылық ресурстарды басқаруда басқарудың негізгі объектісі ретінде
кәсіпорынның тұрақты ақша ағымы түрінде ұсынылатын ақша айналымы танылады.
Ақша айналымын басқару дегеніміз-оның қазіргі және болашақ кезеңдегі
мүмкіндік жағдайларын қарастыру және ақша қаражаттардың көлемін, оның
шығыстары мен кірістерін анықтап білу.
Ақша тасқыны - басқару объектісі ретінде

тасқынын басқару. 75
Ақша қаражаттарды белгілі бір бағытқа икемдеп, табысты көбейту
мақсатында тиімді жұмсау қажет. Келесі суретте ақша тасқынын басқару
схемасы берілген, осыған түсінік берелік.

Ақша тасқының басқарудың басты бағыттары:
Қаржы нарығының қаржысын пайдалану;
Ақшалай каржыларды өндірісті қаржыландыруга жұмсау;
Шаруашылық жағдайда пайдаланылғаннан түскен ақшалай
қаржылар;
Қаржы нарығына, бұрын ресурстарды пайдаланылғаны
үшін төлем ретінде қайтарылған ақшалай қаржылар;
Өндірісті қайта қаржыландырған ақшалай қаржылар;
Қаржылық салымға арналған ақшалай қаржылар;
Салықтар
Енді осы бағыттарға түсінік берелік.
Акционерлік қоғам қаражаттарын қаржы нарығына
жұмылдырады: қор нарығында (бағалы қағаз нарығы) акция, облигация шығару
және сату арқылы; ақша нарығында (қысқа ақша нарығы) - қысқа мерзімді
ссуда; капитал нарығында - ұзақ мерзімді ссудаға жұмсайды. Қаржы
менеджерінің басты міндеті кәсіпорынның қаржы ресурстарымен қаржы
нарығы арасындағы тиімділікті қамтамасыз ету. Кәсіпорын мүддесіне алынған
капиталға шығатын шығынды бағалау: алынатын
капитал қанша тұратынын білу, оны алу керек пе, керек болса қандай
тиімділігі бар екенін алдын ала білу керек, облигацияны
қайтару қосу процент, ал акцияға - дивидент. Алынған капитал
(инвестициялық капитал) экономикалық тиімді болмаса, ол жағдайда шығын
көп болуы мүмкін, тіпті банкроттыққа апаруы мүмкін.
Алынған капиталдың (жаңа қаражаттарының) белгілі бір бөлігі өндіріске
жұмсалады, яғни актив формасында болады, олар пайдалану мерзіміне
қарай және объектілерге қарай айырмашылығы болады. Егер
тұтынушылар жағынан өндірілетін тауарға сұраныс болса, айналым активі
(қорлар және шығындар, дайын өнім) жақын арада тез пайда беретін болса, ал
ұзақ мерзімді активтер тез қайтарым бере алмайды. Ұзақ мерзімді
инвестицияға инвестициялық бағдарлама жасау керек, талдау негізінде
жобаларды таңдау, қаражат көзінің тиімді вариантын алу керек.
3. Инвестициялық, қаржылық және өндірістік әрекеттердің
қортындысында алынған ақшалай түсімдер және табыстар ақша
тасқыны деп саналады.
Негізгі түсімнің түрі - өнім сатудан түсім. Түсімнің мөлшері өнімнің
сапасынан, бір қалыптылығынан, тауарды жіберу, төлемді ұйымдастыру және
баға деңгейімен байланысты. Бережақ төлемдердің тұтынушылардан, тапсырыс
бергендерден уақытында түсуі кәсіпорынның ағымдағы төлем қабілеттілігін
қамтамасыз етеді.
4. Төлем ретінде бұрын ресурстар үшін жұмсалған ақша
каражаттардың қаржы нарығына қайтуы. Олар дивидендтер,
облигация проценттері, қысқа және ұзақ мерзімді кредиттердің
пайызы. Бұл ақша тасқынын басқару, бағалы қағаздар
эмиссиясы арқылы қосымша өндіріске тартуды басқарумен тығыз
байланысты.
5. Өндірісті қайта қаржыландыруға жұмсалатын ақша қаражаттар.
Тауар сатудан түскен түсім өндіріске қайтарылады. Ол материалдық-
техникалық жабдықтар алуға, жалақы төлеуге жұмсалады. Мұнда түскен
қаражатты тиімді, орынды жұмсау қадағаттануы керек. Амортизациялық
қайтарымдарды тиімді пайдалану да қаржы басқаруға жатады. Егер күрделі
қаржы уақытша жұмсалмайтын болса, амортизациялық ақша айналым қорына
жұмсалуы мүмкін. Айта кететін жағдай сатылатын тауар өтімді болып одан
мол пайда түсетін болса, онда амортизацияның үдемелі қайтарымын
қолдану керек.
6. Салынымға бағытталған қаржылық ақша қаражаттары.
Есеп айыру шотына түсетін ақша кәсіпорынның барлық төлемдерін
және қажетті есептесуге толық жететін болуы керек. Ақша-
қаражаттардың оптималды мөлшерін анықтау - қаржы менеджерлерінің
басты міндеті. Уақытша бос қаражаттарды кысқа мерзімді тез
өтетін қаржылық активтерге орналастыру керек. Ондай актив тез өтіп, пайда
әкелетін болуы керек. Ұзақ мерзімді қаржылық салым жоғары және тұрақты
табыс түсірмейді, ол әртүрлі мақсатта іске асады. Егер қаржылық салыным
кәсіпорынның жарғылық капиталына жұмсалса, ол ұзақ мерзімге
жатады, ал бағалы қағаздарға жұмсау, егер 1 жылдан артық ұсталатын болса,
тиімді.
7. Салықтар - ақша тасқындары, ол салық төлеумен байланысты,
оны қолданылатын салықтық заңдылықтар шеңберінде ықшамдауға
болады. Шын қаржы ресурсы - салықтарды төлегеннен кейінгі пайда.
Мүмкіншілігінше салық жеңілдіктерін пайдалану керек. Сонымен бірге ұзақ
мерзімді өндірістік инвестиция кәсіпорынға тиімді болады.
Қаржыны басқарудың субъектісі, яғни басқаратын қосалқы жүйесі болып,
каржылық дирекция мен оның бөлімдері және қаржылық менеджерлер табылады.
Олар қаржылық ресурстарды басқарудың мақсатын ұсынады және жүзеге асырады.
Қаржылық ресурстарды басқарудың түпкілікті мақсаты табысты қалыптастыру
және тиімді пайдалану механизм арқылы сәйкесті қызмет саласында
кәсіпорынның бәсекелестік деңгейін көтеру болып табылады.
Мазмұны бойынша, қаржыны басқару қаржылық ресурстар қозғалысы мен капиталды
тиімді пайдалану және өсіру мақсатымен оларға әсер ететін шаралар кешенін
қалыптастыруды ұсынады.
Қорыта айтсақ, қаржыны басқару кәсіпорынның қаржылық ресурстарын
қалыптастыру, бөлу, пайдаланумен және оның ақша қаражаттарының айналымын
ұйымдастырумен байланысты, басқару шешімдерін әзірлеу және іске асырудың
қағидалары мен әдістерінің жүйесін ұсынады.
Кәсіпорын қаржы менеджерінің қызметіне көптеген мәселелер кіреді:
айналым капиталын басқару оның оптималды (мөлшерін және
құрылымын анықтау;
қарыздар алажағын талдау;
күрделі салымдардың тнімділігін бағалау және оны іске асыру
жолындагы жіберілетін тәуекелдің шегі;
қаржыландыру мүмкіндік көздерін, оның қүрылымын зерттеу;
уақытша бос ақшаларды пайдалануды басқару;
қаржылық жоспарлау;
-шаруашьшық-қаржылық жағдайын талдау және қаржылық
бақылау.
Кәсіпорынның қаржылық қызметін тиімді басқару үшін келесі қағидаларды
негізге алу керек:
1. Кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің біріктірілуі.
2. Басқару шешімдерін кешенді қалыптастыру.
3. Басқарудың жоғары серпіні.
4. Банк басқару шешімдерін әзірлеудің көпжақты нүсқамаларын
қарастыру.
5. Кәсіпорынды дамытудың стратегиялық мақсаттарына бағ-
дарлану.
1. Кәсіпорынды басқару мен жалпы біріктірілуі:
Кәсіпорындық басқару қандай қызмет саласында болмасын жүргізіледі, өйткені
ақша ағымының қалыптасуына және қаржылық қызметтің нәтижелеріне тікелей
және жанама әсер етеді. Қаржылық менеджмент өндірістік менеджментпен,
инновациялық менеджментпен, функционалдық менеджменттің басқа да түрлерімен
байланысты. Бұл кәсіпорынмен басқарудың жалпы жүйесімен қаржылық
менеджменттің органикалық интеграциялану қажеттілігін анықтайды.
2. Басқару шешімдерінің қалыптасуының кешенді сипаты.
Қалыптастыру саласындағы басқару шешімдері, қаржылық ресур
старды бөлу, пайдалану, ақша қаражаты айналымын ұйымдастыру
қаржылық қызмет нәтижесіне тікелей және жанама әсер етуі өзара
тығыз байланысты.
3. Басқарудың жоғары серпіні. Қаржылық ресурстарды бөлу
пайдалану және ақша қаражаттарды оңтайландыру, қалыптастыру
саласыңда сенімді басқару шешімдерін тиімді қабылдау кәсіпорында
әрдайым өңдеу және әзірлеу өткен кезең үшін қайталанып отырмай-
ды. Ең алдымен нарықтық экономикаға көшу кезеңіне сыртқы жоғары
динамикаға байланысты, Біріншіден, қаржылық нарықтың
конъюнктурасының өзгерісі ретінде.
4. Бөлек басқару шешімдерді әзірлеудің көпжақты нұсқа-
маларын қарастыру. Бұл қағиданың жүзеге асырылуы ақша қаражаты
айналымын ұйымдастыру мен қаржылық ресурстарды бөлу пайдалануда болмасын
мүмкіндіктерді ескеру қажет. Бұл кезде критерийлер негізінде іске асырылуы
керек, олар қаржылық идеологияны, қаржылық стратегия және кәсіпорынның
нақты қаржылық саясатын анықтау.
5. Кәсіпорынның дамуының стратегиялық мақсаттарына бағытталу. Басқа бір
шешімдерінің жобалары қаншалықты тиімді болғанымен, қаржылық қызмет
саласында ағымдық уақытта кәсіпорынның басты мақсатына сай келмесе, дамудың
стратегиялық бағыттарымен дәл келмесе олар меншікті қаржылық ресурстардың
экономикалық қалыптасу базасында, келер шақта ішкі көздердің есебінен олар
алынып тасталынады. Тиімді каржылық менеджмент айтылып кеткен қағидаларды
ескере отырып ұйымдастырылған, кәсіпорынның өндірістік қызметі қоғамдық
өкіметтің ресурстарынын қалыптасуына жол ашады, меншікті капиталдың тұрақты
өсуін қамтамасыз етеді, қаржылық және тауар нарығындағы бәсекелестік алғы
шарттарын жоғарлатады, стратегиялық дамуында экономикалық дамудың
түрақтылығын қамтамасыздандырады. Қаржылық менеджментің негізгі басты
мақсаты болып ағымдағы және болашақта кәсіпорын меншік иелерінің
капиталдарының көбеюін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мақсат
кәсіпорынның нарықтық құнының жоғарылауын қамтамасыз етеді, өйткені
басқарушыларының қаржылық қызығушылықтарын іске асыру есебінен.
Негізгі мақсатын жүзеге асыруда келесі міндеттерді шешу қажет (кесте 2.1.)
Алдағы кезеңдегі даму мақсаттарына сай жеткілікті қаржы
ресурстары көлемінің қалыптасуын қамтамасыз ету. Бұл міндет
алдағы кезеңде кәсіпорынның қаржылық ресурстарын анықтау
арқылы шешіледі. Қарыз қаражаттарды тарту ішкі көздер есебінен,
сыртқы көздер меншік қаржылық ресурстарының калыптасуы және
заемдық каржылық ресурстарды тарту, қаржылық ресурстарының
потенциалдық қалыптасуынының көздерін оңтайландыру қүрылымы
арқылы шешіледі.
Кәсіпорындардың негізгі бағыттары бөлігіндегі қалыптасқан
қаржылық ресурстар көлемінен тиімді пайдалануын қамтамасыз ету.
Қалыптасқан қаржылық ресурстарды бөлуді онтайландыру
пайдалануда пропорционалдықты қажет етеді, кәсіпорынның өндірістік,
әлеуметтік дамуы мақсатында, кәсіпорын меншік иелері инвестициялық
капиталдың қажетті табыс деңгейінен төлеу және т.б. Өндірістік даму
стратегиялары және капитал салымдарының мүмкіндік дәрежесі сияқты
қажеттілік үрдісінде қалыптасқан қаржылық ресурстардың бөлігіндегі
кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары ескерілу қажет.
Ақша-қаражаттар айналым оңтайландыру. Бұл міндет ақша
айналымы үрдісіндегі кәсіпорындық ақша-қаражаттар ағымымен
тиімді басқару, әр түрлі кезең бойынша ақша-қаражаттардың түсуі
мен шығындалуы көлемінің қамтамасыз етілуі арқылы шешіледі.
Қарастырылып отырған қаржылық тәуекелділік деңгейіндегі
кәсіпорындардың табысын максимилизациялауды қамтама-
сыздандыру. Бұл жерде табысты максимилизациялауға кәсіпорын
акгивтерін тиімді басқару, шаруашылық айналымға қарыз-
қаражаттарды тарту, өндірістік-қаржылық қызметтің ең тиімді
бағыттарын таңдау мен қол жеткізуге болады. Осы мәселені
шешкенде жиынтық жылдық табысты емес, ал таза табысты өсіру
қажет, яғни кәсіпорын салықтық, амортизациялық, дивидендттік
саясатты әзірлеу керек.
Табыстың қарастырылған деңгейінде қаржылық тәуекел-
ділікті минимилизациялауды қамтамасыз ету. Егер кәсіпорын
табысының деңгейі алдын-ала жоспарланса, бұнда осы табысты алуды
қамтамасыз ететін, қаржылық тәуекелділіктің деңгейін төмендету
негізгі мақсат болып табылады. Кәсіпорын қаржылық тәуекелділікті
минимилизациялауды өндірістік және қаржылық тәуекелділікті
өзгерту, қаржылық инвестициялар қаржының қайта қарастыру, ішкі
және сыртқы сақтандыру нысандарымен қолдану арқылы мүмкін.
Кәсіпорынның даму процесінде оның қаржылық тұрақ-
тылығын қамтамассыз ету. Кәсіпорынның қаржылық түрақтылығын
оның төлем қабілеттігі, активтер мен пассивтер оңтайлы құрылымын
қалыптастыру, әр түрлі көздерден қаржылық ресурстардың көлемін
қалыптастыру, инвестициялық қажеттіліктерді өзін-өзі қаржыландыру
деңгейімен сипатталады.

1.2 Қаржыны басқару қызметтері мен механизмі

Қаржы ресурстарын басқару өзінің негізгі мақсаты мен мәселелерін
анықталған қызметтерін жүзеге асыру арқылы өткізеді.
Бөлек бөлімшелерді бөлу негізінде қаржыны басқарудың негізгі қызметтерінің
мазмұнын қарастырамыз. Қаржыны басқару қызметтерінің бөлімшелерінде басқару
жүйесінің негізгілері болып келесілер жатады:
1. Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын өндеу. Кәсіпорынның
экономикалық даму стратегиясынан және қаржылық нарықтың
коньюктурасына болжам жасаудан шығатын (туындайтын)
функцияны өткізу процессінде қаржылық қызметтің ұзақ мерзімге
мақсаттар жүйесі мен мақсатты көрсеткіштері қалыптасады;
басымдық мәселелері шешіледі. Кәсіпорьнның қаржылық
стратегиясы оның экономикалық дамуының стратегиясының
бөлінбейтін қосалқы бөлшегі ретінде қарастырылады.
Кәсіпорынды қамтамасыз ететін және кәсіпорынның қар-
жылық қызметінің барлық аспектілері бойынша басқарушылық
шешімдерді өткізудегі ұйымдық құрылымдардың құрылуы. Мұндай
құрылымдар нақты жауапкершілік орталықтарының айқындалуы
негізінде иерархиялық немесе функционалдық белгілері бойынша
құрылады. Қаржыны басқарудың ұйымдық құрылымдары.
Кәсіпорынды басқарудағы жалпы ұйымдық құрылымына біріктілуі
керек. Басқару шешімдерінің альтернативті варианттарының негіз-
делуін қамтамасыз ететін тиімді ақпараттар жүйесін
қалыптастыру. Бұл қызметтерді өткізу процесі кезінде қаржыны басқарудың
ақпараттық қажеттіліктерінің мазмұны мен көлемі
анықталуы керек; ақпараттың ішкі және сыртқы көздері
қалыптастырылуы керек.
3. Қаржы қызметінің саласындағы қабылданған басқарма шешімдерін орындау
бойынша тиімді бақылау жасау. Бұл функцияны орындау көсіпорынның ішкі
бақылау жүйесін құрумен, қаржы менеджерлері мен қызметкерлердің міндеттерін
бақылаумен, бақыланатын көрсеткіштер мен мерзімдерінің жуйесін анықтаумен
байланысты болады.
Кәсіпорынды басқару арнайы саласы ретіндегі қаржы ресурстарын басқарудың
қызметтері:
1. Активтерді басқару
A) Айналым активтерді басқару
Б) Айналымнан тыс активтерді басқару
B) Актив құрамын оңтайландыру
2. Капиталды басқару
Меншік капиталды басқару
Б) Қарыз капиталды баскару
Капитал құрылымын оңтайландыру
Инвестицияларды басқару
А) Нақты инвестицияларды басқару
Б) Қаржы инвестицияларын басқару
Ақша ағымдарын басқару
Операциялық қызмет бойынша ақша ағымдарын басқару
Б) Инвестициялық қызметі бойынша ақша ағымдарын басқару
Қаржы қызметі бойынша ақша ағымдарын басқару
5. Қаржы тәуекелі мен банкротқа ұшырамауды басқару
A) Қаржы тәуекел құрамын басқару
Б) Қаржы тәуекелінің профилактикасын басқару
B) Қаржы тәуекелдігінің сақтандыруын басқару
Қаржыны басқару механизмінің құрылымына келесі элементтер кіреді:
Кәсіпорынның қаржы қызметін мемлекеттік нормативті
құқықтық реттеу. Кәсіпорынның қаржы қызметін реттейтін, зандарды
және басқа да нормативті актілерді қабылдау мен мемлекеттің ішкі
қаржы саясатын орындау бағыттары болып табылады.
2.Кәсіпорынның қаржы қызметін реттеудегі нарықтық
механизм. Бұл механизм ең біріншіден қаржы нарығыңдағы, оның
жеке түрі мен сегменттері ретінде кұрылады.
Кәсіпорынның қаржы қызметінің жеке аспектілерін реттеудің
ішкі механизмі. Осы механизмінің реттеуі кәсіпорынның өз шегінде
құрылады, сонымен сәйкес оның қаржы қызметінің сұрақтарын
шешуді жылдам басқаруды жүзеге асырады.
Кәсіпорынның қаржы қызметін баскаруды жүзеге асырудың
әдіс-тәсілдерінің жүйесі. Талдау үрдісінде, қаржы қызметін
жоспарлау мен бақылау кезінде әдіс-тәсілдер жүйесі қолданылады,
соның көмегімен қорытындылар алынады.

2.1 Кәсіпорынның қаржылық жоспарын құрудың мәні.

Қаржы менеджерінің жұмысының басты бағыты -қаржыны жоспарлау және
болжау.
Қаржының тиімділігін болжау (прогноз) –кәсіпорынның болашақтағы
қаржылық жағдайын зерттеу, болашақтағы қаржы мүмкіндігінің негізгі
бағыттарын белгілеу -стратегиясын анықтау. Мүндай болжаудың кәсіпорын үшін
маңызы зор, себебі оның тұрақты міндеті өз ісіне қосымша капитал тарту,
банкроттықтықтан сақтандыру, кәсіпорынның қаржы жағдайының болашағын болжау
сыртқы экономикалық информацияны пайдаланушыларға өте қажет. Оларға кіретін
басты объекті - банк. Олар несие беру үшін кәсіпорынның ағымдағы қаржылық
жағдайын, болашаққа болжамын білулері керек. Қаржылық жоспарлауды - жылдық,
көпжылдық мерзімге жасау өте қажет. Батыс елдерінде әлбетте ол мерзім 3-5
жыл. Қаржылық жоспарлау қаржы жоспары ақша қаражаттардың түсім және шығын
көздерін көрсетеді. Бұл бизнес жоспардың шараларын және кәсіпорынның
міндеттемелері бойынша төлеуге жетерлік каржы болуын көрсетеді. Жоспардың
негізіне барлық түсім көздері және шығындар ескеріліп, қолда бар қаржымен
қамтамасыз етілу деңгейін анықтайды. Егер жетіспейтін болған жағдайда оны
толықтыру көзі іздестірледі.
Қаржы жоспарын жасақтағанда өткен жылдың есептерін алу керек етеді. Ол
кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау үшін керек. Осы арқылы оның теріс
жақтары ескеріліп талдауды жинақтап қорытып, жоспарда ескеру.
Жылдық жоспар қысқа мерзімдерге бөлінеді, оның арқасында ақшаның бір
қалыптагы түсімін бақылап және кассалық үзілісті болдырмау үшін керек.
Жоспардың қортындысында үш құжат жасақталады: 1) пайда мен зиянның
жоспарлы есебі; 2) бухгалтер балансының болжамы; 3) ақша - қаражаттың
қозғалысы немесе ақша-қаражаттың бюджеті дейді. Ол қаржыландыру жоспары деп
аталады.
Болжамды баланс жыл аяғындағы кәсіпорынның мүліктік және қаржылық
жағдайын көрсетеді және жоспарлы шараларды іске асырғанда актив пен
пассивтерде болған өзгерістерді көрсетеді. шамасын көрсетеді.
Аз айналымды регрессивтік бөлу. Аталған тәсіл мен капитал айналымының
айлық өзгерісі жоспарлы пайданың мөлшерін қандай шамада ықпал ететіндігін
бақылауға мүмкіндік береді. Аталған графикте әрбір айдағы пайданың немесе
зиянның шамасын тіркеуге болады.
Қаржылық жоспар кәсіпорынның қаржылық мақсатына жету әдістерін және
оның кіріс және шығыс байланыстарын сипаттайтын құжат.
Қаржылық жоспарлау процесінде:
А) Фирманың мақсаттарының идентификациясы
Б) Фирманың ағымдағы қаржылық жағдайына бұл мақсаттардың сәйкес
келу дейгейі белгіленеді.
В) Алға қойған мақсаттар бойынша әрекеттердің тұжырымдалады..
Жоспарды дайындауда келесілерді ескеру қажет:
1. Кәсіпорын соқтығысатын шектеулердің бар болуы (қоршаған ортаны
қорғау бойынша талаптар; нарықтық көлемі, құрылымы және өнім
сапасы бойынша талаптар; осы кәсіпорынның техникалық,
технологиялық және кадрлық ерекшеліктері)
2. қаржы менеджерінің жұмысы үшін жоспарлаудың тәртіпті рөлі
3. жергілікті және глобальды машстабтағы экономикалық жағдайдың
табиғи күшінің белгісіз дамуындағы кез келген жоспардың жағдайы
Жалпы түрдегі қаржылық жоспар бұл келесі бөлімдерді құраушы құжат:
1. Инвестициялық саясат.
Негізгі құралдарды қаржыландыру саясаты
Материалдық емес активтерді қаржыландыру саясаты
Ұзақ мерзімдегі қаржылық салымдар қатнасындағы саясат
2. Айналым капиталын басқару
Ақша құралдарын және оның эквиваленттерін басқару
Өндірістік қорларды қаржыландыру
Дебиторлық қарызарды басқару және конграменттер қатнасындығы
саясат
3. Дивиденттенк саясат және көздердің құрылымы
4. Қаржылық болжамдар
Қаржылық жэағдайдың сипаттамасы
Фирманың кірісі. Фирманың шығыстары
Қаржылық есептің есебі
Ақша құралдарының бюджеті
Капиталға жалпы қажеттілік
Сырттан қаржыландырудағы қажеттілік
5. Есеп-қисап саясаты
6. Басқарудағы бақылау жүйесі
Көріп тұрғанымыздай, мазмұны және құрылымы бойынша қаржылық жоспар
жеткілікті күрделі және бұдан басқа оның дайындалуы үшін кәсіпорынның
әртүрлі бөлімдерінің күш салуы талап етіледі.
Басқаруды бизнесті ұйымдастырудың кез ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАРЖЫ САЯСАТЫ, ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
Қазіргі жағдайда қаржыны басқару: оның мазмұны және қызмет атқару механизмі туралы
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикадағы қаржы саясаты және қаржы жүйесін реттейтін құралдар
Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі
Қаржы, қаржы шаруашылығы және қаржы жүйесі
Қаржылық механизмнің мазмұны мен құрылымы.
«Қаржы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Қаржы саясаты және экономикалық реттеудегі рөлі
Қаржы механизмінің айрықша элементтері
Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы
Пәндер