Есімдік.Есімдік туралы түсінік


Есімдік.
Есімдік туралы түсінік.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар. Оның тәтті оралған мәні оятар (Абай) деген сөйлемде оның деген сөз өлеңнің бірінші жолындағы ән деген зат есімнің орнына қолданылған. Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бірде шал сол ұлдарын жинапты (ертегіден) деген сөйлемдерде сол сөзі төрт деген сан есімнің орнына қолданылған: төрт ұлын жинапты. Кімді айтса, сол келер (мәтел) деген сөйлемде сол сөзі кім дегеннің орнына жүмсалған да, кім дегеннің өзі адам үғымы атауының орнына қолданылған.
Сөйтіп, есімдіктер есім сәздердің (зат есім және сын есім, сан есімнің) атын да, белгісін де, санын да атамай, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына қолданылады. Сондықтан да кейде есімдіктерді орынбасар сөздер деп те атайды.
Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді:
1) жіктеу есімдігі;
2) сілтеу есімдігі;
3) сұрау есімдігі;
4) әздік есімдігі;
5) жалпылау есімдігі;
6) болымсыздық есімдігі;
7) белгісіздік есімдігі
Белгілі бір заттық үғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Жіктеу есімдіктері мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар . Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар. Олар мынадай:
Жіктеу есімдіктерінің септелу үлгісі
Септіктер
мен
сен
ол
біз
А.
мен
сен
ол
біз
I.
ме-нің
се-нің
о-ның
біз-діқ
Б.
ма-ған
са-ған
о-ған
біз-ге
Т.
ме-ні
се-ні
о-ны
біз-ді
Ж.
мен-де
сен-де
он-да
біз-де
Ш.
ме-нен
се-нен
о-дан
біз-ден
К.
мені-мен
сені-мен
оны-мен
біз-бен
Септіктер
сендер
сіздер
А.
сендер
сіздер
I.
сендер-дің
сіздер-дің
Б.
сендер-ге
сіздер-ге
т.
сендер-ді
сіздер-ді
сендер-де
сіздер-де
Ш.
сендер-ден
сіздер-ден
К.
сендер-мен
сіздер-мен
Бірінші жақ - айтушы, сөйлеуші жақ,
екінші жақ - тыңдаушы жақ. Бұлар - адамға байланысты атаулар, сондықтан кім? деген сұраққа жауап береді.
Үшінші жақ - бөгде жақ. Ол адамға, адамнан басқа да затқа байланысты бола береді. Сондықтан кім? немесе не? деген сүракка жауап береді. Мысалы: Бір ағашта екі алма, мен (кім?) де алмайын, сен (кім?) де алма (халық әні) . Ол (кім?) - оқыған азамат. Ол (не?) -биік тау, т. б. Сілтеу есімдіктері мегзеу, нүсқау, көрсету мағыналарын білдіреді.
Жіктеу есімдіктерінің жіктелу үлгісі
мен, біз
I
П
III
мен-мін біз-біз
Біз-біз.
сен-сің
сіз-сіз
сендер-сіңдер
сіздер-сіздер
ол олар
Сілтеу есімдіктеріне бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, мынау, әне, міне деген сөздер жатады. Әдетте сілтеу есімдіктері сілтеу, мегзеу. Мәнін білдіріп, сын есімнің орнына жүмсалып, қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарып тұрады. Мысалы, Самғай бер асқардан асқарга мынау қырандай (Ө. Әбішев) . Бұл ұрыста біз жеңеміз.
Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар сұрау есімдігі деп аталады. Сұрау есімдіктері: кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдагы? қашангы? Зат есімге және зат есім орнына қолданылатын (заттанған) сөздерге қойылатын сұрақтарға көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаұлары қосылады. Мысалы: кім? кімім? кімдер? кімі? кімдерің?кімге? неге? қайсысы? нешеуі? кіммін? т. б. Өздік есімдігіне әрқандай тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады. Өз есімдігі көбінесе тәуелдеұлі, көпте ұлі, септеұлі түрде қолданылады да, жіктеу есімдіктерінің немесе зат есімнің орнына колданылады. Мысалы: менің өзім, сенің өзің, баланың (Асқардың) өзі, оқушылардың өздері, біздің өзіміз, сіздердің өздеріңіз, т. б. Өздік есімдігі түбір тұлғада зат есімді анықтап тұрады. М ы с а л ы : әз баласы, өз ісім, өз жұмыстарын , т. б.
Жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі жалпылау есімдігі деп аталады. Жалпылау есімдігіне бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, кұллі, бцтін, тцгел, тегіс деген сездер жатады. М ы с а л ы : Бар ойы - әлең айтып, ән салайыц. (Абай. ) Түгел сәздің тубі бір, туп атасы - Майқы би. (мақал) .
Болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктің түрі болымсыздық есімдігі деп аталады. Болымсыздық есімдігі: ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайдан, ешқайда, ешқайсысы, дәнеңе, дәнеме. Мысалы: Көнбеді ешкім сөзіме, Әдетіне қарысып. (Абай) Болымсыздық есімдіктерінің ешкім, ешқайсысы, дәнеңе, ештеңе дегендері зат есімнің орнына, ешқашан, ешқайда, ешқайдан дегендері үстеу немесе мезгілдік, мекендік магынаны білдіретін сөздердің орнына жұмсалады. М ы с а л ы : Бұл жерде ешкім сырымды білмейді, айтып не етейін? (Абай) Ашық мінез, ақ маңдай, менмендік жоқ ешқандай. ("Қазақ әндері" кітабынан) Мылтық оқтағанда оның аузын ешқашан кісіге қаратпа, кісіге қаратып ойнап оқтама. (Ш. Айманов) Бшқайда болмай шықты оған теңжер. (С. Мұқанов) деген сөйлемдерде ешкім деген болымсыздық есімдігі кім (білмейді) ? деген сұраққа жауап беріп, адам мәнінде қолданылған, сейлемде бастауыш болып тұр; ешқандай болымсыздық есімдігі қандай (менмендік) ? деген сұраққа жауап беріп, менмендік деген дерексіз мәндегі заттың сынын білдіріп, сөйлемнің анықтауышы болып тұр; ешқашан болымсыз есімдігі қашан (қаратпа) ? деген сұракка жауап беріп, қаратпа деген қимылдың мезгілін, ешқайда болымсыздық есімдігі қайда (болмай шықты) ? деген сұракқа жауап беріп, болмай шықты деген кимылдың мекенін білдіріп, пысықтауыш қызметін атқарып тұр.
Болымсыздық есімдіктері кебінесе еш сөзі мен бір, кім, қашан, қандай, қайдан, қайсысы тәрізді есімдіктердің бірігуі арқылы жасалған. Сондықтан да олар бірігіп жазылады. Ал еш сезі басқа сездермен (зат есімдермен) тіркесіп, белек жазылады. М ы с а л ы: Сенен басқа еш жерден Таба алмадым орнымды. (Абай)
Затты, сындық белгіні, санмөлшерді белгісіз етіп жорамалдап, түспалдап көрсету мәнін білдіретін есімдіктің түрі белгісіздік есімдігі деп аталады. Мысалы: Бұлдайды біреу үшін, біреу тусін. (Абай) Адамның кейбір кездері Көңілде алаң басылса. (Абай) Бұл сөйлемдердегі біреу есімдігі "белгісіз бір адам" деген мағынада, кейбір есімдігі нак мезгілді атамай, "белгісіз бір кездер" мәнінде қолданылған.
Белгісіздік есімдігіне біреу, кейбіреу, бірдеме, әркім, әрне, әлдекім, әлдене, кімде-кім, бір, қайсыбір, кейбір, қайсыбіреу, әр, әрбір, қайбір, бірнеше, әлденеше, біраз, әрқалай, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқайдан, әрқашан деген сездер жатады. Белгісіздік есімдіктерінің мынадай ерекшеліктері бар.
- Әлде, әр, кей, қай, бірсөздері баска есімдіктермен(біреу, кім, не, бір, қашан, қалай, қайда, аз, т. б. ) тіркескенде, бірге жазылады да, басқа сез таптарымен (мысалы, зат есіммен) тіркескенде, бөлек жазылады. М ы с а л ы:Бізде ерік жоқ, бастай бер. Әлденегебастасыз. (Абай) Әлдеқайдангармонъ цні, ән сазы естіледі. (К. Тоқаев) Әрқашанкун сөнбесін. алдында көзінен көзілдірігін алып, әр уақытта да бір езу тартып, күлімсіреп алады. (С. Ерубаев)
- Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, әрне, кімде-кім, әлдекім, әркім, әлденетәрізді белгісіздік есімдіктер зат есім орнына жүмсалады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz