Мемлекеттік тілді қолдау саясатының болашақ заңгер мамандарының қазақ тілінде сөйлеу мәдениетін қалыптастыруына ықпалы



Елбасы Қазақстан халқына арнаған жолдауында тәуелсіз құқықтық мемлекетімізде барлық салалардағы мемлекеттік құзырлы органдар қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырудың басты факторларының бірі ретінде мемлекеттік тілімізді одан әрі дамытуға күш салу керектігін атап көрсеткені баршамызға мәлім. Қазақстан Республикасы мемлекеттік хатшысының тілдерді дамыту мен қолданудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуын бақылау үшін еліміздің бүкіл аймақтарында көшпелі мәжілістер өткізуді жоспарлауы, Премьер – Министр Кеңсесі мемлекеттік тіл туралы заңның облыстарда және орталық мемлекеттік органдарда тіл бағдарламасының орындалу барысын тексеру кестесін бекітуі - мемлекеттік тілді қолдау саясатының іске асырылу айғағы. Осыған орай қазіргі таңда барлық салалар бойынша мемлекеттік құзырлы органдардың соның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері яғни, болашақ заңгерлердің мемлекеттік тілде іс-құжаттар жүргізу, ауызекі немесе телефон арқылы сөйлесу, мемлекеттік тілде қызметтік этиканы сақтау арқылы заман талабына сай заңгер мамандардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Өркениетті елдер мемлекеттік тілін ту етіп көтереді. Себебі, қай мемлекеттің болмасын мемлекеттік тіл елдің шығу тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен теңдесіз тарихи құндылықтарын дәріптейді. Осы баға жетпес ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан сан-ғасырлық құндылықтар мемлекеттік тілдің негізін құрап, содан нәр алады. Қай мемлекет болмасын өзінің сөйлеу мәдениетін тек ана тілінде ғана қалыптастыра алады. Туған ана тілінен нәр алған сөйлеу мәдениетінің өзегі тереңде.
ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Орталық Азия университетінің ұйымдастыруымен 2008 жылдың ақпан айының 6-шы жұлдызында өткен «Мемлекеттік тілдің дамуы – ұлтаралық және қоғам тұтастығының кепілі» атты ғылыми конференцияда министр Ж.Түймебаев: «бүгінгі таңда Тіл тағдыры-ел тағдыры екенін, мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі қолданысы, мемлекеттік басқару жүйесіндегі атқаратын қызметі мен мемлекеттік тілде сөйлеу мәдениетін қалыптастырудағы тіл мәселесіне ерекше назар аударып отырмыз»- [1, 5-бет] деп, бұл тұрғыда білім және ғылым министрлігіне жүктелетін жауапкершілік пен міндеттің ауқымды екендігіне тоқталып кеткен болатын.
Қазақ халқы дүниетанымға, сыпайы сөйлеуге, мақал-мәтелге, шешендік нақыл сөздер мен орамдарға өте жетік және олардың дұрыс та, орынды терең мән беріліп айтылуына ерте кезден-ақ қатты ден қойып, ерекше бағалай білген. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді қолдау саясатын жүргізу барысында көптеген азаматтар тілді тек «аса маңызды қатынас құралы», өзара түсінісіп, пікір алысудың тәсілі, рухани мұрамызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп қана отырады дап түсінеді. Ол түсінік жеткіліксіз. Адамзат өміріндегі тілдің мән-мағынасы мен қызметі, міндеті мен мүмкіншілігі бұлармен ғана шектелмейді. Мемлекеттік тіл өркениеттілікке жетуге, кәсіби сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, салт-дәстүр мен әдет-ғұрып қағидаларын насихаттауға шексіз қызмет атқарады. Осы бағытта алып қарағанда біз болашақ заңгерлердің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру барысында мемлекеттік тілді мәдениеттің негізі өзегі деп зерттей аламыз.
Жоғарыда айтылған ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан рухани құндылықтарымыздың ішінде шешендік нақыл сөздер арқылы заңгер мамандарының сөйлеу мәдениетінің тамырын тереңнен іздеп, басқа ұлттың тарихынан емес, қазақ халқының біртуар сөзге шешен, ақылға бай, тумысынан зерек ойлы, бала биден дана би дәрежесіне дейін бұқара халықтың көңіліне кір салмай өткен дана бабаларымыздың дара жолдарын заман талабына сай жаңғырта отырып тиімді пайдалана білуі - талабы жаңарған жаңа замандағы жас заңгер мамандарының кәсіби сөйлеу мәдениетінің үлгісін әлемге айғақтайды.
ХХ ғасыр орыстандыру яғни «қазақ тілінің буынына балта шабу» саясаты кезінде қазақи шешен сөйлемек түгілі жай қазақ тілінде мінберден баяндама жасаудың өзі қиын болғаны белгілі. Бірақ соған қарамастан қазақ зиялылары ағарту ісінен, сөйлеу мәдениетінен кенде болған емес. Қазақ халқының қаймақтары атанған заңғар зиялыларымыздың ұлттық рухани құндылықтарымызды бұқара халыққа, өскелең ұрпаққа дәріптеймін деп репрессия құрбандығына айналғаны тағы бар. Осындай қиын-қыстау ауытқуларды бастан кешірген қазақ қоғамында ұлттық тарихи құндылықтарымыз оның ішінде шешен сөйлеу мәдениетінің шет қалғаны рас.
1. Битұрсын Ғалымжан Шәмшідінұлы
2. Құқық магистрі
3. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, оқытушы
4. Түркістан қ, Самал м/а, 14а үй, 16-шы пәтер, 161200
5. Тел: 872533 3-26-28, 8701 383 15 10
6. жоқ
7. Факс: 4-10-26
8. Мемлекеттік тілді қолдау саясатының болашақ заңгер мамандарының қазақ тілінде сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға ықпалы
9. Секция: Қазіргі гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАУ САЯСАТЫНЫҢ БОЛАШАҚ ЗАҢГЕР МАМАНДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ
ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУЫНА ЫҚПАЛЫ

Батұрсын Ғ.Ш
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан қаласы

Елбасы Қазақстан халқына арнаған жолдауында тәуелсіз құқықтық
мемлекетімізде барлық салалардағы мемлекеттік құзырлы органдар
қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырудың басты факторларының бірі
ретінде мемлекеттік тілімізді одан әрі дамытуға күш салу керектігін атап
көрсеткені баршамызға мәлім. Қазақстан Республикасы мемлекеттік хатшысының
тілдерді дамыту мен қолданудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасының орындалуын бақылау үшін еліміздің бүкіл аймақтарында
көшпелі мәжілістер өткізуді жоспарлауы, Премьер – Министр Кеңсесі
мемлекеттік тіл туралы заңның облыстарда және орталық мемлекеттік
органдарда тіл бағдарламасының орындалу барысын тексеру кестесін бекітуі -
мемлекеттік тілді қолдау саясатының іске асырылу айғағы. Осыған орай
қазіргі таңда барлық салалар бойынша мемлекеттік құзырлы органдардың соның
ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері яғни, болашақ заңгерлердің
мемлекеттік тілде іс-құжаттар жүргізу, ауызекі немесе телефон арқылы
сөйлесу, мемлекеттік тілде қызметтік этиканы сақтау арқылы заман талабына
сай заңгер мамандардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру кезек күттірмейтін
өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Өркениетті елдер мемлекеттік тілін ту етіп көтереді. Себебі, қай
мемлекеттің болмасын мемлекеттік тіл елдің шығу тарихын, салт-дәстүрін,
әдет-ғұрыптары мен теңдесіз тарихи құндылықтарын дәріптейді. Осы баға
жетпес ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан сан-ғасырлық құндылықтар
мемлекеттік тілдің негізін құрап, содан нәр алады. Қай мемлекет болмасын
өзінің сөйлеу мәдениетін тек ана тілінде ғана қалыптастыра алады. Туған ана
тілінен нәр алған сөйлеу мәдениетінің өзегі тереңде.
ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Орталық Азия университетінің
ұйымдастыруымен 2008 жылдың ақпан айының 6-шы жұлдызында өткен
Мемлекеттік тілдің дамуы – ұлтаралық және қоғам тұтастығының кепілі атты
ғылыми конференцияда министр Ж.Түймебаев: бүгінгі таңда Тіл тағдыры-ел
тағдыры екенін, мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі қолданысы, мемлекеттік
басқару жүйесіндегі атқаратын қызметі мен мемлекеттік тілде сөйлеу
мәдениетін қалыптастырудағы тіл мәселесіне ерекше назар аударып отырмыз-
[1, 5-бет] деп, бұл тұрғыда білім және ғылым министрлігіне жүктелетін
жауапкершілік пен міндеттің ауқымды екендігіне тоқталып кеткен болатын.
Қазақ халқы дүниетанымға, сыпайы сөйлеуге, мақал-мәтелге, шешендік
нақыл сөздер мен орамдарға өте жетік және олардың дұрыс та, орынды терең
мән беріліп айтылуына ерте кезден-ақ қатты ден қойып, ерекше бағалай
білген. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді қолдау саясатын жүргізу барысында
көптеген азаматтар тілді тек аса маңызды қатынас құралы, өзара түсінісіп,
пікір алысудың тәсілі, рухани мұрамызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп қана
отырады дап түсінеді. Ол түсінік жеткіліксіз. Адамзат өміріндегі тілдің мән-
мағынасы мен қызметі, міндеті мен мүмкіншілігі бұлармен ғана шектелмейді.
Мемлекеттік тіл өркениеттілікке жетуге, кәсіби сөйлеу мәдениетін
қалыптастыруға, салт-дәстүр мен әдет-ғұрып қағидаларын насихаттауға шексіз
қызмет атқарады. Осы бағытта алып қарағанда біз болашақ заңгерлердің сөйлеу
мәдениетін қалыптастыру барысында мемлекеттік тілді мәдениеттің негізі
өзегі деп зерттей аламыз.
Жоғарыда айтылған ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан рухани
құндылықтарымыздың ішінде шешендік нақыл сөздер арқылы заңгер мамандарының
сөйлеу мәдениетінің тамырын тереңнен іздеп, басқа ұлттың тарихынан емес,
қазақ халқының біртуар сөзге шешен, ақылға бай, тумысынан зерек ойлы, бала
биден дана би дәрежесіне дейін бұқара халықтың көңіліне кір салмай өткен
дана бабаларымыздың дара жолдарын заман талабына сай жаңғырта отырып тиімді
пайдалана білуі - талабы жаңарған жаңа замандағы жас заңгер мамандарының
кәсіби сөйлеу мәдениетінің үлгісін әлемге айғақтайды.
ХХ ғасыр орыстандыру яғни қазақ тілінің буынына балта шабу саясаты
кезінде қазақи шешен сөйлемек түгілі жай қазақ тілінде мінберден баяндама
жасаудың өзі қиын болғаны белгілі. Бірақ соған қарамастан қазақ зиялылары
ағарту ісінен, сөйлеу мәдениетінен кенде болған емес. Қазақ халқының
қаймақтары атанған заңғар зиялыларымыздың ұлттық рухани құндылықтарымызды
бұқара халыққа, өскелең ұрпаққа дәріптеймін деп репрессия құрбандығына
айналғаны тағы бар. Осындай қиын-қыстау ауытқуларды бастан кешірген қазақ
қоғамында ұлттық тарихи құндылықтарымыз оның ішінде шешен сөйлеу
мәдениетінің шет қалғаны рас.
1991 жылы Қазақстан Республикасы егемендігін алып, тәуелсіз, зайырлы,
демократиялық мемлекет атанған соң дербес құқықтық мемлекет құрдық.
Құқықтық мемлекет құру үшін құқықтық мәдениет қалыптасуға тиіс. Құқықтық
мәдениетке кәсіби сөйлеу мәдениетін игергенде ғана қол жеткіземіз. Кәсіби
сөйлеу мәдениетінің қалыптасуы мемлекеттік тіл яғни, ана тілімізге тікелей
тәуелді. Өркениетке жетудің алғышарттарының бірі құқықтық мемлекет құру.
Құқықтық мемлекетте әрбір азаматтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасы
бірге жетіледі. Құқықтық сана әрбір азаматты құқықты құрметтеуге, заң
талаптарын мүлтіксіз орындауға, қылмыс зардабын түсініп, оны жасамауға және
екінші тұлғаның қылмыстық әрекетке бармауына ықпал етуге көмектеседі.
Осындай құқықтық мемлекетте құқықтық мәдениетті дамыта отырып, бұқара
халықтың назарына құқықтық сананы енгізу үшін заман талабына сай кәсіби
сөйлеу мәдениеті қалыптасқан заңгер мамандар керек. Сондықтан заңгер
мамандардың бұқара халыққа және іске қатысты тараптарға заң талаптары мен
нормативтік құқықтық актілердің қолданылу аясын және жазалау мақсатын
мемлекеттік тілде кәсіби түрде түсіндіре білсе, құқық қорғау органдарының
қызметкерлеріне деген халықтың сенімі артып, халықтың түрлі қылмыстарға
бармасы анық.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этика ұғымы және оның заты
Қысқарған сөздердің жасалу ерекшеліктері
Болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастыру
Әдістемелік даярлық
Қысқарған атаулардың қазіргі жасалу ерекшеліктері мен қолданысы
Ұлттық саясатты іске асыру тетіктері
Қазақстандағы тіл саясатын Қазақстан халқының рухани негізгі принциптерін жүзеге асыру құралы ретінде кешенді түрде зерттеу
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ОТАНДЫҚ БАҚ-ДА НАСИХАТТАЛУЫ
Қазақ халқының ұлттық тілі - қазақ тілі, ұлттың өмір сүруінің барлық саласында пайдаланылатын ана тілі
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету жолдары
Пәндер