Білімдендіру философиясы дүниетанымның жаңа моделі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Философия және психология факультеті
Философия кафедрасы
Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі
«___» 20__ жыл
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
БІЛІМДЕНДІРУ ФИЛОСОФИЯСЫ ДҮНИЕТАНЫМНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ
студент
ғылыми жетекші
философия ғылымының доценті
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І бөлім. Білім беру процесіндегі дүниетанымды қалыптастырудың жолдары . . . 7
- Конфуций дүниетанымындағы оқу-білім мәселесі . . . 7
- Ерте Грек Философиясындағы білім мәселесі (Сократ, Платон, Аристотель) . . . 13
- Жаңа дәуір философиясындағы Бэконның «Білім - күш» идеясы мен Локктың ілімі . . . 23
- Қазақ философиясындағы Абай мен Ыбырайдың ағартушылық ойлары мен оқу білім мәселесі жөніндегі көзқарастары . . . 25
ІІ бөлім. “Балаларға арналған философия” білім берудің жаңа моделі ретінде . . . 35
2. 1. Адамның мәдени әлеміндегі білімдендірудің ролі . . . 62
2. 2. Таным теориясы оқыту процесінің методологиялық негізі . . . 69
2. 3. Білім беру процесіндегі (білім, сана, өзіндік сана) мәселелері . . . 73
2. 4. Шығармашылық - руханилық пен мәдениеттің бірлігі ретінде . . . 78
Қорытынды . . . 85
Әдебиеттер тізімі . . . 94
Кіріспе
- Тақырыптың маңыздылығы. Білімдендіру философиясы бастауын тереңнен алған. ХХІ ғасыр басында келешек үшін “білімдендіру” маңызды мәселе ретінде қойылды. Бұл даму мақсатындағы ең дұрыс жол. Бұл идея білім беру ісіне жаңалықтар енгізу ісімен байланысты. Ракитов А. Н. айтуынша: “Қазіргі компьютерлендірілген даму мақсатындағы қоғам, ғылымның жетістіктерін меңгеріп, әлеуметтік дамуға, адамның еркіндігі мен табысты болуына әкеледі”. Бір жағынан бұл процесс таным процесімен қатар қалыптасатын сияқты. “Ештеңені білмейтін және бірдеңені білейінші деп талбынбайтын адам - өте нашар адам”, - деп Платон айтпақшы, адамның дамуы таным процесімен бірге жүрсе, онда ол қызығушылықпен байланысты.
Мұндағы басты мәселе элементтік даму нәтижесінде білімдендіру дамиды. Ал білімдендірудің негізінде адамның дүниені тану, дүниені қабылдау, дүниеге көзқарасы қалыптасады. Адамның әлемді тану, яғни дүниені тану деңгейі бұзылса, онда білімдендіру де дағдарысқа ұшырайды.
Білім беру философиясы дүниетанымның жаңа моделі деп қоғам өміріне пайда келтірер білім беру жүйесіне жаңалық енгізу керек. Бұл бүгінгі күнгі біздің басты мақсатымыз. Оның ішінде қазіргі жастарға білім беру ісіне ерекшеліктер енгізіп, тиімді болар шарттарды көрсету. Осы тақырыптың өткені мен болашағының негізі жастардың тәрбиесіне де байланысты. Біз өзіміздің білімдендіру мәселемізді басқа ұлттармен байланыстыра отырып шешеміз. Мұнда ұлттық қарым қатынас пен ұлттық сана-сезімдер орны да бар. “Қоғамның болашағы білімді ұрпақ” - деп жастарды біліктілік деңгейіне байланысты білім нәрімен сусындату қажеттігі туып отыр. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оқыту мәселесі сөз болғанда оны біліммен тек көп көлемде қаруландыру емес, сан мен сапа бірлігін теңестіру. Яғни білім құрылымын жетілдіру қажеттігі туындайды. Білім алушыны жеке тұлға ретінде қарастыратын, оны жан-жақты ғана емес, мүмкіндігіне, қызығушылығына қарай саралап білім беретін, сол арқылы өзіндік қасиеттерін дамытатын іс-әрекеттер жасау керек. Бұл тақырыптың маңыздылығы да сонда.
- Мақсаты мен міндеттері. Бұл тақырып зерттеу нысанасына алына отырып, білімдендірудің қоғам өмірінде басқа ғылым салаларымен байланысын және дүниетаным мәселесінде өз орны айқын ба осы мақсатты негізге ала отырып, бүгінгі күнде білімдендіру саласында мынадай міндеттер қойылады:
- қоғам өмірінде білімдендіру мәселесі дұрыс жүргізіліп келе ме, ол үшін қандай жолдармен білімді қабылдауы тиіс;
- қоғамдағы ғылыми және педагогикалық идеяға жаңа білімдендіру философиясын енгізу, ол жеке адам мен білім, мәдениет пен білім, ғылым мен білім, тарих пен білім арасындағы қарым-қатынасты реттейді;
- Қазақстан қоғамын жаңа техникалық құралдармен жабдықтау, яғни білімдендіру саласын компьютерлендіру, яғни диалектикалық үлгі енгізу;
- білім беру жүйесіне құрылымдық - мағыналы реформа енгізу;
- білім беру жүйесіне гуманизм түсінігін енгізіп, сол тұрғыда ойлау.
- Тақырыптың зерттелу деңгейі. Біздің республикамызда білімдендіру деңгейі философиясы әлеуметтік философияның бір бөлімі ретінде зерттелуі тиіс. Сондықтан осы салада әлеуметті-философиялық тұрғыда жаңашаландыру мәселесі әлі жоқ. Бұл мәселе көп еңбекті қажет етеді және сонымен бірге жалпы философиялық және логико-методологиялық білімдендіру, информациялау басты орынға қойылып отыр. Ал гуманизм мәселесіне келгенде білімдендіру басқаша сипат береді. Әрбір дәуірде білім беру мәселесі қарастырылады. Соның ішінде қазақ философиясында Анарыс, Абай, Алтынсарин, Байтұрсынов көзқарастары бойынша білім адамға байланысты болды, ал Қайта өрлеу философиясында философия гуманистік тұрғыда болды. Білімдендіру философиясы жайында конференциялар өтті, онда білімдендірудің қалыптасуы түрлі аспектілерде қарастырылды.
Тақырыптың көлемі ұлғайып білімдендіру жайында жаңа көзқарастар, перспективалар пайда болды. Оның ішінде бізге сәйкес келетін көзқарастар және келмейтіндері де бар. Қаншалықты жаңа теориялар жазғанымен, оны халық үшін қолданып, ішкі рухани ой елегінен өткізу арқылы пайдалылығын анықтау. Кейбір теориялар бізге дәл келе бермейді. Ең бастысы ұлттық болсымызды сақтай келе, білімнің қолайлы жағын алу.
- Зерттеу барысында қолданылған методтар мен методология.
Жаңа білімдендіру философиясын қалыптастыру маңызды мәселе болып табылғандықтан, педагогикалық тұрғыда инновация, компьютерлендіру. Гуманитарландыру ғасыр басындағы білім үшін қолданылу мақсатында әртүрлі методтар мен тәсілдер зерттеу үшін қажеттігі туындап отыр.
Сондықтан зерттеу барысында саналы түрде мынадай методтар қолданылды: таным процесі тарихилық пен логикалықтың бірлігі, детерменизм принципі, тарихилылықтың нақтылығы, тұтастық принципі, құрылымды жүйелі подход, жалпылықтың диалектикасы, бірлік пен жекелік
Детерминизм мен тұтастық принципі глобальды мәселені талқылауда, оны зерттеудегі санада, адамның рухани әлемін анықтауда қолданылды.
Диалектика бірлік пен жалпылықта, бірліктің айырмашылығы мен фундаментальдылығын анықтауда, компьютерлендіру мен информацияландыруда, гуманизм мәселесінде қолданылды.
- Зерттеудегі алынған басты ғылыми нәтижелер. Білімдендірудің дағдарысы мен адамның қазіргі әлемді қабылдаудағы дағдарысы арасындағы себеп-салдарды анықтады:
- Білімдендіру философиясының деңгейін анықтап, әлеуметтік философия саласында категориальды аппаратпен, негізгі қызметімен, принциптері мен тәсілдерімен үлкен орынға ие болды;
- Информацияландыру мен компьютерлендіру ұғымы мен формальды логикалық ұғымы арасында нақты дифференциация өткізіп, мағыналық мәнге ие болды. Олардың диалектикалық қарым-қатынасын анықтады;
- Халқымыздың болашағын дамытуда ҒТР жетістіктерін меңгеріп, адамның жаратылыстану мен шығармашылық қарым-қатынастарының варианттарын қарастырды.
- Білімдендірудегі үш негізгі жағдай әлеуметтік-философиялық, гуманизм дефинициясы, гуманизация мен гуманитаризацияның салыстырмалы анализін жасады. Гуманизм қайсыбір қоғамда болмасын қажетті. Ал гуманизация білімденудегі адамның стратегиясы ретінде, гуманитаризация адамның мәдени жетілуінің тәсілі;
- Адамның адамгершілік даму процесінің білімдендірумен өзіндік байланысы, өркениет пен гуманизмде, мәдениетке ықпал жасауы мен оны бағындыруына талдау жүргізді;
- Мемлекеттің басты мәселесі ретінде, білімдендіру жүйесінің қалыптасуы, алдымен гуманизм мен прагматизм мәселесі қаралды. Конфуций дүниетанымындағы оқу-білім мәселесі
Ежелгі Қытайда білім беру алғашқы рет Конфуций (551-479 юб. з. д. ) ілімінде пайда болды. Білім беру жайында айтқан оның көзқарастары көпшілік көңілінен шықты. Сол жайына тоқтала кетсем, Конфуций іліміндегі Вэнь ұғымының аумағы өте кең, әрі салалас. Оған оқу-білім, рәсім, жазба әдебиет, рухани байлықты жатқызуға болады. Оған Вэнь ұғымы арқылы ғана бара аламыз.
Конфуцийдің “Кеңес пен талғам” (Лунь юй) трактаты даналық ой-пікірлерге толы. Онда Конфуций “Ойсыз оқу - бекер, оқусыз ой - қатер” [29] деп ІІ тарауының 15 бабында айтқан. Осы сөздің мағынасына келсек, адамда алдымен оқуға деген қызығушылықтың керектігі, сол қызығушылық арқылы ойланып, білсем деген үмітпен еңбектену керектігіне көз жеткіземіз. Сонымен бірге таным процесінің қажеттігі туады. Ал келесі 16 бабында айтылған “Басқаның пікірімен ғана жүру басқа пәле келтіреді” [18] деген сөздің түп тамырына келсек, философияда кездесер “Мен” және “Мен емес” ұғымдары алға шығады. Ең алдымен оқу білім мәселесі үшін адамның өзіндік пікірі үлкен рөл атқарады. Осы жерде білімдендіру мен білім алу мәселесінің ара жігі ашылады. Білімдендіруші тұлға білім беру кезінде ең алдымен санаға көңіл бөлуі тиіс. Егер берілген мағлұматты қабылдар сана болмаса, онда босқа әуре болмай-ақ қойсын.
Конфуцийдің ұғымы бойынша білім деген не? деген сұрақ қойсақ? Одан мынадай жауап ала аламыз. Оған 17 бапта былай делінген -
Білік деген не екенін ұқтырайын ба?
Білгеніңді білім сана,
Білмегеніңді білместікке бала
Білік дегеніңіз осы болады. [29]
Жалпы, Конфуций ілімінде Білік және Білім бір мағынада айтылған. Білік те білім де құштарлануды қажет етеді. Білмегеніңмен шектеліп қана қоймай, сол жолда таймай қызмет ету ең дұрыс жол. Енді Конфуцийдің мына сөзіне кенлсек: ІІ тараудың 21 бабында Фән жи білім деген не деп сұрапты. Сонда Конфуций: - Адам алдындағы парыздан айнымасаң, аруақ пен жын-періні ардақтау, бірақ олармен алыстан сыйласу, білім дегеніңіз - осы. [29] Осыдан байқайтынымыз білім алу адамға міндетті нәрсе. Ол адамның адамдығын арттырады. Адамдық мән адамның адамгершілігінен, тәрбиелілігінен, көпті көргендігінен ең бастысы білімділігімен анықталады. Білім ол қай қоғамда болмасын қай дәуірге болмасын қажетті нәрсе. Сол қажеттілікті саналы іс-әрекет деп бағалып, сол жолында табанды іс-қимыл жасау саналы азаматтың ісі. Білім ол өмірді танудың жолы, оны өзгертудің жасандық жолы, яғни өмірдің нәр беретін өзектері туралы сөз ететін мәселелер.
Ондай нәрселерді білуге құштарлықтың өзі - сол адамның өз рухани деңгейін көрсетеді. Адам қоршаған ортаға ойлы көзбен қарап, әр нәрсенің мәнін ұғыну қажеттігі туған кезде адам танымында білсем деген құштарлық яғни ол Конфуцийде ізгілікке құлшыныс Ли оянады. Ол парасатты шығармашылық күш.
Конфуций ҮІІ тараудың 20 бабында “Мен жалғастырушымын” деп тақырып қояды. Онда - “Туа біткен білім жоқ менде, ескілікке емсеген соң, қажырлыққа құмарлықмен ұмтылып жеттім”, - дейді. [29]
Конфуций пікірінше білім адамға өмір сүру, тіршілік ету барысында беріледі екен. Әрине білімнің қалыптасар жолдары “не?”, “кім?” деген сұрақтардың келіп туындайтыны бәріне аян. Бірақ ескілікке емсеген соң, қажырлыққа құмарлықпен ұмтылып жеттім деген сөздің мағынасы неде? Осыған үңіліп қарасақ бұл сөздің мағынасы ескілікке көңілі толмау, жаңаны танып-білгісі келу. Осыдан құмарлық оянады. Құмарлықсыз жаңаның көрініс беруі екіталай. Мұнда эвристикалық іс-әрекет қажет. Күнделікті өмірде адам таным жолында үздіксіз еңбек етуде. Бірақ оның өзі жеткіліксіз. Таным шексіз процесс болғандықтан, адамның танымы да, білімі де шексіз бола бермек.
Білімге соншалықты көңіл бөлген Конфуций ҮІІ тараудың 28 бабында “Білімсіз - ақ бірдеңе тындыратын кісілер бар шығар, мен өйте алмаймын. Көп кеңес естіп кемелін таңдау, келісімін табу, көп көріп, көңілге түю, - Бұл да білімге екінші кезектегі нәрсе”. [29] Осы сөзінде бәрі де білімге келіп тіреліп тұрғандай. Бірақ басында білімі жоқ, білсем деген үміті жоқ адамдар айналамызда толып жүр емес пе, сонда оларды адам деп атай аламыз ба? - деген сұрақ туады. Бұл сұрақтың қойылуы заңды. Егер білімді өз орнын тауып жұмсаса, естір құлақ пен көңіл қойған зейінге берсе ол жанданар еді. Сонымен бірге білімге керекті екінші кезектегі нәпсе көп көру, көңілге түю, кемелін таңдап, келісімін табу. Кемелін таңдау деп адамға қажетті білім, яғни, қоғамдық, саяси, экономикалық, ғылыми т. б. білімдер жиынтығын айтсақ, сонда қажетсіз білімдер деп қандай білімдерді айтамыз. Адамға пайда, мағлұмат, мағына берер ғылымдардың бәрі кемелді білімдер десек, онда барлық білімдер адам үшін маңызды.
Ал егер білімдер кісінің келбетін сомдасақ, онда Конфуцийдің ҮІІ тарауының 7 бабына келейік. Онда: “Білімдар кісінің қатаң әрі шешімтел болмас жөні жоқ, өйткені оның жүгі ауыр, жолы алсы. Арқалаған жүгі адамгершілік парызбен өлшенеді - ауыр деген осы емес пе! Жүрген жолы өліммен ғана шектеледі - алыс деген осы емес пе!” [29]
Білім беру ісінде білім алушының танымдық жүйесін жаңа сатыға көтеру ұстазсыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Сонда ұстаз Конфуцийдің айтып отырғаны да осы. Осы жерде қазіргі мұғалім мен білім алушының орнымен анықтасақ, яғни педагогикалық тұрғыдан онда академик педагог гоногомен айтқан сөзін келтіре кету керек. Ол: мұғалімдерді жасөспурумдердің рухани дүниесінің мүсіншісі деп атайды. Сол үшін де айтуға болады мұғалім білім алушыға толықтай әсер ете алады және рухани дүниесін де өзгерте алады деп. Сонда ұстаз өзінің ең қымбаттысын, ең құндысын, өзінің үмітін сеніп тапсыратын мемлекеттің сенімді өкілі деген сөз. Яғни, зерттеулерде бұл кәсіптің қиындығы оның мейлінше шығармашылық ізденуді қажет ететіні әрбір мұғалімнің ойлауының тынымсыз жұмысын көрсетеді. Яғни мұғалім іс-әрекеті гуманизм деген ұғымды анықтайтын іс-әрекет. Өйткені білім алушыны тұлға ретінде қалыптастыру, адамды адам етіп шығару осы мамандықтың иесіне тікелей байланысты. Сондықтан білімдар кісінің арқалаған жүгі ауыр, ол адамгершілік парызбен өлшенеді деген Конфуцийдің сөзін осылай түсіндіре аламыз. Яғни сонау адамзат тарихында мұғалімдік кәсіп қайсыбір қоғамда болмасын ең жоғары дәрежеде қойылған кәсіп. Бұл дәлелдеуді керек етпейтін ақиқат. Демек, бұл кәсіп білім алушыны іс жүзінде қоғамдық дамуға тікелей үйрететін және әлеуметтік, саяси жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызатын рухани тірек. Ол білім алушыны тұлға етіп қалыптастыру барысында еңбек етеді. Сондықтан да оның өзінен терең ғылыми білімді жоғарғы ұстаздық шеберлікті танымдық идеялық жан-жақтылықты, саяси моральдық қасиеттерінің жоғарылығын, ерік-жігер сапаларының тұрақтылығын, парасатты эмоционалдық мінез-құлықты ол талап етеді. Осыдан-ақ білімдар кісінің міндетінің ауыр да жауапкершілікті екенін білеміз.
Конфуций ҮІІ тараудың 17 бабында білім алудың маңыздылығын келтіре отырып, “Оқы, жоғыңды іздегендей ынтызарлықпен, барыңнан айрылардай қауіп-қатермен” - дейді. [29] Бұл жерде білімнен айырылып қалмау жолында еңбек етуге шақырады. Жоғыңды іздегендей яғни жаңаны ашу, білмегенге ұмтылу жолы. Білімді шыңдай түсетін ол қызығушылық. Қызығушылық оянған жерде таным сонда бағытталып, еңбек жемісті бола бермек. Сол үшін адам санасын оятып, қызығушылығын арттыра білу қажет. Жеке адамның даму процесі ғылымда заңды құбылыс. Білім алушыны жеке тұлға ретінде қарастыра отырып, оның жаңаша ойлау қабілетін дамыту керек. Ең бастысы білім - ол байлық екенін ұмытпау және адамның рухани және материалдық баюына зор ықпал ете алатындығын есте сақтау қажет.
Конфуций ХІҮ тараудың 2 бабында: “- Қарны тоқ, қамсыз өмірді ғана ойлаған адам ғалым болмақ емес”, - дейді. [29]
Яғни ғалым болу үшін өзгелер үшін еңбек етіп, соларды бастысы білім нәрімен сусындату керек. Әрине адамдық рухани тәжірибені жинақтауда әрбір жеке өмірдің, жеке тұлғаның жақсы болсын, жаман болсын, өзіндік жолының әйтеуір белгілі бір тәлімдік мазмұны бар. Қалай десек те Конфуций адамды адам етер білім дей келе, оқы, біл, үйрен, адам бол, көкірек көзіңді аш, оң солды таны деп үндейді. Сол үшін де білім қалай пайда болады, қалай беріледі, жүзеге асырар жолдарын қарастырады және де оқыған және оқымаған адамның бейнесін келтіреді. Білім қалай пайда болады? - деген сұраққа: “Адамның асылы туа біледі, оған тетесі оқып-танып біледі. Мәжбүрліктен біледі. Қажеттінің өзін оқымаған - тоқымаған адамның талайы тексіз - дейді. Ұстаз туа біткен қабілет пен дарындылықтың табиғаттан, ана құрсағынан берілетіндігін жоққа шығармайды. Ал, сонымен қоса білімді оқу, іздену арқылы, игеруге болатынын жоққа шығармайды. Ал осының негізгі қажеттілігін, білімнің өзін оқымаған тексіз. Оқымаған адам қарау” деп оқыған адамның көзі ашық, көкірегі ояу болатынын жақсы мен жаманды ажырата білетінін айта келе, білім жолында іздену керектігін айтады.
Білімді игеру өте күрделі мәселе. Бұл процесс адамнан көптеген қасиеттерді талап етеді. Қайсарлық, төзімділік, сабырлық, өзін-өзі игере білу. Бір сөзбен айтқанда білімге ұмтылған адамның алдында кедергілер көп. Дүниенің алданыш, қызығы білім алуға кедергі келтіріп бағады. Өзіңді білімге толығымен арнап, қатаң әрі шешімтал болуды талап етеді. Сондықтан білім жолы алыс та ауыр. Білім жолына өмірін арнаған адамның ізденісі өлгенде ғана тоқталады. Осыдан философияда орын алар өмір мен өлім мәселесінің бір ұшы шығады. Білім алушының білімге деген қызығушылығы, ізденімпаздығы тіршілік ету барысында қатар өмір сүреді. Ал, оның шегі өмірінің шегі яғни, өлімге келгенде ғана тоқталады.
Сондықтан Конфуцийдің пікірінше білімді адам ол көзі ашық, санасы оянған адам. Осы жолды насихаттай келе Конфуций адамды адам етер білімнің орнын жоғары қояды және оған келтірер кедергілерді де айта келе, сонымен күресу жолдарын да айтады.
- Ерте Грек философиясындағы білім мәселесі.
Сократ, Платон, Аристотельдің пікірлері
Білім беру мен тәрбиелеу мәселесі б. д. д ІХ-VIII ғ. ғ Грецияда басты мәселе болып табылды. Осы дәуірде Гомердің “Илиада” және “Одиссея” поэмасында білім беру маңызды орын алды. Білім алу қоғамдағы басты қажеттілік болып саналды. Кітаптардың тапшылығынан ұстазы шәкірттерге білімді ауызша берді. Олар негізі ән-күй, әдебиет, сонымен бірге хаттарды оқудан бастады. Алғашында олар жай қарапайым сөйлемдерді оқудан бастады. Жаттығуларды тор көз тақта, оны абака деп атады, соған жазып үйретті.
Ән сабағын ауызша үйренді. Ол уақытта нота әлі жоқ болатын. Әнді жеті шекті кифарде ойнады.
Білім беретін жекеменшік мектептер, яғни, мусикалық және гимнастикалық болды. Олар ақылы оқытады. Мусикалық мектепте 7 жастан 16 жасқа дейінгі оқушылар оқыса, ал гимнастикалық мектепте 12 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер оқиды.
Мусикалық мектеп оқушыларға ән мен әдеби білім берді. Мұның бір-бірімен қатынасын ежелгі грек ойшылы Платон аңғарды. Іс жүзінде “Илиада” және “Одиссея” тек қана білім меңгертудегі дидактикалық материал ғана емес, сонымен бірге оған өмірлік қарым-қатынас жүйесі, халықтардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары енгізілген еңбек. Мусикалық мектеп білім беруде синкретикалық мінезде болды.
Платонның айтуы бойынша гимнастикалық мектепте оқушылар жүгіру, күресу, секіру сияқты істермен айналысты. Мұның бәрі соғыс сол сияқты жаман әрекеттерге дайындық болатын. V-IV ғ. ғ осындай мектептер Афиныда үшеу болды, олар: Академия, Ликей және Киносарг.
Гимнастикалық мектепте білімнің жетілуі жастардың жас шамасына байланысты, яғни 16-18 жаста білімі толық қалыптасты. Олар белгілі философтар мен саясаткерлердің лекцияларын тыңдауға мүмкіндік алды. Мысалы, ұлы ойшыл Сократ Ликейде лекция оқыды.
Сократ б. з. б 465-399 жылдары өмір сүрген. Жасында мүсіншілікпен айналысып, кейін философ, қоғам қайраткері дәрежесіне дейін көтерілді. Сократтың философиясы әрбір ғасырдағы, әрбір дәуірдегі адамдарға үнемі ойлантатын, еш уақытта маңызын жоймайтын аса қажетті ілім.
Басты дидактикалық жетістігі үшін Сократты - “майевтик” деп атауға да болады. “Егер білім алсаң бұл пайдалы дұрыс әрекет, ал білімсіз қалсаң бұл өте жаман нәрсе” - деп білім алу идеясын басты орынға қояды [54] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz