Жаңа формация мұғалімі және болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындаудың өзекті мәелері


ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ КӘСІБИ ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘЕЛЕРІ
Ерденова Бахыткүл
Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы №46 А. Пушкин атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Қазақстанның еураазиялық аймаққа кіруі, ХХІ ғасырға аяқ басуы ел Президентінің «Қазақстан-2030» даму стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология үдерістерінің дамуы келешекте болашақ мамандарына жоғары және орта арнаулы оқу орындарында білім беру қандай бағытта жүргізілуі керек деген өзекті мәселе туғызады.
Заманның жаңа даму сатысында білім беру жүйесі қоғамның жаңа экономикалық саясат, әлеуметтік және интеллектуалдық деңгейіне сай келуі тиіс. Осыған орай білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсілдері қайта қаралып, оқу жүйесін реттеу, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді.
Жаңа адамды тәрбиелеу мен оқытуда мектептің алатын орны ерекше. Оның қызметі үнемі дамуда. Жаңа заман талаптарына сәйкес мектептің дамуы көптеген қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешуді қамтамасыз етуі керек.
Мамандардың пікірінше, ХХІ ғасырда тиімді білім беру жүйесін жасайтын жас ұрпақтың ақыл-ой және рухани потенциалын барынша дамытуға мүмкіндігі бар ұлт қана озат бола алады.
Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру жүйесін дамыту стратегиясының мақсаттары мен міндеттері 2020 жылға дейін білімді дамыту стратегиясының негізгі қағидаларына байланысты іске асырылуда. Оның мақсаты дүние жүзілік тарихтың, түркі халықтарының, көшпелі өркениеттің, Орталық Азия елдерінің тарихы тұлғасында ғылымның, мәдениет пен ағарту жүйесінің дүние танымдық синтезі негізінде жас ұрпаққа жоғары сапалы білім мен тәрбие бере алатын орта білімнің жаңа, шын мәніндегі тұңғыш ұлттық моделін қалыптастыру болып табылады.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев кезекті Қазақстан халқына Жолдауында республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетті. Қол жеткен нәтижелер - Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жолдауда: «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу»- деп атап көрсетілген.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті педагогикалық іс-әрекетте оқыту технологияларын кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді.
Бүгінгі ғаламдық білім беру кеңістігіне сай білім беру, танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, мұғалімге өзінің іс әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу - көкейкесті мәселе болып табылады. Өйткені, тек жоғары білімді маман ғана қоғамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени өркендеуінің көшбасшысы бола алады.
Білім саясатының өзекті мәселелері - кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.
Оқу үдерісін белсенділендіру - берік те тиянақты білім берудің жолдарын қарастыру, оқушылардың шығармашылық ойлауына, ізденуіне мүмкіндік жасау, оларды қызықтыра алу, оқу үдерісін ғылыми негізде ұйымдастыру және т. б.
Педагогика саласы ғалымдары (В. И. Андреев, Ю. К. Бабанский, Н. В. Кузьмина, В. В. Сериков, В. А. Сластенин, А. В. Усова, Н. Д. Хмель, Г. Қ. Ахметова, З. А. Исаева және т. б. ) мұғалімнің іс-әрекетінің кәсіби бағдарын, оқушылардың шығармашылық және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдар ұсынады.
Мұғалімнің іскерлігін қалыптастыру және дамыту проблемасы ғалымдардың маңызды зерттеу объектілерінің бірі болып табылады. Оны ғылыми-теориялық тұрғыда О. А. Абдуллина, В. А. Беликов, Г. Д. Бухарова, М. М. Левина, К. С. Оспанов, К. Өстеміров, Н. Н. Хан және т. б. ғалымдар негіздеді.
Оқу-тәрбие үрдісіне жаңалықты енгізу жүйесіне басшылық жасау мәселелері Н. В. Горбунова, М. В. Кларин, А. В. Лоренцов, П. И. Пидкасистый, Л. И. Романова, В. И. Загвязинский, Т. И. Шамова, О. Г. Хомерики және т. б. зерттеулерінде қарастырылған. Педагогикалық инноватика және оны меңгеруге мұғалімдерді даярлау М. М. Поташник, Н. Р. Ясуфбекова, И. И. Цыркун, Я. С. Турбовской, Ш. Т. Таубаева, С. Н. Лактионова және т. б. зерттеулерінде қарастырылған.
Педагогикалық технология, оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін В. П. Беспалько, М. В. Кларин, В. Н. Монахов, И. Я. Лернер, Қ. Қабдықайыров, Ж. Қараев және басқалар теориялық тұрғыда қарастырса, Л. В. Нефедова, М. В. Николаева, Т. А. Лавина, Г. Г. Брусницына, Г. К. Нургалиева, Г. Д. Жангисина және т. б. зерттеулері мұғалімдерді ақпараттық, педагогикалық технологияларды қолдана білуге даярлау мәселесіне арналады.
Жоғарыда аталған жұмыстар, елімізде оқыту теориясы мен әдістемесі бойынша ғылыми ізденістер негізін қалауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында білім жүйесін реформалау жалпы орта оқу ұйымдарының қызметін жаңаша ұйымдастыруға, білімнің мазмұнына, сондай-ақ оқыту технологиясына да өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Жаңа ғасырға қадам басқан біздің еліміз үшін қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік-саяси саланың дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы даму деңгейіне байланысты болмақ. Ал ол қоғамдағы білім беру талаптарын түбегейлі өзгертуге алып келді. Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешуші кәсіби - педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаздар болмақ.
Міне, осы орайда ҚР Білім және Ғылым Министрлігі әзірлеген «ҚР жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасы» мен «ҚР жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық білімі тұжырымдамаларында» жаңа қоғамдағы мұғалім моделінің үлгілері көрсетіліп берілген. Болашақ педагогтерге қойылатын талаптар қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды. Жаңа қоғам мұғалімі тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын түсінетін, педагогикалық технологияларды меңгерген, ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби даярланған болуы тиіс.
Оқу үдерісіне жаңа бағыт беріп, оның даму жолдарын ХХІ ғасырдың талабына сәйкес айқындау үшін білімнің әр түрлі салаларына білім және ғылым, білім және адам құқығы, білімнің қоғам дамуындағы әсері, білім беру барысындағы жаңа технология т. б. талдау жасалып, қорытындылану қажет.
Педагогикалық ғылымның жаңа бағытта дамуы білім беру жүйесінде жоғары дәрежелі, жан-жақты сапалы біліммен қамтамасыз ету арқылы ұлттық, мемлекеттік саяси, экономикалық және ел мүддесі тұрғысынан туындаған мәселелерді шеше алатын жаңа тұрпатты педагог мамандарды талап етеді.
Нәтижеге бағытталған білім парадигмасының оқу бағдарламалары оқу үдерісін талдау мүмкіндігін кеңейтеді, яғни ол оқытудың мынадай жалпы ұстанымдарын қолдануға ыңғайлы:
бірінші ұстаным - өзара тығыз байланысты материалдарды блоктарға бөлу (қадамдарға) . Бұл мұғалімнен оқу материалын тиянақты талдауды, мәтін бөліктері арасындағы байланыстың тығыз қисыны мен мазмұнын анықтауды талап етеді.
екінші ұстаным - алгоритмдерді оқып үйренуге оқушылар белсенділігін арттыру, яғни жеке қадамдар мазмұны оқушыда талдаулар дағдысын қалыптастыруға бағытталады.
үшінші ұстаным - оқушылардың әрбір жауабына артынша баға беру, яғни оқушының жауабына бағасын тез арада хабарлап, дұрыс жауап берген болса тиісінше бағалауды көздейді.
төртінші ұстаным - оқудың қарқыны мен мазмұнын дараландыру, яғни ұтымды оқу қарқынын дараландыруды қамтамасыз етеді.
бесінші ұстаным - бағдарланған мәтіндердің эмпирикалық сенімділігін тексеру, мұғалімге әрбір оқушының мүмкіндігіне орай қиындық дәрежесін реттеуді міндеттейді.
Бастауыш сыныптың оқу үрдісіне ақпараттық технологияларды енгізу де жаңа бағыт. Сондықтан мұнда оқушылардың психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері міндетті түрде ескерілуі тиіс. Бұл ұстанымдар оқушыны ақпараттық біліммен қаруландыруға, жалпы білімдік міндеттер мен компьютер туралы білімін жүзеге асыруға, оқыту мен тәрбиелеудің кешенді мәселелерін есепке ала отырып, сабақты жүргізудің вариативті әдістерін қолдануға жол ашады.
Оқыту үдерісінде ақпараттық-компьютерлік технологияр құралдарын қолдану бастауыш білім беру сатысында электронды оқулықтар, мультимедиялы және ақпараттық-компьютерлік құралдарды мұғалімнің өзі де қолдана білуі керектігін білдіреді.
Білім берудегі бастауыш сатыда ақпараттық-компьютерлік оқытуды енгізуді жеделдету қажеттілігін анықтайтын негізгі факторлар:
- бірінші фактор - ЭЕМ-ді пайдалану аймағындағы жоғары білікті мұғалімдерді кәсіби даярлаудың сапасын арттыру, жалпылама ақпараттық-компьютерлік оқулар жүргізуді қамтамасыз ету;
- екінші фактор - жалпы ақпараттық-компьютерлік сауаттылық мәселесін жетілдіру қажеттілігімен;
- үшінші фактор - педагогикалық ғылымдардың логикалық дамуын анықтайтын, білім жүйесінің ішкі қажеттіліктерімен анықталады.
Білім беру үдерісіне ақпараттық-компьютерлік технологияны енгізу мәселелерінің үлкен ортасы бірінші кезекте білім беру практикасына қажетті ақпараттық технологияларды құру тұжырымдамасын жасауды талап етеді.
Білім беру үдерісінде ақпараттық-компьютерлік технологияларды қолдануға бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау тұжырымдамасын жүзеге асыру - ұзақ, әрі күрделі үдеріс және ол келесі кезеңдерден тұрады:
1) оқыту үдерісінде қолданылатын компьютерлік құралдарын игеру; білім беру мазмұнында оқу жұмысын ұйымдастыру түрі мен жаңа әдістерін игеру туралы жұмыстар жүргізу;
2) дәстүрлі оқу пәндерін оқытуда ақпараттық технология құралдарын белсенді түрде оқу үдерісіне енгізу; осының негізінде педагогтың оқу жұмысының жаңа әдістері мен ұйымдастыру түрін жалпылама игеру; білім беру мазмұнын, оқу-тәрбие жұмысы әдістері мен дәстүрлі формасын түбегейлі қайта қарастыру, оны оқу-тәрбие үдерісінде практикалық жүзеге асыру;
3) үздіксіз білім беру мазмұнын оның барлық деңгейінде түбегейлі қайта құру; ақпараттық технология құралдарын қолдануға сәйкес келетін оқытудың әдістемесін толықтыру.
Қазақстан Республикасындағы жаңа формация мұғалімін қалыптастыру жүйесін әрі қарай дамыту ақпараттық ресурстар болып табылатын оқытуға арналған бағдарламалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес.
Жаңа формация мұғалімін жалпы кәсіби дайындау моделі - қоғамның әлеуметтік тапсырысын, мұғалімдерді дайындаудағы мемлекеттік стандарттың талаптарын, мұғалім дайындау мақсаттарын және студенттердің жалпы кәсіби іс-әрекеттерді меңгеру деңгейлерін қамтиды.
Болашақ мұғалімдерді даярлауда оқыту мен тәрбиенің дидактикалық, педагогикалық-психологиялық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мынадай қажеттіліктерге алып келеді, яғни:
- қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында білімгердің кәсіби тұлғалық міндеттеріне сай келетін оқыту мен тәрбиенің мазмұнын, әдістерін және ұйымдастыру формаларын таңдау стратегиясының әдіснамасын тұрақты түрде жетілдіру;
- ақпараттық технологиялардың күн санап артып отырған мүмкіндіктерін ескеретін оқыту және кәсіби даярлау әдістемесін жасау;
- болашақ мұғалімнің интелектуалды, тұлғалық потенциялын дамытуға өздігінен кәсіби білімнің жетілдіру іскерліктерін қалыптастыруға бағдарланған өзіндік әрекеттің бірнеше түрін жүзеге асыра алатын кәсіби маман моделін жасау;
- қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар мен педагогикалық құралдарды қолдануға сүйенетін оқытудың әдістемелік жүйесін жасау.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар білімді ұйымдастырудың мейлінше жетілдірілген формаларын жасау және оларды оқытуда қолдану үшін жағдай туғызады. Дегенмен қазіргі кездегі оқыту әдістемелерінде, маман даярлауда жаңа оқыту технологияларының мүмкіндіктері толық жеткілікті түрде қолданылмауда, бұл өз кезегінде олардың дамуының қол жеткен деңгейімен, осы кезде қалыптасқан оқыту әдістемелері мен технологияларының арасында қарама-қайшылықтың пайда болуына алып келеді. Бұл қайшылықты шешу үшін педагогика ғылымы мен оқыту теориясынан терең ойластырылған, дербес білім беру міндеттерін шешуге бағытталған жаңа инновациялық білім беру технологияларын құру қажет.
Болашақ мұғалімдердің даярлығының құрылымдық - мазмұндық моделі мына компонеттерден тұрады (Кесте-1) .
Кесте -1. Болашақ мұғалімдердің даярлығының құрылымдық-мазмұндық моделі
№
Компоненттер
Өлшемдер
Көрсеткіштер
1
Мотивациялық
- өзінің кәсіби шеберлігін педагогикалық технологиялар бойынша дамытуға талпынуы
- оқыту технологияларын меңге-руге қызығушылық таныту
- кәсіби біліктілігін көтеруге бағыттылығы
- пән бойынша инновациялық іс-әрекетке ұмтылуы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz