Қазақстанның ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы мәдениеті


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАННЫҢ XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТІ

Орыс интеллигенциясы және Қазақстан. XIX ғасырдың екінші жартысы Россияның құрамына енген ұлт аудандары, оның ішінде Қазақстан жедел игерілген уақыт болды. Өлкеге оның географиясын, тарихын, экономикасын, этнографиясын, минерал қорларын зерттеу үшін ғалымдар мен саяхатшылар келіп жатты. Аса көрнекті орыс ғалымдары П. П. Семенов-Тян-Шанский, Н. А. Северцов, И. В. Мушкетов, В. В. Радлов және басқалардың есімдері Қазақстанмен байланысты. Олар өздерінің шалғайдағы өлкелерді зерттеулерімен отандық ғылымның өркендеуіне улкен үлес қосты

Ірі географ-ғалым, Орталық Тянь-Шанды зерттеуші П. П. Семенов-Тян-Шанский (1827-1914) Алтай бойына, Жетісу мен Орта Азияға екі рет (1851 -1857 және 1888 ж. ) саяхат жасады. Оның басшылығымен және редакциялауымен «Россия. Отанның толық географиялық сипаттамасы» деген көп томды қорытынды зерттеу құрастырылып, басылып шықты. Бұл еңбек-тің «Қырғыз өлкесі» және «Түркістан өлкесі» деген екі томы Қазақстан мен Орта Азияны суреттеуге арналды. Мұнда Қазақстанның географиясы, табиғи байлықтары туралы, сондай-ақ қазақ халқының тарихы мен тұрмысы туралы мағлұматтар бар.

Россияның еткен ғасырдағы талантты географтарының бірі Н. А. Северцов (1827-1885) Қазақстанды зерттеуге үлкен үлес қосты. Ол Қазақ өлкесі мен Орта Азияға жеті рет экспедиция ұйымдастырып, Арал-Қаспий ойпатын, Мұғаджар жоталарын, Үстірт қыратын, Заилийск Алатауы мен оның төңіректерін зерттеді, фауна мен флораның және географиялық материалдың үлкен коллекциясын жинады.

Орыстың белгілі географы және саяхатшысы И. В. Мушкетов (1850-1902) Қазақстанды зерттеу үшін көп жұмыс істеді, Оның қызметінің нәтижесі «Түркістан» деп аталған күрделі еңбек болды, мұнда 1874 жылдан 1880 жылға дейінгі экспедициялардың материалдары негізінде Қазақстанның оңтүстік ау-дандарының геологиялық және орографиялық суреттемесі берілген. Ол сондай-ақ Орта Азияның географиялық картасын құрастырып, бұл карта қосылған өлкенің минералдық қорларын айқындауда өзінше бір жол керсеткіш болды.

Орыс ғалымдары қазақ халқының тарихын, тұрмысын, мәдениеті мен тілін зерттеу жөнінде көп жұмыс жүргізді. Мұнда шығыс зерттеүші В. В. Радловтың (1837-1918) еңбегі өте зор. Ол Алтай өлкесінің және Қазақстанның солтүстік облыстары халықтарының тілін, әдет-ғұрпын, тарихы мен ауыз әдебиетін зерттеді. Ол көп жылғы саяхаттары кезінде бүкіл Жетісуды зерттеді, Іле алқабының тарихи-географиялық сипаттамасын берді, қазақтардың халықтық ауыз әдебиеті үлгілерінің мол коллекциясын жинады және оларды «Түрік тайпалары халықтық әдебиетінің үлгілері» сериясында жариялады; оның бір белегі қазақ ауыз әдебиетіне арналған еді. В. В. Радлов «Орта және Шығыс Азияны зерттеу жөніндегі орыс комитетін ұйымдастырушылардың бірі болды.

(XIX ғасырдың екінші жартысында қазақтардың тарихы мен әтнографиясының проблемалары пәрменді түрде зерттелді. Бұл зерттеулермен Бас штабтың көптеген офицерлері, Россия әкімшілігінің көрнекті чиновниктері, әр текті интеллиген-ция, саяси себеппен жер ауып келгендер шұғылданды. И. Гей-ердің («Сырдария облысын шаруалардың отарлауы», «Түркістандағы қаңғырулар»), А. К. Гейнстің («Қырғыз очерктері», «Әдеби еңбектердің жинағы»), Л. Мейердің («Бас штаб офицерлерінің география мен статистика үшін жинаған материалдарында» басылған «Орынбор ведомствосының Қырғыз дала сы») еңбектері анықтама материалдар ретіндегі маңызын күні бүгінге дейін жойған жоқ. «Бас штаб офицерлерінің география мен статистика үшін жинаған материалдарында» Қазақстанның географиясы, экономикасы және тарихы туралы мәліметтер жинақталған. М. Красовскийдің «Сібір қырғыздарының облысы» деген бөлімі ерекше ден қоярлық, онда қазақ халқының қайдан шыққаны туралы проблеманы баяндауға әрекет жасалған.

В. В. Вельяминов-Зерновтың «Қырғыз-қайсақтар туралы және Әбілқай-ыр ханның (1738-1765) қаза болған уақытынан бергі Россияның Орта Азиямен қатынастары туралы тарихи мәліметтер» деген еңбегінде XVIII ға-сырдың ортасындағы Кіші

жүзге және ішінара Орта жүзге сипаттама берілген. «Торғай облысы. Тарихи очерк» (Тверь, 1902) дейтін кітабы да осы мәселелерге арналды. Н. Н. Аристовтың «Үлкен орданың қырғыз-қазақтары мен қара қырғыздардың әтникалық қүрамын анықтау тәжірибесі», «Түркі тайпаларының әтникалық құрамы туралы заметкалар» дейтін, А. Харузиннің «Бөкей ордасының қырғыздары» деген еңбектерінде, А. Е. Алекторовтың XIX ғасырдың 80-90-шы жылдарында Оренбургский листок» және «Известия Оренбургского отдела ИРГО» газеттерінің беттерінде жарияланған мақалаларында қазақ халқының әтногенезінің мәселелері жәнінде манызды мағлұматтар бар. Өлкенің тарихын зерттеуге Л. Ф. Костенконың («Орта Азия және онда орыс азаматтығын орнату»), А. И. Макшеевтің («Түркістанға және орыстардың оған жасаған шабуылды қозғалысына тарихи шолу») және басқалардың қосқан еңбегі аз емес.

П. Е. Маковецкий «Қырғыздардың юридикалық әдет-ғұрыптарын зерттеу женіндегі материалдарда» және А. И. Добросмыслов өз еңбегінде («Торғай облысы қырғыздарының XVIII және XIX ғасырлардағы соты») Қазақстанның саяси құрылысынын, тарихын ашып жазған.

Орыс ғалымдары өздерінің зерттеулерімен отандық шығыстану ілімін, оның ішінде Қазақстан туралы тарихи әдебиетті байыта түсті. Орыс ғалымдарының атқарған қызметі өлкеде ғылымның дамуына негіз салды және қазақ интеллигенциясының маңдай алды өкілдерінің ғылымға тартылуына себептесті.

Қазақстанда 1847 жыл-дан 1857 жылға дейін украинның ұлы ақыны Т. Г. Шевченко айдауда болды. Революционер-демократ қазақ халқының өзгідегі ауыр жағдайы мен тұрмысын көріп, өз шығармаларында оған жанашырлық білдірді. Өлең шығаруына және сурет салуына мүлде тыйым салынғандығына қарамастан ол өлең жазуы мен сурет салуын жалғастыра берді. Оның «Қазақ семьясы», «Атқа мінген қазақ», «Бақсылар», «Байғұстар» дейтін және басқа суреттерін-де қарапайым қазақтардың бейнелері мен тұрмысы реалистік тұрғыдан іш тарткан ниетпен бейнеленген. Т. Г. Шевченко балшықтан көптеген бейнелер жасады. Басты тақырыбы қазақтардың тұрмысы болды. «Тарас Шевченко болса қазақ халқының ауыр тағдырын, бейнетті емірін, ұлттық тірлігін тек қамқор оймен ойлап танып қана қойған жоқ. Сахараның өзі мен тағдырының жайын бар күйкі көріністерімен Шевченко өзінің ер әнері бойынша ұлы ақын боп жырлап та, тамаша суреткер боп суреттеп те үлгірді»- деп жазды Мұхтар Әуезов.

Ол халықтың ақынжандылығын, рухани байлығын сүйсіне отырып, шынайы көрсетті. Ақынның бірқатар шығармаларында патша екіметінің ұлт саясатына оның мүлде теріс көзқараста болғаны көрінеді. «Егіздер» деген повесінде Т. Г. Шевченко қырдағы өртті суреттейді, осы арқылы әлі күш алмаған, сондықтан да қырдағы өрттей сөніп қалатын халық ашуының өршуің бейнелейді. Оның «Құдайекеңнің есігінің сыртындағы балта» деген өлеңі - казақтар туралы жазылған тамаша шығармаларының бірі. Ол өзінің «Менің ойларым» деген программалық өлеңінде қазақ кедейлеріне сез арнап, онда ез тағдырьгн оның тағдырымен байланыстырып, қазақ халқы мен украин халқының емірін салыстыра жырлайды.

Ғылыми қоғамдар және мәдени-ағарту мекемелері. XIX ғасырдың екінші жартысында, әсіресе реформадан кейінгі дәуірде Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық ойының дамуында ғылыми қоғамдар мен мәдени-ағарту мекемелері үлкен роль атқарды. Қазақстан жерінде пайда болған біршама ірі ғылыми коғам 1868 жылы қүрылған Географиялық қоғамның Орынбор бөлімі болған еді. Оның толық мүшелері облыстың көрнекті чиновниктері, сондай-ақ жекелеген атақты сұлтандар болды. Қоғамның корреспондент-мүшесі болған ағартушы-педагог Ы. Алтынсарин Географиялық қоғамның Орынбор белімінің 1870 жылы шығарған бірінші жинағында «Орынбор ведомствосы қырғыздарының құда түсу мен үйлену тойы кезіндегі әдет-ғұрыптарының очеркі» және «Орынбор ведомствосы қырғыздарының өлікті жерлеу мен ас беру, бата оқу кезіндегі әдет-ғұрыптарының очеркі» деп аталатын екі зерттеуін жариялаған болатын.

Орыс географиялық қоғамының жергілікті бөлімдері мен бөлімшелері Қазақстанның басқа облыстық қалаларында да ашылды. 1877 жылы Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімі Омбы қаласында және соның артынша оның бе-лімшесі Семей қаласында құрылды. Қоғамның қызметіне орыс саяхатшысы және Орталық Азияны зерттеуші Г. Н. Потанин белсене қатысты, ол Ш. Ш. Уәлихановтың замандасы және досы болған еді. Қейінірек, 1897 жылы Орыс географиялық қоғамының Түркістан бөлімі ашылды, онда белгілі орыс ғалымы-географ Л. С. Берг қызмет істеп, Арал теңізі аймағын зерттеді және экспедициясының «Ғылыми нәтижелерін» 13 том етіп шығарды.

Басқа ғылыми қоғамдардың жергілікті бөлімдері де құрылды. 1870 жылы Ташкент қаласында Жаратылыстану, антропология және әтнография әуесқойлары Москва қоғамының Түркістан бөлімі, 1885 жылы Бағбаншылық қоғамының Түркістан бөлімі ұйымдастырылды, сонымен бірге Археология әуес-қойларының Түркістан үйірмесі, Россия техникалық қоғамының Түркістан бөлімі, музыкалық, медициналық қоғамның жергілікті белімдері және Түркістан шығыстану қоғамы құрылды. Жергілікті қоғамдардың жұмысына саяси жер аударылған орыс және поляктар белсене қатысты.

Облыстық басқармалардың жанынан 1868 жылдан бастап ашылған статистикалық комитеттер өлкенің экономикалық жағдайын зерттеу ісімен шұғылданды. Олар облыстардың экономикалық жағдайын сипаттайтын статистикалық жинақтар құрастырып, шығарып отырды.

Барлық ғылыми қоғамдар өз салалары бойынша материалдар жинап, жүйеге келтіріп, жариялау жұмыстарымен шұғылданды. Мысалы, Орыс географиялық қоғамының жергілікті белімдері мен бөлімшелері халықтың ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарих, әтнография және ауыз әдебиеті саласындағы ғылыми мақалаларды, зерттеулер мен материалдарды үнемі жариялап
отырды.

XIX ғасырдың аяғынан бастап облыстық қалалардың бәрінде және кептеген Уездік қалаларда халық ағарту мәселелерімен шұғылданатын қоғамдар құрылды. Олар өлкеде білім тарату ісін насихаттап, оқу орындарына, ең алдымен бастауыш мектептерге материалдық көмек көрсетіп отырды.

Кітапханаларды, оқу үйлерін, халық үйлері мен музейлерді ұйымдастырудың маңызы зор болды. Қоғамдық кітапханалар облыстық және уездік қалалардың бәрінде ашылды. 1883 жылы Семей қаласындағы қоғамдық кітапханаға Абай Құнанбаев жиі-жиі келіп, одан орыс әдебиеті классиктерінің, оның ішінде А. С. Пушкиннің шығармаларын оқуға алып тұратын болған. Статистикалық комитеттің секретары, Абай-дың досы, ниеттесі айдаудағы Е. П. Михаэлистің инициативасы бойынша Семей қаласында өлкелік музей ашылып, оның ішіне тарих, әтнография, сондай-ақ табиғи тарих жөніндегі матери-алдар көрмеге қойылды. Қітапханалар уездік қалаларда ғана емес, сонымен бірге әскери бөлімдер тұратын бекіністерде де құрылды. Ы. Алтынсариннің инициативасы бойынша уездік екі кластық орыс-қазақ училищелерінің жанынан ұйымдастырылған кітапханалар кітаптар мен мерзімді басылымдарды халық болып оқып тұратын жерге айналды.

Қазақстан жерінде құрылған ғылыми және мәдени-ағарту мекемелері орыстың озық мәдениеті мен ғылыми білімдерді насихаттауда, халықтың ауыз әдебиетінің үлгілерін, қазақтардың тарихы мен әтнографиясы жөніндегі, өлкенің экономикасы туралы нарматив деректемелер мен материалдарды жинап, жүйеге келтіріп, жариялауда, мақалалар мен зерттеулерді құрастырып, жинақтар шығаруда прогресті роль атқарды.

Шоқан Уәлиханов. Еліміздің мәдениеті мен қоғамдық ойпікірінің тарихында қазақтың тұңғыш ғалымы аса көрнекті демократ-ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) кұрметті орын алады. Оның қоғамдық-саяси, ғылыми және әдеби кызметі орыс және қазақ халықтарының достығын нығайтуда игілікті роль атқарып, Қазақ даласында прогресті идеялардың тарауына себепші болды. Ш. Уәлиханов өзінің бүкіл өмірін феодалдық езгіге, артта қалушылыққа, кертартпалыққа қарсы, діншілдік шатастыру мен надандыққа қарсы күреске арнады. Оның тарих, география және әтнография саласындағы ғылыми зерттеулері Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тұрмысын зерттеуге аса бағалы үлес боп қосылып, замандастарының орасан зор ынтасын туғызды. Ш. Уәлихановтың ғылыми еңбектері қазіргі уақытта да өзінің құндылығынан айырылған жоқ. .

Шоқан Уәлиханов (оның толық есімі - Мұхаммед-Ханафия, ал Шокан шешесінің еркелетіп атаған аты) 1835 жылдың ноябрінде Қүсмұрын қамалында туған. Шоқан Құсмұрындағы жеке меншік қазақ мектебінде арабша хат танып, қарындашпен сурет салуды үйренді. Әдетте бұл мектепте орта ғасыр әдебиетінің тілінде оқумен шұғылданып, араб, парсы тілдерінде сөйлеуге машықтанып, шығыс ақындарының өлеңдерін жаттады.

Шоқанның ғылымға ден қоюына оның әкесі Шыңғыстың орыс интеллигенциясы екілдерімен байланысты болуы зор әсер етті. Шыңғыстың ауылында академик А. И. Шренк, Сібір қазақтарының облыстық басқармасында жұмыс істеген декабристер С. М. Семенов, В. И. Штейнгель, Н. В. Басаргин сияқты көптеген аса білімді адамдар, Қазан университетінің студенттері С. Сотников, Н. Ф. Қостылецкий және Т. Сейфуллин болып тұратын.

1847 жылдың күзінде 12 жасар Шокан әкесіне еріп Омбыға келіп, әкесінің орыс достарының жәрдемшен Сібірдеп кадет корпусына түсті. Ол кезде бұл корпус Сібірдеп таңдаулы оқу орны боп есептелетін. Шокан кадет корпусына келгенде орыс тілін білмейтін еді, бірак ерекше кабілеті аркасында бұл киыншылыкты тез жеңіп шықты. Ол үздік оқыды, тшті өзінің тұрғыластарынан озып та кетті.

Әдебиетші, ориенталист, Қазан университетінің шығыс факультетін бітірген және корпуста орыс әдебиетінің оқытушысы болған Н. Ф. Костылецкий (1818-1867), әдебиетші Н. Г. Чернышевскийдің жас кезіндегі досы, оның идеяларын қолдаушы В. П. Лободовский және басқалар Ш. Уәлихановқа елеулі ықпалын тигізді. Жас Шоқанның шығысты зерттеуші И. Н. Березинмен байланысы оның Орта Азия халықтары тарихы мен әдебиетіне деген сүйіспеншілігін нығайта түсті. И. Н. Березиннің еңбектері жас Шоканды ежелгі жазбаша ескерткіштерді зерттеуге ынталандырды да, оның тұңғыш ғылыми енбектері хан жарлықтарын талдауға арналды.

Жас Шоқан В. Г. Белинский мен А. И. Герценнің философиялық трактаттары мен әлеуметтік романдарын, әшкерелеуші мақалаларын зейін қойып оқып-үйренеді. Ол өзінің «философиялық білімдерін негізінен орыстың ұлы ойшылары В. Г. Белинскийдің, А. И. Герценнің, ал кейінірек Н. Г. Чернышевский мен Н. А. Добролюбовтың шығармаларынан алған еді.

Жас Ш. Уәлихановтың 1856-1857 жылдардағы алғашқы сапарларының ғылыми нәтижелері оның: «Ыстықкөлге барған сапардың күнделігі», «Қырғыздар туралы жазбалар» деген жолжазба очерктерінде бейнеленді.

Ш. Уәлихановтың ғылыми және ағартушылық қызметінің гүлденген кезеңі - XIX ғасырдың 50-ші жылдарының соңы - 60-шы жылдарының басы. 1858-1859 жылдары ол өзінің атақты сапары атанған Шығыс Түркістанды аралады, оның саяси және экономикалық қүрылысымен танысты, осы елді ежелгі заманнан бері мекендеп келе жатқан халықтардың тарихы мен әтнографиясы жөнінен материалдар жинады. Ш. Уәлиханов өте сирек кездесетін біркатар шығыс қолжазбаларын алды, нумизматикалық коллекция, гербарий, тау жыныстарыныц коллекциясын құрастырды, сондай-ақ әр турлі ескерткіш заттарды: ерте заманғы грамоталарды, халықтың қолданбалы және әсемдеу енерінің керкем керамиканың үлгілерін және басқаларды жинады. Уәлихановтың Шығыс Түркістаннан әкелген ұланғайыр материалдарының ішінде оның Шығыс Түркістан тұрғындарын, олардың кәсіптерін бейнелейтін қарандашпен салған суреттері едәуір орын алған.

Ш. Уәлихановтың ғылыми қызметінің ең басты нәтижелерінің бірі «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Қіші Бүхараның) шығыстағы алты каласының жағ-дайы туралы» күрделі еңбегі болып табылды. Мұның өзі Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, географиясына, әлеуметтік құрылысына арналған, Ш. Ш. Уәлихановтың тұсындағы: ғылымның жетістіктерін ескере отырып жазылған тұңғыш ғылыми еңбек болған еді. Материалдардың қамтуы, сондай-ақ. олардың кең көлемде, терең зерттелуі жөнінен оның бұл еңбегі отандық ғылымға қосылған ірі үлес болды.

Оның замандастары - ғалымдар, жазушылар - Ш. Ш. Уәлихановтың еңбегін жоғары бағалап, оны нағыз географиялық ғылыми жаңалық ашқандық деп есептеді.

ЖҰМЫСШЫ ТАБЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ. ЖҰМЫСШЫ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАРЫ

Жұмысшы табының қалыптаса бастауы. Пролетариаттың қалыптасу қарқыны мен оның санының өсуі әр түрлі облыс-тарда біркелкі болған жоқ. Қазакстанның кен өнеркәсібі да-мыған аудандарында жұмысшылар саны көп болды. Қазақстанкың кен өнеркәсібінде (тұз өнеркәсібін қоса есептегенде) 1855 жылы 1353 жұмысшы, 1865 жылы - 1848, 1875 жылы 4156, 1885 жылы 7750, 1895 жылы 8960, 1900 жылы 11 225 жұмысшы болды. Өнеркәсіптің бұл саласында 50 жыл ішінде жұмысшылар саны шамамен 8 есе көбейді.

Жұмысшы күші бірте-бірте шоғырлана берді, жұмысшы-лардың тұрақты кадрлары құрала бастады, дегенмен Қазақ-станда мерзімді жұмыстардың басым болуы және техниканың артта қалуы жағдайларында бұл процестер Орталық Россия-дағыдан гөрі баяуырақ жүріп жатты.

Жұмысшылардың, әсіресе қазақ жұмысшыларының жағдайы өте ауыр еді. Олар жалақыны өте-мете аз алатын. Орталық Россиядағы нақ сондай кәсіпорындарға қарағанда Қазақстанның өнеркәсіп орындары жұмысшыларының алатын орташа жалақысы тұтас алғанда екі-үш есе кем болып отырды. Жұмысшылар әсіресе айып ақысын төлеуден азап шекті. Олар жалақысының едәуір бөлегін кәсіпорынның дүкендерінен ала-тын азық-түлік пен товарлардың ордері түрінде алатын болды, ал дүкендердегі азық-түлік пен товарлардың бағаларын өнер-кәсіпшілердің өздері белгілейтін еді. Осының салдарынан көп-теген жұмысшылар есеп айырғанда болымсыз ғана тыйын-тебен алатын немесе тіпті қожайынға борышты болып қалатын.

Кен кәсіпорындары жұмысшыларының еңбек жағдайлары өте-мөте ауыр болды, олардың еңбек кұралдары тек қана сүй-мен, қайла мен күрек болатын. Апатты оқиғалар жиі болып тұрды. Шахта опырылып құлауы, су басып кетуі, жарылыстар және басқа апаттар кезінде кісі өлімі кәп болатын.

Жұмыс күнінің қаншаға созылатынын енеркәсіпшілер өз қарауынша белгілеп отырды: өлке кәсіпорындарының көпші-лігінде ол 14-16 сағаттан болды 30 . Жұмысшылар сәкісі мен тақтайы жоқ, 1-2 қатар нар орнатылған, тар, жарық әрең түсетін сығырайған терезелері бар жертөлелерде тұрды. Өнер-кәсіп иелері жұмысшыларға медициналық көмек көрсету қа-мын ойламайтын еді 31 . Жалақы аз төленетін әйелдер мен балалардың еңбегі кеңінен пайдаланылды. Жұмысшыларды қа-нау қазақ еңбеккерлерін алалап кемітумен күшейе түсті.

Бүлардың бәрі жұмысшылардың қарсылығын туғызды. «Міне, сондықтан, - деп жазды В. И. Ленин «Стачкалар туралы» деген мақаласында, - жұмысшылар өздерін осындай шектен асқан нашар халге душар етпеу үшін арпалысқан күрес бастайды».

Жұмысшы қозғалысының алғашқы қадамдары. Қазақстанда жұмысшылардың күресі әуелде стихиялы, үйымдаспаған сипатта болды. В. И. Лениннің жазғанындай, жұмысшылардың алғашқы стачкаларын «күрес деуден гөрі түңілушіліктің, ызалы кектің көрінісі деу анағүрлым орынды болады». «Жақсы» патшаға және оның жоғары шенді чиновниктерінің «әділ-дігіие» сенген, ауыл мен деревнядан жуырда келіп, олармен байланыстарын әлі де үзбеген жұмысшылар үкімет мекемелерінен қорғаныш іздеді. Жұмысшылар әрқилы шағымарыздарында ауыр езгі мен правосыздыққа қарсылықтарын білдірді. Бұл шағымдарда әдетте екімет орындарының «әділдігіне» жұмысшылардың аңқаулықпен сенетіндігі және енеркәсіп иелеріне деген күшейе түскен ешпенділігі астасып жататын. Бұлардың шағымдары, әрине, жауапсыз қала берді, бірақ олар патша әкімшілігінің қандай міндет атқаратындығын бірте-бірте түсіне бастаған жұмысшылардың таптық сана-сезімінің оянуында өз ролін атқарды.

XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстан жұмысшыларының қанаушылыққа қарсы күресінің кең тараған түрлерінің бірі қашып кету және жұмысқа жаппай келмей қалу болды. Катаң жазалар қолданғанына қарамастан жұмысшылардың кәсіпорындардан қашып кетуі жылдан-жылға көбейе берді. 1880 жылы Семей облысының кәсіпшіліктерінен жұмыс-шылардың жалпы санының 2, 7 проценті, 1890 жылы 4, 7 проценті, 1896 жылы 6, 4 проценті қашып кетті. «Жұмысшылардың кәсіпшіліктерден қашып кетулерінің себебі олардың жағдайының нашарлығынан», - деп жазды сол кезде. Тіпті патша чиновниктерінің ездері «Кәсіпшілік жұмыстарынан қашып кетудің себептері кәсіпшіліктердегі жұмысшыларды жалдау, олармен есеп айырысу және тіршілік жағдайларынан туып отыр» деп мәлімдейтін болды.

Патша чиновниктері кәсіпкерлер мен жұмысшылар арасындағы қарым-қатынастарға белсене араласып, кәсіпорындар қожайындарының мүдделерін барынша қорғап отырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ҒАСЫР МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТІ
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
Қалалар мен қалалық қоныстар
Қазақ қоғамындағы экономикалық жағашылдықтарды әдістемелік тұрғыдан зерделеу
19-20 ғасырдағы Қазақстан баспасөзі
Қазақстанның экономикалық тарихы пәнінен дәрістер
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы музыка мәдениеті
ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы капиталистік, сауда-ақша қатынастарының қалыптасуы
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz