Қалтай Мұхамеджанов публицист, драматург, сатирик


Мазмұны
Кіріспе.
I. ТАРАУ
Қалтай Мұхамеджанов қоғам қайраткері, халықаралық «Түркістан» газетінің редакторы.
ІІ. ТАРАУ
Қалтай Мұхамеджанов публицист, драматург, сатирик.
а) Қалтай Мұхаметжанов шығармашылығындағы ұлттық сана, ұлттық рух мәселелері.
б) Қалтай Мұхаметжанов публистикасындағы тіл, мәдениет тарих мәселелері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Баспасөз қоғамнан тысқары тұра алмайды. Бұл - шындық. Қоғамдағы ақпарат органдарының қызметі мен қағидасы сол қоғамда қалыптасып отырған нақты саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жағдайлар мен құбылыстар аясынан шығады. Ал, қоғам қозғалысқа кірген тұста сөз өнерінің публицистика сияқты саласының мәртебесі өсе түсетіні табиғи жағдай. Қоғам үшін қажетті ойларды оятып, халықтық пікірді орнықтыратын, оқырманды нақты іс-қимылға шақыратын публицистика екені аян.
Қазақ публицистикасының көшбасшыларын ауызға алғанда біз өз бастауын халық ауыз әдебиетінен алған қазақтың біртуар ұлдары - Шоқан, Абай, Ыбырайларға тоқтамай өте алмаймыз. Шоқанның публицистик шеберлігін оның ғылыми зерттеулерінде, жазысқан хаттары мен әдеби еңбектерінде өзі өмір сүрген. XIX ғасырдың 50-60 жылдарыңдағы қазақ халқының қоғамдық жайын, тіршілік кәсібін, тұрмыс-күйін, салт-санасын, оның экономикасы мен мәдениетіне Ресейдің еткен әсерін сөз еткен. Сәлем хаттардың өзінде жеке бастың от басы, ошақ қасылық ұсақ-түйектерінің шеңберінде қалып қоймай, орталықтағы әлеуметтік-саяси өзгерістерді сүрастырып, орыс достарына қазақ даласындағы ұлт езгісін, түнекті, надандықгы айтып отырса, Ыбырайдың қоғамдық өмірдің проблемалық мәелелерін көтерер очерктерін, Абайдың қара сөздерін нағыз публицистикалық шығармалар деуге болады.
Зерттеудің нысаны . ХХ ғасырдың бас кезінде дүниеге келе бастаған "Серке" (1907 ж. ), "Қазақстан" (1911-13 ж. ж. ), "Ешім даласы" (1913 ж. ),
"Қазақ" газеттері, "Айқап" (1911-15 ж. ж. ) журналы қазақтың
демократиялық бағыттағы публицистикасының дамуына және
калыптасуына едәуір әсер еткен қазақ тіліндегі газет-журналдар
болып табылады. Публицистика қоғамдық өмірдің проблемалық
мәселелерін көтереді десек, бұл тұстағы қазақ басылымдарының
көп қамтыға мәселелері отырықшылық, көшпенділік, халық
ағарту, әйел тендігі, қазақ халқының экономикалық күш-куатын
дамыту тағы басқа еді. Қоғам болған соң онда көптеген карама-
қайшылықтар, түбегейлі өзгерістер болып отырады. Қазақ
даласы да түрлі өзгерістерді басынан кешірді. Жоғарыда аталған
басылымдар қазақтың демократиялық бағыттағы
публицистикасының дамуына және қалыптасуына едәуір әсер етті. Қалың елдің сана-сезімін оятуға түрткі болды. Ағартушылық демократиялық идеяларды алға апарушы, ұлт қамын, жүртшылық болашағын ойлайтын қазақ оқығандарының шоғыры қалыптасты. Осы орайда А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Жұмабаев, М. Сералин, Б. Майлин сынды азаматтарды атауға болады.
Ел болашағына аландаған осы зиялы азаматтардың басым көпшілігі баспасөз төңірегінде топтасты. Олардың қарапайым халық санасына сәуле түсірер салиқалы ойлары ең алдымен газет-журнал беттерінен көрініс тапты. Бұл талантты қаламгер, көшбасшы қайраткерлердің біразының рухани көзқарастары бір мақсатқа тоғысып, әрқайсысының пікірлері ортақ қоғамдық ойдың арнасына күйылып жатқан болатын. Сол кездегі ақын-жазушылардың көркем туындыларына да өзек болған осы отаршылық саясатқа деген қарсылық еді.
Зерттедің әдәс-тәсілдері: қалтайдың публицистикалық мақалаларын өзге публистердің шығармашылығымен салыстыра отырып зерттеу.
Зерттеудің дерек көздері. « Түркістан» газетінің тігіндісі мен редакцияның құнды қағаздарымен таныса отырып, мәлімет алу. Қалтай Мұхамеджановтың шығармалары мен дүниелеріне толық оқу. Кітаптары мен қолжазбаларындағы айтылған қанатты сөздерін диплом жұмысына пайдалану.
Зерттеудің теориялық маңызы мен практикалық мәні. Қалтай Мұхамеджановатың шығармашылығын насихаттау. Адамгершілік асыл қасиетін баға сіңіру.
Кейінгі публицистиканың қарқын алған кезеңі - Ұлы Отан соғысы жылдары. Бұл жанрдың сол жылдары айрықша серпілуіне М. Әуезовтің, Б. Бұлқышевтің, М. Иманжановтың, М. Ғабдуллиннің, Ғ. Мүсіреповтің, І. Жансүгіровтің зор ұлесі бар. Соғыс кезіндегі ерлікті істерді асқақ үнмен шабыттана толғап, сөздері сүектен өтетін өткір памфлеттер жазып, жалындап көзге түскендер де осы публицистер.
Ұлы Отан соғысы жылдарынан бері қарайғы баспасөз беттеріне үңілсек, қатарға тағы біраз тамаша публицистердің қосылғаңдығын аңғарамыз. Қазақ публицистикасының қанат жайып, өсіп-өркендеуі жолында орасан зор еңбек еткен атаулы қаламгерлер қатарына Шерхан Мүртаза, Әбіш Кекілбай, Оралхан Бөкей, Камал Сымайылов, Қалтай Мұхамеджановтар келіп қосылды.
Біздің диплом жұмысына өзек етіп отырғанымыз осы қарымды қаламгерлер арасындағы шоқтығы биік, алты алаштың ардактысы, белгілі қоғам қайраткері, драматург - Қалтай Мұхамеджанов шығармашылығы, публицистикасы. Оның шығармашылық қызметі сан алуан. Ол әлемге әйгілі драматург, сатирик, алаш әдебиеті мен мәдениетінің маңдайалды өкілі, жазушы, публицист. Қалтай Мұхамеджанов бүкіл шығармашылығында қоғамның өзекті мәселелерін алға тартып, елі үшін қажырлы еңбек етті.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Қалтай Мұхамеджановтың публицистикасын талдау, шығармашылығының негізгі ерекшеліктерін айқындау үшін алдымызға мынадай міндеттер қойдық:
- Қалтай Мұхамеджановтың шығармашылығын талдау, түсіндіру, ерекшеліктерін көрсету;
- Қалтай Мұхамеджанов публицистикасының аясын ашу, қоғамдық-саяси маңызын, идеялық байлығын көрсету; Қалтай Мұхамеджанов публицистикасындағы түрлі тақырыптарда жазған мақала, сын, очерктеріне талдау жасап, оқырманмен таныстыру.
Зерттеудің негізгі тұжырымдары. Қалтай Мұхамеджанов бүкіл ғүмырын ұлтъшың санасын өрлетуге, қашан да ел қамын жеген табанды қайраткер. Ұлт мүддесіне қатысты қандай да бір жағдаяттар туындай қалса, Қалтай Мұхамеджановтың үні көп күттірмей естілетін. Ол жазған мақала-сындарында елінің, халқының көкейкесті проблемаларын алға тартып, баспасөз бетіне ыстығы басылмай жатып жазатын публицист ретінде танымал.
Қ. Мұхамеджановтың қазақ публицистикасына қосқан ұлесі қандай? Оның жазбаларынан нендей тәлім-тәрбие ала аламыз? Қазақ публицистикасын қаңдай дәрежеге көтерді?
Міне, осы мәселелердің шешімін табу мақсатында Қалтай Мұхамеджановтың творчествосын түсіндіруді жөн көрдік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz