Жануарлар



1. ЖАНУАРЛАР
Жануардың тіршілігі туралы жалпы түсінік
Жануар организмінің ерекшеліктері
2. Жануарлардың мекен ортасына бейімделуі
3. Жануарлардың тіршілік ортасы және мекен ортасы
4. Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген, жойылып кету қаупі бар I санатты жанулр
Тірі организмдердін барлығына төн ортақ белгілерін еске түсіріңдер.
Жануарлар өсімдіктерден тек өздеріне ғана тән, елеулі ерекшеліктері бойынша ажыратылады. Сондай ерекшеліктердің ең негізгілері мыналар:
Жануарлар дайын органикалың заттармен қоректенеді, яғни олар өз организміне қажетті қоректік заттарды – нәруызды (белокты), көмірсуды, май тәрізді заттарды өсімдіктен алады.
Жануарлар белсенді қозғалады: көпшілігі бір жерден екінші жерге орын ауыстырады (отырықшылары да бар). Мысалы, қанқыз бүгін бір жерден көрінсе, ертеңіне дәл сол жерден көрінбейді, себебі, ол бір орында тұрмайды, жорғалап не үшып кетеді.
Өсімдік бір орында өседі. Оның тұқымдары ғана басқа жерлерге әр түрлі жолдармен орын ауыстырып таралады;
Жануарлардың көпшілігінде ас қорытуды, тыныс алуды, зор шығаруды қамтамасыз ететін және сыртқы ортамен қарым-қатынасты жүзеге асыруды реттейтін арнайы мүшелері, мүшелер жүйесі болады;
Көптеген жануарлардың денесі екі жақты симметриялыболып келеді: дененің оң және сол жағындағы мүшелері жүп және бірдей қызмет атқарады (55-сурет).
Мүндай жануарлар алға, жан-жаққа жеңіл, еркін қозғалады. Қорегін ұстайтын, жауына шабуыл жасайтын немесе олардан қорғанатын, айналаны бағдарлайтын негізгі мүшелері дененің алдыңғы бөлімінде орналасады. Жану
арлар жауынан қалай құтылатынын өздерің әңгімелеп, талқылаңдар. Өмірден білетін мысалдарды келтіріңдер.
Аз қозғалатын жануарлардың дене пішіні жұлдыз немесе шатыр, немесе өсімдік гүлі тәрізді болады. Мысалы, 56-суреттегі теңіз жұлдызының денесі сәулелі симметриялы: денесінің дөл ортасынан әр тармағына ойша сызық, жүргізсе денесі бірдей бес бөлімге бөлінеді, әр бөлімдегі сәйкес мүшелер белгілі бір қызмет атқарады 56-сурет). Денесінің сәулелі симмет-риялы болуы баяу қозғалатын немесе су түбіндегі қатты нәрселерге жабысып тұратын жануарлардың өзіне қажетті қорегін, қай жағынан келсе де, сезініп, белсенді түрде ұстауы-на, немесе қауіпті жау болса, одан қорғануына мүмкіндік береді.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖАНУАРЛАР
Жануардың тіршілігі туралы жалпы түсінік
Жануар организмінің ерекшеліктері
Тірі организмдердін барлығына төн ортақ белгілерін еске түсіріңдер.
Жануарлар өсімдіктерден тек өздеріне ғана тән, елеулі ерекшеліктері бойынша
ажыратылады. Сондай ерекшеліктердің ең негізгілері мыналар:
Жануарлар дайын органикалың заттармен қоректенеді, яғни олар өз
организміне қажетті қоректік заттарды – нәруызды (белокты), көмірсуды, май
тәрізді заттарды өсімдіктен алады.
Жануарлар белсенді қозғалады: көпшілігі бір жерден екінші жерге орын
ауыстырады (отырықшылары да бар). Мысалы, қанқыз бүгін бір жерден көрінсе,
ертеңіне дәл сол жерден көрінбейді, себебі, ол бір орында тұрмайды,
жорғалап не үшып кетеді.
Өсімдік бір орында өседі. Оның тұқымдары ғана басқа жерлерге әр түрлі
жолдармен орын ауыстырып таралады;
Жануарлардың көпшілігінде ас қорытуды, тыныс алуды, зор шығаруды
қамтамасыз ететін және сыртқы ортамен қарым-қатынасты жүзеге асыруды
реттейтін арнайы мүшелері, мүшелер жүйесі болады;
Көптеген жануарлардың денесі екі жақты симметриялыболып келеді:
дененің оң және сол жағындағы мүшелері жүп және бірдей қызмет атқарады (55-
сурет).
Мүндай жануарлар алға, жан-жаққа жеңіл, еркін қозғалады. Қорегін
ұстайтын, жауына шабуыл жасайтын немесе олардан қорғанатын, айналаны
бағдарлайтын негізгі мүшелері дененің алдыңғы бөлімінде орналасады. Жану
арлар жауынан қалай құтылатынын өздерің әңгімелеп, талқылаңдар. Өмірден
білетін мысалдарды келтіріңдер.
Аз қозғалатын жануарлардың дене пішіні жұлдыз немесе шатыр, немесе
өсімдік гүлі тәрізді болады. Мысалы, 56-суреттегі теңіз жұлдызының денесі
сәулелі симметриялы: денесінің дөл ортасынан әр тармағына ойша сызық,
жүргізсе денесі бірдей бес бөлімге бөлінеді, әр бөлімдегі сәйкес мүшелер
белгілі бір қызмет атқарады 56-сурет). Денесінің сәулелі симмет-риялы болуы
баяу қозғалатын немесе су түбіндегі қатты нәрселерге жабысып тұратын
жануарлардың өзіне қажетті қорегін, қай жағынан келсе де, сезініп, белсенді
түрде ұстауы-на, немесе қауіпті жау болса, одан қорғануына мүмкіндік
береді.
Жануарлардың тіршілік ортасы және мекен ортасы
Жер ғаламшарында тірі организмдер, олардың ішінде жануарлар үш түрлі
ортада тіршілік етеді. Сулыортада, мысалы, балықтар, киттер, т. б; құрлық-
ауада - өрмекшілер, бунакденелілер, құстар, аңдар; топырақта -құрттардың
кейбір түрлері (шұбалшаңдар), кейбір аңдар (мысалы, көртышқан) тіршілік
етеді. Жануарлардың паразит түрлері үшін басқа жануарлар мен адам денесі
тіршілік ортасы болып саналады Мысалы, паразит құрттар мен кенелер
жануарлардың денесінде (сыртқы, ішкі мүшелерінде) тіршілік етеді. Күйкентай
орманды дала аймағында кездеседі (тіршілік ортасы). Бірақ орманға кірмейді;
ашық, ағаштары сирек өскен жерлерді мекендейді. Ондай жерлер дала
тышқандарын аулауға, ағаш ба-сына ұя салуға қолайлы (57-сурет).
Өз тіршілігінде бір ортада ғана емес, екі түрлі ортада тіршілік ететін
жануарлар да бар. Мысалы, безгек масасы (58-сурет), бақалар - суда да,
құрлықта да; ал дала тышқандары топырақта да, жер ұсті-ауа ортасында да
тіршілік етеді. Іркінді суы бар батпақты жер безгек масасының мекен ортасы,
мүнда оның көбеюіне қолайлы жағдайлар бар.
Жануарлар тіршілік ортасындағы өзінің тіршілік етуіне қолайлы
жағдайлары бар нақтылы үлескілерді мекендейді. Олар коныстанған осындай
нақтылы бір үлескіні сол жануарлардың мекенортасы дейді. Мысалы, ормандағы
қарағай, шырша көбірек өсетін аймақтары тиіннің мекен ортасы болады. Бұл
мекенде тиіннің сүйікті азығы - бұр жеткілікті, саңырауқүлақ та көп; тоңса
— паналайтын, қорықса — тығылатын, ағаш діңіндегі қуыстар — баспана болып
табылады (59-сурет).
Әрбір мекен ортаны жануарлардың көптеген түрлері қоныстанады.
Жануарлардың мекен ортасына бейімделуі
Барлық жануарлардың мекен ортасында қалыпты тіршілік етуіне мүмкіндік
беретін, біртіндеп қалыптасып орныққан бейімділіктері болады. Мысалы,
дүниетану пәнінен өздеріңе таныс көбелектердің бүркеніш реңі, қанқыздың
сақтандырғыш реңі-олардың тіршілігін сақтайтын бейімділіктері.
Орта жағдайларына бейімделу жануарлардың құрылысынан да, тіршілік
әрекетінен де анық көрінеді. Мысалы, жауы қүйрығынан үстағанда сұр
кесірткенің құйрығы үзіліп қалады. Шоршып, жыбырлап жатқан құйрыққа жауы
алданып, қайта үмтылғанша кесіртке жасырынып та үлгіреді, әрі оның құйрығы
біраз күнде қайта өсіп, қалыптасады.
Сол сиякты, тоқылдақтың үлкен басы, өткір, қашау тәрізді мықты тұмсығы
ағаш діңін ұрғылап, қалың қабықтың астындағы зиянды бунакденелілердің
(насекомдардың) дернәсілдерін тілімен алып жеуге бейімделген.
Жануарлар құрылысының мекен ортасы мен тіршілік әрекетіне сәйкес
келетіндігі сонша, кейбіреуінің сыртқы түріне, бейнесіне қарапақ оның
қандай ортада тіршілік ететінін, немен коректенетінін, калай қозғалатынын
бірден біле аламыз "Жануарлар дүниесі біржасушалы және көпжасушалы болып
екі тармаққа жіктеледі.
Біржасушалы жәндіктер - денесі бір ғана жасушадан (клеткадан) тұратын,
көпшілігі микроскоп арқылы ғана көрінетін организмдер. Оларды қарапайымдар
деп те атайды.
Құрылысы қарапайым сияқты болғанымен, бір жасушаның ішінде асқорыту,
тынысалу, заталмасу, қозғалу, көбею, сыртқы әсерлерге жауап беру сияқты кез
келген тіршілік иесіне тән тіршілік белгілері үздіксіз жүріп жатады.
Қарапайымдардың көптеген түрлері жаңбырдан пайда болатын іркінді су,
шалшықтан бастап, көл, теңіз, мұхитқа дейінгі су қоймаларында кездеседі.
Топырақта мекендейтіндері де аз емес. Жануарлар мен адамның ішкі
мүшелерінде (қанда, ішекте, бауырда және т. б.) паразиттік тіршілік
ететіндері де бар.
Жай көзге көрінбейтін қарапайым жәндіктердің бар екені XVII ғасырға
дейін ғылымда белгісіз болды. 1665 жылы өзі жасаған микроскоппен
голландиялық ғалым Антони ван Левенгук (1632-1723) аталық жыныс жасушасын
зерттегеннен кейін ғана қарапайым жәндіктердің түрлері ашыла бастады.
Қазіргі кезеңде қарапайымдардың 70 мыңға жуық түрі белгілі.

ҚОСЫМША
Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген, жойылып кету
қаупі бар I санатты жанулр

1. Сырдария тасбекіресі
Құрып бітудің қарсаңындағы өте сирек кездесетін түр. Бұрын Сырдария су
алқабын Қарадария сағасына дейін мекендеген. Қазақстанда өте сирек болатын,
ол соңғы 25 жылда Сырдың суын реттеп, суару жүйелерін салудың нәтижесінде
тіптен кездеспейді. 1980-шы жылдары ол туралы хабар нактылы деректермен
бекімеген. Нашар зерттелген. Ұзындығы 27 см. Қолдан есірілмеген. Осы түрдің
сақталған жерлерінде қорық ұйымдастырып, қолдан өсіруді жолға қою керек.
2. Пілмай, Арал бекіресі (Арал популяқиясы)
Арал су алқабының ерекше өзгеруіне байланысты популяқия жойылып кетуге
жақын. Табиғи таралған жерлері Арал теңізі мен оған кұятын өзендер.
Ересектерінің ұзындығы 200 см, салмағы 60 кг. Жайық-Каспий мен Іле-Балкаш
есебінен сақтауға болады. Қолдан өсірілмеген, бірак, оның әдістері,
негізінен, басқа бекірелерді қолдан өсіру әдісіне үксайды. Өзбекстанның
Қызыл кітабына енгізілген (1983). Су қоймалары жағдайына сәйкес қолдан
өсіруді ұйымдастырып, балықтарды қорғайтын құрылыстарды жетілдіруді іске
асыру керек.
3. Арал албырты
Аралдың таралу аймағының ең шығысында кездесетін түрі, қазір кұрып
біткен де шығар; 50 жылдан астам ол туралы нақтылы деректер жоқ. Бұрын Арал
теңізінде бірен-саран ауланатын, Әмударияда да кездесетін, осы өзенмен
Кафирниган және Вахш салаларына дейін өрістейтін. Осы маңайда Әмудария
бахтағымен будандасуы мүмкін болатын. Ұзындығы 100 см. Қолдан өсірілмеген,
бұл түрдің қалпына қайта келуін Әмудариядағы жергілікті бахтахты пайдаланып
іске асыру мүмкін сияқты, бірақ оның да әуес-қойлық аулануын шектеу қажет.
4. Шортан тәрізді ақмарқа
Туыстың әр жерде таралған екі түрінің бірі. Әмудария мен Сырдария су
алкабының өзендері, қаналдары мен су қоймаларының тегістіктегі бөлік-
терінде тіршілік етеді. Ұзындығы 50 см, салмағы - 3 кг. Саны барлық жерде
өте аз. Соңғы жылдары таралу аймағы, әсіресе Қазақстанда тарылды.
Өзендердегі су құрылыстарының және суару жүйелерінің әсерінен бізде жойылып
кету қаупі бар; соңғы 40 жылда кездеспеген. Оны республикада қолдан өсіруді
ұйымдастырып, сондай-ақ суару жүйелеріне өткізбейтін шараларды күшейту
керек.
5. Шу сүйрік қанаты
Тек Арал су алқабында тіршілік етеді. Аз зерттелген. Сирек кездесетін
балық. Денесінің ұзындығы 16 см. Табиғи таралу аймағы - Бішкек қала-сынан
төменгі Шу өзенінің су алқабы. 1960 жылдан бері бұл балық туралы нақтылы
деректер жоқ. Осы су алқабының Қазақстандағы бөлігінде 1990-1993 жылдардың
әр түрлі маусымдарында арнайы зерттеулер ешқандай нәтиже бермеді. Қолдан
өсірілмеген. Арнайы қорғау шаралары белгіленбеген. Оның таралу аймағын және
табиғи көбею мүмкіндігін анықтау үшін бұл түрді іздестіруді жалғастыру
керек.
6. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Броконьерлікке, аңшылық және балық аулау ережелерін бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру
Жануарлар дүниесін пайдаланудың түрлері және жануарлар дүниесін пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері
Жануарлар дүниесін қорғау
«Жануарлар әлемін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі»
Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары жануарлар дүниесiн қорғау
Аңшылық шаруашылығындағы табиғатты және жан-жануарларды қорғау
Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі
Жануарлар дүниесі биосфераның құрамдас бір бөлігі.
Орман экожүйелерінің биоалуантүрлілігі
Жануарлар әлеміне саяхат
Пәндер